Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 5.2 Mb.

бет1/51
Дата14.09.2017
өлшемі5.2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

Сәрсеке М. 

Шығармалары / М. Сәрсеке. – Астана: Фолиант, 2015. 

ISBN 978-601-7568-20-7

Т.4. 


Қазақтың Қанышы. Деректі ғұмырнама-роман

 –  640 б.



ISBN 978-601-302-247-5

Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәт-

баевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын 

сарп етіп, біртуар ғалымның жар 

қын бейнесін тартымды һәм 

тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер. 

Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты 

әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-

дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, 

хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай-

даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқи-

ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес-

терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ер лікке толы істерін саралап та, 

даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз 

ұлықтаған  ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды 

бейжай қалдырмас деген үміттеміз...     

Қолыңыздағы роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет 

басылып, әлемнің 112 еліне тарағанын ескертеміз.

 

ISBN 978-601-302-247-5 (Т.4)



ISBN 978-601-7568-20-7

УДК 821.512.122 

ББК 84 (5Қаз)-44 

       С 28

© Сәрсеке М., 2015

© «Фолиант» баспасы, 2015

УДК 821.512.122 

ББК 84 (5Қаз)-44

С 28

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша жарық көрді


3

ШЫҒАРМАЛАРЫ



Бірінші бөлім

БАЯНАУЛА АЯСЫНДА

«Адам ата-анадан туғанда естi болмайды: естiп, көрiп, ұстап, 

татып ескерсе – дүниедегi жақсы-жаманды таниды дағы, сондай 

iстен көргенi көп... адам бiлiмдi болады. Естiлердiң айтқан сөз-

дерiн ескерiп жүрген кiсi өзі де естi болады. Әрбiр естiлiк жеке өзi 

iске жарамайды. Сол естiлерден естiп, бiлген жақсы нәрселердi 

ескерсе, жаман дегеннен сақтанса –  сонда iске жарайды...» 

                                                  



Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫ, 

19-сөз, 1893 жыл

«...Ме нің тұлғамды Сіз жет кі лік ті білесіз: мен қазақпын – 

жаратылысым да, жаным да қазақы; ой-түйсігім бойынша да 

қазақпын; алдағы өмірімді тек қана туып-өскен Қазақстанда 

өт 

кізбекпін; бұл жолда айға қол созған армандарға беріліп 

асқақтаудан адамын; сондай-ақ сөзсіз кездесер қиыншылықтан 

алабөтен безінгім кел мей ді; жан тыныштығын да шат-шадыман 

тұрмыстан гөрі рухани күрес жолында өткізгенді жөн көремін; 

сол үшін тір ші лік тің барлық күйтінен бас тартып, Қазақстан 

қиырында «кезбе» болып, өмір-бақи кен іздеуге құштармын...»

 

                                                    Қаныш СӘТБАЕВ, 8 ақпан, 1927 жыл

        Таисия Сәтбаеваға Мәскеуден жолдаған хатынан 

«Әлемнiң отыз алтыдан бiр бөлігiн бостандық сүйгiш қазақ 

халқы жайлап отыр. Қазақ деген сөздiң өзiнде еркiндiк рухы 

атойлап тұр. Сол үшiн де бiздiң халық талай ғасырды үздiксiз 

күреспен өткiздi. Оның сана-сезiмiнде бұл сөз киелi де ұлы ұғым 

болып қалыптасқан...»

                                                                      



Қаныш СӘТБАЕВ, 1949 жыл 

4

Медеу СӘРСЕКЕ



КЕНЖЕТАЙ

 I

Сәтбай қажыға қарасты Кіші ауылдың тұрғындары көктем 

шуағы жылт еткенде-ақ қыстауды тастап, Қарамұрын қырқасына 

қоныс аударған. Рас, бәрі емес, жол-жөнекей тігетін ұранқай 

үйлерімен ғана көшкен. Ас-су, қазан-аяқ қорада. Жайлауда, күн 

қызған шақта тігіле тін үлкен үйлер де қоймада жатыр. Бұлар қора 

іргесінен аулаққа қонып жұрт ауыстырып жатқанда, төңірек те-

гі ауылдар жайлауға көшуді бастаған. Соның алғашқы белгілері 

қыр астындағы қара жолдың бойынан белең беріп, кешелі-бүгінді 

боздаған түйелер даусы мен арбалар ши қылы, үрген ит, дабырла-

ған адамдар үні ес тіл ген. 

Сәтбай ауылы бірақ қыбыр еткен жоқ, жайбарақат қалпында 

отыра берді: күннен-күнге қы зуы молайып жадырай түскен күн-

шуақты сезбегендей, бірер апта бейғам отырса – қаржас ауылда-

рының қалың көшінен қара үзіп, күллі Ақкелін атырабында со-

пиып оңаша қалатынын біл мегендей сыңай аңғартты... 

Сәтбайдан екі ауыл тарайды. Бірі – қажы ның қарашаңыра-

ғы орнаған Обалы биігінің іргесіндегі Үлкен ауыл да; екінші-

сі – Қарамұрын дөңі нің түстік етегінен ірге тепкен Кіші ауыл – 

Имантайға қарасты екі-үш үй. Екі ауылдың арасы қозы көш жер. 

Ортада шалғыны белуардан келетін кең өлке жатыр, оны қақ жа-

рып, Айырық атты жіңішке өзен ағады. 

Айырықтың теріскей жағасына Имантай ауылы шаңырақ кө-

тергенде небәрі екі түтін еді – Имантайдың отау үйі мен аталас 

ағайын Қасен нің отбасы. Бертінде бұларға тағы да екі үй қо сыл-

ды. Айналасы бес-алты жылда жатаған қырқаның етегі өріске 

шығарар қараң-құраңы едәуір, көрікті мекенжай болып бой 

көтерді. Бүгінде Кіші ауылдың түтіні бұрынғыдан да жоғары. Екі 

ауылдың үлкен-кіші сінен бір жан Имантайға: «Би-аға, мұның не? 

Топырақ қауып ескі қыстауда қашан ғы отырамыз?» – дей алмай-

ды. Қайсысы болсын, алдына шақырса – бидің қабағын бағып, не 

айтасыз дегендей қол қусырып қарап тұрады... Имантай бидің 

қадірі өзіне қарасты екі ауылмен ғана шектелмейді, оның бірауыз 


5

ШЫҒАРМАЛАРЫ

сәлемін ат шаптырым төңіректегі қаржас, бабас, атығайда, бүкіл 

Ақкелін болысында екі айтқызбай орын дау – соңғы 10-15 жылда 

бұлжымас рәсімге айналған өнеге.

Сөйте тұра ол да кеудесін кернеген өксіктен құралақан емес-ті. 

Имантайдың өмірдегі зор өкініштерінің бірі – бала зары. Бәйбішесі 

Нұрым Тасболат қызына ол алпысыншы жылдары үйленген. Со-

дан бері отыз жыл өтті. Жастай қо сылған жарына өкпесі жоқ, 

өмірдің небір қы зық, бақуатты кезеңдерін жарастықпен өткізіп 

келеді. Тағдырдың қатал жазасына не шара, ертеректе көрген 

Күнше есімді қыз бала ғұмырлы болмады, жүгіріп жүргенде 

дүниеден өтті. Ал бала зары жасы  ұлғайған сайын зорайып, жү-

регін сыздатады...

Имантай би мен Нұрым бәйбіше осы өксік ті сәби үнімен басу 

үшін ырым етіп, бала баланы шақырады деген жорамал үмітпен 

жас тары елуге еңкейгенде тетелес інісі Жәміннің Әбсәләм есімді 

ұрпағын жөргегін құрғатпай бауырына салған. Сол жылы Үлкен 

ауылдан бө лі ніп, өзен нің теріскей жағасына, Қара мұрын қыр-

қасының етегіне жұрт ауыстырды. Екі-үш жыл өтті. Бүкіл әулет 

сол күнде қазақ қауым ына міндет еткен орыс рәсіміне ден қойып 

Сәтбаев атанғанда, Әбсәләм балақан Имантаев болып жазылды 

(Осы кісіден тараған неше тізе әулет күні бүгінге дейін сол уәжді 

бұзбай, Имекең есімін иеленіп келеді). Әбсәләм мұ сыл маншылық 

парызын өтеп, сүндет атына ие болды. Кіші ауылдың еркетотайы 

атанса да соңынан не іні, не қарындас ертпеді. «Бала сыз үй – қу 

мазар, ұрпақсыз ата – жұртта азар» қаупі кіші ауылдың иесінің 

жасы ұлғайған сайын көңілін құлазытып бұрынғыдан да ұлғая 

түсті.

Құса күндердің бірінде Имекең әлде 



қайдан келе жатып иесіз далаға 

түнейді. Айдалада жалғыз жатқаны көңілін елегізітті ме, кім білсін, әлден 

уақытта ақбоз атты, ақ сәлделі, ақ шапанды әулие кейпіндегі жан иесі үстіне 

төне түсіп: «Ей, пенде, құла дүзде жападан-жалғыз жатқаның қалай?» – деп 

шүйіледі білем. Жолаушы аң қуып жүріп, серік терінен адасып қалғандығын 

айтады. «Е, байғұсым, жоққа жеткен жүйрік көрдің бе, сағым қуған адамда 

ырыздық болмай тынын білсең керек-ті. Бұдан былай жалғыз жүрмін деп бе-

керге налыма, жарқыным, қойныңа жаратылыстың үш шаранасын салдым, 

соларға емініп мау қыңды бас!» – деп ғайып болады. Әлденеге күсталанған 

жолаушы олай-бұлай қарманса – түлкі нің, қасқырдың жә не барыстың (кей-

бір айтушылар арыстанның деседі) көзін енді ғана ашқан күшік тері екен, 

бейкүнә мақұлықтар қашудың орнына қолтығына кіре түседі-міс...



6

Медеу СӘРСЕКЕ

Таң саз бере біржола оянған би өрекпі ген көңілін баса алмай, әлгі бір 

ғажап көрініске жан дүниесі елжіреп біраз жатады да, едәуір бұрыс болса 

да, Төр туыл* жұртының батагөй қарты Құр мантай абыздың ауылына ат 

басын бұрады. «Жақсылықтан үмітіңді үзбе, қадірменді Сәтекем ұр пағы! – 

дейді абыз Имантайдың түсін қуанышқа жорып. – Ауылыңа барған соң әке-

шешеңнің алдынан өтіп, төсек жаң ғырт. Алла хош көрсе – үш перзент көре-

сің, біреуі түлкідей сылаңдаған көрікті қыз бала болар, екеуін бөрідей айбар-

лы, арыс  тандай қайратты ұлдарға жорыдым... Аққа оранып келіп аян берген

сірә, Қыдыр атаң,  өзің ұзақ жасап, бақ-жұлдызың жар қырап, перзенттерің 

атыңды алты алашқа таратып, бақытқа шаш етектен кенеледі екенсің. Тәубе 

деп, хақ тағаланың шексіз құдіретіне құлшылық етуден жаңыл ма...»

Астындағы жүйрік торыны батагөй абыз ға ата ған Имантай 

ауылына жеткенше асығады. Келе-ақ көрген-білгенін сол күнде 

жетпісті еңсерген әкесі Сәтбай мен шешесі Күнсұлуға жеткізеді. 

Олар да тәубе десіп, боз бие сойғызып, құрмалдық жасау дың 

соңында ибалы қылығымен өздеріне сүй 

кім 

ді келін болған 



Нұрымға сөз салады һәм еріне кіші қосақ таңдауды оның өзіне 

міндеттейді. Шарасыз жағдайды жүрек ділімен түсінген Кіші 

ауылдың бәйбішесі төсек күндес жанды алты шақырым жердегі 

жақын ағайын Шор ман ауылынан таңдайды: ол – күйеуі Қанафия 

(Қашапеддин) Мұстафаұлы жастай өліп, жесір қалған Әли 

ма, 


имандылығымен елге танылған Иса қажының қызы еді...

Имантайдың төсек жаңғыртуы – 1890 жыл. Әлиманың жасы 

сол күнде жиырма сегізде деседі. Аққұбаның әдемісі, қой көзде-

рі адамға жылы шыраймен жымия қарайтын тәрбиелі Әлима 

жаңа жұр тында да үлкен-кішіге бірдей сыйлы болып, жұғымды 

қылығымен танылады. Үлкен шаңырақтың қадіріне лайық иба-

лы мінез көр сетіп, кең пейілді, қолы ашық, абы сын-ажынға жа-

ғымды жан болған. Ауыл-аймағы оны «То қал», «Кіші қатын» деп 

кемсітпей, «Ақ жеңе ше» атандырады. Әлиманың қадірі, әсіресе 

перзент көтеріп, ауыл ағасының өзегін өртеген өмір бойғы зар-

күйігін іңгәлаған бала даусымен тарқат қаннан беріде өзгеше арта 

түседі. 1882 жы лы туып, ақсақалы төртінші мүшеліне тақаған 

шағында сүйген тұңғышының есімі – ҚАЗИЗА. Екі жылдан соң 

Әлима тағы да перзент көтереді. Жасы қырық тоғызға шыққанда 

төртінші мүшелінде зарығып та, сағынып та көр ген ұлына Име-

кең ерекше қуанып, ат жарыстырып, палуан күрестіріп той жа-

саған деседі. 

* Арғын тайпасының бір тармағы Сүйіндіктен тарайтын төрт ру жұрт Төртуыл 

деген, түп негізі – төрт ауылдың қысқарған түрі. 


7

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қасиетті Құран кiтабын қолына ұстап отырып, азан айтып, 

аузы дуалы Құр 

мантай абыздың нәрестеге еншілеген есiмi – 

FАБДУЛҒАЗИЗ, арабшадан аударғанда FАБДУЛ – құл, FАЗИЗ – 

адал деген ұғым ның баламасы, демек ол адамның емес, Алланың 

адал құлы болуға тиіс. Алайда адам баласы долбарлайды, ал жаз-

мыш өзiнше жасайдының керi болды: Имантай шаңырағына мол 

қуаныш әкелген сәби анасының сол сәтте аузына оралған Бөкеш 

деген ба йырғы қазақы есiммен ауыл-аймағына танылды. Тек рес-

ми құжаттарына азан аты қысқарып, Fазиз деп жазылмақ.

Көшіп-қонумен күн ұзатқан қазақ ауылының ежелгі тірлігі-

мен аттай бес жыл өттi. О күндегі жұрт алға ентелеуді тілемеген, 

уақыттың шабан өгiздей сылбыр жылжығанына тәубе деген. Тұла 

бойы тұңғышы Қазиза жетiге шықты. Қолаң шашы екі бұрым боп 

өріліп, үкілі тақия киіп бұлаң өскен, кезек әлпештеген екі ана-

сының қойнына алма-кезек жатып жүрген еркетотай бүлдiршiн 

де қазақтың етене ғұрпынан құтылған жоқ, жасы беске жетер-

жетпесте Мырза ауылынан құдалар келiп, баланың шашбауына 

жiп тақты: сірә, Әлимаға әмеңгерлік құқын сақтамай, Сәтбай 

ауылына жол берген есесін қайтаруды ниет еткен; сол күннен бас-

тап Қазиза қыз Шорман биден туған «төрт асыл тастың» (Бiржан 

сал Қожағұлұлының Сара ақынмен айтысында қолданған теңеуi) 

бiрi – Әужанның (Әбу-Сина, Әбуғали) Ақыш деген жасөспірім 

ұрпағына атастырылды. Ал бiр өзi екi есiмге ие Fазиз-Бө кеш болса 

бұл кезде сүндет атына мiніп, екi ауылдың ортасында оны-мұны 

шаруаға жүріп-тұруға жарап қалған-ды. 

Ырымшыл Имантай әулие абыздың баяғы жорамал сө 

зi 


не 

имандай сеніп, нәресте күтуден жаңылмаған. Қос қосағынан сол 

ойын жасырмай: «Құдай берерiнен жазбасын деңдер, тағы бiр 

мәрте бала сүйемiн. Бiздiң әулеттiң атағын тегiнде шартарапқа 

жаятын нағыз барыс сол болады», – дейдi екен. 

Әлиманың алғашқы күйеуі Қанафия мар құм өкпе сін денде-

ген құрт ауруынан опат болған. Құдай қосқан жарына марқұм-

ның қалдырып кеткен «мұрасы» да – кеуде дерті. Сол дерт байғұс 

әйелді жаңа жұртында да босатпай, балалы болып, бағы жанып, 

қадірі артқан сайын бойын меңдеп, шыр айналдырып баққан. 

Әсіресе, биылғы қыс. Бір күн сау болған жоқ, ыңқыл-сыңқылы 

көбейіп, көш-қонды, жол тауқыметін көтере алмайтын дәрменсіз 

халге жеткен. Оның үстіне байғұс әйелдің аяғы ауыр, босанатын 

мезгілі таяу-ды. Сол мезет жақындаған сайын қажыға қарасты екі 

ауыл жүкті ананың қасына кексе әйелдерден күтуші қойып шы-

дамсыздана тосуда...



8

Медеу СӘРСЕКЕ

Көкек айының туарына бір тәулiк қалғанда ақ түйенiң қарны 

ақтарылды. Әлима ұл туды. 

Бұл жолы да Құрмантай абызға жаушы жiбер iледi. Жайлауға 

ұзап кеткен жолынан батагөй қарт кейiн қайтады. Екi ауылдың 

үлкен-кiшiсi Имантай бидiң қонақ үйiне жиналып, алқа-қотан 

отырады. Енесiн арда емген жабағының астау толы етi желiнгеннен 

кейiн дастарқанға бата жасалады. Исi қаржастың үлкенi сана-

лып, дүйiм ел қадiр тұтатын Құрмантай ақсақалдың (Бұқар жы-

рау Қалқаман ұлының ақындығы дарыған, XIX ғасырдағы Құреке 

аталған ұрпағы) алдына құндақтаулы нәресте келтіріледі. 

– Қадiрмендi Имеке, – дейдi абыз ауыл иесiне қарап, – мына 

балаңды ел билейтiн бек, иә болыс, мырза, әлқисса батыр деген 

балама есімге байламаймын. Мұның да есімін ат ұстар үл кенiң 

Fаб дул ғазизге ұқсатып Fабдул қоя мын. Тәу бәшіл көңiлiң разы 

болғай,  жа да  ғай-жабы құл емес, еңсесi биiк һәм мәр    те белi құл 

атансын деген үмiтпен Fаб дул ғани атаймын... – Қарт абыз нәрес те-

нiң үлбіреген бетiн ашып, ашық маңдайын емiне иiс кеп, құлағына 

тақай түсіп, – Ей, бейкүнә балақан, бұдан былай сенiң есiмiң FАБ-

ДУЛ ҒАНИ,  FАБДУЛҒАНИ,  FАБДУЛ ҒАНИ  болады! – деп үш 

мәрте қайталап, дұ ға оқып, рәсiмдi батасын жасап, бетiн сипады. 

Нәресте қыбыр еткен жоқ. Өзі үшін өзгеше оқиғаны сезбеген, 

маужыраған қал пы Нұрым шешесiнiң алдына қайтарылды. 

– Fабдулғани! Fабдулғани! – деп қостайды үйдегi үлкендер. 

Төл шаңырағындағы осы оқиғаны Иман тай би қастерлеп ұс-

тайтын Құ 

ран кiта 

бы 

ның қалың мұқабасының ашық жер 



iне

«Доңыз жылында, жаңа есеппен 1899 жы 

лы наурыз айында, 

яки марттың 31-жұлдызында мейi р iмi мол Жаппар Жаратушы 

Имантай есiмдi құлына ұл сыйлады. Есiмiн Қасиеттi кiтаптан 

қарап, Fабдулғани қойдық», – деп тәптiштеп жазып қойыпты. 

Есімге ие болған балақан сәлден соң өз анасының қасына апа-

рылады. Алды-артына тау ғып үйілген құс жастықтардың қым-

тауында, үлкендi-кiшiлi абысындарының қоршауында отырған 

бақытты Әлима кiшкене бөбе гiн мейiрлене иiскеп: 

– Мәртебелi құл дедi ме абыз ата? – деп қайыра сұрайды да, 

кенет ойнақы қылықпен жымиып, басын шайқайды. – Жоқ, Би-

атаң перзентi ешкiмге құл болмайды, иә, иә, құлдың мәртебесi 

биiк еңселiсi де… Ең абзалы, бұл шiркiндi FАНИ деймiз. Қыс қа әрi 

нұсқа! Әлде FАНЫШТАЙ дейміз бе? Иә, тап солай, есiмiң құтты 

болсын, Fаныш тайым менiң, ұзақ жаса, мәңгi менің қызығым! 


9

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Жазмыштың жазуы десек те рауа, күллі ауыл қуаныштаған 

мерейлі сол кеште, орауда отырған Әлима анасы аузына алған 

есім нәрестеге бiржола бекіген: ауыл-аймағы баланың азан атын 

ұмытып, Fаныштай деп, бертінде Fаныш дейтiн болды (Шама-

лауымызша, мектепке қатынап, сірә, орысша жазу үрдiсiне түс-

кен кезде сол есім тағы да өзгеріп, ҚАНЫШ болып түрленген)... 

* * *

Сәтбай ауылы құртақандай Қаныш пен оның дiмкәс анасы 



Әлиманың бабын ойлап,  қыстаудан көкектi ұзатып көшкен. Жол-

шыбай да үдере қозғалмай, әлденеше жерде еру болып, ат-көлiк-

терiн тынықтырып баппен жүріп отырып, мамырдың аяғында 

ғана Шабақай өзенiнiң жағасына жеткен. Бұрнағы жылдары олар 

Нияз тауынан да әрi асып тоқтайтын. Ақкелін болысының биінің 

қалауы биыл өзгеше болып, кiшкентай бөбегiнiң шiлдехана то йын 

осы арада, исi қаржас ауылдары жиын отырған төр жайлаудың 

кіндік  ортасында өткiзудi жөн көрді. 

 Әкеден олар төртеу еді: Имантай, Әмiн, Зейiн, Жәмiн. Төртеуi 

де балалы-шағалы. Енші алып, бөлек ауыл шыққан Имантай ғана. 

Тетелес екi iнiсi кенже бол ғандықтан қара шаңырақ иесi атанған 

Жә 


мiн 

нен iрге бөлмей, бірге отыруды жөн көрдi. Ағайынды 

үшеуiнiң өрiске шығарар малы – осы төңiректегi төрт түлiктi мың-

мыңдап айдаған ағайындарының қатарына жеткен жоқ, бiрақ 

кейiндеп қалған сорлысы да емес… 

Ф.А. Щербина экспедициясы 1897 жыл  ы күллі ресейлік санақ деректерiн 

әжетіне жаратып жарыққа шығарған «Павлодар уезi» кiтабының 152-бе тiнде 

«Ақкелiн болысының №1 ауылында тұратын Сәтбай Шотектiң (кiтапта со-

лай,  «ауыл ақсақалы» деп көрсетiлген) қарауында 8 түтiн: адам саны – 60, 

олар 9 үй де қыстап (бiреуi ағаштан бұралған), жайлауға 11 киiз баспанамен 

көшкен; ор тақ малы – 265 бас жылқы, 119 iрi қара, 30 түйе, 611 бас қой мен 

95 бас ешкiсі болған; соларды бағу үшiн отбасымен екі бақташы жалдаған, 

жаз бойы екi ауыл 650 шөмеле шөп шапқан; қыстауында суы кермек татитын 

екi құдығы болған, ал қыста қар суын пайдаланған» деп көрсетілген.

Имантайға қарасты Кіші ауыл еншіге тиген бірер үйір жылқы 

мен жүз қаралы ұсақ малды көбейтпеген. Шақтап ұстаса, ел 

арасындағы дау-дамайға билік айтқан сайын құлқын қамын 

ұмытпаса – бөлек ауыл шыққаннан бергі жылдарда қо лындағы 

дәулет қаншаға көбейер еді? Алайда Имантай би парамен мал 


10

Медеу СӘРСЕКЕ

жиып, шіріген бай болуды ту  бастан тәрк еткен; алдына жүгініске 

келген даугерлерге әділ төрелік айтып, тура қазы атанудан 

айнымаған. Сол үшін де қаржастың мың айдаған байы болмай, 

қолы ашық, сері көңілді, аузы уәлі, билігі баянды әділ азаматы 

атанған. Қанағатшыл кексе би бұған да тәубе дейді. Дүниеден 

перзентсіз өткенде қайтер еді?.. 

Жасы елудің төртеуіне шығып, ел ағасы атанып, егде тартқан 

шағында үшінші мәрте балалы болған соң несіне тартынсын?! 

Шабақай жағасындағы ата қонысында Қаныштың шілдехана 

тойы өте тінін жариялады: сөй тіп, төр жайлаудың кіндік ортасы 

сойыстан құр болмады; думан-қызықтан екі ауыл да жаз бойы 

арылмады; белдеуден ат, жерошақтан от сөнбеген деседі осы 

тойдың дақпыртын естігендер...

II

Ресей империясы өзiне қараған бодан халықтардың жер ие-

лігін шектеп, ақыр аяғын да бiржола тартып алу саясатын бекем 

ұстан ғаны мәлім. Соның жол-жобасы қазақ даласына күнбатыс 

пен теріскей шебінен кіріп, бекіністер мен іргелі қалалар сала 

бастағанда-ақ жасалған. Ал дала халқын біржола иеленуге 

бұғалық 1822 жылы «Сiбiр қазақтарын басқару Жарғысы» аталған 

жаңа низамның өмiрге енуімен түскен: Орта жүздегі хан билiгi 

жойылып, оның орнына се  гіз дуан құрылады; солардың бiрi – 

1833 жы лы ашылған Баянауыл дуаны, оған 11 болыс ел қараған... 

Жаңа дуанның әкiмшiлiк орталығы 1826 жылы iрге тепкен 

Баянауыл станицасында орныққан. Станица атанғандықтан оның 

негiзгi тұрғыны казак-орыс тар болуға тиіс. Соған орай нулы-су-

лы өңiрдiң шұ райлы жері мемлекет қарамағына алынып, жаңа 

қоныстанушыларға үлестірілген. Ал олар Ресейдің ішкі өңірінен 

мың-мыңдап көшірілетін крестьяндар мен казактар болмақ. 

Ақыры, солай болды. Қазақ сорлы неше атасынан бе рi құтты ме-

кен болған құнарлы аймақтарынан айырыла бастады. Шорман 

бидің әулеті ертеден орныққан ата қонысы Мырзашоқының да 

күндердің күнінде қазына жері атанып, станицадан алысырақ 

өңірден жер іздеуге мәжбүр болуы – соның салдары. Кім-кім, 

Баянауыл дуанына әлденеше жыл билік жүргізген полков-

ник Мұса Шормановтың өзіне қарайтын жер-суды емін-еркін 

пайдалануға құзыры жетсе керек-ті. Жоқ, жетпеген!.. 



11

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ҚР Мемлекеттік мұрағатының 345-қор, 329-ісінде Қаржас болысы-

ның 18 азаматының Батыс Сібір генерал-губернаторына жолдаған өтініші 

сақталған: «Біз төменде қол қой ып, таңбаларымызды бердік. Үшбу хатны 

қазыға Баянаулаға, Диуан мах кә мәсін жері Ақкелінге ағаш үйлер салып, егін 

екпекші болдық, соның бәрін біз бес жылға келтірмекшіміз, есептеп бізге 

үшбу бұйрық болғаннан бастап. 1851 жылғы октябрьдің 17 күні. Управитель 

Мустафа Шор ман ұғлы, Әбуғали Шорманұғлы... Сәт бай Шөтік ұғлы қолым 

қойдым...»

«Егiн екпекшiмiз…» деген уәждiң астарында жайылым мен шабындығы 

мол Ақ келiн қорығын иемдену амалы тұрғандығын ескерту лазым: себебi, 

үкiмет егiн екпекші шаруаға жер бөлуге қолдау көрсетіп, алғашқы жыл-

дары алым-салықтан босатқан; құ 

рал-жабдық сатып алуға қаражат та 

берген… Әсілі, бұл амалдың орыс заңына жүйрік Мұса Шорманұлының 

ақыл-кеңесімен жүзеге асқаны сөзсіз. «Павлодар уезі» кітабының 

122-бетінде жарияланған мына дерек те осы қарекеттен туған: «54 года 



тому назад потомки Малкозы (Осы өңірге Төртуыл елін бастап келуші 

Олжабай Малқозыұлының бастапқы атақонысы – М.С.) были вытеснены из 



Аккелинских гор, которых захватил Муса Чорманов, добившийся к этому 

времени звания старшего султана, благодаря своей энергии и выдачи двух 

киргизских героев, братьев Тайжана и Сейтена (Ағайындылардың әкесі – 

Сәти мырзаның туған ағасы Азнабай Ақмырза баласы, Мырзағұлдан тарай-

тын алты ұлдың үлкені. Демек, Мұса Шорманов Ресей өкіметіне жатты емес, 

немере ағаларын ұстап берген – М.С.), принимавших очень видное участие в 



движении Кенесары... Богатый, влиятельный хищник нередко захватывает 

пастбища, принадлежащие другому роду. Муса Чорманов, например, в быт-

ность свою султаном, поселил на кочевьях рода Тайкельтыр свыше ста ки-

биток своих родичей из рода Каржас...» –  деп алмағайып уақыттың өрескел 

қиянатын бүкпесіз жария еткен.

Жоғарыда келтірілген құжат Сәти мырзаның немересі Шор-

ман әулетiмен қоса, Шөтiкұлы Сәтбайдың да Қызылтау қола-

тындағы алғашқы қонысын тастап, 1851-1853 жылдарда Баян-

ауланың күнбатыс бөктерiндегi Ащы өзенi 

нiң кеңқолтық бо-

йына түпкiлiктi орныққанына куәлiк ете дi. Шорман бидiң қара 

шаңырағы суы көк 

темде айран-асыр жайылып, қаулап өс 

кен 

шалғыннан ұсақ мал көрiнбейтiн кең қорық тың ту ортасында-



ғы Аралтөбе қолатына, ал Сәт  бай ауылы алты шақырым түс-

тiкке, Айырық өзенiнiң жағасындағы Обалы биiгi 

нiң етегiне 

қоныстанады. Сірә, Баянаула орманынан кесiлген қарағай үй де 

сол кезде бұрал ған. Сәтбай Шөтiкұлы бұл қарсаңда отыз жас та, 

бiрнеше баланың әкесi атанған шағы. 

Обалыдағы жаңа қоныс Сәтбай отбасына қайырлы болды: 

1855 жылы ол төртiншi мәрте әке атанып, нәрестенің есiмiн 



12

Медеу СӘРСЕКЕ

Жәмiн қоя ды. Шәмшiқамар атты кенже қызы үш жылдан соң 

туыпты. Сәтекеңнiң шөбересi Fалым 

тай Fазизұлы Сәтбаевтың 

(1912-1999) осы кiтап иесiне ұсынған жазбаша естелiгiнде үлкен 

атасының осы балаларды екi әйелден көр гендiгiн ескерткен... 

Осы ауылдың көшбасшы ақсақалы ту ра лы екі дерек Қ. Исабай мен 

С.  Байжан  жа рия  лаған  «Қажыға  барған  қазақтар»  кi   та   б ын   да  келтiрiл-

ген: алғашқысы – баянаулалық тәуеп етушiлердiң 1901 жыл дың 31 жел-

тоқсаны күнi Ресейдiң шекара кеденiне берген ресми қолхаты; екiншi құ-

жат – Ақке лiн болысынан Меккеге аттан ған сегіз адамның тiзiмi, үшеуi –

75 жастағы Иса Шорманов, 80 жастағы Сәтбай Шөтiкұлы Сатаев және 74 жас-

тағы Алтыбасар Жыл қыбаев сол сапардан туған жұртына  оралмаған, үшеуі 

де Меккеде опат болған.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал