Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3.61 Mb.
Pdf просмотр
бет59/244
Дата13.11.2022
өлшемі3.61 Mb.
#23828
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   244
3 Қаныш роман-эссе
«1923 жылдың шілде айының жайдары күндерінің бірінде Бес-
шоқыда отырған біздің партияға боз атты екі жолаушы келіп, 


145
ШЫҒАРМАЛАРЫ
геолог Русаковты сұрайды. Сол екеуінің бірі Қаныш Имантайұлы 
еді... Баянауылдан бізге дейін кем дегенде төрт жүз шақырым, 
серігі екеуі сонша қияннан күн-түн жүріп, жолшыбайғы ауылдар-
дан кен іздеушілерді сұрап, ақырында қиыр даланың күнбатыс 
түкпірінде зерттеу жүргізіп жатқан барлау партиясын іздеп 
табуы – таңғаларлық табандылық.
...Геологиялық ізденіске арналған әрі мыс және басқа кен орын-
дарын барлау жұмысы күні-түні тоқтаусыз жүрді. Томда геоло-
гия ғылымының теориясына шұқ шия үңіл ген жас Қаныш енді 
тау жыныстары мен кен өзектерінің жер қойнында өзара ор-
наласу жүлгесін, чудь (?) халықтарының ескі қазбалары мен 
ашық жатқан кен көздерін ертелі-кеш зерттейтін болды. Біз 
тоқтаған жер геологиялық сипаты жөнінен өте-мөте қыз-
ғылықты өңір еді: Үлкен Қызылтас су торабының негізгі арна-
лары – Шерубай-Нұ ра, Жамға және Сарысу өзендерінің аңғары...
Геологиялық саяхаттар кезінде Қаныштың жер, су, тау ат-
тарына ерекше көңіл бөліп, мән бере қарайтынын мен бірден 
аңғардым: мына тау неліктен бұлай аталған, осы атау жер 
бедерімен үйлесе ме немесе қандай тарихи оқиғалар соған себеп 
болған?..
Сөйтсем, қазақ халқы тауды, жотаны иә әлдеқандай өзекті 
қалай болса солай атай салмай, сол жердің жағрапиялық 
ерекшелігін дәл және әдемі бейнелеп, өзге де теңеумен даралап, 
тіпті есте қалғандай етіп өрнектеп береді екен. Мұның себеп-
сырына мен бертінде түсін дім…
М.А. Усов жас Сәтбаевтың табиғаттану іліміне, әсіресе жер 
туралы, оның даму тарихын, құрылымын білуге құмарлығын 
бәрімізден бұрын аңғарды... Кінәмді мойындаймын: сонау қиырдағы 
Баянауыл даласынан Том шәріне білім іздеп келген қарапайым 
қазақ жігітіне оның соншама уақыт пен назар бөліп, баласындай 
бауырына тартып, ертелі-кеш жа лық пай шұғылданып жүргені-
не мен сол кезде таңданатын едім».
Қыркүйекте технология институтының оқу залдары дабырла-
ған жастарға толады. Бәрі де көңілді: жазғы демалыстан оралған; 
өндіріс орындарында мамандықтары бойынша жұмыс істеп, өнер 
шыңдаған; қалталары да құр емес – кем дегенде қыстың ортасы-
на дейін алаңсыз оқуларына жетерлік қа ражат тауып қайтқан... 
Өйтпесең, жағдайың мүш 
кіл: институттың шағын стипендия-
сы оралымға келмейді; сол себепті шәкірт тер дің көбі жазда ғана 
10-0196


146
Медеу СӘРСЕКЕ
емес, қыста да көмір түсіріп, ағаш кесіп, әр түрлі көтерме жұмыс-
тар алып күнкөріс жасайды. Қаныш болса ауыр еңбекке жара-
майды. Сондықтан да оның бар үміті – елден келетін көмекте. 
Көбіне сұрайтыны – сүр ет, қарындаған сары май, ақша... «Бір 
жылы Керекуден азық жібердік. Сүйегі сылынған жылы-жұмсақ 
сүр ет еді,– деп куәлік етеді ғалымның туысы Әбутайыр Зейінов. – 
Бейнеті міз ді қайтейік, сәлемдемеміз жолшыбай қолды болып, ор-
нына ағаш жаңқасы барыпты. Қанкенің соған: «Бізде тамыздық 
мол, та мақ аз» деп жауап жазғаны есімде». Демек, ту қиырдағы 
Томға мезгіл-мезгіл азық жет 
кізіп тұру да оңайға түспеген... 
Кейіннен бірақ ауыл көмегінен бас тартуға мүм 
кіндік туады. 
Оның жай-жапсарын біз Семей мұрағатынан таптық: шеткері 
қалаларда оқитын қазақ жастарына арнаулы қар жы бөлу туралы 
губаткомының стипендия комиссия сының 1925 жылғы хаттама-
сында Мәскеу, Ленинград, Қазан, Омбы және Том қалаларында 
білім алушы отызға тарта жастар аталған. Қаныш Сәтбаевтың 
есімі бесінші ретте аталған. Жылына ол губерния комитетінен 
420 сом мөлшерінде көмек алып тұрған. Оның үстіне неше жылғы 
еңбегі «Алгебра оқулығы» баспаға беріліп, қаламақысының 
несиесі қолына тиіп, ша ла-пұла «байып» қалған...
Сол жылы ол әкесінен Қаныш Имантайұлы қолқалап Ғалым-
тай Ғазизұлын, шаңырақ дәстүрі бойынша өзіне ізбасар іні са-
налатын тоғыз жасар жасөспірімді Томға ерте келген. Демек, 
Белинский көшесіндегі пәтерде олар үшеу болып тұрған: ағалы-
інілі қос Сәтбаев және Омар Толыбаев...

жүктеу 3.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   244




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет