Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет7/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51

 ІІІ

Көктем туа Ресейдегі жағдай тағы да күрт өзгерді. Неміс 

әскерлері Балтық бойын, Украинаны, Белоруссия мен Қырымды 

жау лап алып, Солтүстік Кавказға баса көктеп кірді. Іле-шала 

ағылшынның экспедиция корпусы Мурман қаласын иемденуден 

соң күллі Теріскейге ұмтылды, ал жапондықтар Қиыр Шығысқа 

көз алартқан. Антанта әскерінің алып Ресейді жан-жақтан 

қыспаққа алғанынан көріп-біліп отырып, іштегі жау – Ақ гвар-

дия күштері мен казак-орыс атамандары қалыс қала ма, олар да 

бас кө терген. Бұлардың едел-жедел қи мыл дауына кешегі қиян-

кескі соғыста тұт қынға түсіп, Ресейдің түкпір шетінде ұсталған 

Чехословак корпусының мамыр айының аяқ шеніндегі бүлінші-

лігі қозғаушы болғаны анық. Қыс қасы, 1918 жылдың жазында 

Ақ гвар дия ның бірік   кен күштері Сібір өңірін өзіне түгелдей қарат-



76

Медеу СӘРСЕКЕ

қан. Нәтижесінде аймақта адмирал Колчак құрған өкімет орасан 

зор аймақты иеленді. 

Семейдегі Кеңес құзыры 11 маусымда құлаған. Оның дүм-

пуі іле-шала уездерге тарап, бәрі-бәрінде ақ әскеріне іш тарт-

қандардың көтерілісі өрттей қауласын. Соның шарпуы бұған 

дейін тыныш жатқан түстікті, Жетісу алқабын қамтып, казак-

орыс атаманының қарауына көшеді. Сөйтіп, небәрі екі айда бү-

кіл Қазақстан атырабы Орталық Ресейден ажырап, ақ әскерінің 

емін-еркін билеген зорлық пен зомбылығына тап болады. 

Әрине, соның ауыр зардабын ең алдымен қазақ елі басынан 

кешкен: большевиктер партиясына мүшелікке өт 

кен 


дер жап-

пай атылып, іш тартқандар да қосақ арасында қоса кеткен; мал-

мүлкін арашалаған шаруа да, ақ әскерінен қарадай қашып-пысқан 

да, жайлауда бейғам отыр 

ған ауылдар да тонауға ұшырайды; 

ал «азап вагонында» қыршын өмірін үзгендер қаншама; қыз-

келіншектерді зорлап, ер азаматтарды жұрт көзін ше қорлап ойы-

на келгенін істеу – адами ұсқынын жоғалтқан бейбастақ әскери-

лер үшін үйреншікті кәсіпке айнал ған... Қысқасы, бұдан бір жыл 

бұрын Алаш қозғалысының көшбасшылары бұқара халыққа 

ескерткен «жол-жобасы, қорғайтын панасы жоқ лайсаң заман туа-

ды...» дегені болды. Шынында да сол сойқаннан тірі қа лып, мал-

жаныңды аман сақтау – өмірлік ділгер лікке айналды. Ең шатағы, 

соған қатыспай бей та рап отыру да оңай емес-ті.

Әредік болса да сол қарсаңда Семейде «Сарыарқа» газеті шы-

ғып тұрған. 

1918 жылдың ақпанынан қазан айына дейін әдеби-қоғамдық 

«Абай» журналының 12 саны жарық көріпті. Жауапты шыға-

рушысы – бәз-баяғы тынымсыз жазғыш Жү сіп  бек Аймауытов. 

Басылымның алғашқы санында Жүсіпбек деп тек қана өз есімін 

қой 

ған бас мақалада журнал редакторы былай депті: «...Өнер, 



ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады. 

Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де 

байлық керек. Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу – өгізбен жарысып 

бәйге ал деген сияқты. Надан болсаң да байы десек – ғылымсыз 

ол да баянсыз болмақ... Ғылым білімге қонады. Ғылымсыз білім 

сыңаржақ болады: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім 

құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Мі 

не, осылар сияқты 

тіршілікке керекті терең мәселелерге орын бермек журнал 

ғылыми, әдеби һәм шар уашылық жолын тұтынды. Бұл жол – 

керуен таңдамайтын кең жол. Терең өткелді, тасты, томар-

77

ШЫҒАРМАЛАРЫ



лы қиын жол... Журнал шығарушы бес-алты жігіт не кү ші не, не 

біліміне сеніп шығарып отырған жоқ. «Адамның адамшылығы 

істі бастағаннан білінеді. Қалай бітіргеннен емес» деп Абай 

айтқандайын, талабым – таяғым, жігерім – азығым, маңдайыма 

ұстаған ақын Абай – қазығым деп үмітпен шығарып отыр».

Бас мақалада баса ескертілген бес-алты жі гіт тің бірі – келешек 

сөз зергері Мұхтар Әуезов. Журналдың алғашқы санында «Абай    -

дан кейінгі ақындар» деген әдеби мақала беріл іпті, аяғына «Екеу» 

деген лақап ат қо йылған. Қазір олар жұмбақ емес, Жүсіп бек пен 

Мұхтар екен дігі шүбәсіз анықтал ған. Демек, мұғалімдер семи-

нариясында бірін-бірі тауып, рухани жақындасқан дарын иеле рі 

әдебиет жолында да бірге қалам тербеген! Ең ғажабы, олар әлеумет 

ісінде де тізе қосып, бір салада еңбек еткеніне тәнті боламыз.

  Ал біз әу баста оларды үшеу дегенбіз. Үшінші азамат – Қаныш 

та бастапқы ойын тәрк етіп, қияндағы туған ауылына сол жазда 

қайтпаған. Екіұдай кө ңілімен әрі-сәрі ойда жүріп, ақыры бір күні 

облыс орталығындағы жер басқармасына соғады. Бастапқы ойы – 

ауылдық мектепке жолдама сұрау...

– Қаныш жолдас, шындығында сізді ауылдық мектепке жібе-

руге болмайды. Сіз мұғалімдердің өзін оқытуға тиіссіз!..

Ойда-жоқта сөйтіп Жер басқармасының қаражатына Семейде 

ашылған екі жылдық мұғалімдер курсының оқытушысы бо-

лып тағайындалған. Курстың меңгерушісі – Троицкідегі үлгілі 

медресені үздік бітірген, білім 

дар 

лығымен сол кезде-ақ облыс 



жұртшылығына танылған Мәннан Тұрғанбаев. Ал оқу ісін бас-

қарушы – Жүсіпбек Аймауытұлы. 

Дүйсебай ЕСЕНЖОЛОВ, мұғалімдер курсының шәкірті:

«Қаныш Сәтбаев бізге жаратылыстану пәнінен сабақ берді. 

Қазақша оқулықтар ол кезде атымен жоқ, ал орыс тілін дегі 

кітаптарға «тісіміз» батпайды. Сол себепті сабақ үстіндегі бар 

қарекетіміз – оқытушының аузын бағу. Класс іші әлей суық, сірі 

тон, жыртық күпілерімізді қаусырына түсіп бүрісіп отырамыз. 

Бү гін гідей есімде: үстінде шолақ былғары тоны бар, қап-қара 

шашы бұйраланған, аққұба жүзді, кең маңдайлы, уыздай жап-

жас Сәтбайұлы ке ліп, бәрімізге ізетпен амандасып, ірі тіс те рін 

ақсита жымиып, сабаққа кіріс кенде, тым-тырыс тыныштық ор-

найды. Өйткені оның әңгімесі бізге ертегідей әсерлі. Бұрын-сонды 

естімеген қызық дүниелер әлеміне кіріп, жүдеу күйімізді, құрсақ 

тілеуін де біржола ұмытамыз...»


78

Медеу СӘРСЕКЕ

Қалиақпар ТӨРЕБАЕВ, сол курстың тыңдау шысы: 

«Менің жете білетінім: Қа ныш тың білімі сол кездің өзінде 

осал болмайтын. Бұлай дейтінім –  клас қа ол бір-ақ кітап ұс тап 

кіретін еді, дәріс оқығанда, бір сағат бойы соның бетін ашпай-ақ 

сөйлеп, шығып кетеді. Сонда біз, шәкірттер, аңқау кезіміз ғой, 

«Апыр-ай, мына Сәтбайұлы қандай көп оқыған, бүкіл кітапты 

жаттап алған» деп таң болушы едік».

Мұғалімдер курсының тыңдаушылары Семей облысының 

барлық ояз, болыстарынан жиналған. Жас мөлшері де әрқилы – 

алды отызға ілінген, арты жиырмаға ентелеген ересек жігіттер. 

Білім дәрежелері де түрліше, бірер жыл болыстық мектептер-

де оқы ған дармен бірге өз бетімен хат таныған шала сауаттылар 

да бар. Білім деңгейі ала-құла, өзінен ересек адамдарға жара-

тылыстану негіздерін түсінікті етіп миына құй ып бе  ру де оңай 

емес. Әр сабаққа тыңғылықты дайындалмаса болмайды. Бір 

тәуірі, «сақалды» шәкірттерінің оқуға ынтасы ға жап: аузы нан 

шыққан әр сөзге, әр жаңалыққа құ лақ тарын түрік ұстап қуана 

қабылдайды; бәрін білмекке деген ықыластары сондай...

Мұғалімдер курсының тірлігі заман көшіне қайткен күнде 

ілесу үшін түйе жеккен керуен іспеттес. Қаныш болса сол көштің 

керек бір мүшесі. Таңертең ерте тұрып сабаққа барады. Содан 

кешке қарай үш-төрт бойдақ жігіт бірігіп тұратын пәтеріне титық-

тап әрең жетеді. Бірақ «шаршадым» деп төсекке құлай кететін 

еріншек кісі – Қаныш емес. Түннің бір уағына дейін тапжылмай 

отырып ертеңгі сабағын әзірлейді. Ертіс арнасы мұз құрсанып, 

күн суытқалы тағы бір келелі іске кіріскен. Шынын айтқанда, 

білімдар Семейден  кетпей қалғаны да содан... 

Сол қыста ол ұзын арқау, кең тұсауға салмай, білімі олқылығын 

толтыруға қам жасаған. Математиканы тереңдеп игеруге жәр-

дем десетін тәлімгерге аса қиналған жоқ: бұрнағы жылы Әлімхан 

Ермеков Том қаласынан өзімен бірге азаттық таңы атты деп 

еліктіріп келген жастардың бірі Ғарифолла Нығматулин –  уни-

верситетте үздік оқыған білімпаз, Қанышты жетекке ал ды; ағыл-

шын тіліне үйретер ұстаздың ора йын келтірген жанашырлар да 

табылды...

Математик Ғарифолламен аптасына екі рет кездеседі, ағылшын 

тілінің мұғалімінен де екі-үш мәр те сабақ алады. Бір күн иә бір 

сағат бос уақы ты жоқ. Бар уақыты есептеулі, әрбір жексенбі де 

сабақ алуға арналған. Дайындыққа берілгені сонша, 1919 жыл-


79

ШЫҒАРМАЛАРЫ

дың жазында елге қайтпады. Қарт әкесінің өткен-кеткеннен 

ренжіп те, қиыла да айтқан өктем сәлемі, ағайындардың үгіті, 

дем алу қажеттігі... Бірде-бірі емтихан әзірлігіне ден қойған 

 

жас жігітке әсер еткен жоқ. Бар ынтасы, бар тілегі – күзге таман 



Томға жету. Қазірде ол технология институтына, тек қана соның 

кен факультетінде оқуға құштар. Өйткені жаратылыстанудан 

сабақ бергелі сол білімге ерекше құмартатын болды. Әсіресе, жер 

бетінде тіршілік пайда болып, жан-жануарлар ғана емес, пайдалы 

қазбалардың жаралу құпиясына ынтығуы ғажап. 

Амал не, тағдыр шіркін жолына тағы да кесе-көлденең тұрды. 

Жыл бойғы сарыла отыр ған күндер мен түндер текке өтпепті, аяқ- 

ас тынан ауырып қалды. Үйреншікті кеуде дерті.

– Ну, жас жігіт, Аллаға сенесің бе? – дейді дәрігер Разумов 

тағы да қан түкіріп, қоныс аударғандар ауруханасына түскен 

науқастың өкпесін ұзақ тыңдаудан соң.

– Жоқ, доктор, одан гөрі өзіме сенемін.

– Бекер, шырағым, бекер! Сақтансаң сақтаймын деген...

– Сонда, Сергей Николаевич, менің ендігі тірлігім бір жал-

ғыздың ғана қолында демексіз бе?..

Қарт дәрігер тіс жарып үндемеді. Сірә, ендігі жайың солай деп, 

жас азаматты бекерге қамықтырып, жіңішкерген үмітін біржола 

үзгісі келмеген тәрізді.

Бұл жолы Қаныш ауруханада екі айдай болады. Қан түкіруі 

тыйылып, басын көтер ді. Жүруге бірақ халі жоқ, өңі аппақ қудай, 

бұрын да жүдеу еді, енді құр сүлдері қалған... Сол қарсаңда ел-

ден де әкесі жіберген кісілер келіп, сарыла күтіп жатқан. Ауыл 

ағасының қатаң тапсырмасы: науқас жігітті еркіне қоймай, 

ауылға алып қайту! Дәрігердің кеңесі де осы тақылеттес. «Оқу-

ды тый, тұрмысы жүдеу қалада бір күн аялдауға болмайды, жас 

жігіт! Ендігі үміт – қырдың шипа ауасы мен жұғымды аста ғана». 

Енді амал жоқ. «Қош бол, қимас қала, білімдар Семей! Қош енді, 

барлық арман, мұраттар да!..» Мұғалім дер курсымен есеп айыры-

сып, керек-ау деген кітаптары мен қағаз-қаламын да қалдырмай, 

арбаға түгел салғызып, ұзақ жолға аттанды.

Нұрлан ҚАСЕНОВ ақсақалдың ауызекі әңгімесінен: 

«Уақыт қатерлі кезең. Би атам Бапаң екеу 

мізді бірдей 

аттандырған. Қазанның бас кезінде Семейден шықтық. Күн 

суыта қоймаған жайдары мезгіл. Жайдарылығын қайтейін, 

жолды өндіре алмадық. Қанкежанның жағдайы суыт жүрісті 


80

Медеу СӘРСЕКЕ



көтермейді. Ертіс жағасынан аттанғанда қыр ауасын ұнатты 

ма, арба үстінде басын көтеріп отырып, жан-жағына құмар-

лана қарап, әредік әңгіме айтып, аздап сергігендей болып 

еді. Орта жолға жетпей-ақ өкпедегі дертіне құрғақ жөтел 

қосылып, күн өткен сайын сырқаты ауырлай түсті... Бізде зәре 

жоқ, аман-есен жеткізе аламыз ба деп. Оның үстіне даланың 

құтырып тұрған кезі. Кеңес өкіметі күш алып тұрақтамаған, 

ақ әскері қыр төсінде бөріше жортып жүрген қатерлі мезет. 

Кезіге қалса, сенің жағдайыңмен санаспайды, төбеден бір нұ қып, 

атыңды доғарып алып жөнеп беруі хақ. Құдай оңдап, әйтеуір 

ешкім кезікпеді. Ел шетіне ілінгенімізде, үш-төрт кісімен, тың 

көлікпен жетпістен асып кеткен егде жасына қарамай, Би 

атамның өзі шықты. Бала тауқыметі оңай ма, сірә, ауылдан 

тосуға дәті жетпеген... Не керек, Қанкенің көрер жарығы, та-

тар дәмі әлі де, шүкір, бар екен.  Аман жеткіздік. Тек арбадан өз 

бетімен түсе алмады...» 

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

І

Азамат соғысының қазақ еліне салған ойраны бәсеңдеуге ай-

налды. Большевик үкіметі Орталық Ресейден қыруар әскер төгіп, 

жол-жөнекей қосыл ған жер гілікті жасақтардың көмегі сеп бо -

л ып, 1919 жылдың қазан айында Қызылжар, қарашаның соңғы 

күндерінде Көкшетау мен Ақмола ақ әскерінен  тазарды. Содан 

кейін-ақ адмирал Колчак пен казак-орыстардың атаманы Дутов-

тың жауынгерлік рухы әбден құлдыраған, қалдық қосындары 

қаша соғысып, Семей атырабына жөң кіл сін. Әскери тәртіптен 

жұрдай, құлқын тілеуі мен нәпсі көксеуінен өзгені ойламаған, 

бейбастық тағы тобырға айналған әскерилер легі Қытайға ұрымтал 

жол өтінде тұрған Павлодар уезін аттап өте алмаған...

Аласапыран уақыттың қилы көрініс тері жеті жасар балақан, 

Имантай ақсақалдың тұңғыш немересі ҒАЛЫМТАЙ ҒАЗИЗ-

ҰЛЫНЫҢ (1912-1998) жадында күні кеше көргендей қалпында 

сақталған: «Бір түні Нұ рым әжем шырт ұйқыда жатқан бізді 



төсектен тұрғызып алып, апыл-ғұпыл киін діріп әлдеқайда ала 

жөнелді, – депті Ғазекең біздің сұрауымызбен бертінде, сексен 

жасқа тақағанда қағаз бетіне тү сірген ғұмырнама естелігінде. – 



81

ШЫҒАРМАЛАРЫ



Жерде қар бары есімде, таң әбден атқанша ұзақ жүрдік. Содан бір 

уақытта Керегетас деген жерге, Қазиза әпкеміздің ұзатылған 

жұрты – Шорман бидің ұрпағы Әужан ауылына жеттік. Сол 

ауылда он шақты күндей болып, ақ әс ке рі өтіп кетті дескен 

соң қыстауымызға қайттық. Би атам, менің әкем Бөкеш, Аға-

тай (Қаныш – М. С.) үйде екен. Бірталай қой-ешкіміз, қара мал 

қолды болыпты. Болдырған аттарын тастап, біздің жылқыдан 

таңдаулы сәй гүліктерді мініпті. Соның бә рін жирен шашты ақ 

офицері жасатқан, солдаттары да біржосын тәртіпсіз адамдар 

десті. Көрші ауылда жалғыз атын бергісі келмей шылбырына 

оралған Ахметбек деген ақсақалды табанда атып тастапты. 

Мәди Оспанұлы деген бір көршіміз өжет тік жасап, ақ әскері-

нің қаңтарулы тұр ған аттарын айдап әкетіп, айдалада жаяу 

қалдырған ерлі гін жұрт сүйсіне айтушы еді...»

Ғалымтай Ғазизұлының естелігінде мынадай да мәнді ақпар 

бар:  «Ағатай тө сектен басын көтермей жатыпты, сосын оған 

тиіспеген, сырқат екені рас болатын...» 

Ал өз әкесі Бөкеш ескі-құсқы киім киіп, жалшы кейпіне 

түсіпті. Әмбе тілі жоқ мылқау болып та құбылған. Сөйтіп жүріп, 

ақ әс кері не сұраса, соны істеп аман қалған. Өйт кені ауыл ағасы 

«Қу жанға –  бір жұттық мал садақа!» деген. Тек Үлкен ауылдан 

Әбдікәрім Жәмінұлы оңбай тұтылып, сірә, кер без жігіт зиялы 

ұсқынын жасыра алмаған, отряд бастығы оны өздеріне жолбасшы 

етіп зорлықпен ер ткен. Қажы ауылы дүрлігіп, не істе р ін білмей, 

әбігерге түседі. Алайда Кәрім аға бір аптадан соң әбден арып-шар-

шап, сүл дерін сүйретіп қайтып оралды. Баян аула атырабынан 

ұзаған соң-ақ жер-суға ноқай сылқым жігіт жол көрсете алмай, 

шатаса бастапты. Сәтбай ауылының үлкендері бұған да тәубе, жас-

тай оқу қуғаныңның пайдасы тиді десіп қуаныш білдірген.

Жаратылысынан ширақ Ғазиз балақанның жады түстікке 

босқан ақ әскерінің ізін ба са өз ауылына қызылдар отрядының 

ойда-жоқ  та сап ете түскенін тәптіштей баяндайды: «Би ата ма сә-



лем бере ең үлкен бастығы келді. Ең ге зер дей ажарлы қазақ екен, 

белінде еш кі нің басындай наганы бар. Біздің ауыл оған тай со- 

й ып  құрмет  көрсетті...» Ғалекең естелігінде қызыл командир-

дің есімі аталмаған, сірә, нақты білмеген. Нұрлан Қасеновтің ай-

туынша, ол – дала комиссары Әліби Жангелдин.

Баянауыл дуанының тұңғыш аға сұлтаны болған, соған дейін 

Төртуыл елін ондаған жыл уысында ұстаған Шоң би Едігеұлының 

бір өзінен он ауыл өрбіген. Солардың бірі – Баянауланың түстік 

6-0196


82

Медеу СӘРСЕКЕ

бетке й ін жайлаған Айман ауылы. Сол атаның бер  тінгі ұрпағы – 

әкелі-балалы Аббас жә не Шай бай Аймановтар, екеуі де фельд-

шер, Баянауыл станицасында ұзақ жылдар еңбек еткен. Се мей-

лік өлкетанушы Л.М. Власовтың сұрауына орай 1968 жы 

лы 

Қырымнан жолдаған естелік хатында Шай бай АЙМАНОВ (1937 



жылғы зобалаңда Сібірге айдалып, 60-жылдары су 

ық жақтан 

аман оралғаннан кейін бұл кісі денсаулық күйтімен Қара теңіз 

жағасын мекендеген) 1918-1919 жылдары басынан кешкен, күллі 

Баян 

а 

уыл атырабындағы жал 



 

ғыз дәрігер Асылбек Жұманұлы 

Сейітовтің (Том университетінің емдеу факультетін 1916 жылы 

тәмамдаған) қарауындағы емханада еңбек еткен кезде көрген-біл-

генін бүкпесіз баяндаған: «Азамат соғысы жүріп жатыр, дүние-

нің ас таң-кестеңі шыққан қиын уақыт. Дәрі-дәр  мек таусылуға 

айналды, оны енді қайдан және қалай табуды білмей дал болдық. 

Ауру  хананың жабдықтары ескірген, тамақ жоқ, еңбекақы ал-

маймыз. Сөйтсе де қолда барды әжетке жараттық... Ақыр ая-

ғында ауруханада Асылбек, мен, әскери фельдшер атағы бар 

Белденинов үшеуіміз қалдық. Азық-тү лік алуға қаражат жоқ, 

сырқат тан ған    дар  тамақты  өздері  әкелетін  болды...  18-жыл- 

дың аяғы мен 19-жылдың басында жолында кезіккен нің бәрін сы-

пыра тонап, Баянаула арқылы Дутов әскерінің қалдығы өте бас-

тады. Қал ған-құтқан дәрі-дәрмекті тауға тығып қойғанбыз, ақ 

әскері бізден спирт, дәке, түрлі дәрілер талап етті, бірақ дәнеме 

ала алмады. Дутовтарды өкшелей қуып қызылдар жет ті, елде 

сүзек ауруы басталды...»

Ғалымтай Ғазизұлы сол кезең туралы: «Інілі болдым, Би 



атам ісіміз оң ғарыл сын деп атын Аманжол атады. Қыс әлей 

қатты болып, бірқанша малымызды науат қылды. Жазға са-

лым астығымыз таусылып қа лып, ылғи дәм сіз қуырдақ жейтін 

болдық. Қала жақтан жүрек жалғарлық ас іздеген хохолдар, 

баш 

құрт пен татарлар  жаяу шұбырып келе бастады. Қыр 

елінде бұрын-соңды болмаған кісі тонаушылық кө 

бейді...» де-

ген тұжырымды баяндаумен алыс күндердің сындарлы сипатын 

бүкпесіз әңгімелепті.

* * *


Кеңес өкіметі ә дегеннен-ақ Алаш қозғалысына белсене қа-

тысқан зиялы қауымға  жылы шырай көрсетпеген. Ал Колчак 

үкіметі ту баста Алашорда кеңесін қолтығына тартып жолбике-


83

ШЫҒАРМАЛАРЫ

лік жасағанымен, бірер ұрыстарда жеңіске ие болып, бәлшебектер 

үстемді гін Сібір атырабынан тықсырған кезде түп ойын бүкпе-

ген билеуші директория 1918 жылғы 4 қа рашада «Алаш автоно-

миясына біржола тыйым салу туралы» жарлық жариялап, «бо -

дан халықтардың төбемізге секіруін тежеп, әсіресе ерекше мар-

дымсыған киргиз оқыған да рын тәубеге келтірудің уақыты жет-

ті» де ген уәжге ден қойған. Соған орай кей жерде ұлт зия лы лары-

ның басына қамшы үйіріп, түр меге қамап, енді бірін сот үкімін-

сіз атудан да жасқанбаған. Мысалы, олардың құ ры ғы Семейде ең 

алдымен жоғары білімді заңгер, ұлт қозғалысын сонау 1905 жыл-

дан дай ындаушы болған Жақып Ақбаевқа, «Сарыарқа» газетінің 

редакторы Имам Әлімбековке түс кен. Екеуі де біраз уақыт түрме 

дәмін татып, Жақыпқа тіпті ату жазасын кесуге әзірлік жасал-

ған. Сөйтсе де Сібір директориясының құзыры Ертіс өңірінде аса 

пәрменді болмаған. Сірә, Алашорда кеңесі Семейде ұстаған екі 

полк атты әскері, қырдағы қалың елдің де мінерге ат, ішерге ас 

беріп қызу қолдауы айтарлықтай күшті болған. Қысқасы, олар 

Ертістің сол жағалауында, өздері Алаш атандырған қалада өз 

бетінше билік жүргізген. Ал оң жағалаудағы ескі қалада атаман 

Борис Анненков бір жыл бойы әскери штабын және комендатура 

ұстаған. Сөйте тұра Алаш өкі метіне ештеңе істей алмаған. Қоқан-

лоқы жасағанымен жоғарыдағы екі азаматты да жазасыз босатуға 

мәжбүр болған.

Сол текетірестің соңында, майдандағы ахуал күрт өз 

герген 

қарсаңда Алаш басшылары ақ әскеріне қолғабыс етуден айнып, 



қызыл әскер бөлімдеріне жең ұшынан жалғасуға ойыс қан. Әккі сая-

саткер В.И. Ленин де ұлт басшыларының көмегінен бас тартпауды 

жөн көрген. Сірә, қазақтың шексіз иен даласында соң ғы солдаты 

қалғанша шайқасуды жобалаған Колчак пен казак-орыс атаман-

да ры  ның қаскөй ниетіне тосқауыл қою үшін де өздеріне жер  гі-

лікті халықтың қолдауы һәм шексіз сенімі керектігін көрегендік-

пен аңдаған... Сол себептен де Ре сей Федерациясының ВЦИК-і 

1919 жыл дың 4 сәуірі күні Қырғыз өлкесі кеңесінің құрылтайын 

таяу арада шақыру жө нінде қаулы қабылдайды. Алаш кө сем де-

 р ін таңғалдырған, бәлкім, күдікті кө ңіл деріне үміт сәулесін тұтат-

қан игі лебіз со ның екінші тармағында: «Құрылтайға  қа тысу-

шы барлық қырғыздарға, оның ішінде Бөкейханов  (Алашорда 

кеңесінің төрағасы – М.С.) тобынан қосылған өкілдердің бас 



амандығына кепілдеме берілетіндігі...» айтылған. 10 шілдеде 

Бүкілресей лік  Ха   лық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  «Қыр -



84

Медеу СӘРСЕКЕ

ғыз өлкесін басқаратын төңкеріс комитетінің уақытша ережесін» 

бекіткен. Сол ереже бойынша дала өлкесіндегі әскери-азаматтық 

билік Кирревком құ 

зырына көшкен. Оған мүше болғандар – 

Әліби Жангелдин, Мұхамедияр Тұнғашин, Ахмет Байтұрсынов

Бақытжан Қаратаев, Сейітқали Меңдешев, С.С. Пестковский жә не 

большевик партиясының байырғы мү ше сі Вадим Лукашев. Жеті 

комиссардың бесеуінің қа зақ халқының перзенті болуы да Ке ңес 

өкі ме т і нің ұлттық автономия шаңырағын көтеруге ықыласты еке-

нін айқын аңғарт қан. Әсір е се Алаш қозғалысының көшбасшы 

көсемдерінің бірі, есімі дүйім елге мәлім А. Бай тұрсыновтың сол 

топтың жуан ортасында ата луы – ұлт зиялыларының жағдайымыз 

не болады деген күдік-күмәнін бірден-ақ шүбәсіз тарқатқан. 

Тамыздың алғашқы күндерінде-ақ Кирревком мүшелері Орын-

борда бас қосып, жұмысқа кіріседі.

Орталық үкіметтің игі қадамы, әрине, Алаш жасақтарының 

әрі-сәрі көңілін Кеңеске жедел бұрып, пәрменді әрекетке көшуіне 

түрткі болған: Алаштың батыс шептегі ат ты әскер жасағы ге-

нерал Толстов тың ту сыртынан тиісіп, Елек корпусының шта-

бын қолға түсіреді; Шығыс қанаттағы Алаш милициясының 

бөлімдері М.В. Фрунзе қолбасшылық еткен Қызыл армия тобы-

на қосылады; 1919 жылғы желтоқсан айының бірінен екісіне 

қараған таңда ақ әскерінің соңғы ті регі – Семей қаласы Кеңес 

қолына көшеді... Ес  кертер жайт: Кеңес тарихшылары бертінде 

көпе-көрінеу бұрмалап жазғандай, сол түнгі қарулы көтерілісті 

большевиктердің астыртын ұйы мы ғана ұйымдастырмаған; көте-

ріліске эсер партия сы, шаруалардың IV кор пусы және Алашорда 

кеңесі шығарған де мо кратиялық одақ өкілдері белсене қатысқан. 

Нәтижесінде ақ әскерінің қалдық бөлім дері Қы таймен шекара 

шепке  жөң  кіледі…

Сибревком жарлығымен Семейде губревком құрылып, Ертіс 

бойындағы ауыл-село, станицалар мен уездер билі гін өз қолына 

алады. Алғашқы губревком құра 

мы 


на Алаш партиясының 

өкілдері Ә. Ер  меков пен Ж. Ай мауытов та тең құ қық пен кірген; 

жиырма екі жастағы Мұхтар Әуезов губерния лық атқару коми-

тетінің түрік халықтары бө 

лімі 

нің қазақ секциясына бастық 



болып тағайындалған; Әбікей Сәтбаев губерниялық оқу-ағарту 

бөлімінің мең 

герушілігіне шақырылып, ал Ах 

метолла Барлы-

баев Павлодар уездік комитетіне мүше болып кіреді. Әмбе соның 

бәрі губревкомның өз ынтасымен емес, Орталық үкіметтің тікелей 

нұсқауымен жүзеге асқан. ВЦИК арнайы шешім қабылдап, Алаш 

қоз ғалысының барлық мүшелеріне кешірім жариялаған.



85

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Алаш партиясының облыстық комитеті 

нің алғашқы дүр-

мекте тұтқындалған кейбір мүшелері сол жарлықтан кейін 

бостандыққа шықты, бой тасалап жүрген Алаш көсемдері де 

оқу-ағарту саласында еңбек етуге рұқсат алды. Ахмет Бай-

тұрсынов КирЦИК-тің тұңғыш оқу-ағарту комиссары болып 

тағайындалады. Тоқетерін айтқанда, ұлт зиялыларының  көр-

некті жетекшілері ел билігінен шеттетілгенмен, туған халқын 

жаппай сауаттандыру, білім жолына бастау мүмкін дігі нен бір-

жола ажыраған жоқ. Бұл болса ел жақсыларының ежелгі ар-

маны еді.

Десек те, келеңсіз бір жайт қазақ оқығандарының алаңсыз 

жұмыс істеп, көкейкесті ой-жобаларын жедеғабыл жүзеге асы-

руға бөгет болған. Анығында сол келеңсіздік ВЦИК-тің бір ай-

мақта екі бірдей төңкеріс комитетін құрған, залал-салдарын 

жеткілікті ойластырмаған қа у   лы сынан өрбіген. Неге? Орал тауы-

нан Қиыр Шығысқа дейінгі орасан зор аймаққа иелік ету құқы-

ғы берілген, Омбы қаласында ірге тепкен Сибревком бірден-ақ 

1868 жылға реформадан кейін ресми құжаттарда «Сібір қыр-

ғыздары» деп аталатын, негізінен Орта жүз қазақтары қоныста-

ған байырғы Сарыарқаны түгелге дерлік иемденуді мақсат еткен. 

Нақты айтқанда, бұрынғы Торғай облысына қарасты Қостанай уезі 

түгелдей сол кезде құрылған Челябі губерниясына қаратылған; ал 

Ақмола облысы іле-шала Омбы губерниясы аталып, оның иелігіне 

осы облыстан Көкшетау, Атбасар, Петропавл және Омбы уездері 

берілген; Павлодар, Қарқаралы, Аягөз, Зайсан және Өскемен 

уездерін біріктіріп отырған Семей облысы да, ВЦИК жарлығы 

бойынша, губерния құқығына ие болып, Сибревкомның құзырына 

көшеді... Яғни, 1916 жы  лы ішінара жүрген са нақ бойынша, осы 

аймақта тұратын бір жарым миллионнан астам қазақ Кирревком 

билігінен тысқары қалған. Әрине, Сібір ревкомы иелігіндегі қа-

зақ жерінде орыс билігін қаз-қалпында сақтап, соған орай қазақ 

жақсыларын ел басқарудан шеттетіп, сол рәсімді жедеғабыл 

жүзеге асыруға тырысқан...   

Осынау кереғар саясаттың айқын мысалын өлке та 

ри 


 

хын 


зерттеушілер Омбы мұрағатынан бертінде тапқан құжаттан 

айқын көреміз: «Семейге мен 28 қаңтарда келдім. Губревкомның 



басқару бөлімінде түрік халықтары секциясы құрылған екен. 

Оны басқаруға Мұх тар Әуезов деген пиғыл-ниеті дүдәмал біреу 

тағайындалыпты. Губревкомның мүшелігіне қырғыз зиялы-

86

Медеу СӘРСЕКЕ



ларынан Әлімхан Ермеков, жұмысшылардан Төленов кіріпті. 

Қырғыздардың мұңын жоқтап, сойылын соғушы осы үшеуі бол-

ғандықтан, бұ лар туралы өзім нің ойымды ашық білдіруді қа-

жет деп білдім: Ермеков – Алашорда пар ти ясының атақты 

Бөкейхановтан кейінгі бе делді һәм білік ті басшыларының бірі... 

Ал Әуезов – соңғы класта оқып жүрген семинарист /?/, жас ком-

мунист бола тұра, Ермековке жан-тәнімен берілген адам. Сол 

себепті ол Ермековтің айтқанымен жүріп-тұрады... Тө 

 

ленов 

бол 

са қара жұмыскер, аздап оқып, жа 

за білгенімен, белсенді 

іске қабілеті мардымсыз, төң керістік жұмысқа мүлдем жара-

майтын бо саң адам...» – деген пәле-жаласы мол ақпар жолдап-

ты Сибревкомның татар-қырғыз секциясын басқаратын Самат 

Шарафутдинов 1920 жылдың 6 наурызда Омбыға жолдаған баян-

хатында. Семей ревкомындағы түрік халықтары секциясы-

ның жұмысын жандандыруға Омбыдан жіберілген лауазым-

ды өкілдің ақпары «Семей губерниясындағы саяси ахуал жә не 

Сібір өлкесіндегі кеңес аппаратының пиғылы жат элементтермен 

былыққандығы туралы» деген пәрмені зор айдармен жіберілгені 

айқын...



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал