Семинар топтамасы



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/4
Дата07.02.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

www.45minut.kz

Ұстаздарға арналған басылым редакциясы

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 

АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ

 ПРАКТИКАЛЫҚ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ

Маңғыстау облысы,   Маңғыстау ауданы

Шетпе кенті  «Шетпе гимназиясы» ММ

28.12.2016 жыл

Алматы, 2016

1


УДК 37.0 (063)

Б 94 

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ақпараттық ғылыми 

практикалық  республикалық семинар топтамасы

  /Редактор І. Б. Нағиев. – 

Алматы, 2016. – 95 б.

Б 94 

ISBN  978-601-7579-36-4

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге

жағдай   жасайтын,   үйлесімді   дамытуға   бағытталған   білім   беру   көзделіп   отыр.   Білім

мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру

стандарттары   тақырыптарын   дөңгелек   үстел   форматында   ұстаз,   ата-ана   арасында

түсіндіріп,   пікірлесу   қазіргі   заман   талабы   қажет   ететін   маңыздылығы   бар.

2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» мемлекеттік

әлеуметтік бағдарламасы жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты — халқы

тығыз   орналасқан   еліміздің   оңтүстік   аймақтарындағы   (Алматы,   Оңтүстік   Қазақстан,

Жамбыл,   Қызылорда,   Маңғыстау   облыстары)   жастарды   кадр   жетіспеушілігін   бастан

кешіріп   отырған   Қазақстанның   шығыс,   солтүстік   және   орталық   өңірлерінде   оқытып,

жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осы   тақырыптарды   кеңінен   насихаттау   үшін   білім   беру   мекемелерінде   «БІЛІМ

БОЛАШАҚҚА   БАСТАР   ЖОЛ»   тақырыбында   ақпараттық   ғылыми   практикалық

республикалық семинар ұйымдастырылды.     

УДК 37.0 (063)

ISBN  978-601-7579-36-4

© Нагиев И.Б., 2016

2


Маңғыстау облысы,   Маңғыстау ауданы

Шетпе кенті  «Шетпе гимназиясы» ММ

      «Шетпе  гимназиясы» мемлекеттік мекемесі   ыңғайластырылған ғимаратты пайдалану арқылы 2001-2002

оқу  жылы   облыс әкімі Л.Қиыновтың №201  қаулысымен ашылды. Кезінде білім  және  ғылым  министрлігінің

2000  жылғы  10  шілдедегі  №708  бұйрығымен  бекітілген  «ҚР  гимназияларының  қызметін  ұйымдастыру

тәртібі  туралы»  ережесі басшылыққа  алынды.

         «Шетпе  гимназиясы»  мемлекеттік  мекемесі  жалпыға  міндетті  стандартты басшылыққа  ала  отырып ,

1-9     сыныптарда     гуманитарлық     бағыт     бойынша,   10-11     сыныптарда   ата-аналардың     сұранысына     сай

жаратылыстану – математика  бағытындағы  апталық  оқу  жүктемесінің  сағаттарын  жүргізеді.

«Шетпе  гимназиясы»  мемлекеттік  мекемесі  әрбір  оқу  жылы  30-дың  үстінде  жоғары  білімді, тәжірибесі

қалыптасқан   мұғалімдермен   бастап   жыл   бойы   олардың   санатын көтеруіне, арнайы   курстардан   өтуіне,

шығармашылық   қызметіне, жаңа   технологияны   меңгеріп   қолдануына   тұрақты   назар   аударып   отырады

және  мұғалімдердің  түрлі  сайыстарға  қатысты шығармашылық  есеп  беруін  бақылауда  ұстайды.  

        Ашылған  оқу  жылынан  бастап  қазіргі  күнге  дейін 21 «Алтын белгі» иегері,  15«Үздік  аттестат»  иегері,

халықаралық   ғылыми   жоба   байқауының   жүлдегерлері, республикалық   пәндік   олимпиада   жүлдегерлері,

халықаралық  спорт  шеберлері  шықты.    

            Қазір гимназияда 29 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың 14-нің жоғары санатты,   4-еуі бірінші санатты,

2-ның екінші санаты бар. 

Мектепте     педагог   кадрлардың   сапасын   арттыруға   бағытталған   перспективалық   жоспар   жасалған.

Соған сәйкес, мұғалімдер  жыл сайын білім сатысы оқуына тұрақты жіберіліп отырады.

Қазіргі  жаһандану заманында әлемдік деңгейде өмір сүретін саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетін

жүзеге   асыруда,   оған   жан-жақты   жағдай   туғызуда   «Шетпе   гимназиясы»   мемлекеттік   мекемесі   тек   жақсы

жағынан   көрініп,    абыройлы  биіктен  табылып  келеді.ҰБТ   бойынша    білім   сапасы   жылдан-  жылға   жоғары

нәтижелер көрсетіп, аудандық «Білім сапасы», «Ғылым көкжиегі» кубоктарының тұрақты иегері болып келеді. 

                 2012 -2013 оқу жылы гимназия оқушылары арасынан «Облыстық полиглот» сайысына М.Бисембаева

қатысып, бірінші орын иеленді. Ғылыми жобалар сайысына қатысқан 11-сынып оқушысы Ә.Есболова І орын,

10-сынып оқушылары М.Бисембаева мен М.Баулы ІІ орын иеленіп, республикалық іріктеуге жолдама алды.

«Руский   медвежонок»  конкурсына   мектептен   3   оқушы,   «Ақбота»   интеллектуалдық   марафонына   26   оқушы

қатысты.   «Жас   бағдарламашы»  сайысына   10-сынып   оқушысы   Г.Шоқаева   аудан   жүлдегері   ретінде   қатысып

қайтты. Президенттік олимпиадаға 11 сыныптан Р.Есболаев химия пәні бойынша қатысып, ІІІ орын иеленді.

«Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушылар Д.Бекмурза ІІ орын,

Ә.Есболова   І   орын   иеленіп,   Қызылорда   қаласында   өтетін   халықаралық   кезеңге   жолдама   алды.   «Жарқын

болашақ – 5» қазақ тілі олимпиадасына қатысқан команда арасында «Сөз шебері» номенациясы бойынша 10-

сынып оқушысы М.Бисембаева жүлделі ІІІ орыннан табылды. «Ақбота» интеллектуалды марафонына қатысқан

оқушылардың   үшеуі   екінші   орын,   сегізі   үшінші   орын   иеленді.   8-9   сынып   оқушылары   А.Нұрлыбекова,

Г.Оңайжанова,   Р.Жумалиев,   Т.Амангелдиева,   Д.Әбжетов,   А.Тұрақбаева,   Ж.Мүталлапова   республикалық

«Физмат» конкурсына қатысты. 8-сынып оқушысы Қ.Жоламанов халықаралық жас мәнерлеп оқу   байқауына

қатысып қайтты. 

         2013-2014 оқу жылы 11-сынып оқушысы Меруерт Баулы Халықаралық «Ғылым ашамыз» тақырыбында

ғылыми   жоба   байқауына   қатысты   сертификат   иесі   болды.   7-сынып   оқушысы   Қ.Жоламанов   «ХХІ   ғасыр

көшбасшысы»   сайысының   жүлдегері   атанды.   11-   сынып   оқушысы   М.Бисембаева   ағылшын   тілі   пәнінен

республикалық   олимпиаданың   төртінші   кезеңін   қатысып   жүлдегер   болды.   Бір   топ   оқушыларымыз

Республикалық   «Ақбота»   марафонының   жүлдегерлері   болса,   10-сынып   оқушысы   Ж.Ғалымжанова

«Маңғыстаунама»   сайысы   эссе   жазу   конкурстарының,   7-сынып   оқушысы   Б.Сейілхан,   5-сынып   оқушысы

Ұ.Қазбекова, 4- сынып оқушысы О.Көкішова «Зерде» облыстық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары.

11-сынып  оқушысы Н.Аманқосов физика пәнінен, 10-сынып оқушысы Н.Хамзина химия пәнінен облыстық

пәндік   олимпиада   жүлдегерлері   болды.   Оқу   жылы   аяғында   11-сынып   оқушылары   М.Бисембаева   мен

Н.Аманқосов мектепті Алтын белгімен бітірді. 

          2014   –   2015   оқу   жылында   «Шетпе   гимназиясы»   мұғалімдерінен   Г.Нұрмағамбетова,   Д.Көшкінбаева,

Қ.Нөкенова, Ж.Оразова, Ғ.Ордабаева сияқты мұғалімдер «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына және

«Маңғыстау мұғалімдері» энциклопедиясына шықты. Осы оқу жылында 11 сынып оқушы А.Мұстафин «Үздік

куәлік» иегері болса, Ж. Мүтталапова   Халықаралық ғылыми жоба конкурснан жүлделі орын алды және 11

оқушы грант иегері атанды.

        2015-2016 оқу жылында 3-сынып оқушысы Садақбаева  Інжу «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу

жұмыстар жұмысына қатысып  ауданнан II орын, облыстан  III орынға ие болды.   4-сынып оқушысы Есболов

Айдын аудандық  I орын, облыстан  да I  орын, республикалықтан  ІІІ орынға ие болды. 

       Ал, 11-сынып оқушысы

Түзелбаева  Бағдат

жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық

ғылыми жобалар конкурсына қатысып,   аудандықтан   ІІ орын, облыстан ІІІ орынға, Қазыбекова Маржан ҚР

Тәуелсіздігінің   25   жылдығы,Ұлы   Жеңіс   күні   құрметіне   арналған   «Ғылым   және   өмір»,   «Мәңгі   ел»,

3


«Қазақстаным!»   атты   республикалық   ғылыми-практикалық   конференциясына   қатысып,   жүлделі   II   орынды,

Ақылбекқызы Қарақат ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы,Ұлы Жеңіс күні құрметіне арналған «Ғылым және өмір»,

«Мәңгі   ел»,   «Қазақстаным!»   республикалық   ғылыми-практикалық   конференциясынан   І   орын   алды.

Әдиева Әсем

Шетпе гимназиясы

«Полиглот»   тіл   білгірлер   сайысында   ауданнан   I   орын,

облыстан III орын алса, Абдуллаева Ақбөбек «Абай оқулары» сайысы, ауданнан I орын, Қазыбекова Маржан

Жыршылар сайысынан аудандықтан  бас жүлде, облыстан III орын, Ерболұлы Бек «Ізгілік-өмір нәрі» жобасы,

«Қайырымдылық» тақырыбына сурет   салудан ауданнан  I орын, облыстан

III орын, Бердібаева   Гүлнұр

М.Әбдіхалықов еңбектерінің тәрбиелік мәні тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауынан облыстық,

Шетпе   гимназиясы»  құрама   командасы   «ЭКСПО   2017-балалардың   көзімен»  КТК   байқауынан   облыстан   III

орын, Оңайжанова Гүлдана үш тілде шығарма жазудан облыстан II,  III орындарды иеленді. Облыстық пәндік

олимпиададан Нұрлыбекқызы Ақжарқын, Нұрлыбекова Арайлым, Ғалым Динара  жүлделі орындарға ие болды.

Аудандық деңгейде Қуанова Перизаттың Ұстаз мұраты-шығармашылық ізденіс және кәсіби даму, А.Елеуованың

Мұғалім   –мәңгілік   нұрдың   қызметшісі   тақырыбында   іс-тәжірибелері   таратылған.   Педагог   қызметкерлердің

шығармашылықпен жұмыс жасауы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

               Биылғы оқу жылының мақсатын   мектеп ұжымы «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, білім сапасын арттыру, білім беруде «Мәңгілік

Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру деп алып шығармашылықпен жұмыс жүргізіп келеді.



АРДАГЕР ҰСТАЗДАР

    Мусабаев Бекбосын Балықбайұлы

                   (1948-2009жж) 

1948 жылы 24 щілдеде Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.

  2001-2002  оқу жылында  ашылған   «Шетпе   гимназиясы»  ММ  –нің     директоры

болып тағайындалып,  өмірінің соңы, яғни 2009 жылға дейін қызмет атқарды. 

Гурьев   педагогикалық   институтын   математика   пәнінің   мамандығы   бойынша

бітірген. 

Марапаттары: «Ы. Алтынсарин медалінің» иегері. ҚР Білім беру ісінің үздігі.  ҚР

Президентінің «Алғыс хаты», Маңғыстау облысына 35 жыл төсбелгісінің иегері.

Аудан облыс әкімінің «Алғыс хаты»,  «Құрмет грамоталары».

            



            Сарсенбаев Ағатай Оразбайұлы

                         (1947-2016жж)

1947 жылы 25 тамызда дүниеге келген.  

1966-1980 жылдар аралығында Шетпе мектептерінде мұғалім, 1981 жылдан 2010

жылы   зейнеткерлікке   шыққанға   дейін   аудандық   білім   бөлімі   басшысының

орынбасары қызметін атқарған. 

2010-2015 жылдары Шетпе гимназиясында менеджер болып жұмыс жасап келді. 

Ұзақ   жылғы   қызметі   бағаланып   Қазақ   ССР-і   Халыққа   білім   беру   ісінің   үздігі

атағын   иеленіп,   ҚР   Үкіметі   мен   Білім     беру   министрлігінің   грамоталарымен

марапатталған. 

4


                                 Дүйсембаева Аққалам Үркімбайқызы

1950   жылы   30   қарашада   Гурьев   облысы,Маңғыстау   ауданы,Жыңғылды   селосында

дүниеге   келді.1973   жылы   Алматы   қаласы,Қыздар   педагогикалық   институтын

география-биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2004 – 2005 оқу

жылынан   бастап   Шетпе   гимназиясында   директордың   бейін   жөніндегі   орынбасары

қызметін атқарды. 2014 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.  

Марапаттары:     ҚР   Білім   беру  үздігі   белгісі,   ҚР   Ғылым   және   Білім   министрлігінің

«Құрмет грамотасы», Аудандық, облыстық  білім бөлімдерінің  «Алғыс хаты», ҚР 20

жыл, Маңғыстау облысының 40 жылдық медальдары. 

                Сатанбаева Жанира Қайысбаевна

 

1954   жылы   14   ақпанда   Гурьев   облысы,   Маңғыстау   ауданы,   Жыңғылды   селосында



дүниеге келді. 1976 жылы  Ақтөбе қаласындағы  педагогикалық  училищені  бастауыш

сынып   мұғалімі   мамандығы   бойынша   бітірді.   2002   жылдан   бастап     Шетпе

гимназиясында қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап зейнеткерлік  демалыста. 

Марапаттары:   ҚР   Білім   және   Ғылым   министрлігінің   «Алғыс   хаты»,   Аудандық,

облыстық Білім бөлімдерінің «Құрмет грамотасы»

                  

                                    Қондыбаева Рая Дендерқызы

1955 жылы 3 мамырда Атырау облысы Забурын селосында дүниеге келген.1976 жылы

Атырау педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика пәнінің

мұғалімі бойынша бітірді.1980 жылдан бастап Шетпе селосындағы №3 орта мектепте,

2002   жылдан   бастап   Шетпе   гимназиясында   қызмет   атқарды.   2015   жылдың

қыркүйегінен бастап зейнеткерлікке шықты.

Марапаттары:   ҚР   ғылым   және   білім   министрінің   «Алғыс   хаты»,   облыс   әкімінің

«Құрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы», аудан әкімінің

«Алғыс хаты».

5


БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ІСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

"Шетпе гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің директоры:

Нұрмағамбетова Гүларша  Жалпакбайқызы  

Әлемдегі   жаhандану   үдерісі,   сын-қатерлер,   қарқынды   өзгерістер   әлемдік   білім

беру жүйесін қайта қарауды талап етуде. 

ХХІ ғасырда дамыған елдер арасында білім беру саласына реформа жүргізбеген

бірде-бір   ел   жоқ.   Бұның   өзі   жаһандану,   технологиялар,   демографиялық

өзгерістерге білім беру жүйесі арқылы қалай ықпал етуге болатындығын түсінуге

әкеледі.     Елбасы   Нұрсұлтан   Әбішұлы   «100   нақты   қадам»   -   Қазақстан

Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын

жариялады.  «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап

екендігін ашып айтты. 

Ертеңгі   еліміздің   экономикалық   гүлденуінің   негізі,   жастардың   жарқын   болашағы-   балаларымыздың   қазіргі

білім алу деңгейінен, мектептердің атқарып отырған жұмыстарынан көрінетіні анық. Сондықтан болар, барлық

әлем елдеріндегі білім саласындағы жүргізіліп отырған реформалардың мақсаты – мектептерде «ХХІ ғасырда

нені   оқыту   керек»   және   «Мұғалімдер   оқушыларды   ХХІ   ғасырдаөмір   сүруге   қалай   дайындайды?»   деген

сұрақтардың шешімін табу болып отыр. Сол себепті, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың

идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұрған болатын. Бұл туралы Білім және ғылым

министрі   А.Сәрінжіпов   10   шілде   (2015ж)   күнгі   өзінің   хабарламасында:   «БізҚазақстан     президентінің

тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. Жаңа бағдарламалар  енгізілді. Онда білім

беруден бұрын, оқушыларға машық пен дағдыны қалыптастыруға үлкен мән беріледі»- деген болатын. Әрине,

бұл айтылған жаңа бағдарламаның өміршең болуы мектептердің,соның ішінде мұғалімдердің қолында. 

Кезінде   М.Жұмабаев   «Қазақтың   тағдыры   да,   келешекте   ел   болуы   да   мектебінің   қандай   негізде

құрылуына барып тіреледі»- деген екен.Ал, ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов: « Егер елдің жағдайын

білгің келсе мектепке бар»-деп ескертеді.Олай болса, қазіргі таңда мектептер өз жұмысын қалай орындап отыр.

Мектепте қандай ұстаным, мінез-құлық нормалары, құндылықтар мен дәстүрлер басым. Мектеп мұғалімдері

жаңа бағдарламадағы оқушыларға қажетті машықпен дағдыны бере ала ма? Оларда, (мұғалімдерде) білім беру

мазмұнының жаңаруы туралы түсінік қалыптасқан ба? ... деген сұрақтар туындайды. Елбасы тапсырмасымен

«Назарбаев   зияткерлік   мектептері»   Дербес   білім   беру   ұйымдары,   Педагогикалық   шеберлік   орталықтары,

Кембридж Университетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін

арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру

курстары   жүргізілуде.Курс   бағдарламасы;«Білім   беру   басшыларының   рөлі   қазіргі   Қазақстан   қоғамының

маңызды мамандықтарының бірі болып саналады.  Және оларға белгілі бір талаптар қойылады»,- деп көрсетеді.

(Басшыға арналған нұсқаулық.8-бет) Атап айтқанда, олар;

еліміздің болашақ білім беру кескінін құруға көмектеседі.



білімнің жекелеген адамдардың өміріне игі ықпал етіп, қазір және болашақта Қазақстан халқына пайда

әкелетініне сенеді. 

балалар мен жасөспірімдерді сын тұрғысынан ойлай алатын өзіне сенімді, қалай оқу керектігің білетін



шығармашыл, табысты адам болып дамуы үшін жауапкершілік алады. 

білім беру саласындағы жетекші маман.



оқушыларды, қызметкерлер мен қоғамдастық мүшелерінің барлығын оқыту үдерісін үнемі жетілдіріп

отыруға ынталандырады. 

кәсіби қарым-қатынас пен құрылым құруға және оған қолдау көрсетуге шебер.



күрделі және шиеленіскен жағдайда да жұмыс істей алады.

бәріне оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік беретін шығармашыл және жаңашыл шешім іздеу мақсатында



басқалармен бірлесіп жұмыс істей алады. 

барлық оқушылардың үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жағдайлары жақсы болуын қамтамасыз ету үшін



көп адамдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қоғамдастықты құра алады және оған қолдау көрсете

алады. 


Осылайша, өз жұмысында жоғары нәтижеге қолма- қол жетуге болатынын түсіну үшін оларға көшбасшылық

дағдыларды   игерумен   қатар,   соңғы   жаңалықтар   туралы   үнемі   хабардар   болып,   тиісті   білім   мен   түсінік

қалыптастыру керек деп тапсырады. «Көшбасшылық пен басқару екеуі екі түрлі, алайда екеуі де тең көлемде

маңызды. Жақсы басқарылатын, бірақ көшбасшылық қабілеті жеткіліксіз, ұйымдар түптіңтүбінде мақсаты мен

рухынан айырылады (Боулман және Дил 1997) деп сипаттайды. Сондықтан болар, Білім беру басшылары өз

бойында көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру қажет деп түсіндіреді. «Мектептегі табысты көшбасшыбасқаны

үйретуге даяр, табанды(мәселен, жоғары төмен үдерісінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында;

іске берілгендігінде; барлығын  оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге  ұмтылысында), (Лейтвуд, 2006) деп

6


бағаласа, Үздік көшбасшылар;  - жағдайды нақты белгілеп,, тәжірибе алмасу жоспарын әзірлейді.

1.

Әріптестерімен   бірлесе   жұмыс   істеу   үшін   мұғалімдердің   көшбасшылық   әлеуетін   арттырады   деп



көрсетеді. (Басшыға арналған нұсқаулық 36-бет). 

Сонымен қатар, мектеп директорларының рөліне тән кәсіби тәжірибенің басты төрт бағытын ұсынады. Олар: 

1.Өзінің дамуы мен басқаларды дамыту.

2. Оқыту мен оқуға жетекшілік ету 

3. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету

4. Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту, яғни кәсіби қоғамдастық құру. 

Басшының өзінің дамуы айтпаса да түсінікті,албасқаларды дамытуҮлгі бола отырып басқаруды ( мұғалімдердің

құзыреттіліктерін арттыру, жұмысқа уәждеу, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі жүргізу т.б)талап етеді. 

Білім   саласындағы   зерттеу   нәтижелері   көрсеткендей   мұғалімдер   өздерінің   басшыларына   еліктейді.

Басшыларының   істері   сөздеріне   сай   келетіндігін,   олардың   немен   айналысатындығын   қадағалап   отырады.

Мұғалімдер «сөздері істерімен үйлеспейтін» басшыларға ермейтіндігін айтады. (Southworth, 2004).                 

Қорыта айтарым, Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру

бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпы білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған.Оған қоса, Елбасының

тапсырмасы   да  оқушылардың   функциялық   сауаттылықтарын  дамыту үшін   мектептегі  оқыту стандарттарын

жаңарту болып табылады.(100-нақты қадам.76-қадам) Сол себепті, Білім беру ұйымдарының басшылары Білім

беру мазмұнының жаңаруына мән бере отырып,оны дұрыс іске асыруға қызмет етеді ғой деп ойлаймын.     

* * * * * * * * * 



      

Алишбаева Зинеш Жакаевна

Маңғыстау облысы

 

Маңғыстау ауданы

Шетпе кенті

  

 «Шетпе гимназиясы» ММ

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Допты ойынға  қосу

Мақсаты:

1. Волейбол ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлігін шындауға үйрету.

2. Шыдамдылыққа және дене бүлшық етін дамытуға бейімдеу.

3. Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, адамгершілікке, икемділікке, 

ептілікке тәрбиелеу.



Керекті құралдар. .Волейбол добы, ысқырғыш т.б.

Ұйымдастыру әдісі. Топтық әдісі.

Сабақтың барысы.

Кіріспе дайындық бөлім.10 минут.

Сыныпты қабылдап алу.



 

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.



Оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.



Жүріс.

  

Қол жоғары аяқтың ұшымен жүру және өкшемен жүру. Қол желкеде өкшемен жүру.

 



Қол белде табанның ішкі жағымен және сыртқы жағымен жүру.



Спорттық  жүріс.



Жүгіріс.

 

Бір қалыптық жүгіру. Оң жақпен, қолды алға айналдыра жүгіру.

Сол жақпен ,қолды артқа айналдыра жүгіру.



Қолымыз артта өкшеге тигізіп жүгіру.

Тізені алға көтеріп, алақанымызды тигізіп жүгіру.



  

Жеңіл жүгіру.



Бой жазу жаттығулары. 

Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру.



Жылдам жүгіру.

 

Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.



Екі қолды белге қойып, жартылай отырып жүру.

Сапта баяу жүріс, бастапқы қалыпқа келу, демді ішке алып қайтадан шығару.



Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың спорт киімін қадағалау, бұйырықтың орындалуына назар аудару.            

Оқушылардың жаттығу жасалуын дұрыс қадағалау.



Негізгі бөлім 20-25 минут

Допты жоғары ұрып ойынға қосу тор арқылы.

а)  Допты ойынға қосу кезінде аяқты дұрыс қою.

б) Сол қолмен допты жоғарыдан ұрысқа лақтыру.

в) Допты қақ ортасынан ұру.

г)  Доптың бағыттауын анықтау.

7


Жоғарыдан доп беру.

а) Доп беру кезінде қолмен аяқтың қозғалысы.

б) Доп беру кезінде саусақ үстау әдісі.

в)  Доп кезінде дененің козғалысы



Екі қолмен төменнен   допты қабылдау әдісі. 

а) қолды дұрыс ұстау , төменнен доп қабылдау.

б) аяқтың қимылы.

в) доп қабылдау кезінде допқа дайындалу.



Қорытынды бөлімі

Баяу жүріс.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Ескертулер.

Оқушыларды бағалау және мадақтау.

Үйге тапсырма беру.

* * * * * * * * * 

Маңғыстау облысы,  Маңғыстау ауданы,

«Шетпе  гимназиясы» ММ  информатика  пәнінің мұғалімі 

Ахметова Айымгүл Болатовна     Сыныбы : 10  

Сабақтың тақырыбы: Мультимедиалық  бағдарламаларды өңдеу  технологиясы.        

Бағдарлама  құру.



Сабақтың мақсаты:

 

Оқушылардың  Visual  Basic  бағдарламалау  ортасының  негізі  

бойынша  алған  білімдерін  жүйелеу  және  бекіту. Мультимедиалық  бағдарламаларды

құрудың  кезеңдері  мен  өңдеу  технологиясымен  таныстыру;

Практикалық есептерді шығара білуін дамыту; 

Оқу процесінде қолданбалы тапсырмалар жасауда компьютерлік техниканы өзінше 

тиімді қолдана білуге үйрету.

Білім  мен  білікке  қойылатын  талаптар : Оқушылар  Visual  Basic  ортасында  қолданбаларды  жобалаудың 

негізгі  кезеңдерін  білуі  керек. Visual  Basic  ортасында  негізгі  компоненттерді  пайдаланып  қарапайым  

қолданбаларды  жобалай  білуі  керек. 

Әдістері: Миға шабуыл;Жеке жұмыс.

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушылар VB-те қолданушының қолдануына  арналған бағдарламаларды  құруды  

үйренеді.  Жобада әр түрлі компоненттерді қолдана отырып, қолданба жасауды үйренеді.

Сабақтың  жүрісі :

І Ұйымдастыру  кезеңі (2 мин)

ІІ Үй  тапсырмасын  тексеру 

  Өтілген сабақты сұрақ-жауап арқылы интерактивті тақтаны қолданып қорытындылау.



ІІІ Жаңа  сабақ

Кіріспе сөз: Жаңа  ақпараттық  қоғамда  жаңа  ақпараттық  технологиялар  үшін   тиімді  құралдарды  іздестіру  

айқындалуда. Қазақстанда  оқытудың  жаңа  формасын  дамыту  және  енгізу, яғни  қашықтан  оқыту, 

электрондық  оқыту  сияқты  басқа  оқыту  құралын  ұсынады. 

Осыған  байланысты  электрондық  жаңа  терминологиясы  пайда  болды. 

Электрондық  басылымдар – бұл  графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, әуендік, бейне  және  басқа  ақпараттар,

сонымен  қатар  қолданушының  басылған  құжаттарының  жиыны. Электрондық  басылымдар  кез-келген  

электрондық  тасымалдаушыда  қолданылуы  мүмкін, сонымен  қатар  электрондық  компьютерлік  желілерде  

де  жарық  көреді.

Мултимедиалық  бағдарламаларды  өңдеу  барысында  оның  қандай  болуы  керек  екені  ескерілу  керек :

Эргономиялық, яғни қолданушының  қолданылуы  және  меңгеруі  үшін  қарапайым  болуы  қажет;



Оқыту  барысында  қолдану  үшін  әмбебаптығы, бұл  әр  компьютерлік  оқыту бағдарламасын  тек  

автордың  өзі  ғана  қолданатындай  болуы  керек;

Жеке  және  өзіндік  жұмыстарын  ұсынатын  оқытуда  жеке-бағдарланған  бағытта  болуы  керек.



Мультимедиалық  бағдарламаларды  өңдеу  технологиясын  бастауыш  мектептің  математика  пәнін  оқытудың  

«5  санының  құрамы» тақырыбын  оқыту  үшін  құрылған  бағдарлама  мысалынан  көреміз.

1-қадам. Есептің  қойылуы.

1-сынып  оқушылары  үшін  математика  пәнінен  «5  санының  құрамы» бағдарламасын  өңдеу  қажет. 

Бағдарлама  оқушыларды  5  санының  құрамымен  таныстыратындай  болуы, сонымен  қатар  білімін  тексеріп

1 мен  5  аралығындағы  сандарды  қосуды  және  азайтуды  орындай  білуі  қажет.

2-қадам. Визуальды  жобалау.

3-қадам. Код  бойынша  бағдарламалау.

8


Жобада  қажеттілік  бойынша  шақырылатын  алты  пішін  қолданылады.  

Public k As Integer

   

Public n As Integer  Public m As Integer



Public c As Integer

  

Public b As Integer



1-пішін

   

Private Sub Command1_Click()

Form1.Hide

Form2.Show

End Sub

2-пішін   Private Sub Command1_Click()

If Text1.Text = "" Then Text1.SetFocus

If Text1.Text = "5" Then k = 1

Form2.Visible = False

Form3.Show

End Sub


3-пішін  Private Sub Command1_Click()

If Text1.Text = "" Then Text1.SetFocus

If Text1.Text = "5" Then n = 1

Form3.Visible = False

Form4.Show

End Sub


4-пішін  Private Sub Command1_Click()

If Text1.Text = "" Then Text1.SetFocus

If Text2.Text = "" Then Text2.SetFocus

If Text3.Text = "" Then Text3.SetFocus

If Text4.Text = "" Then Text4.SetFocus

If Text5.Text = "" Then Text5.SetFocus

If Text6.Text = "" Then Text6.SetFocus

If Text1.Text = "4" Then m = m + 1

If Text2.Text = "1" Then m = m + 1

If Text3.Text = "5" Then m = m + 1

If Text4.Text = "3" Then m = m + 1

If Text5.Text = "2" Then m = m + 1

If Text6.Text = "5" Then m = m + 1

Form4.Visible = False

Form5.Show

End Sub


5-пішін  Private Sub Command1_Click()

If Text1.Text = "" Then Text1.SetFocus

If Text2.Text = "" Then Text2.SetFocus

If Text3.Text = "" Then Text3.SetFocus

If Text4.Text = "" Then Text4.SetFocus

If Text5.Text = "" Then Text5.SetFocus

If Text6.Text = "" Then Text6.SetFocus

If Text7.Text = "" Then Text7.SetFocus

If Text1.Text = "3" Then c = c + 1

If Text2.Text = "5" Then c = c + 1

If Text3.Text = "1" Then c = c + 1

If Text4.Text = "4" Then c = c + 1

If Text5.Text = "5" Then c = c + 1

If Text6.Text = "3" Then c = c + 1

If Text7.Text = "2" Then c = c + 1

b = k + m + n + c

Form5.Hide

Form6.Show

End Sub

6-пішін  Private Sub Command1_Click()

End


End Sub

Private Sub Form_Load()

If b = 15 Then

Label1.Caption = "ЖАРАЙСЫҢ!!!"

9


Label2.Visible = False

End If


If b < 15 And b > 0 Then

Label1.Caption = "Мұқият"

Label2.Caption = "Бол!!!"

End If


End Sub

Бекіту (компьютерде  тапсырмалар  орындау)

№1  «Баланың қозғалысы» жобасы

Адамның жоғары-оңға, жоғары-солға, төмен-оңға, төмен-солға жылжитын жобасын жасайық.

Пішіндегі объектілер Left және Top  қасиеттерімен басқарылады.

Top – батырмадан  пішіннің жоғары жағына дейінгі ара қашықтығы

Left - батырмадан  пішіннің  сол жағына дейінгі ара қашықтығы

Пішінге  Image объектісін енгіземіз.  Stretch қасиетінен  True мәнін береміз. «Адам» пішініндегі  суретті 

таңдаймыз. 

Пішінге Command1 және  Command2 орналастырып Caption қасиетіне тиісінше «Жоғары және оңға қарай 

қозғалту» «Төменге және солға қарай қозғалту» мәтінін береміз, код терезесіне келесі процедурасын енгіземіз:

 Private Sub Command1_Click()

Dim I As Integer 

Dim left As Single

Dim top As Single

left = Image1.left

top = Image1.top

For I = 1 To 100 Step 1

left = left - 10

top = top - 10

Image1.Move left, top

Next I


End Sub

Private Sub Command2_Click()

Dim I As Integer 

Dim left As Single

Dim top As Single

left = Image1.left

top = Image1.top

For I = 1 To 100 Step 1

left = left + 10

top = top + 10

Image1.Move left, top

Next I


End Sub

Жобаны іске қосыңыз. 



Жобаны іске қосып, нәтиже шыққан соң  бағдарламалық кодты дәптерге жазамыз.

 №2  “Бағдаршам” программасының орындалуы:

Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.



Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:

Объект

Қасиеті


Мәні

Form1


Caption

Светофор


Shape1 

Shape1


Rounded Rectangle 

Label1 


Caption

BackColor

Label1 мәнін өшіру

Қызыл


Label2 

Caption


BackColor

Label2 мәнін өшіру

Ақ

Label3 


Caption

BackColor

Label3 мәнін өшіру

Ақ 


Label4 

Caption


BackColor

Label4 мәнін өшіру

Ақ

Label5


Caption

Бағдаршамды тышқанмен шертіңіз

Shape2 (Label1-дің үстіне) 

Shape 


3-Circle

10


BorderColor

FillColor

FillStyle

Қызыл түс таңдау

Қызыл түс таңдау

0-Solid


Shape3  (Label2-дің үстіне)

Shape 


BorderColor

FillColor

FillStyle

3-Circle


Cары түс таңдау

Сары түс таңдау

0-Solid

Shape4 (Label3-дің үстіне)



Shape 

BorderColor

FillColor

FillStyle

3-Circle

Жасыл түс таңдау

Жасыл түс таңдау

0-Solid


3. Келесі кодтарды жазу:

- Label1 элементін екі рет шертіп, шылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub Label1_Click()

Label1.BackColor = vbRed

Label2.BackColor = vbWhite

Label3.BackColor = vbWhite

Label4.Caption = "Токтаныз!"

End Sub


- Label2 элементін екі рет шертіп, шылған код терезесіне келес процедураны енгізіңіз:

Private Sub Label2_Click()

Label1.BackColor = vbWhite

Label2.BackColor = vbYellow

Label3.BackColor = vbWhite

Label4.Caption = "Дайындал"

End SubLabel2 элементін екі рет шертіп, шылған код терезесіне келес процедураны енгізіңіз:

Private Sub Label3_Click()

Label1.BackColor = vbWhite

Label2.BackColor = vbWhite

Label3.BackColor = vbGreen

Label4.Caption = "Жур!"



   

End Sub


№3  Төбелерінің координаталары бойынша үшбұрыш шығаратын қосымша жасау

Форманың ScaleMode қасиетіне Pixel мәнін, Caption қасиетіне “Үшбұрыш шығару” мәнін жазыңыз 

Формаға Picture1 объектісін түсіріп, BackColor қасиетіне ақ түс орнатыңыз.

Формаға үшбұрыштың төбелерінің координаталарын енгізу үшін қызмет ететін Text1, Text2, Text3, Text4, Text5, 

Text6 объектілерін түсіріп, Text қасиеттерін тазалаңыз. Олардың жанына түсініктеме ретінде қызмет ететін 

Label1, Label2, Label3, Label4, Label5, Label6 объектілерін түсіріп,  Caption қасиеттеріне ретімен Х1=, Y1=, X2=, 

Y2=, X3=, Y3= мәндерін жазыңыз.

Формаға Command1 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне ОК деп жазыңыз. 

Command1_Click() процедурасына өтіп, үшбұрыш шығару процедурасын жазыңыз. 

Private Sub Command1_Click()

' координаталарды меншіктеу

X1 = Val(Text1.Text)

Y1 = Val(Text2.Text)

X2 = Val(Text3.Text)

Y2 = Val(Text4.Text)

X3 = Val(Text5.Text)

Y3 = Val(Text6.Text)

'сетка шығару

Picture1.Cls

Picture1.DrawWidth = 1

For k = 10 To Picture1.Width Step 10

Picture1.Line (k, 0)-(k, Picture1.Height)

Next k

For i = 10 To Picture1.Height Step 10



Picture1.Line (0, i)-(Picture1.Width, i)

Next i


'Үшбұрышты шығару

Picture1.DrawWidth = 3

Picture1.Line (X1, Y1)-(X2, Y2), vbRed

11


Picture1.Line (X2, Y2)-(X3, Y3), vbRed

Picture1.Line -(X1, Y1), vbRed

'Үшбұрыштың ауданын есептеп шығару

a = Sqr((X2 - X1) ^ 2 + (Y2 - Y1) ^ 2)

b = Sqr((X3 - X2) ^ 2 + (Y3 - Y2) ^ 2)

c = Sqr((X1 - X3) ^ 2 + (Y1 - Y3) ^ 2)

p = (a + b + c) / 2

s = Sqr(p * (p - a) * (p - b) * (p - c))

MsgBox "S=" + Str(s), , "Аудан"

End Sub


IV Сергіту  сәті  «Егер  сіздің  аяғыңызды  басса»  психологиялық  тест (Visual Basic-te)

V Бағалау

VI Үйге  тапсырма

* * * * * * * * * 

     Маңғыстау облысы  Маңғыстау ауданы



      Шетпе селосы

 

 «Шетпе гимназиясы» ММ

      Әлеуметтік педагог 

      Әділбек Жазира Әділбекқызы 

Тақырыбы: "Жұлдызды сәт"  Сынып: 6

Мақсаты:


1. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам

ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту

2. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әріптер, жұлдызшалар, слайд, видеоролик, сандар, карточкалар

Сабақ барысы:

- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды тұрғызу, сәлемдесу, сабақты ашу.

- Сабақ бөлімдерімен, шартымен таныстыру.

І – бөлім: «Қазақстан қалалары» бойынша

ІІ – бөлім: Тренинг - жаттығулар

ІІІ – бөлім: «Сөз құрау» берілген әріптерден көлемді сөз құрастыру

ІҮ – бөлім: Сергіту сәті (видеоролик)

Ү – бөлім: «Сөзден сөз шығару» ойыны

Жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексертіп,

Ойынға қатысып көріңдер.

Сөйтіп біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда.

- Бүгінгі біздің ойнымыз түрлі қызықты тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады тұрады. Әр тапсырмалардан 

дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады.

І – бөлім

 Оқушылар ойынға шығады. Жауаптарын алдарындағы карточкадағы жазылған сандарды көтеріп жауап береді. 

(керекті сөзді көрсету)

1. Алматы   2. Қызылорда       3. Жезқазған         4. Павлодар      5. Семей       6. Жамбыл

Жауап бергенде дұрыс деп ойлаған санды көтереді. Әрбір дұрыс жауапқа

1 - жұлдызша береді. 30 секундтан уақыт

Сұрақтар:

1. Бұрынғы Верный бекінісі 1922 жылы ресми түрде қалай аталған? Бұл қаланың атауы белгілі бір жеміс 

түрімен аталады.  (№1. Алматы)

2. Қазақстанның ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген? (№ 5. Семей)

3. Кряков бекінісі бұны жергілікті қазақтар «Кереку» деп атаған? (№ 4. Павлодар)

4. Ол ХІХ ғасырдың ортасында «Ақ мешіт» деп аталды. 1924 - 29 жылдары 

Қазақстанның астанасы болған қай қала? (№2. Қызылорда)

5. Бұрынғы «Тараз» қаласы, одан кейін «Әулие ата» қаласы, кейіннен бұл қала

12


қандай ұлы ақынның есімімен аталған? (№ 6. Жамбыл)

6. Бұл қалада мыстың өте бай қоры бар. 1954 жылы жұмысшы поселкесінен қалаға

айналған. Ол қай жер? (№ 3. Жезқазған)

ІІ – бөлім «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған

адамгершілік қасиеттер. 



Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді 

лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын 

айтады. 

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. 

Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 

Қазір сабаққа тез кірігіп кету үшін ой қозғап алайық .

Ой қозғау :

·        Мектептегі минут қалай аталады? ( сабақ )

·        Шарты мен сұрағы бар шағын әңгіме не ?  ( есеп )

·        Қарға жаңбыр жауып тұрған кезде қандай ағашта отырады? ( қарға болмайды )

·   Екі баланың біреуі солға, ал екіншісі оңға қарап тұр. Олар бірін – бірі көре ме? (иә)

·        Сөзден құралады ( сөйлем )

·        Екі сабақтың арасындағы бос уақыт (қоңырау)

Біреуі сөйлейді, екеуі көреді және екеуі тыңдайды. Ол не? (ауыз, көз,құлақ)

Мен және сен,біз екеуміз, сонда біз қаншамыз? (2)

Абылайдың шын есімі (Әбіл – Мансур)

·         Сәрсенбіден кейін үшінші күн(сенбі)



«Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .

Шарты: Оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол 

бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді 

жазу керек те, ортасы қырқылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты 

мыжып, қоқыс жәшігіне салады.



«Имитатор» - қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлар жазыған парақшалар беріледі. 

Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуі керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды 

эмоциялық жағынан ашу

ІІІ – бөлім

1 минут ішінде мына берілген әріптерден сөз құрастыру. Ең ұзын сөз

құрастырған оқушыға жұлдызша беріледі.

а, с, қ, а, з, н, т, а, қ                                                                                                                                                  

ІҮ – бөлім: сергіту сәті (видеоролик)

Ү – бөлім

1 минут 30 секунд уақыт беріледі.

«Тәуелсіздік» деген сөзден бірнеше сөз шығарулары керек. Қай топта сөз көп болса, соған жұлдызша беріледі. 

Ал ең көп сөз құрастырып шығарған топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Міне, бүгінгі «Жұлдызды сәт» ойынында жеңімпазымыз анықталды. Жеңімпазымыздың қадамына 

сәттілік тілейміз.



"Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.

* * * * * * * *

13


Маңғыстау облысы  Маңғыстау ауданы

"Шетпе гимназиясы" ММ  Математика пәні мұғалімі     

Байназарова Кама Асылбековна

Сыныбы 10.  Пәні: Алгебра   және  анализ   бастамалары

Сабақтың тақырыбы: Функция   графигін  қарапайым  түрлендіру.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға  функциялардың  графиктерін  қарапайым  

түрлендірудің   негізгі  түрлерін  меңгерту



Күтілетін нәтиже:  Оқушылар  берілген  функцияның  графигі  мен бастапқы  

функцияның  графигін  байланыстыра  алады.



Тапсырмалар:  Топқа бөлу,  кең ауқымды дәріс,Венн диаграммасы, жұбыңды тап,

Ресурстар: Смайликтер, стикерлер, кеспе қағаздар, плакаттар, маркер

Сабақтың 

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру 

кезеңі:

(3мин)


Оқушылармен сәлемдесемін,түгелдеймін.        

Шаттық шеңбер арқылы ынтымақтастық 

атмосферасын қалыптастырып,сандар арқылы

топқа бөлемін                                                

Оқушылар сәлемдеседі.

Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй 

сыйлайды.

Оқушылар сандар бойынша бірігіп  2 топ 

құрайды.

Қызығушылық

ты ояту.

(5 мин)


Сызықтық  функция, квадраттық  функция,кері

пропорционалдық ,олардың  графиктері  

туралы  не  білеміз? Оларды  қалай  

түрлендіруге  болады?

  Оқушылар  оздері  білетін  функциялар  

туралы  айтып  өтеді.

Мағынаны 

ажырату


(19  мин)

Топтарға  тапсырмалар  беру

1-топ  1,2-мысалдарды  талдау, графиктерін  

салып  түсіндіру

2-топ  3,4,5-мысалдарды  талдау,графиктерін  

салып  түсіндіру

  Оқушылар жаңа тақырыпты жұппен 

талқылап,плакатқа жазып,постер 

қорғайды.Топ мүшелері бағдаршаммен 

бағалайды.

 Сергіту сәті

(2 мин)


  Бейнесін салу.

Оқушылар  жұптасып бір-біріне 1 мин  

қарап, теріс қарап бір-бірінің бейнесін 

салады.


Ой толғаныс

(5мин)


 Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі 

А деңгей№43,44,45

В деңгей

№48,49


Тест есептерін шығарту

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды 

шешіп,критерий арқылы топ жетекшісі 

топ мүшелерін бағалайды. 



Қорытынды

(5 мин)


 



a

x

f

y

b

x

f

у





  

функцияларының  графиктерін  салудың  

айырмашылығын  айтып  өту,

 





ax

f

y

x

af

у





   функцияларын  түрлендірудегі 

ұқсастық  неде?

 Жауаптарды Венн   диаграммасы  арқылы

көрсетеді.

Бағалау

(3 мин)


 Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын критерий бойынша бағалайды.                     

Рефлекция

(2 мин)


 Кері байланыс.                                                                                                                                  

 «Екі жұлдыз бір тілек» ой түю стратегиясын пайдалана отырып сабақтан алған әсерлерін 

стикерлерге жаздырамын. 

Кейінгі 

жұмыс

Үйге тапсырма № 46, 47      Функция   графигін  қарапайым  түрлендіру.

14


            Бекболатова Жанира Кайыржановна

             Учитель русского языка и литературы

             ГУ «Шетпе гимназиясы»

              Мангистауская область 

 

Мангистауский район     

   Нужно, чтобы дети, по возможности, учились  самостоятельно, 

а учитель руководил этим самостоятельным процессом

 и давал для него материал.   К.Д.Ушинский

                                                         11 класс



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал