Сергей кулагин



жүктеу 1.01 Mb.

бет8/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

– Жақында елбасы «Ұлт Жоспары – 100 нақты 

қадам» бағдарламасын жария еткені белгілі. аталған 

ресми құжатта «кәсіби мемлекеттік аппарат құру» 

деп аталатын бөлім бар. Осы мәселеге байланысты 

ой­пікіріңізді білсек. 

– Елбасының бес институттық реформасы 100 

нақты қадам негізінде жүзеге асырылатыны мәлім. 

Оған барлық мемлекеттік органдармен облыстың 

Ішкі саясат басқармасы да тікелей атсалысуда. Ұлт 

жоспарының алғашқы бағыты – кәсіби мемлекеттік 

аппарат құру бөлімінде басты бағдар заманауи, 

кәсіби мемлекеттік аппарат құруға негізделіп 

отыр. Осы бағыттың түп мақсаты – мемлекеттік 

қызметкерлердің корпусын кәсіби және автоном-

ды дәрежеге жеткізу. Мемлекеттік қызметкерлер 

корпу сының, әсіресе, әкімшілік мемлекеттік 

қызметкерлердің автономды болуы дегеніміз 

Облыс аумағында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. 

Жергілікті басқару органдарының азаматтық 

қоғам институттарымен бірлесе жүргізіп отырған 

жүйелі және мақсатты жұмыстары бар. Олардың 

барлығы ұлтаралық келісім мен конфессияаралық 

татулық пен ынтымақтастыққа негізделген. 

Этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында 

2014 жылы облыстық ішкі саясат және дін істері 

басқармасы облыстық этномәдениорталықтар, 

қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесе отырып 

этнос өкілдері көп шоғырланған Мақтарал, 

Сарыағаш аудандары мен Түркістан, Кентау 

қалалары тұрғындарымен кездесулер өткізді. 

Мұндай кездесулер өткізу биыл да жоспарла-

нып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблея-

сы — 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының 

бас белгісі «Тайқазан» киелі Түркістан қаласынан 

бастау алды. Облыстық ішкі саясат және дін істері 

басқармасының тапсырысы бойынша  қазіргі 

таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдығына арналған «Балалар соққан достық үйі» 

тақырыбында анимациялық фильм түсірілді.

Бұл анимациялық туындылардың мәні 

мен маңызы ерекше. Ол жас ұрпақты Отанды 

құрметтеуге үйретеді. Бірлікті насихаттайды, 

жастарды адамгершілік пен бауырмалдыққа 

тәрбиелейді.  Халықтар арасында ынтымақтастық 

п е н   д о с т ы қ т ы   н ы ғ а й т а д ы .   1 - м а у с ы м   — 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайлас-

тырылып анимациялық фильмнің тұсаукесер ша-

расын ұйымдастырдық. Қазірдің өзінде балаларға 

арналған «Балапан» телеарнасы бұл туындыны 

көрсетуге ниет танытып отыр.

– Халқымыздың бай рухани дүниесін, бойына 

жиған барлық қазынасын, асыл мұрасын бүгінге 

жеткізген ол ана тіліміздің құдіреті екені белгілі. 

ана тіліне құрмет көрсетуде оңтүстік өңірінің орны 

қашанда бөлек, үлгі боларлықтай. іс қағаздарды 

мемлекеттік тілге толықтай көшіруде облыстарыңыз 

көш бастап тұр. Облыста бұқаралық ақпарат 

құралдары, оның ішінде қазақтілді басылымдар 

көптеп жарық көруде. Десек те, мемлекеттік тілге 

қатысты барлық мәселелер өңірде оң шешімін тапқан 

деп толық сеніммен айта аласыз ба? 

– Тіл – ұлттың өзіндік бейнесін анықтайтын, ру-

хани келбетін көрсететін төлқұжат деп айтуымызға 

болады. Ол ұлттың өзгеден ерек даралығын 

анықтайтын ерекше белгі.  Ана тілі арқылы 

орнығатын ұлттық сананы қалыптастырушы Абай, 

Шәкәрім, Сұлтан махмұт, Ахмет, т.б. даналардың 

шығар ма шы лығында  нағыз  зияткерліктің  үлгісі 

бар.  

Елбасының: «Біз барша қазақстандықтарды 



біріктіруші басты факторларының бірі – еліміздің 

мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана 

тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді 

жұмсауымыз керек» деген пікірі қоғамда қазақ 

тілінің қаншалықты маңызды орынға ие екенін 

білдіріп тұр. Ендеше, қазақ тілінің идеологиялық 

құрал бола алары сөзсіз.  

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік маңызы бар 

мәселе. Осы бағытта құзырлы орындармен бірге 

кез келген қазақ азаматы болсын, отбасы болсын 

қызмет атқарса, тілге байланысты мәселелер 

өзінен-өзі шешілетіні белгілі. 

Оңтүстік Қазақстан облысы халқының 90 

пайыздан астамы  мемлекеттік тілді меңгерген 

деп айта аламыз. Облыс аумағында 15 оқыту 

орталығы жұмыс атқаруда, тілдерді қолдану мен 



Қазақстандағы үшінші мегаполис болады деп 

бағалады. бұл ретте қаланы осы межеге жеткізу жо­

лында қандай жұмыстар атқарылуда? 

– Биыл Елбасы облысымызға іссапарымен екі 

рет келді. Әрбір сапарында Мемлекет басшысы 

өңірдің дамуына жоғары баға беріп келеді. Облыста 

іске қосылып жатқан жаңа нысандар, бой көтеріп 

жатқан ғимараттар, жаңа жұмыс орындарының 

ашылуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық 

саясаттың оң нәтижесі екені даусыз. Елбасы 

былтыр желтоқсан айында жасаған сапарында 

облыс орталығындағы бірқатар нысандарды 

ашып, атқарылып жатқан жұмыстармен егжей-

тегжейлі танысқан болатын. Бүгінде Шымкентті 

республикамыздағы үшінші қала ету бойынша 

қыруар жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі — 

Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік іскерлік 

орталығы. Онда бүгінгі таңда бірқатар нысандар 

облыстық бюджет есебінен салынып, пайдалануға 

берілді. Атап айтқанда, орталықтың аумағында 

облыс әкімдігі ғимаратының құрылыс жұмыстары 

аяқталып, 16 қабатты ғимарат бой көтерді. 

Сонымен қатар орталықта мәдени ошақтар 

облыстық «Отырар» кітапханасы, «Көрме» 

орталығы, Ж.Шанин атындағы қазақ драма 

театры,  «Түркістан» сарайы және 500 адамды 

қабылдай алатын жаңа емхана пайдалануға берілді. 

Жаңа ауданда қазіргі таңда көптеген көпқабатты 

тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. «Қазына» 

этно-мәдени кешені салынды. Онда Наурыз 

алаңы, облыстық өлкетану мұражайы, Әдет-ғұрып 

салт-дәстүр орталығы және Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай ескерткіш те осы кешеннің 

аумағында бой көтерді. 

Мен мұны осы қаланың тұрғыны ретінде зор 

мақтанышпен айта аламын. Өйткені осы өңір 

маған рух пен күш беріп тұратындай. Екі балам 

осы қалада дүниеге келді. Өңірдің әсемдікке 

толы табиғаты, ата-бабамыздың қалдырған салт-

дәстүрі мен  мол мұрасы бұл өңірде әлі күнге дейін 

сақталған. 

– еркіндікті қалайтын шығармашылық ада­

мы үшін уақытпен санаспайтын, қатаң тәртіпке 

бағынатын мемлекеттік қызметті атқару қаншалықты 

оңай немесе қиын?

– Мемлекеттік қызметті атқару, халық үшін 

қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт дер 

едім. Бұрын осы мемлекеттік қызметкерлер не 

бітіреді деп сыни көзбен қараушы едім.  Сырт-

тан тон пішу, әрине, оңай. Өзіңіз айтпақшы, 

шығармашылықтан қатаң тәртіпке бағынатын 

мемлекеттік қызметке ауысқаныма 3 жыл бо-

лыпты. Осы 3 жылда мемлекеттік қызметтің 

күрделілігі, қиындығы, ерекшелігі, жауапкершілігі 

қандай болатынын түсіндім. Тоқетеріне келген-

де, мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеті 

мемлекетке, халыққа адал қызмет ету. Таңның 

атысы, күннің батысы жұмыста жүру бір бөлек. 

Әртүрлі өзекті мәселелердің шешілуіне атса-

лысу, ол шешімдердің қабылдануына ықпал 

ету, қарапайым халықпен жұмыс істеу қашанда 

маңызды. Өзім тікелей айналысатын ішкі сая-

сат саласындағы дін мәселесі, қоғамдық-саяси 

ахуал, қоғамдық қатынастар, ақпараттық са-

ясат бағытындағы жұмыстарды жүргізу үлкен 

жауапкершілікті қажет етеді.



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан  

л.ӘбіЖеТҚЫзЫ

10

11

№25 (1283) 



25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл


№25 (1283) 

25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

А я у л ы   ә к е ,   ү л к е н 

ғ а л ы м ,   т а р и х   ғ ы  л ы -

мының докторы, ака-

д е м и к   М ә л і к - А й д а р 

Ханте мірұлы  Асылбек 

а ғ а м ы з д ы ң   д ү н и е д е н 

озғанына қырық күн тол-

ды. Ол өмірінің соңғы 

к ү н д е р і н е   д е й і н   б а р 

еңбегін ғылымға арна-

ды. Ағамыздың артында 

қалған ғылыми еңбектері 

орасан зор. 

Е ң б е к   ж о л ы н   ұ с -

таздық қызметтен бастаған ол ең-

бекқорлығы мен білімге деген құш-

тар лығының арқасында академик 

дәрежесіне дейін жетті.

Көптеген шәкірт, ізбасарларын 

тәрбиеледі. Олардың көбі жоғары 

ғылыми атақтарға қол жеткізді. Оның 

дәлелі марқұмды жерлеу рәсімінде 

сөз сөйлеген шәкірттерінің айтқан 

алғыстары. Қазақстан Республика-

сы Ұлттық Ғылым академиясының 

президенті Мұрат Жұрынов 

өзі бас болып Мәлік-Айдар 

ағамызды соңғы сапарға 

шығарып салу рәсіміне ат-

салысты.

А к а д е м и к т і ң   қ а й т ы с 

б о л у ы н а   б а й л а н ы с т ы 

қ о ш т а с у   р ә с і м і   Ғ ы л ы м 

а к а д е м и я с ы н ы ң   ш а ң ы -

рағында өтті. Министр-

ліктен, Мәжіліс депутат-

тарынан, Оңтүстік Қазақ-

с т а н   о б л ы с ы н ы ң   ә к і м і 

А.Мырзахметовтен, Шарда-

ра ауданы әкімінің көңіл айту жеделхат-

тары келіп түсті. Өзімен бірге қызметтес 

болған әріптестері сөз сөйледі.

Осы орайда «Аттан» бейбіт шеруінің 

басшысы Амантай қажы Асылбекке 

көңіл айтамыз. Бекем болыңыз, Амантай 

қажы. Ағамыздың жатқан жері жайлы, 

топырағы торқа болсын!



«азат», «Желтоқсан», 

«Жер­ана» қоғамдық бірлестіктері

азақ өлеңінің көрігін қыздырып, дарынын оздырып, текті талантының арқасында оқшау көзге 

түскен ақын Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығына қатысты пікірімді білдіруге ықыласым 

ауғалы қашан... Көптен бері көкейімде жүрген осы ойымның орындалуының орайы енді келіп 

отыр. Сөз басын Серіктің ақындық тағдырына байланысты бөгде сыр ашудан бастамақпын. 

Жас ақынның алғашқы өлеңдері «Көктем тынысы», «Қарлығаш» аталатын ұжымдық жыр 

жинақтарында жарияланған болатын. Алайда өз кітабы, құрдастарына қарағанда, тым кеш 

шықты. мәселе оның өлеңдерінің нашарлығында, болмаса ақындық жолының қалыптасуының 

баяулығында емес-тін. Жырлары сол кезеңдегі кеңестік саясаттың жыртысын жыртуға, даңғаза 

ұрандарын дәріптеуге жарамайтын. Қазақ ұлтының адамзаттың ұлы көшінде басынан кешірген 

нәубет науқандардағы қилы да қиямет тағдыры туралы жас ақын толғаныстары топтастырылған 

«ХХ ғасырдың 20 сәті» кітабының қолжазбасы «Жалын» баспасына 1980 жылы  тапсырылса да, 

ол қайта-қайта кері қайтарылып, ақыры араға табаны күректей төрт жыл салып, 1984 жылы әрең 

жарыққа шықты. онда да қысқартылып, күзеліп-түзеліп дегендей. Сол кезде аталмыш баспада 

басшылықта болғандықтан мәселенің мән-жайын жақсы білемін. Ақын риза болмаса да, тұңғыш 

кітабының тұсауы кесіліп, жолы ашылсын деген ізгі ниетіміз болған. Біздің қолдан келгені осы еді. 

Сол кездегі  цензураның қырағы сынағынан амалдап өткенбіз... Ақ ниетіміз ақталды. Содан кейін, 

құдайға шүкір, Серік ақынның айы оңынан туғаны ақиқат...

Фархат БАлғоЖИеВ,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

Қуанышбай ҚұРмАНғАлИ, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

ойтолғам

маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, есет селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік 

мекемесі уақытша инспекторы есепші қызметіне (негізгі қызметкердің бала күтіміне 

арналған демалысы кезеңіне ) (1-орын) ашық конкурс жариялайды

Функцияналдық міндеттері:

Мемлекеттік қызметте болып алдын ала 

болжам жасай алатын, ұйымдастыру, қадағалау 

жұмыстарын білетін, қабілеті мен әдістерін білетін, 

ұжым арасында тіл табыса білетін, халықпен 

сөйлесу қабілеті бар, жағдайға бейімделгіш, білімін 

көтеруге ынталы, саналы болу, Есет селолық округі 

әкімінің қызмет көрсету нысандарының саясатын 

іске асыру шараларын ұйымдастыру. 

Электрондық үкімет бағдарламасын халыққа 

қызмет көрсететін кәсіпорындарда іске асыру 

мақса тында оның жұмысын ұйымдастыру және 

үйлестіру.

Бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық 

есептілікті жасау және ұсыну. Еңбек келісім шар-

тын, табельдерді зейнетақы есептеуді, барлық 

еңбекақы түрлерін есептеу және қаражатты 

уақытылы игеруді қамтамасыз етеді. 



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі 

талаптар: 

Білімі жоғары немесе арнаулы орта Компьютер-

де «Excel», «Word»-та жұмыс істей білуі.

 «Есет селолық округі әкімінің аппараты» 

мемле кеттік мекемесіне хабарландыру жария-

ланған күннен бастап, төмендегі құжаттарды тап-

сырады.

1.Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген 



конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.Жеке басын куәландыратын құжаттың 

көшірмесі; 

3.Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі 

жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен бай-

ланыс телефондарын көрсетіп);

4.Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына 

сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың кө шір месі;

6.Медициналық куәландырудан өткені туралы 

құжаты;

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер 



құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 

«Есет селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік 

мекемесіне конкурстық комиссиядан өтеді.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс өткізу 

туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 

күнтізбелік күн.



Мекен­жайы: Маңғыстау облысы, бейнеу ауданы, 

есет селолық округі, әкімшілік ғимараты анықтама алу 

үшін телефон 872 932 ­ 35­2­22  

еске Алу


конкурс

Барша адамзат баласының басына түскен 

ауыртпалықтың сол замандағы қазақ еліне 

тарттырған зардабымен шендестіре шер 

тарқатқан шайыр өлеңдерінің бірден – салған 

жерден жолы кесілуінің себеп-сыры осы еді. 

ХХ ғасырдың жаһандық зұл мат тарын зер-

делей, жетемізге жеткізе өлең өр нектеген 

жас ақынның жұртшылықты жалт қарат-

қан ерен еңбегі зая кеткен жоқ. Ол тез арада 

айтулы ақындардың қатарын толықтырып, 

бағы жанды. Ақынның тұңғыш кітабынан сы-

зылып қалған өлеңдері есімі елге танылып, 

шығармашылығы шеберліктің шарықтау шегіне 

жеткен кездері жарық көрген «Адам ата – Хауа 

ана», «Қараорман» кітаптарында толық нұс қа-

сымен жарияланғанын айта кету де артық бол-

мас. Бұл да болса ел тәуелсіздігінің арқасы-тын.

Серік осылайша поэзиядағы тұңғыш 

қадамын, өзімен тұстас көптеген жас ақындар 

сияқты, ауыл-аймақ, алғашқы махаббат, табиғат 

көріністері баяндалатын байырғы – көне 

сүрлеуге соқпай, сонардан із кесті. Әрине, жас 

ақын өз өлеңдерінде суреттелетін өткен өмірді 

өз көзімен көрген жоқ, өз басынан өткерген жоқ. 

Өйткені, оның ғұмыр кешкен заманы да, жасы 

да басқа-тын. Алайда, оқығандарын көңіліне 

тоқып, төл тарихымыздан тәлім алып, оны са-

насында саралап, қазіргі кезеңдегі жағдаятпен 

салыстырып, тұжырымын ой елегінен өткізіп 

барып жыр толғаған ақын адасқан жоқ, 

шындықты қопара ашып, ақтарыла жазуға 

ұмтылды. Тарихта таңбаланған ұлт өмірінің 

өткелдері осылайша өлеңге айналған-тын. Ақын 

шығармашылығының бағасын асырып тұрған 

өлеңдерінің көркемдік кестесінің келістілігі, 

түйінді ойларының тұщымдылығы, шындық 

көрігінде  шындалғандығы, мақсат-мұратының 

құндылығы, уақытпен үндестілігі. Ақын адам 

өмірінің, қоғамдық-әлеуметтік тіршіліктің 

қыр-сырын ашып, толғақты мәселелерін 

ашып көрсетуге келгенде де керемет көреген. 

Өлеңдерінің көкейге қонымдылығы, жүрегіңе 

жылы тиетін мәнді мазмұндылығы, жаныңды 

бірде жадыратып, бірде жабықтырып, сезіміңді 

бірде ынтызарлыққа, бірде сергелдеңге түсіретін 

әсерлілігімен баурап алатын алабөтен қасиеті 

бар. Серік ақынның шығармашылығының бір 

ерекшелігі оның көңіліңді босатып, жүрегіңді 

жылата беретін жырлардан гөрі, жаныңа 

қуат, сезіміңе шуақ беретін өлеңдер жазуға 

құштарлығы. Ауыр ой, қаяулы көңіл еңсені 

басып, есеңгіретіп жіберетінін білетін Серік 

ақын адамның сағын сындыратын суық та 

сұйық сөздерге жол бермеуге бейіл. Мына мың 

құбылған дүниенің құпия сыры мен жұмбақ 

әлемін түсініп-түйсіну оңай емес, санаға салмақ 

түсіретін құбылыстар жетіп жатыр. Ал Серік 

тумысынан ерекше екпінді, жойқын жігерлі 

жырлар жазатын ақын ретінде танылған та-

лант. Бүгінгідей ұстараның жүзіндей күніне 

қырық құбылып тұрған мазасыз мезгілде ойлы 

ақынның осылайша буырқанып-бұрқанып

өршелене өртеніп, жасынша жарқылдап 

жыр толғауы қисынды құбылыс. Қазақ елі 

іргесін мейлінше берік бекітіп, мызғымас 

мемлекеттігін әлемге мойындату мәнісінің 

жолын қарастырып, қаракет жасап жатқан сын 

сәтте ұлт тағдырын толғап толайым жырлар 

жазу әрбір азамат ақынның абыройлы парызы 

екендігін парықтаған Серіктің ұстанымына дән 

ризамын. Ақынның зұлмат заман көрсеткен 

қоғам зардаптарынан жапа шеккен ұлтымыздың  

ұпайын түгендеп, рухын жаңғыртса ғана 

мәртебе-мерейі өсетінін өлеңдері арқылы 

айшықтауы осы себептен екендігі айтпаса 

да түсінікті. Қазақтың қоғамдық ой-санасын 

оятып, өнер-білімге құлшындыру, сөйтіп 

өзгелерге ілесе қауымдасқан ел-жұрт болып, 

ұлт болып ұйысып, рухани тәуелсіздіктің 

туын тігуді армандаған Алаш арыстарының 

көздеген мақсат-мұратын жүзеге асыру әлі 

де болса міндетті межеге толық жетпегені 

анық. Қазақ халқы басынан кешірген небір 

зауалдар зарын жүрегінен өткізіп, өлеңдеріне 

көшірген ақынның тірі сөзі сай-сүйегіңді 

сырқыратып, ел-жұртыңның енді қайтып 

ондай қайғы-қасірет шекпеуіне тілек қосып, 

әрі өткеннің өкініштерінің қайталанбауынан 

сақтандырып отыр. Ал сөзі  алмас қылыштай 

қиып түсетін, өрттей өзегіңді өртейтін, шар-

болаттай шыңдалған шындықты өршіл рухты 

өлеңдерінде арқау еткен арлы ақын ғана жал-

пы жұртшылық ардағына айналары ақиқат. 

Біз Серік ақынның шығармашылығын осы 

тұрғыдан бағалаймыз. 

Дүбірлі дүниенің дүрмекті аласапыран 

тіршілігінен жаны тітіркеніп, алдағы күндерге 

алаңдаған адамдардың көңіл күйі, онға бөлінген 

ойлары мазасыздандырған ақынның музасына 

құлақ түрейік:

...Түсімде де өмірді, өңде көріп

Сан түскенмін сабама жөнге келіп, 

Қызыл-жасыл дүние көшіп жатты, 

Көз алдымда көлбеңдеп, дөңгеленіп. 

...Таң атады, 

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМаР

қыр-сыры мол дүнИе 

Бір қоян қайың тауды арқалаған, 

Ертерек қоян еді марқалаған. 

Жолында алтын гауһар толып жатыр, 

Еш адам ала алмайды балталаған. 

Көк шөп көрікті ме,

Көп шөп көрікті ме,

Көк кер көрікті ме,

Көк көл көбікті ме,

Көк бел келісті ме,

Көп тер жемісті ме?

(Күн мен сағым)

бір кездері неміс тілі америка Құрама Штаттарында 

мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болу мүмкіндігі жоғары 

болған. өйткені бұл елге ағылшындықтардан гөрі неміс 

өкілінің шаруалары көптеп қоныс аударған болатын. 

Англияның үстемдігінен біржола құтылып дербес-

тікке ұмтылған келешек елдің ертеңі үшін болған рево-

люциялық кезеңде осындай әрекет болып, дауыс беру 

нәтижесінде неміс тіліне 1 дауыс қана жетпей қалған. 

Қазіргі таңда АҚШ-тың Иллинойс штатында 

ағылшын тілінде сөйлеуге тыйым салынған. Мемле-

кеттік тіл американ тілі болып есептеледі. Алайда екеуі 

де түптеп келгенде бір тіл екенін заң шығарушылар 

білсе де осындай қадамға барған. 



Әлемнің ірі қалаларында 

ботаникалық бақтар ашыл ған. 

ботаникалық бақ – қала ау­

ма ғындағы  қоршауға  алын ған 

та биғи жасыл желекті арнайы 

аймақ. 

Мұнда хош иісті сирек 

гүлдер, көп таралмаған ағаш 

түрлері биолог ғалымдардың 

арнайы  бақылаумен  өсі рі леді. 

Дүниежүзінде  кездес пей тін, 

тек бір талы ғана қалған өсімдік түрлері де бар. 

Табиғат үшін маңызы орасан, құнды өсімдіктерді де 

осы бақтардан көріп білеміз. Мұндай ботаникалық 

бақтар мемлекеттің қамқорлығына алынған. 

Сөйте тұра барлық Ботаника бақтары көпшілікке 

арналған деуге болмайды. Кейбір мемлекеттер 

мұндай жасыл желекті өңірді туристік мақсатта пай-

даланады. Енді бірін экологиялық орталық ретінде 

айрықша қамқорлыққа алған. Көптеген бақтар тек 

ғылыми мақсатта пайдаланылады. Ондағы өсімдіктер 

жұртқа көрсетіле бермейді. 

Жыртқыштар тобының мысық тұқымдасына жа­

татын аң. елімізде Маңғыстауда, Мұғалжар жотасын­

да, Қаратауда, Тянь­Шаньда, іле, Жетісу (Жоңғар) 

алатауларында, Тарбағатайда, Оңтүстік алтайда, 

Сарыарқада кездеседі. 

Дене мөлшері үй мысығындай, тұрқы 52-65 сан-

тиметр, салмағы 4-5 келі. Үлпілдек жүні ашық сұр

қоңырқай түсті, арқасында көлденең жіңішке 6-7 

қара жолағы болады. Құйрығы келте, арқасындағы 

8 қара жолағы анық көрінеді. Құлақ қалқандары өте 

кішкентай. Шөл далада тіршілік етеді. 

Әлемде ән салатын шағыл­

дар, күбірлеп қоя беретін үң гір­

лер, жаңғырықты бірер сағат 

қай талап тұрып алатын жартас 

көп. 

Бұлардың мұндай құ-

ді реті туралы ғылым әр-

түрлі жорамал айтады. Со-

лардың ішінде әлі күнге 

жұмбағы шешілмей тұрған 

дүние – мұхиттардың асты-

нан шығатын ғажайып дыбыстар. Су астындағы 

сейс микалық қозғалыстардың, жанартаулардың 

шығарған дауысына ұқсамайтын бұл құбылыстар 

ғалымдарды таңғалдыруда. Құпиясы беймәлім 

дыбыстардың жоғарыға шығуы да ерекше. Тынық 

мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінен ышқынғанға 

ұқсас дыбыстарды тіркеген. Кит не болмаса ірі су 

жануарларының шығарған дауысынан 100 есе күшті 

дауысты ондаған гидрофондар жазып алған. Бірақ 

ғалымдар бұл жанұшыра қорыққан, ышқынған 

адамның дауысына ұқсас дыбыстар ненің дыбысы 

екенін әлі таба алмай келеді.  

жАсырдым жұмБАқ

қАйтАлАп көріңіз

сіз Білесіз Бе? 

Білгенге – мАржАн 

жАнуАрлАр әлемі 

қыр-сыры мол дүнИе 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал