Сене күресіп келе жатқан жауынгер басылым




бет1/11
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Баспасөз – 2016

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

11

Сарбас АқтАев, жазушы:

«Ана тілі» – туған тіліміздің ғана емес, туған 

халқымыздың аман сақталуы үшін бел шешіп бел-

сене күресіп келе жатқан жауынгер басылым. Ол 

алғашқы қадамынан бастап-ақ қазақ тілінің тазалығы, 

сөзіміздің сазы мен маңызын сақтап, оны мәні мен 

сәнін келтіре қолдану жөнінде ой қозғап келеді. 

Кезінде бірыңғай тіл мәселесімен ғана шұғылданып 

келсе, кейін ол кәдімгі қоғамдық, саяси басылымға 

айналды. Оның әр нөмірін оқырман қызыға шолып, 

жанына азық алады. Еліміздің елдігі, халқымыздың 

тарихы,  Алашқа әйгілі азаматтар жайлы да келелі-

келелі мәселе қозғап, ойлы очерктер, танымдық 

мақалалар жариялауда. Айқарма беттерінде халықтың 

шөлдеп отырған мәселесі, тарихтың белді сәттері, 

бұрын көлеңкеде қалып келген мәселелерді қозғап, 

жақсы-жақсы мағлұмат беріп жүр. 

Мен көбіне осы газетте шыққан өлеңдерді қызыға 

оқимын. Басқа басылымдардай емес, бұл сол өлеңді 

таң дап, шын мәнінде поэтикалық қуаты бар, жұртқа 

айтары бар жақсы жырларды жариялайды. Жақсы 

ақын дарды жұртқа таныстырады. Демек, бұл да оның 

жақсы жақтары. 

Бұл газеттің балдырғандарға арналған бөлімі 

де бар. Онда да тәп-тәуір дүниелер жарияланады. 

Демек, бұл ересектердің ғана емес, жастардың, 

балдырғандардың да сүйіп оқитын басылымы деген 

сөз. 


Газет жылдан-жылға кемелденіп, ойы тереңдеп, 

мәні артып келеді. Қазір бір кездегі «Қазақ тілі» 

қоғамының ғана мәселесін қозғайтын, соның ғана үні 

болып жүрген шағын басылым емес, бұл халықтық 

басылымға айналып кетті. Сондықтан ұлт басылымы-

на жазылу – парыз.

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

төрағалығымен елдің төрт айдағы әлеуметтік-

экономикалық қорытындылары жөнінде кеңес 

өтті. Оған Орталық мемлекеттік органдардың 

басшылары, облыстардың және Астана мен 

Алматы қалаларының әкімдері қатысты. 

Кеңесте сонымен бірге негізгі мемлекеттік 

бағдарламаларды өңірлерде жүзеге асыру 

мәселелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мере-

келеуге дайындық барысы талқыланды. 

Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдар-

ла масын, сондай-ақ «Жұмыспен қамту – 2020» 

жол картасын жүзеге асыруға бөлінетін қара-

жатты уақтылы және сапалы игеруді қамтамасыз 

етудің маңыздылығына да тоқталды.

Бұдан бөлек облыстардың, Астана мен 

 Ал маты қалаларының әкімдеріне жұмыс орын-

дарының сақталуын, өндірістік кәсіп орын-

дардың тұрақты жұмысының қамтамасыз 

етілуін және олардың өндіретін өнімдерінің об-

лысаралық кооперация арқылы да жеткізілуін 

қа дағалау тапсырылды. Елбасы әкімдерге жүк-

телетін міндеттің салмақты екендігін шегелеп 

айтты.  


Қазақстан Президенті 5 мамырдағы кеңес 

барысында өзінің бірқатар маңызды тапсырма 

бергенін еске салды. 

– Мен Жер туралы заңнаманың бірқатар 

ережелерінің іске асырылуын тоқтату тура-

лы Жар лыққа қол қойдым. Тиісті комиссия 

құрылып, өз жұмысын бастады. Комис сия 

мүшелері Жер туралы заңнаманы жетіл діру 

жөніндегі үйлесімді ұстанымдарын әзір-

леуге тиіс. Жер үшін шынымен жаны ауыра-

тындардың бәрі өз сөзін айтуы керек, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысы кеңес қорытындысында 

белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда елдегі 

тұрақтылық пен ел бірлігінің маңызы зор 

екендігін ерекше атап өтті. 



«Ана тілі» – 

халықтық 

басылым

8-бет

12-бет

5-бет

3-бет

тағылымды 

тарихтан – 

жарқын 

болашаққа

Сөзтаным

102 жастағы 

ардагер

Дзюдошылар 

сайысы

сахара шаһарлары

ақорда 

Бет қатталып жатқанда:



оқырман отауы

 Германияда еуропа қазақ-

тарының кіші құрылтайы өтті.

 Халықаралық музей түні-

не орай «Атамекен» қазақстан 

картасы» этно-мемориалдық 

кешенінде мерекелік шаралар 

ұйымдастырылды. 

 қазақ хандығының құры-

луының 550 жылдығына арнал-

ған «қазақ елі» атты қазақ муль-

типликациясы тарихындағы тұң-

ғыш тарихи толықметражды 

ани мациялық фильмінің тұсау-

ке сері  өтті.

 Бүкіл қазақстан бойынша 3 

мыңнан астам кітапханалар мен 

Достық үйлерінде бір уақытта 

қазақ тілінде «Мәңгілік ел» жал-

пықазақстандық ашық диктанты 

өткізілді.

 қазақстан Республика-

сы Ұлттық музейінде бүгін Ха-

лықара лық музей күніне орай 

«Жаң ғыртылған  жәдігерлер» 

атты көрме ашылды. 

 Көкшетауда «Ақмола 

жұл дыздары»  көр кем-

өнерпаздар  бай қауы-

ның  гала-концер ті 

болды. 

КөКейКесті мәселе 

шара

ең МАңызДыСы – 

тҰРАқтылық пен 

елДің БіРліГі

Биыл Алматы қаласының 1000 жылдығы атап 

өтіледі. Шаһардың тарихы ежелгі ғасырлардан 

бастау алатыны ақиқат. Оған ғылымда нақты 

дәлелдер жеткілікті. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 

Алматы ның тарихи кезеңдері туралы тарихи және 

археологиялық деректер не дейді екен? Бір сәт соған 

үңіліп көрсек. 

Академик в.Бартольд «Орта Азияға ғылыми 

мақсатпен барған са пар дан есеп» деген 

мақаласында: «темір жорықтарының тарихында іле 

аңғары жайлы мәліметтер өте бұлыңғыр. Алмалық 

іле өзенінің оңтүстігінде орналасқан, бұдан туатын 

қорытынды, мұнда қытай жазба ескерткіштеріндегі 

Алмалық жайында емес, қазіргі верныйдың 

жанындағы Алматы жайында айтылған; бұл темір 

әскерінің Алмалықтан шығып, іледен өтіп, қараталға 

келген» деп жазады да, өзінің ойын осылайша 

дәлелдейді. тарихтағы тағы бір дерекке назар 

аударатын болсақ, 1246 жылы Джувейни Батудың 

ұлы Моңғол ханы Күйікке келе жатқан жолда 

қойлықтан жеті күншілік жердегі Алматы қаласына 

тоқтағаны туралы мәлімет бар. 

№20 (1330) 

19 – 25 мамыр 

2016 жыл


1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

Жер тағдыры: ортаға салар ойлар бар 

жерді сатуға қарсылықтарын білдірді. 

Бір айта кетерлігі, отырыста негізгі 

мәселе «ауылым – алтын бесігім» 

демекші, жерді сату, не сатпау жайы 

ғана емес, ауылдың әлеуметтік жағ-

дайы, ауылшаруашылығының ахуа-

лы,  фермер лердің  талап-тілегі  тұр ғы -

сындағы өте ауқымды, кешенді мәселе-

лермен өрбіді. 

Алқалы жиынды комиссия төра-

ғасы, Премьер-министрдің бірінші 

орын басары  Бақытжан  Сағынтаев  жүр  -

гізіп отырды. Ол өз сөзінде: «Біз Жер 

кодексінің  қоғамдық  резонанс  ту дыр  ған 

баптарын мұқият сараптауға тиіспіз. 

Бірақ экономикамыздың, ауылша-

руа шылығының дамуына жер рефор-

масы ның қажеттігін де мойындауымыз 

қажет» деді. 

Комиссия төрағасының орынба-

сары, «Нұр Отан» партиясы Төраға-

сының бірінші орынбасары Мұхтар 

Құл-Мұхаммед жер реформасына қа-

тысты мәселенің талқылануына жарты 

жыл уақыт бар екендігін, осы ретте 

комиссияның әрбір мүшесі, не бол-

маса белгілі бір топтың, партияның, 

қоғамдық ұйымның, үкіметтік емес 

ұйымның өкілі өз пікірлерін жазбаша 

немесе ауызша комиссия отырысында 

талқыға салуы керектігін атап өтті. 

Әрбір пікір ескерілуі керектігін, Заңның 

әрбір бабы бойынша Елбасының айтып 

отырған тапсырмасы халықтың ортасы-

на барып түсіндірілуі тиістігіне ерекше 

тоқталды. Сондай-ақ ол жер мәселесіне 

қатысты ортақ шешім шығаратын редак-

циялық комиссия құрылуы қажеттігін 

қолдады. «Бар лық облыстарда біздің 

комиссия сияқты әкімдіктің жанынан 

қоғамдық кеңес тер құрылды. Жергілікті 

деңгейдегі қоғам дық ұйым мүшелері 

халықтың ой-пікірін облыс әкімдеріне 

сол  кеңес тер арқылы жеткізуде» деді 

М.Құл-Мұхаммед. 

Сонымен қатар ол: «Жер біздің 

халқымыз үшін мате риал дық игілік 

қана емес, аса үлкен рухани байлық. 

Ол біздің ең қасиетті құн дылығымыз 

– тәуелсіздігіміздің қай наркөзі. 

Сондық тан жер туралы пікір алысуы-

мыз еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, 

қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді 

сақ тауға жұмсалу керек. Біз «жеріміз 

бай» деп отыра бермей, оны күтіп, бап-

тап, ел игілігін, халық байлығын еселеу-

ге жарата алатын азаматтардың қолына 

бе руіміз керек» дей келе, қабылданатын 

заң ның басты мақсаты осы екенін атап 

өтті.

К о м и с с и я   о т ы р ы с ы н д а   А у ы л 



шаруа шы лығы министрі Асқар Мыр-

захметов шетел діктер жерді, тіпті 

Қазақстан азамат тарынан да сатып ала 

алмайтынын, мал жайылымдары да 

жекеменшікке өте алмайтынын айтты. 

«Жер шетелдіктерге сатылмайтыны 

жаңа да, мұның алдында да айтылып жа-

тыр. Бұл жерде тағы бір мәселені айтқым 

келеді. Егер де шетелдік компания неме-

се шетелдік азамат жерді Қазақстанның 

резидентінен сатып алғысы келетін 

болса, оны қазір  нотариус арқылы 

ресімдеуге тыйым салынған» деді 

А.Мырзахметов. 



(Жалғасы 2-бетте)

қазақ елінің тарихында жер мәселесі ерекше орын алады. Ахмет Байтұрсынов 

тілімен айтқанда, бұл күнде қазақ қажетінің арасында ең бірінші – жер мәселесі 

(«қазақ», 1913 ж.). Расында,  жерге қатысты әрқилы дау-дамай мен зорлық-

зомбылықты көп көрген халқымыздың жанды жерінің бірі де – жер мәселесі.  

Осы ретте елбасы нұрсұлтан назарбаев Жер кодексінің қоғамда дау-дамай 

туғызған нормативтік актілеріне мораторий жариялаған болатын.

Мәселенің мәнін шешу үшін жер ре-

формасы бойынша комиссия құрылып

өткен сенбіде алғашқы отырысын 

өткізді. Көпшілік комиссия отырысына 

зор үміт артқаны жасырын емес. Өйткені 

оның құрамы ел аманатын арқалаған ел-

жанды азаматтардан құралған. Алғашқы 

отырысқа комиссия мүшелерінің 70-і 

қатысты.


Отырыста пікірін білдіргендер 

ішінде бірі жерді сату, жерді жалға 

беру дұрыс десе, енді бірі қарсылық 

танытып жатты. Комиссияға мүше 

фермерлердің көпшілігі жерді сатып 

алуға ниетті, олар Жер кодексіндегі 

өзгерістерді қолдайтындықтарын 

жеткізді. Ал Үкімет мүшелері жерді 

экономикалық айналымға шығарудың 

артықшылықтары хақында әңгіме 

өрбітті. Бірқатар қоғам белсенділері, 

үкіметтік емес ұйымдар өкілдері 

 Солтүстік Қазақстанда Қазақстан Республикасы 

Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және 

қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Тіл 

– татулық тірегі» атты этнос жастарының республикалық 

форумы өтті. 

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мәдениет 

және спорт министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты, сту-

денттер қауымы, мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері 

қатысты. Шараның ашылуында Солтүстік Қазақстан 

облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ 

басшысының құттықтауын жеткізді. Форумда, сондай-

ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы 

Қ.Қазанбасов, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 

жұмыс комитетінің басқарма басшысы Т.Исақова, С.Агеев, 

Н.Пайзиева, В.Суровцева, Р.Абулханов  және т.б. азаматтар 

сөз сөйледі.



тіл – татулық тірегі

АлмАты – АлАтАудың

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!



қА

зп

ОШ

тА

Индекс


мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

6 айға


1541,52

1637,40


1713,84

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 айға


2995,92

3091,80


3168,24

Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жарлығы

О.О.Сүлейменовке 

жоғары дәрежелі 

ерекшелік  белгісі – 

«қазақстанның еңбек ері» 

атағын беру туралы

Қаулы етемiн:

1. Отандық әдебиетті дамытуға 

қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ 

бейбітшілік пен азаматтық келісімді 

нығайтуға бағытталған белсенді 

қ о ғ а м д ы қ   қ ы з м е т і   ү ш і н   а қ ы н , 

қоғам қайраткері Олжас Омарұлы 

Сүлейменовке жоғары дәрежелі 

ерекшелік белгісі – «Қазақстанның 

Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған 

күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 

Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 

17 мамыр.  №263

ТАғАйыНдАу

  М е м л е к е т   б а с ш ы с ы н ы ң 

Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожах-

метов Қазақстан Республикасы 

Ақпарат және коммуникациялар 

министрлігінің жауапты хатшысы 

қызметіне тағайындалды.


АНА ТІЛІ

3

№20 (1330) 



19 – 25 мамыр 

2016 жыл


2

№20 (1330) 

19 – 25 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Өшпес даңқ

кӨкейкесті мәселе

Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы

піКір

тәуелсіздіК Күнделігі



Өміршең 

идеялар тоғысы

Жер реформасы бойынша 

комиссия туралы ереже

Байыпты даму жолына түскен қазақстан қоғамын пәрменді дамытуды жалғастыру үшін 

саяси реформаларды тереңдету міндетін шешу керек болды.1995 жылғы Конституция 

бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін. Дегенмен, елдегі өзгерістер мен жаңалықтар 

Конституцияға қосымша өзгерістер енгізуді талап етті. қазақстанда саяси реформа 

мәселелері жалпыхалықтық талқылауға салынды. Бұл жұмыс 2006 жылдан бастап қызмет 

еткен «Демократиялық реформаларды жасау және нақтылау бағдарламасы жөніндегі 

Мемлекеттік комиссияның» басшылығымен жүрді. 

қазір әлем мазасыз. Әртүрлі лаңкестік 

ұйымдар бейбіт тұрғындарға қауіп-қатер 

төндіруді тоқтатар емес. Демек, жер 

жаһанда бейбітшілік орнату мәселесі күн 

тәртібінде тұр. Бүгінде әлем елдерінің 

көшбасшыларын ойландырып отырған 

өзекті мәселенің бірі – ядролық қауіпсіздік. 

Осындай мәселелермен айналысқан 

«Демократияландыруды жалғастыру және 

азаматтық қоғамды дамыту туралы ұсыныстар 

беретін Тұрақты кеңес» (2002-2004 жылдар), 

«Демократияландыру және азаматтық қоғам 

туралы Ұлттық комиссия» (2004-2005 жылдар) 

жұмыстарының қорытындылары да нақты 

есепке алынды. Қоғамды демократияландыру 

туралы Мемлекеттік комиссия жұмысын Ел-

басы тікелей басқарды.

Жалпыхалықтық талқылаулардың нәтиже-

сінде «Қазақстан Республикасын саяси рефор-

малаудың 2007-2008 жылдардағы негізгі 

бағыттары» атты құжат өмірге келді. Осы 

құжаттағы ұсыныстар 2007 жылы іске асы-

рыл ған конституциялық реформаларға негіз 

болды. Ел Парламентінің қос палатасының 

бірлескен жиынында 16 мамыр күні Президент 

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы баяндама жасады. Баяндамада 

Н.Назарбаев Қазақстан президенттік Рес-

публика болып қала отыра, Парламенттің 

құзіретін кеңейтетіндігін жариялады. Елдегі 

саяси жүйеде таза президенттік билік моделі, 

президенттік-парламенттік билік моделіне 

ауыса бастады.

Жаңа заң 2007 жылғы 21 мамырда қабыл-

данды. Конституцияға енгізілген өзгерістер 

мен толықтырулар Президенттің біршама 

өкілеттілігін Парламентке ауыстырды. Алдағы 

уақытта Қазақстан Парламенті ел Үкіметін 

құрастыруға тікелей араласатын болды. Пре-

мьер-министр тек Мәжілістің көпшілігінің 

келісімімен ғана тағайындалды. Парламент 

Конституциялық Кеңестің, Есеп палатасының, 

Орталық сайлау комиссиясының үштен екі 

құрамын тағайындау құқығына ие болды. 

Парламент Республикалық бюджетті бекітуді 

және орындалуын бақылауды толықтай өз 

қолына алды. Сонымен қатар президенттік 

билік институтына да біршама өзгерістер 

жасалынды. Енді Президент заңдарды ұсыну 

құқығына ие болды. Ол бұрынғыдай 7 сенатор 

емес, 15 сенаторды тағайындайтын құқық 

Осы тұрғыдан алғанда мен Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-та өткен ядролық 

қауіпсіздік бойынша Саммитінде сөйлеген 

сөзін айрықша бағалаймын. Президенттің 

жария еткен Манифесі де көптеген елдерге ой 

салғаны да сөзсіз. 

 «Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесім 

ХХІ ғасырда өмір сүріп, жұмыс істеу ке-

рек болатын өскелең ұрпақтың тағдырына 

шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. 

Біздер, мемлекет басшылары мен саясат-

керлер, адамзаттың болашағы үшін зор 

жауапкершіліктеміз» дегені жайдан-жай емес. 

Үлкен әрі өзекті мәселе. 

Манифесте мына бір мәселелерге ерекше 

мән берілді. Ядролық және басқа да жаппай 

қырып-жоятын қарудан толықтай аза әлемге 

қарай дәйектілікпен ілгерілеу; ХХІ ғасырда 

соғысты өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде 

дәйектілікпен аластай отырып, орнықты 

әлемнің географиясын қалыптастыру; 

милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке 

қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық 

ы н т ы м а қ т а с т ы қ қ а   к е д е р г і   к е л т і р е т і н 

әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру; 

халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа 

тарихи жағдайларға бейімдеу. Менің ойымша, 

бұлардың барлығы өте ауқымды міндеттер. 

Олар жүзеге асырылатын болса, әлемде бейбіт 

өмірді қамтамасыз ету бойынша көп істер алға 

басар еді. 

Осылайша Елбасы әлемдік биік мінберден 

жаһандық қауіпсіздіктің сақталуына назар 

аудартты. Бір сөзбен айтқанда, «Әлем. ХХІ 

ғасыр» манифесі – саяси тұрғыдан да, тарихи 

тұрғыдан маңызды құжат.   

Қанат РАХыМОВ, 

ұстаз

алды. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 

9 депутатты Мәжіліске ұсына алатын болды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің саяси 

жүйесіндегі  маңызды сегментке айналды. 

Оның өкілдері Парламентте аз халықтардың 

мүдделерін қорғады.

Парламентпен қоса жергілікті өкілетті ор-

гандар Мәслихаттардың құқықтары кеңейтіліп, 

абыройы өсті. 2007 жылғы 4 маусымдағы Пре-

зидент Жарлығына сәйкес аудандық және 

облыстық маңыздағы қалалардың әкімдері 

жергілікті мәслихаттардың келісімімен ғана 

тағайындалатын болды.

Президент облыс, астана және  республи-

ка  лық маңыздағы қалалар әкімдерін тағайын-

да ған да лауазым иелерінің кандидатураларын 

тиісті  мәслихаттармен  келісіп  барып  таға й ын   -

дайтын болды. Мәслихаттар әкімдерге бұрын-

ғыдай 3/2 көпшілік дауыспен емес, жай ғана 

көпшілік дауыспен сенімсіздік көрсетіп, ор-

нынан кетіре алатын құқық алды. Әкімдердің 

міндетті түрде мәслихаттар алдында, халық 

алдында есеп беруі бекітілді. Бұлай болуы әкім-

шіліктердің  жауапкершілігін күшейтіп, сыбай-

лас жемқорлықпен күресуді тиімді ете түсті.

2007 жылғы реформалар саяси партиялар 

қызметін жандандыра түсті. Билікті сайлауда 

неғұрлым көп дауыс жинаған партия жасақтау 

құқығына ие болды. Парламент Мәжілісін 

қалыптастырудың жаңа тәртібі бойынша 107 

депутаттың 98-і партиялық тізім бойынша 

жалпыұлттық сайлау округінен тепе-теңдік 

негізінде сайланса, 9 депутатты ҚХА сайлады.

Конституциялық өзгерістерді заңдас-

тыруды дұрыс деп тапқан Мәжіліс депутат-

тары Президентке Парламентті тарқатып, 

мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы 

ұсыныс берді. 2007 жылдың 18 тамызында 

Парламенттің кезектен тыс сайлауы өткізілді. 

«Нұр-Отан» ХДП сайлаушыларының 88% 

дауысына ие болды. Сайлауға қатынасқан 

Жалпыұлттық социал-демократиялық пар-

тия, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық 

партиясы, Қазақстан Халық партиясы, 

Қазақстанның патриоттары партиясы, Ру-

ханият партиясы 7 пайыздық кедергіден 

өте алмауына байланысты парламентке өз 

өкілдерін өткізе алған жоқ. 2007 жылғы сай-

лау қорытындылары бойынша Парламенттің 

Мәжіліс палатасы бірпартиялық болып 

жасақталды. Мәжіліс сайлауымен қатар өткен 

барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар сай-

лауында да «Нұр-Отан» ХДП басымдылықпен 

жеңіске жетті. Елдегі басқа саяси партиялар 

мәслихаттар сайлауында белсенді жұмыс 

жүргізе алған жоқ. 2007 жылғы сайлау билік 

партиясының тым белсенді болуы мен 

ерекшеленді.

Қазақстандағы демократиялық реформа-

ларды тереңдету, адам құқықтарын қорғау, 

саяси партиялар қызметін жандандыру шара-

лары елдің ЕЫҚҰ (ОБСЕ) төрағалық етуіне 

жағдай туғызды. 2007 жылы ЕҚЫҰ-на мүше 

мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері нің 

кеңесі 2010 жылы осы халықаралық ұйымға 

Қа зақ стан төрағалық етеді деген шешім 

қабылдады.

Билік пен халық «Қазақстан – 2030» Стра-

тегиясын орындаудың 10 жылда жасалған 

жұмыстарын қорытындылады. Осы құжатта 

көрсетілген 7 басымдылықтың барлығының 

маңыз дылығы сақталды. Ең алдымен ұлттық 

қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген шара-

лар атқарылды. Елдегі ішкі саяси тұрақтылық 

пен ұйысу нығая түсті. «Қазақстандық жол» 

аталған өзіндік татулық моделі өмірге келді. 

10 жылда ел халқының табысы 3,7 есеге артты. 

Өмір сүрудің деңгейі кейбір Шығыс Еуропа 

мемлекеттерінің деңгейіне жетті. Қазақстан 

орташа дамыған мемлекеттерден озды. 2007 

жыл табысты жыл болды деп батыл айта ала-

мыз. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал