Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет2/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

ІІІ

Әлиманың денсаулығы ораудан тұрып, жай лауға шыққан соң 

да оңала қоймаған. Әлбетте, дiмкәс ананың омырауы нәрестенi жа-

рыта алмаған. Балпаңдай толық, ұзара өскен қарын шашы қалың, 

басы бақырдай үл кен, көзiн аша алмай, жарыққа сығырая қараған 

қызылшақа нәрестенi тұңғыш рет жерден көтеріп, кiндiгiн кескен 

Кiшi ауылдың байырғы қоңсысы, жылқышы Қасеннiң келiншегi 

Мейiз деген мейірманды кiсi екен. Ауыл иесінің айтуымен сол ана 

омыраудағы өз пер зентi нiң аузынан жырып, кiшкентай Қанышты 

да  емiз ген-міс. 

Әкесi кексе, шешесi саркiдiр тартқан шағында жарық дүниеге 

келген сәби, әрине,  бүкіл ауылдың еркетотай сүйiктiсi болған. 

Шыр еткен дыбысы шықса-ақ қолдан-қолға көшiп, үл кен-кiшi 

жабыла өбектеп, есi қалмай күтеді. Әсiр есе анасы. «Өз шешемдi 



жете бiл мей мiн, есімде сақталмаған. Үлкендердiң айтуынша, 

керемет балажан кiсi болыпты. Әсiресе «Кенжетайым» деп менi 

ерекше жақсы көрген. Алдында жатып ұйықтап қалсам – оянып 

кетедi деп тырп етпей, қол-аяғы ұйығанын елең қылмай отыра 

бередi екен…» – деп сыр шерткен бертінде балаларына Қаныштың 

өзi. 


Сәтбай ауылының өткен ғасырдың 80-жылдарына дейiн өмiр 

сүрген есті егделерiнің жадында Әлима жайында бірлі-жарым 

айғақтар сақталған: ойлау қабiле тi өте күштi, сөзге ұста болып-

ты және орайын тауып сөйлеген; әсіресе ертек пен ескi жырларды 

сүйсіне шырқаған; жұмбақ, жаңылт паш айтқанда қарсыластарын 


13

ШЫҒАРМАЛАРЫ

көп бiлетiндiгiмен, тапқырлығымен жеңеді екен. Ақ жеңешенiң 

ауылдастарына өз жанынан шығарып айт қан көп жұмбағының 

біреуі мынау: «Алыстан қара көр інді, қарайғанмен қара емес, 

қампайғанмен бөрi емес; арқасында азық көп, ірiмшiк емес, құрт 

емес, сары май емес, жент емес; жерге түстi, iн қазды, қарны 

өстi, сыздады, тиген жерi қызарды; бұл не?..» Қапелімде ешкім 

шеше алмайды, әлде өтірік білмегенсиді. Имекең нің кіші қосағы 

кенет жайраңдай күліп, іргені нұсқап: «Әне, бүйі кетіп барады, 

біреуің өлтіре салыңдаршы!» – деп жұмбағын өзі шешіп, жұртты 

күлдіреді екен.

Бергі жылдардағы сұхбат үстінде ғалым туған анасынан гөрі 

үлкен шешесі Нұрымды көбірек есіне алған. Нұрым бәйбіше 

ақсақалының кіші әйелінен туған балаларына ғана емес, барша 

ауыл-аймаққа мінезі жайлы, ешқашанда қа бақ шытуды білмейтін 

сабырлы, сонысымен де үлкен-кішіге сыйлы, қолы ашық, мей і -

рімді кісі болған. Ауылдастары оны «Нұр апа» атандырып, ерек-

ше құр меттеген. Әлимаға да сал қын қабақ көрсетпеген, әсіресе 

сырқаты меңдеген соңғы жылдарда бағып-күтіп, одан туған бала-

ларды қағажусыз өсірген.

Екі шешенің ортасында тел өскен, бүкіл ауылдың сүйіктісі 

болған еркетотай кенже ай санап жетіле берген. Қаз тұрды. 

Жүрген соң кешіккен жоқ, былдырлап тілі шықты. Үлкен-кішіні 

сәби қылығымен баурайтын бол ды. Ат көрсе мінем деп ұмтылады, 

тұғырдағы құсты да қолына алам деп талпынады, қозы-лақты 

ұстаймын деп қуады. Қалайда ұзақты күнге дамыл көрмей тым-

пыңдап жүгіруден жалықпайды.

Көп жылдар өтсе де, ауылдастары жадынан кішкентай Қа-

ныштың кейбір балалық қылықтары ұмытылмаған.

«Қанкежан біржосын тыныш бала болды, – деп әңгімелейді 

оны бесікте тербеткен Нұрлан ҚАСЕНОВ.    Басы бақырдай үл-



кен еді, көп ұйықтайтын. Жер басып отырған шағында, жүре 

бастаған кезінде басы ауған жағына құлап, зәремді алғанын қалай 

ұмытайын. Би атам сол күннің өзінде: «Менің осы балам не сөз 

ұқпайтын мау бас, не елден асқан данышпан болады. Бас бітімі 

өзгеше зор жаралған дейтін-ді». Тағы бір ауылдасы САДЫҚ қарт: 

«Менің анық біле тінім – Қаныш бала болып өскен жоқ, кішкентай 

кезінен онда үлкен нің мінезі болды», – деп таңырқаса, ҚАМЫШ 

есімді замандасы: «Ойнап өспейтін бала бола ма? Қанышпен 



асық та ойнадым, алысып та ойнадым. Бізден ерекшелігі – бір 

ойынды көп ойнамайтын, тез зерігетін. Ойын үстінде әр алуан 

14

Медеу СӘРСЕКЕ



тапқырлық жасап, зейінімен ұтып кететін...» – деген куәлік ай-

тады. Ғалымның дербес мұрағатында мұндай естеліктер әлденеше. 

Мұқыш ШӘДЕТОВ естелігін де мынадай да оқшау ой айтылған: 

«Жайлауға шыққанда сиырдың өлі жүнінен доп жасап қақпақыл 

ойнайтынбыз, жалықсақ, әлдеқандай бір тақырды меншіктеп 

алып асық соғамыз. Қаныш та бізден қалмайды, тек ұзақ ойнап 

жарытпайды. Өзен табанынан ақ тас іздеп, көбіне өз бетімен 

лағып жүреді...»

Әрнеге әсерленген балақай ақ тасты, сірә, бір ғана қасиетіне 

бола қызықтаған. Өйткені қараң ғы түскенде, иә кешті күтуге шы-

дамы жетпесе, атасының кү пі сін бүркеніп, ақ тастарды бір-біріне 

соққыласа – көк жасыл ұшқындар шашып, айналаны от жаңбыры 

орап, таң-тамаша қы зыққа кенеледі. Есейе келе баланың талғамы 

өзгер ді. Жуа іздеп тауға шықса, сасыр алу үшін сайға құласа, 

көбелек қуып өзен жа  ғаласа – әлдебіреу жолына әдейі шашып 

кеткендей-ақ түрлі-түсті әдемі тастар көзіне бірден ілігеді: жылан 

жонды шұбар ала, аспан реңдес жасыл көк, сынған беті шырша 

кескінді ирек-ирек, иә қолдан қиғандай қошқар мүйіз өрнегі бар 

ақшағыл, мөлдірлігі шыныдай опырылмалы жұп-жұқа тастар – 

бірде-бірі даланың қара қошқыл жертасына ұқсамайды, жараты-

лысы жұмбақ жыныстар... Қалайша тастап кетесің? Көтере алса 

сол қалпында, әйтпесе бір мұртын сындырып әкетеді. Кіш кен тай 

Қаныштың қалтасын тесетін құрт, ірімшік, асық емес – даланың 

нақышы бөлек жабайы тасы. Үлкен апасы аузын бүрмелеп арнайы 

тіккен асық қалта да ақыр аяғында тас салатын дорбаға айналған...

Сезімтал бала көңілі өзгеше ермек із дей ді. Сайын даланың 

бұйығы тірлігінен жалығып, қанат біте бастаған қиялы қияға сам-

ғар кең өріс тілейді. Әттең, жүріс-тұрысына тежеу көп. Оған се-

беп – екі ауылдың өзіне деген ерекше ілтипаты, әсіресе әкесінің 

өзгеше қам қорлығы. Көзінен титтей таса болса, өзінен қар ға адым 

қашық жүрсе, биден маза кетеді: кіші баласы әлдекімнен қағажу 

көретіндей күпір сезіктен сірә да арылған емес.  Қаныш – соңғы 

қызығы әрі шаңырақ иесі. «Кенжетайым» деп марқұм анасы 

біліп атаған екен, бұл күнде ол шынында да кенже. Қаныш екіге 

толғанда Әлима қосағы дүние ден қайтты. Ара ағайынның «тағы 

да төсек жаңғырт» деген қамқор сөзіне Имантай құлақ асқан жоқ, 

қалған ғұмырын үш қарғасының жолына бағыштап, өмір кешуді 

жөн көрді...

Ойын баласына, әлбетте, ермек көп. Қаныш та барлық сәби 

атаулыға тән шалдуарлық қылықтың талайын көр сет кен. Ұйық-


15

ШЫҒАРМАЛАРЫ

тап жатқан әпкесі Қазизаның қойнына құрбақа салып жіберіп, 

иә торға түскен жарқанатты қазандағы сүтке тоғытып үй ішін 

шошытқаны – Сәтбай ауылының үлкендері кейіннен ертегідей 

тамсана жыр ететін еркелік нышаны. Қыстаудың желкесінде бір 

беті түйетайланып біткен жалпақ тас бар. Балалар асықты көбіне 

соның үстінде ойнайды, ал қыста бұл жер – тамаша сыр ғанақ. 

Шошақ  төбенің  желкесіне  кө  те  р і    ліп,  шанаңды  ылдиға  қарай  қоя 

берсең – қарсы алдыңнан тымық күнде жел саулап, көзіңнен 

жас парлап құйындай ұшасың, ақыры өзен жарына барып бір-ақ 

тірелесің...



«Қаныштың Алыпсоқ дейтін иті болған. Бір күні қызық бол-

ды, – деп әңгіме шертеді Нұрлан ақсақал. – Күзеуден қораға ке-

ліп қонғанбыз. Шаруаның көбейіп, үл кен-кі ші түгелдей әбігерге 

түсетін беймаза мезгіл. «Пәлі, Кенжені қараңдар!» деген дауысқа 

жалт қарасам, қолында сүйреткен бірдемесі бар Қанкежан 

Қарамұрынның үсті нен бері түсіп келеді, соңында арсалаңдаған 

Алыпсоқ. Тұра жүгір дім. Қырдың сұр қояны екен, тамағынан ит 

қысып тастаған... Біз шаруа қамдап жүргенде, Қанкежан жаз 

бойы көрмеген үйреншікті ойын төбелерін аралауға шығады. 

Ажалы ғой, қалқан құ лақ сорлы қараған түбінен тұра қашыпты. 

Жүйрік Алыпсоқ қоя ма, дөң асыр май бас салған. Не керек, күздің 

қара суығында бүрсеңдеп жүр ген бізге аяқ астынан себеп табыл-

ды. «Балаң аңшы болды, өз бетімен қоян алды» деп, Нұр-апаның 

еркіне қоймай, марқа сойғызып, етке  тойдық...»

Дүз аңына әуейілік – құртақандай Қанышқа әкесінен ауысқан 

өнер. Әділін айтқанда, аңқұмарлық оған үлкен ағалары Әбсәләм 

мен Бөкештің әсерімен дарыған. Ауылға қо нақ келсе, иә қар жау-

са, жігіттер аттарын суытып, тазы, құстарын баптауға кіріссе, 

кенжеден маза  кетеді: үл кендердің соңынан қалмай елпілдеп жү-

гі р умен болады; аңшы меймандар неше түрлі әңгіме айтып, жоқ-

ты бардай етіп өті рік соғып жатса да, құлағы делдиіп, аузы ашы-

лып тыңдап отырады. Әсір е се Бөкештің Қарашаңырақ аталған 

қыран қаршығасын айналсоқтап, құсты жемдеуге көмектесіп, 

ағасы жоқта «Кәл, кәл!» деп шақырып, тұғырда мүлгіп отырған 

қыранды елеңдетіп қояр еді.

Көктем шыға ауыл жайлауға бет түзейді. Қаныш үшін бұл – 

сағынып күтетін ерекше күн! Бұл сәтті балалар қыс бойы шыдам-

сыздана күтеді. Төр жайлауға жеткенше неше тәулік жол жүру 

керек. Үрдіс жүрмей, жолшыбайғы бұлақ, суларда екі ауыл бес-

он күн тоқтап, мал мен жанға тыныс беріп, біртіндеп жылжып 


16

Медеу СӘРСЕКЕ

отырады. Көбіне қонатын жерлері – Батпақкөл, Шыбындыкөл, 

Шөптікөл, Айнабұлақ, Шабақайдың басы, Нияз таулары...

Жомарт табиғаттың сезімтал балаға әсері өзгеше. Шыр етіп 

жерге түскеннен бері ол соның аясында. Даланың шыжыған 

ыстығын да, қарлы боран, қақаған суығын да қаршадай кезінен 

көріп пісіп-қатқан, бәрі-бәріне көндігіп, күн санап, жыл санап  

қанаты қатайған қыран бүркіттің болат тұяқ балапанына ұқсап 

жеті ліп те келеді...



«ҚАШАҒАН ҚҰЛЫН ҚАСҚЫРҒА АЛҒЫЗБАЙДЫ»

                                                              

I

Сол күндегi қазақ ауылының тiрлiгi сыпыра көшiп жүрiп, 

алдындағы малына жайы 

 

лым iздеумен шектелмеген. Ертеңін 



ойлаған қамкөңiл ел жақсылары жан сақтау әрекетiмен қоса ке-

лешек өмiрiне рухани азық болар  кәсіп iздеп, iңкәр көңiлi тоят-

тар суаттар да қарастырған. Осы жолда қанағат көрген бір 

нұсқасы – жасөспiрiм ұрпағының мұсылманша тiлiн сындыру. 

Шама-шарқы жеткен ауылдар молда ұстайды, балаларын ұрымтал 

жердегі медреседе оқытып жүргендер де аз емес.

Баянауыл атырабындағы қалың елге осы үлгі дуан болған кезде-ақ тараған. 

Сол өнеге қазына қаражатына ағаштан қиылған алғашқы мешiт Баянауыл 

станицасында шаңырақ көтергенде-ақ етене болған. Алайда келiмсек ка-

зак-орыстар өздері тұрақ еткен мекенде мұсылманшылық орталық болуын 

хош көрген жоқ: ағаштан қиылған мешіт 1844 жылы тып-типыл өр тенiп 

кеткен. Мұса Шорманов дуанбасы болған кезде сол жерге тастан қалатып, 

кең де еңселi жаңа мiнәжатхана, ауласында ба ла оқытатын медресе үйiн де 

тұрғызады. Мәш  һүр Жүсiптiң Мұса мырзаны жоқтаған қазанамасында: «Дiн 



шырағын жандырдың, Баяндайын қалаға, Медресе-мешiт салдыр дың. Нұр 

балқып  раушан  жүзiңнен,  Жұр  т ың   ның  мейiрiн  қандырдың…»  – дегенi тегін де 

ақын-пірәдардың өз басынан кешкен жайт. Көпей перзенті сол медресеге бес 

жасында, 1863 жылы қабыл-данып, үздiк оқып, он алты жасы нан былай өзi 

туған Әулиелi Қызылтауда ба ла оқы туға кiрiскен. Бірер жылдан соң Түркiс-

танға барып, одан Тәшкент, Самарқан, Бұхараны кезiп, ақырында мұ сыл ман 

жұртына атағы мәлiм Көкілташ медресесiнде жетi-сегiз жыл ұдайы бiлiмiн 

көтерiп, Баянаулаға сақа жігіт атанып есейген кезiн де қайтып оралған. Өз 

ауылында ме д ресе ашып бала оқытқан, өлең кiтап та рын жазған, «Қазақ 

шежiресiн» толғаған, ел мен жер тарихын қағазға түсiрiп, қолжазба жияр 

«Қара месiне» тоғыта берген тамаша өнегесi Төртуыл жұртының үлкен-

кiшiсiне үлгi боп тараған. 


17

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Оқу-бiлiмнiң тiршiлiкке қажет екендiгiн Шорман бидiң iзба-

сар тұяғы, тумысынан алғыр, аса зерек Мұса мырза да көрсеткен. 

Оқуы тек – «өмiр мектебi», би әкесiнiң Тұзқаладан (Ертiстiң оң 

жағасындағы Жәмiш бекiнiсi) шақырып, ауылында екi жыл 

ұстаған Александр Лукин деген казак-орыстан үйренген жазу-

сызуының арқасында орыс тілін мектепсіз меңгеріп, өзi араласқан 

патша ұлықтарымен тiлмәшсiз тү сi нi сiп, қазына қағаздарын да 

өзi оқитын бi лiм дарлыққа жеткен. Соның арқасында он алты жа-

сынан бастап болыс упра вите лi не сайланып, одан әрі Баянауыл 

дуанында қазы, аға сұлтанның кандидаты болып жүрiп, ақы ры он 

бес жыл бойы, 1869 жылдың аяғына дейiн, яғни дуан тарағанша 

аға сұлтан мiн 

детiн үздіксіз атқарып, полковник дәрежесімен 

зейнетке шыққан. Әрине, орыс оқуына деген ділгерлікті Мұса 

Шорманұлы өз  ұрпағына ғана емес, құзырындағы ағайын жұрты-

на да таратқан. Мысалы, әр болысқа қарауындағы елден жыл са-

йын бiрнеше баланы Павлодар мен Омбыда оқытып, қаражатын 

көтеруді мiндет қылған... 

Шорман бидiң естияр ұрпағын орыс тiлiне үйреткен үлгісi 

заманы бір ру басыларына,  сол уақытта атқа мініп, ел билiгi не 

шыққан игi жақсылардың бәрiне де өнеге болып тараған. Шоң, 

Қазанғап билердiң, Сүйiндiк-Айдаболдың сол күндегі iрi шонжар-

лары Боштай, Айтбақы сияқты байларының iзбасар ұрпақтары 

Омбы қаласына барып, кейбiрi одан да ұзап, орысша бiлiм алуға 

құлықты болған. Кейбiрi Троицкiдегi мұсылман медресесiнде 

оқыған. Сол үлгiнi Сәтбай ауылының да жас құрақтай жетiлiп 

келе жатқан жас толқыны да қызу қолдаған... 

Әлбетте, бастапқы жол-жоба Сәтекеңнiң iзбасар үлкенi Иман-

тайға түскен. Ауылда жүрiп мұсылманша сауатын ашқан соң-ақ 

ол 1862 жылы он жетi жасында ту қияндағы (салт атты жолау-

шыға үш күндiк жол) Ом бы шәрiне аттанып, Әбдiрахим есімді 

ғұламаның мед ресе сiн де үш жыл дәрiс алып, араб, парсы, шаға-

тай тiл дер iнде кiтап оқитын сауатқа же те дi. Орысшаға да тілі 

жаттығып, аз-кем түсiнiк ал ған (1897 жылғы санақтың арнайы 

сұрауына Имантай Сәтбаев: «По-русски понимаю, читаю», – деп 

жауап берген). 



«Омбыда оқыған кезiнде Шоқан Уәлихановпен танысып, жа-

қын араласып, бiр пәтерде бiраз уақыт бiрге тұрады», – дептi 

академик Ә.Х. Марғұлан «Қазақстан мек 

те 

бi» журналының 



1969 жылғы 4-санында жариялаған естелiгiнде. Демек, Имантай 

жас жiгiт күнiнде Шоқан бiлiм паз дың кiмдi болсын өзiне баурай 

2-0196


18

Медеу СӘРСЕКЕ

бiлетiн игi әсе рiн сезiн ген. Шоқанның ұшан-теңіз бiлiмдарлы-

ғына өмiр бойы тәнтi болып, өз ұрпағына сүйсiне әңгiмелеуден 

жаңылмаған. Соған дәлел: біртуар азамат 1865 жылы дүние 

салғанда, әкесi Шың 

ғыс төре Жетi 

суға, марқұмның мүрдесi 

жерленген Алтын-Емелге өкілетті топ аттандырғанда, мiнәжат 

етушілердің санатында нағашы жұртынан да (Шоқанның анасы 

Зейнеп – Шорман бидiң тұңғышы) бiрнеше кiсi қосылған, алыс 

сапарға ықылас білдіргендердің бірі –  жиырма жасар Имантай 

Сәтбайұлы... 

Имантай Сәтбайұлы Омбыдағы үш жылғы оқудан өзге мек-

теп көрiп, бiлiм алмаған. Бiрақ өз бетiмен iзденіп, білімін мо-

лайтудан өмiр бойы жаңылмаған, ескі тарих, шешендiк сөз-

дерге, өлең-жырға, батырлық дастандарды тыңдауға ерекше 

құмар болыпты, кейбiр әндерді домбыра сүйемелімен өзі де 

көп-көрім шырқаған деседі. «Зарқұм», «Қызыл табан Хасен», 

«Шәкiрат» сияқты ұзақ қиссаларды әлденеше кеш жырлайтын 

дүлдүл жыршыларды ауылында қонақ етіп, сый-сыяпат берiп, 

құрмет көрсеткен. Жасырақ кезiнде Имекең аңшылық, құсбегi-

лiк өнерді де меңгеріпті. Алайда ән-жырды қастерлегендей ұзақ 

елікпеген деседі. Бәлкiм, өз ауылынан бұл өнер дің Мағаз (Жәмiн 

Сәтбаевтың баласы), өз ұрпағынан Әбсәләм, Бөкеш тәрiздi хас бiл-

гiрлерi жетiлген кезде құс баулып, тазы баптауды соларға артып, 

өзі қызықтаушы болып қалған... 

«Жас кiсiнiң Имекең алдынан өтуi оңай болмайтын. Тезге 

түскендей, не профессорға емтихан бергендей сезім кеше-

тін, – депті академик Ә.Х. МАРҒҰЛАН ілгеріде біз сілтеме 

жасаған  есте лi гiн де. – Өйткенi Имекең жастарға сын көзi 



-

мен қарап, олардың болашағына зор ынтамен ден қойған… Бұл 

туралы мынадай оқиғаны еске түсiруге болады: 1916 жылы, жаз 

күнi, Имекең мен Сәкең (Сәдуақас Мұса ұлы Шорманов – М.С.) 

әңгiме лесiп отыр ған да, екеуінің үстіне Қазанда оқып жүрген 

бір топ студент кіріп келеді. Олардың ішінде заң факультетін 

бітір гелі жүрген Мұқыш пен Базарбай бар. Студенттердің мі-

незі, сөйлеген өрескел сөз дері Имекеңе ұна майды. Ол кісі көзінің 

қырын Сәкеңе тас тап:

– Мырза, осы балалардың оқуы, білімі Шоқанның оқуынан 

қалай? – депті.

– Шоқанның оқуы бұлардан әлдеқалай төмен. Ол тек қана 

кадет корпусын бітірді. Бұлар университет бітірейін деп жүр. 

Арасы жер мен көктей.

19

ШЫҒАРМАЛАРЫ



– Менің ойымша, бұлар мен Шоқанның арасы да жер мен көк-

тей сияқты. Шоқанның ойына жете алмаса, бұлардың көп оқыға-

ны нан не пайда? Шоқан аз оқыса да көп тоқыған. Оның білімі, 

ойы, бұларға қарағанда асқар таудай емес пе! Шоқан сөйлегенде 

кәрі де, жас та, білімпаз да оны тыңдауға құмартып, бар ынта-

сын салып құлақ түруші еді. Шоқанның қасында бұлар кім? Екі 

сөздің басын құрап сөйлей білмейді, ешкімді Шоқандай өзіне тар-

та алмайды. Тек тірі болғай... – деп ойшыл қарт сол кездегі жас-

тарды қатты сынайды...

Имекеңмен әңгімелесу бір ғанибет еді.

Ол кісінің XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған 

оқиғаларды жүйрік білуі, оны төндіре айтуы жас кісіні білім са-

ра йына кіргізіп жібергендей әсер қалдыратын...»

Қазақ даласын ғылыми тұрғыдан зерттеу мақсатымен 

XIX ғасырдың екінші жартысында Баянаулаға келушілердің 

Шорман мен Сәт бай ауылдарына ат басын бұрмағандары кемде-

кем. Сөйтудің түп себебі – өз заманының білгірлері Мұса, оның 

үлкен баласы Сәдуақас (Омбы қаласында гимназия тәмамдаған), 

солардың қақ ортасында зерделі білімпаз Имантай Сәтбайұлына 

жолығып, сұхбат құру...

Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағының бірінші кітабының 653-бе-

тінде «Жоқтау жырларының үлгісі» жазбасына мынадай түсінік беріл-

ген:  «Бұл нұсқаны Бұхар жыраудың ұрпағы, баянауылдық белгілі жыр-

шы Құрекенің аузынан Имантай Сәтбаев 1880 жылы Г.Н. Потанин 

үшін жазып алған. Бұхар жыраудың осы жоқтауына белгісіз біреудің 

қазақ тілінде жазған хаты беріліпті. Оның орысша аудармасы мынау: 

«Привет г-ну Имантаю. Прошу записать от Куреке (внука певца) от-

дельные эпизоды и повествования Бухар жырау об Аблае, в част ности: 

осуждение Аблая, восхваление его коня, эпизод об отправлении сына 

своего Адиля вместе с Жарылгапом в Китай; на какую тему его послан-

цы вели разговоры с императором Китая? Рассказы о войне с калмыка-

ми – сколько раз воевали? Как именовали калмыкских ханов? Для за-

писи этих рассказов (песни Бухар жырау) приехал товарищ Чокана 

Г.Н. Потанин с супругой...» Ш. Уәлиханов бұл жырларды 1855 жылы, 

қа 


зақтың халық поэзиясының үлгілеріне қы 

зығып жүрген шағында 

жазып алыпты. Имантай нұсқасы қағазға Шоқан жазбасынан 25 жыл ке-

йін түскен. Екі нұсқаның да айырмашылығы жоқ, көшірмелердің мәтіні 

мен тілі бірдей, кейбір шумақтар мен өлең жолдары бірін-бірі толықты-

ра хатталған. Сөйтсе де қазақ сөздерін нақтылап жазуы жө нінен И. Сәт-

баев нұсқасы анығырақ, Ш. Уәлиханов жазбасындағы танылмаған кей бір 

сөздерді ажыратуға кілт ретінде құнды болмақ».



20

Медеу СӘРСЕКЕ

Имантай ақсақалдың бұл – ғұмыр бойы тір нек теп жинаған 

әр алуан ізденістерінің бізге мәлімі. Ал белгісізі қаншама?! 

Мысалы, «Қаржас руының ата та ралымының» қолжазбасы не-

месе «Олжабай батыр Толыбайұлы» дастанының И. Сәтбаев 

көшірмесін қай қаладан, қандай ескі мұралар қоймасынан із-

деймiз? Болмаса сегiзiншi атасы Олжагел дiде қосылатын түбі бір 

қандас туысы Бұқар жы рау Қалқаманұлының Имекең жинаған 

асыл жырларын?  Бүгінде соның бәрі – сыпыра жұмбақ жайт-

тар. Кезінде орыс зиялыларына өз қолымен тапсырғандарының 

біразы сол білімпаздардың ұқыптылығымен ескi  мұрағаттар 

қорына өткiзiлген, кейбiрiнiң iзi бар. Тәубе делік. Ал өз қолында 

қалғанының тағдыры?.. (Имекең өз жазбаларын арнайы сандық-

та ұстаған, сол қойма ол кiсi дүниеден оз ғанда өзге мұрасымен 

қо са үлкен баласы Fазизге ауысқан. Рухани мұ раның одан арғы 

шерлi тағдырын филоло гия ғылымының докторы, Имекең не-

мересі Шәмшиябану Қа нышқызы Сәтбаева «Сәулелi әулет» кiта-

бында зор өкінішпен: «1937 жылы НКВД қызмет керлерi Fазиз 

ағаны Омбыда ұстағаннан кейiн үйiн тiн тiп, бiрсы пыра кi тап-

та 

рын, қағаздар салған бумаларын үш жәшiк 

ке толтырып… 

салып алып кеткен…» – деп мұңая шертеді. Естелік иесі сол кез-

де тоғыз жаста, яғни алды-артына зердемен қарайтын шамада. 

Демек, ойда жоқта «халық жауы» боп шыққан бейкүнә жанның 

ескі кітаптары мен қолжазба қазынасы «ескі өмірді көксеуші» 

иесімен бірге құртылғаны айқын.

Алайда бізге басқадай да ақиқат мәлім: Сәтбай ауылы жас-

тарының бiлiмге құштар өнегесi құнарлы жерге түскен дәндей 

өнiктi болды. Осы жолда бұл әулеттен озық оқы 

ған Зейiннiң 

үлкенi Әбiкей едi. 1881 жы лы дүниеге келген ол Үлкен ауылдағы 

молда алдынан өткен соң-ақ Омбыға аттанған. Сол шәрде жүрiп 

орыс оқуына құнығып, 2-басқышты орыс-қазақ учи 

ли 

щесiне 


iлiгедi. Одан соң тоқтап қалмай, шалғай қала демей, Семей-

дегi мұ ғалiмдер семинариясында оқып, 1908 жы  лы тәмамдаған. 

Бұдан әрi жас бiлiм пазды сайын даланың әр жерiнде ашыла бас-

таған бастауыш мектептерде сабақ беретiн алғашқы мұғалiмдер 

қатарында көремiз. 

Әбiкей Зейінұлының игі үлгiсi Сәтбай қа жы  ның немерелерiне 

де дарыды. Жәмiн 

нiң Ма 


ғазы (1888-1944), сол шаңырақтың 

ән-әуен әлемiне әуей тұяғы Әбдi 

кә 

рiм (1894-1937) де оқуды 



мұсылманша бастап, соңынан Омбыдағы орыс мектебiнде оқы-

ған. Күндердiң күнiнде оқуға ынтығу кезегi Имантай ауыл ының 



21

ШЫҒАРМАЛАРЫ

өлкелі жердің құрағындай бойлап өскен жастарына да дариды: 

ең әуелi Әбсәләм, одан кейiн Қазиза мен Fазиз Нұрым шешесi ою-

мен көмкеріп, әдемілеп тiгiп берген боқ ша ларын арқалап, Үлкен 

ауылдағы молда алдына жаяу-жалпылап қатынай бастайды; бұл 

болса қыстауға қонған қара күзден көктемге дейiн, жайлауға 

шыққан жаз күн де рде де үзiлмейтiн тiрлiк; Сәтбай атасынан 

бастап ауыл ағасы Имантай, өзге де үлкендер, жетi-сегiз жасқа 

iлiккен бала атаулы мұсылманша хат танып, қасиеттi Құранның 

бiрнеше аятын жат қа білу – парыз; ал одан әрi оқуыңды қай тiлде, 

қанша жыл оқысаң да – талабың мен зейінің шешер әрекет...

1910 жылы аймақтық көш-қон басқармасы жүргiзген қосымша санақ 

деректерi жарияланған анықтама кiтапта («Материалы по обследованию хо-

зяйства и землепользования киргиз Семипалатинской области», 1 том, стр. 

2-3, Семей, 1912 ж., «Плещеев жә не К.» баспаханасы) екi ауылдағы күллі 

Сәт баевтар әулетiнде 26 қыстау-қора (жайлауға олар 11 киiз үй және 9 қоспен 

шыққан), ат жегiп шөп шабатын 3 машина, 3 тырнауыш, 53 арба мен шана 

болып, ал төрт мүлiк малдан – 474 жылқы, 256 сиыр, 1240 қой, 111 еш кi мен 

36 түйеге иелiк еткендiгi нақты көрсетiлген.

Ауыл дәулетi бұдан 13 жыл бұрынғы са 

нақ деректерiмен салыстыр-

ғанда айтарлықтай өзгермеген, сол деңгейде сақталған. Оның есесiне 

Сәтбаевтар өзiмен көршi төрт түлiгi қо 

мақ 

тырақ ауыл тұрғындарынан 



рухани жоғары деңгейімен дараланғанын аңғарасыз: қа 

жының екi ауы-

лында 1910 жылы 69 адам бо 

лыпты (34-i еркек кiндiк 

тiлер), олардың 

55 жас  тан асқаны – 7 адам, 18 бен 55 жас аралығындағы – 34 адам, 

18 жасқа дейінгілер – 28 жасөспірім. Солардың iшiнен 8 бала санақ жүрген 

жылы болыстық орыс-қазақ мектебiнде бi лiм алыпты.

Көш-қон басқармасының есеп 

шiлерi ресми хаттаған анықтамада Сәт-

бай әулетiнiң 21 адамы, яғни осы атадан тарайтын қомақты ұрпақтың әрбiр 

үшiншiсi: «Орысша не мұсылманша сауаттымын, жаза да, оқи да бiлемiн», – 

деп нақты жауап берген. Бұл XX ғасыр басындағы қазақ қауымы үшiн сирек 

те тағылымы мол дерек!..

Имантай ақсақалдың жас ұрпақ тәрбие сiне талабы да аса қатаң 

болған: ес бiлiп, етек жиған бала ертелi-кеш ойын қумай, нақты 

қарекетпен айналысуға тиiс; молдалыққа жалдаған адамдары да – 

әсiре шариғатшыл немесе шала сауатты дүмшелер емес, оқуы озық 

қалаларда медресе тәмамдаған оқымысты жандар... Талабына 

қарай сұрауы демекші, алдындағы шәкiртке олар Құранның аят-

тарын сыпыра жаттатудан гөрi оқығанын ұғып, жаза да бiлетiн 

сауатқа жетуiн көбiрек қадағалаған. Араб, парсы тiлде 

рiнде 

басылған кiтаптарды оқу – шәкiрт тердiң бiрiншi парызы, ал аятты 



22

Медеу СӘРСЕКЕ

мақамдап жақсы оқу – екiншi, үшiншi жылдардың еншiсi... Бiр 

жайт анық: Обалыдағы осы мектептен сауатын ашқан бiрде-бiр 

шәкiрт кейiнгi ғұмырында дiн жолына құлай берiлiп, молда ата-

нып, басына сәлде салмаған; көбi Имантай мен Әбiкей ағаларына 

елiктеп үлкен қалаларда, бiлiктi мектептерде оқуға құштарлық 

аңғарт қан. 

Имантай бидiң кенжесi Қаныш та мұсылманша «тiл сындыру» 

мектебiнен қалыс қалмайды. Шәкiрт бала ұстаз алдында тiзесiн 

бүгiп, жазу тақтайын көлденең ұстап, қағаз-қарындашын сайлап, 

төмен қарап мөлиген қалыпта тым-тырыс отыруға тиiс. Молдекең 

кiтабын қолына алады да, қарсы алдында қойдай жусаған 

балалардың бірін таяғымен түртіп: «Бәтшағар, сен бастайсың!» – 

дейді. Таңдау түскен байғұс бала тамағын кенеп,  молдекең қолына 

ұстатқан кітапты мақамдап оқи бастайды. Өзге шәкірттер біреу 

қуып келе жатқандай-ақ іле оны қостай жөнеледі. Сол-ақ екен, 

там үйдің іші жамыраған дауыстан у-шу болып күңіреніп шыға 

келеді.

Еркі өзінде болса Қаныш бір күн де бұл үйде отырмас еді: 



Қарамұрынның басынан сырғанақ теуіп, болмаса құла тайын 

ерттетіп алып, екі ауылдың ортасында желмен жарысып жүруі 

хақ; немесе Бөкештің оқу кітабын тізесіне қойып, тасқа басылған 

терідей қалың беттерін сипап, суреттерін тамашалау қандай 

қызық!.. Иә, оның кітабы өзі н і  кін дей емес, ерекше әдемі безенген. 

Әсіресе суреттері керемет! Шауып бара жатқан құлын, жайқалған 

тоғай, сауыт киген орыс батыры айна-қатесіз дәл бейнеленген. 

Оның мұғалімі өздерін оқытатын молдадай қатыгез емес, қо-

лында таяғы да жоқ деседі. Қашан көрсең де: «Әйін, малай қазақ, 

минің мәктәбіме син қашан киләсің?» – деп күліп тұрады. Бірақ, 

амал қанша, өзі соны білмейді. Әкесінің құзыры солай. Бөкеш 

бастаған ересек балалар Мырза ауылындағы бастауыш орыс 

мектебіне қатынайды; олар атпен барады, ал өздеріне қар бірер 

жауғанша жөнді көлік тимейді, екі ауылдың арасында жаяу-жал-

пы малтығып жүреді...

Қаныштың бірақ жолы болды: ол оқуға барған кезде Обалыда 

Троицк медресесін тәмамдаған Жұмаш Жолдыбайұлы есімді 

жас білімпаз молдалық еткен (қазақ қауы мы на ол кезде мұға-

лім түсінігі енбеген, болса да ондай жандарды «өшетел» неме-

се бұрынғыша молда деп атаған). Жұмаш «молданың» алдында 

Қаныш екі жыл отырады. Көп жылдар Имекең тәрбиесінде болып, 

Кіші ауылда өскен Тармызи Әбсәләмұлы Имантаев бұл жайында: 



23

ШЫҒАРМАЛАРЫ



«Қанкенің оқуға зеректігі сонда-ақ мәлім болған. Ол біз құсап 

ескі оқуды әлденеше қыс мыжыған жоқ, сөзді де ежіктемей бірден 

оқып кетті. Мұхтасар мен биданды (арабша оқудың алғашқы 

басқыштары) тез меңгерді. Сол себепті би атам оны молда ал-

дында көп ұстаған жоқ...» – деген куәлік айтады. 

Сол жылдарда кішкентай Қаныш тағы бір ұстаздан дәріс 

алған. Әдетте, бұл сабақ өз үйінде, әкесінің алдында өтеді. Әмбе 

оның кесулі уақыты болмайды, қысы-жазы бірдей, екеуінің 

көңілі қалаған кезде жүреді.

– Балам, жыр сабағын ұмытпалық. Кітабыңды әкел, – дейді 

әкесі. 

Былғарымен тысталған қалың кітапты құшақтаған Қаныш 



әкесінің алдына келіп отырады да, саңқылдаған ашық дауыспен 

оқи бастайды. Оқуы аса жатық емес, әредік дұрыс оқып отырмын 

ба дегендей күдікпен әкесіне жаутаңдап қарайды. Кейде әлдебір  

сөзге тілі келмей кібір тіктеп те қалады. Кітаптың тілі балаға аса 

ұғынықты емес, түркі-шағатайша, кейбірі парсыша жазылған. 

Ақындардың есімі де бейтаныс: Руми, Сағди, Хафиз, Жә 

ми, 

Науаи... Сөйтсе де бұларды оқу – молдекең алдында шарт жүгініп 



отырып, Құранның түсініксіз аятын жаттағаннан әлдеқайда 

қызық. Көбіне оқитыны жүздеген бет ұзақ жырлар: «Жүсіп – 

Зылиқа», «Ләйлі – Мәжнүн», «Гүлстан», «1001 хикмет», «Диуана 

пәни». 


Әкесі солардың кейбірін  жатқа біледі. Кен жесі әлдебір сөзді 

ажырата алмай ежіктей бастаса, тұтас бір шумақтарды жатқа ай-

тып, солардың мазмұнын да қазақшалап түсіндіреді. Тек екінші 

қайтара оқығанда:

– Қане, балам, енді өзің айт, – деп сабырмен тосып отырады.

– Һауер – қорқу, үрейлену. Пақыр – бей ша  ра. Ал хәль... хәль... – 

деп Қаныш кібіртіктесе,  әкесі жалма-жан: «бір уақыт, сәт мезгіл, 

қас қағым», – деп сүйемелдейді.

Осылайша бірде парсыша, кейде арабша жүретін сабақ талай 

күн, талай сағаттарға созылып, айлап-жылдап жалғаса береді. 

Аны ғында жыр оқу жас шәкірт зеріккенше созылады. Бірақ оны 

зеріктіру де оңай емес. Баланың ұғымталдығы ғажап. Небір қиын 

сөз дерді, тұтас сөйлем, шумақтарды екі айтқызбайды, естіген сә-

тінде қағып алады. Оқуға құштарлығы да өзгеше. Білсем, көрсем 

деп ынтығып тұрады. Сыншыл әке перзентін әлде қызықтап, әлде 

болашағынан үміт күтіп: «Осы баламның зейіні бөлек, мұны анау-

мынау же ңіл сөзбен шығарып сала алмайсың», – дейді екен...


24

Медеу СӘРСЕКЕ

Әке еңбегі зая кеткен жоқ. Талапты шәкірт ескі заман ақын-

дарының асыл мұраларын өз бетінше оқитын болды...

(Арада көп жылдар өтеді. Сауықтыру орнында жатқанда, дос-жаран-

дарымен бас қосқан мәжілістерде, оңаша қалып, ойға түскен сағаттарда 

Қаныш Имантайұлы парсы тілінде мақамдап сөйлеп кетер еді. Әдетте, бұл 

Қожа Хафиздің иә Омар Һайямның ғазалдары болады. Қасындағылар аң-

таң. Қай уақытта оқыған, қалай үйренген?.. Шынында, ол парсы, араб 

ақындарының кейбір жырларын ғана білетін. Шаршаған, әлденеге қамық-

қан кезінде солардың мөлдір қайнарынан ләззат алып, бойын сергітіп, өзінше 

демалып отырар еді). 

Баланың өлең-жырға, ән-думанға құштарлығын ауылдастары 

ерте аңғарған. Ауыл ға қонақ келсе, әсіресе домбыралы, қобызды 

меймандар топтап түсті ме – кішкентай Қаныш дегбірсіздене бас-

тайды. Қиыла сұрайтыны – қонақкәде алу. Оның өтеуі – ертегі, 

жыр, ән. Әкесінің бір тізесіне жайғасып алып, жыршының аузы-

на қарап телміреді де отырады. Есейе келе өзі де Бөкешке еліктеп 

домбыра шертетін болды. Үлкендер мадақтап: «Біз дің Қанкежан 

да әнші болады, айналайын, айта ғой!» – деп көтермелесе, шырқап 

та жібереді.

Ақын-жыршылардың Айырықтағы Кіші ауылға ат басын жиі 

бұрып, еру болуы кездейсоқ емес-ті. Тегінде бұл – ауыл иесінің ел 

сөзін ұстап, би сайланғаннан бергі машығы емес, бойына ежел-

ден біткен қалыбы. Сөз өнерін құдірет тұтқан сері һәм сауықшыл 

қауымға ол құрметпен қа рай  ды. Әсіресе шешен сөйлеп, ел ше-

жіресін төндіре шерткен зиялылармен сұхбат құ руға. Ал даулы 

іске билік айтқанда өзі де ескі билердің нақыл сөздерімен мақал-

дап сөйлейді.

Әрнеге еліктегіш кішкентай Қанышқа туған ағасы Бөкештің 

әуей өнегесі де айтарлықтай әсер еткен. Ғазекең келіні Шәрипа 

Смағұлқызының ауызекі әңгімеде бізге: «Ағатай қағазға өте 



ұқыпты кісі еді, әсіресе кітап жинауға. Семей мен Омбыға жо-

лаушылап барғандарға ақша беріп, ылғи бір жаңа кітаптар 

алғызатын, – деген-ді. – Күн сайын бір беті ажырайтын күн-

тізбек алдырып, бірақ оны жырт қызбай, өткен күннің бетін 

жіптің астына қыстырып қоятын. Сол бетке ауа райын, желдің 

бағытын жазып, жауын-шашын иә боран келе жатқанын күн 

ілгері есептеп шығарып, ел-жұртқа  ескертіп отыратын-ды...»

25

ШЫҒАРМАЛАРЫ




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал