Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет6/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

ІІІ

Шәкірттік жылдар зымырап өтіп жатыр. Қаныш қоңыр күз 

бен қытымыр қысты Семейде өткізіп, жаз елде, көбіне жайлау-

да болады. Соғыс тауқыметі де қала халқын әбден титықтатып, 

мейлінше қажытуда. Дүние атаулы қымбатшылық. Рас, пұлың 

болса, іздегенің түгел табылады. Шәкіртке қанша бап керек? 

Үсті-басы бүтін, тамағы тоқ болса, жетіп жатыр. Соның бәрі 

бірақ қыруар бейнетпен келеді. Семинария ай сайын он бес сом 

стипендия  тө лейді. Бұл, әрине, айналымға жетпейді. Сенімді 

үміт – арымайтын ауылда: қысқа қарай өткен-кеткеннен қор-

жындап ет, қарындап май жібереді; стипендияға сеп болсын деп 

қаражат та жөнелтіп тұрады. Баянауылдың Семейден салт аттыға 

алты күн жүретін жырақ орналасқаны қарым-қатынасқа қиын-

ақ...


Шәкірттер өзара қосылып, бір-біріне жең ұшымен жалғасып, 

сенікі-менікі демей, қоржын түбін бірге қағысып, қоңыр төбел 

тір ші лікпен өмір сүреді. Сөйтсе де, қаланың жүдеу тұрмысы олар-

ды тоғыз-он айға созылатын оқу жылында әбден титықтады. Сол 

себепті шәкірт атаулы тезірек ауылға қайтуға асығады. Мұхтарға 

бұл қиын емес, ата қонысы –  жолшыбай бір-ақ қонып баратын 



64

Медеу СӘРСЕКЕ

Бөрлі бұйратында. Ал Қанышқа жайлаудағы ауылы на жету үшін 

жеті-сегіз күн керек. Сол себепті оқудан босайтын күнін әкесіне 

алдын ала хабарлайды. Бұл кезде оған Баянауылдан қос атпен 

келетін адам – елгезек Нұрлан. Межелі күні ол қа ла ға түсіп, Әбең 

үйінде тосып жатады. Әри 

не, соншама қиыр түкпірден үлкен 

шәрге келген соң оған жүктелген тапсырмалар да аз болмай-

ды. Бәрі де қырда табылмайтын қат нәрселер. Базардағы сауда 

трашпеңке арба алумен тынады. Іле-шала жолаушылар күн ба-

тысты бетке ұстап жолға шығады.

* * *

Жас Қаныштың әр жылы, оқудан келген сайын парызы санап 



ыждағатпен орындайтын бір рәсімі – өздерімен қоңсы отырған, 

Арқаның атақты әншісі һәм сазгері Жаяу Мұса Байжанұлына 

арнайы барып сәлем беру. Сол қауышуға Қаныш қана емес, 

қарт әншінің өзі де құштар. Мерзімді күнінен кешіге бастаса, 

«Имекеңнің кенжесі келіп пе екен, нәзік бала еді, оқудан ауырып 

қалмады ма екен?» – деп сұрау салып, іздеп отырады. Шыдамы 

түгесілсе, сипаң торысын өк пеге тепкілеп, Далбадан өзі-ақ келеді.

Сол рәсімді Қаныш 1916 жылы да бұзбады. Үйінде бірер апта 

болып тыныққан соң сенімді серігі Нұрланды алып, әншінің 

қыстауына өзі аттанады. Жаяудың бұл сексенге ентелеген ша-

ғы, қос-қостан айдайтын малы болмаған соң жайлауға бұрын 

да шықпайтын, ал қазір біржола тыйылған. Жолаушылар кел-

генде, ол сырқаттанып жатыр екен. Үй іші жүдеу, төрде бір-екі 

тайтеріден өзге лыпа жоқ...

Бұдан арғы әңгімені сол кездесудің куәгері Нұрлан Қасенов 

ақсақал жалғастырсын:

Қанкежан сырқаттың көңіл-күйін ежік теді.

– Оны менен сұрап қайтесің, анау құ сым нан білсеңші, – деп 

әнші тұғырда мүлгіп отырған көк қаршығаны нұсқады.

Қаныш қыранның қасына барып, бөтегесін сипап, топшысын 

басып көрді де:

– Әнші ата-ау, құсыңыз ашулы ғой. Жаз шыққалы емін-еркін 

бір ұшпадым деп көк тілеп отыр екен, – деп еді.

Қарт риза болып қолын соғып, мәз болды.

– Пай-пай, тумысыңнан айналдым, асыл Имекемнің кенже-

тайы! Айнытпай таптың, құс 

бе 

гілік өнерге ден қойған тегіңе 



тар туыңа бо лайын. Көк қаршыға ұшпағанына жүдесе, мен ұша 

65

ШЫҒАРМАЛАРЫ

алмағаныма құсамын, ей, қайтесің, қарағым...– деп сері мұ ңай ып 

қалды. – Жә, Қанкежан, қалаң не дейді, мына соғыстың салмағы 

қайыстырып болды ғой қыр елін?...

Қанке қала жаңалықтарын әңгімеледі. Қазақтан окоп жұмы-

сына азамат алмақ деген қауесетті де жасырған жоқ. 

– Е, патша әкеміздің жайы мәз емес десейші. Мынаның сөзі 

шылғи өтірік болды, – деп әнші тізесінде жатқан ескі газетті ірге-

ге лақтырды. – Зобалаңның көкесі ал да десеңші.

– Жағдай ауыр, – деді шәкірт. 

– Балам, бері жақындашы. – Әлдене ойына түскен қарт әнші 

кенет Қанышқа сынай қарады. – Былтырғыдан бойыңа едәуір қо-

сыпсың, тіл-аузым тасқа! Ал ойың ше, оған да қосқаның бар ма? 

Әлде азайттың ба?

Қаныш қызараңдап:

– Оны енді... не деуге болады?.. Оқудың тағы бір жылын бітіріп 

келдім, – деп күмілжіген рай аңғартты.

– Бәрекелді, ризамын. Имекеңнің ақыл-ойын ғана емес, 

сыпайылығын да айнытпай алғаныңды көріп тұрмын. Жә, 

бұйымтайыңды айт, менен не қалайсың?

– Бұйымтай жоқ, әнші ата.

– Шынымен көңіліңде ештеңе жоқ па?

– Жоқ, шыным.

– Жә, үш қайтара сұрадым, жоқ деп үш мәрте қайырдың. 

Шынында да сәлем бере келіпсің, ризамын. Қане, қолыңды 

жай, балам! Әлгінде өзің құмарта сипаған көк қаршығам – 

менің аяқтыға ұстатпай, тұяқтыға қақтырмай қастерлеп, ба-

бында сақтап келе жатқан жалғыз асылым. Сен де, Қан кежан, 

Имекеңдей ел жақсысының жас 

тай баптап, ертелі-кеш бағып 

отырған балапан қанат сұңқарысың. Көк қаршығаны саған бай-

ладым. Екеуіңнің бұдан былайғы тілеуің бір болсын, қос қыран! 

Ұш  қан кезде мерейлерің үстем болып, жол дарыңа нұр жаусын, 

әумин!.. Бұл қазір нағыз бабында, алып кетіп, демалысыңа ермек 

ет, саят құрғын, қарағым!



 – деп қарт әнші көзіне жас алды.

Алайда Қанкежан құсты алудан үзілді-кесілді бас тартты.

 – Аты менікі болып, заты сізде қалсын, әнші ата! Сауыққан 

соң менің қаршығамды алып, жайлауға келіңіз. Бұйырған саят-

ты сол кезде көреміз, – деп, әншінің өзіне мін дет артып, оп-оңай 

құтылып кетті.

 Жақсылар о күнде жұмбақтап сөйлеседі ғой. Аттанарда Жаяу 

ата бізді есік алдына дейін шығарып салды.

5-0196


66

Медеу СӘРСЕКЕ

 – Бара қалсам, Қанкежан, базарлығың бола ма? Сонша жер-

ге барғаныма тұра ма? – деп тақпақтады. Қаныш та сауыққой 

қарттың көңілін жазбай түсініп:

– Көп емес, аздап. Сіз үшін бірер ән табамын, – деп жымиды.

– Жарайды, балам, сенің аздабыңды біл 

е 

 



мін. Барамын 

ауылыңа, Имекеңе үш қайтара сәлем айт! Уәде. 

Ауылға келген соң жастар болған әңгі мені биге айтады.

– Бәрекелді, құсын алмай келгендерің жөн болған. Ол бір дауы 

көп, қырсықты қаршыға еді... – дейді ауыл иесі. – Жақында 

сол құсты қолқалап, Шорекең ауылынан Біләл болыс барып-

ты. Мырза ауылының кекірейген мінезі қалған ба, аттан түспей, 

Жаяудың үйіне шабарманын жұмсапты. Шабарманға әнші атаң 

кісі деп қарамаған, төсектен басын көтермей, газет оқыған қалпы, 

тіл қатпастан сазарып жата берген... Болысқа бермеген сүйікті 

қыранын саған атағаны таң қаларлық мінез! Иә, жарықтық-

тың пейілі солай. Біреуге көлдей жомарт, біреуге шөлдей са раң... 

Уағда етсе, келеді әнші атаң. Одан, саят емес, дүние әңгі месін 

естіп, өнер үйрену абзал... – деп Имантай қарт сөзді түйеді.

Амал не, сол жылы саят құрып, серуенге шығудың сәті келме-

ген. Көп ұзамай жария болған Ресей патшасының 25 маусымда-

ғы жарлығы мал бағып, шар уа күйлеп тыныш жатқан қыр елі-

нің әңкі-тәңкісін шығарып, әрі-сәрі күйге душар етеді. Ер-

азаматтың ат үстінде ұйықтап, сәйгүлік ауыздығымен су ішкен 

қиын-қыстау күндер туады...



ТӨҢКЕРІС ТОЛҚЫНЫНДА

І

1917 жылдың таңы атты.

Жоғары мәртебелі Екінші Николай патшаның құдірет-күші 

бұқара халықтың жаппай көтерілген дүмпуіне төзе алмады. Аяғы 

аспаннан келгенін қа һарлы ақпанның аязды таңында бір-ақ білді. 

Ақпан төңкерісінің жаңғырығы ту қиырдағы Семейге он бес күн 

кешігіп жеткен. Аңсаулы бостандық бірақ «ке шік тім» деген жоқ, 

бодан елді дүр сіл кінтіп желпіндіре келді.

Ар бостандығы. Ел бостандығы. Жер бостандығы. Сөз бос-

тандығы. Еріктісің, теңсің! Дін мен ділге де азатсың! Алақандай 



67

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Семейде аз уақыттың ішінде толып жатқан комитеттер мен одақ-

тар, партиялар ұйымдасып, олардың атқару мекемелері, газет-

тер мен листоктар тайталаса туып, көктемгі көктей қаулап шыға 

кел сін. Күнде жиын, күнде сайлау. Дуылдаған жұрт, гуілдеген 

сөз. Кө те ріңкі көңіл, желпіне сөйлеген шешендер,  ергежейлі 

«көсемдер»...

Мұғалімдер семинариясының сабағы көп жиын, көп ко ми тет-

тің оңды-солды сүйреген дүрмегіне тап болды. Сабақ мезгілінде 

өтпейді. Үзі лістер кей де әлденеше күнге созылады. Шә кірт тер 

ішінен «орақ тілді тілмарлар» шықты. «Өзің ға на оқымай, өз гені 

де оқыт!» ұраны күн са йын талқылайтын өзек ті тақырыпқа айнал-

ды…


Айтып-айтпай не керек, 1822 және 1868 жылдардағы рефор-

мадан кейін, ең шұрайлы, топырағы құйқалы, нулы-сулы, өзенді-

көлді атырабына жат жұрттың адамдары шегірткеше қаптап, 

көшпелі халықтың мал-жайын құмайт, түгі тықыр тақыр жер-

лерге ығыстыру шарасы жүзеге асқаннан бері сорлы қазақ қыр 

төскейінде емін-еркін көшуді түсінде ғана көретін болған-ды. 

Ал олардың құрамы жаңа ғасырдың басында бес миллионнан 

асқан. Алайда өзінен шыққан билеушісі жоқ мүсә пір халықтың 

келешегін кім ойламақ?.. Мұн дай түйткілге басы ауырмайтын, 

өз жұтқынын ғана көксейтін тоғышардың жауабы: «Е, оны бір 

Алла біледі!» Десек те, еркіндік рухы қанына сіңген халық орта-

сынан бодандық қамытын лақтырып тастауға шақырған ерлер 

әр жерден жүздеп шықты. Бір ғажабы, солардың өркениеті озық 

қалаларда орысша оқыған жастар арасынан атойлап көрінуі еді. 

Таңданарлық жайт: тап солар – отарлаушы елдің үкіметі кешегі 

кер заманда аярлықпен ұсынған мәртебелі мансап, биік шендерді 

қуана қабылдап, туған ұлтына опасыздық еткен, аға сұлтандыққа, 

болыс, старшын, қазылыққа таласып, өзара қырық пы шақ болған 

бай-шонжарлардың перзенттері. Бұлардың алдыңғы толқыны 

Қазан, Том, Орынбор, Омбы, Воронеж, Мәскеу, Тарту, Варшава мен 

Санкт-Петербургтің әйгілі инс титуттары мен университеттерінде 

білім алған. Енді, міне, орыс оқуын меңгерген білім паз жастар ор-

тасынан өмір-бақи бодан болуға көнбеген, туған жұртының тілін, 

ді нін, ділін сақтап, ерік ті ел атануды мұрат ет кен өжет ұрпақ сая-

си майданға білек сыбанып шықты. Түрме азабын тарту, мәңгі қыс 

жайлаған теріскей қиырға айдалу мехнаты оларды жасқантпаған. 

Ұлы мақсат – еркін дікке жету, рухани бостандық! Сол үшін жан 

пида! Шын-ау, иен жерін сырт көзден қорғап, елдігін, еркіндігін 



68

Медеу СӘРСЕКЕ

сан ғасыр сақтап келген ұлттың діл-қуаты, жігер-намысы сар-

қылды деп ойлау күпірлік емес пе?! Жоқ, кебенек көйлегін киген 

ерлер таусылмапты. «Ер тумаса – ел ғаріп» нақылы әлі де әсерлі 

екен. Тәубе делік!..

Шынтуайтын айтқанда, сол ерлердің бел буып шыққан күресі 

оқшашар қарумен жасақталған патша әскеріне бәз-баяғыдай най-

за, шоқпар ұстап, садақ пен қылыш асынып, ХІХ ғасырда қарсы 

тұрған Сырым, Исатай, Жанғожа, Кенесары, Наурызбай батырлар 

бастаған қарсылықтан бөлек болатын. Сол күрестің сыр-сипатын 

қазақ зиялыларының жаңа толқынына көшбасшы болған Ахмет 

Байтұрсыновтың:

«Жөн сілтедім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес, алысқа.

«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, –

Дедім, – Сен де қатарыңнан қалыспа!» –

деген үндеуі дәлірек анықтаса керек. Ахаңдай көрегенге серік 

болған Міржақып Дулатов 1909 жы 

лы жарық көрген «Оян, 

қазақ!» өлең дер жинағына мына сөздерді айдар етіпті:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты!..»

1905 жылғы төңкеріс кезінде бас тау ал ған тәуелсіздік қозға-

лысы бірте-бірте кү ш жинап, әдіс-айла жинақтап, ақыр ая ғында 

қазақ жерінің барлық түкпірін қамтыды. Сірә, соның ең дүмпулі 

кезеңі – 1916 жыл ғы, бұратана халықтардан тыл жұмысына сол-

дат алу жарлығына қарсы шыққан жалпықазақтық көтеріліс-

тер. Сайып келгенде, сол да 1917 жылдың атышулы дүрбелеңіне 

ұласты. Қазақтың жер-жердегі ат төбелін 

дей зиялы перзент-

тері, әсіресе білім жолында жүрген шәкірт жастар бұл жолғы 

қозғалысты жаппай қолдап, азаттық туын көтеру ге өз үлестерін 

қосқаны анық.

Солардың бірі – Том шәріндегі Сібір технология институты 

кен факультетінің төртінші курс студенті Әлімхан Ермеков. Жас 

өрен оқуын үзіп, Семейге асыға жеткен. Жалғыз емес, өзімен бірге 

қырық шақты қазақ жастарын ертіп келеді.



69

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қазақ халқының алғашқы құрылтайы 1917 жылғы 21-26 шілде ара-

лығында Орынборда шақырылып, оған Семейден Әлімхан Ермеков, Халел 

Ғаббасов, Жақып Ақбаев қатысып, ел басқарудың жөн-жобасын анықтауға 

белсене атсалысқан. Құрылтайда талқыға түскен өзекті мәселе қазақ жұр-

тының көп жылдар көкейін тесіп, көмейіне тас боп тығылған күпті жайт-

тарды сөз еткен: Ресей құрамында автономиялық еркіндік алу, келімсектер 

нөпірін тоқтату, өз же ріне иелік ету, діннің саясаттан тыс болуы, әйел мен 

еркектің тең құқықта өмір сүруі, қа зақ ша мектептер ашу, сот жұмысын ана 

тілінде жүргізу...

Сол жиында бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне қазақ жеріндегі алты 

облыс пен Бөкей ордасынан, Орта Азиядағы қазақтар атынан сегіз адам 

өкілдік алған. Семей облысының өкілі – мұғалімдер семинариясының 

оқытушысы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев...

Алғашқы құрылтайға қатысушылар Алаш қозғалысының бағыт-бағда-

рын даралап, ұлт  тық партия құруға да пәтуаласқан. Іле-шала әр жерде Алаш 

партиясына жазылу жүрген. Бұл іс қазақ даласының күншығыс өңірінде, 

әсіресе Семей шәрін де белсендірек жүріп, ұлттық қозғалыстың қарамды тобы 

төбе көрсеткен. Солардың жуан ортасында семинарияның оқытушылары-

мен қоса ке ше гі шәкірті Мұхтар Әуезов, соңғы басқыш қа шыққан Қазы 

Нұрмұхаметов, Жүсіп бек Аймауытов сияқты саяқ жігіттер де бол ған...

1917 жылдың 12 сәуірінде жасы он сегізге толған семина-

рия шәкірті Қаныш Сәтбаев сол күндерде баррикаданың қай 

жағында болған? Бізге мәлім жайт: сол көк темде ол аяқастынан 

сырқаттанып қалып, ауру ханаға тап болғаны. Жазғы емтиханға 

да сырқат шәкірт сонда жатып әзірленеді. Алай да ұстаздар кеңесі 

оның үш жыл бойы үздік оқығанын ескеріп, төртінші басқышқа 

сынақсыз көшіруге шешім қабылдайды. Бұл жағдай күйі кетіп 

жүдеген шәкірттің ас-суы, ағы мол туған ауылына жетіп, ақау түс-

кен денсаулығын түзетуді ойлауға мәжбүр еткен...

Көктемгі сырқаттың шынайы сыры күзде мәлім болады: 

қайткен күнде оқуын тәмамдауды көксеп, қалаға қайтып оралған 

шәкірт семинария аудиториясын тағы да қоныс аударғандар ау-

руханасының палатасына ауыс тырады; емханада ол ауыр хал-

де, қан түкіріп айдан аса уақыт жатады. Ақыры, қан тыйылады. 

Науқасты қараған бі лік ті дәрігер С.Н. Разумов Қаныштың дер ті 

өкпе туберкулезінің ашық түрі екенін, тез арада қаладан кетпесе, 

өміріне қауіп еке нін қатаң түрде ескертеді.

Оқуға құныққан, қаланың сол күндегі дүр мек-шуына да қы-

зыққан албырт жас үшін бұл – ауыр жаза кескен сот үкімін тың-

дағанмен бірдей...



70

Медеу СӘРСЕКЕ

Күйеу баласы, жазушы Қай некей Жармағанбетовке Қ.И. Сәт-

баев  шерткен естелігінде аумалы-төкпелі күндер туралы былай 

депті:

«...Ұмытпасам, 1917 жылдың күзі. Семейдің қара суығы. Үскірік 



жел өңменіңнен өтеді. Күн еңкейіп қалған кез. Семинариядан 

елге әкетпек кі тап тарымды алып, Әбікей ағайдікіне келе жат-

қанмын. Бір айналмадан бұрыла бергенімде, өңі сарғылт, денесі 

ашаң, орта бойлы кісі қарсы кездесті де:

– Сәлемет пе, інім? Сен осы Имекеңнің баласы емеспісің? – деп 

оқыс сұрады.

– Иә, Имекең баласымын.

– Мен Сұлтанмахмұтпын. Уақытың болса, бүгін кешке пә-

теріме келіп кетші, – деп тұрағын айтты. 

– Жарайды, Махмұт аға.

Өзіме таныс татар ағайынның үйі екен. Кештеңкіреп кел-

дім. Оңаша бөлме, үстел үсті десте-десте қағаз, кітап. Сұл-

текең ескі танысындай қарсы алды. 

– Қаныш қарағым, менің оқуым көп емес. Әсіресе орысшаға 

шорқақпын. Мына кітаптың мен көрсеткен жерін оқып шы-

ғып, мәнін қазақша айтып көрші, – деді де, сырты қалың сары 

қағазбен тысталған көлем 

ді кітаптың бетін ашып, маған 

ұсынды. Асты сызылған сөздері көп екен. Көз жүгір тіп көріп 

едім, өзім де ұғына қоймадым. Екі рет оқығанда сол беттің жал-

пы сарынына түсін гендей болдым. Айта бастадым. Сұлтекең 

жа зып отыр. Екі сағаттай отырдық. Шам түтіні екеумізді 

жарыса жөтелтті. Біраз мұңдасып алдық.

Екеуміздің оңаша сұхбатымыз бұдан кейін де екі кеш қай-

таланды. Сұлтекең соңғы кеш те ас дайындатып қойыпты. Ол 

кісі ауыз үйге шығып кеткенде, құмарлық билеп, «Осы нендей 

кітап болды екен?» деп, тыстығын ашып қарасам: «Капитал. 

Критика политической экономии. Сочинение Карла Марк са, том 

пер вый. С.-Петербург...» – деген сөздерді оқыдым...»

Өмір талқысы мен кеуде дерті қат-қабат соққылап әбден ти-

тықтаған Сұлтанмахмұт ақын да жас талапқа тезірек елге қайт деп 

кеңес береді.

– Оқимын дегенің көңілді қуантады, жақсы інім. Тегінде, бұл 

біздің халықтың кешігіп қуған өнері... Сол олқыны сендей жас-

тар қаузаса игі! Тек оқу үшін денсаулық керек. Қанатсыз қы-

раннан не қайран, жапалақтай жалпылдап жер бауырлап ұшу-

дың қызығы да болмас...


71

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Екі ойлы болып, қаланы қиып кете алмай жүрген жас жігітке 

есті ағаның емеуірінмен білдірген ақылы түрткі болды. Ақыры 

елге қайтуға бел байлады.

Қазан айының орта кезі еді бұл. Ертіс өңіріне қыс сол жылы 

ерте түсіп, маң дала ұлпа қарға бөгіп, әлдебір тосын оқиға күт кен-

дей манаурап жатқан-ды...

Сол қыста Қаныш екі түрлі шаруамен шұғылданған: бірі – 

Семейден ала келген оқулықтарын жастана жатып, төртінші бас-

қыштың сабағын әзірлеу; екіншісі – екі ауылдың ересек балала-

рына әріп үйретіп, өз бетінше сабақ беру.

Кеудесін шалған ауыр дертпен күресу де – осы күнгі тән 

сауықтырудың алуан емдерімен салыстырғанда мүлдем қара-

пайым. Нұр лан Қасенұлы ақсақал осы жайында бізге былай деп 

бізге сыр шерткен-ді: «Күнде кешке, жылқы күзетіне кетерде, Би 



атам орта торсық қымызды қанжығама байлайды; торсықтың 

ішінде құмалақтай күшала дәрі мен бірге қарыстай шикі қазы, 

көбінесе со 

ның ішектен сыдырылған үлпілдегі жүреді... Ал 

таңертең әлгілердің қайда кеткенін біл мей сің. Тек қайыс боп 

қалған қазының қат ты  қыртысын ғана көресің. Осы сусынды 

Қанкежан күні бойы ішеді. Қырдың қымызы тегінде асыл дәрі, 

науқасты екі-үш айда-ақ аяғы нан тік тұрғызып, өңіне қызыл 

жүгіртті...»

ІІ

Ақпан төңкерісінде билікке ие болған Уақытша үкіметтің та-

рихтан еншілеген мерзімі түгесіліп, 1917 жылғы қазан айының 

25-жұлдызында (ескі жүйе бойынша) социалист-революцио-

нерлердің В.И. Ленин бас 

таған большевиктер партиясы саяси 

сахнаға шықты. Империя астанасында жеңіске үрдіс жеткені-

мен, большевиктер билігі Ресейдің шалғай қала, алыс уездерінде 

іле-шала орнаған жоқ: Мәскеудің өзін бірнеше тәулікке созылған 

қантөгіспен әрең дегенде тізе бүктірген; ал қазақ даласы сияқты 

алыс түкпірлерді өз құзырына қарату әлі алда болатын...

Ұлттық қозғалыстың Әлихан Бөкейханов басқарған ұйымдастыру ко-

митеті қараша айында күллі қазақ қауымына екі мәрте үн деу жолдаған. 

Соның соңғысында: «Россия іріп-шіріп жатыр, бір аяғы жерде, бір аяғы 



көрде, не болары белгісіз, ортасына ойран түсіп, түп қа зығы суырылып, 

әркім бетіне кетіп, білге нін істеуде. Біз де қазақ-қырғыз болып бірігіп қам 

қылмай отыра алмаймыз. Мұндай лайсаң заманда закон жоқ, жол жоқ, 

72

Медеу СӘРСЕКЕ



қорғалайтын пана жоқ. Әркім өзін-өзі қорғайды. Әуелі өлмеске, екінші мал-

мүл кімізді талауға бермеске, үшінші осы лаңның ішіне кірмеске күшіміз-

ді, ісі мізді сарп етуге керек. Данышпандар білі мін, азаматтар қайратын 

ұлты үшін аямай жұмсайтын орын осы...» – деген уәж Орынборда шығатын 

«Қазақ», Семейде жарық көрген «Сарыарқа» газеттері арқылы күллі дала 

тұрғындарына  таратыл ған.

Алғашқы үндеу бойынша желтоқсанның 5-12-сі күндері аралығында 

Орынбор қаласында өткен жалпықазақтық екінші құрылтайға жиналған 

қауым мән-мағынасы бүгін де де таңғаларлық тарихи қарар қабылдаған. Сол 

құжаттың ықшам нұсқасы мынау: «Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, 

Семей, Жетісу, Сырдария облыстарында, Закаспий облысының Ферғана, 

Самарқанд, Әму 

дария өңір 

леріндегі қырғыз (қазақ) уездері мен Алтай 

губерниясындағы іргелес қазақ болыстары мәдениеті бір, тарихы және 

тілі бір жұрт атанып һәм қаны бір ежелгі қазақ-қырғыз халқы жиын қо-

ныстанып бір тұтас жерге иеле ніп отырғандықтан, ұлт тық-аймақтық 

автономия құрылсын; Қазақ-қырғыз облыстарының автономиясы «Алаш» 

аталсын; автономия алған облыстардың күл лі жері – үстін дегі байлығы, 

өзен-көлі бар қазынасымен, астындағы кені – Алаш мүл кі; Алаш облыста-

рын қазіргі жүгенсіздіктен құтқару үшін «Алашорда» аталған уа қыт-

ша халықтық кеңес құрылсын. Кеңес құрамына 25 азамат сай ланады, 

10 орын қазақ-қырғыз арасында тұратын орыс және өзге халықтар 

өкілдеріне беріледі; Алашорда үкі меті қазақ-қырғыз халқының билігін өз қо-

лына алады; үкіметтің уақытша құзыр етер орны – Семей қаласы...»

Көктем шықты. Дала тынысы кеңіп, күн шуаққа кенелді. Тө-

ңірек жадырап, жасыл көкке бөленді. Өріс төлге толды, өзен-көл-

дерге құс қонды, көштерін шұбыртып он сан ауыл жайлауға бет 

түзеді.

Қыс бойы ауылында жатып тән саулығын күйт теп, әл-қуат 



жиған Қаныштың көңіл-күйі қазір жадыраған көктем шуағына 

елі гіп мерейлі шырайға ауысқан. Жабырқау кү йі тарқап, іштегі 

өксіктер ұмытыла бастаған. Жасы сол көктемде он тоғызға толды. 

Осы күнге дейін ой-санасына жиғанын, көкейіне то қы   ғанын еліне 

қайырып, жұрты күткен биіктен көрінер кезі. Соны жан-тәнімен 

сезінеді. Өзін барар жеріне жетпей, орта жолда аялдаған жолау-

шыдай көреді. Қырда жүргенімен, көңілі қала жақта. 

Бұл турасында әкесімен де шәлкем-шалыс дауы бар.

– Қалаға қайтуды қоя тұр, балам. Кеудеңдегі дерт – қа уіпті 

кесел. Үйдің күтімі керек, қыр ауасынан ұзасаң-ақ қайта жы-

ғыласың...

– Семинарияны тәмамдауым, әке, ертеңгі күннің ризығы. Одан 

бас тартсам – білгендігім қайсы? Заман да өзгерді.


73

ШЫҒАРМАЛАРЫ

– Заман сенікі, ешқайда кетпейді. Бір жылдың әрі-берісі не? 

Бойыңды күтіп, тағы бір жыл ауылда бол. Оң жақта амандығыңды 

тілеумен зарыға күтіп қалыңдығың отыр. Құйрық-бауыр же сіп, 

баталасып қойдық. Оны қалай бұзасың? Бұған да ойлан. Жайлауға 

шыққан соң тойларыңды өткіземіз. 

– Жоқ, әке, әуелі оқуымды аяқтауым керек. 

– Өкінесің түбінде, балам. Опық жейсің!

– Тым болмаса емтиханға барып келейін. Бұдан әрі кешіксем, 

біржола қалып қоямын.

 Әкесін ақыры дегеніне иліктірді. Ауылы жайлауға асқанда, 

айнымас серігі Нұрланды ертіп, Семейге аттанды. 

Облыс орталығының тірлігі, шә 

кірттің байқауынша, маза-

лы қалпынан өзгеріпті. Орталық Ресейді жаппай дендеген Қа зан 

төңкерісінің дүмпуі бұл жаққа ескі жылды жылнама есебінен 

шығарып барып же ткен. Бұрын астыртын жағдайда болған боль-

шевик топтары қаңтарда өзара бірігіп, жұмыскерлер арасын-

да  үгітті  кү   ш ей тіп,  Қы зыл  гвардия  топтарын  құрып,  ақы рында 

1918 жылғы ақ панның екісінен үшіне қараған түн де Семейде де 

Кеңес өкіметін орнатыпты. Қа лың бұқараның сол күндегі талап-

тілегін, кө кейкесті сұрауын дөп басқан бәлшебек ұран дары Ертіс 

жағасында да жолды болып, Алаш қаласының (сол жағалауға ірге 

тепкен елді ме кен былтырдан бері осылай аталып, Алашорда үкі-

меті де сонда орныққан) қалың кедейі, қасапхананың жалаңаш 

жалшылары, былғары, сабын зауыттарының жұмыс шы лары, За-

тон өзеншілері де Кеңес өкіме тіне қолдау білдірген. Кеңестендіру 

науқаны әсіресе уездерде қауырт жүріпті. Облыстық кеңес 

тің 


атқару комитетінің төрағасы Яков Шугаев Бүкілресейлік Орталық 

Атқару Комитетіне (ВЦИК) жолдаған жеделхатында сәуірдің 

20-жаңасына дейін 262 ауылдық және селолық кеңес құрылып, 

жұмыс істей бастағанын хабарлаған. Заманның саяси ахуалына 

әрі-сәрі емес шәкірттер үшін көп жайтты аңғартатын жаңалық 

бұл...


Алашорда үкіметі биліктен шетте 

ті 


ліпті. Әбікей ағасынан 

естіген ақпары Қа  ныш ты екіұдай ойға бөледі: Ресейдегі Орталық 

үкіметтің қазіргі басшысы В.И. Ленинге Әлихан Бө 

кейханов 

сенімді серіктері – Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді 

келіссөз жүргізуге аттандырған: ал Алашорданың Семей облыс-

тық комитетінің төрағасы Халел Ғаббасов 2-сә у ір күні телеграф 

арқылы Кеңес үкіметінің бодан халықтар ісі жөніндегі төтенше 



74

Медеу СӘРСЕКЕ

комиссары  И.В. Сталинмен сөйлесіп, нақтап айтқаны – Алашорда 

үкі меті Кеңес билігін мойындайды, бәлшебек тер мен тізе қосып, 

қа зақ тың ұлттық автономиясын құруға шынайы құш тар-мыс... 

Алай 


да жаңа үкіметтің адуын комиссары сол ұсынысты хош 

көрмепті. Алаш өкіліне бірден-ақ саяси күрестен бас тартып, ел 

билеу ісіне аралас пау ды талап етіпті. Жер-жердегі ахуал да со-

лай етуге еріксіз мойындатқандай: В.И. Ленин мандатымен елге 

оралған Әліби Жангелдин батыс өлкеде ұлттық әскер жасақтаған, 

Қызыл гвардия отрядтарымен күшейтілген сол жасақ Каспий 

жағалауын, Үстіртті баса жүріп Кеңес билігін орнатқан; сол 

бетінде күллі Орынбор атырабын өздеріне тә уелді еткен; күні 

кеше өктемсіген казак-орыс атамандары өзара күш қоса ал-

май, қы зылдар әскерінен күйрей жеңілген; Алашорда үкіметі 

жасақтаған екі полк атты әскер ту орталықтан жасанып келе 

жатқан күші басым жасаққа, әрине, төтеп бере алмайды... 

– Саяси ахуал күн сайын өзгеруде, сол жанталастың немен 

аяқталарын ешкім білмейді. Бір жылдан кейін жиырмаға келе-

сің, Қанышжан. Алды-артыңды байқайтын шамадасың, не істеуді 

өзің де аңдауға тиіссің. Кім болып, қай салада еңбек етіп, жиған-

терген біліміңді әжетке жаратуға ойлану керек. Алды-артымызды 

қамаған мына жағдайдан аман шығу да оңай емес, – деді Әбікей 

ағасы екеуара бас қосқан сұхбаттың соңында. – Ал біз оңбай тұ-

тылдық. Әлекең, Ахаң, Жақаң сияқты ақылгөй жақсыларымыз 

«Оян, қазақ!» ұранын көтеріп күреске шақырғанда, ұлтымыз 

үшін жан пида деп, қалыс қала алмадық. Әлбетте, ғұ мыры қысқа 

болған кешегі Уақытша үкіметтің барлық ұлттарға еркіндік деген 

әсіре үндеуіне шүбә сіз сендік. Сайып келгенде соның бәрі ән шейін 

ертек болды, не шара?! Міне, енді бір үміт, бір білек, бір тілекпен 

ұлт мүддесіне қызмет еткен қанкөйлек тұрғыластарым, мен өзім 

де кері шығар есік-тесігі жоқ бітеу қорғанға тап болдық. Сірә, қу 

тағдырдың пешенемізге жазғанын көреміз. Ұстанған бетім іздің 

оң екеніне имандай сенімдіміз: қараңғы елді сауаттандырып, 

дүние жаңалығына көзін ашып, алға шығып кеткен озық жұрт-

тардың қатарына жеткізу – еркіндікке апарар бірден-бір сара жол 

екендігіне титтей де шүбәм жоқ; амал қанша, шама-шарқымыз 

жет педі. Не деуге болады? Тегінде, тарих бізді ақтайды, тек 

қашан?.. Қапелімде ауырып қалғаның, Қанкежан, Қыдыр атаң-

ның жебеуі шығар-ау, біз омалған дүрмектен қашыққа кетке-

нің, тегінде, оңды болды. Бұған да тәубе. Денсаулығың көтерсе, 



75

ШЫҒАРМАЛАРЫ

саған әлі оқу керек. Қазіргі өнердің төресі – жоғары дәрежелі білім 

алу. Білімді болсаң – біліктісің, білегі мықты да сол!..

Бұрынғы тыңғылықты білімі, елде жатып қыс бойы жасаған 

әзірлігі де септігін тигізіп, соңғы емтиханнан Қаныш қиналмай 

өтті.

Ақыры,  арманына  қол  жетті,  семинарияны  тә  м ам   дап,  тиісті 



куәлік алды. Жа нын күйзелткен дерттің де беті әрі қарады. Кө-

ңілге қайта ұялаған көк шымшық маза бермей, ұшқыр қия лын 

тербеп, алыс қияндарға жетелейді, оқы ғысы келеді: көздеген 

жері – Сібірдің Том қа ласы, Семейге ұрымтал өнерлі шәр; онда 

университет те, институт та бар; уни вер ситетті қаласа – матема-

тика факультетіне барады; институтты таңдаса – кен инжене рі 

болып шығады, екеуі де өрісі кең мамандық...

 Алабұртқан көңілін тежейтін гәп: екеуінен де математи-

ка мен шетел тілінен емтихан тапсыру керек және гимназия 

бағдарламасы көлемінде. Есеп пәніне ынтасы жас күн інде-ақ 

жақсы болатын, осы күн ге дей ін игергені тек бастауыш мектептің 

мұға лімі білуге тиіс деңгейде ғана. Жоғары мектеп сынағына 

мардымсыз әзірлікпен бара алмайсың. Ал ше тел тілін мүлдем 

оқыған жоқ. Не істеу керек? Әкесінің тілін алып ел ге қай т қаны 

жөн шығар. Жан бағып ауылда болады. Шаңырақ көтеріп, түтін 

түтетеді. Ауыл мектебінде жас жеткіншектерді оқы тады. Бұл – 

бала күнінен көкейіне бе кем түйген арманы. Кеудесін дерт шал -

ған боз балаға бұдан өзге жол да қалмаған тә різ ді...




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал