Сергелдең тарихи деректі әңгіме



жүктеу 69.76 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі69.76 Kb.

Тілеухан ІЛИЯСҰЛЫ 

СЕРГЕЛДЕҢ 



тарихи деректі әңгіме 

Қырғызыстанға сауда жасай шыққан бір топ  қазақ 

керуендері мына тау шатқалына шыққалы бері оның 

әсем табиғаты мен көркіне көз жұмып келеді. Елден 

шыққалы жетектеген аттары мен түйелерін тастап, 

жолай есек пен  қодасқа айырбастап алған. Өткел 

бермес биік жартастан төмен  қарағанда бастары 

айналып астарындағы есектермен  қоса аударылып 

түсердей, анда-санда ыхы-ыхылап  қойып жол бастау-

шы ақ  қалпақты  қырғыздың соңынан "аллаларын" 

ауыздарынан тастамай жүректерін бір шүберекке түйіп 

ілбіп келеді. 

Мына таудың түстігі Өзбекстанның  Қоқан жағы да 

арттарында  қалып бара жатқан батысы  қазақтың 

сайын даласы. Дәл осы тұс қырғыз жерінің ең бір әсем 

де шұрайлы жеріне ұқсайды. Тау бөктері толған алма, 

жүзім, жаңғақ ағаштарына тұнып, көздің жауын ала-

ды. Зәулім биік шынарлардың бойы  құжынаған ара 

ұялары, тақалып, кетсең дыз еткізіп шағып өткен 

жерлері сол мезетте ісініп, ашып шыға келеді. Дала 

қазақтары оған да бейімделіп алыпты.  Қырғыздар 

киген айыр  қалпақтарының астынан ақ матамен бет-

терін тұмшалап алған. Жолшыбай тау шатқалдарынан 

жабайы шошқа, оларды күзеткен жолбарыс,  қоңыр 

аю дегендерің жыртылып айырылады. Жол бастаушы 

қырғыз жыртқыштар кезіге  қалғанда, көңілдерін 

орнықтырып: "Қорықпаңдар, олар өз беттерімен, біз 

өз бетімізше жүре берейік, олар да біз тәрізді алланың 

жаратқан мақұлықтары ғой, жер бетіндегі өз нәсібе-

лерін теріп жүрген", — дейді оларға мүлде көңіл 

аудармастан. Төменге көзін салған жан ойпатты 

жерлерде жайқалып өсіп тұрған арпа, бидай өсімдік-

теріне көзі түсер еді. Бұлар өзбектермен, тәжіктермен 

араласып егіншілікті кәсіп етіп жатқан қырғыз дихан-

дардың еңбегі. 

Көліктеріне артқан жүктері даңғырап, шатқал үстін-

де ерсілі-қарсылы теңселген сайын  қазақ саудагерле-

рінің зәрелерін алып келеді. Тау биіктей бастағаннан-

ақ жолаушылар жаяу-жалпылай есектері мен  қодас-

тарының ноқталарын бір-біріне тіркестіре, бірі алды-

нан сүйреп, бірі артынан айдаған. Артта келе жатқан 

ұзын бойлы ақсұр жігіт аяғы тасқа сүрініп, құлап бара 

жатқан алдындағы жолаушыға "Байқа,  қайнаға, байқа-

усыз тайып кетіп, сүйегің Кенесары мен Наурызбай 

жатқан жерде мәңгілік көмусіз  қалып  қойып жүрме-

сін!" — деп әзілдеді, біраздан бергі тыныштықты бұ-

зып. Өзі онысына  қарқылдап күліп еді, бүкіл шатқал 

жамырай күңіреніп, дала  қазақтарының зәрелерін 

одан әрі ұшырды. 

— Мәзібек жан-ау, ақырынырақ күлсеңші, сауда 

жасаймыз деп ел кезіп жүргенде, сенің мына күлкің-

нен таудың тастары  қопарылып түсіп, шынында да 

таудың арасында қалып жүрерміз, — деді оның соңын-

да келе жатқан кісі дауысын әзер шығарып. 

Алыстан сыңғырлаған тау суының үні құлаққа шалы-

нғанда барып жол бастаушы  қырғыз Алла жазса, 

таңға жақын  қазақ-қырғыздары жайлаған айылға 

жетеміз. Мына шатқалдың сыртында  Қара деген тау 

өзені бар. Оның сырты: кең жазық, көкорай шалғын. 

Сендер әкеле жатқан мүліктер, бұл жақта мүлде  қат. 

Сендердің Ресей жерінен арнайы сауда-саттыққа рұхсат 

қағаздарың болмаса, сендерге сенбейді де, елдеріне 

жібермейді. Бұл ел сендердің Кенесары Наурызбайла-

рың  қолға түскен  қырғыздың жауынгер Солты деген 

руына жатады. Бектеріне жақсылап тұрып сый-сияпат 

бермесеңдер, айылдарына кіргізбей қоюлары да мүм-

кін", — деп ақыл-кеңесін айтты, жолаушылар аяқ 

суытуға отырғанда. 

Айтқандай-ақ сәске түс кезінде бұлар ауылдың үсті-

нен түскен. Жол үстінде жайылып жүрген елу шақты 

қойды бақылап, қатқан қазықтай қозғалыссыз отырғ-

ан ақсақалды  қарияға кезікті. Үстінде желбегей жа-

мыла салған  қырғыз шапан, ақ көйлек, ақ дамбалы 

бар. Аппақ қудай сақалы желбіреп жолаушылар келе 

жатқан жаққа екі көзін күннен көлегейлей  қарайды. 

Қисық таяғы бір тізесіне қисайып, өткір күн сәулесі-

нен жасыған бір көзі сығырайып, басындағы қалпағы 

қисайып кеткен. Бірақ еті арып, тамырлары тартылған 

мына  қарияның кезінде  қапсағай денелі ақсары кісі 

болғанын уақыт шіркін жасыра алмағандай. 

— Уа, қай елдің майманы боласыңдар? — деді көлік-

терінен түсіп, кезекпен  қол  ұсынған жолаушыларға 

таңырқай  қарап. 

— Мен,  қазақ деген халықтың Сарыарқа деген 

жерінен келе жатқан  Қуандық табына жататын Тоқа 

деген рудан Сатыбалды баласы Нұртаза деген жігіт 

боламын. Қасымдағылар да осы Қуандықтың саудагер 

жігіттері, мына ақсары толық жігіт  Қунақбайдың 

Жәкейі деген Алтай жігіті, оның арғы жағындағы 

Қуандықтың бір баласы Тұңғатардан тараған Мәзібек 

деген мырза, — деп жолдастарын тегіс рәсім бойынша 

таныстырып шықты жасы үлкендеуі-Нұртаза. "Қуан-

дық руының жігіттеріміз" дегеннен-ақ әлгі шал орны-

нан тәлтіректей тұрып келіп, әрқайсысымен жеке-

жеке  құшақ айқастыра. 

— Бауырларым-ай, бар екенсіңдер ғой! Аттай алпыс 

үш жыл болды ғой бір ағайын кездесер ме, деп жол 

тосқаныма, — деп егіле жылап жібергенде жігіттердің 

сай-сүйегін сырқыратты. Аң-таң болып шалға, одан 

бір-біріне жалтақтай қарап, иықтарын қағып, ештеңе 

түсіне алмай тұрған сыңайлары бар. Әлден соң буын-

дарын бекіткен  қария таяғына сүйене барып, жаңағы 

тепкішек тасқа әзер отырды да: 

— Ух! Енді өліп кетсем де арманым жоқ, отырыңдар 

бауырларым, аяқтарыңды суытыңдар, мен де ішімдегі 

шерімді бір тарқатайын. Алпыс үш жылдан бері ешбір 

жанға мұңымды шағып, сырымды айтпай келе жатыр 

едім. Тоқсанның сегізіне келген шағымда ақыры сен-



дерге жолықтырып алла-тағала көз жасымды иді ғой. 

— Ош облысының  Қара деген осы өздерің көріп 

отырған өзенінің бойында кешегі Кенесары Наурыз-

баймен  қолға түскен  қырық жігіттен тарап  қырғыз 

арасына сіңіп кеткен Арғын Найман,  Қыпшақтан үш 

рулы ел бармыз. Сол қырық жігіттен кәзір тірі қалып, 

тоқсан сегізге келсе де,  қой баққанды сылтауратып 

туған елден тілімдей хабар күтіп жүрген, көзінде 

Кенесарының өзі Жеке батыр деп дақпырт атақ бер-

ген Қуындық ішіндегі Алтай руына жататын батырла-

рың мен боламын, — дегенде сонау 1911 жылы аты 

аңызға айналып неше бір дастан мен аңызға арқау 

болған  қас батырдың дәл өзін көріп тұрғандарына 

қазақ жігіттері сене алмағандай аңырып  қалды. 

Қуандықтың Жәкейі не дерін білмей сасқанынан 

батырдың тарамыс-тарамыс  қолының сыртынан сүй-

іп, маңдайына сипап тәу еткенде ғана барып,  қалған 

жігіттер бірінен соң бірі келіп, оның істегенін  қайта-

лай берді. 

— Біз ендеше Жеке батырдың сүйегі баяғыда қурап 

қалған екен десек, — деп басын шайқап таңданды 

тұнғатар Мәзібек. 

— О, Алла, көрсетемін десең құдыретің күшті екен-

ау — деді Майкөп, шыдай алмай Алсайдың ағайынды 

екі жігіті Бақыжан мен Сызай батырдың бетінен 

кезек-кезек сүйді,  Қуаныш пен сүйініш жасының 

беттерінен соғарлап тұрғанын өздері де байқамады. 

Керуен асығар емес, теңдегі жүктерін түсірген жігіт-

тер шамалары келгенше зыр жүгіріп, елден ала шыққ-

ан тағамдарын батырдың алдындағы дастарханға үйіп 

тастады. 

Батыр дірілдеген қолдарымен бір күлшені тұмсығы-

на тақай  құшырлана иіскеді де оны кеудесіне басып 

тұрып: 


— Туған елімнің дәмін татқыздың-ау, Алла! Енді бір 

уыс топырағын бұйыртсаң екі дүниеде де арманым 

болмас еді, — деді егіле езіліп. Сонысын тағы да, — 

бауырларым, ендігі келгендеріңде бармын ба, жоқпын 

ба, сендерге аманат етіп,  құдай алдында тапсырарым, 

тірі болсам — өзіме, өлі болсам сұрастырып келіп, 

қабірімнің басына туған жерімнен бір уыс топырақ 

әкеліп салсаңдар екен, — деді кемсеңдей. 

Бір үзім нанды тіссіз  қызыл иегімен әзер шайнап 

жұтқан қария. Ал енді мені тыңдаңдар, дегендей, иығын 

қомдап, таяғына екі  қолымен бірдей таяна оңтайла-

нып отырды да, екі көзі шоқтай жайнап, бір  қақыры-

нып алды. 

— Естеріңде болса,  Қуандықтың Алтай,  Қарпық 

деген екі баласы болды. Соның Алтайынан Алсай, 

Нұрбай, Сайдалы, Әліке, Байдалы, Мойын, Кенжеғара 

деген  ұрпақтар тарады. Осы ағайындардың ішінде 

Байдалы мен Әліке бір атым насыбайға өкпелеп, өзінің 

қандас бауыры Сайдалыдан бөлініп көшіп кетеді. 

Байдалыдан Өмірқұл, Құдайқұл, Есболай, Бөрітараған. 

Солардың екіншісі Құдайқұлдан Жәмеке, Дәуле, Рсай 

деген үш ұл туады. Жәмекеден Есібек, Көбетей деген 

екі ұл туады. Есімбектен тарайтындар атақты Аққошқ-

ар Сайдалы да, Көбетейден Бабас, одан Бәйтерек, одан 

Қожахан деген менің әкем туыпты. 

Қожахан жарықтық заманында билік айтып Абылай 

ханға ақылшы болған. Оның бейіті Жошыхан мазары-

ның маңында жатыр. Әкей 45 жасында обадан қайтыс 

болып еді, сонда әкейді емдейтін тәуіп таба алмай 

қиналғанымыз есімде. Оба деген жұқпалы ауру ғой. 

Алланың өзі адамзатқа жіберген індет болар,  қайдан 

білейік, қарақтарым. 36 жасыма дейін қаншама қырғын 

соғыстарды бастан өткеріп, Ақмола  қорғанының тү-

бінде жауып тұрған оққа қарамастан Басығара батыр-

ды жау  қолынан алып шығамыз деп, Танаш батыр 

екеуміз бір-бірімізге  қарамастан жеке-жеке шауып, 

бір жағынан патша солдаттарының, екінші жағынан 

қырғыз әскерінің қоршауында  қалғанымызда да алла-

тағала оттың ортасынан аман алып шыққанда мен 

сорлыға жүз жасатайын деген шығар. 

Біз әкемізден Жарқын, Сүйін екеуіміз тудық. Бір 

биеден ала да, құла да туады демекші, ағайынды екеу-

міз екі түрлі өнерді кәсіп еттік. Мен  қолыма найза 

ұстап,  ұрысқа аттандым. Інім үйдегі мал-жанға ие 

болды. Әкей марқұм Шушақ тоқасының ішіндегі Әліке 

қажының туған інісі Байдалының Нұржан деген қызын 

құда түсіп алып берген еді. Одан туған екі  қыз, үш 

ұлымның жастары мен тұтқынға түскенде мынандай 

болатын. Бал—13-те, Түсіп—11-де, Ажахай—9-да, 

Ажар—7-де, Есжан—3-те еді де өзім не бары 36 жаста 

болатынмын. 

Кенесары  қолға түскенде, біздің  қашып кетуге 

мүмкіншілігіміз бола тұра, ханды тастап кетуге еркек-

тік арымыз жібермей, "Төре  қалды, біз де  қаламыз, 

қырғыз да мұсылман, орыстың тепкісінде өлгенше 

қандастарымыздың қолынан өлейік, елден батыр болып 

шығып, ханымызды тастап  қатын болып  қашпайық, 

жақсы ит өлімтігін көрсетпес, біз жеңілдік, ханымыз-

ды тастай  қаштық деп елге барғанша, төре не көрсе 

бірге көріп, Алланың басқа салғанын көріп алайық', — 

деп ақылдастық та бірге  қолға түстік.  Қырғыздар  қос 

төрені жазалағандарымен бізге тиіскен жоқ. Бөліп-

бөліп алып мал бақтырды, басымызға үй, алдымызға 

мал берді. Бәріміз де бір-бір қырғыз қызына үйленіп үй 

болып кеттік.  Қазірдің өзінде сол балаларымыздың 

алды алпыс деген жастан асты. Бір  қызығы  қырғыз 

әйелдерімізден туған балаларымыздың аттарын тегіс, 

елде  қалған балаларымыздың аттарымен атадық. 

Осымен күніміз өтіп жатыр. Бір-ақ нәрсе  қинайды. 

Елдегі балаларымнан хабар алмағаным мен олардың 

менің не өлі, не тірі екенімнен хабарсыз  қалғаны 

іштегі құсаға айналып бара жатқандығы ғана, — деді 

батыр мұңайып. 

Нұртаза, батырдың балаларын білетін болып шық-

ты. Оның айтуынша Бал деген  қызы Бадам өзенінің 

бойын жайлаған  Қызарат Жайлыбай деген датқаға 

ұзатылған. Түсіп деген  ұлы — Орта жүзге белгілі 

батыр, әрі шешен болған, қазір көзі тірі. Ал Ажықай 

деген ұлыңыз 39 жасында күң даулай келіп Бозымбай 

қолынан  қаза тапқан, басқа балаларыңыз атақ-даңқ 

қумай күнделікті тіршілігімен күнелтіп жатқан жайы 

бар. Немере шөберелеріңіздің өзі 50—60-тан асып 

кеткен бұл күнде, — деп ел жаңалықтарын тегіс айтып 

шықты. 


- Сонау Айыртау-Шұбаркөлде жатып Ажақай 

Шымкент жерінде  қалай дүние салып жүр? — деді 

батыр  ұлының дүние салу себебінің анық-қанығына 

көз жеткізігісі келіп. 

— 1877 жылы біздің елдің Бөрші батырының жігіт-

тері Шымкент жағынан кеп жылқы  ұрлапды. Соны 

сылтау етіп,  Қаңлы дейтін  ұлы жүздің елінен орта 

жүзден  қарымта  қайтармақ болып Бозымбай, Санақ 

дейтін атақты баукеспе ұрылар бастаған өңшең мық-

ты жігіттер біздің елге аттанған. Отырардан аттанған 

жігіттер жолшыбай Шұбаркөлді жайлаған Ажақай-

дың да 60 жылқысын  қоса айдап әкетті. Жылқысын 

сұрастырып жүріп, ұрысын анықтаған Ажақай он екі 

жігітпен Отырарға малын даулап барды. Барымташы-

лар мал даулап келген Ажақайдың шай кесесіне 

қатарынан екі рет у қосып, сусын бергенін қасындағы 



көзі ашық серігі Шалабай сезіп  қойған. Екеуінде де 

ішіп отырған кесесіндегі шайын төктірген. Ақыры 

Қаңлылар  қастандықтың басқаша түрін ұйымдастыр-

ды. Есіл ердің үзеңгісіне у жағып жібереді. Ақыры 

Ажақай жолшыбай ат үстінде қайтыс болып, топырақ 

балаңызға сол жақтан бұйырды. Ажақайдың туған 

жездесі Жайлыбай датқа балдызын ақ жауып арулап 

қойып, басына көк тас орнаттырды, оған. Орта жүз. 

Руы Қуандық Жарқын ұлы Ажақай 1838—1877 жыл 

деп жазылған. Ескі Отырар шаһарының оңтүстік ба-

тысына  қарай бір шақырымдай жердегі Арыстанба-

пқа жерленді.  Қазір  құлпытасы жерге екі  қарыстай 

еніп кеткен екен, соңғы рет барып дұға бағыштаға-

нымда көрдім. 

Ал Түсіп болса інісін жерлеп болған соң,  қасына 

Қуандықтың алты руының әрқайсысынан он-оннан 

ертіп Бозымбай Санаққа құн даулап барады. Төрелік-

ке Түркістан қаласынан имам алдырды. Бітімге келіс-

кен соң имам былай түсіндірді: "Бұл шәхит өліміменен 

кеткен адам, ол дүниеге. Оның құнын алсаңдар шәхит 

болмай кетеді. Ал құн алмасаңдар, оның аруағының 70 

кісіге шапағаты тиеді" дегеннен соң Қуандық жігіттері 

сөзге тоқтап, құн алмайды. Ал барымталап кеткен 60 

малдың әрбір басына екі бастан алды. 

Қоштасарда Бозымбай Санақ Түсіпке, "Арамызда 

бұдан былай кірбің кетпесін", — деп, өзінің сүйікті 

Байқасқа деген бүркітін сыйлады. Бұл бүркіт күніне он 

түлкіден ауласа да  қанаты талмайтын  құстың төресі 

болды. Түсіп осы бүркітті Ажақайдын үлкен баласы 

Смайылбек үйленгенде, оның  қайын атасы  Қожабек-

тің Серкебайына кит ретінде сыйлады. Әй,  құстың 

төресі еді-ау, жарықтық, — деп Нұртаза басын шайқап 

әлі де ұмыта алмап жүргенін жасырған жоқ, — Жары-

қтық, нағыз Оралдың ақиығы болатын. Серкебай осы 

құсты он бес-жиырма жылдай  ұстады. Байқасқа  құс 

әбден  қартайып өз ажалынан өлгенде Серкебай 

Шелқоңыр деген таудың адам баспас  құзар басына 

адам сияқты өз  құндағымен жерлеп, белгі  қойды. 

Жарқын Ажақайға бағыштап дұға жасады. Сонан 

соң Нұртазаға: 

— Сен маған ұлдарың дүркіреп атақ-даңқы шығып 

тұр деп мақтадың. Егер де олар сондай мықты болатын 

болса, осы уақытқа дейін "Әкемнен не хабар бар?" деп 

іздеу салып сұрастырар еді ғой, олар ондай мықты 

болмағаны ғой, — дегенде бүкіл  Қуандық жігіттері 

жерге  қарап  қалды. 

Сол жылдың мамыр айында елге мол олжамен ора-

лған Нұртаза.Жарқынның ауылына арнайы барып 

әкелерінің хабарын айтты. Үш  ұлы оның алдына үш 

жылқы салды. 

Түсіп ағайын-жұртымен ақылдаса отырып, елдің, 

жердің жағдайын жақсы білетін, елді көп аралаған 

Тоқаның ішіндегі Қопа Нұршатты бас қылып,  қырғыз 

жері таулы болған соң бес түйемен сауда керуенін 

жасақтап үш адам жіберді.  Қырғыздар бұл адамдарды 

жолай ұстап алып кейін қайтарды. "Сатып бара жатқ-

ан пұлдарың жоқ, артып бара жатқан кірелерің жоқ, 

сендер тегін жүрген адамдарға мүлде  ұқсамайсыңдар, 

шеттен келе жатқан жансыз сияқтысыңдар" деген. 

Келесі жылы Түсіп пен Ажақайдан туған Смайылбек 

ұрлықпен ысылған, ел арасы мен жолды білетін Най-

ман ішіндегі Шағыр Сұлтанды бас  қылып, қалталары-

на 100 теңге ақша салып, 4 ат жетектетіп тағы да 

басқа жолмен жіберді. Олар  Қырғызстанның Шығыс 

жақ шекарасынан өтіп Таластатып барған.  Қырғыз-

дың солты руына жеткенде оларды да кері  қайырды. 

Осымен Жарқын балалары әкесін іздеуді доғарды. 

Аласапыран заман басталып, "балапан басына, тұрым-

тай тұсына" деген заман туып, жүзден асқан Жарқын 

түгілі  қарақан бастарына күн туды. 

Дегенмен Жарқын  ұрпақтары әркезде бір-бір ха-

бардан  ұзынқұлақ арқылы естіп жатты. 1927—1928 

жылдары коммунистердің  қудалауынан бас сауғалап 

қырғыз жеріне қарай өтіп кеткен, орысша сауаты мол 

Алтай, Қарекеннің ішіндегі төре Бозтай деген Қырғыз-

стан жерінде шыққан тегін жасарып, лауазымды 

қызметтер атқарды. Осында жүріп бір ауданның про-

курорлық қызметіне дейін жоғарылаған. Кездейсоқ 

әңгіме шығара отырып біреулерден Наурызбай ба-

тырдың ерінің осындағы бір колхоздағы сиыршының 

астында жүргенін анықтайды. Көзін жеткізу үшін 

арнайы барып, өз көзімен көрген. Ер атан түйенің 

жілігінен керемет шеберлікпен  құрастырылыпты. 

Түйенің терісінен жасалған сірімен былғарыдан 

қапталыпты. Жерлесі Бозтай төрені сағалап барған 

Қареке руының Әбіл деген жігіті де өз көзімен көрге-

нін елге келген соң 1952 жылы Сымайылбектің Сей-

ілбек деген баласына өз аузынан айтқан. Оның айту-

ынша сол елде арғын, найман,  қыпшақ, бөрші деген 

қазақ руларының барлығын көзімен көрген. Бірақ 

мен арғын едім, қазақ едім деп сырын ашуға сескеніп, 

өзі өкіметтен  қорқып  қашып жүрген адам сендердің 

туысқандарыңды білуші едім деп айтуға батылы жет-

пеген. Олар тұрған жер қазіргі Қырғызстанның Қытай 

шекарасына тақаулау жерде мекен етеді екен. 

Сарыарқа. - 1995. - № 4. - 86-88 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал