Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3.61 Mb.
Pdf просмотр
бет31/244
Дата13.11.2022
өлшемі3.61 Mb.
#23828
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   244
3 Қаныш роман-эссе
ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады. 
Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де 
байлық керек. Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу – өгізбен жарысып 
бәйге ал деген сияқты. Надан болсаң да байы десек – ғылымсыз 
ол да баянсыз болмақ... Ғылым білімге қонады. Ғылымсыз білім 
сыңаржақ болады: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім 
құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Мі 
не, осылар сияқты 
тіршілікке керекті терең мәселелерге орын бермек журнал 
ғылыми, әдеби һәм шар уашылық жолын тұтынды. Бұл жол – 
керуен таңдамайтын кең жол. Терең өткелді, тасты, томар-


77
ШЫҒАРМАЛАРЫ
лы қиын жол... Журнал шығарушы бес-алты жігіт не кү ші не, не 
біліміне сеніп шығарып отырған жоқ. «Адамның адамшылығы 
істі бастағаннан білінеді. Қалай бітіргеннен емес» деп Абай 
айтқандайын, талабым – таяғым, жігерім – азығым, маңдайыма 
ұстаған ақын Абай – қазығым деп үмітпен шығарып отыр».
Бас мақалада баса ескертілген бес-алты жі гіт тің бірі – келешек 
сөз зергері Мұхтар Әуезов. Журналдың алғашқы санында «Абай -
дан кейінгі ақындар» деген әдеби мақала беріл іпті, аяғына «Екеу» 
деген лақап ат қо йылған. Қазір олар жұмбақ емес, Жүсіп бек пен 
Мұхтар екен дігі шүбәсіз анықтал ған. Демек, мұғалімдер семи-
нариясында бірін-бірі тауып, рухани жақындасқан дарын иеле рі 
әдебиет жолында да бірге қалам тербеген! Ең ғажабы, олар әлеумет 
ісінде де тізе қосып, бір салада еңбек еткеніне тәнті боламыз.
Ал біз әу баста оларды үшеу дегенбіз. Үшінші азамат – Қаныш 
та бастапқы ойын тәрк етіп, қияндағы туған ауылына сол жазда 
қайтпаған. Екіұдай кө ңілімен әрі-сәрі ойда жүріп, ақыры бір күні 
облыс орталығындағы жер басқармасына соғады. Бастапқы ойы – 
ауылдық мектепке жолдама сұрау...
– Қаныш жолдас, шындығында сізді ауылдық мектепке жібе-
руге болмайды. Сіз мұғалімдердің өзін оқытуға тиіссіз!..
Ойда-жоқта сөйтіп Жер басқармасының қаражатына Семейде 
ашылған екі жылдық мұғалімдер курсының оқытушысы бо-
лып тағайындалған. Курстың меңгерушісі – Троицкідегі үлгілі 
медресені үздік бітірген, білім 
дар 
лығымен сол кезде-ақ облыс 
жұртшылығына танылған Мәннан Тұрғанбаев. Ал оқу ісін бас-
қарушы – Жүсіпбек Аймауытұлы. 
Дүйсебай ЕСЕНЖОЛОВ, мұғалімдер курсының шәкірті:
«Қаныш Сәтбаев бізге жаратылыстану пәнінен сабақ берді. 
Қазақша оқулықтар ол кезде атымен жоқ, ал орыс тілін дегі 
кітаптарға «тісіміз» батпайды. Сол себепті сабақ үстіндегі бар 
қарекетіміз – оқытушының аузын бағу. Класс іші әлей суық, сірі 
тон, жыртық күпілерімізді қаусырына түсіп бүрісіп отырамыз. 
Бү гін гідей есімде: үстінде шолақ былғары тоны бар, қап-қара 
шашы бұйраланған, аққұба жүзді, кең маңдайлы, уыздай жап-
жас Сәтбайұлы ке ліп, бәрімізге ізетпен амандасып, ірі тіс те рін 
ақсита жымиып, сабаққа кіріс кенде, тым-тырыс тыныштық ор-
найды. Өйткені оның әңгімесі бізге ертегідей әсерлі. Бұрын-сонды 
естімеген қызық дүниелер әлеміне кіріп, жүдеу күйімізді, құрсақ 
тілеуін де біржола ұмытамыз...»


78
Медеу СӘРСЕКЕ
Қалиақпар ТӨРЕБАЕВ, сол курстың тыңдау шысы: 
«Менің жете білетінім: Қа ныш тың білімі сол кездің өзінде 
осал болмайтын. Бұлай дейтінім – клас қа ол бір-ақ кітап ұс тап 
кіретін еді, дәріс оқығанда, бір сағат бойы соның бетін ашпай-ақ 
сөйлеп, шығып кетеді. Сонда біз, шәкірттер, аңқау кезіміз ғой, 
«Апыр-ай, мына Сәтбайұлы қандай көп оқыған, бүкіл кітапты 
жаттап алған» деп таң болушы едік».
Мұғалімдер курсының тыңдаушылары Семей облысының 
барлық ояз, болыстарынан жиналған. Жас мөлшері де әрқилы – 
алды отызға ілінген, арты жиырмаға ентелеген ересек жігіттер. 
Білім дәрежелері де түрліше, бірер жыл болыстық мектептер-
де оқы ған дармен бірге өз бетімен хат таныған шала сауаттылар 
да бар. Білім деңгейі ала-құла, өзінен ересек адамдарға жара-
тылыстану негіздерін түсінікті етіп миына құй ып бе ру де оңай 
емес. Әр сабаққа тыңғылықты дайындалмаса болмайды. Бір 
тәуірі, «сақалды» шәкірттерінің оқуға ынтасы ға жап: аузы нан 
шыққан әр сөзге, әр жаңалыққа құ лақ тарын түрік ұстап қуана 
қабылдайды; бәрін білмекке деген ықыластары сондай...
Мұғалімдер курсының тірлігі заман көшіне қайткен күнде 
ілесу үшін түйе жеккен керуен іспеттес. Қаныш болса сол көштің 
керек бір мүшесі. Таңертең ерте тұрып сабаққа барады. Содан 
кешке қарай үш-төрт бойдақ жігіт бірігіп тұратын пәтеріне титық-
тап әрең жетеді. Бірақ «шаршадым» деп төсекке құлай кететін 
еріншек кісі – Қаныш емес. Түннің бір уағына дейін тапжылмай 
отырып ертеңгі сабағын әзірлейді. Ертіс арнасы мұз құрсанып, 
күн суытқалы тағы бір келелі іске кіріскен. Шынын айтқанда, 
білімдар Семейден кетпей қалғаны да содан... 
Сол қыста ол ұзын арқау, кең тұсауға салмай, білімі олқылығын 
толтыруға қам жасаған. Математиканы тереңдеп игеруге жәр-
дем десетін тәлімгерге аса қиналған жоқ: бұрнағы жылы Әлімхан 
Ермеков Том қаласынан өзімен бірге азаттық таңы атты деп 
еліктіріп келген жастардың бірі Ғарифолла Нығматулин уни-
верситетте үздік оқыған білімпаз, Қанышты жетекке ал ды; ағыл-
шын тіліне үйретер ұстаздың ора йын келтірген жанашырлар да 
табылды...
Математик Ғарифолламен аптасына екі рет кездеседі, ағылшын 
тілінің мұғалімінен де екі-үш мәр те сабақ алады. Бір күн иә бір 
сағат бос уақы ты жоқ. Бар уақыты есептеулі, әрбір жексенбі де 
сабақ алуға арналған. Дайындыққа берілгені сонша, 1919 жыл-


79
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дың жазында елге қайтпады. Қарт әкесінің өткен-кеткеннен 
ренжіп те, қиыла да айтқан өктем сәлемі, ағайындардың үгіті, 
дем алу қажеттігі... Бірде-бірі емтихан әзірлігіне ден қойған 
жас жігітке әсер еткен жоқ. Бар ынтасы, бар тілегі – күзге таман 
Томға жету. Қазірде ол технология институтына, тек қана соның 
кен факультетінде оқуға құштар. Өйткені жаратылыстанудан 
сабақ бергелі сол білімге ерекше құмартатын болды. Әсіресе, жер 
бетінде тіршілік пайда болып, жан-жануарлар ғана емес, пайдалы 
қазбалардың жаралу құпиясына ынтығуы ғажап. 
Амал не, тағдыр шіркін жолына тағы да кесе-көлденең тұрды. 
Жыл бойғы сарыла отыр ған күндер мен түндер текке өтпепті, аяқ- 
ас тынан ауырып қалды. Үйреншікті кеуде дерті.
– Ну, жас жігіт, Аллаға сенесің бе? – дейді дәрігер Разумов 
тағы да қан түкіріп, қоныс аударғандар ауруханасына түскен 
науқастың өкпесін ұзақ тыңдаудан соң.
– Жоқ, доктор, одан гөрі өзіме сенемін.
– Бекер, шырағым, бекер! Сақтансаң сақтаймын деген...
– Сонда, Сергей Николаевич, менің ендігі тірлігім бір жал-
ғыздың ғана қолында демексіз бе?..
Қарт дәрігер тіс жарып үндемеді. Сірә, ендігі жайың солай деп, 
жас азаматты бекерге қамықтырып, жіңішкерген үмітін біржола 
үзгісі келмеген тәрізді.
Бұл жолы Қаныш ауруханада екі айдай болады. Қан түкіруі 
тыйылып, басын көтер ді. Жүруге бірақ халі жоқ, өңі аппақ қудай, 
бұрын да жүдеу еді, енді құр сүлдері қалған... Сол қарсаңда ел-
ден де әкесі жіберген кісілер келіп, сарыла күтіп жатқан. Ауыл 
ағасының қатаң тапсырмасы: науқас жігітті еркіне қоймай, 
ауылға алып қайту! Дәрігердің кеңесі де осы тақылеттес. «Оқу-
ды тый, тұрмысы жүдеу қалада бір күн аялдауға болмайды, жас 
жігіт! Ендігі үміт – қырдың шипа ауасы мен жұғымды аста ғана». 
Енді амал жоқ. «Қош бол, қимас қала, білімдар Семей! Қош енді, 
барлық арман, мұраттар да!..» Мұғалім дер курсымен есеп айыры-
сып, керек-ау деген кітаптары мен қағаз-қаламын да қалдырмай
арбаға түгел салғызып, ұзақ жолға аттанды.
Нұрлан ҚАСЕНОВ ақсақалдың ауызекі әңгімесінен: 
«Уақыт қатерлі кезең. Би атам Бапаң екеу 
мізді бірдей 
аттандырған. Қазанның бас кезінде Семейден шықтық. Күн 
суыта қоймаған жайдары мезгіл. Жайдарылығын қайтейін, 
жолды өндіре алмадық. Қанкежанның жағдайы суыт жүрісті 


80
Медеу СӘРСЕКЕ
көтермейді. Ертіс жағасынан аттанғанда қыр ауасын ұнатты 
ма, арба үстінде басын көтеріп отырып, жан-жағына құмар-
лана қарап, әредік әңгіме айтып, аздап сергігендей болып 
еді. Орта жолға жетпей-ақ өкпедегі дертіне құрғақ жөтел 
қосылып, күн өткен сайын сырқаты ауырлай түсті... Бізде зәре 
жоқ, аман-есен жеткізе аламыз ба деп. Оның үстіне даланың 
құтырып тұрған кезі. Кеңес өкіметі күш алып тұрақтамаған, 
ақ әскері қыр төсінде бөріше жортып жүрген қатерлі мезет. 
Кезіге қалса, сенің жағдайыңмен санаспайды, төбеден бір нұ қып, 
атыңды доғарып алып жөнеп беруі хақ. Құдай оңдап, әйтеуір 
ешкім кезікпеді. Ел шетіне ілінгенімізде, үш-төрт кісімен, тың 
көлікпен жетпістен асып кеткен егде жасына қарамай, Би 
атамның өзі шықты. Бала тауқыметі оңай ма, сірә, ауылдан 
тосуға дәті жетпеген... Не керек, Қанкенің көрер жарығы, та-
тар дәмі әлі де, шүкір, бар екен. Аман жеткіздік. Тек арбадан өз 
бетімен түсе алмады...» 

жүктеу 3.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   244




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет