Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет8/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51

II

Қазақ даласының қиыр шетінде, Ресеймен теріскей-батыс ше-

біндегі Орынборда ірге тепкен Кирревком «күллі қазақ жерін 

бір орталықтан басқаратын тұтас өлкеге біріктіру» жұмысына 

ырғалып-жырғалып кіріскенше, сол өлкеге ұрымтал Омбыдағы 

Сібір комитетінің төрағасы, қажырлы қайраткер деген дабы-

ра атаққа ие, Ресей Компартиясы ОК-нің Сібірдегі бюросының 

бірінші хатшысы, әріптестері қолпаштап «Сібірдегі Ленин» 

атанған И.Н. Смирнов өз құзырындағы барлық губерния, облыс, 

уездерді едел-жедел «кеңестендіріп», Орталық үкімет жарияла-

ған қарарларды тезірек жүзеге асыруға ерекше құштар болған.

Қалың ел зарыға күткен түбегейлі өзгеріс Баянауылға да жетті.

Наурыздың бас шенінде шабарман келіп, әкесінің үйінде жан 

күйттеп жатқан Қанышты станицаға шақырады. Естуінше, уезд 

орталығынан төтенше өкілдер келген. Осы маңайдағы елде кеңес 

билігін орнатпақ. Кеудесіндегі дерт ерекше өршитін, жілік майы 

түгесілген қатерлі мезгіл болса да сырқат жігіт тәуекел деп атқа 

мінді, күйзелген ел тірлігі шешілер сәт туғанда жан сауғалап жата 

алмады.


87

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Баянаула атырабына келген өзгерістің бүге-шігесін Семей гу-

берниялық төңкеріс комитетіне Баянауыл станицасынан 1920 

жылдың 18 наурызы күні жолданған телеграф ақ парынан біле-

міз:  «Уездік ревкомның жүк 



теуі бойынша, губревкомның осы 

жайындағы жеделхаты негізінде мен Баянауылдың аудандық рев-

комын ұйымдастырдым. Ревкомның төрағасы болып Богаченко, 

мү 

ше 

леріне Қаныш Сәтбаев, Зарембо,  Калачин, Айтбакин 

жолдастар кірді. Осы құрамды тезірек бекітуіңізді сұраймын. 

Керейбаев».

Баянауыл ревкомы алғашқы мәжілісінде еңбекшілер ара-

сында мәдени және ағарту жұмыстарын жүргізуге екі бөлім 

ұйымдастырады. Қаныш соның қазақ бөліміне меңгеруші, ал 

екіншісіне басқарма мүшесі болып тағайындалады.

Станица жаңа тірлікке бет бұрған. Сол күнде ол әлденеше 

болыстың басын қосқан ірі аймақтың орталығы. Ревкомның 

міндеті де соған орай сан алуан: «Әр болыста мектептер ірге 

көтеріп, әр ауылда сауаттандыру оқулары ашылады, әйелдерге 

бостандық беріледі, ұрлық пен барымтаға тыйым салынып, 

жалшы-кедейлердің құқығы мал-мү лік иесімен теңеседі. Жаңа 

өкіметтің жарлықтарын бұқара халыққа жеткізетін, әрі соны 

бұлжытпай орындатуға үгітшілер керек. Олар білімді, көзі ашық, 

көкірегі ояу азаматтар болуға тиіс...» 

Қаныш та сол дүрмекке елігіп, жан күйт теп бос жатуды біл-

мейтін, аттан түспейтін беймаза қызметкерге айналған. Ол енді 

жаңа өкіметтің жалынды үгітшісі.

«О күннің үгітшілері – бүгінгі насихат 

шы 

лардан мүлдем 

өзгеше мазасыз жандар, – деп әң 

гіме шерткен-ді Белденинов 

есімді казак-орыстың үйінде Қанышпен бір пәтерде тұр ған Мә-

лікаждар ЕСМАҒАНБЕТОВ бізге 1961 жы  лы. – Бүгін жер бөлісі 



туралы түсіндірсек, ертеңінде сол ауылға қайта барып, сү зектен 

сақтану туралы сөз бастаймыз. Күні не кейде неше мәрте жи-

наймыз, тіп ті ығыр етеміз. Ішкі Ресейді аштық жайлаған кез, 

соларға көмек деп азық-түлік жинаушы агент те біз…»

Сол кездің аумалы-төкпелі ахуалы жайында Ға 

лым 

тай Ға-


зизұлының естелігінде де айтылған, тек ол сегіз жасар бала-

қанның жады сақтаған сирек оқиғалар: «Бір күні Керекуден 



уә кілдер ке ліп, Мырза ауылында көп адам қатысқан жиын 

шақырды. Сөйтсек, болыс сайлауын өткі зіпті. Сай   лау бұ рын-

ғыдан өзгеше өткен. Болисполком тө р а ғасын жиналған жұрт-

тың өзі атапты. Ақы рында көпші лік қалауы бойынша, болыс 

88

Медеу СӘРСЕКЕ



болып менің әкем Ғазиз Имантайұлы, хатшылыққа Әубәкірдің 

Мұхтары сайланады. Сөй  тіп, ойда-жоқта болыс кеңсесі жүз 

жылдай уақыт бекем орныққан Шорман ауылы 

нан біздің 

Қарамұрынға ауысып, мұ 

ны да жиналған жұрт заманның 

өзгергені, теңдікке жеткеніміз… деп даурығып жаппай қуанған. 

Сол күнде станицада Кеңес жұмысында жүрген ағата йымды же-

делхат арқылы Семейге, әлде Керекуге шақырыпты. Үй ішіміз 

бұл хабарға ерекше абыржыды…»

Қыр елінің тірлігі бірте-бірте қалыпты рай ға көшті. Заман ау-

жайы да көнтерімді жағдайға ауысқандай. Алайда талай жылғы 

күйреуден соң кетеуі кеткен шаруаны түзеу де оңай емес-ті. 

Аяқтан шалған қиыншылық сан алуан болатын.

«Сүзектің ең ауыр, қайталап соғатын, дене жаппай бөртіп, 

іш құрылысты да тұтас қамтитын түріне тап болдық, – депті 

фельдшер Шайбай Айманов семейлік өлкетанушыға жолдаған 

хатында. – Ауырғандарды әр жерден арбалап әкеле баста-

ды. Асылбек Сейітов күні-түні жұмыс істеді. Өзі ғана емес, 

жергілікті кеңес қызметкерлерін, партячейке мүшелерін, бізді 

де сүзекпен күреске жұмылдырды. Аудандағы жалғыз аурухана 

тарлық еткен соң 5-6 жер ден уақытша емхана ашып, солардың 

қасынан монша, наубайхана және жархана (бит-бүргені күй-

діретін орын) жасатты. Дәрігер – жалғыз өзі, першіл – төр-

теуміз, мейірбике – бірнешеу, ал аурулар – жүздеген... Жағдай 

ауырлаған соң санитарлар санын көбейтіп, оларды жаңа 

жұмысқа едел-жедел үйретуге тура келді. Мұрнымыздан шан-

шыла жүріп, ұйқы көрмей еңбек еттік. Еңбекақы алмаймыз, 

дәрі-дәрмек жетпейді, қолымызға әлдеқалай жүз сом тисе, оның 

құны ертеңінде бір тиынға түсіп қалады...  Асылбек Жұманұлы 

беделін салып, одан-бұдан дәрі-дәрмек тауып келеді, ауылдарға 

кісі жіберіп, азық-түлік, отын, басқадай ділгер қажеттердің 

бәрін де алып, тіршілік отын үрлеумен болды. 

Індеттің күшейген қарсаңында мен де мұрттай ұшып, өз 

үйімде жаттым. Асылбек күн сайын келіп ем жасайды. Келген 

са йын: «Хал қалай, сүзек тоқтай ма?» десем, «Бе ті әрі қарады, 

өлім-жітім жоқ. Сен ешнәрсеге қамықпай, тыныш жат. Бірер 

аптадан соң жұмысқа шығасың...» – деп көңі лім  ді аулап, өзге 

науқастарға жәрдем беруге аттанады. Сырқатым күшті болып, 

18 тәуліктен кейін есімді жиыппын. 

Көзімді ашсам – қолында дәрі мен ине, терлеп-тепшіген, 

үстінде ақ халат, Асылбек қасымда отыр. Таңдайыма қасықпен 


89

ШЫҒАРМАЛАРЫ



су тамызды да: «Сен де құрдымға кетеді екен деп зәрем қалмады. 

Енді ештеңе етпейді, тек қозғалмай тыныш жат. Ертең келе- 

мін», – деді де шығып кетті. Шынында да оңа ла бастадым. Бірне-

ше тәуліктен соң жү ріп-тұруға халім келді. Сол кезде Асылбек 

маған шынайы жағдайды естіртті: сөйт 

сем, першілдерден – 

Бельдеников, Размазин және төрт медбике өліп, ауруханада 

Асылбектің жалғыз өзі қалыпты; уезд орталы ғы нан ешқандай 

жәрдем алмаған; өйт ке ні Павлодар мен Ақмолада сүзек эпиде-

мия сы қауырт күшейіп, өздері де дәрігерлік кө мекке зәру болған; 

оларға қарағанда, біз дегі өлім-жітім әлденеше есе кем болған. 

Сүзектен құтылып уһ деген кезде тырысқақ сап ете қалды. 

Бір ауылда екі кісі мерт болды. Олардың мәйітін өртеп, қора-

қопсысын құртып, маңайындағы құдық, өзен-бұлақтарды мұқият 

тексердік. Асылбек Павлодарға барып 500 адамға төсек-орын, 

палатка әкеліп, эпидемиямен күресетін отряд ұйым дастырды... 

Бірінші сәуірден қыркү йектің алғашқы жаңасына дейін 10 болыс 

ел ді түгел ақ тап, сауықтыру, тазарту һәм сақ тандыру шарала-

рын жүргіздік. Тырыс қақ та үш мәрте бұрқ етіп барып біржола 

тоқтады...»

Уезд басшылары жас білімпазға сенім көрсетті. Керекуге кенет-

тен шақырудың жай-жапсары Қаныш Имантайұлының өмірбаян 

құ жаттарында нақты баяндалған: Павлодар төң керіс комитетінің 

тұңғыш төрағасы, теміржолшы жұмыскер П.В. Поздняк орыс-

ша сауаты түзік азаматты бастапқыда уезд орталығында ұстап, 

мәндірек жұмысқа пайдалануды жөн көрген; алайда жас жігіттің 

денсаулық жайын білген соң ауасы шипа Баян ауылда қызмет 

атқаруға рұқсат етіпті; сол сапарда-ақ ол халық соты міндетін 

мойнына артып қайтады.

Ақсақалдар төрелігі мен билер билігінен өзге қазылықты 

естіп-көрмеген елге енді халық соты үкім айтпақ. Жуанның 

жұдырығында, өңеші кең кер билердің жемсауында талай заман 

теңсіздік көрген бұқара ха лық заң жүзінде де теңдікке жетпек. 

Кеңес сотының қара қылды қақ жарғандай әділ үкімін естіп, та-

лай жылғы есесін қайтармақ.

Жә, сонда қандай жол-жобамен?

Билікті қолына алғаннан бергі үш жылды толассыз шай-

қаспен өткізген жұмысшылар мен солдаттар өкіметінің заңдар 

кодексі туралы ойлауға мұршасы келмегені түсі 

нік 

ті. Қазақ 



даласындағы өкімет заң қабылдамақ түгілі, шекара шебі бел-

90

Медеу СӘРСЕКЕ

гіленіп, біртұтас республика болып толық құралған да жоқ. Сыр 

бойы мен Жетісу – Түркістанға қарайды; Ақмола мен Торғай

Жайық пен Есіл бойы, Астархан мен Атырау – Орынбордан бас-

қарылатын төң керіс комитетіне, ал Ертіс бойындағы қазақ уез-

дері губерния аталғанымен Сібір өлкесіне бағынышты. Бұхара, 

Қоқан хандықтарының иелігінде, Ташкент маңын әзірше ежелден 

қоныстанған қандастарының тағдыры беймәлім. 

Сайын далаға «Есім ханның ескі жөні мен», «Қасым ханның 

қасқа жолымен» төре лік айтып, бұрынғы билердің билігін үлгі 

етуге болмайтындығы және айқын. Бұған дейін даугерлерді бі-

тістіріп, дауласушы руларды бітімге жүгіндіріп келген, өз әкесі 

Имантай би қолданған ата жолы, ақсақалдар төрелігі әжетке енді 

жарамайды.

– Бостандық заңы бойынша үкім айтасыз, жас жігіт. Ақ пен 

қараны адаспай айыратын көзі ашық, оқыған азаматсыз. Төң-

керісшіл пролетариат қолыңызға берген құқық ты әділ пайдала-

нып, ар-инабатқа сүйеніңіз... Езіл ген бұқараның, жалшы қауым-

ның қорғаны болыңыз. Сонда ғана ісіңіз алға жүреді, халықтың 

сеніміне ие боласыз. Кеңес өкіме т і нің сенімді өкілі, жалынды 

үгіт шісі атану – сізге басты міндет! – деген-ді большевик Позд няк 

тұңғыш кездесуде.

Бұл міндетті жас азамат қалай атқарған?

Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін сол күндегі сот жұмыста-

рын ақтарып, нақты деректерге жүгіну шарт. Алайда судья 

Сәтбаев 1920-1921 жылдары қараған жұмыстарының дені сақ-

талмаған...

 Сондықтан көз көргендердің естелігіне жүгінеміз:

– Азан, Сазан деген дәулеттілерден кедей Қоқының көп жыл-

ғы еңбегін әперген;

– Найзабекұлы Оспанбайдан, Рақымбайдан еңбекақы даулап 

келген жалшыларына есе кескен;

– Мұстафа баласы Шәпи болыстан ақы даулаған қоңсылары-

ның жұмысын үлгілі сот мәжілісінде қарап, даугерлер пайдасына 

шешкен.


Ел есінде сақталған елеулі  оқиға – Фатима қыздың дауы: 

Қозған еліндегі беделді бір атаның сұлу қызы Фатима жастай 

атастырылған күйеуіне барғысы келмей, өз ауылын дағы көрікті 

сері жігітпен көңілі жарасады. Қыздың қайын жұрты намыс 

қуып, қызды зорлықпен байлап әкетеді. Қыз бірақ барған ауы-

лында  да өжеттік көрсетеді. Жәбірленушінің аз-маз оқуы әрі за-



91

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ман тынысын аңдаған зерделілігі де болған сияқты, арызын өжет 

қыз өлеңмен жолдайды.



«Бозторғайдай шырылдаған мен бір құс,

Қапылыста тұтқын болған биылғы қыс.

Сөдия жәрдем етпесе – күнім қараң,

Құрған торда жатырмын еркімнен тыс.

Сіз – қазы болғанда, мен – тұрымтай:

Қырғилардан құтқарыңыз – сол бұйымтай!..»

10-учаскенің жас соты зорлықшыл ауылға жедел аттанып, 

ашық мәжіліс шақырады. Аяқ жетер жердегі елді жиғызып, қыр 

сахарасы тәлім-тәрбие алғандай үлгілі жиынға айналдырады. 

Әрине, Фатима қыз басына бостандық алған.

«Содан кейін-ақ сот кеңсесіне арыз берушілер көбейді. Әсіресе 

жәбір-жапа шегіп жүрген әйелдер, жалшылар көбірек келетін 

болды, – деп әңгімелейді Мәлікаждар ЕСМАҒАНБЕТОВ. – Солар 

тіпті біз жататын Петькенің үйін де ертелі-кеш босатпайды. 

Қаныш әділ сөдия болды. Ағайын, рулас, туыс деп ешкімге де бұра 

тартып, теріс үкім шығарған жоқ. Қасындағы жас серіктеріне: 

«Өкіметтің ала жібін аттамаңдар, жігіттер. Дүние – бір күндік, 

арың – мың күн дік! Ары тазаның алды – ашық, арты – қорған» 

деуші еді. Онысы рас екен. Сол жылдарда бір күн дік билігін пұлдап 

мал жиған, өз руының сой ылын соққан талай сөдияларды көрдік. 

Бәрі де дәурені өткен соң күресінге тастал ған сүйектей далада 

қал ды...»

Әлбетте, жас судья қараған барлық іс Фатима қыздың да-

уындай оп-оңай шешіле бермеген. Кейде Кеңес өкіметінің кімді 

жақтайтынын білдіріп, күш қолдануға тура келген. Қыр сахарасы 

оған оқыған азаматым деп қа райды. Қаныш та ел сенімін ақтап, 

кеңседен гөрі ат үстінде көбірек болады. 

Десек те, жас азаматтың ауыр жұмыстан түңіліп, үкімет мой-

нына артқан ауыр міндеттен жүй кесі қажитын күн дер де жиі 

кездескен. Сірә, күпті көңілі өз герек те ауқымдырақ биіктерді 

аңсаған.  «10-учаскедегі жағдайдың күрделі екенін мә 



лімдеуге 

тиіспін, – депті халық соты Қ. Сәтбаев 1920 жылдың 20 жел-

тоқсанында губерниялық соттың төралқасына жолдаған ха-

тында. – Қаралған арыздарды есептемегеннің өзінде 300-ден 

аса жұмыс кезекте тұр. Кеңсе қаға зын жүргізетін хатшы бізде 

атымен жоқ, ал жұмыс істейтіндер – іс қағазының әліп пе  сін біл -

92

Медеу СӘРСЕКЕ



мейді... Сол себепті, бұл міндетті – 10-учас кенің соты, мен өзім 

атқарамын. Ал менде бұдан әрі хатшы болып, әрі сөдия міндетін 

атқаруға шама жоқ...»

* * *


Сот кеңсесінің қыруар шаруасы жас судьяны Баянауыл төң-

керіс комитеті жүктеген әлеумет міндетінен, аудандағы мәдени-

ағарту жұмыстарын қоса атқарудан босатқан жоқ-ты. Оны да 

тыңнан бастауға, қыр сахарасының сол күндегі талап-тірлігіне 

орай қатарлас жүргізуге тура келген...

Төкен ОРАЗОВ «Қаныштың жастық шағы» кітабынан:



«...Есікті тықылдатып қақты да, ашаң жүзді, ұзын бой-

лы, аққұба жас жігіт кіріп келді. Бәріміз орнымыздан тұрып 

сәлемдестік. Суықтан өңі қашқан балаларды мүсіркей шолып, 

басындағы қара папағын қолына алды да:

– Сәлеметсіңдер ме, балалар?»  – деп, басын иіп амандасты. 

Рақымжан ағаймен (Рақымжан Сағынұлы – Баянауыл бастауыш 

мектебінің алғашқы мұғалімі – М.С.) қол алысты.



– Отырыңдар, балалар, – деді де, әлгі кісі қасымызға келіп, 

бос орынға отырды. Көк шұға күзен ішігінің түймесін ағытып, 

қара бұйра елтірі жағасын қайырып тастап, күлімдеген мөлдір 

көзін әрлі-берлі аударып, бөлме ішін тағы шолып шықты. Терезе-

нің сынық көзіне үңіле қарады, қиғаш қасын сәл көтеріп, бізге 

мұңайған кейіппен бұрылды.

Балалардың басында тымақ, аяқтарында саптама етік, 

үстеріндегі жабағы жүнді күпі, жыртық сірі тондарының белін 

қайыспен буып алған. Суық сорған түріміз бозарған...

– Жағдайларың жақсы емес екен, балалар. Әйтеуір, ауы-

рып қалмасаңдар болғаны. Мен кісі жіберейін, есік-терезені бү-

тіндеткенше, үйлеріңе бара тұрыңдар, – деп ол орнынан тұрды.

Жылы жүзді, түр-тұлғасына кісі тоярлық бұл адамның кім 

екенін біле алмай бір-бірімізге қарап қалыппыз...

– Біздің ревкомның мүшесі, осы отаудың шаңырағын көтеріп, 



сендерге қамқорлық жасаған Қаныш Имантайұлы, –  деді 

мұғалім». 

...Тамылжыған тамыздың аяқ шені. Ағаш тардың жапырақ-

тары түсе бастаған. Бірақ күздің жылымық жаңбыры жоқ. 


93

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Күн ашық. Мектептің ересек балалары мен мұғалімдері, оларға 

қолғабыс еткен аудан азаматтары аулада жұмыс істеп жүр. Бір 

тобы ағаш тіліп, екіншілері соны балташыларға тасып, үшін-

шілері отындық ағашты бөлек үйіп жат 

са, әйелдер тобы қаз-

қатар тұрып қабырғаны сылауда. Павлодардың 2-бас 

қышты 

училищесін бітірген Пәуен Жүсіпбаев мұғалім партаның қағазға 



сызған үлгісін балташыларға көрсетіп, нақты түсіндіре ал май, 

қыбыжықтап жан-жағына қарайды. Сол мезетте  әлдеқайдан 

Қаныш келе қалды. Қолына қысқа ара алып, ағаш кесе бастады. 

Кішкенеден соң даяр лаған кесінділерін балташыларға көрсетіп:

– Міне, парта деген осындай болады. Осы үлгімен әр бөлмеге кем 

дегенде он-оннан парта жасау керек. Даярлаған тақтай жететін 

сияқты,– деп еді, балташылар даурыға күліп, жұмысқа кірісті.

Көп болып жұмылған соң қойсын ба, сол күні-ақ мектептің 

бірталай жұмысы бітіп қалды. Мектеп ауласы жәрмеңке базарын-

дай той-думан. От жағылып, қазан көтерілген. Жұрт Қанышты 

қоршап алған.

– Бүгін біз үлкен шаруаның басын қайырдық, ағайын, – дейді 

желпіне сөйлеген жас сөдия. – Өйткені ертеңгі сүйенішіміз – ба-

лалар үшін еңбек еттік. Бұл мектепке ертең өздеріңіздің ізбасар 

ұрпақтарың келеді. Жылы үйде, жайлы партада отырып, өнер-

білімге сусындайды. Ал, қане, осы игілікке арнап аз-маз ән 

шырқайық. Шаршаған көптің көңілі жадырасын, жақсы ән – жан 

азығы деген...

Бұл да оның әлеумет жұмысына араласқаннан бергі машығы: 

қандай жиын өткіз бесін, соңын ойын-сауықпен бітіреді; қасына 

ерген серіктері де сол үшін жүргендей –  жас басшысы ә десе-ақ 

ортаға шығып, домбыраларын күйлеп, төңіректі ән-күйге бөлеп, 

ойын-сауық бастайды. 

«Қаныштың қасына бір жаз 23 жігіт еріп жүрдік. Осы күнгі 

жөнмен айт қанда, сондағы қызметіміз – ойын қою, – деп еске 

алады Баянауыл тұрғыны Иген БАЯЗИТОВ ақсақал. – Көбіне 



көрсететініміз – Мұхтар Әуезов жазған «Ең 

лік-Кебек» пен 

өзіміздің Жүсіпбектің «Жебір болысы». Қа тысқан жігіттер – 

Әбдікәрім Сәтбаев, Сапарбек Құдайбергенов, Сәрмен Қариев, 

Өміржан Әділбеков, ал Қабден деген өнерлі жігіт әйелімен... Еңлік 

болып соның келіншегі Төкен ойнайды. Есмағанбет, Балабек 

де ген әншілеріміз де болатын. Есмағанбет жұрт алдына шығып:

94

Медеу СӘРСЕКЕ



«Есмағанбет әнші мін Баяндағы,

Танып қал өнерімді, айтам тағы.

Қасымда бір топ жігіт өнер қуған,

Тасындай Баянтаудың Арқадағы...» –

деп ұзақ жырмен бізді таныстырып, ойын бастайды. Қаныш 

оны еркелетіп, Еске дейтін. Ме ні Иске деуші еді».

Халық сотының қасындағы топ ойын көрсетумен ғана тынбай-

ды. Әрбірінің мойнында тиісті міндеті бар: бірі – сот хатшысы; 

екіншісі – финагент; үшіншісі – газет, кітап оқып, өкімет саяса-

тын көпшілікке ұғындыратын қызыл үгіт ші; төртіншісі – мили-

ционер... Ал кешке қарай бәрі де бетіне сақал-мұрт байлап, киімде-

рін ауыстырып, бірі – молда, екіншісі – болыс, үшін ші сі – бойжет-

кен қыз, төртіншісі – жалшы болып, тіркестіре тігілген киіз үйдің 

төрінде ойын-сауық бастайды. 

Әлбетте, төңкеріс комитетінің жұмысы мектепке бала тар-

тып, көпшілікке ойын ұйымдастырумен ғана бітпеген. 

1921 жылдың басында Баянауыл комитеті жатақ тұрғындары 

мен айналадағы жалшыларды біріктіріп мойынсерік ұйым-

дас ты ру ға қаулы алған. Пайдалы шаруа екен  дігі көзге ұрып 

тұрғанымен, бәлкім, аңқа улық салдары, қалың кедей әліптің 

артын бағып, бірден құптай қоймады. Амал қанша, жер-жерге 

өкілдер шығарып қайталап түсін 

діруге тура келді. Соның бірі – 

станицадағы халық үйіне шақырылған көпші лік жиыны. Баян-

дамашы – жас үгітші Қа ныш Сәтбаев.

– Бүгінгі жиын кешегіден бөлегірек, – деп бастаған-ды ол 

сөзін. – Өйткені әңгіме осында отырған тақыр кедей, жалшы 

қауым, сіздердің ертеңгі тірліктерің жайлы... Кімге болсын, жа-

рандар, нан керек! Әсіресе шиеттей балалы-шағалы кедей-кеп-

шік үшін. Кеңес өкіметі сіздерге оны әлдеқайдан әкеп бермейді, 

қол қусырып қарап отырсақ – аспаннан нан жаумайды. Ала 

білсеңіздер, мол астық Баянауылдың баурайындағы құйқалы 

қара жерден өнеді. Оның қазіргі иесі – сіздер. Кеңес өкіметі 

Зонов, Дроздов тәрізді әлділерден тартып алып, меншіктеріңізге 

жер берді. Соны енді қалай пайдаланбақсыздар? Дроздовтардың 

күш-көлігі, құрал-сайманы сіз дер де жоқ. Ау, сонда,  Баянауыл 

жұртын асырап келген құнарлы жер әжет ке аспай бос жатпақ па, 

кулактардан оны сол үшін алып па едік? Жоқ, ағайын, бұларың 

ке шірілмес бейғамдық! Қызыл қарын бала қамын ойлаған шаруа-

ның ісі емес... Күллі кедей өзара жұмылып, соған кірісу қажет. 


95

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Айта лық, мына отырған Әбең ақсақалдың қолы өнерлі адам, әмбе 

ол – неше атасынан бері егін салып келе жатқан кәнігі диқан. Анау 

Өмекең, Әбекеңдерде соқа-сайман бар. Ал Садық пен Сағын күш-

көлік шығарсын. Осылайша біріксеңіздер, әлденеше мойынсе-

рік шығады. Әңгіме тек ауызбірлікте. Ең бектеріңіз жанып, егін 

бітік шықты екен – қыруар астық аласыздар. Демек, одан қарын 

тоқ. Ішерліктен артқан астықты қайтеміз деп қауіп ойламаңыз-

дар. Кооперативке өт кізесіздер. Ал кооператив бүгіннің өзінде 

сіз дерге қарызға тұқым, құрал-сайман бермек. Әрине, кооператив 

шаруасы мардымсыз жарлы-жақыбаймен әуре болмайды, оған да 

ертеңі сенімді, күш-көлігі сай мойынсеріктер керек...

Бұлар – науқандық жұмыстар. Бәріне қолғабыс етіп, басы-

қасында болу керек. Заман талабы солай. Ал оқыған азамат, көзі 

ашық жақсылар қырда саусақпен санағандай.

* * *

Әрине, бозбала атаулыға тән серіліктен де жан-жақты өнерлі, 



өз қатарынан оза оқыған сөдия жігіт құралақан болмаған. 

Сондай бір жағдаятты кезінде бізге Нұрлан Қасенов ақсақал 

майын тамыза шерткен еді. 

«Қоңыр күздің аяғы-ау деймін, Шорман ауылына әлдеқалай 

шаруамен барғанымда  бидің немересі Зынданың Оспан деген 

жалшы жігіті мені оңашалап: «Мырзаның еркетотай қызы 

сені іздеп отыр, жұрт қа бай қатпай жолық...» – деп сыбырла-

ды. Маған қызық керек, белең бере терезесі алдынан өтіп едім, 

бойжеткеннің өзі сыртқа шығып, орамалға түйілген бірдемені 

жанқалтама сүңгітті де: «Сөдия мырзаның жауабын Оспанға 

айт, өзің маған енді жолама!» – деді. Бар болғыр жап-жас, оң 

жақта отыр ған кезі, ал көркемдігін сұрама, хордың қы зын дай 

десем артық емес; екі көзі қарақаттай, белі де талшыбықтай 

бұралған... Сезе қойдым: сайтан қыз біздің бозбалаға ын тық бо-

лып қалған... Қан  кежан қыздың хатын оқыды да: «Ұйық тап 

қалма, ай туа барамыз», – деді. Жазған құлда шаршау жоқ, 

Қанкені түн орта сын да ертіп бардым. Екі атты қалмақша 

қаңтарып, өзеннің биік жарының астына қалдырып кеттік. 

Терезені көрсетіп, бү кең деп кейін шегінсем – жас серігім қай-

та шақырды. Сөйтсем, терезесі есіктей ең 

селі ағаш үйдің 

жақтауына қолы жетпей діңкелеп тұр екен. Амал қанша, 


96

Медеу СӘРСЕКЕ



еңкейіп тұра қалдым да арқама мінгізіп, ішке қарай ытқытып 

жібер дім, сайтан қыз терезені ашып қойыпты... 

Жастардың құмарлық ісі біте ме, ат қалған жарға сері жігі-

тім таң бозара кел ді...»

– Нұр-аға, мұныңыз енді қисынсыздау әңгіме, – деп, мені осы 

ауылға ертіп келген ғалымның немере інісі Тәрмізи Имантаев 

ақсақал үй иесіне дау айтып еді.

Нұрекең кенет қиқылдап күліп:

– Әй, сен, Тәрмізи, қызықсың, сонда сен, Қанкежанды еркектің 

сорлысы еткің келе ме, өзің сияқты можантопай көресің бе? – 

деп дүрсе қоя берді. – Бос сөз! Қанкежан біздің өмірдің қызық-

шыжығын армансыз көрген, құдай тағала оған адам баласына 

тән қасиетті мол дарытқан. Ол әуелетіп ән салғанда, тыңдаушы 

жұрт сілтідей тынады, әншілігі сондай! Ал қараңғы үйді жарық 

қылғандай аппақ борықтай жүзін, нұрлы келбетін, адамды өзіне 

баурап тұратын сипатын сірә да айтып тауыса алмайсың. Жүрген 

жері ойын-сауық, білімі болса – ұшан-теңіз, әмбе өкімет сеніміне ие 

болып жүрген төре жігітке, өзің айтшы, кім қызықпайды?! Жоқ, 

Тәрмізи шырақ, ажары түзік қыз-қырқынның оған құмартпаға-

ны кемде-кем...»

Демек, сол қарсаңда жиырманың межесінен өткен жігіттің 

аяғын шырмап, отау үй түзеудің де уақыты жеткен. Әлбетте, 

ғасырлар бойы қа лыптасқан ата-баба дәстүрінен ол да тысқары 

қалмаған. Ол істің жөн-жобасы тегінде Қа ныш тың жас күнінде, 

«Ағаш үйдегі мектепке» қатынап жүргенде қаланған...

Имантай би әлдебір даулы мәселемен Қар қаралы атырабындағы қалың 

қаракесек ішіне жолаушылап барып, сірә, қайтар жолда өзін дей дөңгелек 

дәулетке ие, балалы-шағалы шағын ауылға құдайы қонақ болады. Ауыл иесі-

нің есімі – Смағұл, артық-ауыс сөзге жоқ момын кісі екен. Биге қо нақжай 

ауылдың бәйбішесі ерекше ұнайды, биязы жы миып отырып, отбасының ша-

руасын тү гендеген ебін де аңдаған. Бейтаныс қонақ аттанарда сыр тартып: 

«Құсжан бәй бі ше, біздің үйде бір асыл кездік бар еді, соған лайық  қынды 

сіздің үйден көрдім. Сабақты ине сәтімен деген, бәйбішемді жі 

берсем – 

соның жөні қалай болар екен?» – дей ді білем. Ақылы кемел әйел қаржас 

биінің тұспал сөзін бірден ұғып: «Жіберіңіз, бәйбі шеңіз көңілімізден шықса, 

бәлкім, нәумез қайтармаспыз...» – десе керек.

Сол жазда-ақ Нұрым бәйбіше ақсақалының тапсырмасымен атқа қонып, 

қарғыбауын артынып та, айдатып та барып, Смағұлдың Шәрипа есім 

ді 

бүлдіршін қызын Қанышқа айттырып, құй рық-бауыр жесіп, құда болып 



97

ШЫҒАРМАЛАРЫ

қайтады. Содан бері он шақты жыл өтті. Екі ауылдың арасы жақындамаған-

мен, көңіл ортақтығы суыған жоқ. Қаныштың оқуы түгесілмей, ауыр сыр-

қатқа ұшырауы ғана бұл істі біржола тындыру мерзімін біршама кейіндете 

берген-ді. Енді, міне, ұзақ оқу тәмам болып, қызметке шықты. Ел іргесі 

бүтінделе бастады. Екі жақтағы ата-ана да баяғы уәделерінен шығып, екі 

жасты қосуға қам жасаған.

Алайда Қаныштың өзі түрліше сылтау айтып, сол шаруа-

ны кейінге ысырады. Қартайған әке-шешесінің көңілін суытып 

біржола «жоқ» демейді, әлі де оқығысы келетінін айтады, ты-

нымсыз қызметін де көлденең тартып, біраз жаттығайын дейді. 

Кенжесінің түсініксіз сырғақтауын жаратпаған әкесі күндердің 

кү 


нінде қамығып отырып, жетпіс бестің қыр 

 

 



қасына шыққан, 

төрден гөрі көрге жуықтаған кексе шағында төс түйістіріп, аспен 

бекіткен құдалықты бұза алмайтынын, ана дүниеге де әке лік па-

рызын өтеп аттануды қа лайтынын төндіре айтып, ақырында: «Сен 

өзі қалыңдығыңды ұнатпай жүрсең – сол жаққа бір мәрте барып, 

Шәрипаны көріп, ұнатпасаң – басың азат демейсің бе? Біреудің 

оң жақта үкілеп ұстап отырған бейкүнә перзентін жіпсіз байлап 

қойғанымыз қалай болады?» – деген-ді.

Сол сөз түрткі болып, Қаныш Қарқаралыға аттанды. Қалың-

дығын көріп, аз-кем тілдескен білем. Бұрынғы уезд орталы-

ғындағы қазақ мектебінде бірнеше жыл оқыған, көрік-жүзі тол-

ған айдай көңілге толымды, нәркес көз, қыпша бел, сол күнде он 

тоғызға аяқ басқан Шәрипаның сұлу келбетіне байыпты мінез-

құлқы сай екеніне тәнті болады. Айтып-айт пай не керек, салқын 

қабақ аңғартып жүр ген сері жігіттің өзі де кенет елігіп, ауылына 

келген соң әке-шешесіне: «Айтқандарыңыз болсын!» – десе ке-

рек. Әрине, қажы ауылының үл кендері жедеғабыл әзірлік жасап, 

Қарқаралының күншығыс бөктерін қыстайтын Сма ғұл ауылына 

сән-салтанатын оңдап, жастар тобын аттандырады. 

Осы оқиға жайында сол ауылдың ескі көзі Жұмаш Шәдетов 

ақсақал бертінде бізге мынадай әңгіме айтқан-ды:

«Шәрипа хор қызындай сұлу екен, ап пақ, бойшаң, қос бұрымы 

тоқпақтай, әдемі шолпылары жүрген кезде сылдыр-сылдыр етіп, 

ақ жібек көйлегі судырап тұрушы еді, үстіне оқалы барқыт 

қамзол киеді. Біз дің Қанке де жігіттің төресі. Құдай тағала 

екеуін тең ғып жаратқаны хақ. Пәуескелетіп алып кел дік, той-

думанның басы бет ашар айтылды. Неше күн жайлауда мә ре-сәре 

болдық. Шырлай ата-енесіне, бә рімізге сүйікті келін болды... 

7-0196


98

Медеу СӘРСЕКЕ



Шырлай атануының да мәнісі бар: жаздың мәре-сәре кезінде 

шаңырақ көтерген жастардың ақ отауы ауылдың басқа үй-

лерінен жырақтау тігілетін; қоңсы ауылдардың адамдары, ша-

руа қамдайтын біз дер таң сәріден оянамыз, ауыл тынышты-

ғын қадағалаймыз. Күн шығар алдында бір әнші құс жас отау 

тұсында шырылдайды да тұрады, бірнеше күн дәл солай әндетіп 

бақты. Көргенімізді Қанке мен Шәрипаға айтып едік, олар жы-

миып күлді де: «Ол құсқа тиіспеңдер, бақыт құсы шығар, біз дің 

отау дың шаңырағын әдейі таңдап, бақыт әнін, ақ тілегін жыр-

лап шырылдайтын шығар. Әулием, солай емес пе?» – деп Қа-

ныш келін ше гіне қарады да қапсыра құ шақтады. Біз де қуа нып, 

қоштай күлісіп: «Бақыт құсы шаңырағыңда ғұмыр бойы талмай 

шырылдасын!» – дестік. Шәрипа аты ұмытылып, жас ке лін ді 

үлкен-кіші «Шырлай» дейтін болдық.

(Шә 


рипа Смағұлқызы осынау лақап атпен, Құ 

дай қосқан 

қосағының өз сөзімен айтқанда, «шаңырағының құты» атанып, 

1987 жыл ға дейін үбірлі-шүбірлі үлкен әулеттің басы болып, ұзақ 

өмір сүрген – М.С.).

1920 жылдың жазы Сәтбай қажының үрім-бұтағы үшін ерекше 

қайырлы, мерейлі болды. Ауыл үлкендері оны Шырлай келіннің 

құт ты қадамына жорыған, тек сол ұзағынан болғай дескен-ді: 

шілде айының басында бала-шағасы мен зайыбы Қамиланы ертіп, 

ту Семейден Әбікей Зейінұлы келген; бұл кезде ол губерниялық 

оқу-ағарту бө лімінің меңгерушісі әрі семинариядағы оқытушы-

лық міндетін де мойнына қайтадан артыпты... Әлдекімдердің 

түртпектеуімен басына бұлт үйіріліп, ақ әскеріне «жол көр-

сеткен» былтырғы «қылмысы» пәле болып жа бысып, Әбдікәрім 

Жәмінұлы қыстан бері тұрақты жұмыс ала алмай, зықысы шығып 

жүрген. Оған да кешірім болып, туған ауылына аман-есен оралды. 

Баянауылға есеп бере барған Бөкеш те тындырымды әрекетіне 

мақтау естіп, ат-шапан сыйлық алып олжалы қайтады.

Соның бәрі жұрттың кеу-кеулеген құт 

тықтауына ұласып, 

ақыры Сәтбай ауылының көшбасшы ағасы Имекең төр жайлауға 

қонған соң ағайын-жекжатқа хабарлап, бұрынғыдай үлкен дыр-

дуға айналдырмай, Қаныштың отау үй болғанына той жасаған. 

Орайы келіп тұрғанда жақсылық та тегінде егіздеп туын-

дайды. Сол жыл 

дың қуанышы ерекше мол және қарымды 

болған. Ең бастысы, қазақ халқы екі ғасыр бойы зарыға күткен 


99

ШЫҒАРМАЛАРЫ

бостандықтың алғаш қы нышанын сезінді. Бұл – 1920 жыл-

дың 26 тамызы күні Кеңес өкіметі ерекше дабырлап жария ет-

кен, Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңес республикасы құ-

рылғандығы туралы жарлық. Нәтижесінде, соған дейін он та-

рам бөлікке түсіп, қаншама әкімшілікке бағынышты болып, 

«өгей жұрт» теперішін тартқан қалың ел автономия алумен қоса, 

жер-су бірлігіне де қолы жетті. Ресейдің Сібірдегі әкімшілігіне 

қараған Семей, Ақмола, теріскей-батыстағы Орынбор губер-

ниясына бағынған Торғай, түстіктегі Жетісу, Сырдария облыс-

тары Түркістан республикасы атанған әкімшіліктен ажырап, 

ал күнбатыс өңірдегі қазақ уездерінің бәрі енді Кирревкомға 

қаратылып, шекара шебі де анықталды. Бұл болса – сонау бағзы 

заманнан исі қазақтың түсінде көріп, өңінде арман еткен, еркіндік 

аңсаған талай жайсаңы жанын берген, сол үшін қан төккен 

іс. Тежеулі еркіндік, құқығы мен ділі шектеулі мемлекеттік 

құрылым. Бұған да тәубе!

Алайда Мәскеудегі үкімет жариялаған ресми жарлық ежелгі 

қазақ жерінің біртұтас автономия болып шаңырақ көтеруіне 

жол ашқан жоқ. Сансыз көп кедергілер әр жерден төбе көрсетті. 

Солардың кейбірін ұлт пайдасына түбегейлі шешуге, сенесіз бе, 

жамағат, қиян шет түкпірдегі Баянауыл төңкеріс комитетінің 

мүшесі Қаныш Сәтбаевтың да белсене қатысып, табанды түрде 

күресуіне тура келеді.

 



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал