Септеу –склонение, жіктеу – спряжение, жалғау – окончание, теңеу – сравнение, ойлау – мышление, тозаңдану – опыление т б



жүктеу 32.89 Kb.
бет2/3
Дата10.11.2022
өлшемі32.89 Kb.
#23685
1   2   3
өнімді өнімсіз
неологизм
Сегізіншіден, туыстас түркі тілдерінің лексикалық қорында сақталған сөз- дерді пайдалану, олардың терминжасам тәжірибесін бөлісу мен термин алмасу мәселесі ескерілмей келеді. Бұл мәселеге біз бұған дейін де арнайы тоқталған- дықтан, жан-жақты сөз қозғаудың қажеті бола қоймас деп ойлаймыз. Ұлт тілінің терминқоры ішкі және сыртқы көздер арқылы қалыптасатыны белгілі. Тер- минқорымызды байытатын сыртқы көздер ретінде біз тарихи-саяси себептер мен соңғы ғасырлардағы ғылыми-техникалық прогрестің даму үрдісіне сәй- кес орыс тілі мен европа халықтары тілдерін ғана танып келдік. Соның салда- рынан термин алмасу ісі біржақты сипат алды. Ендігі жерде бұрынғы сүрлеуден шықпай тек орыс пен европа халықтары тілдерінен ғана сөз алумен шектелмей, туыстас түркі халықтарының тілдері арасындағы өзара термин алмасуын да жолға қойған жөн. Ең алдымен туыстас тілдерден сөз алмасу әлем тілдерінің термин қалыптастыру тәжірибесінде де орныққан дәстүр деуге болады. Түр- кі халықтарының тілдік табиғатын, туыстығын негізге ала отырып, бірімізде жоғымызды екіншімізден алып, түркі тілдеріне ортақ терминдер қорын қалып- тастыру – сыртқы көзді пайдаланудың ұтымды жолы болар еді деп білеміз.
Тоғызыншыдан, қытай, моңғолия қазақтарының тілдерінде бар сөз- дерді сұрыптап пайдалану жетіспейді. Мәселен, компьютердің үстел бетімен жылжытқанда экрандағы меңзерді қозғалтатын, қолмен басқарылатын кішкенеқұрылғысын 2002 жылы шыққан «Информатика және компьютерлік техника» түсіндірме сөздігінде орыс тілінен тікелей аударып тышқан деп алсақ, келесі бір сөздікте ағылшын тіліндегі нұсқасы сақталып mouse түрінде беріліп жүр. Бұл екеуінің де келісіп тұрмағаны анық. Сәтті балама табылмағандықтан алынғаны көрініп тұр. Дәл осы терминнің баламасы ретінде қытай қазақтарының тілінде қолданылып жүрген тінтуір сөзін алуға әбден болады. «Тінт» сөзінің мағынасы түсіндірме сөздікте «бір нәрсені іздеп үй ішін т.б. жерді ақтарып-төңкеріп қа- рау, іздеу» деп түсіндірілген. Компьютер құрылғысының қызметін терминжа- самның уәжі етіп алсақ, ағылшын тіліндегі пішін ұқсастығына қарай жасалған mouse терминне қарағанда ұғым мазмұнын ашатын оның басты белгілері біздің тіліміздегі атаудан айқын көрініп тұрар еді. Біздіңше, тінтуір термині сәтті жасалған термин. Компьютерлік техника терминдерін тек көшіріп қабылдау- мен шектелмей оның ұлттық сипатын арттырамыз десек, тінтуір тәрізді ұғым мазмұнын ұтымды бейнелеп беретін атауларды қолданысқа енгізген жөн.
Оныншыдан, аударуды қажет етпейтін терминдерді қазақшалаймыз деп қателіктерге ұрыну жиі ұшырасады. Мәселен, эпонимдерді аударудың еш реті жоқ. Алгоритмді бағдаржол деп аударудың ешқандай қисынға келмейтіні анық. Алгоритм адам аты «әл Хорезм» (латынша Аlgoritmi) оны аударудың қажетсіздігі өз-өзінен түсінікті. Бұл жөнінде айтылып та жазылып та жүргеніне қарамастан әлі де бағдаржол терминін қалыптастыруға ұмтылушылар бар. Атаудан гөрі анықтамаға жақын көпкомпонентті шұбалаңқы, түсініктеме терминдер түзу де термин шығармашылығында кездесіп жатады. Тіліміздің терминқорына өзге тілдерден еніп «халықаралық терминдер» деп аталып жүрген терминдердің қай түрлерін аударып, қаншалықты бөлігін тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қалдыру керектігі де өз алдына арнайы сөз етуді қажет ететін ғылыми шешімін таппаған мәселелердің қатарына кіреді.
Біз қазіргі термин шығармашылығында жиі ұшырасып жататын барлық салалық терминдер жүйесіне тән басты кемшіліктерді атап көрсетуді мақсат еттік. Термин жасаушы, сөздік түзуші салалық мамандар осы аталған кемшіліктерге назар аударар деген үміттеміз. Бұл көрсетілген жайттардың мамандар жұмысына практикалық көмегі болып, ойдан ой туындап жатса, ортақ іске септігіміздің тигені деп білеміз.

жүктеу 32.89 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет