Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3.61 Mb.
Pdf просмотр
бет233/244
Дата13.11.2022
өлшемі3.61 Mb.
#23828
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   244
3 Қаныш роман-эссе
«...Жезқазған ауданындағы мыс қорының тағы да молайып 
өскенін атай отырып, қазу кезінде оның орасан зор шығынға 
ұшы 
райтынын ескертуге мәжбүрмін. Жезқазған геологтары 
жөнсіз ысырапқа төзгісіз күрес ашып, қарсы тұруы шарт. Ал 
кешегі мә жілісте рудник геологы Иванков жолдас қазіргі кезеңде 
кеннің тек қана құнарлы жүлгелерін алу тиімді деп пәлсафа 
соқты. Еліміздегі мыс қорының шектеулі екенін жақсы білетін 
геологтың бұлайша сөйлеуі, меніңше, барып тұрған жауапсыздық. 
Мен оны зиянкестік деймін...
Гипроцветмет те кейін гі жылдары Жезқазған кені үшін таң-
ғаларлық саясат ұстап келеді: құнары төмен кенді түгелдей 
шығысқа шығарып тастаған; ал сөйте тұра Қоңырат пен 
Бозшакөлге нақ сондай құнарды орташа кен деп кіріске алып, мән 
бере қарайды. Болгария үшін тағы да сол Гипроцветмет мыстың 
орташа құнары 0,4-0,5 пайыз кенді алуға болады деп жоба жа-
сап береді. Міне, көрді ңіздер ме, ешкім түсін бейтін шым-шыты-
рық, құбылмалы ұстаным. Сонда Жезқазғанның кінәсі не, кен 
көмбесіндегі миллион даған тонна кедей руданы неліктен елемеу 
керек? Меніңше, бұл әрекетті өздерінің дәрмен сіздігін «Елімізге 
мыс керек!» деген ұранмен бүркемелеп, бай қабатты ғана қазып, 
оңай олжа табуды көздеген адамдар жасап отыр. Бұл жайтты 
біз де жақсы білеміз, алайда оны Жезқазған қойнындағы мы-
39-0196


610
Медеу СӘРСЕКЕ
сты тезірек құрту арқылы емес, керісінше, кен қазу көлемін 
жоспарлы түрде өсіріп, жер қыртысындағы мыстың құрамын 
түгел алып әрі қазу технологиясын жетілдіру, үдемелі жаңа 
әдістерді қолдану жолымен өнім шығаруды еселеп көбейту 
арқылы өтеу керек... Ең бай жүл гелерді алуға тырысқандықтан 
Жезқазған қойнындағы барлық мыстың бес тен бірі бұл күнде 
біржола жоғалып, жыныс та қалып келеді... Ал өздеріңізге мәлім, 
аспаннан жауар мыс жоқ, техникада оны бас қа металмен ау-
ыстыра алмайсың. Ал санын ауыстыру да мыстың аздығынан 
туып отырған амалсыз шара. Демек, барды ұқсата білу керек, 
барланған мыс қорын түгел алып, оны ысырап жасаушылармен 
аяусыз күрес ашу қа жет!..»
Жыл өткен жоқ, сол мәселені ғалым қай та қозғап отыр, сірә, 
жадында ұстаған. «Вася» деп еркелетіп әрі жанына тие сөйлеп
өзге емес, Штифа нов қа айтуының да мәні бар. Бұдан кейін оның 
тыныш ұйықтамасын білген соң сөйт кен...
1963 жылдың көктемінде ол Алматыға келіп:
– Қанеке, өзіңіз айтқан мәселемен былтырдан бері Мәскеуге 
жеті мәрте барып қайт тым. Кірмеген кісім жоқ, ашпаған есігім 
қалмады. Бірақ бітіргенім шамалы. Жезқазған үшін біз сұраған 
төмен шектегі құнарды ешкімнің бекіткісі келмейді. Не істеуім 
керек? Осының ақылын өзіңіз таппасаңыз, менің өрем бұған сірә 
да жетер емес, – деген-ді ағынан жарылып.
Академик ойланып қалады.
– Жуық маңда Мәскеуде бара алмаспын. Мұн да да жұмыстар 
көбейіп тұр, – дейді ақырында, – бірақ Жезқазған үшін бармауға 
бола ма? Ешкімнің сөйлекісі келмесе жағдайымыз шынында да 
қиындаған екен...
– Дәл солай, сөйлескісі келмейді. «Отыз жыл бойы не қаздың-
дар – әлі де солай болады» деген келеке уәжге ұрындым...
– Жарайды, Василий Иванович. Әрі дегенде біржарым айда ме-
нен хабар күт. Ең абзалы, қағаздарыңды портфельге салып, әзір 
отыр. Хабар алысымен Мәскеуге жетесің.
– Рахмет, Қанеке! – Жымиған Штифанов президентке қарап 
алақанын жаяды.
– Немене шаруаңды өткізіп алған соң тамағың жыбырлап кетті 
ме?
– Сіздің шақшаның насыбайы бөлек, көп болды атпағалы.


611
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қуануға әлі ерте. Бітірген ештеңеміз жоқ. – Қаныш Иман-
тайұлы әріптесінің алақанына насыбай салып, Қытайға барғанда 
сыйлыққа алған, агат тасынан қиылған әдемі шақ 
ша 
сының 
түбімен үстелді тықылдатты. – Есе 
бің 
ді мұқият әзірле, Вася. 
Әріпшіл қағазқұмарлар ешқандай ілік таппайтын болсын!..
Еңбек Ері В.И. ШТИФАНОВТЫҢ әңгі месінен:

жүктеу 3.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   244




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет