Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3.61 Mb.
Pdf просмотр
бет198/244
Дата13.11.2022
өлшемі3.61 Mb.
#23828
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244
3 Қаныш роман-эссе
«Көкемді бірде Үкімет үйіне шақырады– деп есіне алады Мейіз 
Қанышқызы. – Кім-кім, оны шақырған Орталық Комитеттің 
бірін ші хатшысы... Ә дегенде көкем өзін біршама тежеп ұстапты, 
сонау 51-жыл дың қараша айындағы атышулы бюродан соң ол 
мәртебелі кабинеттің есігін аш паған, оның иелері аса керек етіп 
ша қырмаған салқындық та бар. Оған қоса бұған дейін кездеспе-
ген, біліспеген бей таныс қайраткерге бірден ашылып, ба сынан 
кешкен шерлі оқиғаларды қайыра шертуді ыңғайсыз санаған. 
Хатшының сұ ра ған мәселелеріне ғана жауап беріп, соңғы екі 
жылда Гео логия институты шұғылданған басты зерттеулер, 
тұңғыш болжам кар тасын жасау мүмкіндігі және оның қан-
шалықты пайдалы ізденіс екендігі тура лы толығырақ та әрі ша-
быттана әңгі мелейді. Хатшы ерекше тәнті болып, қызығушы-
лық аңғартады: «Қандай көмек керек, қысылмай айтыңыз, 
Орталық Ко ми тет бұл істен тысқары қалмауға ти іс!.. Мұндай 
картаны тезірек бітірсек, өндіріс үшін аса пайдалы және ол 
Қазақ станға үлкен мәртебе болар еді»,  дейді. Ақыры, ол көкемді 
айтқысы келмеген шер лі оқиғалар сүреңіне жетелеп, солар дың 
түп себебін сұрайды. Көкем де қым сын ғанды қойып, ішіндегі өксік 
пен өкі нішті түп-түгел ақтарып салады. Сірә, нақақ қудалау-
дың себеп-салдарын, қалай ша ұйымдасқанын, өзінің де не үшін 
жа зық ты болғанын ақтара айтса керек...
 Оны да түзейміз, жеке басыңызға тағылған айыптарды 
қайтадан қараймыз,  дейді Пономаренко.  Тек бізге осы айт-
қандарыңызды жазып беріңіз...


528
Медеу СӘРСЕКЕ
 Менен де гөрі, Пателеймон Кондратье вич, ғылыми орта-
дан аласталып, түрме азабын тартып жатқан оқымыстылар 
тағдырын тездетіп қарасаңыздар  ха лық көкейінен шығар игі 
іс болар еді...».
Шынында да Орталық Комитеттің бюросы академик Қ.И. Сәт-
баевтың жеке басының жұмысын қайта қарап, бұрынғы айып-
тардың бәрін негізсіз жала деп тауып, нақақ сөгістен адақтайды. 
Сірә, мәселенің жай-жапсарын зерттей келе, осы жайында көпте-
ген ұлт зиялылары, коммунистермен сөйлесіп, нақты деректерді 
көрген соң республиканың жаңа басшысы Қазақстан қауымын 
толғантқан істің бет-пердесін ашуды жөн көрген тәрізді. Сол жылы 
жазға салым өткен республика активі мен жазушылардың екінші 
құрылтайында сөйлеген сө з ін де П.К. Пономаренко Қазақстан КП 
ОК-нің бұрынғы хатшыларының пасық ісін тізе келіп: «Әуезов, 
Сәт баев, Жұ банов... сияқты ұлт зиялыларының аса дарынды то-
бын қамқорлыққа бөлеп, шығармашылық ісіне демеу жасап, 
еңбек шілерді тәрбиелеу жұмысына барынша пайдаланудың ор-
нына сіздер олардың соңына шам алып түсіп, күн көрсетпей, 
үйрен 
шікті орта 
сынан безуге мәжбүр еткенсіздер. Осыдан соң 
сіз дерден қандай жақсылық күтуге болады?!» – деп, дүйім жұрт 
іштен тынып айта алмай жүрген ащы шындықты естірткен...
Әлбетте, Н.С. Хрущев билікке келген кезде жария еткен саяси 
жылы мық тан Қазақстанның қуғын-сүргінге түс кен зиялы қауы мы 
да тысқары қалған жоқ. «Бас күнәкар» Ер мұхан Бекмахановтың 
ақталуы жақсылықтың басы болып, өзге де қудаланғандар ел орта-
сына қайта бастады. Ахмет Жұбанов, Мұх тар Әуезов те Мәскеуден 
қайтып оралып, көкейкесті жұмысына кірісті. Қысқасы, 1954 
жылы кейбірі келесі жылы соңғы дүрмекте айдал 
ғандар ғана 
емес, 37-жылдың «Қызыл қыр ғынында» «Итжеккенге» аттанып 
кет-кендердің тірі қалғандары туған еліне оралды.
«Бір күні кеште, ұйқыға бас қояр кезде әлдекім қоңырау соқты. 
Есікті ашсам  күмістей ақ сақалы беліне түскен, еңкіш денесі 
доғадай иілген, үсті-басы жұпыны, арқасында жол дорба, бет-
аузы бір уыс боп шүмшиген, қайыршыға ұқсас егде адам маған 
ұмсына ұмтылып: «Кезбе шалды үйлеріңе қондырасыңдар ма?» – 
деп мөлие қарады. Не дерімді білмей сасқалақтап қал дым, кенет 
қутыңдаған көзінен жарқ еткен өткір нұрды көргенде жазбай 
танып, төргі бөлмеге жүгіріп, «Алақай, Русаков қайтып келді!» 


529
ШЫҒАРМАЛАРЫ
деп айқай салыппын, – деген естелік айтады Мейіз Қанышқызы 
(В. Могильницкий, «Это было великое чувство», «Казправда», 
25 сәуір 1992 ж.) – Әке-шешем де қатты қуанып, есікке ұм тыл-
ды. Айқас қан құшақтар, көкем тіпті шешіндірместен төрге 
сүйреп, Михаил Петровичтің тізесін де бүк тірмей: «Нағыз ке-
рек уақытта қайт қаның көрім болды, Михаил! Балқаштықтар 
кені тақа таусылды десіп, сенің Қоңыратыңды жап қалы жатыр. 
Әрине, әншейін сөз. Қо ңырат үшін алысуға қалайсың?  деп еді, 
ғажапты қараңыз, әлгінде құлауға шақ қалып, бүкшиіп тұрған 
еңкіш шал жасарып кет ті десем, өтірік емес, көкемді иыққа қа-
ғып: «Саспа, желбуаз даурықпалардың өті рігін шығарып, әкесін 
танытамын!»  деді. Бес жылға созылған ауыр азаптан азып 
келген кексе досына әкемнің жан сергітер сөз бастап, бірден-ақ 
сүйікті ісіне әдейі құлшынтқанын мен бертінде тү сін дім...»
«Республиканың жаңа басшылары әділ 
дікті қалпына 
келтірмекші болды. 1955 жылдың жазында Сәтбаев, Павлов, 
Пальгов, Әуезов, Тәжібаев (Төлеген – М.С.) және мен Қазақстан 
КП Орталық Ко 
мите 
тіне шақырылдық. Бірінші хатшының 
кең кабинетінде бізді Пономаренко мен Брежнев қабылдады,  
деп куәлік етеді академик Ш. ШӨКИН «Өмірдің төрт мезгілі» 
кітабын-да.  ...Пантелеймон Кондратьевич бізге Қонаев-
тың Министрлер Кеңесіне ауысуына байланысты академия 
президенті міндетін кімге жүк 
теуге болатынын сіз 
дермен 
ақылдасқымыз келді деді... Сәтбаевтың өзінен басқамыз тү-
гелдей Қанекеңді атадық. Ал Қа 
ныш Имантайұлы ауырып 
жүргенін, Геология институтындағы күрделі жұмыстан әзір-
ше қолы босамайтындығын айтып, үзіл ді-кесілді бас тартты. 
Сұхбат соңында Пономаренко мен Брежнев дәрі гер лер мен ақыл-
дасатынын, түпкілікті ше шімге содан кейін келетінін айтты... 
Арада бірнеше апта өткен соң академик Сәтбаевты Орта-
лық Комитетке оңаша шақырып, екеулеп ортаға алып оты-
рып, келісімін алыпты. 1955 жылдың қыркүйек айында Қаныш 
Имантайұлы Қазақстан Ғылым академиясының президенті 
қызметіне қайтып оралды,  деп нақтылай баяндапты Шапық 
Шөкіұлы «ҰҒА-ның ғұмыр жолы» атты кітабының 35-бетінде.  
Сөйтіп, бір кезде өзі іргесін қалап, шаңырағын көтерген ғылым 
ордасының сан салалы жұмысына ол бұрынғыдан да зор жігер-
қайратпен кірісіп, оның ғылыми деңгейін, мәртебесін өсіру 
жолындағы игі ісін қайтадан бастады...» 
34-0196


530
Медеу СӘРСЕКЕ
Ғалымның қиын-қыстау күндерде өзін де, жапа шеккен 
әріптестерін де рухани демеп, сан мәрте қайталаған уәжі: «Ақиқат 
әрқашан да жеңеді!» дегені сөйтіп шындыққа айналды. 
Ескерту: жұртшылыққа мәлім Л. И. Брежневтің «Тың», Д. А. Қонаевтың 
«Ақиқаттан аттауға болмайды» атты ғұмырнама кітаптарында біз жоғарыда 
нақты айғақтармен баяндаған оқиғалар мүлдем басқа сарында баяндал-
ған. Шынтуайтын айтқанда, партиялық әріптесі П.К. Пономаренконың 
Қазақстандағы саяси ауыр ахуалды жақсарту жөніндегі пәрменді ісін екеуі 
де мүлдем атамай, ал Қ.И. Сәтбаевтың туған еліне қайтуын, академия бас-
шылығына қайыра келуін өздерінің пәрменді еңбегі етіп, бұрмалап көрсеткен.

жүктеу 3.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   244




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет