Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет5/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

ІІІ

Әбікей Зейінұлы сол көктемде Семейдегі мұғалімдер семина-

риясынан шақыру алған: орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беру 

ұсынылыпты; еңбекақысы мұндағыдан көтеріңкі; әрі пәтер 

үймен қамтамасыз етеді... Әбең үй-ішімен, елдегі үлкендермен 

ақылдасты. Сірә, көңілі ауса керек, «Семинария – екі сыныпты 

училище емес, деңгейі жоғары оқу орны. Семей де – уездік қала 

Кереку емес, облыс орталығы. Орыс зиялылары, оқыған қазақ аза-

маттары жиын жер...» деп толғанып жүрді де, ақыры жазғы емти-

хан бітісі мен көшуге жинала бастады.

– Ал, Қанышжан, екеуміз ертең екі жаққа жүр гелі отырмыз. 

Оқу жөнін не істейтін болдың? Әлде ауылға барған соң ойланасың 

ба? Би атаң бұған не дейді? 

– Өзіңіз қандай кеңес бересіз?

– Меніңше, сенің алдыңда үш түрлі таңдау бар. Біріншісі – Омбы 

қаласы. Сәті түсіп бара қалсаң – әрине, үлкен шәр, мақтаулы оқу 

орындарының біріне түсіп кетуің хақ. Дайындығың жаман емес. 

Бірақ ол –  елден қашық, таныс кісі жоқ, қатынасқа да қиын. Би аға 

да Омбыға сені, сірә, жібере қоймас... Екінші оқу – осы Керекуде. 

Мұнда да биыл екі жылдық мұғалім дер курсы ашылғалы отыр. 

Оны бітіріп шықсаң – болыстық мектепке мұға лім боласың... – 

деп ағатайы сәл тоқтады да, – өзіңмен қатар оқыған баянауылдық 

жігіттер Сәлемхат Күленбаев, Жү сіп бек Аймауытов, Сүлеймен 

Ержанов, Жафар Әбдіхалықов, Хабиолла Барлыбаев, Пәуен Жү-



48

Медеу СӘРСЕКЕ

сіпбаевтар осы курста оқимыз десіп, өтініш берді. Өйтетін себебі 

жастары жиырманы орталаған марқа жігіттер, тезірек ку 

әлік 

алып, бас құрап, шаңырақ көтеруді ойлағандарын пәлендей деп 



сөгуге болмайды... Ал сен үшін үшінші жол – көңілің қа ласа, 

Семейдегі мұғалімдер семинариясына бару керек. Ашылғанына 

біраз жыл болды, оқытушылары өте білікті. Би аға да мен бара 

жатқан соң бұған қарсы бола қоймас...

– Өзім де осыны жөн көріп отырмын.

Онда уәде осы болсын, Семейде жолығайық...

Алайда жасы сол жылы жетпіске ілінген Имантай кенже 

баласының шалғайдағы Семейге баруын аса жарата қоймаған. 

Қаныш оқу жайында сөз бастаса естімегенсіп, әңгіме сүреңін 

басқа жайға аударады. Немесе «Бір жыл ауылда болып демалсаң 

қайтеді, мынау соғыс дақпырты да жақсы емес. Ел жайы не бола-

ды?» – деп қамыққан шырай аңғартады.

Қарт биді ойлаған қатері расқа шықты. Қыс бойы дүйім елді 

дүрліктірген соғыс өрті бір-ақ күнде, 19 шілдеде бұрқ етті. Со ның 

шарпуы іргеде тұрған Баянауыл станицасындағы халықтың улап-

шулаған күй зе лісінен-ақ танылғандай: жап-жас казак-орыстар үй 

ішімен жылап қоштасып, май данға аттанып жатыр. Қаланың халі 

қан дай десеңші, қыр елінің жайы не болады – ал егер бұл өрт тым 

созылып кетсе?..

Бұл оқиғаның жалғасын Сәтбай ауылының болашақ күйеуі 

(Раушан Әбікейқызының), қарт бимен талай мәрте мәжілістес 

болған Әлкей Хақанұлы 1969 жылы жариялаған естелігінде ег-

жей-тегжей сөз еткен:

«...Байқасам, Қанышжан не тамақ іш 

пей 

ді, не жарытып 

кісімен сөйлеспейді, бүгіліп ойға түсе бастаған, – деп есіне 

алған-ды сол жылды Имекең менімен әңгімелескенде. – Әбенмен 



ақылдасуға болмады. Ол кісі Өскемен-Жайсаң шығып кеткен. 

Бірнеше күн ойланып-толғанғаннан кейін, «қой, баланы жүдету-

ге болмас. Не де болса, бір жалғызға тапсырдым» деп тамыз айы -

ның басында Қанышты ертіп, Керекуге аттандым...»

Имекеңнің қасына айнымас қоңсылары Бапай мен Қозыбағар 

ереді. Төртеуі бір жұма жүріп,  Ертіс бойына таянғанда Қаныш:

– Әке, мен Керекуге бармай-ақ қояйын, он да барсам, оқуға 

кешігемін. Мені осы Қызылшырпыдан (қазіргі Ақсу қаласы – 

М. С.) кемеге отырғызып жіберіңіз, – дейді.



Жолаушылар Семейге баратын кеменің келуін күтіп, Қы-

зылшырпыда бір апта жатады.

49

ШЫҒАРМАЛАРЫ



– Бір күні шай ішіп отырғанда, – деді Име кең әңгімесін жал-

ғап, – келе жатқан кеменің даусы естілді. Жүрегім су ете түс ті. 

Қаныш бұдан былай жалғыз кетеді. Өртеніп тұрған соғыс өрті 

мынау, көңіл жүдеу, ел арасында ауру-сырқау көбейе бастаған. 

«Он бес жасар баланың тағдыры не болады?» деген ой кеудені 

кернеп, есімді тандырғандай. Ауылға қайтадан алып қайтуға 

болмайды. Оған баламның көнетін түрі жоқ. Бұл екі ортада 

Қозыбағар атты жегіп, жүкті артып қойған. Қанышжан ал-

дымда мөлиіп, тез шығуды өтініп тұр. Арбаға үнсіз отырып, 

кемеге келдік. Қанкежан ішке кіріп кетті, бізді кіргізбеді. Кеме 

жүруге айналды. Қа ныш жан жүгіріп шығып, бізге қолын бұлғады. 

Қасымдағы Бапай мен Қозыбағар көздерінен жас мөлтілдетіп

аман болғай деп тұр екен. Өзім де ішімнен соны айтып, елге 

қайттық...»

ҚАНАТ ҰШҚАНДА ҚАТАЯДЫ

І

Мұғалімдер семинариясы Семейдің теріскей тұсында, қаланың 

шектесетін шетіне орналасқан. Көше де Степная аталған (қазір 

Шоқан Уәлиханов атында).

Семинария үйі – сол күннің өзінде қаладағы еңселі, іші-

сырты ою-өрнектермен безенген, қақпа, шатыр жиектеріне де-

йін неше түрлі нақыштармен көркемделген екі қабат әдемі тас 

ғимараттардың бірі. Қаныш келген кезде бұл ұя шаңырақ көтер-

геніне он жылдан асып, өзіндік дәстүрі, ұстаздық үл гі-өнегесі 

қалыптасқан салиқалы білім оша 

ғы атанған кезі. Семинария-

ның оқытушылары – ағайынды Н.Н. және А.Н. Белослюдовтар, 

Н.Я. Коншин, ерлі-зайыпты Нәзипа және Нұрғали Құлжанов-

тар, Н.П. Ильинский, В.М. Морозов, Ә.З. Сәтбаев, Н. Сулима-

Грузинский, В.Н. Попов...

«Николай Николаевичтің (Белослюдов – М.С.) ақжар қын 

бейнесі алдынан өткен шәкірт тердің жадынан ешқашан ұмы-

тылмақ емес,  –  деп куәлік етеді семинарист Мұхтар Әуезов. – 

Бір ғана өз пәнін оқытумен ол тынбайды. Оның әң гімелері ой 

қозғап, қиялыңа қанат бітіретін. Бұл кісінің дүниетанымы, 

ұстаған бағытының ізгілігі мен прогрессивті көзқарасы, әсі-

ресе шәкірттеріне деген шексіз бауырмалдығы шын ниетпен 

құрметтеуге себепші болатын...»

4-0196


50

Медеу СӘРСЕКЕ

Бұл жерде әңгіме Белослюдовтардың ең  үл к ені туралы болып 

отыр. Олар төртеу еді: Ни колай, Алексей, Виктор, Федор. Төртеуі 

де жан-жақты білімін әлеумет ісіне, бұқара халықтың көзін ашуға 

жұмсаған. Сол үшін де ағайындылар жергі лікті жандармерия-

ның астыртын бақылауына түседі... Бело слю довтардың көбірек 

танылған саласы – ағарту жұмыстары, әсіресе өлкетану, архео-

логия, фольклор жинау. Замандастарының куәлігіне қарағанда, 

ағай ын дылардың Крепостная көшесіндегі (қазір гі Достоевский) 

екі қабат меншік үйін де 1906 жы лы ашылған дербес мұражайда 

төрт мыңдай мұрағат болған. Онда геология, минералогия, палеон-

тология, археология, көне заттар (қолжазбалар мен ескі кітаптар, 

сирек ұшырайтын мүліктер), этнография, нумизматика, карти-

налар мен суреттер бөлім дері жұмыс істеген. «Сібір музейлерінің 

інжуі» атан ған, Омбыда өткен бірінші Батыс Сібір көр месінде 

(1913 ж.) Кіші күміс медаль ал 

ған ағайындылардың отбасы-

лық мұражайы на Семейдің сол күндегі зиялы қауымы өзгеше 

ықыласпен қараған. «Киргиз ертегілері туралы дәріс оқымақ-



пын. Семей жұртшылығын Николай Максимович Ядринцев ардақ 

тұтқан тамаша ғалым Шоқан Шың ғысұлының еңбектерімен 

де таныстырғым келеді. Жас өрендерге ол туралы әңгімелеу – 

тамаша өнеге, көкіректеріне сәуле құяр игі іс болар еді, – депті 

Алексей Белослюдов 1915 жылдың қазанында Г.Н. Потанинге 

жолдаған хатында. – ...Семейдегі оқу орындарына дала жаста-

ры қазір көптеп келе бас тады. Олардың ішінде білімге шынайы 

құштарлар аз емес».

Семейлік өлке зерттеушінің белгілі саяхатшы Г.Н. Потанин-

ге жолдаған келесі хатынан біз қаладағы қазақ оқығандарының 

үйірме ашқанын, аптасына бір мәрте бас қосатынын, шәкірт 

жастардың соған қуана жазылғанын білеміз. «Үйірме қазақ-

тың ха лық шығармашылығы жайында материалдар жинап, 

фольклор және этнографиямен шұғылданбақ, – деді одан әрі 

А.Н. Бе лослюдов. – Ертекке жүйрік адам іздеп жүрміз. Ұқыптап 



жазып алып, орыс тіліне көркемдеп аудару, Абай Құнанбаев-

тың өлеңдерін орыс тіліне тәржімалау да бірінші кезектегі 

міндет болып тұр...»

Сапарғали БЕГАЛИН, жазушы («Қазақ әдебиеті», 10 желтоқ-

сан, 1971 ж.):

«Нәзипа жеңгей қуана қарсы алды.

– Жақсы келдің... Сауық кешіне рұқсат берілді. Соған дайын-

дық бастадық. Бүгін осы үйге біраз жастар келеді, кешті жүр -


51

ШЫҒАРМАЛАРЫ



гізу тәртібін жасаймыз. Сен де ішінде бол, – деп күлімдей тоқ-

тады. Ықтияр болып, үйдегі анадай-мынадай дайындыққа бо-

лысып, кісі лерін күттім.

Бір мезгілде семинария формасын киген екі жас жігіт келді. 

Ол екеуін өткен күзде осы үйде бір мәрте көргенмін. Бірі – ашаң 

өңді, ұзын бойлы жасөспірім. Екін шісі – домбырамен ән салатын, 

аласа, шы мыр денелі семинарист. Оларды ықы ласпен қарсы 

алған Нұрекең мен Нәзипа жеңгей:

– О, Жекей, дайындық қалай? – деді.   

 Шымыр денелі, маңдайлы, сары сұр семинарист:

– Қаныш екеуміз дайындық істеп жатырмыз, – деп жауап 

берді. Аңғармаппын, екі жігіт ауыздағы киім шешетін бөлмеге 

бір домбыра, бір мандолинді сүйеп қойыпты...»

Ерлі-зайыпты Құлжановтар әзірлеген әдеби кеш 1915 жылдың 

13 ақпаны күні Семейдің делдалдар клубында өтеді. Бұл тура-

лы «Айқап» журналы сол жылғы бесінші санында «М.М.» де-

ген бейтаныс тілшінің «Қа зақша бастапқы ойын» атты хабарын 

жариялаған: 



«...Семейдің піркәшік клубында қазақша әдебиет кеші бол-

ды. Ойнаушылар – қазақтың оқыған жастары, оқыған әйелдері. 

Ойын төрт бөлімге бөлініп, қазақтың бұ 

рыннан сауықшыл, 

өлеңші, әнші ақындары, ескі кемеңгер билердің шешендігі әр түр-

лі сөздермен тақпақтап, өлеңдетіп айтылды... Қазір ойнала-

тын «Біржан мен Сара» турасында Нұрғали Құлжанов жұртқа 

мағлұмат берді... Залдың бір жағына қолында үкілі домбырасы 

бар, торғын шапанды, ақ қамзолды, орта бойлы, дөңгелек кішкене 

қара сақалды, кәм шат бөріктің шоқпардай үкісін бұлғақтатып, 

айқайды сала ән шырқап Біржан шықты... «Бұл үйде Сара бар ма, 

шықсын бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері...» деп шырқаған 

Біржан даусын ес тіп, қасында жеті-сегіз қыздары бар, бұрала 

басып былқылдап Сара шықты... Біржан рөлін алған Жүсіпбек 

Аймауытов та, Сараның рөлін алған Тұрар ханым Қо зы бағарова 

да ойлағаннан артық шығарды...»

(Демек, Жүсіпбек те облыс орталығындағы іргелі оқу орнына 

келген. М.М-ның хабарламасы бойынша, ол сол кеште домбыра 

тартып, кейбір әншілерді мандолинмен де сүйемелдеп, бұған қоса 

надандық туралы тақпақ оқып, ақырында «Ғалия» әнін келіс тіре 

шырқап, «Бастапқы қазақша кештің» көңіл ді өтуіне айрықша 

мол үлес қосқан).


52

Медеу СӘРСЕКЕ



«...2-ойында Нәзипа Құлжанова Ыбырай Алтынсариннің 

жазды суреттеген сөзін сөйледі. Әнші Әлмағанбет «Ырғақты», 

«Татьяна», «Жарқ етпес» дейтін өлеңдерді домбыраға қосып 

айтты. Екі домбыра мен бір мандолина қосылып, ұлт күйін 

тартты. Т. Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, М. Малдыбаев (біздің 

жорамалдауымызша, «Айқап қа» басылған хабардың иесі – осы 

кісі – М. С.) декламация оқыды...» 

 

Ерлі-зайыпты Құлжановтар мұғалімдер семинариясында ұйым-



дасқан кезінен ұстаздық еткен. Нұрғали Құлжанов – Торғайда 

Ы. Алтынсарин 1864 жылы ашқан тұңғыш қазақ мектебінің 

түлегі, ал жұбайы Нәзипа Сағызбайқызы – өткен ғасырдың аяқ 

шенін 


де Қостанайдағы орыс-киргиз прогимназия 

сында оқыған 

бес қазақ қызының бірі. Прогимназияны ол аса үздік бағамен, 

бірінші оқушы атанып бітіреді де, Торғай қаласындағы қыздар 

училищесіне ұстаз-тәрбие 

шінің көмекшісі болып тағайындала-

ды. Сірә, сол қарсаңда осы жерде қызмет іс 

тей 


тін Нұрғали 

мұғаліммен кездескен. Оқыған зиялылар бірін-бірі сүйеді, бірақ 

үй болып бірден шаңырақ көтере алмайды... Оның себебін біз 

Нәзипа Сағызбайқызының Торғай облыстық губернатор кеңсе-

сіне жолдаған ресми арызынан білеміз: қазақ жолымен бейтаныс 

ауылдасына жастай атастырылғанын; кедей ата-анасының сол 

үшін қалыңмалын қайтаруға шамасы жоғын, өзінің сүй ген жігіті 

учитель Құлжановқа заңды түрде тұрмыс құруды қалайтынын 

өті ніпті Санкт-Петербург мұрағатында сақталған шағым хатында.

Неке куәлігін патша әкімдерінің қо лынан алған Құлжанов-

тар тек Торғай қаласында тұра алмаған, қиырдағы Ертіс бойы-

на жы лыстап кетуге мәжбүр болады. Өткен ғасырдың алғашқы 

жылдарында Семейде тұрақтаған ерлі-зайыптылар содан кейінгі 

өмірін туған хал қының ізбасар ұрпағының көзін ашып, жап-

пай сауаттандыру жолына жұм саған. Сол жолда жүріп Нұрғали 

Құлжанов 1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза 

тапқан. Ал Нәзипа Сағызбайқызы – 1937 жылғы, ел оқығандарын 

жап пай отаған «Қызыл қырғынның» құрбаны.

Семинария шәкiрттерiне сол жылдарда заң мен құқық пәнінен 

дәрiс оқыған оқытушының аты-жөні – өлкетанушылық еңбегімен 

оқырманға мәлім Николай Яковлевич Коншин. Ол – XIX ғасыр-

дың 90-жылдарында Петербург университетiнiң заң факуль-

тетінде оқыған білімпаз. Ертіс бойына жер аударылып келген. 

Өскемен ояз ында айдауда болып, бертінде облыс орталығында 



53

ШЫҒАРМАЛАРЫ

тұруға рұқсат алып, қа лам герлік һәм ағартушылық еңбекпен шұ-

ғыл данған.  «Мен Абай Құнанбаевпен тұң ғыш рет Коншиннің 



үйінде кездестім. Семейге келген сайын Абай Құнанбайұлы 

Николай Яковлевичке соқпай кетпейтін...» – депті семейлік 

ұстаз А.А. Брю 

 

ханов ұлы ақынның мұражайында сақтаулы 



естелігінде.  

ІІ

Қаныш келген жылы Семейде қырық мың нан астам тұрғын 

болған. Екі жүз жылда қарапайым бекіністен облыс орталығы 

атанған жасамыс қалаға айтарлықтай жетістік емес. Алайда 

өзімен қатарлас ірге тепкен Өскемен, Павлодар, Верный, Жар-

кент, Аягөз, Қапал тәрізді уездік қалалармен салыстырғанда 

көнтерімді өсу...

О күндегi Семей – Алтайдан Алатауға, Ер тiстен Есiлге дейiнгi 

орасан зор аймақты алып жатқан ұлан-ғайыр өлкенiң әкiмшi-

лiк орталығы. Алты ояз, жүзге тақау болысқа бөлінген қалың 

ел бағынатын генерал-губернатор кеңсесi де осында. Соған орай 

Ертiс жағасындағы қала ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 

беріде тез өскен, көркi де айтарлықтай келбетте. Еуропа мә нерi-

мен салынған еңселi ғимараттар, iшi ға на емес, сырты да неше 

алуан әлемiшпен безе 

нiп, орталық көшенiң екi жағында сап 

түзеп тұрады: губернатор кеңсесi, генерал шенiн дегi ұлықтың өзi 

тұратын әдемi үй, Қы тай консульствосы шығыстық сәулет өне-

рiнiң озық үлгiсiмен салынған, банк ғимараты, ер балалар мен 

қыздар гимназиясы, көпестер клубы, қалталы саудагерлердiң 

өза 

ра бәсекемен тұрғызылған, сән-салтанаты бiр-бiрiнен асқан 



дүкендерi мен тұрғын үйлерi – Сiбiр мен Қазақ даласының өзара 

түйiскен шебiнде тұрған жаңа мекеннің айрықша орнын, тари-

хи мәнiн паш еткендей. Қаланың мешiттерi мен шiркеулерi де 

өзара бой жарыстырып, бiр-бiрiнен даң қын асыру үшiн ғана емес, 

бұқара халыққа дарытар уағызы тiр шiлi гi нiң әр саласына кеңi-

рек тарату үшiн де тайталасқа түскендей. Жаңа ғасырдың басында 

осы қалада 12 мешiт, 6 шiркеу мен жебi рей халқының дiни құт-

басы – синагоганың жа рыса қызмет iстегенi облыс орталығының 

рухани ділін айқын аңғартса керек...

Ол күндегі Семей – Сібір мен Орта Азияның өзара пұл айырбас-

тап, сауда-саттық жүргізе тін шекаралық алтын қақпасы. Жаңа 

ға 


сыр 

дың екінші жылында ашылған Ай 

ырбас алаңы жұмыс 


54

Медеу СӘРСЕКЕ

істейді. Арғы жылдарда оған он бір мың түйе келіп кетеді екен. 

Он бір мың жанкешті жануар Тәшкент пен Бұхараның жібегі мен 

мейізін, Құлжа мен Шәуешектің шайы мен кәрлен ыдыс-аяғын, 

ішкі Қытайдың күміс телген неше түрлі асыл бұйымдарын Ертіс 

жағасына тасыған. Орал мен Сібір дің кәсіби шәрлері – Тобыл, 

Омбы, Ірбіт, Новониколаев (осы күнгі Новосібір), Томның темір-

терсегін, әр түрлі қолөнер заттарын, ба ғалы аң терiлерiн Орта 

Азия түкпірлеріне жеткiзетiн де осы жануарлар. Жаңа ғасырда 

тек тасымал құралы өзгердi, тауар айналымы да жүздеген есе өстi. 

Семейдің өзі де бұл кезде бірталай бұйымдар өндіреді: шегі-

рен былғарысы – жәрмеңке сөресінде бір күн жатпайтын өтімді 

пұл; қала зауыттары өзара бәсекемен күйдіретін кірпіштер бе-

ріктігімен әйгілі; даланың ділгер қажетін өтеу үшін сабын қай-

натылады; балауызы мен сырасы да шартарапқа жақсы мәлім... 

Семейге темір жол 1915 жылы тартылған. Ал пароход бір лес ті-

гі «Меркурийдің» қызметін қала тұрғындары екі ғасырдан бері 

пайдаланып келеді.

Облыс орталығының мәртебелі дақпырты мәдени-рухани дең-

гейiн де күрт көтерiп, уез дiк қалалардан көш iлгерi алға шы-

ғуына жағдай туғызған. Он бес жасар жас өс пiрiм бұл айырма-

шылықты келген бетте-ақ аңғарған. Бұдан үш жыл бұрын, Пав-

лодарды алғаш көргенде 14 мың тұрғыны бар қаласымақты ертегi 

шәрдей көрiп, аузын ашып таңырқағаны әншейiн нәрсе болып 

шықты. Нағыз өркениеттi һәм өскелең қала деп мына Семейдi 

айт! Оқу залындағы даңғарадай кең терезелер көпес үйлерiнiң 

қақпаларындай керемет үлкен. Халық үйiнiң сән-салтанаты 

қандай?! Ал кіндік тұстағы облыстық кiтапхана ше? Қаншама 

мың кiтап бар онда, журналдар ше?! Тіпті шетелдiк басылымдар 

да келiп тұрады десе дi. Тек соған көкiрегiң жетiп оқи алсаң!.. 

Шаңырақтай көзәйнек терi қушық бетiн тұтас жауып, ертелi-кеш 

кітапқа шұқшия оқып отыратын оқымыстылар бұл жаққа қай-

дан келген десеңшi. Үлкендердің айтуынша, көпшілігі – өз еркiн-

сiз келген, өкiмет ке жазалы жандар. Әрине, әлдебiр қылмысы 

үшiн. Ал газет-журналға үңілуіне қарасаң – қылмыс жасаған 

бұзақы адам деп сiрә да ойламайсың. 

...1856 жылғы жаздың жаймашуақ күн 

дерiнiң бiрiнде унтер-офицер 

Достоевский казарма үйiнен шыға бере, қақпа алдында, ат жақты, моңғол 

пiшiндi, нұрлы көзi күлiм деп, өзiне қарай жiтi адымдап келе жатқан әскери 

киiмдi қазақ жiгiтiмен ойда жоқта ұшырасып қалды. «Апырау, бұл кiм?» де-

генше, поручик жiгiт өзiн қапсыра құшты. 


55

ШЫҒАРМАЛАРЫ

– Федор Михайлович! Қымбаттым, сiздi iздеп келемiн! 

– Вали-хан! Қайдан жүрсiң? Көктен түстiң бе? Ай-ай, Вали-хан достым! 

Екеуi дабыралай сөйлеп, айдаудағы жазушының уақытша пәтерiне жет-

кенше ауыздарын жапқан жоқ. Сiрә, бiр-бiрiне айтары аз емес. Шоқан досы 

Тянь-Шаньға саяхатқа аттануға әзiрлiк жасауда екен, осы қаладан аттан-

бақ. Ыстықкөлдiң арғы-бергi жағасын түгел шарламақ. Федор Михайлович 

те жан досына осы өңiрдегi қазақтар тарихынан жиған-терген деректерiн 

мақтана көрсеттi. Қажет десе, соның бәрiн сый етпек. Өйткенi Шоқандай жас 

бiлiмпаз туған халқы жайында аса құнды этнографиялық материалдарды 

көптеп жариялап, Еуропа жұртын хабардар етуге тиiс... 

1858 жылы Семейге екiншi мәрте келге 

нiнде де Шоқан Уәлиханов 

тұтқын қамытынан босаған жазушыға қайыра кезігіп, алыстағы қатерлi 

сапарға, Қашқар елiне саяхат жасауға бiржола бекiнгенiн досына құ пиялап 

мәлiмдеген. Сол саяхатқа оны қадiр мендi П.П. Семенов-Тян-Шанский көн-

дi рiптi. Өйт кенi сол ел Еуропа тұрғынын өз ішіне кіргiзбейдi екен. Жуықта 

бiр ше телдiк ғалым сол елге жасырын барамын деп жер жастаныпты-

мыс. Ал өзі сауда керуе нiне iлесiп, Әлiмбай деген көпес тiң атын жамылып 

бармақ... Әрине, бiрiн-бiрi айрықша құрметтейтін екi дос бұл жай ында, тағы 

нендей оқиғалар турасында неше күн, неше түн әңгiме шерттi. Бәлкiм, Бұзау 

аралға барып, ұзақты күн серуен де жасаған болар-ау. Бiр жолы атқосшы 

алып, мықты аттармен Шыңғыс бөктерiне, оның түстi гiн дегi Ар қат тауына 

салт атпен еру болып қайтты. Тағы бiрде Тарбағатай бөк терiне, Аягөз өзенiне 

дейiн шарлады. 

Мiне, аурухана ірге тепкен Больничныйдан (қазiргi академик 

Павлов атындағы) бергi Крепостная көшесi. Өз дерi тұратын Үлкен 

Владимир көшесiнен те рiскейге қарай екi жүз қадам жүрсең-ақ 

сол үйге тап боласың. Рас, бұл көшеде тас төселген тротуар жоқ, 

әдейi төгіп қойғандай сусыма құм. Қаныш сол көшедегi жұпыны 

үйдi жақсы бiледi: астыңғы қабаты қызыл кiрпiш тен қаланып, 

үстiңгiсi бөренеден қиылған; Ертіс жақ бұрышында ақ мәрмәрдан 

шабылған әдемi тақта бар, онда: «1857-1859 жылдары бұл үйде 

орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрған» 

деген сөздер жазылған. Тақтаны көрген сайын Қа ныш тың қиял 

құсы шарықтап, бұдан 50-60 жыл бұрынғы оқиғалар сүреңін 

көргендей болады: әскери кителiн иығына желбегей жамылып, 

Ер 

тiстiң ұрымтал тұсындағы аралға қарай кетіп бара жат 



қан 

орыс жазушысының жүдеу бейнесін таниды; ендi бiр сәт әлгi үй 

ауласындағы ағаш сәкiде Федор Михайловичтің жанашыр досы 

Шоқанмен әңгi меле сiп отырғанын аңғарады; әрине, арман же-

тегіне түскен жас өс пірім одан әрі туған ауылына жетiп, Шоқан 

Шыңғысұлының бiр кезде тамылжыта айтып,  көңілін елеңдет-



56

Медеу СӘРСЕКЕ

кен, ертегi сияқ ты алуан хикаяттарын әңгiмелеген әкесiн көре дi... 

Орыс әдебиетiнiң кемеңгерi Достоев ский, өз әкесi жігіт күнінен 

ұстаз тұтып, пара 

са 


тты тұрпатын жүрегiнде сақтаған жүрген 

қайран Шоқан!.. Ендi, мiне, араға көп жыл салып, жазмыштың 

жазуын қараңыз, екі ұлы кездескен, бiрiн-бiрi қалтқысыз сүй iп, 

мәңгi табысқан Семейге тап болып, талай күн, талай кештi бiрге 

өткiзген ескi үйдiң қасынан тап  өзі, семинария шәкірті, сабаққа 

бара жатып та, келе жатып та күн сайын жанай өтедi... 

Семейдегi өлкетану мұражайы мен Н.В. Го 

голь атындағы 

көпшiлiк кiтапханасы 1883 жылдың күзiнде ашылған. Жа-

ғырапиялық қоғамның Семей бөлiмшесi 1878 жы 

лы ұйым-

дасып, осы өңiрдiң ескілі-жаңа тарихын жүйелi түрде зерт-

теп, сол мақсатпен кiтаптар да шығара бастапты. Көпшiлiк 

кiтапханасындағы кiтап қо ры ә баста шамалы болған, алайда 

Ресей Fылым академиясы бiр жолы 283 том ғылыми басылым-

дарын сый еткен соң-ақ империяның жер-жерiнен әр алуан 

әдебиеттер жиi-жиi түсетiн болған. Мысалы, Санкт-Петербургтiң 

табиғатты сүюшiлер қоғамы өздерi шығаратын журналдар мен 

ғылыми кiтаптарды жыл сайын жiберiп тұрыпты. Нәтижесiнде 

кітапхананың қоры күрт молайды. Қала тұрғындарының да бiлiм 

шамшырағына деген ілтипаты ерекше зор: қыр елi нен кiтап алды-

рып иә жиi келiп, бiлiм қо рынан сусындауға ынталылар да аз емес, 

солардың бiрi – Шыңғыстау қазағы Абай Құнанбайұлы. Хакім 

ақынның мұражайындағы естелiк тер дiң бiрiнде Баянауылдағы 

оқымысты замандасы Сәдуақас Мұса 

ұлы Шорманов пен Абай 

ғұла ма Семейдегi Бас мешiттiң жұма намазында танысып, осы 

кiтапхананың оқу залында табысқандығы айтылған. Демек, шал-

ғайлығына қарамай, Баянауылдың ат төбеліндей білімпаз қауы-

мы Семейдің кітап қазынасын әредік болса да рухани қажетіне 

жарата білген.

1885 жылы Ресейдiң Сiбiр атырабындағы түрмелерiн аралап, 

саяси айдалғандардың тұрмыс жағдайын көріп, нақты сипаттап 

жазу мақсатымен сапарға шыққан американ қалам герi Джордж 

Кеннан Семейге де соғып, бiр неше тәулiк шеру болған. «Сiбiр» деп 

атаған жолжазба кiтабында сол бiлгiр осы қаладан көр ген-бiлге-

нi туралы:  «Қала кiтапханасынан мен Спенсер, Бокль, Дарвин, 

Льюис, Милл, Тэн, Леббок, Тейлор, Гексли, Лапель, Тиндаль, 

Альфред, Рюссель Уэллес, Мэкензи Уэллес және Генри Мэн сэрдiң 

шығармалары мен Скотт, Диккенс, Мариэтт, Жорж Эллиот, 

Жорж Мак-Дональд, Антони Троллеттiң романдары мен хи-


57

ШЫҒАРМАЛАРЫ



каяттарын көрiп, ерекше таңғалдым. Мынадай мол қазынаны 

жия бiлген қала зиялылары осал емес, олардың рухани деңгейiнің 

биіктігін осыдан-ақ шамалауға болады. Айтылмыш тiзбенi 

көр ген кезде Семей шәрi жөнiндегi бұрынғы естiген қауесетке, 

солардың ықпалымен қа лыптасқан теріс пiкiрiм де өзгерiп, өте 

жақ сы әсерге ауысқанын мойындауға тиiс пiн…» – деген.  

Америка қаламгерiнiң сипаттап отыр ғаны – бұдан отыз жыл 

бұрынғы жағдаят. Жа ңа ғасырдың екiншi онжылдығында қа-

ла ділінің көш бойы ілгерлеп, одан да жоғары  деңгейге кө-

терілгені анық. Мұндағы оқу ұялары, гимназиялар мен кәсiптiк 

училищелердiң бiлiмдарлық деңгейі, оларда сабақ беретiн мұ-

ғалiмдердiң бiлiмпаздығы, әрине, уездiк қаладан iлкi жоға-

ры. Соның бiрi – Қаныш Сәтбаев тап бол 

ған, Семей облысы 

атырабындағы бiрден-бiр ор та дәре желi бiлiм беретiн мұғалiмдер 

семи нария сы. Дүние жаңалығын тануға құштар жасөспiрiмге сол 

жайт та өзгеше әсер еткені айқын. Бұл қарсаңда шәкірт  те өзгер-

ген: талғамы өскен, алды-артына оймен қарайды; оны енді таяқ 

тастап ойнайтын балалар арасынан сирек көресiң; мұз айдыны мен 

би алаңына да күн сайын бармайды, таңдап, талғап қатынайды… 

Шәкірт Қаныш өнер қадірін қазірде жете аңғарған, білімін қор-

ландырар құпияның да кілтін енді тапқандай. Семинарияның 

ша  ғын кiтапханасын мiсе тұтпайтын болды. Алғаш қы жылдан-

ақ көпшiлiк кiтап 

ха 


насының тұрақты оқырманына айналды. 

Ағайынды Белослюдовқа ұқсап, қолына басы артық тиын-тебен 

түссе, кiтап сатып алуға жұмсайтын болды. Тіпті соны тамағынан 

жырып та...

Кiтап оқуға құнығып жүрiп, бiр күнi, сi рә, бұл Семейге тап 

болуының үшiншi жы лы, көпшiлiк кiтапханасынан «Семей дегi 

құм жалдарының сыры» деген жұқалтаң кiтап шаға семинарист 

жігіттің көзi түстi. Авторы – профессор Владимир Афанась евич 

Обручев, Том шәрiнде 1915 жылы жарыққа шығыпты. Оқып 

көрiп едi, таң қалдыр ған ғажап дерекке кезiктi: кiтапшаның ав-

торы Ертiс жағасындағы қалада бiрнеше мәрте болыпты, 1905, 

1906 және 1909 жылдары шекара шебiндегi Жоңғар жотасы-

на саяхатқа аттанып бара жатып, әрдайым бірнеше тәулік аял-

дапты; мына ғылыми еңбекте сөз тек ол жайында емес, Семей 

тұрғындарын жаз шы ға, қыр жақтан қара дауыл тұрғанда, құм 

боратып, зықысын шығаратын табиғи апат жайында жазылған; 

шындығында олар сол кесапатпен қалай күресуді, қандай амал-

мен қала көшелерін басып қалатын құм жалдарынан құтылуды 



58

Медеу СӘРСЕКЕ

бiлмейді-міс; профессор Обручев сол құбылысты жан-жақты зерт-

теген... Fалым соны сипаттаудан бұрын қыр төскей i нен, Ертiстiң 

арғы-бергi жағасынан, Бұзау аралдан, қарағайы сыңсыған орман 

iшiнен, тiптi қала кө шесінің  әр жерiнен құм алғызып, заттық 

құрамын анықтаған. Бiрнеше жыл бақылау дан соң мынадай тұ-

жырымға келген: «Өзен арнасының үстiне келгенде дала төрi-



нен көтерiлген құм қиыршықтары ылғалды ауаға тап болып сал-

мағы ауырлайды да, бiраз бөлегi суға түсiп, ағысқа ілесіп төменге 

жөңкіліп ке теді, ал өзгесі оң жағалауға, қала кө ше ле рiне, орман 

iшiне төселедi. Бұл құбылыс мыңдаған жылдар бойы үздiксiз 

жүрген…» Құм жалдарының жаралу тегiн анықтаған ғалым сол 

апатты азайтудың да амалдарын ұсыныпты: бұл үшiн өзенмен 

жарыса түскен ұзын көшелерге жаппай тас төсеу керек, ал үйлер 

ығына, көшет ағаштардың маңына үйiлген құм жалдарын үнемі 

қала сыртына тасып, екi жа ғаға да жаппай ағаш егiп, табиғи 

қорған тұрғызу қажет… 

Жұқалтаң кiтапшадан оқыған дерек Қа ныш ты ерекше таң-

ғалдырды. Рас, сонда жазылғанның бәрі-бәрін толық түсіне 

қоймаса да, ғылыми еңбек иесiнiң профессор деген да быра атағы, 

одан да гөрi, ғұлама жанның өзi оқитын қаланың шешуi күрделi 

мәселесiмен ерiнбей шұғылданып әрі соны қара пайымдап түсiн-

дiргенi көпке дейiн ойынан кетпей қызықтырғаны анық. Демек, 

табиғаттың небір күрделi құпиясын байыппен зерттеп бiлуге бола-

ды. Ол үшiн, әлбетте, көп бiлу керек, терең бiлiммен қоса ғылыми 

көрегендiк те қажет. Өйтпейiнше табиғаттың тылсым сырын, 

өзiң дi қоршаған ортаның бап-күйiн тани алмайсың. Олай болса?.. 

Семинарияның оқу мерзімі – төрт жыл. Алғашқы жылдан-

ақ семинарист-шәкірт  Құдайға құлшылық ету пәнінен (басқа 

діндегілерге бұл міндетті емес), ұстаздық тағылым (педагоги-

ка), орыс және шіркеу-славян тіл дері, есеп, алгебра, пішіндеме 

(геометрия),  тарих, жағрафия, жаратылыстану, физика, сурет 

пен сызу, көркем жазу, ән сабағы, қосымша ғылымдарды тану 

(құқық, заң негіздері, ресми қағаздарды жазу рәсімі және бас-

қалар) сияқты түрлі ілім негіздерін жүй елі біліп, тыңғылықты 

білім алуға тиіс. Әлбетте, шәкірттің білім деңгейі көтерілген са-

йын оқу бағдарламасы күрделілене түсіп, жаңа пәндер қосыла-

ды. Жыл аяғында ауызша, жазбаша емтиханда семинаристің  

білім ді игеру деңгейі тексеріледі де, келесі басқышқа көшіру иә 

көшірмеу турасында ұстаздар алқасының шешімі қабылданады. 

Бағдарламаны толық меңгере алмаған шә кірт  тердің бір курсты 



59

ШЫҒАРМАЛАРЫ

екі жыл оқитындары да жоқ емес, оқудан шығып қалатындар 

да бар. Үздік оқығандар жыл қорытындысында мақтау қағаз 

бен сыйлық алады. Жылдан жылға өте жақсы үлгерген таң-

даулы жиырма шә 

кірт 

ке земствоның арнаулы стипен 



дия 

сы 


тағайындалады. ҚР Мем лекеттік мұрағатына көшірілген семи-

нария құжаттарының бірін де 1916 жылдың бірінші қаңтарында 

земство жәрдемін ал ған 20 шә кірттің санатында Ғабдул-Ғаний 

(құжат та солай жазылған) Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов және 

Мұхтар Әуезов есімдері қатарлас аталған.

Семейде де Қаныш үздiк оқиды. Алғаш қы екі жылда ол неме-

ре ағасының үйiнде тұрған. Семинария ғимаратына жету үшiн 

Омбы (қазiргi Ю. Гагарин атындағы), Крепостная және Больнич-

ная көшелерiн қиыстай жүрiп, Степной даңғылына түседi. 

Жаяу ға бұл едәуiр жер. Әсiресе шыжыған жазда ыстық құмды 

толарсақтан кешіп семинария үйіне жету оңай емес. Үскiрiгi бет 

қаратпас аязды күндерде иә боран түтеген қыс айларында тiптi 

қиын… 

Бәлкiм, осы жайт түрткi болды ма, әлде есейiп қалған шәкiрт 



жiгiт өз бетiмен өмiр сүрудi жөн көрдi ме (оның үстiне Әбiкей 

ағасы балалы-шағалы адам, бәрi де шиеттей жас), кiм бiлсiн, 

үшiншi жылы дербес пәтерге шығады. Ауылдастарының айт-

уынша, Мұхтар және Жекей деген достарымен қосылып, Ханиса 

есiмдi татар әйелiнiң бiр бөлмесiнде тұрған-мыс... 

Бізге мәлім бірқанша естеліктер мен ауызекі әңгімелерде фамилиясы 

көрсетілмей, Жекей есімімен ғана аталған шәкірт, ұлтымыздың біртуар 

перзенті, қаламы хас жүйрік дүлдүл қаламгері Жүсіпбек Аймауытов де-

ген жорамал айтамыз. Кеңес өкіметінің қас жауы ретінде 1931 жылы 

атылған Ж. Аймауытовтың есімін бадырайтып айта алмағандықтан, Қаныш 

Имантайұлы және өзге де естелік айтушылар марқұмды осындай лақап атау-

мен бүркемелеп көрсеткен тәрізді. «Сәтбаев» ғұмырнамасының Мәскеуде 

«Молодая гвардия» баспасының «ЖЗЛ» топтамасында 1980 жылы жарық 

көрген алғашқы басылымында мен өзім де осы амалды қолданып, төртінші 

мүшелін орталаған шағында нақақтан мерт болған сөз зергері Жүсекеңді 

ашық жаза алмай, бір әрпін ауыстырумен далдалап, Айсауытов деп көрсету-

ге мәжбүр болғанмын (қараңыз: сол басылымның 27-бетін)...

Облыс орталығына жаз айларында көш пелi цирк келiп өнер 

көрсетедi. Қала тұрғындары тегінде күрес ойындарына өзгеше 

әуес. Қыз 

ды-қыздымен сол нояндардың кейбiрi цирктiң атақ-

ты палуандарымен белдесуден тайынбайды. Мұндай жүректілер 

көбiне жүкшi, кеме айлағында жұмыс iстейтiн қазақтар арасынан 


60

Медеу СӘРСЕКЕ

шығады. Әлбетте, шәкірт жастар намыс отын қыздырар думан-

ды ортадан қалыс қалмай, қошемет білдіріп қызықтаушылардың 

жуан ортасында жүреді. Палуан атаулы Ертіс жағасындағы көкке 

шығып, Бұзау аралдағы қымызханалар алдындағы құм 

жай 

да 


күш сынасады. Сол тайталасты қызықтаушы жанкүйер топтың 

бастаушысы – тағы да Жекей. Кү реске ол ересек досы Мұхтармен 

бірге түскен. Ахмет Омарханұлы Әуезовтiң ағасы туралы естелiк 

кiтабында екi дос 

тың сол жылдарда Семейде тұрған күрес 

жаттықтырушысы Николай Николаевич Куприяновтан күрес 

тәсiл дерiн біршама уақыт арнайы үйренгенiн ескер тiптi... 

Этнографиялық үйiрме. Жоғарыда біз сөз еткен «Бастапқы 

сауық кешi». Абай Құнанбайұлының дүниеден қайтқанына он 

жыл толуына арналған өткен әдебиет кешi. Қазақтың ескi әдебиет 

нұсқаларын жинау. Абай өлеңдерiмен орыс зиялыларын таныс-

тыру... Бәрi де сол кезде Семейді қоныс еткен ат төбеліндей 

зиялы қауымның өз халқын өрге сүйреп, дүние жаңалығына 

еліктіру мақсатынан, замана көшінен кенжелеп қалмау ниетінен 

туған игі әрекеттер. Солардың қайсысы болсын қаладағы қазақ 

оқығандарының белсенді көмегін талап еткен. Бір кеште, айталық, 

ақындарды айтыстырып, «Батырларды» сайыстырып, іле-шала 

ән салып, шешендер сөзін жатқа оқу үшін қаншама актер керек? 

Кешті ұйымдастырушылар өздері ділгер болған көмекшілерді 

семинария шәкірт терінің арасынан тапқан. Солардың бірі – Қа-

ныш Сәт баев, көбіне ол мандолина тартып иә ақындар жыры-

нан үзінділер оқиды; кейде «Топай көк», «Баянауыл», «Көзімнің 

қарасы» ән 

де 


рін келістіре орындаған; ойын соңында бойшаң 

шәкірт сауыт киіп, қолына айбалта, найза ұстап, қазақтың 

этнографиялық ескі салт-үлгілерін бейнелеуге қатыс қан.

Осы топтың жуан ортасында, бәлкім, ұйымдастыру тобын-

да жасы әлi жиыр маға толмаған Мұхтар Әуезов те болған. Сол 

қарсаңда ол семинарияның үшiншi басқышының тыңдаушысы. 

Үшiншi шәкiрт – бiр өзi «әрi молда, әрi етiкшi, ағашшы, әрi ши-

майшы, әрi домбырашы, әншi болып өс кен…» (қаламгердiң «Өз 

жайымнан мағлұмат» атты ғұмырнама жазбасындағы төл сө-

зi), тұрмысы аса жүдеу тақыр кедейдiң перзенті – баянауылдық 

Жүсiпбек Аймауытов. Кедейлiк салдарынан ол Павлодардағы 

2-басқышты училищеге туған жылын жасырып жиырма екi жа-

сында түскен. Бiлiм алуға құштарлық бейнет 

қор талапкерді 

Семейге де келтiрiп, жиырма бес жасар сақа жiгiттi мұғалiмдер 

семинариясына шәкiрт еткен... 


61

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Таңғаларлық мына жайтқа мән бере қа ра ңыз: 1914-1918 жылдар ара-

лығында ескi Семейдiң Степной көшесiндегi сәулеттi ғи 

ма 

 

ратында хал-



қымыздың ұлттық мерейiн  биiкке көтерiп, дүние жүзiне таныт қан тұлғалы 

үш арысы кездесiп (Мұхтар Әуе зов бiр басқыш iлгерi оқыған) әрі бiр пә тер-

де тұрып, бiлiм дариясынан сусындаған. Бұлардың алғашқы екеуі ХХ ғасыр-

да ұлт мәдениетінің, әдебиетінің, ғылымының біртуар тұлғасы мәртебесіне 

ие болып, халқымыздың ұлы перзенттері аталмақ. Ал Жүсіпбек Аймауытов, 

амал қанша, сол дарынын толық көрсете алмай, нағыз дер шағында, қырық 

екі жасында мерт болған. 

Күресті қызықтап иә аяқдоп тебумен әуестену – мұға лім болуға 

әзір 

леніп жүрген семинария шә 



кірт 

терінің жастық желеңмен 

ойынға аң сары ауған кездегі ермегі. Ал сауық кештеріне қатысу, 

көркемөнерпаздар үйір месіне мүше болып, әдеби шығармалардан 

«Жанды ойын» көрсету, үш достың Ханиса ханумның төргі бөл-

месін басына көтере дауласып, қыстың ұзақ кештерінде жетілік 

білте шам ның сы ғырайған жарығына иық тіресе отырып, қа зақ 

өмірінен шағын драма жазып, күлкілі кө ріністер, әзіл-оспақтар 

әзірлеуін не дей міз?.. 

«...Әнге бай, ақын-жырауы, эпос, қисса, жыры мол, сал-серісі, 

бақсы-балгері де әр ауылдан шығатын өнерлі сахара Еуропа мә-

дениетінің озық үлгілерінен өзіне лайықтысын неге үйренбейді? 

Даланың марғау тір 

лік 

тен оянып, отырықшы ел атанып, 

мәдениеті ілгері, ілімі озық халықтармен терезе теңестіретін 

мезгілі жетті. Біздің болашақ мәдениетімізге Еуропаның цирк 

өнері, театры, әлденеше музыка аспаптары бір сазды қосылып 

орындайтын оркестрі, көп дауысты хоры да керек. Тіпті футбол-

шы, волейболшы, палуан спортшылар да керек. Жаппай сауат 

ашар бастауыш мектептер, тілмаштар дайындайтын курс -

тар ғана емес, терең білім беріп, салиқалы өнерге баулитын се-

минария, гимназия, кәсіби училищелер керек. Оянған қазақ өлкесі-

нің мұндай өнерге, білімге, ғылымға іңкәр болғаны қашаннан... 

Оны жаңа жағалауға бастайтын көш басшылар – мына біз дер, 

қазақтың жас оқығандары. Демек, алдағы мұрат-мақсатымыз, 

өміріміз осы жолға арналуға тиіс. Ол – ағарту жолы! Туған хал-

қыңа қалтқысыз қызмет ету. Өз бiлге нiң дi, бойыңдағы барыңды 

салып өнер жолына сүйреу!» – деген өрелі ғана емес, таңғажайып 

толғамды біз Қ.И. Сәтбаевтың күнделік дәптеріне Әлекей деген 

шәкірт ойы ретінде далдалап көрсеткен қолжазбасынан келтіріп 

отырмыз.


62

Медеу СӘРСЕКЕ

Дарқан өмiрдiң ащы-тұщысын әзірше татпаған, маңдайына 

тас тиiп, шөгiр қадалмаған, арман жетегiнде жүр ген шә кiрт тер, 

тегiнде, құрғақ қиялға малданған утопистер емес, хал-қадірiнше 

нақ ты iс пен шұғылдануды тілеген ойлы жастар. Мысалы, Мұхтар 

Әуезов сауық кеш терiнiң бағдарламасын әзiрлеумен бірге, ша-

ғын драма жазумен әуестенедi. Түпкiлiктi ойы – Халық үйiнiң 

өнерпаздар үйiр месiне репертуар әзірлеу. Семинария шәкiртiнiң 

осы жолдағы игi талабының алғашқы туындысы – 1917 жылы 

Абай ауылының жайлауы Ойқұдықта ойналған «Еңлік-Кебек» 

трагедиясының алғашқы қойылымы. Актерлері – ақын ауылы-

ның оқыған жастары.

«1916 жылғы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза 

бастадым. Алғаш жазған пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған 

соң) жарыққа шықпады, – депті Жүсіп бек Аймауытов ғұ мыр-

баяндық жазбасында. – ...«Рабиға», «Жебір болыс», «Қанапия – 

Шәрбану» – 1916-1917 жылғы жазған пьесаларым. Ең алғаш баспа 

жүзіне шыққан сөздерім – 1917 жылғы «Сарыарқада» (Семейде 

шыққан қазақ газеті – М. С.).

Ал Қаныш шәкірт нендей өнерді мұрат еткен?

Төр жайлауға ауылдың қонған кезі. Қыс бойы шаруа қамымен 

бір-біріне қатыса алмаған ағайын-жұрағат амандаса келіп, жа-

патармағай қауышып жатқан мәре-сәре мезгіл. Күн қызылиек-

теніп батып барады, төңірек түгел жайқалған көк, ауыл ірге сінде 

жалтыраған айдын көл. Кенет отау үй 

 

ле 


р 

дің бірінің алдынан 

жайлаудың саф ауасын діріл қақтырып желпігендей, маужыра-

ған табиғатты, шаруа күйлеген ауыл адамдарының назарын өзіне 

еріксіз қаратқандай сазды үн құйқылжи шығып, жан-жүйеңді 

еліте жөнеледі. Желсіз тымық кеште азан-қазан болып шулап 

жататын қотан да бүгін әсерлі саз әуеніне елтіп жым-жырт тын-

ған, қы быр еткен жан-жануар болсайшы. 

Кенет тыңдаушылардың бірі қатты да уыстап: «О, бәрекелді! 

Тусаң ту, Сәтекеңнің төрт арысы! Өнер деп осыны айтыңдар, оқы-

саңдар, осылай оқыңдар!» – деп қошемет біл ді реді. Төрт арыс 

дейтіні – өнер көрсетіп тұр ған ағайындыларға білдірген қоше-

мет: Әбі кей – гармоньда ойнаса, Әбдікәрім (Кәрім) – скрипканың 

дүлдүлі, Бөкеш – домбыраға жүй рік, ал Қаныш – мандолина мен 

ги тарды  бірдей  тартады...  Ағайындылардың  са  у ық-сайраны, 

әдетте, жұлдызды түннің бір уағына дейін созылады: ән-әуенге 

қоса қаладан көрген-білген жаңалықтарын майын тамызып әң-


63

ШЫҒАРМАЛАРЫ

гіме айтады; дауыстап Абай және ескі ақындар өлеңдерін оқиды; 

ауыл өмі рінің көлеңкелі жақтарын әжуалайтын сықақтарды ой-

нап, жиналған жұртты күл кі ге қарық қылады...

(Жылдар өтеді. Кешегі шәкірттер ерже тіп, өмір ағысына шыққан. Бірі – 

инженер, екіншісі – қаламгер. Күні кешегі арманы жүзеге асып, ұлт теат-

ры шаңырақ көтерді. Сол театрдың шымылдығын ашқан қойылымның

бірі – «Еңлік–Кебек», авторы – кешегі «Қазақша бастапқы ойынның» бел-

сенді қа ты сушысы Мұхтар Әуезов. Ал ұлт театрының алғашқы қадамын, 

табысы мен кем шілігін жанашыр көңілімен қуаныштап, әрі сәт сапар тілеп 

тебірене жазған тұңғыш сыншысы – кен инженері Қаныш Сәтбаев. «...Қа-



зақ ұлт театрының келешегіндегі жолына төменгі үш бағыт негіз бо-

луы керек деп білеміз: бірінші, театр – ел өмірінің түзу айнасы; екінші, 

театр – ел міндетінің құрулы тезі, төреші ұстазы; үшінші, театр – 

қазақтың салт-сана, күйі, сарындары сияқты мә дениет, өнер кендерінің 

терең ошағы, ұйыт қысы», – деп ой толғаған ол «Еңбекші қазақ» газетінің 

1927 жылғы 24 қаңтарда жариялаған «Қазақстанның ұлт театры» атты шолу 

мақаласында).



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал