Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет3/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

ІІ

Орыс патшасы қазақ елін бодан еткелі бір ғасырдан асты: ұлан-

байтақ жері міз бен мал-жанымызға пана болады дегенбіз. Жүз 

жылдық қитұрқы һәм езгілеу саясатының нәтижесінде хан мен 

билердің өктем құзырынан ада болдық, бөтен жұртқа тәуел ділік 

қамытын кидік, ақырында рухани азу   ға ұшырадық. Байырғы 

қазақ атымыз киргизға айналды, тіліміз татаршамен шұ 

бар 


-

ланып, дініміз қыспаққа түсті, ежел гі тарихымыз да тонауға 

ұшырап, өмірден өше бастады.

«Орыстандыру саясатының зардабы қа 

зақ 

тардың мұсыл-

маншылық парызын өтеу ге де кеселін тигізуде, әкімшіліктің 

рұқсатынсыз олар ешқайда тырп ете алмайтын дәрменсіз 

 

халге жетті, – делінген 1905 жылдың 26 мау сым күні Қоянды 

жәрмеңкесіне жиналушы 12767 қазақ қол қойған, Ресейдің Ми-

нистр лер  Кеңесінің  төрағасына  жолдаған  құ зыр  хатта.  – ...Сол 

себептен де мешіт салу, медресе мен мектеп ашу туралы арыз-

хаттарымыз әрдайым жауапсыз қалып келеді. Халықтың мүд-

десімен де, оның тарихи құқық тарымен де санаспай, бәрі-бәрі 

соның орыстандыру саясатының жолына құрбандыққа шалы-

нып отыр».

Жә, сонда билеуші үкімет бодан халыққа қандай қам-қарекет, 

рухани тірлік ұсынған?

XIX ғасырдың аяғында Павлодар уезінде 185787 адам тұрған, оның 

169804-і, яғни 91,4 пайызы осы өңірдің ежелгі мекендеушілері – қазақтар. 

Казак-орыстың тұрақтағаны – 9031 адам, келімсек мұжықтар – 1839, ме-

щандар – 3685 жан, яғни уездегі орыс тіл ділердің жалпы үлесі – 7,83 пайыз. 

Татар мен өзге бұратана ұлттар өкілі – 1429 адам, яки 0,76 пайыз.

Ояз орталығында сол жылдарда 14534 тұр  ғын болыпты. Әлбетте, көп-

шілігі орыс ұлты, сөйт 

се де бұл есепке бірлі-жарым қазақтар мен қала 

іргесіндегі «Көкжатақты» мекендеушілер де енген. Павлодарда сол кезде 

3-сыныпты қалалық училище, қыздардың кәсіби гимназиясы, ауыл ша-

руашылығының төменгі сатылы мектебі, бастауыш қыздар училищесі – 

жиы ны 6 оқу ұясы тұрақты жұ мыс істеген. Оларда шамасы үш-төрт жүздей 

шәкірт болған. Ояз есебіне 16 казак-орыс станицасы тіркеліпті, солардың 

үшеуінде ғана шағын шіркеу бол ған, демек, соншама приход мектебі де 

ашыл ған... Қысқасы, бүкіл уездегі 27  оқу ұясында 45 мұғалім еңбек етіп, 

осы өңірге бертінде қоныстанған халықтың 7,83 пайызын құрайтын орыс 

тілді жұрттың рухани ділін қанағаттандыруға қызмет атқар ған. Ояз ор-

талығындағы ауыл шаруашылығының төменгі сатылы мектебінде ғана он 

шақты қазақ шаруасының балалары бастауыш оқу бағдарламасы көлемінде 



26

Медеу СӘРСЕКЕ

орысша сауат ашып, көбіне жер өңдеу кәсібіне үй ренген. Билеуші өкі меттің 

бодан халықтарды сауаттандырып, дүниеге көзін ашуға ниеті болмаған, 

бұрынғыша қараңғы қалпында ұстауды көздеген. Керісінше шен-мансап үшін 

өзара таластырып қойып, молырақ қамтып пара алуды ойлаған шенеуніктер 

пиғылы үстемдік құрған...

Әлбетте, дала тұрғындары ортасынан заман ағымына ілесіп, 

балаларын Омбы, Семей, Ақмолаға апарып, мұғалім жалдаған 

қазақтар да болған. Cөйтуге тек Шорман, Айт 

бақы, Боштай, 

Сәтбай әулеті сынды әл 

ді 

л 

ердің ғана шама-шарқы, әділін 



айтқанда, ақылы жеткен. Ғасыр басында осы елдегі тұлпар руы-

нан шыққан Сұлтанәлі Жуа ныш баев мұғалім болып келіп, қазақ 

балаларын орысша оқыта бастапты. Өз ортасынан үздік шығып, 

орыс оқуын ертерек меңгерген Ахметолла Ақтайұлы Барлыбаев та 

көп жылдар ағартушылық еңбекпен шұғылданған...

Десек те, заман өзгерді. Шорман ауылында 1903 жылы қазақ 

жеткіншектерін орысша оқытатын мектеп ашылды. Ғажапты 

қараңыз: Дала халқының талап-тілегімен емес, мәртебелі гу-

бернатор кеңсесінің арнаулы жарлығымен... Осындай оқу ұясы 

Павлодар оязының тағы екі жерінде – Қараоба, Маралды болыс-

тарында шаңырақ көтерген. Келесі жылы тағы үш мектеп – 

Баянауыл, Тереңкөл, Шақшан болыстарында ашылды. Бәрінде 

де сабақ орыс тілінде жүреді, ал шәкірттері – қазақ балалары. 

Ойда жоқта аспаннан түскендей таңғаларлық қамқорлық? Кеше 

ғана емес пе еді, «Семипалатинский листок» газетінің сайқымазақ 

бір  тіл шісі нің:  «Ояздарда тұратын киргиз жақсылары Орынбор, 



Омбы және Семипалат шәрлерінде ұлт тық гимназия ашу үшін 

ақша жинапты. «Тауыққа бидай неге керек, тары тұрғанда?» 

дегендей, киргиз сорлы алдындағы бес ешкісі мен жалғыз тайын 

қасқырға жегізбей, барымтаға алғызбай аман ұстап, үйінде ты-

ныш отырса қайтеді екен?» – деп қазақ оқығандарының игі тала-

бын әжуа еткені? 

Нақ сол жылдарда Ресей халықтарының бірден-бір қамқоры 

атанған патша ағзам Екінші Николай Романов Торғай облысының 

әскери губернаторы Ломачевскийдің «Киргиздар үшін оқу орын-

дарын ашудан ешқандай пайда жоқ» деген ұсы нысына: «Келісе-

мін,  Халық  ағарту  ми нис  тр  i нiң  назарына!»  (М. Касвинов. «Двад-

цать три ступени вниз». – М., «Мысль», 1978, 136-б.) – деп нұсқау 

берген соң, кiмге өкпелеу керек? Алайда тумысынан көрсоқыр 

тоғышарларға бай Ресей заман талабына қарай бейiмделе бiлетiн 



27

ШЫҒАРМАЛАРЫ

iскер лерден де кенде емес. Бұлардың ниетi жоғарыдағы шенеу-

нiктер дiң кереғар пиғылынан сәл бөлек: «Киргиздарды ұтымды 

басқарып, өзiмiзге пайдасы тиетін қайтарымға не көмекшi ете-

мiз десек – сауаттандыру керек. Олардың ортасынан хат танитын 

адамдар әзiрлеп, шаруашылық, әкiмшiлiк жұмыстарды солар ар-

қылы жүргiзу қажет». Ал Н.И. Ильминский сияқты ағартушы-

миссионер ға лым дардың ойынша, татар, башқұрт, мордва, бурят 

және киргиз балаларын орыс әлiппесiмен сауатын ашып, орыс 

мектебiнде оқыту – православие дiнiне тартудың ең төте жолы. 

Бұл осы халықтарды рухани мұра, байырғы жазуларынан тезiрек 

ажырататын басты жедел амал деген. Яғни бәрiнiң де түп есебi – 

бұратана елдiң көзiн аз-маз ашып, соңынан сауын сиырдай мәңгi-

бақи сауу… 

Губернатор кеңсесі де осы амалды құп көрген. Сол себепті өткен 

ғасырдың соңғы жылдарында ояз орталықтарында ашылған 

арнаулы пансионаттарға әрбір болыстан екі 

ден бала жіберіп, 

орысша оқытуға жарлық еткен. Оқуға алынған шәкірттердің 

жасына бірақ қатаң шек қойған: 15-16 жастан кем болмауға тиіс 

және тек қана ер балалар... Өйткені бұл мектепті олар қысқа 

мерзімде бітіріп, бірден кеңсе қызметіне кірісуге тиіс; оқу 

бағдарламасы да болыс хатшысы, тіл мәш, іс жүргізуші сияқты 

жеңіл-желпі қызметтер атқаруға бейімделген; төрт жыл оқып, 

жасы жиырмаға келген шә кірт тің, әрине, әрі қарай оқимын деп 

басын қа тыр майтыны, тезірек үй болып, мал табуға ұмтылатыны 

ескерілген...



«Мектеп деген аты ғана, анығында бұлардың бәрі де ал-

ғашқы жылдарда ағарту орнына ешбір ұқсамайтын жөнең бас-

паналар еді. Әлдекімнің ауыз үйін де иә бұрынғы қозы үйшігінде 

қысылып-қым 

 

тырылып отырып сабақ бастадық... Алғашқы 

мектептер болыс ауыл ында ашылды. Сол себепті  ең алдымен 

мырза балалары оқыды, олардан қалған  орынға жақын маңдағы 

ауылдардан ат-көлігі бар ересек шә  кірттер қамтылды, – деп 

куәлік етеді ұс таз дық қызметін 1904 жылы Тереңкөл болысын-

да ашылған ауылдық мектепте бастаған Қа зақ   станның еңбек 

сіңірген мұғалімі Н.Е. АЛЕКСЕЕВ Павлодар облыстық өлке-

тану мұража 

йында сақтаулы естелігінде. – Сабақ орыс ті 



лін-

де жүреді. Ал шәкірттеріміз, орысша сөй леу түгілі, туғаннан 

бері тірі орыс баласын көрмеген. Оқулық атымен жоқ, негізгі 

құралымыз – орыс мектептерінің алғашқы басқыштарына ар-

28

Медеу СӘРСЕКЕ



нап шығарылған кітаптар. Иә, тағы бір екінші алданышы-

мыз – Семей, Ақмола облыстарындағы ха лық училищелерінің 

директоры әрі инспекторы А.Е. Алекторовтың қазақ балаларын 

орысша сөйлеуге жаттық тыру үшін арнайы жазған «Әліппесі» 

мен «Хрестоматиясы». Мұн 

дағы сөздердің қазақша балама-

сы орыс әріптерімен басыл ған, сондықтан әліппені меңгерген 

балаға оны оқу қиын емес. Оқу мерзімі – төрт жыл. Төрт жыл-

да біз алдымыздағы шәкіртке орыс тілі мен грамматикадан

жатқа оқу, арифметика, табиғаттану, жағ рафия, орыс тари-

хы және көркем жазу пәндерінен, яғни осы заманғы бастауыш 

мектеп бағдарламасы көлемінде білім беруге тиіс ті міз... Оқудың 

төртінші жылында шә кірт терге болыс кеңсесі шұғылданатын 

іс қағаздарын сауатты жазу үйретіледі. Қысқасы, барлық ынта, 

тәрбиеміз – тілмәш, хатшы, іс жүргізуші кадрлар әзірлеу».

Өзі тақылеттес мектептерге қарағанда Ақ келін болысындағы 

білім ұясы көнтерімді жағдайда болған. Оның себебі Мырза ауылы-

ның беделді ұрпағы Сәдуақас Шормановтың қырдағы тұңғыш 

мектепке қамқоршы болып тағайындалуында. Әлбетте, мемлекет 

қаржысымен өз ауылында ашылған тұңғыш орыс мектебіне ол 

зор ілтипатпен қараған. Бұған дәлел – ауыл-аймағын шақырып 

той өткізгендігі; сол жиында ол оқу ұясына туған інісі Біләлдің 

ізбасары Кө кен нің ағаштан қиылған, қала үлгісімен асты-үсті 

тақтайланып, еңсесі биік, терезелері әйнектелген екі бөлмелі 

отау үйін Шорман әулетінің атынан сыйға тартатындығын мәлім-

деген...


Адуын қарқынмен жылнамаға кірген жаңа ғасыр, ішкі Ресей 

мен Еуропадан құйылған қомақты қаржы иен даламыздың жер 

байлығымен қоса қойнында қозғаусыз жатқан қисапсыз мол 

пайдалы қазынасын тезірек игеруге жол ашты. Қалалар қауырт 

өсті, даланың небір алыс түкпірінде кен қазатын, оны қорытатын 

өндірістер пайда болып, соның бәрі  арзан жұмысшы күшін та-

лап етті. Мысалы, Баянауыл дуанының ие лігіндегі 37 мыс және 

10 көмір кеніштеріне негізделіп, 1860 жылы шағын болғанмен 

9 зауыт металл қорытқан. Ал 1899 жылы құрылған, Павлодар 

көпесі А.И.  

Де 

 

ров пен Киевтің қалталы байы Л.И. Бродский 



иелік еткен «Воскресен тау-кен өндіріс қоғамы» Екібастұзға Ертіс 

айлағынан темір жол тартып, 9 шахты қазып, мыс қорытатын за-

уыт тұрғызғанда, оған Баянаула мен оның тө-ңірегіндегі 9 кеніш-

тен – Көктас (Крещенский), Екітөбе (Царице-Александровский), 



29

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Елемес, Күмістөбе, Балақоянды, Жуалы, Жанғабыл (Покровский), 

Сарыадыр (Успенский) және Қазанауыз деген жерлерден кен та-

сын түйемен тасыған...

Қарқынды заман іскерлікті, орысша сауаттылықты, кеңсе қа-

ғаздарын тез жазатын  жылпос шенеуніктерді қажетсінген. Болыс 

басқарушыларының да бұрынғыдай ата даңқымен иә мал-пұлы-

мен мөрге иеленіп бармағын сүйкеуші емес, жазу-сызуға жетік бо-

луын талап етті. 

Ауылдық орыс мектептері анығында осы мақсат үшін ұйым-

дастырылған-ды...



ІІІ

Имантайдың өз шаңырағынан бұл мектепке тұңғыш қа-

тынаған түлек Бөкеш еді. Бұл – 1907 жыл. Екі жылдан соң оған 

Қа ныш та қосылады. Тоғызыншы жылы ол он жаста. Ал губер-

натор кеңсесінің «болыстық мектептерге тек қана 15-16 жастағы 

киргиз балалары қабылдансын!» деген қатаң бұй ры ғы неліктен 

ескерілмеген? Ізбасар ұрпағының жастай орысша оқып, өнер-

білімге талпынуын ойлаған Шорман ауылының иелері шәкірт жа-

сына шек қойған ережеге бертінде өздерінше «түзету» енгізген. 

Соның пайдасы кішкентай Қанышқа да тиеді. 

Жалбыраған кекілі ұйпаланып маңдайын жапқан, қоңыр көзі 

кісіге томсырая қараған, құлағы қалқиғандау, тәмпіш мұ рын, 

талдырмаш бойлы аққұба бүлдіршін ересек балалармен бірге 

дайындық бөлім 

ін 

де отыр. Әлсін-әлсін айналасына жаутаңдап 



аңтарыла қа райды, бұл жерге қалайша тап болғанына таң сияқты. 

Балалардың кішісі болғандықтан оған тағанның алдыңғысы тиген 

(әрине, ол кездегі ауылдық мектепте парта болмаған, көпшілігі 

үстелге де жарымаған). Құла тайдың құлағынан әрең көрініп, 

жұдырықтай Қаныштың мектепке келе жатқан кейпі де бір түрлі 

қызық. Қаршадай болып осынікі не азап деп жаның ашығандай...

Ақкелін мектебінде бұл қарсаңда Григорий Васильевич 

Терентьев сабақ беретін-ді. Шыққан тегі татар, бірақ жас кезінен 

Еділ бойындағы орыс арасында өсіп, православие дініне кірген, 

жоқшылық көре жүріп Қазандағы мұғалімдер семинариясын 

бітірген білімпаз азамат.

«Мұғаліміміз Григорий Васильевич тамаша кісі еді. Қазақша 

өлең айтатын, қарттармен кеңес құратын. Бірақ класқа кі-


30

Медеу СӘРСЕКЕ



рі с і   мен қазақшаны «ұмытып», тек қана орыс тілінде сөйлей-

тін,  – деп әңгімелеген ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ 1949 жы лы 

туған еліне келген сапарында күйеу баласы, жазушы Қайнекей 

Жармағамбетовке.  – Григорий Васильевич атбаз кісі болатын. 

Алғашқы жалақы 

сы 

на сатып алған, сырт тұлғасы өте көр-

кем көк аты болды. Жұрт оны «Крыша көк» дейтін. Григорий 

Васильевич атына «жат» десе – жатады; «тұр» десе – тұрады; 

«шап» десе – далаға шаба жөнеледі. Ауылдағылар соған да таң бо-

лады. «Тілсіз жануарды дегеніне көн діріп алған кісі балалардың 

орысша сөйлемеген еркіне қоя ма? Оқу бұған әбден қонған, мұның 

айтқанын бұлжытпай орындау керек», – десіп, бір-біріне мадақ 

айтқанын талай рет естігенмін».

Ересек шәкірттердің, олардың дені сол күнде үйленер межеге 

жақындаған ересек  жігіттер, аюдың қонжығынша қорбаңдаған 

кішкентай Қанышқа жаны ашып мүсіркей қарауы жыл өтпей-ақ 

сап тыйылып, көбіне бас шайқап таңырқайтын болды.

– Шәкірт Сәтбаев, тақта алдына! – дейді Григорий Васильевич.

Қаныш жан-жануарлардың суреті ілінген тақтаға келеді.

– Мынау не?

– Жеребенок.

– Дұрыс, балақан. Түсі қандай?

– Саврасый.

– Осы құлынды қасқыр жеп кетті дейік. Соны енді Имантай 

атаңа қалай айтасың? 

Бала томсырайып тұрып қалады.

– Қане, қасқырды орысша қалай айтасың?

– Білсем де айтпаймын! – деп шәкірт теріс айналады.

– Әй-әй, сірә, ұмытып қалғансың, ә?

– Потому что не мог жеребенка съесть волк. Наш Касен-ага – 

шибко смелый табунщик, не дал бы ему… 

Ересек балалар ду күледi: мына шiр кiн нiң құртақандай бо-

лып қиқарлығын қара! Терентьев қолын жайып, жас шәкiртiнiң 

ұтымды жауабына сүйсiнiс бiлдiредi. 

– Сөйтсе де, Қанышжан, мысал үшiн айтып көрсеңшi. Қане, не 

дер едiң? – деп түсiн суыта, үнiн де қатайта қайыра сұрайды. 

Қасқыр сияқты жыртқыш аңның атын атауға болмайтынын 

бiлмейтiн ұстазына Қаныш томсырая қарап: 

– Отец, саврасого жеребенка не съел хищник, потому что... 

потому что он далеко ускакал, – дейдi… 


31

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Балғын шағындағы ұмытылмас қымбат күндері жайында ға-

лым ауызекі естелігін де былай деп әңгіме шерткен: 



«Шорман  ның  не  мересі  Зында  малды  кісі  болды.  Оның  түй е     -

лері де бірталай еді. Жүні тықыр, ұзын си рақ, қара лөгі болатын. 

Тентектігі сұмдық. Әсіресе көктемде, келеге түсер кезінде, екі 

көзі от шашып, езуінен көбігі бұрқырап, құйрығын шабақтап, 

көзіне түскен жанды шайнап тастауға құлшынып тұратын. 

Көбі не ол кісендеулі болады... Біздің ауылдың ба лалары мектеп-

ке өзен бойындағы тура жолмен келуге бурадан қорқып, жар 

астымен қиғаш жүріп қатынаушы едік. Ауылға асыққан қу ба-

лалардың бірі кейде жарысып қайтуды ойлап, кенеттен «Қара 

жынды ке ліп қалды, ойбай!» деп айқай салып шаба жө нелетін. 

Біз де атымызға қамшы басамыз. Осылайша күліп-ойнап алты 

шақырым жердегі ауылға қалай жеткенімізді білмей қаламыз...»

Болыстық мектепте бір-ақ мұғалім сабақ береді. Ал сынып са-

ны – төртеу. Оның алғашқысы – дайындық бөлімі. Ауыл тірші лі-

гіне орай сабақ бір мезгілде, күндіз өтеді. Демек, соңғы сыныптағы 

ересек оқушы мен мектепке тұңғыш келген дайындық бөлімінің 

шәкірті бір бөлмеде қатар отырып сабақ оқиды. Қолайсыз жайт, 

әсіресе шәкірттер үшін: төрт жыл бойы оқитын сабағыңды бірінші 

күннен тыңдап отырасың…

Бір күні мынадай оқиға болған.

Жоғары  басқыштың  оқушыларына  ар нал    ған  тексерме  есепті 

тақтаға жазып қо  й ып, Григорий Васильевич төменгі басқыштың 

ба лаларымен сабақ бастайды. Әжептәуір күрделі есеп, «сақалды» 

шәкірттерінің оны бірер сағат мыжитынына сөз жоқ, сондықтан 

да дайындық бөлімдегілермен алаңсыз шұғылданып жатқан-ды. 

Григорий Васильевич кенет екі оқушының әлденеге келісе алмай, 

таласып отырғанын аңға рады. Құлағын салса, Қаныш пен Зында 

болыстың бозбала баласы.

– Жоқ, оның дұрыс емес,– дейді Қаныш сыбырлай сөйлеп. – 

Өзің бері қарашы, есебің екі амалмен шығады.

– Өй, сен, не былшылдап отырсың?! Сендердің есептерің – өте 

оңай. Ал біз дікі – қиын, амалы да көп болады.

– Көп болғанда шаруаң қанша? Дұрыс шықса болды емес пе, 

қисық сөйлейсің, ойлансаңшы. Мә, тезірек көшіріп ал!

– Қой, әрі, жайыңа отыр. Танауын сүрте алмай жүріп, ақыл ай-

тады, – деп намыстанған жігіт теріс қарайды.


32

Медеу СӘРСЕКЕ

Григорий Васильевич екеуінің қасына келеді. Болыс баласы 

соңғы басқышта оқиды. Қаныш болса мектепке екінші жыл ғана 

келіп жүр: есептің төрт амалын жуықта ғана үйренген; сөйтсе 

де өзінен едәуір үлкен, үйленгелі жүрген ересек жігіттен артық 

меңгерген; күрделі есепті оп-оңай шығарып қойыпты...

Осы оқиға себеп болды ма, әлде зерек шә кіртінің ерекше қабілеті 

ойландырды ма, 1911 жыл дың көктемінде Григорий Терен тьев 

Имантай биге арнайы келіп тосын әңгіме бастайды.



– Мына балаңыз, би, зерек қана емес, ту ма дарын, жаратылы-

сы бөлек жан, вить. Име ке абзи, Қанышты қалада оқыту керек! – 

дейді.

– Жагор шырақ, әуелі сенің оқуыңды тауыссын да. Әлі екі жыл 



оқуы керек...

– Тауысты деп есептеңіз, ақсақал. Менің Қанышқа берерім ша-

малы. Білгенімді беріп болдым, вить.

– Апырай, көп-көрім оқуың бар сықылды еді, шынымен түге-

сіп қойдың ба?..

– Бәлкім, таусылмаған да шығар. Бірақ, абзи, ұстаздық тә-

жірибем айтады: зерек баланы болыстық мектепте ұзақ ұс-

тау – болашағына обал... Қазірдің өзінде ол орысша жап-жақсы 

сөйлейді. Кем-кетігі болса қалада түзеп алады. Ең бастысы, оқуға 

зейіні, ынтасы керемет! Имеке абзи, Қаныш балақанның болысқа 

хатшы болғанын мен қаламаймын. Сiз ақылды адамсыз, баланың 

бағын байлап, ауылда ұстамаңыз, абзи! Жас күнiнде оқып алса 

әйбат болады, вить!.. 

– Япырай, Жагор шырақ, мұның ендi мен үшін оңай шаруа 

емес... 


Терентьев сабақтан бос уақытын өзi тұратын болыс мекенiнен 

де гөрi Сәтбай ауылын да өткiзетiн-дi: Мырза ауылы қашаннан 

ос-падар қылығымен атағы шыққан, небiр оғаш қылыққа үйiр, 

кiшiлерiне дейiн соны мақтан көретiн кердең жандар; дәрежесi 

тең кiсi болмаса – өзiндей жалғыз-жалқы нашармен сөйлес пей-

дi. Ал Сәтбай қажының күллі жұрағатының рәсiмi бөлектірек: 

ешқашан да қыдырма қонақтан бос болмайды; Сiбiрден қашып 

ке ле жатқан шеркес, шешен, үңгiштер де, атасы басқа жарлы-

жақыбайлар да бұл ауылда айлап жа тып, әл жияды, кейбiрi тiптi 

ат мiнiп аттанып жатады... Олардың өнерге де құр метi өзгеше: 

оқу-бiлiмге үйiр, ауыл-аймағымен аңшы; жүйрiк ат ұстайды

қыран құс тың да неше түрiн асырайды. Са уықшыл ғұрыптары 

қандай!.. 


33

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Григорий Терентьевтің өзі де мұндай өнер ден құралақан емес. 

Қолы босаса-ақ осы ауылға келіп, ителгі, қаршыға сал ған құсбегі 

жігіттердің қасында болады. Дү ниетанымы терең ауыл ағасымен 

де қона жатып әңгіме-дүкен құрады. Балаларының сүйікті ұстазы, 

мінезі биязы татар жігітінің ауылында жиі болуын Имекең де 

жек көр 


мейді. «Жанассаң жақсымен жанас. Әңгімелессең – 

жаның жадырайды әрі өнегесі жұғады» деген сөзді кексе би, әсілі, 

осындай өнерлі кісілерге балап айтқан.

Сол жылы Имантайдың жасы алпыстың ал тауына шыққан. 

Төрінен көрі жуық шамада. Зарығып, сағынып керген үш қарғасы 

желкілдей өсіп, жетіліп келеді. Өмір заңына не шара, екі ұлдың 

алдындағы Қазизасы жат жұртқа жаралған бала, енді бірер жыл-

да құтты орнына қонады. Ал мына егіз қозыдай екі ұлы?.. Екеуі 

де, еркіне жіберсе, қа ла асып, ұзағырақ оқуды тілегендей. Оқыған 

інілері де сөйткенін жөн көреді. Бірақ?.. Иә, бұл туралы ойлай 

бастаса-ақ қарт бидің жү регі сыздап, ет-бауыры езіледі: екеуін де 

тезірек аяқтандырып немере сүюді қалаған көңілі пендешілікке 

де бұрғандай. Құлазыған көңілге кім демеу, дәтке қуат не? Бөкеші 

ересек, мінезі алғыр, өмірге танымы бар. Ал Қанкежаны?.. Тірі 

пенденің момыны, ерекше жуас. Денсаулығы да жақсы емес, терісі 

сүйегіне жабысқан қатпа бала. Бейтаныс қалада бір күні ауырып 

қалса?.. Көз алдынан таса ға, жат қалаға оқуға жіберіп, ауылда өзі 

қайтіп отырады? Көктемде он екіге толды, ес біл мейтін әңгүдік 

шағы емес пе, тәйірі?..

Алайда оқытпай болмайды. Жагордың ақылы көңілге қонады. 

Дені сау болып, тірі жүрсе, бұл баласының бір биіктен көрінерін 

жүрегі сезеді. Жүріс-тұрысы, сөз саптауы, ақыл деңгейі, оқуға 

ынтасы – еріксіз мойындатқандай.

Жазғы демалысқа келгенде Қанышты қа лада оқыту жайында 

Әбікей де айтатын бол ды. Бұл кезде ол Керекуге ұрымтал жерде, 

Ертіс бойындағы мектепте бала оқытатын.

– Қанкежанның ендігі тәрбиесін маған жүктеңіз, би аға. 

Оқуына өзім басшы боламын, – деп ол да қолқа салып отыр.

Жаз бойы әрқилы толқуда болған әке кө ңілі ақы ры осы уәжге 

тоқтады: Бөкеш қолында қалады, үйленіп өзіне қолғанат бола-

ды; ал Қа ныш бақталайына жазғанын байқап көр сін. Тек алысқа 

емес, Керекуге барады.

...Тамылжыған жаздың соңғы күндерінің бірінде Шідерті 

өзенінің жағасында, жайлауда отырған Сәтбай ауылынан пар 

ат жеккен, соңында бір топ салт атты ілескен жеңіл арба Ертісті 

3-0196


34

Медеу СӘРСЕКЕ

бетке ұстап жолға шықты. Делбеде Бапай палуан, жолаушысы – 

әкелі-балалы Сәтбаевтар. Бөкеш, Нұр лан бас таған саяқ жігіттер 

бұларды күншілік жерге ұзатып салып, ұзақ қоштасып, Қанышты 

қай та-қайта бетінен сүйіп кейін қайтты. Қос ат сар желіске түсті. 

Қалаға асыққан балаға солар аяңдап келе жатқан сияқты: алып 

ұшқан көңілі елегізіп, алабұртқан жүрегі де өзгеше дүрсілдеп 

дегбірсізденіп келеді; «Қашан, қашан жетеміз? Неғылған ұзақ 

жол?!.» деп қобалжығандай. Қобалжыған сайын делебесі қозып, 

сағым ойнаған ұшы-қиырсыз иен жазыққа жабырқай қарайды. 

Амал не, асыға күткен қала жуық маңда жеткізер емес...

Үшінші күннің кешінде жолаушылар қала оттарын көреді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал