Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3.61 Mb.
Pdf просмотр
бет34/244
Дата13.11.2022
өлшемі3.61 Mb.
#23828
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   244
3 Қаныш роман-эссе
шы барлық қырғыздарға, оның ішінде Бөкейханов (Алашорда 
кеңесінің төрағасы – М.С.) тобынан қосылған өкілдердің бас 
амандығына кепілдеме берілетіндігі...» айтылған. 10 шілдеде 
Бүкілресей лік Ха лық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы «Қыр -


84
Медеу СӘРСЕКЕ
ғыз өлкесін басқаратын төңкеріс комитетінің уақытша ережесін» 
бекіткен. Сол ереже бойынша дала өлкесіндегі әскери-азаматтық 
билік Кирревком құ 
зырына көшкен. Оған мүше болғандар – 
Әліби Жангелдин, Мұхамедияр Тұнғашин, Ахмет Байтұрсынов, 
Бақытжан Қаратаев, Сейітқали Меңдешев, С.С. Пестковский жә не 
большевик партиясының байырғы мү ше сі Вадим Лукашев. Жеті 
комиссардың бесеуінің қа зақ халқының перзенті болуы да Ке ңес 
өкі ме т і нің ұлттық автономия шаңырағын көтеруге ықыласты еке-
нін айқын аңғарт қан. Әсір е се Алаш қозғалысының көшбасшы 
көсемдерінің бірі, есімі дүйім елге мәлім А. Бай тұрсыновтың сол 
топтың жуан ортасында ата луы – ұлт зиялыларының жағдайымыз 
не болады деген күдік-күмәнін бірден-ақ шүбәсіз тарқатқан. 
Тамыздың алғашқы күндерінде-ақ Кирревком мүшелері Орын-
борда бас қосып, жұмысқа кіріседі.
Орталық үкіметтің игі қадамы, әрине, Алаш жасақтарының 
әрі-сәрі көңілін Кеңеске жедел бұрып, пәрменді әрекетке көшуіне 
түрткі болған: Алаштың батыс шептегі ат ты әскер жасағы ге-
нерал Толстов тың ту сыртынан тиісіп, Елек корпусының шта-
бын қолға түсіреді; Шығыс қанаттағы Алаш милициясының 
бөлімдері М.В. Фрунзе қолбасшылық еткен Қызыл армия тобы-
на қосылады; 1919 жылғы желтоқсан айының бірінен екісіне 
қараған таңда ақ әскерінің соңғы ті регі – Семей қаласы Кеңес 
қолына көшеді... Ес кертер жайт: Кеңес тарихшылары бертінде 
көпе-көрінеу бұрмалап жазғандай, сол түнгі қарулы көтерілісті 
большевиктердің астыртын ұйы мы ғана ұйымдастырмаған; көте-
ріліске эсер партия сы, шаруалардың IV кор пусы және Алашорда 
кеңесі шығарған де мо кратиялық одақ өкілдері белсене қатысқан. 
Нәтижесінде ақ әскерінің қалдық бөлім дері Қы таймен шекара 
шепке жөң кіледі…
Сибревком жарлығымен Семейде губревком құрылып, Ертіс 
бойындағы ауыл-село, станицалар мен уездер билі гін өз қолына 
алады. Алғашқы губревком құра 
мы 
на Алаш партиясының 
өкілдері Ә. Ер меков пен Ж. Ай мауытов та тең құ қық пен кірген; 
жиырма екі жастағы Мұхтар Әуезов губерния лық атқару коми-
тетінің түрік халықтары бө 
лімі 
нің қазақ секциясына бастық 
болып тағайындалған; Әбікей Сәтбаев губерниялық оқу-ағарту 
бөлімінің мең 
герушілігіне шақырылып, ал Ах 
метолла Барлы-
баев Павлодар уездік комитетіне мүше болып кіреді. Әмбе соның 
бәрі губревкомның өз ынтасымен емес, Орталық үкіметтің тікелей 
нұсқауымен жүзеге асқан. ВЦИК арнайы шешім қабылдап, Алаш 
қоз ғалысының барлық мүшелеріне кешірім жариялаған.


85
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алаш партиясының облыстық комитеті 
нің алғашқы дүр-
мекте тұтқындалған кейбір мүшелері сол жарлықтан кейін 
бостандыққа шықты, бой тасалап жүрген Алаш көсемдері де 
оқу-ағарту саласында еңбек етуге рұқсат алды. Ахмет Бай-
тұрсынов КирЦИК-тің тұңғыш оқу-ағарту комиссары болып 
тағайындалады. Тоқетерін айтқанда, ұлт зиялыларының көр-
некті жетекшілері ел билігінен шеттетілгенмен, туған халқын 
жаппай сауаттандыру, білім жолына бастау мүмкін дігі нен бір-
жола ажыраған жоқ. Бұл болса ел жақсыларының ежелгі ар-
маны еді.
Десек те, келеңсіз бір жайт қазақ оқығандарының алаңсыз 
жұмыс істеп, көкейкесті ой-жобаларын жедеғабыл жүзеге асы-
руға бөгет болған. Анығында сол келеңсіздік ВЦИК-тің бір ай-
мақта екі бірдей төңкеріс комитетін құрған, залал-салдарын 
жеткілікті ойластырмаған қа у лы сынан өрбіген. Неге? Орал тауы-
нан Қиыр Шығысқа дейінгі орасан зор аймаққа иелік ету құқы-
ғы берілген, Омбы қаласында ірге тепкен Сибревком бірден-ақ 
1868 жылға реформадан кейін ресми құжаттарда «Сібір қыр-
ғыздары» деп аталатын, негізінен Орта жүз қазақтары қоныста-
ған байырғы Сарыарқаны түгелге дерлік иемденуді мақсат еткен. 
Нақты айтқанда, бұрынғы Торғай облысына қарасты Қостанай уезі 
түгелдей сол кезде құрылған Челябі губерниясына қаратылған; ал 
Ақмола облысы іле-шала Омбы губерниясы аталып, оның иелігіне 
осы облыстан Көкшетау, Атбасар, Петропавл және Омбы уездері 
берілген; Павлодар, Қарқаралы, Аягөз, Зайсан және Өскемен 
уездерін біріктіріп отырған Семей облысы да, ВЦИК жарлығы 
бойынша, губерния құқығына ие болып, Сибревкомның құзырына 
көшеді... Яғни, 1916 жы лы ішінара жүрген са нақ бойынша, осы 
аймақта тұратын бір жарым миллионнан астам қазақ Кирревком 
билігінен тысқары қалған. Әрине, Сібір ревкомы иелігіндегі қа-
зақ жерінде орыс билігін қаз-қалпында сақтап, соған орай қазақ 
жақсыларын ел басқарудан шеттетіп, сол рәсімді жедеғабыл 
жүзеге асыруға тырысқан...
Осынау кереғар саясаттың айқын мысалын өлке та 
ри 
хын 
зерттеушілер Омбы мұрағатынан бертінде тапқан құжаттан 
айқын көреміз: «Семейге мен 28 қаңтарда келдім. Губревкомның 

жүктеу 3.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   244




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет