Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет14/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51

ІІ

Бір көргенге Ұлытау өңірі сұрықсыз өлке – сусыз-нусыз 

құба жон, өсімдіктен де жылан жалағандай тұлдыр. Сол себепті 

оны күзден гөрі көктемде көру оңды.  Көктемде бұл өңір адам 

танығысыз шырайға еніп құлпырып ке 

теді: көз жеткісіз кең 

жазық қызыл ала орамал жамылғандай боп жайқалған гүлге то-

лады; шоқ өскен көкпек жыңғылын ту алыс тан қарауытқан орман 

дерсің; шайыр мен қырмызы, баялыш қаулаған алқаптар көрмеге 

қойылған кілемдей; боз да бұл шақта тұтаса көгеріп, айрықша 

көріктеніп тұрады; ал сай-салаға жамырай шыққан жауқазын мен 

алқызыл қызғалдақтар ше?!  Тіпті қараған, тобылғы, тікенекті 

бұта бастарына де й ін сәукеле киген қыздардай аппақ гүлден алқа 

тағып, жасанып алады. Өлкеге тұс-тұстан құлаған өзендер де мей-

лінше ағынды. Мың сан бұлақтар бір-біріне қосылып, ағыл-тегіл 

сарылдап еңіске қарай жөң кіліп жатады.

 Амал не, бұл дәурен ұзаққа созылмайды. Он иә жиырма күн, 

асса бір ай. Іле-шала Бетпақтың шөлі мен Жетіқоңыр құмынан иә 

Мойынқұм, Қарақұм жағынан үдемелеп соққан ыстық аңызақ бас-

талады. Қуаң даланың соры осы. Гүл жарып, енді-енді бой сала 

бастаған тырбық өсімдіктердің өсуі тежеледі. Ақырында өңірдің 

құлпырған келбеті сағымдай бұлдырап, бірте-бірте құлдырап

біржола өлеусірейді.

Ұлытаудың жазы да сорақы: өрт шалғандай қап-қара болып 

күйіп жатқан тақыр да ла; әуе айналып жерге түскендей аптап 

ыс тық; болар-болмас жел соқса, оның арты құм боранға айнала-

ды... Жаз ғы тұрымғы өзендер тартылып қалған, кеше ға на сылды-

рап жатқан бұлақтар да құрдымға айналған. Жиде өсетін саздақ 

ойпаңдар ғана жасыл реңін өзгертпей, жалпақ өлкенің әр жерінде 

арал сияқтанып желкілдеп тұрады. Осы ғана көңілге уаныш…



160

Медеу СӘРСЕКЕ

Екі жарым айға созылған төр жайлаудағы рахат демалыстың 

соңында Қаныш салт атпен Семейге жетіп, одан Сібір темір 

жолының бірнеше бекетінде пойыз ауыстырып, қыркүйектің орта 

шенінде Қызылордаға келген. Қазақ АКСР Халық ша р уашылы-

ғы кеңесінің басшылары оған өлке өндірі сіне жөн-жоба нұсқай-

тын бас маман мансабын ұсынады. Жас маман одан үзілді-ке сілді 

бас тартады. Айтқан желеуі – геолог кә сібін игеру!.. Сөйткен-

дегі таңдауы – Ұлытау жонында өндіріс ашқан Атбасар түсті ме-

талдар тре сі. Тек қолайсыз жайт: трест басқармасы – Мәс кеуде, 

Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесінің (ВСНХ СССР) 

Главметалл қарауында; демек, Қа ныш Имантайұлына сол күзде-

ақ Одақ астанасына баруға тура келген.

Атбасар түсті металдар тресі Еңбек және Қорғаныс Кеңесі-

нің (СТО СССР) 1925 жылдың 10 маусым күнгі қарарымен 

ұйымдас қан. Қарауында екі өндіріс бар: Спас комбинаты, оған 

Қарағандының көмір кендері мен Өспен (Нілді) мыс кеніші, Спас 

(Көкөзек жә 

не Ақбұйрат) мыс қорыту зауыты қарайды; екін-

шісі  – Қарсақбай мыс қорыту зауыты мен Байқоңыр көмір кені, 

Жезқазған мыс руд нигі және Қорғасын кеніші. Осы күнгі ресми 

шекарамен шамалағанда, бұл – Қарағанды облысының жартысы-

на жуық жері, оған қоса Ақтөбе мен Ақмола облыстарындағы бір 

шеті мен бір шеті мың шақырым орасан зор кең алқап.

Атбасцветмет басқармасы жас маманды қуана қарсы алады. 

Қуанбасқа! Шет елден шақырылған, кеудесі кере құлаш «спец» 

емес, білім-тәжірибесін бұлдағыш ес кі кадр да емес, социалистік 

Отанның өз мек тебінен тәлім алған жас түлек және жергілікті 

жағдаймен етене таныс, сол ұлттың ортасынан шыққан инже-

нер. Сірә, сол себепті Қаныш Имантайұлы бірден-ақ трестің бас 

геологы әрі басқарма мүшелігіне кандидаты міндетін атқаруға та -

ғайындады.

Тек тұрғын үй мәселесі шешілген жоқ. Оның себебін Қаныш 

Имантайұлының Томда қалған Таисия Алексеевнаға 26 қараша-

да  жол да   ған  хатынан  білеміз:  «Мәскеуден пәтер алу – ерекше 



қиын мәселе. Мен сияқты ке лімсектер бір бөлмеге зар болып 

жылдар бойы күтеді деседі». Бас басқарма бірақ жас маманға 

жағдай жасауға ынта білдіріп, қомақты қаражат босатты. Соған 

тек қолайлы үй та был са? Үй тиісімен Таисия да астанаға келмек. 

Мәскеуде геолог Сәтбаев ұзақ аялдамаған. Таисияны қаңтардың 

бірі мен он бесі аралығында Қызылордада кездесуге шақырып хат 

жолдайды да, жолға шығады.



161

ШЫҒАРМАЛАРЫ

КСРО Халық шаруашылығының Орталық мұрағатында 

сақтаулы Атбасар тресінің материалдары Жезқазғанның сол 

күндегі сырт өмірмен қатынасы туралы бүкпесіз сыр шертеді: 

«... Жол атымен жоқ. Ең сенімді көлік – түйе, ол болса жергілікті 

түземдік халықтың рақымына байланысты, – деп ша ғым еткен 

трест басқармасы Еңбек және Қорғаныс Кеңесіне жолдаған 1926 

жылғы ресми мәлім де месінде. – Біздің есебіміз бойынша жер гі лік-

ті қазақтарда бір мың арба, мың жарымдай түйе бар. Соның қақ 

жартысын өндіріс қаже ті не жеге алсақ, тасымал қиыншылы-

ғын шеш тік деуге болады.  Сөйтуге бі рақ сенім шамалы. Себебі 

жер гілік ті тұр ғындар зауытқа кіре тартудан гөрі зорман аулап, 

тері-терсек жинау агентімен сыбайлас болғанды тиімдірек са-

найды...»

Мәс кеуден пойызбен шыққан трест мамандары бес тәуліктен 

соң Орынбор – Ташкент жолының Жосалы бекетіне тү 

седі. 


Жосалы мен Қарсақбайдың арасы – 430 шақырым, салынып 

жатқан мыс зауытына ең ұрымтал темір жол стансасы осы 

болғандықтан да, Атбасар тресті оны аралық база ретінде пай-

даланған. Комбинаттың барлық жүгі, жұмыскері, келімді-

кетімді кісі лері де осы жерден аттанады.

Бұлар келген мезгіл Жосалы кентінің жәрмеңке базарындай 

жүргіншіге то лы, ығы-жығы кезі. Зауыт құрылысының қыз ған 

шағы. Жүктер де қауырт келе бастаған. Қылышын сүйреткен қыс 

қыспағына ілік тірмей, ауа райы ашық, жол барда келген жүкті 

жеткізіп алу – комбинаттың тасымал бөлімінің басты мін детіне 

айналған, күн сайын бір керуен жа сақтаған қарбалас әрекетте. 

Станса мен за 

уыт аралығына ертеде салынған 18 бекет қай 

та 


түзеліп, барлығында көлікке жем, кі ре шілер үшін азық әзірлен-

ген. Сөйтіп, Жосалыдан бергі қара жол ерсілі-қарсылы шұ быр-

ған түйелі керуендерге толған: бірі келе жатса, екіншісі түстікке 

қарай кетіп бара жатады; бір-біріне жол беріп бөгемеуі үшін жол 

танабы екеу – домбыра ішегіндей жарыстыра тартылған...

Жосалыдан шыққан керуен Қарсақбайға әдетте жетінші қо-

нақта әрең ілінеді. Жеті күн ұдайы жолаушының көрері: сұрық-

сыз қу аң дала, жатаған жоталар тізбегі; таң ата бірінен аттанғанда, 

екіншісіне күн бата за ры  ғып жететін жалғыз үйлі, қорасы жа-

пы рай ған жүдеу бекеттер... Кей уақ тарғыл дөң дер үстінен, көз 

ұшынан босып бара жатқан киіктер тобы ұшы  рай ды. Бірақ олар 

да арбалары шиқылдап, кө лік тері боздаған мазасыз керуен жолы-

11-0196


162

Медеу СӘРСЕКЕ

нан жырағырақ қияндарға босып бара жа тқан сықылды. Ұзақты 

күн күйдіргі аңызаққа қақ талып, жол шеккен бейнетқор жолау-

шы ауыз суға да жарымайды. Жолшыбайғы құ дықтардың суы тұз 

қосып қойғандай ащы. Сол себепті байырғы кірешілер жолға азық 

қана емес, ішерлік су ын да ала жүріп, құ дықтардан көліктерін ға-

на суғарады. 

Жезқазған өңіріне сапарларымыздың (1967-1971 жж.) бірінде 

мен Ұлытау елді мекенінен Далабаев Шенеу ақсақалды жолық-

тырып, бір кеш әңгімелескен едім: «Қанышты мен Жосалыда, 

кіре қағазын алайын деп кеңсеге барғанда көрдім. Бейтаныс 

қазақ жігіті сыпайы амандасты да, керуеніме сұ ранды. Тегін 

адам емесін киім үлгісінен танып тұр мын. Сөйтсе де қазақтың 

қазымырлығына салып: «Біздің жақтан не жоғалтып жүрсің, 

шырақ?» – деп тиісе тіл қаттым. «Жұ  мыс бабымен, отағасы. 

Мәскеуден келеміз». «Неше ай ға?» «Сірә, біржола. Жолсерікке 

аласыз ба?» – деп жымиды тағы да. «Аламын, тек орта жолдан 

қашып кетпесең. Ондай серілерден де құр емеспіз, құдайға шүкір. 

Маманбыз деп әдемі қалпақтарын шекесіне тап өзіңдей қисай-

та киіп, кісімсіп келе жатады... Сонсоң бір күні іздесең – өзі түгілі, 

ізін де таппай қа ласың. Біреуінің қалпағы біздің үйде былтыр-

дан жатыр...»

Шабан атандардың мезі изеңінен зерігіп, жол бейнетін кеш-

кен жолаушы төзімі әбден жұқарып, көңілі құлазыған аптаның 

соңында көз ұшынан Қарсақбай зауытының мұржасын көреді. 

Бірер сағат изеңге шыдасаң – «Соцгородок» аталған жұмысшылар 

қалашығына жетесің. Қалашықты қақ жарып өтетін даңғыл 

керуен келетін жолмен ұласып жатқандықтан Жосалы көшесі 

аталған, Керуен сарайы да соның шыға беріс аузында.

Алтыншы тәуліктің соңында Атбасар тре сі нің мамандары 

зауыт алаңына аман-есен жетіпті.



ІІІ

 Сол қарсаңда Қарсақбай зауытының айналасы кешелі-бүгін 

көшіп келген ауылға ұқсаған. Ауыл болғанда – он шақты үй 

емес, кем дегенде екі-үш мың түтіннен құ ралған, бір болыс ел 

бірден көтеріліп, соның бәрі Қумоланың тар танабына таласа 

келіп жапатармағай қонып жатқан сияқты. Қай да қарасаң да 

жыпырлаған киіз үйлер, қостар мен итарқа жаппалар. Қарсақбай 

байдың ескі қыстауы орныққан қарсы беттен бастап Балбырауын 



163

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жотасы жақтағы тарғыл дөң ге дейін, Жосалыға шығатын қара 

жол мен өзеннің арғы-бергі жағасы түгелдей сығылыса отырған 

қалың ел. Ал зауыт тұрғызылып жатқан биік төбенің айналасы 

зор құрылыс алаңына айналған...

Цех корпустары бой көтерген шамада Бай 

қоңыр мен 

Жезқазған аралығына тартылып жатқан тар табанды темір жол 

да пайдалануға берілмек. Ағылшын мамандары бекет үйлерін 

тұрғызып, жол танабын бастағанымен рельс төсеп үлгермепті. 

Бір тә у і рі, Қарсақбай төңкеріс комитеті дер кезінде жұмысшы 

бақылауын қойып, әкелінген рельстерді аман сақтаған. Соны енді 

тездетіп төсеу керек. Байқоңырдан шарпу пештерін жемдейтін 

көмір тасылады, ал Жезқазған – кен беретін негізгі шикізат 

қоймасы. Жезді өзенінің бойынан мыс қорытуға қажет қо сым ша 

заттар алынады. Қарсақбай ашасы* – солардың бәрін қабылдап, 

ақыр аяғында қара мысқа айналдыратын өн ді ріс алаңы. Демек, 

қай жерде болмасын қыруар әзір лік жүріп жатыр, қайсыбірін 

тыңнан бастау қажет. Соншама жұмысты атқаратын адамдарға 

тұрғын жай керек. Сол үшін де Қумоланың түстік іргесінен 

жұмысшы-тех никтер тұратын жаңа қалашық – «Соцгородок» 

тұрғызылып жатыр. Байқоңыр мен Жезқаз ғанда негізінен ба-

рактар құрылысы етек ал ған. Тағы бір қызу еңбек жер астында 

басталыпты. Өйткені кен де, көмір де – жер қойнында, оны үстіге 

шығару үшін ағылшындардан қалған ескі шахталарды қалпына 

келтіріп, іске қосу керек. Кен тасын Қарсақбайға тасу – тиімсіз 

жұмыс, бос жыныстан арылтып, байыту қажет. Бұл үшін Жезқаз-

ғанда байыту фабрикасы салынбақ... 

Осынау сан салалы, әр жерде төбе көрсеткен сан алуан жұ-

мыстарға үш мыңдай жұмыскер қамтылған. Олардың дені – 

Атбасар, Қазалы, Қызылорда сияқты Ұлытаумен шек тес елді ме-

кендерден келген дала қазақтары. Маңайдағы найман, қыпшақ 

ауылдарынан ежелгі ата кәсібін тәрк етіп, ұлы дүр мекке елігіп 

келген жігіттер де аз емес. Көп ші лігі ағалы-інілі, әкелі-балалы бо-

лып, үй-і шімен көтеріле келіпті. Сауын малын, ешкілеріне дейін 

айдап келіп, Қумоланың әр жер де үзіл ген суын жағалай қоныстап 

отырғандар да осылар. Бұлардың дені қол күшін ғана емес, түйе, 

арбаларын да қо 

са жалдап, бейнеті зор кіре тарту жұмысын 

көтермеге алған.

* Осы жердің ескі атауы



164

Медеу СӘРСЕКЕ

– Жергілікті халықтың бұл құрылысқа деген ықыласында 

шек жоқ. Жалаңаш қолмен тау қопарып, тас қашап жатырмыз. 

Ағыл  шын кезінде бұлай емес-ті... Ілгері бас қан аяғы кері кетіп 

жүрдім-бардым істей тін, шетінен қырсық еді. Бүгінде солар адам 

танығысыз өзгерген. Қараңғы деуге бола ма осы жұртты? Көкірегі 

ояу, ақжарқын көңіл ді, жомарт халық! Шетінен еңбекқор, көр-

діңіз бе, бап-күй талғамай құлшына кірісіп жатқанын... – деп 

сүйсініс білдірген-ді комбинат директоры Иван Васильевич Деев.

Ұлытауға Деев орталық Ресей мен Сібір түрмелерінің дәм-

тұзын біраз уақыт татқан соң, бас-еркінен айрылып, жер ауда-

ры лып, 1913 жылы келген-ді. Ояз әкім шілігі оны Байқоңыр 

кәсіпшілігіне фельдшер етіп тағайындайды. Қызыл Пресня да-

ғы (Мәскеу) 1905 жылғы көше шайқасында шыңдалған больше-

вик, әрине, мұн да да тыныш жүр мейді, шахтерлердің астыртын 

ұйымға одақтасып, саяси күреске ойысуына ұйытқы болады. 

Қазақ тілін үйре 

ніп, бұқара халықтың мұң-мұқтажын өтеуге 

септігі тиіп, әсіресе ауырып-сырқағандарын ақысыз емдеуі оны 

«Першіл Иван» атан  дырып, жергілікті тұр ғын дарға жақындата 

түскен. Иван Василье 

вич жайында Қаныш Имантайұлы трест 

кеңсесінде әр қилы қауесет естіген: «Зауыт құрылысын зор 

қиыншылықпен бастадық. Шөл дала, ең қиыны – жол қатынасы, 

бір жә 


 

 

шік шегенің өзін төрт жүз шақырым жерден түйемен 



жеткізу керек. Қайда барсаң да – қаңыраған ескі жұрт, бүлінген 

шахта, қау сап тұрған цехтар... Ал соны тездетіп жөн деп, мыс 

береді деп күтіп отырған сенім ді кісіміз – кешегі фельдшер...» 

«Бұл қалай, техникалық сауаты мығым басқа кадр болмаған ба?» 

деп өзі таңданыс білдіргенде, Деевті менсінбей мұрнын шүйірген 

трест инженерлері бұл сұрақтың жауабын Қазақ өлке сінің басшы-

ларынан сұрауға кеңес берген.

Міне, өз көзімен көріп отыр: Иван Васильевич талантты ұйым-

дастырушы болып шықты. Біржосын тынымсыз адам. Қолымнан 

мұн дай іс келмейді деп қамығу жоқ. Жоқтан бар жасап, дүйім елді 

құрылысқа жұмылдырып, ертелі-кеш жүгіріп жүреді. Әсіресе 

жер 


 

 

 



гілікті тұрғындарды кіре жұмысына тар 

та білгені – трест 

басқармасының «жер гілікті халықтың рақымына байланысты» 

деп күні бұрын байбалам салған нақақ жаласын ал ғашқы айларда-

ақ теріске шыға рып ты. Ұлытаудың байырғы тұрғындары ком-

бинатты көліктен де, кірешіден де та рық тырған жоқ. Сірә, бұл 

қалпында зауыт, шахтаға да олар жасқанбай кірісетін тәріз ді...


165

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қарсақбай мыс зауыты – қазақ даласындағы тұңғыш ірі құ-

рылыс қана емес, бүкіл кеңестік мыс өндірісінің алғашқы қар-

лығашы еді. Төңкерістен бұрын салынған Оралдағы Калатин, 

Қыштым, Баймақ, Қарабаш зауыттары, одан соң Кавказдағы 

Аллаверді, Зангезур мыс өндірістері қайта жүргенімен халық 

шаруашылығының қажетін өтей алмады. Анығында солардың 

бәрі қосылып, ділгер мыстың жартысын ғана берді. Қал ған жар-

тысын үкімет алтынға айырбастап шетелден алуға мәжбүр болып 

отыр. Осы ол қылықты түзеу үшін таяу жылдарда тыңнан бірнеше 

мыс зауытын салуға шешім қабылданған. 

Қумола жағасындағы зор қарбаласты көрген сәтте-ақ Қаныш 

Имантайұлы бір түрлі асқақ сезімге бөленген: алып өндіріс, оның 

үлкенді-кішілі цехтары, анау төбе басындағы зәулім мұржа, ай-

дыны жарқыраған су бөгеті, жаңа қалашықтың еңселі үй лері... 

Бәрі-бәрін өңінде емес, түсінде көр ген дей; сахараны ұйқысынан 

оятып, қала салып, отырықшы ел етпек болған бала кү нін дегі 

қиял-арманы бір-ақ күнде жүзеге асқандай құд 

ды... Бақса, 

қиялы мен шындық арасы ұзап кетпеген. Ал өзі сол таңғажайып 

өзгерістің белсенді қызметшісі, жанды тетігі!



IV

Қарсақбайға жеткенде ол Геологиялық комитеттің маманда-

рымен бірге трест иелігіндегі кен орындарын аралауға аттан ған. 

О күнде бұл да оп-оңай шаруа емес-ті. Ең ұрымтал тұрған 

Байқоңыр көмір кені – Жосалы жолында, Қарсақбайдан ал-

пыс шақырым жерде, Жезқазған да сонша жырақта. Қорғасын 

кені екі жүз шақырым – Ақтөбе облысымен шекарада, ал Нілді 

кенішіне бару үшін қиыр даламен төрт жүз шақырымнан астам 

жол жүру қажет. Ақбұйрат пен Қарағанды одан да әріде.

Ұлытаудың байырғы тұрғыны КҮЗЕУБАЙ ЖИДЕБАЕВТЫҢ 

әңгімесі нен:

«Жайлаудан қайтқан мезгіл. Қара күз. Сымтас деген жерде 

қыстауымыз болатын, соның іргесінде отырғанбыз. Құдық ба-

сында тұр едім, ауылға қарай сар желіп келе жатқан бес-алты 

салт атты көрін ді. Карта сызып жүрген жемтемір болдың деп 

шамалап тұрмын. Талайы келіп жөн сұраған, талайын бастап 

жүріп жол нұс қағам.

– Ассалаумағалейкум!


166

Медеу СӘРСЕКЕ



Бәрекелді! Жемтемірлер қазақшаға судай деп кім ойлаған?! 

Пормалы борашке киген, сырықтай ұзынтұра жігіт жақындап 

келіп атынан түсіп сәлем берді. Үңіле қарасам – өзіміздің қазақ 

баласы.

– Жол болсын, інім. Танымасам, айыпқа бұйырма.

– Кен іздеушіміз. Мына кісілер – Ленин градтан келген қонақ 

мамандар. Өзім Мәскеуден шықтым. Ныспым – Қаныш.

– Бәрекелді, Қаныш шырақ. Қазақ баласының да жемтемір 

болып, өз жерін өлшеуге жеткені – қатарға ілінгені десеңші. Қа-

дамың қайырлы болсын!

– Күзекең отағасы сіз боларсыз?

– Шаруаңды айтсаң, Күзеубай да табылып қалар...

– Сарысу бойына жер шолып барамыз, жолбасшы болсаңыз 

қайтеді?..  

Ағылшынға жолбасшы болғанда, орыстармен тамыр атан-

ғанда, өзімізден шыққан азаматқа қызмет көрсетпейтін не 

көрініпті маған?! Қуана келістім де:

– Серіктеріңді үйге шақыр. Сусын ішсін, – дедім...

Сол күзден былай Қанышпен ағайынды кісідей дос болып 

кеттім. Бұл өңірде  табанымыз тимеген тау-тас, ат суармаған 

бұлақ бар дейсің бе, е, ол да бүгін ес тен кетпес өткенге айналды... 

Тобылғылы,  Айбат, Миқайнар, Шалғия, Қаражалға дейін, бір ше-

ті Манақа, Қызылтас, Қы зыл жарды сол сапарда, енді біразын 

келесі жылдарда армансыз шарладық, қарағым. Қанекең атқа 

шыдамды. Қасындағы серіктері ұзақ жүріске төзе алмай Жез-

қазғанға қайтып кеткенде сыр берген жоқ, сабаз. Ақыр аяғында 

екеу болып араладық. Екі кісі әлденеше күн кең даланы кезгенде 

айтылмайтын сыр қала ма? Менің айтатыным – ел әңгімесі, 

оқымысты серігімнің сөзі – жер мен дүние әңгімесі. Осылайша сыр-

ласумен күн ұзартып, түн қата жүріп, талай жерді сүздік. «Осы 

күнгінің саққұлақ тыңшысы – геолог» дер еді Қаныш. Онысы рас. 

Бұлақ, өзенге кезіксе аттан түсіп, су жағасын жаяу шарлап, кей-

де алақанымен құм сү зіп, сағаттар бойы қараудан жалықпайды. 

Тауға шықса, балғасын тықылдатып тас қашаумен болады... 

Тама еліндегі Жамантауға барғанда айтқанын қалай ұмы-

тарсың? «Күзеке, бұ ған да соға жү ре лік. Жаман тау ма, әлде 

жақсы тау ма екен, біл геніміз жөн ғой», – деп әдейі бұрылып, бір 

күн қона жатып, асық пай көріп шыққан соң: «Біздің халық жер 

атауға шебер. Мына тау рас жаман болды. Не үстінде, не астын-

да қазына жоқ, ит байласа тұр ғысыз, жел қыдырған панасыз 

167

ШЫҒАРМАЛАРЫ



жер екен» дегенін қалай ұмытасың?!..  Мен сонда  естілердің бір 

сөзін есіме алып: «Күл төбеге қазына көмдім, қымбаты үс тінде, 

арзаны астында» деген екен бұрынғылар. Қаныш шырақ, сен осы 

қолыңдағыны қомсынып, жерде жоққа қызығып жүр мегейсің. Кен 

асылы шығып жатқан Жезқазғанды қа рамай, қу медиен мына да-

ладан не іздей сің, нендей үміт күтпексің?» – дегенім де, айтқыш 

еді-ау, сабаз, қолма-қол термелеп: «Таза, мінсіз асыл тас су 

түбінде жа тады, өлмейтұғын асыл сөз ой түбінде жа тады. Су 

түбінде жатқан тас жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан 

сөз шер толқытса шығады» деп Бұқар жырау атамыз тектен-

тек айтпаған болар, бұл даланың біз білмейтін асылы іздемесе 

көріне ме?» – деп сөзден тосып еді мені.

Алғашқы сапарда екеуміз, ұмытпасам, толық бір ай ат 

үстінде болдық...»

Қаныш Имантайұлының жер шолған са 

я 

хатында қасында 



болғандар одақтық Геолкомның мамандары болатын. Ұлытау 

жонында олар 1924 жылдан беріде шолғын барлау жүргізген. 

Жетекшісі – Иван Степанович Яговкин. Ол кісі жайында трес-

тің бас геологі Мәскеуде бірталай жақсы лебіз ес тіген. Бесшоқы-

да бұрнағы жылы өзі геологиялық тәжірибе-тағылым алғанда, 

Русаков та оның есімін құрметпен атап, Сарыарқа қиырын қа-

жымай аралап, әлденеше кен орындарын ашқан аса жолды, 

іздемпаз геолог деген-ді...

Иван Степанович пен Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанда кез-

деседі. Айтулы кісі тәрізді, жас геологты бірден бауырына тартып

жылы шыраймен қуана қарсы алды.

– Хош келіпсіз, әріптес! Қазақ даласы жер-суы, табиғатымен 

етене таныс өзіңіздей тума маманды күткелі қашан. Біздікі не? 

Көк темді шығара келіп, күзде тайып бере міз. Тура сын айтқанда, 

жыл құсындай қо нақ халықпыз, – деген Яговкин іле жұмыс 

жайын баяндады. – Ағыл шындар бұл өңірді он жыл шұқылапты, 

тапқаны мәз емес. 235 ұңғыма бұрғылаған, сірә, жарымаған-ау 

деймін, тереңге аса бойламапты. Біздің адамдар екі-үш жылда 

біраз жерді түртпектеп көрді. Жоғарғы белдемде шұқанақ қабат-

тар бар. Бірақ көңіл толарлық көмбеге жолықпадық. Мына салы-

нып жат қан зауытсымақты жиырма-отыз жыл жемдеуге жетіп 

жатыр, соны тек ұқсатып ала алсақ...

– Неге? Шахталар қалпына келтіріліп, байыту фабрикасы іске 

қосылса – алу қиын бола қоймас, – деп қалған еді Қаныш. 



168

Медеу СӘРСЕКЕ

– Сіз жас мамансыз, Қаныш Имантаевич, – деді Яговкин 

кіді үнмен, – аптығы басылмаған, арыны қайтпаған дегендей. 

Тегінде, бұл өңірден жез түгілі, алтын тапсаң да – соны жер 

бетіне шығарып, қажетіңе жарату өте қиын әрі әлей қымбатқа 

түседі. Ең жақын деген темір жол бекеті төрт жүз отыз шақырым 

жерде, су мүлдем тапшы, төңірек құлазыған шөл дала, тұрғын 

халқы түгелдей сауатсыз. Иә, олар, көңі лі ңіз ге келмесін, ауыр 

өндірістен ештеңе сезбейді. Бұларға бірдеме үйрету үшін тегінде 

жиырма-отыз жыл қажет. Әлде орталық Ресейден келген жұ-

мыскерге сенеміз бе? Бос әрекет! Мына қу медиен далада олар 

ұзаса бір-ақ жаз тұрады. Онда да аңдамай келіп қалған соң. Бұл 

тауқыметті біз жыл сайын бастан кешіп жүрміз. Жалдап әкелген 

жұмыскердің екі жаз қатар істеп, келесі жылы қайыра келуі... 

Жо-жоқ, көрген де, естіген де емеспін. Неге сөйттің деп байғұс-

тарды кінә лауға болмайды. Қайдан шыдасын, жазы әлей ыс-

тық – аспан айналып жерге түскендей. Қысы ұлыған боран, аязы 

қытымыр! Көкөніс атымен жоқ, станокқа суды түйемен әкеле-

міз, ауыз суды алты қыр дың астынан торсық, сабамен тасимыз. 

Жарайды, жұмыскер мәселесін шештік дей ік. Өндіріске қажет 

суды қайдан аламыз? Мыс қорытуға қыруар отын керек, қайдан 

тасимыз? Қарағанды көмірін атарсыз. Сонау жеті жүз шақырым 

қиырдан түйемен тартамыз ба?

– Байқоңыр көмірі ше?

– Байқоңырдың қоңыр көмірі, шырағым, көп дегенде он жыл-

ға жетеді. Әмбе ол көмір деген аты болмаса, боқаты жанғыш за-

тынан көп, қызуы төмен, мардымсыз отын. Жоқ, Қаныш Иман-

таевич! Ағылшын жұрты ақы 

мақ емес, бақырды алтын етуді 

ертеден біл 

ген есепқор халық. Өзіңіз де байқарсыз, олардан 

қалған геологиялық құжаттар жеткілікті. Мен бәрін де шолып 

шықтым, терең барлауға ағылшын инженерлері сірә да баспаған. 

Неге? Иә, иә. Үстіңгі қабаттағы тотыққан кеннің құ нар лы көм-

бесін қаймақтай қалқып алып, ойыншық зауытта шала мысқа* 

айналдыруға жоба жасаған. Олар мұнда небәрі он екі жыл жұмыс 

істейміз деп есептеген. Түсіндіңіз бе, бар-жоғы он екі жыл!?

– Жезқазғанға сенбесек, оны қорлы кен орны демесек – жеті 

миллион сом қаржы жұмсап, Қарсақбай зауытын неліктен қайыра 

жөндеп жатырмыз? Жол бойы көр 

дім, қаншама жүк тасылу-

да, құрылыс жұмыстары да  ірге көтерген!.. Осынша бейнеттің 

* Қара мыстың техникалық атауы.



169

ШЫҒАРМАЛАРЫ

керегі қанша? Даланы мәңгі ұйқысынан оятамыз деп ұран салып 

жүргеніміз де бос сөз болғаны ғой, – деп кексе әріп тесінің сөзін 

бөлген-ді Қаныш Имантайұлы, имандай сеніп келген кен орнының 

бағасы көз алдында құрдымға құлдилап бара жатқанына шыда-

май.

– Жассың, шырақ, жассың! – деп салды Яговкин мырс етіп. – 



Бұл өндірісті негізгі цехтары бұрыннан орнаған соң еріксіз са-

лып жатырмыз. Дыбецтің** есебінше, мұндағы ауыр жабдықты 

бір жаққа көшір 

геннен гөрі кемтігін толтырып, біраз жылға 

жүргізген тиімді болған. Ал соны неліктен бұрынғы жобасынан 

үлкейтіп салып жатырмыз, не үшін? Оның жауабын Дыбецтің 

өзінен сұра, шырағым. Ал мен Ұлытаудай қиянға үлкен өндіріс 

ашуға ту бастан қарсы болғанмын. Бұл – бір. Екіншісі, зауыт 

тұрғызылып жатыр екен деп малданып қалмаңыз. Осы да зауыт 

па екен? Ойыншық, далбаса көңіл дің алданышы! Кеніштермен 

қатынас – тар табанды темір жол, он тоғызыншы ғасырдың техни-

касы. Сырт өмірмен байланыс – түйе, өндіріске пайдаланбақ суы-

мыз – көктемгі қар суы. Үлкен істі бұлай бастамайды. Болашағы 

зор кенді игеруге бұлай кіріспейді тегінде...

Қаныш Имантайұлы әлгі тәжікеден соң  жасы үлкен әрі тә-

жірибелі маманға ештеңе деген жоқ, үнсіз тыңдады.

Келер күндерде Яговкин жас әріптесін Геолкомның зерттеу 

партиясы үш жылдан бері жүргізген барлау нәтижелерімен таныс-

тырды. Одан соң екеуі жолбасшы алып, Жез ді өзенінің бойына 

шыққан, қайтарда Кеңгірдің жағасын шола оралған. Иен дала-

ны емін-еркін аралау, әлденеше күнге со зыл  ған ұзақ сұхбат екі 

геологтың етене жақындасуына түрткі болды. Жосалыға аттана-

тын күні геологиялық мұрағатты тапсырып отырып:

– Біраз күн дәмдес болдық. Үлкендік жө німен бір ақыл айтсам, 

ренжімейсіз бе, Қа ныш Имантаевич? – деп Яговкин тың әңгіме 

бастаған-ды.

– Назарым сізде, Иван Степанович.

– Сіздің халықта «Қыран құстың қанаты ұшқанда қатаяды» 

деген нақыл сөз бар екен, жуықта естіп таң қалдым. Меніңше, 

ерекше мәнді сөз! Сізге де тезірек ұшу керек, достым. Иә, иә, 

қанатыңызды бекем қатайту үшін де биікке самғау керек! Сол 

үшін де айтамын: Жезқазғанға малданып қалмаңыз, болашағы 

баянсыз кен. Иә, ащы болса да шындық солай. Сол себепті мұндағы 

** Дыбец С.С. – Атбасар тресінің сол қарсаңдағы басқарма бастығы.



170

Медеу СӘРСЕКЕ

барлауды бірер жылда аяқтап, басқа бір –  қоры мол, сүбелі кенге 

ауысу керек. Қазақ даласын геология лық жағынан әлі күнге дейін 

зерттелмеген тың өлке деген уәж рас. Сіздей жас геологқа өзіңіз-

ді танытар, бақ сынар қазына қазақ даласында аз емес, тек соған 

салымыңыз болғай!..

– Рақмет ілтипатыңызға!

– Жезқазған қыртысын қалай шұқыласаңыз да еркіңізде. Бұл 

жаққа мен сірә да қайтып оралмаспын, сізге сол үшін де рақмет – 

ауыр міндетті мойнымнан алғаныңызға!..

Яговкин аттанып кетті. Қалдырған мұрасы – Жезқазғанның 

кен төбелері Сорқұдық пен Милықұдықты айнала ораған шурф 

пен жыралар; қағазы сарғайып, шеттері жырымдалған ескілі-

жаңалы барлау құжаттары. Иә, соның алдағы жылға жобаланған 

көлемі бес бет геологиялық нұсқау-кеңес. Иван Сте 

панович 

ұсынған кеште-ақ Қаныш Имантайұлы оны мұқият оқып шыққан. 

Оқып қа на емес, әр сөзін көкейіне тоқып та алған. Ұққаны: 

Жезқазған кені – қазақ даласында жиі кездесетін тотыққан кен 

орын дарының бірі; мысы бар, құнарлы, алай да қоры мардым-

сыз – мықтағанда Қарсақбай мыс зауытын отыз жыл шикізатпен 

қамтамасыз еткендей ғана; сол себепті бұл ауданда колонкалы 

қымбат бұрғылаумен шұғылдану тиімді емес; кең көлемде және 

тұрақты жұмыс істейтін барлау қызметін ұйымдастыру да өзін 

ақтамайтын шығын... 

Туған жерінен кен көмбелерін тауып, ел кәдесіне тезірек жа-

ратуды армандап жүрген геолог жігіт кексе әріптесінің мейлінше 

тұжырымдап айтқан, жазып та қалдырған пайымдауына сенер-

сенбесін білмей, екіұдай ойда қалды.




1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал