Сергей кулагин



жүктеу 1.01 Mb.

бет5/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әділ ДҮЙСеНБеК, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

тіл алғыш – послушный, сговорчивый

тіл алу – слушаться, последовать 

совету

тілге жүйрік – язык хорошо подвешен

тіл жетпеу – не передать словами

тіл қатпау – словом не обмолвиться

тіл қату – разговаривать

тілі қышу – желать высказаться

тіл табу – находить общий язык

тіл тигізу – оскорблять

тілі мен жағына сүйену – заниматься 

пустыми разговорами

тілімнің ұшында тұр – вертится на 

языке

тілін білу – иметь подход; найти ключ

тілі ұзын – длинный на язык

тілі шығу – начать говорить

қызыл тіл – красноречие

тілде тиек жоқ – язык без костей

тілі ащы – острый на язык

6

7

№25 (1283) 



25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл


№25 (1283) 

25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Сейітұлы туралы)

(Төртқара Былшық би

алты алаштың ардағы

«

С



өзіне халқы ынтыққан...»

...Оның заманын, бүгіндері мүлде ұмыт 

болған қазақы болмыс пен ұлт ұстанған ру-

хани, мәдени құбыланы, қазақы қоғамдағы 

табиғи үйлесімді елестете алатын сана-

лы кісі үшін ол қазіргі ресми кеңселер 

беретін лауазымдардан әлдеқайда жоғары 

тұрған тұлға еді. Қазақ өз құнарынан адаса 

қоймаған сол дәуірде көрінген кісі би атан-

байтын, оны еш бұйрық не өкім би ете ал-

майтын. Билік кісіге ата күші, ана сүтімен 

дарыған табиғи қасиет арқылы келетін. 

Оның шарты өте қиын еді: қаршадай бала 

кезінен қарт абыздыққа дейін би болып 

жету үшін орасан зор білік пен білім, хан 

бұрылып қарарлықтай сес пен сұс, жұртты 

өнегесімен де, сөзімен де баурап аларлық 

арқалылық, сөздің күллі киесі мен жүйесін 

қапысыз білетін шешендік пен шеберлік, 

әсіресе, қанына қарайып тұрған қалың 

жұртты да, қара суды да тоқтата аларлық 

әділдік, соның бәрін мінсіз алып жүрерлік 

мәрттік, мызғуды білмейтін сөзіне, ісіне, 

сертіне беріктік керек еді. Бұл үшін 

халықтың тарихын, философиясын, ұлы 

өнегелердің шежіресін даналық дәрежеде 

игеру қажет еді. 

...Былшық би сондай тұлға. Бергі 

төртқара, Әлім ішінде ғана емес, күллі 

Кіші жүз көлеміндегі санаулылардың бірі, 

бірегейі. Замандастары мойын да ған Кіші 

жүздің кенже биі. 

* * *

1 8 6 0   ж ы л ы ,   қ а з і р г і   Ә й т е к е   б и 



ауданының Аралтөбе ауылының маңында, 

ұлы Ырғыздың негізгі бастаулары бірігіп, 

үлкен өзен болып ағатын тұста, Өтеш 

саласының бойында отырған Әлімнің ұлы 

арысы Төртқараның Құламанының атақты 

байы, айбынды азаматы Әбдібайдың 

Сейітінің шаңырағында дүниеге ұл келеді. 

Бұл жасы алпысқа жақындағанша ер 

баласы болмай жүрген Сейіттің жүрек 

жарарлықтай қуанышы еді. Сейіт дүние 

түгендеген бай ғана емес, сол тұстағы 

бауырлас төрт төртқара, бес шектіге сөзі 

жүретін, ел ұстаған ерлермен үзеңгілес 

дос, сыйлы, парасатты кісі болатын. 

Әйгілі Көтібардың Есеті бірде заман-

дас сырласы Сейітке «Сен ұнжырғаңды 

түсіре берме, Алла қаласа, ұлды боласың, 

ұлың дана, атақты адам болады. Мен түс 

көрдім. Түсімде сенің отыңның басы-

нан бір бәйтерек өсіп, шаңырағыңнан 

шығып, мәуелеп тұр екен» депті. Атақты 

батыр, арқалы әулие Есеттің түсі айнымай 

келген деседі. Сейіт ұлан-асыр той жа-

сап, сыйлас ағайынға дәулетін молынан 

шашып, игі жақсылардың басын қосып, 

батасын алып, зарығып көрген ұлының 

атын Құтаяқ қояды. Сол Құтаяқ, бетіне 

ешкім жел болып тимей, еркін өседі. 

Сөзімен, қылығымен тілеулес жұрттың 

бәрін қуантып жүреді...

Құтаяқ жеті жасқа толғанда Сейіттің 

үйіне арнайы құтты болсын айтқалы 

Есет батыр келеді. Күзгі уақыт болса 

керек. Сыйлы қонағы Есеттің тобын 

бабымен жайлап отырған Сейіттің 

қойына қасқыр шабады. Жұрт дүрлігеді. 

Сыртқа ұмтылғандармен бірге Есеттің 

атқосшысы да шығуға ыңғайланғанда 

батырдың қасында отырған бала Құтаяқ 

әлгіні шалғайынан ұстап кідіртіп: «Тәйт, 

әй! Қасқыр шапса, қойдың иесі бар, 

иесін сақтайтын киесі бар, кие баққан 

көріпкел бар дегенді естіп, баланы соған 

қаратады. Қобызын шалып, зікірін салған 

бақсы Сейітке айтыпты:

– Сейіт! Балаң жынданудан аман. 

Алланың әмірімен, аруақты батыр 

мен тұлпарының сүйегі қалған жерге 

ұйықтаған, батырдың пірі Қарабура әулие 

қамқорына алыпты мұны. Балаң он үшке 

толғанша аруақтармен сөйлесіп жүрер, 

қадағалап қоярсың. Көзінен былшығы 

кетпес. Алла аманат-жанын алмаса, сонда 

келермін, — депті. 

Екі жылдан соң бақсы келіп, зікір 

салып, үшкіріп жүріп, Құтаяқтың көзін 

былшықтан арылтып, өзін сабасына 

түсіріпті де, «Балаңа, тіл-көзден есен 

болсын, Былшық деп ат қоямын, жасы он 

беске толғанда ат тұяғы жетер жерге билік 

айтар» депті. Сейіт той жасап, баласының 

атын «Былшық» деп қайта қойыпты. Той 

соңынан Былшықты Шекті Есет батыр 

ертіп әкетіп, екі жыл бойы тәрбиелеген, 

небір жиын-тойларға, айтулы мәжілістер 

мен дауларға қатыстырып жүрген. Сөйтіп, 

сүйікті ұл ғана емес, болашақта елге еге 

бәрі елесі жойылған ертегіге ұқсайды. Со-

нысы өкініш.

Ш е к т і н і ң   а р қ а л ы   а р ы с т а н ы 

Көтібардың Есетінің, атақты көкжал 

Жанғожаның патша үкіметінің жүрегін 

май ішкендей қылған дүрбелеңдері әрең 

басылып, Романовтар әулетінің патшалық 

құрғандарына 300 жыл толуы аталып 

өтетін, соған орыстың өте сұңғыла саясаты 

қазақтың Сейітқұл Бәймен, Жағалбайлы 

Дербісәлі, ер Есет Көтібарұлы, Алматтың 

Самұраты сияқты соңынан ел еретін игі 

жақсыларды шақыратын дәуір еді ол. 

Бергі жағы даланың қазағы толық ұғынып 

үлгермеген ақ пен қызылдың қырқысына, 

қазақты ақырындап қана семізмалайға 

айналдырған, қазақы иісалмастықты 

қалыптастырған заманға ұласты.

Былшық — осы тұрғыдан алғанда, 

нағыз қазақы азаматтың да, қазақы бидің 

де соңғы өкілдерінің бірі. Оның өнегелі 

ғұмырының Ақтөбе түрмесінде, 1933 

жылы — қазақ үшін өте қасіретті кезеңде 

— аяқталып, асыл сүйегі еш атаусыз, ар-

намыс пен елдік туралы ұғымдар миына 

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, 

айтқанынан ешкім шығып кете алмайтын 

Жағалбайлының төбе биі де өзі екен. 

«Бақыт құсы басыма ұшпастай бо-

лып қонды» дегенді жиі айтып жүрген 

Дербісәлі халқына, еліне бір-ақ күнде 

қадірсіз, керексіз болып шыға келіпті.

Бұл оқиға 1890 жылдардың о жақ, бұл 

жағында болса керек. 

Күзде болатын аға сұлтан сайлауы-

на дайындық қызу жүріп жатса керек. 

Дербісәлі «менің орнымды таласып, жеңіп 

алатын адам әлі туған жоқ» дегендей 

жайбарақат жүріпті. Дербісәлінің немере 

інісі, өзі әнші, өзі ақылды, өзі әдемі, өзі 

қайратты, сері жігіт Жетірудың атақты 

сұлуы, Дербісәлінің сүйікті әйелінің не-

мере сіңілісімен үйленбекке серттесіп, 

алып қашпақшы болып, қыз аулына ба-

рып, алтыбақан құрғызып, сауық-сайран 

салып жатады.

Дәл осы кезде алдағы сайлауда 

Дербісәлінің жанды жерінен шалып, өзі 

аға сұлтан болуды көздеген кандидатының 

күні бұрын аса зұлымдықпен, сақтықпен 

жасаған жоспары іске асады. Екі жас 

қашқан түні әлгі бақталас кандидат әр 

ауылға өз адамдары арқылы хабарлатып, 

қыз ағаларына, «сері жігіт қызды алдап, 

бүлдіріп, енді жолдасына қатындыққа 

беруге алып бара жатыр, құтқарыңдар» 

— деп, ал серінің ағаларына «інілерің 

қызды алып қашты, бірақ қыз ағалары 

оны өлтіріп, қызды тартып аламыз деп он 

шақты жігіт шығарды, тез жетіңдер» деп, 

екі топты таң ата кездестіреді. Қыз ағалары 

бұрын жетіп, қатты қарсылық көрсеткен 

серіні өлімші қылып аттан түсіріп, 5-6 

жігітті аттан ұрып түсіріп жүрген серінің 

жолдасын ортаға алып, ұрып өлтіреді. 

Сол кезде жеткен серінің ағалары қалған 

төрт жігітті де ұрып түсіргенде біреуі өліп 

кетеді. Қыз аулынан жігіттер жетіп, жігіт 

жағының адамдарын қоршайды.

Дербісәлінің ең сенімді адамы, 

Жетірудың бетке ұстар батыры Қара-

ба тыр іргелес-қанаттас ауылдан 20-30 

жігіттің кенеттен сойыл алып атқа қонып 

кеткендерінен сескеніп, атқа мініп олар-

дың соңынан жетіп, екі топты ажыратады.

Міне, осы оқиғадан кейін Дербі сә лінің 

аспандағы жұлдызы жерге түсіп, бағы бір 

күнде қайтып, мең-зең болады. Жетірудың 

барлық басшыларын шақыртып, дау-

лы екі жақтың да адамдарын, билерін 

қатыстырып, тоқтау айтып сөйлесе де, екі 

жақ бітісе алмайды.

— Әй, Дербісәлі, — дейді қайын жұрт 

жағы, — сен әуелі анау арсыз ініңді, 

қанішер тумаларыңды тыйып ал. Азама-

тымыздың құнын, қызымыздың айыбын 

төлесін.


Неге біз құн төлейміз? Әуелі кісі өлтір-

ген сендер. Сендер біздің аяғымызға 

жығылып, азаматтың құнын төлеңдер. Бұл 

Дербісәлі қатынжанды ғой. 

Тама азаматы сол қанды оқиға бола-

тын жаздың қысқа түнінде арасы 50-60 

шақырым болатын жолды екі рет жүріп 

өткен өзінің атақты бәйге күреңін Былшық 

биге көлденең тартып:

— Би еке! Аруақты адам екенсің, анық 

білдім. Өзімді бір адамнан бетім қайтады 

деп ойламаушы едім, тәубеме келтірдің. 

Енді Алладан ғана кешірім сұраймын. 

Мына атты аруаққа атағаным, енді сіз 

мініңіз, — депті.

Сонда Былшық би:

— Шырағым-ай, туысың келісті, 

ісің қисық болғанмен, сөзің түзу екен. 

Қап, әттеген-ай, аруаққа айтуға басқа 

малың болмады ма? Жануардың маңдайы 

жарқырап, талай бәйгеден келемін деп тұр 

екен. Осы жолы саған да оңай соққан жоқ, 

еліңе барасың, төл атыңа өзің мініп бар. 

Кел, мен аттандырайын, — деп қолтықтап 

мінгізіп, күреңнің шоқтығына қолын 

салып сәл тұрып, — ал аулыңа жетерсің, 

— депті. 

Сол бәйге күрең Тама азаматы жолда 

бір жолдасынікіне аялдап, алға жіберген 

адамдары үй тігіп болған жерге ойнақтай 

орғып, билей басып келіп, иесі жерге түсе 

бергенде жан тапсырыпты дейді.

Тағы бірде Жағалбайлы мен Төртқара 

арасында кезекті дау шығады. Атақты 

қайраткер, болыс Шыманның Мырзағұлы 

бастап барған топ ішіндегі кілең ығай 

мен сығайға азуы алты қарыс Дербісәлі 

дес бермейді. Даудың ширыққан тұсында 

Мырзағұл кісі жіберіп, Былшық биді 

шақыртады. 

Би тыңдап отырса, Дербісәлінің 

әлдебір жақын туысы, шонжар байдың 

баласы өз малшысының әйелін зорлап, 

қорлыққа шыдамай, мырзасына қол 

көтерген малшысын таяққа жығып, бір 

көзін шығарған екен. Апайтөс Дербісәлі 

ағайынын ақтап, «бүлдіршін көзін сүзбесе, 

буыршын бұйдасын үзбейді» деген бар, бар 

кінә - әйелде, боларын болып алып, жала 

жапқан ғой. Ал әулекі күйеуі ештеменің 

байыбына бармай, мырзасына жұдырық 

ала жүгірген соң, сазайын тартты. Мырза 

өзін малшысына сабатып қоя ма, оны 

қосшылары қолдады. Ақыры, төбелестің 

аты төбелес, қате тиіп, көзі шықты. Соны 

да даулайсыңдар ма? «Бас жарылса, бөрік 

ішінде», қоялық мұны. «Тыныштықты 

бұзбаңдар» деп отырып алыпты. Жұрт 

тынып қалады. 

Жағалбайлылар дауды ұмыт етіп, 

Дербісәліні мақтасып, қауқылдасып оты-

рады. Сонда Былшық би отырып:

Жағалбайлы бас қосса, 

Дерекесін мақтайды.

Сол мақтаулы Дерекең,

Руссия болмаса, 

Еш қазаққа жақпайды.

Алты Әлім ұшан теңіз-ді, 

Толықсыған тереңі

Ақпанның аяз күнінде

Ортасы мүлде қатпайды.

Есесі кетсе ен Әлім,

Жауар бұлттай қаптайды.

Жөнге көшсе Дерекең,

Әлімге кесек атпайды. 

Біле білсе Дерекең,

Ханзаданың баласы

Қарашыны беттен қақпайды.

Қойшы мінген байталға,

Қазанат айғыр шаппайды. 

Жетірудың желкегі, 

Дерекесін мақтайды. 

Сол мақтаулы асылзат,

Мына даудың кесімін, 

Бүгінгі істің шешімін 

Әділ қып неге таппайды? – депті.

Ол заманның бір артықшылығы – 

қазақ атаулы жүйелі сөзге, жүйкесі тозып 

тұрса да, тоқтай білген. Демек, айтар ауыз 

ғана емес, тыңдар құлақ, түйсінер жүрек 

бар еді халықта. Мынаны естіген Дербісәлі 

бірден әділдікке жығылады. Былшық әлгі 

жәбірленушінің айыбына Дербісәліден 

мал өндіріп беріп қана қоймай, оны ел 

ішіне көшіріп әкетіпті. Сол кісі беріде 

дәулетті байға айналғанын айтады жұрт. 

* * *

...Шыманның Мырзағұлы айтқан бір 



әңгіме: «Мен ешкімге сөзден де, істен де 

есе жібермедім деймін ғой. Расын айтсам, 

сөзден үш рет тосылдым. Бір жылы, уезд 

орталығы Жармолаға бара жатқанымда, 

жолшыбайлап төртқараның құламаны 

Сейітұлы Былшық биге соқтым. Ауы-

лы көшіп келе жатыр екен. «Жақын 

жерге қонамыз, қонақ болып кет» де-

ген соң көш-жөнекей әңгімелесіп келе 

жатқанбыз. Төртқара көші өте сал-

танатты екен. Қызыл-жасыл киінген 

бір топ қыз қасымыздан шауып өтті. 

Бұрымдарына таққан үкілері ойнап 

бара жатты. Төртқараның Қойлан де-

ген қызынан туған жиендігіме салып, 

Былшық биге «Мына Төртқараның 

қыздары бөкселерін үкілеп алған ба, 

Татармен будан жортақ болады, 

Естекпен будан қорқақ болады,

Осылардың бәрі қосылып, 

Қалың қазаққа ортақ болады,  – деген-

де молда үнсіз қалыпты. 

* * *

Былшық би қасында бір топ сыйлы 



кісілері бар, үйіне келіп түсіп жатса, 

тоқалы бәйбішеден қалған кішкентай 

ұлды ұрып, жылатып жатыр екен. Ашу-

лы қатын кісі келді-ау деместен, баланы 

ұра беріпті. Бұл қазақ үшін өте шетін, 

көргенсіздіктің белгісі еді. Би бұған мән 

бермейін десе, қасындағылардың ішінде 

тоқалдың төркіндері де, бәйбішенің 

төркіндері де бар сыйлы адамдар екенін 

ойлайды. Кісі келгенде қатынға кеюге де 

Былшық би жүресінен отыра қалып: 

– О, ақсақал! Мысқылың мұртыңа, 

күлкің өзіңе, сөзіңе құлдық. Қазағым 

қашаннан бері қара емес пе еді? Қара 

қазақ күнге күймеген, аязыңды сезбе-

ген, жауға басын имеген, басқа елге жау 

боп тимеген ел емес пе еді? Қой басы-

нан қорыққан келіншектей Төртқара 

деген сөзден үріккенің не болғаның? 

Көрші отырған, дәрет жетерлік жердегі 

руларды білмейсің, үйіңе келген құдайы 

қонақтардың руын мазақтап күлесің, сон-

да сен қалайша би болғаның, қатарыңа 

сый болғаның? Отағасы, сен білмесең, 

мен айтайын: Әлімнің алты баласының 

бірі Қарамашақтан туған Оразгелді, Ораз, 

Жаншұқыр, Қараш төртеуі бірге ержетіп, 

мен қоғамдағы өзгерістерден толық хабар-

дар Былшық би кәмпеске қарсаңындағы 

кеңес үкіметінің бағытын айқын аңғарған, 

толық зерделеген. Өз ұлындай болып 

кеткен Мұраттың болашағын ойлап, 

«кесірім ешкімге тимесін» деп шешкен 

бидің үлкен парасаты мен адамгершілігі 

таңдантады. Кеңес үкіметі орнап, тексіз 

құл-құтаннан, қарабайыр, надан халықтан 

шығып, белсенді болған біліксіздердің сол 

тұста ұлттың игі жақсысын қанқақсатқаны 

белгілі. Дегенмен, бидің атақ-айбынынан, 

аруағынан сескенген белсенділер де 

Былшық бидің үстіне ат ойнатарға жүрегі 

дауаламаған, керісінше, кеңес қызметінде 

жүргендер де оны қатты құрметтеген. 

Серғазы Қорғанбекұлының дерегі 

үкіметтен қорқады. Бұл – шындық. Себебі 

ақ пен қызыл боп соғысқан орыстың 

кебі қазаққа да келіп, қазақ арасынан 

белсенділер шыққан кездегі биліктің сиқы 

тіпті қорқынышты еді – қаласа, кісіні 

ауыз ша «жау» деп жариялап, атып тастауы 

оңай болатын...

...Ақыры, 1933 жылы Төртқараның 

төбе биі, Кіші жүздің кенже биі атанған 

айтулы би Былшық Сейітұлы Әбдібай 

немересі біздің есімізге жылына бір-ақ рет 

түсетін, қазақтың ең намысшыл, аршыл, 

халықшыл, қазақтың қазақ болып қалуы 

үшін жандарын құрбан еткен, ұлтпен, оның 

жан-жүрегімен есептеспейтін қан дықол 

билік – ұлттық құнары мен тегі жоқ билік 

қырып тастаған шейіттерді апарып көме 

салған қасіретті Түйетөбеге жерленіпті. 

Сүйегі қай тұста жатқаны беймәлім.

Серғазы Қорғанбекұлының дерегі 

бойынша да, тарихи факт бойынша да –

осылай...

* * *

Былшық би туралы толық ақиқатты 



қалпына келтіру, әрине, мүмкін емес. Жаз-

ба дерек жоқ. Оның орыс архивтерінде, 

КГБ архивінде жатуы бек мүмкін, себебі, 

үкімет ол деңгейлес тұлғаларды жақсы 

көргендіктен емес, жеккөргендіктен, 

ұлтқа дұрыс өнеге беріп қоя ма, көзін 

ашуға көмектесе ме деп қорыққандықтан 

қатты бақылап отырған. Демек, олар тура-

лы деректер әлдебір мұрағаттарда жатыр. 

Қазір оларды іздейтін адам жоқ – біз бәрін 

тезірек ұмытып, «ойнап-күліп», ішіп-

жеуді ғана ойлауға көшкен сияқтымыз. 

Содан жоғымыз түгенделсе кәне...

Жоғарыдағы аз-мұз әңгіме біздің 

Былшық биге байланысты жоғымызды, 

әрине, түгендеп бере алмайды. Бірақ еске 

алу, елдің есіне ескі өнегелерді салу – па-

рыз.


Сонымен, уақыт ізін өшіргенмен, 

« і з д е й т і н   а д а м ы   ж о қ »   б о л ғ а н ы н а 

қарамастан, халықтың, әлі де болса ел 

ішінде бар көкірек көзі ашық, бүгінгі 

ұрпақтың ертең не боларын шынымен ой-

лайтын адамдардың жадынан елесі өшпей 

келе жатқан Былшық би кім еді?..

Сөз жоқ, ұлтты ұлт етіп ұстап тұратын 

ұстынға тікелей қатысы бар ірі тұлғаның 

бірі еді.

Ол туралы Құрманалы:

Азғантай кеңес берейін

Сейіттің ұлы Былшықтан,

Атағы елге жайылған,

Сөзіне халқы ынтыққан...

Әлім-Шөмен ішінде

Айрықша туып, тақ шыққан,

Жауһары болып алмастай,

Зәрінен дұшпан тұншыққан.

Арыстандай айбатты,

Дұшпанның көңілін қорқытқан.

Бақыт құс қонып басына,

Көтерген пірлер қолтықтан.

Атадан асыл бақ қонып,

Жас күнінен жайнаған.

Алқалы топқа келгенде,

Бұлбұлдай тілі сайраған.

Ерегіскен дұшпанды, 

Екі ауыз сөзбен байлаған.

Жаңылып сөзден, сүрінбей,

Жау тұрса да андаған.

Тозаңы шыққан тұлпардай,

Шабысынан танбаған.

Істегеніне бұл ердің 

Көрмеген кісі, нанбаған... —

деп жырлайды.

Былшық теңдесі жоқ би, көреген 

кемеңгер, арқалы шешен, аруақты 

ә у л и е ,   з е р д е л і   б і л г і р ,   і р і   о й ш ы л 

болуымен қатар, қазақы қоғамның 

барлық саласына белсене араласқан 

қайраткер және ұлы шежіреші, тарихшы 

да. Ә.Қойлыбаевтың айтуынша, Сыр 

бойының ұлы шежірешісі Қарасақал 

Ерімбет болса, Қырдың шежіресін 

сомдаған сұңғыла – Құламан Былшық 

екенін білгір шежіретанушы Өмірзақ 

Ахметов мойындаған. Бұл оның арғын 

биіне айтқанынан да айқын сезіледі. 

Зердесі кісі таңданарлық Былшық Кіші 

жүз ғана емес, қазақтың барлығының 

атасынан баласына дейін жатқа білген. 

Демек, қазақтың шынайы тарихын, 

өзінен бұрынғы және аласапыранға толы 

өз дәуіріндегі барлық тарихи оқиғаларды 

жетік білгені анық. Оның Мемлекеттік 

Думаға да әлденеше рет баруы әбден 

мүмкін, ал патшамен кездесуі шындыққа 

саяды. Себебі оның заманындағы 

оқиғалар желісі бойынша, өзгені былай 

қойғанда, Есет Көтібарұлы бастаған 

көтеріліс пен одан соңғы қазақ-орыс 

қатынастарын ретке келтіру мәселелері 

бойынша қазақтардың өкілдері мен 

орыс бітімгерлері Ақтөбе мен Петербор 

арасының жолын талай рет тоздырған. 

Сол тұста күллі Әлім-Шөмен ішінде 

Былшық би Сейітұлынан мойны озық 

би, аса беделді тұлға жоқ-ты. Есетті 

әкесіндей сыйлаған, өмір бойы батыр, 

би, әулие Есеттің жоғын іздесіп, барын 

базарласқандардың алдыңғы сапында 

әйгілі Былшықтың болғаны күмәнсіз.

Би қазақ даласына, қазақы болмыс 

пен ұлттық құнарға тіл жетпес қасірет 

әкелген, ең әуелі «ұлтты ұлт етіп тұрған 

жүздікті» – ұлттың есті, саналы, білікті, 

содан да намысшыл, күрескер құрамын 

– ұлттық шынайы элитаны жүйелі түрде 

жоюға белсенді түрде кіріскен орыстың 

«қызыл» үкіметінің пиғылын анық түсініп, 

болжаған, биліктің надан тобырдың, 

шаш ал десе, бас алатын белсендінің 

қолына көшкенінің қайырлы болмасын 

айна-қатесіз білген көреген кемеңгер. 

Бірақ бұған қылар шарасы жоқ еді оның 

– ешкімнің шарасы қалмаған... Бұл оның 

Байлы-Мұратқа айтқан сөзі, істеткен ама-

лынан айқын көрінеді.

Би Ақтөбедегі қапаста жатып, кейінгіге 

өлең-хат, хат-бақұлдасу жазады. Соның 

бізге жеткен болмашы үзіндісі мынау:

Толқиды жүрек тебіренген,

Ал тілім, сөйле безенген.

Алдымды сезем болжаммен,

Тағдыр тұр оғын кезенген.

Арқаның алыс тарауы,

Нақыштанып безенген,

Қан төгіп алған қалмақтан,

Қонысы еді-ау атамның.

Керуенге шығып ұл балдар,

Серуенге шығып қыз балдар,

Үйрек бір ұшып, қаз қонған

Жүрген бір жері ду еді-ау...

 * * *

Алты Әлім, арқаңда өстім, 



шалықтадым,

Адал ұл екенімді анықтадым.

Мұз балақ, қырау қабақ, болат тырнақ,

Бүркіттей аспанда ойнап шалықтадым.

Өл деген жерлеріңде тұрып едім,

Болмаса, талай дәурен сүріп едім.

Дегенде өлдім-талдым сен болмасаң,

Талайды өрге сүйреп жүріп едім.

Атымды «Былшық би» деп 

халқым қойған,

Паш еттім жоғары мен төменге де.

Тыңдаттым сөзімді мен найзағайдай,

Жетіру, Әлім мен Шөменге де.

* * *


Көп Сәлем Жағалбайлы баласына,

Жетіру, Табын, Тілеу, Танасына.

Алғандай қысылған күн панасына,

Ел едің іргең берік, күл төктірген,

Жайықтың түрлі-түрлі саласына.

Үстіне өзім би болып барушы едім,

Жік түссе екі жұрттың арасына.

Басыңа бақыт құсы қонған шақта,

Тұлпардай топырағы заулап келмек.

Мертігіп ақсап қалған құба нардай, 

Ере алмай керуенге жаттым меңдеп.

Оқ тиген, ақ денемді әлсіретіп,

Ыңыранып, сарбас қудай, 

жаттым көлбеп.

Хат жазып көңілімді көтеремін,

Кеткесін тұла бойды бір дерт кернеп.

Адамның тұтқындағы күні құрсын,

Қайғымен құса болдым жүрек кернеп.

Алдыма адасқандар келуші еді

Кешегі жүрген күнде жоғары өрлеп.

Ащыны, тұщымен бірдей танып,

Дүние неше түрлі көрдім сермеп.

Не келіп, не кетпейді басыңызға

Тұрғанда әр тарапқа қолды сермеп.

Тарығып, зарыққаннан сөз қозғадым,

Еріккен тек әшейін емес ермек.

* * *

Көп сәлем Төртқараның әулетіне,



Нұр берген ел ішінде сәулетіне.

Ер құны, нар пұлындай болса жұмыс,

«Аппақтап» қоюшы едің, жау шетіне.

Түйінді кеңнен шешіп, белден кешіп,

Қызықтың тойып едім дәулетіне.

Өтті өмір арманменен тұтқын үйде,

Қарайтын үкімет жоқ көңіл күйге.

Ақырып арыстандай айға шапқан,

Уайым-қайғы түсті Былшық биге.

Жатырмын Ақтөбенің қамауында,

Бар болып қарсылықтың санауында.

Жол беріп, жігіттерді желдендіріп,

Жоқ едім, мал-мүліктің талауында.

Белгілі түрікпеннің бедеуіндей

Жерім жоқ бәйге берген жарауымда.

Тағы сәлем Төртқара әулетіне,

Тағдырдың біз кездестік нәубетіне.

Бүгін бе, ертең бе деп, тағдыр күтіп,

Ажалға көз бен қастан жуық тұрмын.

Аман бол, қайран жұртым, 

қайран елім,

Жазмышқа белді бекем буып тұрмын.

Өшірмек біреуді үйде, бірді түзде,

Бәрі де бір Алланың қалауында.

Арманым еш уақытта болмас еді,

Сүйегім шықса барып тап ауылда...

... Біздің елдің жиі айтатын әңгімесі – 

Былшық бидің атақты Байғабылдың асын

сол көлемдегі бірнеше асты басқарғаны 

ғ а н а .   Ә р и н е ,   о л   д а   т а р и х .   Б і р а қ , 

біріншіден, заманында күллі төртқараның 

ғана емес, алты әлімнің бірінші кісісі бол-

са, асты ол басқармағанда кім басқарады? 

Екіншіден, бұл қазіргі «біздің тойға екі 

ауданның әкімі, бес крутой бизнесмен 

және үш артист қатысты» дейтін бөстекі 

даңғырлақтыққа ұқсамай ма? Қазіргі жұрт 

Былшықтың бар артықшылығы сол екен 

деп ұғып жүрмей ме? Білмеймін...

Тек ауызша әңгімелерде аттары ғана 

қалған Былшық би сияқты қаншама дег-

дар қалды топырақтың астында? Олар 

туралы аз-кем болса әңгімені енді кім 

айтады? Белгісіз... 

Айтылған әңгімені үлкен-кішісі 

қалмай еуропалықтарға еліктеп, не болса 

соған елігіп, қарынның қамы мен өмірдің 

рақатынан өзгені ойлауды қойып бара 

жатқан, қанша бай, бағлан болғанымен, 

асса, «ағылшынша сөйлеп, ойлайтын 

чукча» деңгейіне ғана жетерлік бәкене ұлт 

болып қана қаларын ойламайтын, ұлттық 

құнардан, қазақы болмыстан, өзінің ата-

бабасынан алшақтап бара жатқан мына 

қауым тыңдай ма, өз суатына оралуды 

ойлай ма? Мұны да білмеймін...

Білетінім – біз үшін ұлтты ұлт етіп 

тұратын  миллиондаған  тобыр  емес,  сол  

тобырды  апаттан  сақтайтын  аз  ғана  дег-

дарлар  және  соларды  құбыла  етуге  тиіс,  

сол  үшін  ұмтылуға  тиіс  біздің  тарихи  

зердеміз.

Біз  Былшықты  ұмытпауға  тиіспіз.  

Бұл  ол  үшін  емес,  біз  үшін,  ұрпағымыз  

үшін  керек.

немене?» дедім. Би ойланып жатпастан: 

«Е, үкілемей қайтеді, сондай бөкседен 

Мырзағұлдай би шығатын болған 

соң» деді. Жауап айта алмай, тосылып 

қалдым.


Енді бірде төртқара Жетес бидікіне 

түстім. Әңгіме үстінде Тотан деген 

ағайыныммен араздығым туралы сөз 

болды. Сәлден соң үйге бір ақсақал 

кіріп, ортамызға отырды да, Жете-

стен «шырағым, мына бір қонағың кім, 

жібі түзу кісі сияқты ғой» деді. Жетес 

кідірместен: «Қайдам, өз ағасын өзі 

жамандап отырған біреу әйтеуір, жөнін 

өзің сұрап білсеңші» деді. Ұялғаннан 

үнсіз қалдым. 

Сол араздықтың кесірінен Орын-

бордың түрмесінде алты ай отырып, 

босанған соң үйге келдім. Төрде отырған 

әкеме сәлем беріп, қолын алдым. Әкем 

қолымды босатпай ұстап отырып: «Е, 

балам, ерегіссең, әкеңе көрістірермін 

деген осы болады, байқа, ойлан» деді. 

Қатты қысылдым.» 

* * *


Ортасында Былшық би бар жиын-

да бір оқымысты молда шариғат ай-

тып отырып, «қазақ арабтан шыққан, 

Әнес сахабаның тұқымы боламыз» 

депті. Былшық би отырып: «Тақсыр, 

бекер айтасыз, қазақтың діні болмаса, 

қаны арабқа қосылмайды. Біз әлемді 

тітіреткен түркінің тұқымымыз» депті. 

Молда да жеңілгісі келмей, «Би-аға, 

біз талай нәсілмен буданбыз ғой, сон-

да біздің тұқымның қандай болғаны?» 

депті. Сонда би: 

Қалмақпен будан қайсар болады, 

Қарақалпақпен будан сайқал болады,

Өзбекпен будан малсақ болады,

болмайды. Үндемесе, «Былшықты тоқалы 

басынып алған екен» деген өсекке қалады. 

Ақыры, Былшық би:

– Әй, тоқал! Шыққан жерің — жабы 

Тұржан, тума-туысың – Ыбырай-Ысқақ, 

барған жерің – Кенжебай, киізтымақ 

Талпан, Өндірбай, Шилібай, өндіршегін 

домбыра қылып тартқан, қотыр түйеге 

қоймалжың көже артқан, астындағы 

атын алты ай іздеген, сәурік қайырып, 

көрт тіздеген, тегінде теке атып көрмеген, 

ерні аққа батып көрмеген, еңкейіп ешкі 

саумаған, өз құнын өзінен даулаған, төбелі 

жерге бармаған, төрден орын алмаған, 

қатыны ұрыншақ, ері – ыңыршақ, үзеңгісі 

бұршақ, тоқымы бір құшақ нәлет, ақ 

жұмыртқа, сары уыз Құттыбайжанымды 

неге ұрасың? – деп, ұлын көтеріп алыпты. 

Сөйтсе, әлгі аталғандардың бәрі кел-

ген топтың ішінде бар екен, көздерімен 

жер шұқып тұрып қалыпты.

* * *

Былшық би жиырма жасының о жақ, 



бұ жағында «Былшық» деп ат қойып, 

тағдырын болжап, болашағын дәл айтқан 

Қобызшы бақсыға сәлем беріп, рақмет 

айтып, батасын сұрауға, ағасы Кешутай би 

мен қосшы алып, Орта жүзге сапар шегіпті. 

Көршілес Шөмекей елінің шетінен 

шығып, Торғай жеріндегі орта жүздің бір 

биінің үйіне түсіпті. 

Би: – Ал, жігіттер! Жолдарың болсын, 

танымадық, — десе, топтың үлкені Кешу-

тай би «біз мына Төртқара деген елденбіз» 

дегенде, оның сөзін жалғауға үлгертпей, 

би мырс етіп, күліп жіберіп: — Апыр-ай, 

Төртқара деген де ел болады екен-ау, – 

депті. Оның қасында отырған жасамыс 

шал: – Бұларда әлі бес қара да бар шығар? 

– деп мысқылдапты. 

төртеуі бірдей сөз ұстап, ел билеп, төртеуі 

бірге теңселіп атқа мінген соң халық 

«Төртқара» деп атап кеткен. Біз соның бір 

бұтағы Қарашынанбыз. Мына боз сақал 

мысқылдағандай біздің елде шынында 

бес қара да бар. Халық бес Шектіні «Бес 

қара», алты Әлімді «Алты қара», жеті сала 

Жетіруды «Жеті қара», он екі ата бай ұлын 

«Он екі қара» дейді. Біз, кіші жүздіктер 

үшін, «қара» сөзі қайратты, қаһарлы, 

қасиетті деген үш ұғымның біріккеніндей 

есептелінеді. 

Шаңырағына Қыдыр қонған қазағым, 

үйіне кірген қонағын киіміне қарап 

қабылдап, сөзі мен ақылына қарай 

шығарып салмайтын ба еді, басшымыздың 

жөн сөзін аяқтатпай, атамыздың атын 

мазақтап, бұл не басынғаның? Болма-

са, үйіме неге келеді деп кіржіңдеген 

түрің бе? «Әулие аттаған оңбас» дегендей, 

аруақты ауылдың ақсақалы деген соң 

сәлем бере келдік, болмаса, айналдырған 

үш адам қойшының қосынан ас ішіп жүре 

бермейміз бе? – деп тоқтапты. 

Былшық би сөз бастағаннан көзімен 

жер шұқып отырған үй иесі ақсақал ұшып 

тұрып: - Айналайын, шырағым-ай! Сай-

сүйегімді сырқыраттың-ау, айтқаныңның 

көбі дұрыс. Әлімнің жаңа талап, жас пірі 

Былшық би бар деп естіп едім, даусың 

тым ыңыранып, зорланып шығады екен

сол боларсың ба? Былшық болсаң келші, 

бауырыма қысайын, — дегенде Би де, 

«болсақ болармыз» деп жайған құшаққа 

кіре беріпті.

Үй иесі үш қонағын да төрге шығарып, 

сыртқа шығып, жылқыдан семіз тай 

әкелуге адам жіберіп, бәйбішесіне тап-

сырма беріп, келіп жайғасып отырған соң, 

Былшық би:

– Ал, аға! Қонысың жайлы болсын! 

Біз қазақ кезек сөйлеп, сөзге тоқтап, 

сөз аңдып өскен елміз ғой, жаңа ғана 

«айтқаның дұрыс», не «айтқаныңның бәрі 

дұрыс» демедің, «көбі дұрыс» дедің, демек, 

менің дұрыс емес сөздерім де болғаны ғой, 

соның мәнісін білейін деп едім, — депті. 

– Оның рас, Былшық шырағым! Көрші 

отырған елдің ата-тегін түгел білмедің деп 

мені мұқатқаның көңіліме келіп, оның 

дұрыс емес дегім келгені шын, — депті.

– О, Асыл аға! Көңіліңе келсе, кешірім 

сұраймын. Мен Кіші жүздің билеріне 

қарап айтып едім, олар үш жүзді аталары-

нан бастап қазіргі түтін түтетіп, бала өсіріп 

отырғандардың баласына дейін жаңғақтай 

шағып, аттарын атап, түсін түгендеп 

отырады. Ең аяғы көргені азы менің 

өзім де Арғынның алты атасын түгелдеп 

бере аламын, мысалы, сізді айтсам, үйге 

түсетін болған соң көрші ауылдан сұрап 

алды дерсің. Мына бозсақал аға өзінің 

атын, әкесін, атасын айтсын, үйіндегі 

балаларының атын айтайын, — деп бастап, 

Арғын елінің аталығын таратып беріп, 

келесі күні сый-сыяпатпен аттаныпты.

* * *


Былшық Сейітұлының 1928 жылы 

ұсталғаны анық. Мұрат Исаболұлының 

әңгімесінен айқын көрінеді: көзі ашық, 

өте сауатты, елде болып жатқан дүрбелең 

осыны растай түседі: «...Бидің қадірін 

білмейтін надандар оны халық жауы 

ретінде ұстатпақшы болып, үстінен арыз 

түсірген. Мен 1956-57 жылдары, сту-

дент кезімде, бұрынғы НКВД-де қызмет 

істеген Әбдікәрім Наурызбаев дейтін қарт 

кісіні кездестірдім. Ол орталық базардың 

маңында тұрады екен. Жөн сұраса 

келіп, менің қайдан екенімді сұрады. 

Қарабұтақтан екенімді білген соң, «Сен 

Былшық биді білесің бе?» деді. Мен бидің 

өзіме 4-5 атадан қосылатын туыс екенін 

айтып едім, қарт көңілденіп, шешіліп 

әңгіме айтты».

НКВД қызметкері Әбекең Былшық-

тың үстінен түскен арыздар бойынша 

Қарабұтаққа үш рет барыпты. Екі рет 

тұтқындамай қайтқан. Бидің есімінен, 

ісінен өзі де хабардар екен, жергілікті 

кеңес қызметкерлері оның әулие екенін, 

бүкіл Ырғыз, Қарабұтақ, Шалқар елі 

төбесіне көтеріп сыйлайтынын, оның 

қоғамға еш кеселі жоқтығын, тіпті, әкесі 

Сейіт дүниеден өткенде, «әкенің малы – 

осы елдің малы, өзіме керекті өзім жиып 

аламын» деп, ел-жұртқа үлестіріп берген 

жомарттығын айтып, ұстатпапты. «Үшінші 

рет НКВД-нің бастығы «Қалай да алып 

кел, жап түрмеге» деп бұйырған соң, 15 

күндей жол жүріп, тағы екі адамды ұстап, 

Ақтөбеге әкелдім, — деген Әбдікәрім 

ақсақал, — өзім қайран қалдым, үш рет 

жиналыс өткізгенде оны бір адам жаман-

дамады, домалақ арыздың иесі табыл-

мады. Қарабұтақтан Ақтөбеге жеткенше 

Былшық биді талай ауыл құрметпен қарсы 

алып, қонақ етті, милиция киіміндегі, 

қаруы бар менен де сескенбеді, мені қоса 

сыйлады. Он күндей ел аралап, қонақ 

болумен Ақтөбеге жеттік. Келгеннен 

кейін мен оған, «оңашалап үйіме апа-

рып, қонақ қылайын, демалып алыңыз» 

деп едім, көнбеді. «Қасымдағылардан 

бөлектенбейін, әрі басыңа пәле боп 

жүрермін, түрмеңе апар» деді. Мен со-

лай істедім. Одан соң бимен кездесуіме 

мүмкіндік болмады және қорықтым».

Бидің өзі түрмеде жатқанымен, үстінен 

іс қозғалмаған. Былшық биді білетін 

қалың ел-жұрттың азаматтары түрмеге 

үздіксіз сыбаға әкеп тұрған, кепілге 

алып, қонақ етушілер де болған. Онымен 

көрісіп, қонақ етіп, әңгімесін тыңдағандар 

әр жолы түрмеге тарту-таралғысымен 

әкеп салып отырған. Сөйтіп, бес-алты 

жыл (кей деректерге – 7 жыл) би түрмені 

асырайды. Биге келетін мол сыбағалық 

азық-түлік түрме қызметкерлеріне де

түрмеде отырғандарға да Алланың сыйын-

дай болды дейді сол дәуірді көргендер. 

Би бір күні кеселге шалдығады да, жатып 

қалады. Түрмедегілерге «Сүйегімді еліме 

жеткізіңдер» деп, уәдесін алады. Ақыры, 

атақты би, кемеңгер Былшық түрмеде 

жатып, қылтамақтан көз жұмады. Түрме 

қызметкерлері уәделерінде тұрып, ел-

ден кісі шақыртады. Бірақ бидің сүйегін 

әкелеміз деп Қарабұтақтан артынып-тар-

тынып шыққандар жолай кездескендердің 

сөзінен үрейленіп, орта жолдан кері 

қайтады – «бізді де қамап тастайды» деп, 

Әрине, сендердің сөздеріңді сөйлейді, 

— деп ағайыны тепсінеді. Дербісәліге 

көнбеген соң, ең сыйлы, атақты билер 

тоқтау айтса, екі жақ «Сендер Дербісәлінің 

сөзін сөйлейсіңдер. Сендерге сенім 

жоқ», — деп оларды да сөйлетпейді. Іс 

тығырыққа тіреледі. 

Ақыры, егескен екі тарап та бірауыздан 

«Әлім Былшық биді шақырт, соған 

тоқтаймыз» — десіпті. «Бірақ, – депті 

олар, — сен биге жұмсаған адамның 

қасына екі жақтан екі адам ертеміз. Сен 

ымдасаң да ықпал етесің, Былшық би 

келгенде сен ауылда болмауың керек» деп 

шарт қойып, орындатыпты.

Бұл кезде аға сұлтандыққа кандидат 

Тама руының атақты азаматы жоспары 

ойдағыдай орындалып, алақанына түкіріп: 

«Дербісәлі халық сенімінен айрылды. Ең 

аяғы, өзінің өте жақын екі ауылын тең 

ұстай алмай төбелестіріп, екі жақтан да 

адам өліміне жол бергізді» деп, сенімді 

адамдарына арыз жаздыртып, патша 

атына жолдап, ол жақтан тексерушілер де 

шығыпты.


Сонымен, үш адам әдейі барып, 

Былшық биді шақырып келіпті. Былшық 

би екі ауылды да асықпай аралап, көп 

адамдармен сөйлесіп, оқиғаны бір жүйеге 

түсіріп, өзінің көріпкелділік қасиеті 

арқасында барлық кінә Тама руының аза-

маты — сұлтандыққа кандидаттан екенін 

қолмен қойғандай дәлелдеп, оны әлгінің 

өзіне толық мойындатыпты.

Елдің елдік намысын қозғап, тама 

азаматына қол көтермейтіндей жағдай 

жасапты: қайтыс болып кеткен екі 

азаматтың құндарын төлетіп, екі ауылға 

да айыбын бергізіп, сұлу қыздың қалың 

малын санап беріп, серіге қостырып, 

үйлендіріп, әлгі айтақшыны өз еркімен 

кандидаттықтан бас тартқызып, оны пат-

ша тексерушілеріне бекіттіріп, кешікпей 

Жағалбайлы арасынан өз еліне көшіретін 

болыпты.


кірмейтін НКВД қазақтарының қолымен 

Түйетөбедегі кісі көметін көмбеге 

тасталуының өзі символ — ұлттың әбден 

әлсіреп, тексізденіңкіреп кеткенінің, 

қазақы рух пен діл жеңіліп, тұтас бір 

халықтың тізерлегенінің көрінісі.

Тағы да айталық, бүгінгі біздер, күні 

кешегі игі жақсылардың дегдар болмы-

сын толық білу үшін, солардың халықтық 

рухты, ділді, дүниетаным мен философия-

ны ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз, алғаусыз 

жеткізгенін толық ұғыну үшін қазақы 

тарихты, қазақ үшін тез айнып, қасіретті 

түрде өзгерген заманды терең түсінуге 

міндеттіміз. Сонда Былшық би сияқты 

тұлға да бізге жақындай түседі, бүгінгі 

қарны тоқ, қайғысы жоқ, бірақ ұлттық 

құнардан қол үзіп, тек күн үшін, «өлетұғын 

тай, қалатұғын сай үшін» ғана бас қатырып, 

балтыр сыздатып жүрген бізге ұлт болып 

қалуды, ел болып сақталуды, ер болып 

өтуді үйрете бастайды.

* * *

Өкінішке орай, Былшық бидің өте 



мазмұнды өмірі, оның шын мәнінде ел, 

ұлт үшін еткен есепсіз еңбегі туралы жазба 

құжаттар жоқтың қасы, оны зерттеп жатқан 

кісі де жоқ. Бірақ қазақ үшін өте күрделі, 

алмағайып дәуірде өмір сүрген бидің сол 

тұстағы барлық ұлттық мәселелерге бел 

шеше араласқаны күмәнсіз. Халық жа-

дында қалған әңгімелер соны меңзейді.

Халық дерегінде Жетірудың Жағал-

байлысы Дербісәлі (1837-1913 ж.ж.) орыс 

патшасының жұмыстарына ерте араласып, 

бүкіл жеті руға аға сұлтан болып сайла-

нып, көп жылдар жұмыс жасап, халқын 

ашса алақанында, жұмса жұдырығында 

ұстап, Кіші жүз елінен «Жарты патша» 

деген атақ алып, өз заманында дүрілдетіп 

тұрыпты. Біз білетіндей, Дербісәлі – пат-

ша полковнигі, Ақтөбе уезі бастығының 

«арнаулы тапсырмалар орындаушы 

чиновнигі», отаршыл биліктің қазақы 

мәселелер бойынша жауапты өкілі. 

боларлық талапты жас Былшық даңқы 

қиянға кеткен Есет Көтібарұлының өнеге-

сімен өсіп, тектінің тәрбиесін көреді.

* * *

Былшық Сейітұлының сол тұстағы 



ерекше тұлға, елді өнегесімен өрге сүйреген 

атақты азамат деңгейіне көтерілгенін, ел 

өміріндегі бірегей құбылыс болғандығын 

түсіну үшін оның заманын, сол тұстағы 

қазақы елдің қалыбы мен болмысын, 

қалыптасқан дәстүрі мен қоғамдық пікірін 

жүрекпен түйсіну керек. «Ірәйкөм» мен 

әкімнен, парторг пен «опыраптан» өзге 

билікті елестете алмайтын «кеңес қазағы» 

үшін ең қиыны осы — «е, бастықтар қой ған 

шығар, қойғасын басшы болған шығар» 

дейді де, Былшық тұрғылас қазақ ардақ-

тыларын түсінуге шамасы да жетпей қалады. 

Былшық дүниеге келген кезде орыс 

билігіне біртіндеп икемделіп келе 

жатқан Даланың, қанша теперіш-қысым 

көргенімен, әу бастағы рухы, ұлттың ділі 

қажи қоймаған-ды. Таза қазақы мәдениет, 

далалық құқық пен дәстүр, ең бастысы 

— жақсы мен жаманды айыру, ар-намыс 

пен елдік туралы бұлжымас ұғымдар әзір 

күшінде еді.

Сол тұста, бұрынғы Ырғыз уезіне 

қарасты қалың ел — Әлім-Шөменнің 

қаймағы бұзылмаған қара жұрты еді.

Былшықтың әкесі Сейіттің, беріде – 

өзінің замандастары әйгілі – Көтібардың 

Е с е т і ,   Ш ы м а н н ы ң   М ы р з а ғ ұ л ы , 

Шөмекейдің азулы Алматы мен Самыра-

ты, Сығайдың Жанысы мен Жаныстың 

Тағыбергені, «жарты патша» атанған орыс 

үкіметінің полковнигі Беркімбайдың 

Дербісәлісі, Сейітқұлдың Бәймені, 

Құламанның Шөжесі... қысқасы, сол тұста 

елді ел, жұртты жұрт етіп ұстап тұрған, ел-

жұрт үшін алысып-арпалыса да, ақысын 

әперерге ақыл-қайратын жұмсай да ала-

тындар, ұлттың туын ұстай білгендер өмір 

сүрген кез еді ол. Қазіргі жұрт үшін соның 

қойды аяп, қонақтың қойда несі бар?!» 

деп тоқтатыпты да, Есетке қарап: «Әке, 

аруағыңызға — құлдық, сәнімен сапар 

шеккенде, тебінгіңді терлете тепкенде, 

жаныңа серік боларлық сұңғыла, сыр-

баз серіні ертпей, иен шектінің көңіл 

тоярлық ерін ертпей, жаман, малсақ періні 

ерткенің не?» депті.

Б ұ л   —   Қ ұ т а я қ т ы ң   е л   а у з ы н а 

тараған, шешендігімен, даналығымен 

таңдандырған тұңғыш лебізі екен дейді 

үлкендер.

* * *


Сейіттің сол елге таңдай қақтырған 

Құтаяғы он бір жасында жоғалып кетеді. 

Сабыла іздеген жұрт үш күннен соң ба-

ланы әлдебір көлдің жағасынан табады. 

Құтаяқтың үстінде лыпа жоқ, бет-ауызы 

кір-қожалақ, көзі түйенің жын-құсығы 

сияқты былшықтан әрең көрінеді. Көтеріп 

алған жігіттің қолынан бұлқынып шығып, 

айдалаға қашқан баланы әрең ұстаған жұрт 

ауылға әкеледі. Құтаяқтың жүріс-тұрысы 

дұрыс болғанымен, өзінен-өзі әлдекіммен 

сөйлесіп, қиялдана береді. Сейіттің 

апармаған бақсы-балгері қалмайды, бірақ 

балаға ем қонбайды. Сөйтіп, пұшайман 

болып жүргенде көрші жатқан Арғында бір 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал