Сергей кулагин



жүктеу 1.01 Mb.

бет1/10
Дата14.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сергей КУЛАГИН:

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№25 (1283) 

25 маусым – 

1 шілде 


2015 жыл

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Қаз-үйрегі болмаса, 

Айдыны шалқар 

көл ғаріп...

Құлыншақ Кемелұлы

(1840-1911)

6-7-бет

11-бет

4-бет

Қос қарлығаш

«Сөзіне халқы 

ынтыққан...»

Абайдың қара 

сөздерін оқимын

АтАдАн жеткен Асыл сөз

Енесі жүдеп, нашарлап, 

Ертелеп туған төл ғаріп. 

Ауадан жауын кем болса, 

От шықпай қалса, жер ғаріп. 

Басшысы нашар жолығып, 

Ынтымақ кетсе, ел ғаріп. 

Көкала жылқы болмаса, 

Бетегелі бел ғаріп. 

Қаз-үйрегі болмаса, 

Айдыны шалқар көл ғаріп. 

Қатарынан кем тартып, 

Қуаты кеткен ер ғаріп. 

Жастайыңнан кесілген, 

Он саусақ ойнап секірген, 

Ақ домбыра сен ғаріп.

Өлеңдетіп, әндеткен, 

Айналаны сәндеткен, 

Уақытым кетсе мен ғаріп.

***

Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым,



Қондырмаймын десе де, болмай

қондым.


Ат жемін қонақ ед деп бермеген соң,

Тақыр жерге иірген қойдай болдым.

***

Тал бесігін таянған, шешем, 



Түнде тұрып оянған, шешем. 

Тар құрсағын кеңіткен, шешем, 

Тас емшегін жібіткен, шешем.

***


Адамзат келер-кетер, жүзге келер, 

Бәрібір, үйде өлсең де, түзге көмер. 

Қайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім, 

Ағайын енді қайда бізге келер.

арқылы пәтер алу мәселесі. Бұл жаза-

жаза жауыр болған мәселе болса да, 

Үкімет тарапынан тиісті шешімдердің 

қ а б ы л д а н б а й   к е л е   ж а т қ а н ы 

қынжылтады. Өз мамандығына адал, 

осы кәсіптен нанын тауып жүрген 

м а м а н д ы қ   и е л е р і н і ң   а р а с ы н д а 

пәтерден-пәтер жалдап, күн кешіп 

жүргендері аз емес. Сонда әлеуметтік 

тұрғыдан қорғалмаса да ұлттың сойы-

лын соғып, тіл мен діл, руханият, 

ұлттық мәселелерді көтеріп жүрген 

жандардың еңбегі еш болғаны ма деп 

ойлайсың. Неліктен журналистердің 

е ң б е г і   л а й ы қ т ы   б а ғ а л а н б а й д ы ? 

Тәуелсіздігіміздің іргетасын нығайтуға, 

мемлекетіміздің болашағын баянды 

етуге, ұлт бет-бейнесінің сақталуына, 

рухани шекарамыздың берік болуы-

на сүбелі үлес қосып жүрген қалам 

иелері баспанасыз жүрсе немесе өзге 

мемлекеттік қызметкерлер тәрізді үйдің 

кезегіне тұрып, баспана ала алмаса 

қалай болғаны?

  Б ү г і н д е   б ұ қ а р а л ы қ   а қ п а р а т 

құралдары мекемелерінің мәртебесі 

мемлекеттік мекемелердің қатарында 

емес. Бұл мәселе де заң жүзінде бірқатар 

қиындықтар туындатып отырғаны 

белгілі. Жарайды, жауапкершілігі 

шектеулі серіктестік болып қала берсе 

де, заңның өзге де тетіктері арқылы 

журналистердің баспаналы болуына 

мүмкіндіктерді қарастыруға болады 

ғой. Осындайда мемлекет қашанда 

өз баспасөзінің, ондағы қызмет етіп 

жүрген қалам иелерінің жағдайына 

қарайласуды ұмыт қалдырмаса екен 

дейсің. Өйткені журналистер қауымы 

өздерінің күллі уақыттарын, күш-

қайраттарын, білім дері мен біліктерін 

ел  игілігіне арнайды.  Сондықтан 

мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар, 

жеңілдіктер жасалуы керек. Бүгінде 

журналиске кәсіби мерекеде ғана 

марапаттаулар беріліп, жүлделер та-

быс етіліп жатқаны болмаса, қалған 

у а қ ы т т а р д а   о л а р д ы ң   т ү й т к і л д і 



Баспасөз – ұлттың айбыны 

мәселелеріне ешқандай назар аударыл-

майды. Бұл ойландырмай қоймайды. 

Өркениетті ел болуға ұмтылған кез 

келген мемлекет баспасөзін дамытуға 

күш салады. Баспасөз – ұлттың ай-

быны. Мемлекеттің бет-бейнесін 

қалыптастырушы құрал. 

Тағы бір атап өтерлік мәселе, 

журналистердің қоғамдағы мәртебесі 

айқындалуы тиіс. Өйткені көп жағдайда 

журналистердің құқықтары бұзылып 

жатады. Кейбір министрліктер, 

әкімдіктер тарапынан болсын белгілі 

бір мәселе бойынша ақпарат алу 

қиынға соғатын кездер аз болмай-

ды. Сұрау салған мәселе бойынша 

жауаптың мерзімінен кешіктіріліп 

берілуі журналистің құқығын бұзу 

екені айтпаса да түсінікті. Жекеле-

ген тұлғалардың тарапынан сұхбат 

алуға барған журналистің сауалдарына 

дұрыс жауап бермей, көпе-көрнеу 

менсінбеушілік те кездеспейді емес.  

Шынтуайтына келгенде, журна-

лист халықтың көкейіндегі мәселені 

көтеретін тұлға. 

Дәуіржан Төлебаев

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

оқырмАн отАуы

Бет қАттАлып жАтқАндА:

БАспАсөз – 2015

 Астанада Қазақстан Рес пуб-

ликасының  ұлттық  ака де мия лық 

кітапханасында журналист Жұ-

мабай Доспановтың «екінші дү-

ниежүзілік соғыстағы қазақ офи-

церлері» атты 10 томдық туын -

дысының тұсаукесері өтті. 

 Қызылорда қаласында «Қа-

зақстан –  ата жұртым, қа сие тім 

– ана тілім» атты қазақ тілі мен 

әде биеті пәні бойынша XІІ Ха лық-

аралық олимпиада басталды. 

 Астана қаласының әкім дігі 

Конфедерацияның  қолдау ха-

тымен тұрғын үй қорынан төрт 

спортшыға жалдамалы тұрғын 

үй берді. Жаңа пәтер кілтін сал-

танатты жағдайда Астана қаласы 

әкімінің орынбасары ермек Аман-

шаев табыстады.

 Қарағанды облысы әкім ді-

гінде мемлекеттік қызметші күніне 

арналған шара өтіп, облыс әкімі 

Н.Әбдібеков «Үздік мемлекеттік 

қызметші» төсбелгісін табыстады. 

 Солтүстік Қа зақ стан об-

лысы ның ішкі істер де-

пар таментінде  Қа зақ-

стандық полиция кү-

ніне  орайлас ты рыл-

ған шаралар өтті.

Өзінің 

бағыт-бағдары 

бар басылым

Қ

А

зпошт

А

Индекс


мерзімі

Алматы


Аймақ/қала

Аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

6 ай


1384, 32

1480, 20


1556, 64

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 ай


2649, 12

2745, 00


2821, 44

Біртүйер


Журналистердің кәсіби мерекесіне санаулы-ақ күндер қалды. Қалыптасқан 

дәстүр бойынша мереке қарсаңында жыл бойы өнімді еңбек еткен қалам 

иелері марапатталады. Арнайы сыйлықтар мен жүлделер табыс етіледі. 

Журналистерге арналған түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қорытындысы 

шығарылады. отандық баспасөздің мәртебесін биіктетіп жүрген жандар үшін 

мұның барлығы шығармашылықтарының тың серпінмен өріс алуына, шабыт-

тарына шабыт қосуға өз септігін тигізеді. 

«Ана тілі» газеті ақпарат айды нын да өзіндік 

орнын тауып, қазіргі таңда зиялы да ұлтжан ды аза-

маттарының рухани-мәдени серігіне айналып отыр. 

Басылым әу бастан ұлттық құндылықтарымызды, 

қазақи салт-санамызды жаңғырту жолында көп 

еңбек етуге бағдарланды. Бүгінгі күндері де басылым 

таңдап алған бағытын өзгерткен емес. Тіл, елдік 

мәселелер газет бетінде әрдайым көтеріледі.  «Тілге 

көзқарас – елге көзқарас», «Ұлт боламын десең, 

ұрпағыңды ойла» тәрізді айдарлардың орны бөлек. 

Қаншама тағылымды дүниелерді оқуға болады.

Газеттің бүгінгі өскелең ұрпақ үшін маңызы 

зор ұлттық тарихымыз хақында тың деректер мен 

материалдар ұсынып келе жатқаны қуантады. 

«Алты алаштың ардағы», «Қазақ хандары», «Та-

рих тұңғиығындағы таңбалы сыр» айдарларымен 

берілетін материалдар көпшілік тарапынан жылы 

қабылданып жүр. Әсіресе, «Ұлы дала атаулары» 

айдарымен берілетін материалдар топтамасының 

рөлі зор деп білемін. Бүгінгі таңда тіпті кейбір 

үлкендердің өздері жер-су аттарының сыры мен 

тарихын біле бермейді. Ал осы айдар еліміздің әр 

аумағындағы жер-су аттарының шығу тегіне тарихи 

ғана емес, географиялық тұрғыда тоқталып әр атауға 

жеке анықтама беруімен қызықты. 

Бүгінгі жаһандану дәуірінде әр ел өзінің тілімен 

бірге, ұлттық болмысын, мәдениеті мен рухания-

тын сақтап қалуы қажет. Осы тұрғыдан келгенде 

«Ана тілі» газеті өз бағыт-бағдарын айқындаған, 

ел болашағының жарқын болуына қызмет етіп 

келе жатқан басылым. Сондықтан жүрегі қазақ 

деп соққан әр отбасынан  «Ана тілі» газеті табылуы 

керек.  


Қуат САпАРоВ, 

география ғылымының 

докторы, профессор:

құрмет


Қазақстан Үкіметінің қаулы сымен Қостанай 

қаласындағы №9 қазақ орта мектебіне көр нек ті ақын, 

жазушы Ғафу Қайыр бековтің есімі берілді. 

Салтанатты іс-шарада Қостанай қаласы әкімі-

нің орынбасары М.Қалиев, ақындар А.Шаяхмет, 

С . О с п а н о в ,   Н . М ұ қ а т о в ,   ж а з у ш ы - с а т и р и к 

Ғ.Ахметчин, тіл жанашыры Қ.Орманов, Жан гелдин 

ауданы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары 

Д.Серікұлы, №9 орта мектеп дирек торы Ә.Мол-

дахалықов және облыстық тілдерді дамыту бас-

қармасының өкілдері қаты сып, жылы лебіздерін 

білдірді. Шара аясында ақынға арнал ған әдеби кеш 

ұйымдастырылды. 

 Ақын есімі мектепке берілді

елбасы Н.Ә.Назарбаев 

журналистермен бір кездесуінде 

осылай деп айтқан болатын. Иә, 

журналистер қай кезде, қай уақытта 

болмасын жақсылықтың, ізгілікті 

жаршысы. Журналист айтқан сөз, 

жазған мақала, қозғаған мәселе өзі 

өмір сүріп отырған мезгіл-мезеттің 

сұранысынан туындайды. Журналист – 

азамат. Журналист – тұлға. Журналист 

– қайраткер. Күрескер. ұлттың 

жанашыры. Уақыттың тамыршысы.  

Жүрегі елім, халқым деп соққан 

журналист ешуақытта қоғамдық, 

елдік мәселеден тысқары бола 

алмайды. оған оның азаматтық 

ұстанымы, патриоттық сезімі, 

халықшылдық санасы жібермейді. 

Күн демей, түн демей елді елең 

еткізер жаңалық болса, жұртшылықты 

мазалаған сауалдар болса, аттанып 

кете барады. Жауын мен қарға, от пен 

суға да қарамайды. 

ол үшін таңдап алған жолы, мұрат-

мақсаты қашанда бірінші орында. 

Сол себепті ойлаған, көздеген 

тақырыбын игергенше бір сәт тыным 

көрмейді. олай болса, журналист 

болу – жауапкершілігі зор міндет. осы 

міндетті абыроймен арқалап жүрген 

әріптестерімізді біз мақтан етеміз. 

тәуелсіздік шежіресі, небір ұмытылмас 

тарихи сәттер мен кезеңдер газет-

журналға, таспаға жазылып, оқырман 

мен көрерменнің көзайымына 

айналуда. мұның бәрі – тарих, шежіре. 

төл мерекеміз құтты болсын!

28-мАусым – БАйлАныс және АқпАрАт қызметкерлерінің күні

Журналистер қауымын – халық 

арасында «төртінші билік» деп атай-

ды. Соған қарағанда жазып жатқан 

мақаламыз, айтып жатқан сөзіміз, 

мәселе етіп қозғаған тақырыптарымыз 

белгілі бір шешімдердің қабылдануына, 

заңдарға жасалатын өзгертулер мен 

толықтыруларға өз себін тигізіп, 

халықтың мұң-мұқтажына, толған-

дырған мәселесінің оңынан шешілуіне 

көмектесіп жатқан болуы керек. Десек 

те, журналистерді толғандыратын өз 

мәселелері де аз емес екенін мамандық 

иелері жақсы біледі.

Билік пен халықтың арасында ал-

тын көпір болып қызмет етіп жүрген 

журналистер қауымының алдында ұзақ 

жылдардан бері шешілмей келе жатқан 

өзекті мәселенің бірі ол, әрине, мем-

лекет тарапынан арнайы жеңілдіктер 

«Ел өмірінің әрбір жЕтістігі сіздЕрдің 

нАзАрлАрыңыздАн тыс қАлғАн ЕмЕс»



2

3

№25 (1283) 



25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл


№25 (1283) 

25 маусым – 1 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Түркия астанасы анкара қаласында Қазақ­

стан күндері өтті. бауырлас екі елдің мәдени 

бай ланыстарын нығайтуға бағытталған айтулы 

шараға Кэчиөрен ауданының мэрі Мұстафа ақ 

пен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының бас 

хат шысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның қоғам 

қай раткерлері мен зиялы қауым өкілдері және 

қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. 

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің 

ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарада 

Алматы облысының өнерпаздары Сүйінбай 

Аронұлының 200 жылдық мерейлі мерекесіне арнап, концерттік 

бағдарлама қойды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 

анкаралықтарды Жетісу өңірінің сұлу табиғатын тамашалап қайтуға 

шақырды. Анкараның талғампаз өнерсүйер қауымы жетісулық 

«Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің халық 

әндерінен тұратын топтамасы мен классикалық шығармаларына 

ерекше қошемет білдірді. 

Әбілқайыр өзінің орыспен қатынастағы 

тактикалық қателігін кеш түсінді. Оның 

ұсынысымен 1735 жылы салынған қазақ 

жеріндегі орыстардың Ор бекінісі бүкіл 

қазақ даласын жаулау тірегіне айналды. 

Алайда, Әбілқайырдың сыртқы және ішкі 

саясаты қайшылықтармен ерекшеленді. Ол 

орыс билеушілеріне сенімін жоғалтқан соң, 

қалмақ билеушілерімен жақындасу жол-

дарын қарастырды. Кейінгі жылдары жас 

Абылай сұлтанға өзінің қызын тұрмысқа 

ұзатты. Орыспен алыстан сыйласпақ болып, 

1740  жылы Хиуаны басып алып, оған хан 

болды. Алайда Иранның Нәдір шахынан 

қаймығып, оны да тастап кетті. Осындай 

кеңінен ойластырылмаған Әбілқайырдың  

іс-әрекеттері қазақтың Орта жүзі мен Кіші 

жүзінің арасын жақындатудың орнына 

аша түсті. Мұндай алауыздыққа орыс 

билеушілері май құйып, Әбілқайырдың 

қазақ арасындағы жауларының қолтығына 

су бүрікті. Кіші жүздің өз ішінде де Батыр 

сұлтан бастаған топ Әбілқайырдың саяса-

тына қарсы еді. Оларды Орта жүзде най-

ман ханы атанған Барақ сұлтан қолдады. 

Осыған ерегіскен Әбілқайыр бірде Хиуадан 

Бараққа Қайып хан жіберген керуенді то-

нады. Бұл қазаққа бас хан болуды көздеген 

тұлғаның ұсақталып кеткенін көрсетті. 

Бұған өшіккен Барақ оның соңына 

түсіп, 1748 жылы 31-маусымда Ұлқұяқ 

және Торғай өзендерінің аралығында 

оны өлтірді. Әбілқайырдың өліміне орыс 

билеушілері де, қазақ билері де қайғыра 

қойған жоқ. Өйткені ол жүргізген сая-

сат елдің басын қосуға емес, ел арасын 

алакөз етуге алып келді. Ал орыстар болса 

қазақты бір орталыққа біріктіруді көздеген 

ірі ұлт қайраткерінен құтылғандарына 

қуанды, сондықтан да Әбілқайырдың 

өліміне кінәлілерді іздестіруді ойға да 

алған жоқ. Алайда  Әбілқайырдың орыспен 

жақындасуды көздеген әрекеті қазаққа 

қымбатқа түсті. Оның бастауымен осы 

жолға түскен қазақ  тәуелсіздікке дейін 

өзінің «аға ұлт» – орысқа бағынғанын, 

орыс мәдениетін меңгергенін, орыс тілін 

жетік білетінін мақтаныш етумен болды. 

Заманында дара қасиеттерімен халқына 

қадірлі болған, алайда тар жол, тайғақ ке-

шуде қайраткерлігі тұйыққа тіреліп, өзінің 

халқының болашағын терең байыптауда 

адасқан, сондықтан да  оның басын қоса 

алмаған Әбілқайыр ханның о баста даңққа 

бөленген, соңынан қасіретке ұрынған, 

қайшылықты тағдыры, міне, осындай. 

Талас ОМаРбеКОв, 

әл­Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы

 Орталық азиядағы дәстүрлі 

өркениеттерді зерттеу 

орталығының директоры, 

профессор, ҰҒа Құрметті академигі 

Ең бастысы, бұған дейінгі  қол жеткен нәтижелер сарала-

нып, жаңа міндеттерге бағыт алынып, мақсаттар белгіленді. 

Осы Жолдау негізінде Ұлт жоспары – «100 нақты қадам 

бағдарламасы» қабылданғаны белгілі. Бұл орайда Ұлт жоспары 

еліміздегі сот жүйесін күшейтуге басым бағыт беріп отырғанын 

ерекше  атап өткен жөн. Әсіресе, бес сатылы сот жүйесінен үш 

сатылы сот төрелігі жүйесіне көшуден басталатын 12 қадам 

дәл осы төрелік жасау саласына арналып отыр. Қазіргі таңда 

республикамыздың Жоғарғы Сотына аталған қадамдар бойын-

ша нақты жоспарларды орындау жүктелген.

Стратегиялық жоспардың 17-қадамында «Судья лауа-

зымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және 

біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап — сот 

істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы 

мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. 

Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір 

жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан 

кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді» деп атап 

көрсетілген. Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын жаңа 

талаптар, олардың жұмысын жетілдіретін үш негізгі саты: су-

дьяларды тағайындау, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз 

ету және олардың жауапкершілігін көтеру — сот корпусының 

сапалы құрамын жақсарту үшін септігін тигізетіні анық.

«100 нақты қадам» бағдарламасында атап көрсетілгендей

судьялыққа осы қызметке лайық, оны алып жүруге кәсіби 

біліктілігі, адамгершілік қасиеті, білімі жететін адамдар баруы 

қажет және болашақ судьялардың сот орындарында кемінде 

5 жылдық еңбек өтілі болуы тиіс. Себебі  судьялық лауазымға 

тағайындалатын үміткерлер жақсы қызмет тәжірибесінен 

өтуі керек. Осыдан кейін олар бірқатар кәсіби дағдысы мен 

іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілерден өтіп, білімі мен 

білігі, моральдық бет-бейнесі толықтай сыналғаны дұрыс.

 Стратегиялық жоспарда жазылған сот билігінің халық 

үшін ашық әрі қолжетімді болуы, олардың есеп беру тәртібін 

күшейту, барлық сот үдерістеріне үн-бейнежазба құрылғыларын 

қолдану, алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту — 

соттардың халыққа бір қадам жақын болуы бағытында жасалған 

шаралардың бірі деп түсінеміз. Бұл әлемдік тәжірибеде өзін 

ақтаған үрдіс және мемлекет осы талаптарды жүзеге асыру үшін 

барлығын істеуі қажет.

Сөз соңында айтарым, Ұлт жоспары Қазақстанның 

болашағын жарқын етіп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан 

көрінуіне септігін тигізбек. 



Құндыз РЫСМаХаНОва, 

алатау аудандық Әділет басқармасының

 жетекші маманы

АЛМАТЫ


Әбілқайыр 

(Мұханбет Ғази баһадүр) хан



Әйгілі қазақ хандарының ішінде ең белгілілерінің және тарихы  ең көп бұрмаланғандарының 

бірі – Әбілқайыр. ең алдымен, оның кімнің баласы екендігі шатастырылған. А.И.левшин 

келтірген рулық шежіреде ол, шыңғыс ханның кіші ұрпағы Өсекеден тараған төртінші 

ата Аджаның (Қажының) баласы ретінде көрсетілген. Бұл шежіреде Әбілқайырдың Қажы 

сұлтаннан туған өзінің әкесі Абдолланың аты аталмай қалғандықтан, оның өмір тарихын 

жазушылардың бәрі ақиқаттан адасты.

елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

атты Жолдауы мемлекетіміздің, ұлттық экономиканың, 

азаматтық қоғамның, қоғамдық келісімнің және т.б. 

маңызды мәселелердің дамуына серпін бергені сөзсіз. Жол-

дауда отанымыздың игілігі үшін, өсіп-өркендеуіне әрбір 

азаматтың қосар үлесі зор екені нақты айтылған. 

Тарихшылар Абдолла деген Талас, 

Шу аймағының және Ташкент, Шыршық 

өңірлерінің біраз тайпасын ХVІІ ғасырдың 

соңында және ХVІІІ ғасырдың  алғашқы 

онжылдықтарында  билеген ханның 

болғанын мойындаса да, осы Абдолланың 

өзінің кімнің баласы екенін айыра алмай 

дал болады. Соңғы деректер Әбілқайырдың 

осы Абдолла ханның туған ұлы, ал Ұлы 

жүзге хан болған Жолбарыстың осы ханның 

асырап алған ұлы екендігін көрсетіп отыр. 

Абдолла хан  көзі тірі кезінде ерте есейген 

ұлдары Жолбарыс пен Әбілқайырды 

сұлтандар және әскербасылар ретінде 

тәрбиелеп кетті. Әсіресе жасына қарамай 

ақылы ерте толысқан, сом денелі, әрі 

қайратты да жігерлі Әбілқайыр 1707-1709 

жылдары – ақ Арыс аймағынан батысқа 

қарайғы және Шыршық бойындағы 

рулар мен тайпаларға өзін сұлтан ретінде 

мойындатып үлгерді. Әбілқайырды алғаш 

қолдаған тайпалар  кезінде оның әкесі 

Абдолла ханды жақтап келгендер еді. 

Алайда көрші ұлыстарға қарсы ұрыстарда 

Ә б і л қ а й ы р   е р е к ш е   е р ж ү р е к т і г і м е н 

дараланып, үлкен беделге ие болды. 1709 

жылы Әбілқайыр батыс қазақтарына көрші 

башқұрттардың  көтерілісін басқарған 

Алдар Есенгелдіұлының шақыруымен 

башқұрттар арасына келіп, осында 

Ноғай жолының Бурзян аймағындағы 

ақсақалдардың  қолдауымен башқұрттар 

ханы ретінде мойындалды. Айта кету 

керек, кейініректе осы Алдар башқұрт 

Тевкелевпен бірге қазақ жеріне келіп, 

Әбілқайырды орысқа бодан болуға үгіттеп 

көндірді.  Әбілқайыр көрікті де сымбатты, 

қызыл шырайлы, аққұба өңінен нұр төгіліп 

тұратын көрер көзге тартымды тұлға еді. 

Бүгінде Әбілқайырдың бас сүйегінің 

қалпына келтірілуі оның келбетті де

байсалды жылы кейпін көз алдымызға 

келтірді. 

Көп кешікпей-ақ оның қалмаққа 

қарсы жанқиярлық ерліктерін көрген 

Кіші жүз бен Орта жүздің кейбір рулары 

оны хан ретінде мойындай бастады. Тәуке 



Құрметті қазақстандықтар!

Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи 

оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік 

сауда ұйымына кіру жөніндегі келіс сөз-

дерді табысты аяқтадық.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 

болу біздің экономикамызды жаңа көк-

жиектерге бастайды. Кәсіпорын дары-

мыз дың шетел нарықтарына шығуын 

қам тамасыз етеді. Ал тұты нушылар 

үшін тауарлар мен қыз мет тердің кең 

ауқымына таңдау жасауға жол ашады.

Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 

проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына 

мүше елдерге тиесілі. Қазақстан 

шетелдік инвесторлар мен серіктестер 

үшін бұрынғыдан да тартымды бола 

түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс 

орындарын ашуға мүмкіндіктер туа-

ды. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 

жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, 

келіссөздер оңай болған жоқ. Осы 

жылдары біздің үкімет және сарап-

шыларымыз елімізге тиімді шарттарға 

қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. 

Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен 

Еуразиялық экономикалық одақтың 

талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте 

ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.

ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақ-

стан ның жеңісі. Бұл – еліміздің 

жаһандық экономиканың бөлінбес 

бөлшегі ре тінде мойындалуының 

айғағы. Ұйым мү ше лігіне Бес ха лық-

хан 1715 жылы қайтыс болған соң және 

қалмаққа қарсы Аякөздегі қырғын соғысты 

басқарған оның ұлы Қайып қанішер Абы-

лай ұйымдастырған қастандық құрбаны 

болып кеткен соң, қазақтың атақты 

билері Төле мен Қаз дауысты Қазыбек 

Ордабасыдағы жиында қалмаққа қарсы 

күресте ерекше жанқиярлығымен және 

ұйымдастырушылық дарынымен ерекше-

ленген осы Әбілқайырды  ұлы хан тағына 

отырғызбақ болды. Ол түрікпендерге, Еділ 

қалмақтарына қарсы қазақ мүддесі үшін 

қан кешкен, ол аз болса Түркістанды отыз 

ұлысымен қалмақтан қайтарып алған ай-

тулы батырдың нақ өзі еді. Бұл кезде қазақ 

арасында оның даңқы артып тұрды. Алайда  

әйгілі Әйтеке бидің төре тұқымы атаулы-

сына қырын қараған табанды қарсылығы 

Әбілқайырдың жалпықазаққа хан болуға 

барар жолын кесіп тастады. 

Ұлық хан Болаттың шатыры Сарысудың 

батысындағы шағын өзен Бұланты бойын-

да болды. Сондықтан да бұл шайқас кейде 

Бұланты шайқасы деп те аталады. Қазақ 

әскерлерінің  Орта жүзден келген Қабанбай 

мен Бөгенбай басқарған екі түмен әскерін 

шын мәнінде  Сәмекке хан емес, Қаз да-

уысты Қазыбек би басқарса, Ұлы жүздің 

он жеті мың әскерін Жолбарыс хан емес, 

Төле бидің өзі, ал Кіші жүздің жеті мың 

адамнан тұратын қолын Әбілқайыр дара 

басқарды. Өйткені Әйтеке би бұл кезде 

ауруы асқынып, төсек тартып жатыр еді. 

Ұрыстың алғашқы үш күні жекпе-жекке 

шығу түрінде басталып, соңы қырғын 

соғысқа ұласты. Төртке бөлініп соғысқан 

қалмақты қазақ батырлары жеке-жеке 

қоршап алып қынадай қырды. Олардың 

бір бөлігі Әбілқайыр қолының қоршауында 

қалды. Осы соғыста Әбілқайырдың өзі  да 

аянып қалмай, жеке басы үлкен ерліктің 

үлгісін көрсетті. Арада бірнеше тарихи 

оқиғалар өтті. 

Жалпы, Әбілқайырдың түпкі мақсаты 

Қазақ хандығын күйретіп орысқа бодан 

болу емес, керісінше, орыстың сеніміне 

ие бола отырып, осы алып мемлекеттің 

тық реформаны іске асыруға кіріс-

кен кезеңде қадам басуы мыздың 

символдық мәні бар.

 Біз жаһандық нарық шарттарына 

сай болу үшін үлкен дайындықтан 

өттік. Отандық өндірушілерге қолдау 

көрсетіп, бизнес үшін қолайлы 

жағдайлар жасадық. Бірыңғай кеден-

дік және экономикалық кеңістікте 

ш ы ң д а л д ы қ .   А л д ы м ы з д а   ә л і   д е 

ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке 

күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. 

Себебі шетелден келетін тауарларға 

біз шекарамызды ашамыз, тауар 

Қазақстанға көптеп келетін болады. 

Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу 

болса, ол тауарларды халық тұтынып, 

біздің тауар өндіретін кәсіпорындар 

жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. 

Барлық бизнесмендерге менің та-

лайдан бері айтып келе жатқаным 

сондықтан: бәсекеге сай болу керек.

ДСҰ беретін артықшылықтарды 

пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет 

болады. Бұл Қазақстанның қолынан 

келеді және біз әлемнің озық елдері 

қатарынан лайықты орын аламыз деп 

кәміл сенемін.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал