Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет4/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

БИГЕ ШЫҚТЫ ДӨҢГЕЛЕП

І

Семейлік өлке зерттеуші Н.Я. Коншин 1901 жылы жариялаған 

«Павлодардан Қарқаралыға дейін» атты жолжазба кітабында ояз 

орталығын былайша сипаттайды: «Оқушы, өсімдік атаулыдан 



жұрдай, сар ғыш топырақты тақыр жазықты көз алдыңызға 

елестетіп көріңізші; Ертіс жағасы мұнда да ерекше тік, кей 

тұсында құлама жар болып біткен; жазықтың өзенге еңкейген 

шетінде ағаш тан қиылған жатаған баспаналар сап түзеп тұр; 

солардың ішінде еңсесі көтеріңкі, әрі көзге толымдысы – түрме 

үйі, тұрпатына қарап, оны Сарай деуге де болады... Дала өлкесінің 

барлық қалаларындағы сияқты мұнда да сүрең тіршілік: клубта-

ры бар екен – карта ойнап, кейде билеп тұратын; білімдар қа у ы-

мы өзара қоғамдасып, оқу залы мен шағын кітапхана ашыпты...»

Он жылдан соң уездік шағын қаланың қаншалықты өскенін ша-

малау қиын емес. Әрине, жылан жалағандай жалаңаш жазықтың 

жүдеу келбеті сәл-пәл өзгерген. Көшелері лас қалпында, аттылы 

бол  маса, жаяу кісі қыста қарға омбылап, көктемде толарсақтан 

саз кешіп, жазда балағымен топырақ сыпырып әрең жүреді. Жаяу 

соқпақ салу, көшеге тас төсеу – бұл қала үшін аспандағы жұлдызға 

қол созғанмен бірдей орындалмас қиял. Рас, көшелер ұзара түскен, 

кір піш үйлер кө бейіп, солардың қатарында банк, көпестер жайы, 

дел далдар клу бы тәрізді еңселі ғимараттар тұрғызылған. 

Темір жол Павлодарға жеткен жоқ-ты, ішкі қалалармен жал-

ғастыратын бірден-бір қаты нас – Ертістің сеңнен ашылған кезі: 



35

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Семей көпестері Төменге жіберетін заттарын осы шәрге үйеді; 

Орталық Ресейден, Омбы, Тобыл қалаларынан келетін жүктер 

Коряков айлағына түсіріледі; өйткені өзен нің суы азайған жыл-

дарда Семей мен Павлодар арасындағы кеме қатынасы жаз 

ортасында-ақ тоқтап қалады; сол себепті кең үйлердің ауласы, 

жар қабақтың ат шаптырым жайдақ үсті де жүк қоймаларына 

айналған. Дала түкпі рінен түйе қомымен әкелінетін жүн-жұрқа, 

мал терісі, Ертіс бойындағы казак-орыс станицалары беретін 

мол астық, Коряков көлінің аткөпір тұзы, Екібастұздың көмірі, 

Баянауылдың (Сарыадыр және басқа кеніштердің) мысы тоғысар 

жері – Керекудің биік даңғазалы кең қоймалары... Анығында, 

жергілікті кә сіпшілер қойманы көптеп салып, жалға бе  руден де 

пайда табуға машықтанған. Қолөнер кәсібі тек шамалы өркенде-

ген: бәрі де майда-шүйде ұсақ кә сіпорындар – былғары илейтін 

екі зауыт, са бын, май қайнататын, кірпіш күй діретін ша ғын 

екі өндіріс, мал соятын қасапхана бар; соңғы жылдары бұларға 

Гиссен мен Герцен нің бумен жүретін диірмендері, миллионер Оси-

повтың тұз ұнтақтайтын фабрикасы мен қаладағы ең қалталы ка-

питалист мордва Деровтың тау-кен өндірістері қосылған...

...Мың шақырымдық Ертіс қорғаныс ше бінің бекіністерін күшейту үшін 

соның ұзына бойына жеті жерден форпост (қарауыл күзетте 

рі) тұрғызу 

жобаланған, солардың бірі – 1720 жылы ірге тепкен Коряков станицасы. 

Бертіндегі жазбаларда Коряковты көпес деушілер бар. Анығында ол – Ертіс 

өңі 

рі 


не әскери міндетін өтеуге отбасымен көшірілген казак-орыстардың 

бірі, жүз дік шені болған, форпост салынған кезде ір гедегі көлден (бұрынғы 

аты – «Апай көлі», Павлодар қаласы орныққан жер де арғынның Бәсентиін 

руының Апай бұтағының атақонысы) ас тұзын өндіруді алғаш ұйымдастыр-

ған адам. Ертіс жағасынан салынған елді мекен содан беріде Коряков атанған, 

жер гілікті қазақтар оны Керекуге айналдырған. 1770 жылы Ертіс бойын 

аралаған саяхатшы ғалым П.С. Паллас бұл өңір туралы: «Ко ряков  күзеті 

тұрғызылған Ертіс жағалауы қа ты насқа өте қолайлы. Ал Коряков көлінде 

ас тұзының мыңдаған пұт сарқылмайтын мол қоры жатыр», – деп тамса-

на жазған. Тұз кеніші туралы Сібірді түбегейлі зерт теген саяхатшы Ипполит 

Завалишин де 1862 жы лы Мәскеуден шығарған «Батыс Сібірдің сипатта-

масы» атты ғылыми ең бегі нің 369-бетінде: «Коряков көлі емдік қасиетті 



ерекше тұзымен Батыс Сібірді ғана қарық қылып отыр ған жоқ. Оның 

дақпырты Орал тауының арғы бетіндегі Орынбор, Пермь губернияларының 

талай жеріне жетіп, мол тұзбен жарылқай бастады.  Көлдің тұзы ет, 

балық, кө кө ніс, саңырауқұлақты кептіруге пайдалы. Оның тұ зы сіңген 

тағам ешқашанда бұзылмайды. Көлдің ұзын тұрқы – он, ал көлденеңі – екі 

шақырым. Азиаттарға ол ертеден мәлім бол ған. Тобыл қаласы ірге көтер-

36

Медеу СӘРСЕКЕ



ген соң бұл көл орыстардың да назарын өзіне аудара бастады. 1747 жылы 

генерал-майор Киндерман осы көлді мұқият зерттетіп, үш жылдан кейін 

тұз өндіруге әмір берген. Ал одан бұ рын оның тұзын Коряковты күзетуші ка-

зактар наряд бойынша алыпты. 1812 жылға дейін тұз кеніші жалға беріліп 

келді, қазірде – Тобылдың қазына палатасының құзырында... Соңғы екі жыл 

ішінде, яғни 1857-1858 жылдары Коряков көлінен миллион пұттан астам 

ас тұзы өндірілген...» – деп барынша әспеттеп сипаттаған.

Кеме жүруге қолайлы Ертіс өзені мен дәмі ерекше тұз көлі қа-

рапайым елді мекеннің бағын ашты да, 1861 жылы небәрі 602 

тұр ғыны бар жөнең станица епті адамдардың жылпостығымен 

тіркеуден тысқары қала құқы ғын алып, сол кезде бір жастағы 

тақ мұрагері Павелдiң құр метiне Павлодар атанғаны мәлім. Же тi 

жылдан кейiн қала жаңадан ашылған уездің, ал жетпiс жылдан 

соң үлкен облыстың орталығына айналды. 

Уездiк жөнең қаланың ағарту орындары саусақпен санағандай 

аз. Өткен тарауда бiз түстеген алты оқу ұясына жаңа ғасырдың 

алғашқы он жылында екi-ақ мектеп қо сыл ғаны да жүдеу тірлік-

тен туған амал. Соның бiрi – 1909 жылы ашылған екi басқышты 

орыс-қазақ училищесi. Ол Орал тауының арғы бөктерiнен кәсіп 

қуып келiп, осы өңiрдегi тау-кен кенiштерiн шұқылаумен қал-

тасы қалыңдаған мордва алпауыты А. Деров сый еткен, Ертiс 

жағасындағы екi қабатты тас ғи маратқа орналасқан (Сол қарсаң-

да Артемий Деровтың кәсіпорны бан 

кротқа ұшырап, қалталы 

кәсіпкер Мәскеуге қоныс аударғанда, өзi тұрған екі қабат үйдi 

қазақ шаруалары мен орыс мұжықтарының жасөспірім жеткiн-

шек терiне бiлiм беруге тиiс жаңа училищеге тарту еткен). Бұл 

оқу орнына болыстық мектеп тердi тәмамдаған, оқудың бастауыш 

бағдарламасын толық өткен шә кiрт тер қабылданған. Мұнда олар 

төрт жыл оқып, осы күнгі пе да гогика колледжі деңгейінде білім 

алуға тиіс. Училищенің мұғалімдері – әртүрлі пән дер бойынша 

маманданған ұстаздар. Олардың білім дәрежесіне де ерекше талап 

қойылады. Тағы бір өзгешелігі – бір сыныпта орыс, украин, қазақ 

балалары тізе түйістіріп қатар отырады. Облыстық мектепте сауа-

тын ашып, орысша тіл сындырып келген ауыл перзенті орыс бала-

ларымен бірге жүріп тілге жаттығады.

Бұған дейінгі өмірі сайын даланың қиян шетінде өткен, үйінен 

қарға адым ұзап шықпаған Қанышқа, әрине, уездік шағын қала 

дүниенің кереметі болып көрінген. Әсіресе, жыпырлаған көп 

үйдің бір жерде жиын отырғаны. Бірде-бірінде пішен иә мал 



37

ШЫҒАРМАЛАРЫ

қора жоқ, болса да көрінбейді. Өйткені әрбір үй биік дуалмен 

қоршалған, кеш батты-ақ есік-терезелерін мықтап жауып ала-

ды. Жер жетпегендей, бір үйдің үстіне екіншісін мінгестіре тұр-

ғызғандары ғажап! Мұн дай үйлер көп емес, бірнешеу ғана. Сірә, 

ең биік әрі әдемісі – өздері тоқтаған көшедегі Гирбасов көпестің 

екі қабатты тас үйі. Шымқай қызыл кірпіштен қаланған. Ал ба-

зар алаңындағы жыпырлаған дүкендер ше?! Бір-бірімен арба-

сып, өздеріне жұтына қараған пір кәшік тері бала түгілі, үлкеннің 

өзін есінен тандырғандай. Тағы бір үлкен үйді «Айтықовтың ма-

нуфактура дү кені» дейді екен – тақтай сөресінде ақ, қызыл ала, 

көк, жасыл түсті гүлдер шегілген маталар тау-тау боп үйіліп жа-

тыр, бір-бірінен өткен әдемі. Дүкеннің ішіне ертеңгілікте бас сұға 

алмайсың. Үлкендерге ілесіп келген кезде Қаныш та барған, базар 

күні еді, сөреге тек жете алмады, топырлаған көп қаршадай ба-

ланы іп-лезде қақпа сыртына ығыстырып тастады. Осынша көп 

адам бір жерге қа лай сыяды, немен күнелтеді, қайда жатады?.. 

Бір ғажабы, бәрі әлдеқайда асығып, сің біруге мұршалары кел-

мей жүгіріп жүреді. Бір-біріне тіл қатса, айқайлап, даурығып 

сөйлейді. Мұндағы қазақтардың мінез-құлқы да бө лек сияқты: 

қыр адамының байсалды, сөйлесе қалса кеңінен толғайтын ұзақ-

сонар қалыбы жоқ; амандасулары да тым келте, көбіне бас изеп 

өте шығады.

Қанышқа осының бәрі қызық, бәрі таң: алыстан ілезде хабар 

алып, қасында отырғандай тілдестіретін телеграф үйі де; соның 

күні-түні ызыңдап ән салып тұратын, ұшар басына сым ілінген 

ба ған дары да; қара қошқыл түтіні шүйкедей шұ батылып, Ертiс 

айдынында қаздай қалқып кетiп бара жатқан иә Төмен, Омбы 

жақтан келе жатқан ақ шағала тәрiздi кемелер де; тiптi анау соқа, 

шөп шабатын машинаны жөн дей тiн ұста дүкендерi мен бумен 

жүретiн тас диiр мендер де... 



                                                                        

ІІ

Оқу басталуға екі-үш күн қалғанда Әбікей ағасы немере інісін 

училищеге апарды. Меңгерушісі Овсянников шашы едірейген, 

ұзын бойлы кісі екен. Қаныштың Ақкелін мектебін екі жылда же-

дел бітіргендігі туралы куәлігін қолына алып:

– Үздік бітіргенің бек қуантады, шәкірт Сәтбаев! – деп қарсы 

алдында монтиып тұр ған жасөспірімге барлай қарайды. – Ал, 

қане, қымбаттым, бір өлең оқып жібер.



38

Медеу СӘРСЕКЕ

Қаныш қызараңдап ағасына қарайды. Әбікей Зейінұлында үн 

жоқ, жайбарақат отыр. 

– Мұныңыз қалай, қымбаттым? Ұмытып қал дың ба? Түсінемін, 

жаз қызығы, жайлауға шыққан ауыл, кең дала...

– Қандай өлең тыңдауға ықылас етесіз, мәртебелі мырза? – 

дейді Қаныш кенет Овсянниковке жасқана қарап.

– Мені Яков Игнатьевич деп атауыңызды өтінемін. Кімнің 

шығармасын жатқа білесіз, рақым етіңіз, соны оқыңыз.

Ұстазы Григорий Васильевич үйреткендей, Қаныш қақшиып 

тұра қалып, самбырлаған ашық дауыспен:

– Русский стихотворец Федор Иванович Тютчев, «Весенняя 

гроза», – деді де, рұқсат күткендей ересектерге қарады. 

– Неге бөгелдіңіз? 

Люблю грозу в начале мая,

Когда весенний, первый гром,

Как бы резвяся и играя,

Грохочет в небе голубом...

 

Балақан мүдірген жоқ, заулата жөнелді, әр ырғаққа, тыныс 

белгісіне мән бере, мәнерлі үнмен оқыды. Әр сөзін тақ-тұқ, мәнін 

жет кізе айтады. Әлгінде қаһарлы сияқтанған меңгерушінің жүзі 

де жыли бастады.

– Алғашқы таныстық үшін жарап тұр! Ри замын, қымбаттым, 

бек ризамын!..

– Тағы кімді оқиын? Пушкинді білемін, Тур 

геневті жатқа 

оқимын. Әлбетте, түгел емес...

– Бүгінге жетер деймін. Сіз маған енді қа зіргі билеуші патша 

әкеміздің аты-жөнін айтып беріңіз.

– Жоғары мәртебелі ұлы патшамыз Николай Александрович 

Романов, бүкілресейлік өктем құқықты билеуші.

– Дұрыс, мұны да білдіңіз, – дейді Овсянников шынымен риза 

болып. – Жоғары мәртебелі ұлы патшамыздың есімін жадыңызда 

ұстауға кеңес беремін. Екінші, біздің училищеде дін сабағын 

Павлодар шіркеуінің уағызшысы Василий әкей оқытады. Әрине, 

сізге оның қатысы жоқ. Де ген мен, ескертемін: балалық жасап, 

шіркеу адамының уағызын қорлайтын әлдеқандай оғаш мінез 

көрсетпеуіңізді өтінемін. Үшін ші тілесеңіз де, тілемесеңіз де –  сіз-

ге осындағы мұсылман мешітінің бас имамы Каримов мырзаның 

діни дәрісін тыңдау парыз. Жұма күні мешітке барып тұрасыз.


39

ШЫҒАРМАЛАРЫ

– Түсінікті. Құран аяттарын да жатқа білемін.

– Олай болса, барыңыз. Училищенің дайындық курсына қа-

былдандым деп біліңіз. Үлгілі шәкірт болады деп сенемін...

Бұл мектепке ол Ақкелін болысының пан  сионатқа жіберген 

шәкірттері есебінде тіркел ген. Қаныш бірақ пансионатта жатпай-

ды, сол жылы облыстық мектептен осы училищеге мұғалім болуға 

шақырылған Әбі 

кей ағасының пәтеріне орналасады. Әке 

сінің 

қалауы солай: денсаулығы төмен баланың жүдемегені жақсы; бей-



таныс қалаға үйренгенше оған жанашыр көз керек... 

Әбікей Зейінұлы Владимир көшесіндегі татар байының 

ескі үйін жалға алған, үш бөлмелі жұпыны мекен. Соның бір 

бөлмесі Қаныштың еншісіне тиді – темір төсек, дербес үстелі 

бар. Бірақ Әбең үйіне қонақ көп келеді, көбіне ел адамдары. 

Ондай кезде шәкірт бала төсегі ғана емес, бөлмесінен де айыры-

лып қалады. Керекуде оқитын қыр балалары да бұл үйге үйір. 

Көңілдері ақжарқын, қолы ашық аға-жеңгесі Қанышқа еріп 

келген шәкірттерге: «Балалар, қарындарың ашқанда, үй дәмін 

сағынсаңдар, келіп жүріңдер!» – деуден сірә да жаңылмайды. 

Амал не, үйге сыймай, кейде  бастасып-аяқтасып жататын күндер 

де жиі болып тұрады.

Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Н.Е. АЛЕКСЕЕВТІҢ ес-

телігінен:



«...1911-1912 оқу жылының бірінші жартысында училищенің 

дайындық бөлі мінде оқыған Қаныш Сәтбаев білімге құш тар, 

ын 

талы шәкірт екенін аңғартты. Барлық пәндер бойынша 

әрдайым үздік бағалар алудан танбады. Сол себепті училищенің 

ұстаздар кеңесі екінші жартыжылдықта оны бірінші сынып-

тың келесі басқышына бірден көшіру туралы шешім қабылдады. 

Шәкірт Қ. Сәтбаев ұстаздарының сенімін ақтады. Үздік 

оқып, жазғы емтихандардан өте жақсы бағалар алды. Сөйтіп 

ол... училищенің бірінші бөлімін екі жыл оқудың орнына бір жыл-

да тәмамдады».

Әбiкей Зейiнұлы осы оқу ұясына орыс тiлiнен сабақ беруге 

шақырылған-ды. Семей 

дегi мұғалiмдер семинариясын тәмам-

дағаннан бергi екi-үш жылда ұстаздық өнер дiң бүге-шiгесiн мең-

герген жiгiт ағасы жасындағы мұғалiм, әрине, ояз орталығына тап 

болған соң өзi құралыптас әрiптес терiнен олқы түспеудi ойлап, 

өз пәнiне ықы ласты бұ рынғыдан да күшейткен. Әмбе ол жараты-



40

Медеу СӘРСЕКЕ

лысында қатаң тәр тiпке үйренген адам, мiндеттi iсiн тиянақты 

атқаруға дағдыланған. Ал бала тәрбиесi болса, қашаннан ыждаһат 

қана емес, босаңсуды, жүрдім-бардым қарауды көтер мейтiн жұ-

мыс. Сірә, содан да шығар, не мере iнiсiнiң келешек тағдырын 

өз мiн де тi не алған Әбекең Қанышқа да қатаң талап қойып, ал-

дындағы жеткiншектерден оқшауланбай, ынта-жiгерiн бiлiм дең-

гейiн көтеруге жұмсауды қадалаған. Інісі де өз қолына келген 

күннен орыс тiлiн тыңғылықты үйренуге ерекше құмартып жа-

нын сала кiрiседi. 

Көркем әдебиет кітаптарын оқуға ынтасын аңғарған Әбекең 

інісін бірде Халық үйі не ертіп барады. Бұл үй өздері тұратын кө -

шеде. Бұрын онда төменгі сатылы ауыл шаруашылық училищесі 

болған, кейіннен бұқара халық бас қосатын мәдени орынға айна-

лыпты. Жексенбі күндері мұнда көркемөнерпаздар үйірмесінің 

хоры концерт береді, кейде «Жанды ойын» қояды. Соның бәрінен 

де балаға халық үйінің кітапхана мү йісі ұнаған. Қашан барсаң да 

неше түрлі газет-журнал тігінділері үстел үстінде тізіліп тұрады. 

Тек үйге бермейді, сол жерде оқисың. Мүйістің кітап қоры көп 

емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточка-

сымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: 

Толстой, Максимов, Сервантес, Жюль Верн... Ауылда жүргенде 

қолына түс кен кітапқа мәз еді, қазір таңдап, талғап, авторларына 

қарап алады.

Сірә, әдеби шығармаларды көп оқудың әсері шығар, екінші 

жылдан бастап Қаныштың мазмұндамалары училищенің үлгі 

тақтасынан түспейтін болды: жазу үлгісі аса көркем емес, ал 

тақырыпты сипаттап, орыс тілінде қатесіз, еркін жазуы жөнінен 

училищеде онымен теңесер шәкірт некен-саяқ...

Есеп пәнін Ахметолла Ақтайұлы Барлы баев оқытады. 

– Есепсіз өмір жоқ, есепсіз адамзатқа өсу де жоқ, балалар, – деп 

бастайды ол сабағын. – Өздерің ойлаңдаршы, жеке дара алғанда 

бес иә он деген не сөз? Ешқандай мән-мағынасы, салмақ, құны 

жоқ, әншейін бір атаулар тізбегі. Мысалы, Бір, екі, үш, тіпті жүз 

дейік. Осыдан не ұқтыңдар?.. Ал енді осылардың қасына әл де-

қандай зат тіркеп айталықшы. Мысалы, үш өгіз, бес тауық, жүз 

сом делік. Немесе біз дің сыныпта он бес оқушы бар, оларға бір мұ-

ғалім сабақ беріп тұр десек? Бірден түсінікті: сан сапаға айналып, 

санамызда сыныптың көле мі, онда неше кісі отырғаны жайында 

нақтылы ұғым пайда болады...


41

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Сол жылдарда Ахметолла Ақтайұлынан дәріс алған баян-

ауылдық Пәуен Жүсіпбаевтың айтуынша, есеп пәнін ол өзінше 

даралап, оқушыларды екі топқа бөліп оқытқан: бірінші топ – 

«әлсіз дер», яғни ұғымы керенау, есепке қыры жоқтар; бұлардан 

зиялы білгірлер шыға қой мас, бірақ есептің төрт амалын білуге 

міндетті; оқытушының жігер-күші негізінен соларға жұмсала-

ды; ал екінші топ – «күш ті лер»,  есепке ынта, ұғымы зерек бала-

лар... Бұлар «әлсіз дермен» қосылып, жеңіл-желпі есеп шығарып, 

қымбат уақыттарын зая өткізбей, күр делі бағдарлама бойынша 

оқуға тиіс. Әмбе бұл топтағы шәкірттер үздік қабілет танытқан 

сайын есеп те күрделене береді. Мұны ол «Шә кірт тердің миын 

шынықтыру» деп атай ды...

Ал Николай Ермилович Алексеев – бір жосын балажан адам. 

Қашан көрмесін, кім ге болмасын, «әкебас, көкебас» деп құрақ 

ұшып елпілдеп тұрады. Қыр дәстүрін жақсы біледі, қазақшаға да 

судай. Сол себептен де қиыр шеттен келген, бұған дейін кең дала-

да еркін өскен ауыл, село балалары Николай Ермиловичке көбірек 

үйір. Үйір болатын тағы бір себебі: Алексеевтің гармонь, сырнай, 

балалайкада бірдей ойнап, орыстың, қазақтың, татардың неше 

алуан халық ән 

дер 

ін музыка бөлмесінде сыңсытып отыратын 



өнерпаз қабілеті; қалайда онымен бірге жүрсең – зерікпейсің; ең 

құрығанда ертегі айтқызып, болмаса жұмбақ айтысып отырады; 

ал оның «Кодак» фотоаппаратын сатып алғаны тіпті тамаша бол-

ды. Шәкірт атаулы түгелдей фотоәуесқой болып кетті... 

Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алек 

сеев шәкірттеріне 

ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертіс-

тің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай 

ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле 

қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп 

апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сы-

ғалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да – Николай 

Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, 

ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да 

шәкірттер тұң ғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, 

ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат бол-

са керек...  

Осы арада шегініс жасап, ғалымның жол дәптеріне түскен жаз-

баларына назар аударайық, әсілі Қаныш Имантайұлы мұндай 

естеліктерді оқта-текте, геологиялық саяхаттар кезінде бірінші 



42

Медеу СӘРСЕКЕ

жақпен баяндап, кейде бөгде бір адамның әңгімесі секілді етіп 

жазған:


«Қоңыр күз. Даланың шөбі сарғайып, тө 

ңірек реңі қуқыл 

тартқан. Ал көлге қарасаң – нағыз қыс, бүкіл жағалау жаңа 

ғана жауып өткендей аппақ қар. Дөң басында қараша киіз 

үйлер, жантайма қостар қаптап тұр. Олардың көптігі сон-

ша – құдды бір қала халқы тік көтеріле көшіп келіп, қо ныс 

теуіп жатқандай... Тұз шабу маусымы кезінде Коряков көлінде 

бір мыңнан астам жұмысшы іс тейді екен, барлығы да кә сіп із-

деп келген қыр қазақтары. Жағадағы мұз тауларының іргесінде 

белуардан жалаңаштанып, терлеп-тепшіп жұмыс істеп жүр-

ген қазақ жігіттеріне қайран қа 

лып, көлге жақындаймыз. 

Қызықты қараңыз: қар деп малданғанымыз – тұз екен. Көлдің 

ортасына дейін тақтай көпірлер жасалған. Соларды жиектей 

жүріп жүздеген кісі тұз шауып жатыр. Олардың шапқан тұзын 

жүздеген кісі тәшкемен жағаға тасып жүр. Жағадағы мұз тау-

лары да – солардың жаз бойы маңдай терін сорғалатып, зор 

бейнетімен тұрғызылған тұз үймелері болып шықты. Қан ша 

артель болса  сонша үйме. Табыстары да сол үйменің аумағына 

байланысты. Бір жылда Коряковта біржарым миллион пұт тұз 

ша былады. Оны тәшкемен тасып жағаға шығару керек, одан соң 

арбаға тиеп, Черноярдағы айлаққа жеткізеді. Неткен сор бей-

нет десеңізші! Біздің халықтың ас тұзын қасиетті санап, аса 

қастерлейтін себебін мен сол жолы ұқ тым...»

– Мынаған қараңдаршы, балалар, – дейді де, Николай Ерми-

лович қолындағы шыбықты көлге малып, олай-бұлай бұлғап жо-

ғары көтереді. Сәлден соң шыбықтың өне бойына жиналған тұз 

қабыршақтанады. – Жаратылыстану ілімінде бұл құбылысты 

кристалдану дейді. Мына тұз кені осылай түзіл ген: жазда жауған 

жаңбыр суы, қыс та түскен қардың ылғалы жердің тұзын ерітіп, 

қа нық ерітінді түзеді; күн қызуымен су буға айналып әуеге ұша 

бастағанда, тұз кристалдары қабат-қабат болып көл табанында 

шөгіп қалады...

Ұстаздар құрамы күшті десек те, ашыл ғанына небәрі екі-үш 

жыл болған төменгі сатылы оқу орнының олқылығы да аз емес-

ті: әсіресе оқу құралдарымен, қажетті аспаптармен қамтамасыз 

етілуі мүлдем жұтаң; ән-әуен, спорт жабдықтары туралы айтып 

та қажеті жоқ... Өйткені соның бәрі там-тұмдап бөлінген жетімсіз 

қаражатқа, көбіне қалталы мырзалардың рақымымен жинал-



43

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ған. Ал олар көшпелілер мен мұжықтар ұрпағына нота үйретіп, 

ән-әуенге сауатын ашудың қажеті жоқ деп есептейді. Қайсыбірі: 

«Дене шынықтыру тәрбиесінің бұлар 

ға мүл 


дем қажеті жоқ, 

дарқан өмір ол бейбақтарға бұл сабақты туған күнінен үйретіп, 

мейлінше шыңдап келеді...» – деп келемеждейді. Сол себепті 

училищенің спорт сабақтары Ертіс жағасында өтетін. Балалар 

онда ойынның екі-ақ түрімен шұ ғылданады: сол жылдары бүкіл 

Ресей жұрты әуестенген – аяқдоп (футбол) мен таяқтастамға (го-

родки) құмарлық.

Сөйтсе де кездейсоқ бір жағдай училищенің қаражаттан кі-

ріптар халін біршама түзеуге себепкер болды.

Сол қарсаңда Оңтүстік Сібір темір жолы салына бастаған. Оның 

бір тармағы Павлодарды Ақмоламен қосуға тиіс. Құрылыс бас-

қармасына машиналары мен жүктерін қоя тын қойма қажет екен. 

Соны естіген дене шы  нықтыру пәнінің оқытушысы Терентьев учи-

лище меңгерушісіне күтпеген ұсыныс жа сайды: «Бір қысқа мек-

теп ауласын жалға берейік». «Владимир Никонорович, бізден де 

гөрі аула сізге қажеттірек емес пе?» – дей ді таңданған Овсянников. 

«Әлбетте, дұ рыс айтасыз. Бірақ Ертіс аңғарындағы кең алаң не 

үшін? Сабақты сонда-ақ өткіземін». Ақы ры, солай болды. Жалдау 

ақысынан түскен қаржыға гимнастика снарядтары, шаңғы, конь-

ки, бірталай музыка аспаптары сатып алынды.

Керекудің зиялы қауымы жарқабақтың үстінен қоршау тұр-

ғызып, Ертіс арнасынан су тартып сырғанақ құятын-ды. Үлкендер 

мұз айдынына кешке таман, көбіне жексенбі күндері келеді. 

Күн діз онда жан болмайды. Іскер Терентьев мұның да қисынын 

келтірді: мұз айдынын та 

зартып тұруға міндеттенді, есесіне 

шәкірт тері тегін сырғанайды...

Коньки тебуге Қаныш та үйреніп алды. Мұз айдынға ол дене 

шынықтыру сағатында ғана емес, жексенбі күндері, кейде кеш-

ке де келеді. Әлбетте, ағасына еріп. Әбікей Зейінұлы бұл өнерге 

шәкірт кезінде әуес бол  ған, қазір ол – Керекудегі маңдайалды 

конькишілердің бірі.

Владимир Никаноровичтің тағы бір қыры ән-әуен саласында 

танылған. Кесулі сағатта, сабақ кестесі бойынша шұғылдану бір 

басқа, Терентьевтің бұл өнерге жан-тәнімен берілгені сонша-

лық – демалыс уақытын түгел дерлік училищенің ән-күй бөлме-

сінде өткізеді. Тынымсыз еңбек зая кеткен жоқ, көп ұзамай-ақ 

ішекті аспаптар оркестрі дүниеге келді...



44

Медеу СӘРСЕКЕ

Оркестр құрамында екі скрипка болған. Е. Алексеевтің куә-

лігіне қарағанда, соның бірінде Қаныш Сәтбаев ойнаған. Рас, ал-

ғашқыда ол мандолина тартуға құ мар  ланыпты. Алайда «скрип-

каның жан-жүйені шымырлатар сиқырлы үніне еліккен, музы-

калық қабілеті өзгеше шәкірт тынбай шұғылданып, ақыры 

оркес тр дің бірінші скрипкасын иеленді».

Жаз шығысымен соның бәрі сап тыйылады да, оқудан мезі 

болған, қаланың шектеулі тұрмысынан жүдеп-жадаған балалар 

ауылдарына қайтады. Қанышты алып қайтатын кісі күні бұрын 

келіп, Керекуде тосып жатады. Кенжетайын сағынған қарт әке-

нің әмі 


 

рі солай. Көбіне келетін Теңізбайдың Бапайы – қолы 

темірдей қатты, өңі суық, зор денелі адам. Ауылдағылар оны 

әлде сыйлап, әлде сескенгендіктен Бапаң дейді. Би атаның өзі де: 

«Біздің Бапаң жөпшеңді ұры-қарыға алғызбайтын жүректі, ба-

тыр кісі!» – деп көпшік қойып мадақтап отырады. Оны сы рас: төр 

жайлауға дейінгі үш күншілік ұзақ жолға шәкірт бала мен Бапаң 

ештеңеден сескенбей, екеуден-екеу шығады. Ба паң батыр ғана 

емес, біржосын сөзуар кісі. Ұзақ жолда неше алуан әңгіме айтып, 

кейде шырқата ән салып, жас серігін зеріктірмейді. «Оқуды тым 

көбейтіп барасың, Қанкежан. Бітетін күні қашан?» – деп сұрайды 

кейде ол. Шәкірт ағынан жарылып: «Әзірге бітпейді, аға, әлі де 

оқимын» десе, Бапаң кә дім гідей ренжіп: «Ойбой, Әбең ағаң құсап, 

біздің қолға түспей алысқа ұзап кетемін десеңші! Несіне арамтер 

болып, сені ерсілі-қарсылы тасып жүрмін? Қой, айналайын, осы 

жер ден қалаңа қайта ғой...» – деп, атының ба сын тежеп қалт тұра 

қалады. Шәкірт бала сенер-сенбесін білмей, жолсерігіне жаутаңдай 

қарайды, аң-таң. «Рас-ау, мен осы не үшін оқып жүрмін? – деп 

ойлайды, албырт көңілі қиял толғап, әлденеше сақ қа жү гі реді. – 

Шіркін-ай, оқуымды тезірек бітірсем! «Халық мұғалімі» деген 

куәлік алып, ауыл ға қайтсам... Төңіректегі ауылдардың балала-

рын жиып, Григорий Васильевич сияқты мектеп ашсам...» «Бапай 

аға, қорықпаңыз. Түбінде ауылға қайтып келемін. Сіз дің, Қа сен 

ағаның немерелерін оқытамын», – дейді тоқтап тұрған серігіне 

жымия қарап. «Онда жүрелік, Қанкежан. Би атаң да екі кө зі төрт 

болып жолға қарап отырған шығар...»

 «Шынында да мұғалім боламын. Әбікей ағам бізді оқытса, 

мен елдегі балалардың көзін ашамын, – деп ойын түйеді Бапаңа 

іле сіп, қояншоқыраққа көшкен шәкірт бала. – Қайда барсаң 

да көрерің – теңсіздік, қорлау, кемсіту. Оқымай, қырдағы елдің 



45

ШЫҒАРМАЛАРЫ

көзін ашпай бұдан құтылмайсың, тегінде. Мәшһүр Жү сіп атамыз: 

«Өнерге ғылым-білім болсаң же рік, Берілер ақыр бір күн басыңа 

ерік...» – деп қай заманда айтқан?! Олай болса?...»

Жасы есейіп, ақыл тоқтатып қалған шә кірт жолсыздықтың 

алуан түрлерін аяқ басқан сайын кө ріп жүр. Оған алыстан мы-

сал іздеудің қа же ті жоқ, екі басқышты училищенің өзі-ақ тең сіз -

діктің үлгісі: қаладағы мектептер дің ең сорлысы, оқу құралын 

сатып алу да әлдебір қалталының мырзалығына байланысты; 

мұғалімдерінің жалақысы да 3-басқышты қалалық училище-

нің оқытушыларынан әл де қайда кем. Өйт ке ні бұлар – семина-

ристер, ал ана мектепте уни верситет, институт бітір гендер сабақ 

береді. Ол мектептің оқушылары да «құдайдың қалаулыла-

ры» – көпестер мен мещандар мұрагерлері. Екі мектептің айыр-

масы шәкірттердің киімінен де көрініп тұр: қалалық училище-

нің ақсаусақтары бір келкі фор  ма киіп, бойларына шақтап тігіл-

ген әде мі киімдермен жарқырап жүрсе; бұлар дікі – ала-құла, 

ұсқынсыз бірдеңелер; ал ауылдан келгендердің киімі кісі кү лер-

лік – қол пыл даған сірі тон, көбінің ете гі жер сыпырғандай ұзын 

тігілген; өйт кені әлденеше қыс киюге, тон иесінің өсуіне есеп-

теп әдейі кең пішілген; көбінде бұл да жоқ – жыр тық күртелер, 

аяқтарында қонышы қол қыл да ған саптама, қайқы бас пималар...

Әбікей ағасынан теңсіздіктің себебін сұ ра са: «Оқуыңды қа-

дағала, Қанышжан, – дей ді. – Ғылым киім талғамайды, көкірегі 

ояу, ынта қойған кісіге қонады. «Бі лекті бір ді жығады, білімді 

мыңды жығады» деген сөз ді шығарма жадыңнан!..»

1914 жылдың қысында, Қаныштың соң ғы бөлімде оқып жүр-

ген кезі, халық үйінде тағы бір үйірме жұмыс істей бастады. Неше 

түрлі бал билерін үйретеді екен. Шәкірттің көңілі бұған да ауады. 

Бірақ оған қатынасу үшін жасы жетпейді, әмбе жарна төлеу ке-

рек...


Амал бар ма, ағасынан көмек сұрауға тура келді.

Әлкей МАРҒҰЛАННЫҢ естелігінен:



«Музыкамен қатар Қаныш биді де артық қадірлейтін еді. 

Краковяк, подиспан, полька, мазурка, вальс билерін сол кездегі 

қазақ жастарында Сәтпаевтардан артық ешкім билемеген. 

Соңғы жылдардың өзінде Кисловодта демалып жатқанда, 

бұл билерді Қаныш өте әдемі билеуші еді. Сондықтан Горький 

атындағы санаторийдің карнавалында бірінші жүлдені әрдайым 

оған тартатын. Қаныштың бұл өнерді жақсы көруі сонша, 

46

Медеу СӘРСЕКЕ



демалысқа барған сайын осы күнгі фокстрот, танго, хали-га-

ли, ча-ча билерін үйреніп, оларды да әдемі орындайтын. Тіпті 

бір жылы твист биін үйренуге құмартып, оның да ырғақтарын 

келістіре, тым әдемі билеп кеткені есімде».

...Осылайша жебедей зымырап үш жыл өте шықты. Он екі жа-

сында Керекуге келген шәкірт бала он беске толды. Бойы ғана емес, 

ойы да өскен. Үлкендермен жайланып отырып әңгіме шертеді. 

Сауық құрған мәжі ліс терде скрипка иә домбыра тартып, ән де 

шырқап жібереді. Оқыған кітабының оқиғасын майын тамыза 

әңгімелеп, қайыра айтып бер уі қандай?! Сөз саптауы салмақты, 

жүріс-тұрысында мол парасат бар. Ауылда жүргенде Нұрым апа-

сы өбектеп, жылы болады деп кигізіп қоятын түйе жүн күпісі 

мен сеңсең ты мағын, саптама етігін баяғыда тастаған. Қазір ол 

қалаша киінеді, қайырма жағалы, жез түймелері жарқыраған 

қара пальто, шәкірттер аса ұнататын сәнді китель, аяғында 

қисық табан қызыл етік, бұтында галифе шалбар, шекпелі кең 

көй лектің сыртынан жібек белбеу буынады, басында мақпал қа-

ра бөрік. Қатпа денесі де ширап, бойы ұзара түскен, шаш қояды. 

Ша шы бір түрлі әдемі, толқынданып тұрады.

Ой жүгіртіп сараласа, үш-ақ күндей болып зымырап өте шық-

қан үш жылда жөнең қаладан көрген-білгені, көкейіне түйгені 

аз емес. Пав лодардың басты көшесі Владимирскаяның бойында 

Митя Багаевтың (өлкетану мұражайын ұйымдастырушылардың 

бірі – М. С.) фотошеберханасы бар, Керекуге тап болған алғашқы 

жылы Қаныш соған барып суретке түскен. Ертіс жағасындағы 

тұз үйіле  тін алаңда «Заря» және бір жерде «Фурор» деп аталған 

кинематограф ашылғанда, аппақ мата керілген қабырғада түрлі 

фотобейнелердің жан біткендей би билеп, ерсілі-қарсылы жү-

гіруін ұзақ қызықтап, таң-тамаша болған-ды; базар алаңындағы 

ағаштан қи ыл   ған ауласы кең үйде Коромысловтың көшпелі цир-

кі өнер көрсететін; бір жылы көктемде соның алдындағы тақтай 

сәкіге атақты қа зақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов шығып, 

жуандығы білектей темірлерді сымша бұрап, одан соң әлденеше 

пұт кір тастарын төбесіне көтеріп, ақырында көп кісі тиелген ар-

баны тісімен сүйреп жиналған жұртты қызыққа кенелтті; Шмидт 

деген бай көпес тұрғызған «Ливадия» мейманханасының ал ды да 

кешке таман неше түрлі ән шырқалып, би биленетін ойын-сауық 

алаңына айналатын...


47

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Сірә, соның бәрінен де елікпе көңілді жасөспірім Әбікей аға-

сы мен Қамила жеңгесіне еріп зиялы қазақтардың үйіне қонақ-

қа барғанда, қала іргесіндегі «Көкжатақта» тұратын сері көңіл 

жамағайындар шаңырағындағы ойын-тойларға шақырылғанда, 

сол жылдарда атақ-дақпырты дүрілдеп Ертіс атырабына кең 

жайылған Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Ақеділ, Майра, Естай 

сияқты дүлдүл әншілерді тыңдаудан ерекше сергиді. Жан дүние-

сі рахатқа бөленіп, ұмытылмас ләззат алып, өзі де соларға қосы-

лып ән салғандай сүйсіне тыңдайтын-ды...

Сонымен, оқу жолындағы екінші бас 

қыш, тағы бір мек-

теп тәмам болды. Оны да мерзімінен бір жыл бұрын және үздік 

бағалармен бітірді. Сөйтсе де қанағатсыз жас көңіл тояттар емес. 

Бұдан да гөрі биігірек қияндарды тілегендей...




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал