Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ



жүктеу 24.97 Kb.

Дата18.01.2017
өлшемі24.97 Kb.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ 

Б

із ғұмыр кешіп келе 

жатқан Еуразиядағы 

осы  ұшы-қиырсыз 

кеңістікті Ұлы Дала деп атаған. 

Алғаш Плутархтың аузынан 

шыққан осы атау кейін 

Гумилевтің де аузынан түспеді. 

Ұ

лы Дала! Үшмыңжылдық 

тарихы бар, Көшпелі Салт 

Аттылар өркениеті осы өлкеде 

дүбір салып, жер-жаһанды 

өзіне жалт қаратқан. Жарты 

ғаламшарға патша болған 

Атилла (Еділ) да осы өңірден 

туған. Нота sapienske Аристо-

тельден кейінгі Екінші Ұстаз 

болған Әбу-нәсір әл-

Фарабидің де кіндігі осы 

топырақта кесілген. Әлемде 

теңдесі жоқ, екімыңжылдық 

Ұ

лы Дала поэзиясы осы өңірдің 

жамалымен  құлпырып, сама-

лымен тыныстады. Дүние 

жүзіндегі ең ұлы демократия-

ның алтын бесігі - бұл. Бұл 

жердің билеушілері биік 

мансапқа мемлекеттік жарлық-

пен тағайындалмаған: бұл 

елдің ұлдары білігімен - би, 

қ

асиетімен - хан болған! 

Осы Ұлы Даланың Ұлы 

Мәдениетінің соңғы тұяқтары-

ның бірі, һәм бірегейі Мәди еді. 

Күрескер.  Қайраткер. Ақын. 

Композитор. Биыл сол 

Мәдидің туғанына 125 жыл 

болады. 

Қ

аздауысты  Қазыбектің 

ұ

рпағы. Қарқаралы - Едірей 

елінің тумасы. Біздің 

жерлесіміз! Өлеңімен өзінің 

елінің есімін алты Алашқа 

танытқан Мәдидей тұлға жоқ: 

« - Сұрасаң руымды -

Қ

аракесек!» деген ол. Абыралы 

-  Қарқаралы -  Қызыларай -

Тоқырауын - Балқаш - Шуға 

дейінгі  ұлан-ғайыр аймақты 

алып жатқан қалың 

Қ

аракесектің ұзын санын ғана 

емес, бекзат болмыс-бітімін 

айтып мағмұрланған еді ол. 

Атасы - азуы алты  қарыс 

Алшынбай! Онымен Тобықты-

ның тізгінін ұстаған Құнанбай-

дың өзі санасқан. Алшекеңнен 

туған Ділда ару - исі  қазақтың 

маңдайына біткен ең ұлы ақын 

Абайдың құдай қосқан қосағы. 

Төре тұқымы,  Қаракесекке 

әбден сіңісіп кеткен Әлихан 

Бөкейхан - Алаштың көсемі! 

Қ

азан төңкерісінен кейін,  қазақ 

өз алдына жеке республика 

болғанда Ленинмен бірге осы 

елдің шекарасын белгілеп 

берген Әлімхан Ермеков те осы 

елдің тумасы! 

Сол Әлімхан Ермеков жайлы 

айтылған бір әңгіме осындайда 

еске түседі. 

«- Біздің заманымызда 

Әлекеңмен  қатар отырып 

сөйлесе алатын бір-ақ адам 

көрдім. Мәскеуде бір сақау 

адвокат бар екен... 

- Ол кім? 

- Владимир Ульянов -

Ленин. 

- Әлекеңмен төрт сағат 

сөйлеуге жараған ол да тегін 

адам емес екен...» 

Осындай құнарлы топырақта 

туып, ұлттың уызына жарыған 

Мәдиді туған бауыры да,  қалың 

Қ

аракесегі де түсінген жоқ! 

Мәди тар ауқымға сыймай-

тын ірі тұлға еді. Тәңірі оның 

бітім-пішінін кең пішкен. Ол бір 

өзі бірнеше ғасырлық 

мәдениеттің соңғы  қорытпасы, 

сом алтынның сынығы еді. 

Ресейдің отаршылдық саясаты 

оны екі туып, бір қалған бауыры 

Қ

ақабайға қарсы айдап салды! 

Қ

азан төңкерісі келгенде, 

меніңше, Мәди қуанған секілді. 

Бірақ, ақ та,  қызыл да оны жат 

көрді. Өйткені, Мәди осы екі 

саяси  құрылымның екеуінің де 

көңіліне қона қоймайтын тұлға 

болатын. Түп тамыры -

көшпелілер,  ұлты -  қазақ,  ұраны 

Алаш еді оның! 

Кеңес өкіметі Мәдиді 

Қ

арқаралы түрмесінде атып 

өлтірді. Патша өкіметі жасай 

алмаған зұлымдықты құл-

құ

тан жасай салды... 

Содан сексен бес жыл бойы 

оған көңіл бөлген жоқ! Әнін 

айтады. Өмірбаянын айтқыз-

байды. Әлихан, Әлімхан, 

Жақыптармен  қанжығаласа 

қ

атар жүріп, Алаш ұранын 

көтергенін айтқызған жоқ! 

Мәдидің заманы жаңа 

келді. Елі - азат. Бодандық 

келмеске кеткен. «Еңкейгенге -

еңкей, сатып алған құл емес, 

шалқайғанға - шалқай, ол 

құ

дайдың ұлы емес» дейтін 

заман бұл! Мәди секілді 

шерменде ұлдарының қасіреті 

мен қасиетін түсінетін кезең 

келді. Мәдидің әнімен рухта-

нып, арқасына жырынан аруақ 

біткен қазақтың бүгінгі буыны 

ұ

лы тұлға алдындағы қарыз-

парызын қайтаруға тиіс! 

Қ

арқаралыда Мәдидің 125 

жылдық мерейтойын 

дүбірлетіп өткізіп, оның есімін 

ұ

рпақ есінде мәңгілікке қалды-

рудың қарекетін жасайтын кез 

келді. Көрнекті алаңымыздың 

бірінде Мәди ескерткіші бой 

көтерсе,  Қарағандының кең 

даңғылының біреуіне есімі 

берілсе,  қандай ғанибет болар 

еді, шіркін! 

Орталық Қазақстан. - 2005. - 17 ақпан. - 9 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал