Семинар сабақтары 15 сағат




бет4/9
Дата22.04.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

4 Тақырып:   Қаржылық қорытындының қалыптасу мен сату кезеңінің аудиті 

 

Мақсаты:  Аудиторлық қызмет жəне аудит 

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны: 

1. 


Аудитор деген сөз-тыңдаушы  

2. 


Аудиторға қажетті құжаттар 

3. 


Аудиторлық қызмет жəне аудит 

 


 

27 


Аудиторлық  қызмет  жəне  аудит  Қазақстан  Республикасында  аудитормен  жəне 

аудиторлық  фирмалардың  кəсіпкерлік  қызметін  бөліп  есептеу,  бухгалтерлік  есеп  беруді, 

бухгалтерлік  есептің  құжаттары,  салық  диклорациялары  жəне  қаржылық  міндеттерді 

ведомствадан тыс тексеріп басқалай қызметтер жүйесін көрсетеді.  

 Аудитор  деген  сөз-тыңдаушы,  оқушы  жалпы  алғанда  аудитор  белгілі  бір  период 

ішінде  кəсіпорынның  шаруашылық  жағдайларын  тексереді.  Аудит  деген  сөздің  мағынасы 

ревизия  деген  мағынасыннан  əлде  қайда  кең.  Аудит  қаржы  көрсеткіштерінің  тең  инақты 

тексеріп қана қоймай шаруашылық іс-əрекетінің əрі қарай оптималды дамуына шығындарды 

рационализациялау,  кəсіпорынның  табысты  өсіру  жолдарын  анықтайды.  Аудит  сонымен 

қатар  бизнесті  экспертиза  ретінде  қарастыруға  болады.  Аудитордың  сатылық  бухгалтерлік 

экспертиза мен салыстыруға болмайды. Сатылық бухгалтерлік экспертиза сот органдарының 

шешімімен жүргізіледі. Аудит дегеніміз-ол тəуелсіз тексеру.  

Кəсіпорынның  қаржылық  жағдайын  тексеру  дегеніміз-ол  оның  табысы  мен  шығысы 

жағдайын Тəуелсіз экспертизалар. Оны тексеру барысында аудитор тексерген обьект туралы 

барлық есеп жəне қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.  

Егер  аудитордың  обектісі  болып  барлық  шаруашылық  қызметі  табылса,  онда  оныңмақсаты  

болып осы қызметтің тиімдісін бағалы шығындарды азайту жолдары еңбек өнімділігін көтеру 

жағдайы,  ретабельдік  көтеру  шаралары  болып  табылады.  Консалтингтік  қызметті  жүзеге 

асыру  барысында  аудиторлық  мақсаты  болып  жоғарғы  сатылық  консультациялар  көрсету. 

Заказ  беруші  клиенттің  комерциялық  жағдайы  жақсарту  үшін  жəне  аудитор  өзінің 

авторитетін  жоғары  көтеру  үшін  яғни  клиенттерді  көбейтіп  аудитор  өзінің  табысын  көтеру. 

Басқаша  сөзбен  айтқанда  аудиторлық  қызмет  басқа  да  комерциялық  қызметтер  сияқты 

жоғарғы ақылы қызмет болуы тиіс. 

Аудиторлық  көтерудің  сəтсіз  болу  мүмкінділігін  төмендету  үшін  аудитор  жəне  аудиторлық 

фирмалар клиенттерді бағалайтын тұрақты клиенттерді білу керек.  

Клиенттерді сəтсіз ойланбай таңдау көптеген қаржылық жəне моральдық шығындарға келесі, 

фирмалардың немесе аудитордың атағына зиян əкелу мүмкін.  

5 Тақырып:   Ақша қаражаттарының аудиті 

 

Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау жəне есептеу тəртібі кəсіпорынның есеп 

саясатына сəйкес шаруашылық жүргізуші дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу 

ережелерімен белгіленген. Кассир материалды жауапты тұлға болып табылады жəне онымен 

материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасалады. 

Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазбалар операция 

атқарылған  күнгі  ҚР  Ұлттық  банкінің  бағамы  бойынша  саналған  ҚР  валютасымен 

бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс. 

Кəсіпорында  кассалық  операциялардың  синтетикалық  есебі  451  (1010)    «Кассадағы 

қолма-қол  ұлттық  ақша»  жəне  452  (1020)  «Кассадағы  қолма-қол  шетелдік  валюта»  шоттары 

кіретін бөлігінде жүргізіледі. 

Ұйымның шаруашылық жəне қаржылық қызметі үшін маңызды болып кредиттік жəне 

есептік операцияларының мұқият тəртіпке келтірілуі мен ақшалай қаражаттардың  уақытылы 

есепке алынуы табылады. 

Ұйым шаруашылық қызмет процесінде: негізгі құралдар, шикізаттар, материалдар мен 

басқа  да  тауарлы  материалдық  құндылықтар  жəне  көрсетілген  қызметтер  үшін 

жабдықтаушылармен;  атқарылған  жұмыстар  мен  көрсетілген  қызметтер  үшін  тапсырыс 

берушілермен;  коммуналдық  жəне  басқа  да  қызметтер  көрсеткені  үшін  халықпен;  несиелер 

мен  басқа  да  қаржылық  операциялар  бойынша  кредиттік  мекемелермен;  əр  түрлі  төлемдер 

үшін  бюджетпен,  басқа  да  заңды  жəне  жеке  тұлғалармен  əртүрлі  шаруашылық  операциялар 

бойынша тұрақты есеп айырысуды жүргізеді. 

Қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысуды  жүргізу  тəртібі  Ұлттық  банкпен  бекітілген 

«Қазақстан  Республикасындағы  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу  туралы»  қаулысымен 

реттеледі.  Банкпен  ақшаны  қабылдау  мен  беру  немесе  қолма  қолсыз  аудару  арнайы 



 

28 


формадағы  құжаттар  негізінде  жүргізіледі.  Бұл  төлем  тапсырмасы,  чектер  (ақшалай),  қолма-

қол ақшаны енгізуді жариялау. 

Кəсіпорынның есеп айырысу шоты бойынша операциялардың синтетикалық есебін 441 

(1040)    «Есеп  айырысу  шотында»  жүргізеді.  Үзінді  көшірмелердің  441  (1040)  шот  кредиті 

бойынша  №2  журнал-ордерге,  441  (1040)    шот  дебеті  бойынша  əр  түрлі  журнал-ордерлерде 

көрсетіледі. Алайда, есептің дəл болу маңызын жəне бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 

журнал-ордерге  қосымша  №2  тізімдеме  жүргізіледі,  онда  441  (1040)    дебетіне  жатқызылған 

барлық  сома  есептелінеді.  Əрбір  есептік  күн  мен  ай  үшін  бұл  көрсеткіштердің  қолда  болуы 

бухгалтерия қызметкеріне: 

-кəсіпорынның есеп айырысу шотына түсетін ақшалай қаражаттардың көзін талдауға; 

-  қаржылық  төлемдердің  бекітілген  күнтізбелік  мерзіміне  сəйкес  бюджет  пен  басқа  да 

шаруашылық  органдардың  алдындағы  міндеттердің  өтелуін,  қаражаттарды  мақсатты 

қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді. 

Ақшалай қаражаттармен болатын операциялардың аудиттік тексерісі кассалық, банктік 

жəне  валюталық  операциялардың  тексерісін  енгізеді.  Ақшалай  қаражаттың  қозғалысымен 

байланысты  операциялар  тұтастай  əдіспен  тексерілуі  қажет.  Тексерістің  негізгі  мақсаты- 

ақшалай  қаражаттардың  қозғалысын  бейнелейтін  шоттардағы  болған  операциялардың 

шаруашылық мақсаттылығы, шындығы жəне заңдылығы. 

Кассалық операциялардың аудиті кезінде тексеріс мақсаты: 

- Кассадағы ақша жəне басқа құндылықтар мөлшерінің сақталынуы мен сақтау шартын; 

-  Чектік  кітапшаларды,  чектерден  көшірмелерді  жəне  олар  бойынша  ақша  алуды  сақтау 

тəртібін орнату; 

- Кассадан ақша беру мен алу бойынша операцияларды құжаттық рəсімдеу ережелерін; 

- Кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау мен іссапарға, шаруашылық шығындарға жəне басқа да 

қажеттіліктерге есеп беруге ақща беру лимитін; 

- Алынған ақшалардың өз уақытында жəне толықтай кірістеуді; 

-  Кассалық  құжаттаманы,  кассалық  операциялардың  ережелерін  сақтауды  тексеру  болып 

табылады. 

Кассалық операцияларды жүргізу кезіндегі ақпараттар көзі: 

1.  қолма  қол  ақшаны  қабылдау  мен  беруді  рəсімдеу  бойынша  алғашқы  құжаттар  (кіріс 

жəне шығыс ордерлері); 

2. кіріс жəне шығыс кассалық құжаттардың тіркеу журналы; 

3. алғашқы ақтайтын құжаттар ( аванстық есеп, чектер, т.б.); 

4. 441, 451, 452  (1040,  1010, 1020) шоттар бойынша есептік регистрлер. 

Кассалық операцияларды тексерудің негізгі сатылары: 

1.  кассадағы  қолма-қол  ақшаның  нақты  қалдығы  мен  касса  кітабы  бойынша  оның  есептік 

мəліметтерге сəйкестігін түгендеу; 

2.  кассалық  кітап  бойынша  қолма-қол  ақшаны  толық  жəне  өз  уақытында  кірістеу  мен 

шығыстауды  кіріс жəне шығыс ордерлер бойынша тексеру; 

3. кіріс жəне шығыс ордерлері негізінде дайындалған ( билеттер, шоттар, чектер, бұйрықтың 

болуы) ақтайтын құжаттардың бар болуын тексеру; 

4. Жасалған шаруашылық операцияларының заңдылығын тексеру; 

5.  қазіргі  нормативтік  құжаттарға  сəйкес  кассада  сақтауға  жататын  басқа  да  кассадағы 

сақтаулы  құндылықтардың  нақты  болуын  тексеру  (бағалы  қағаздар,  кəсіпорынға  берілген 

құнды сыйлықтар); 

6. касса кітабы мен басқа да есептік регистрлерінің жиынын тексеру; 

7. кассирмен толық жауапкершілік туралы жазбаша келісімшарттың болуын тексеру. 

Аудитор  кассалық  операцияларды  тексере  отырып,  кассалық  операциялар,  кассалық 

ережелерді  жүргізу  тəртібі  қалай  сақталып  жатқанын,  қолма-қол  ақша  қаражаттарымен 

байланысты  жасалған  операциялардың  заңдылығы  мен  мақсаттылығын  анықтауы 

керек.Қолма-қол  ақшаны  алу  жəне  берумен  байланысты  жүргізілген  операциялар  бойынша 

құжаттардың дұрыс дайындалуын тексеру қажет. 



 

29 


Кəсіпорынның  кассадағы  ақша  қозғалысын  ішкі  бақылаудың  болмауы  немесе 

жеткіліксізідігін білдіретін белгілері мыналар: 

кассадағы  ақшаны  толықтай  парақтап  қайта  санау  мен  басқа  құндылықтарды  тексеретін 

кенеттен  болатын  ревизияның  кəсіпорында  жолға  қойылмауы;  кəсіпорында  тексерудің 

мерзімділігін  белгілейтін  басшы  бұйрығының  жоқтығы;  кассаға  ревизияны  немқұрайлы 

өткізудің  барлығы  –  ревизия  өткізетін    комиссияға  тұрақты  тек  бір  адамдардың  ғана 

тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне 

тіркелетін  жұмыс  жазбаларының  болмауы;  кəсіпорын  басшысы  өкімінде  көрсетілмеген  бас 

бухгалтер  мен  кəсіпорын  басшысын  жанай  өтіп,  басқа  адамдарға  кірістік  жəне  шығыстық 

құжаттарға  қол  қою  құқығын  беру;  кассир  ауысқанда  (жұмыстан  шыққанда)  кассаға 

ревизияны  сырт  көзге  ғана  (формальды)  өткізу;  штатта  кассирдің  болмауы,  бұл  функциялар 

кəсіпорын  басшысының  жазбаша  өкімінсіз  есеп  қызметкеріне  жүктелсе;  кассирмен  толық 

материалдық  жауапкершілік  туралы  шарттың  жоқтығы;  мұндай  процедура  ол  үшін 

əдеттегідей  екендігін  дəлелдейтіндей  кассирдің  кассаны  ревизиялауға  дайындығының 

болмауы. 

Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-

қол  ақшаны  түгендеу;  оларды  түгел  жəне  уақытылы  кіріске  алуды  тексеру;  ақшаны 

шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру. 

 

Жалпы  алғанда  касса  мен  кассалық  операцияларды  тексергенде  келесі  əдістемені 



қолдануға болады: 

1.  Кассаны  түгендеу  аудитордың  тексеру  орнына  келгенінде  бірден  өткізіледі.  Оны 

өткізуге  дейін  аудитор  мыналарды  анықтауы  тиіс:  кəсіпорында  басшының  кассадағы 

ақшаның  бар  –  жоғын  кенеттен  тексеруді  жүйелі  жүргізу  үшін  тұрақты  жұмыс  істейтін 

комиссия  туралы  бұйрығы  бар  ма,  бұл  бұйрық  орындала  ма?  Кассаны  кенеттен  тексеру 

актілері  бар  ма  жəне  олардың  мазмұны  қандай;  тексерілетін  кəсіпорынға  бір  кассир  немесе 

бірнеше  кассир  (немесе  оған  уəкілетті  тұлға)  қызмет  көрсете  ме,  кассир  тек  тексерілетін 

кəсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса 

атқара  ма,  кассирді  тағайындау  туралы  бұйрық  жəне  кəсіпорын  əкімшілігі  кассирмен 

жасасқан  материалдық  жауапкершілік  туралы  шарт  бар  ма,  кассир  кассалық  операцияларды 

жүргізу ережелерімен танысты ма? 

2.  Кассаға  тексеруді  жүзеге  асырғанда,  аудитор  мынадай  шарттарды  сақтауға  міндетті: 

тексеру  құрамында  кəсіпорынның  кассир  мен  бас  бухгалтері  міндетті  түрде  кіруге  тиісті, 

кəсіпорын  басшысы  тағайындаған  тұрақты  жұмыс  істейтін  комиссия  мүшелерінің 

қатысуымен  жүргізіледі;  кассаны  тексеру  кезінде  кассаға  бөгде  кісілерге  кіруге  рұқсат 

етілмейді жəне кассадан тыс операциялардан доғарылады. 

3.  Кассаны  тексеру  мүмкін  болмағанда  немесе  бірнеше  касса  болғанда  олардың 

барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір 

кассадағы  ақшаның  жетіспеушілігін  басқа  кассадағы  бар  ақша  есебінен  орнын  жабу 

мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады. 

4.  Кассир  түгендеу  комиссиясының  қатысумен  соңғы  күндегі  кассалық  операциялар 

жөнінде  есеп  жасайды.  Кассалық  кітап  бойынша  ақша  қалдығын  шығарады.  Барлық  кірістік 

жəне  шығыстық  құжаттар  касса  есебіне  кіргізілгені,  кассаны  түгендеу  сəтінде  кіріске 

алынбаған жəне есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ  екендігі туралы қолхат береді. Бұл 

қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді. 

5.  Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды жəне тиісті шоттар мен бухгалтерлдік регистрде 

ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі. 

6.  Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан 

түгел қайта санау жүргізіледі. 

7.  Мұндай  міндетті  процедура  кассада  сақталатын  (пошта  маркілері,  мемлекеттік  баж 

маркілері, вексельдік маркілер, жолақы билеттері, төленген авиабилеттер, төленген бірақ əлі 

демалыс  үйлеріне,  санаторийлерге  берілмеген  жолдамалар  жəне  т.б.)  ақшалай  құндылықтар 

мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі. 


 

30 


8.  Ақша  мен  құндылықтар  екі  мəрте  саналады:  алдымен  кассир,  сосын  комиссияның 

басқа  мүшесі  санайды.  Аудитордың  өзі  бұл  аудиторлық  процедуралардың  дұрыс  өтуіне 

бақылау жасауға тиіс. Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша ескеріледі. 

9.  Ақшалай  құжаттар  аудитінде  мыналарды  тексеру  керек:  бұл  құжаттар  іс  жүзінде  бар 

екендігін,  билеттер  мен  жолдамалар  кімдерге  арналған  жəне  қандай  қаражат  есебі 

дұрыстығын  тексеру  қажет.  Олардың  есебі  ақшалай  қаражат  қозғалысы  жөніндегі  кітапта 

жазылуы  тиіс.  Ақшалай  құжаттардың  түсуі  мен  есептен  шығарылуы  кассалық  кірістік  жəне 

шығыстық кассалық құжаттармен ресімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты 

ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды жəне бас бухгалтерге тапсырады. 

10.  Түгендеу  жүргізу  кезінде  кассада  ішінара  төленген  тізімдемелерді  (ведомостілері) 

болуы  мүмкін.  Аудитор  бас  бухгалтер  мен  кассирге  оларды  белгіленген  тəртіп  бойынша 

жабуды  оларға  кірістік  ордер  ресімдеуді  жəне  кассирге  оны  есепеке  енгізуді  ұсынуға  тиіс. 

Егер  кғассаны  тексеру  еңбекақы  беру  кезеңімен  тұспа  –  тұс  келсе,  тізімдеме  бойынша 

көптеген  адамға  əлі  төленбесе,  бұл  тізімдер  кассир  есебіне  кіруі  мүмкін.  Кассалық  есепке 

енбеген,  ішінара  төленбеген  шығыстық  құжаттар  (төлем  құжаттар  ретінде  актіге  жазылады. 

Мұндай  жағдайда  əрбір  төлем  ведомостіне  еңбекақы  қандай  ренттік  номір  бойынша  жəне 

оның  жалпы  сомасы  көрсетіледі.  Көрсетілген  жазба  кассирдің,  бас  бухгалтердің  жəне 

аудитордың қолдарымен расталады. 

11.  Тиісті  тəртіппен  ресімделген  кассалық  шығыс  ордерлері  мен  ведоместері  сондай-ақ 

əртүрлі адамдардың қолхаттар ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды жəне кассадағы 

бар  қалдыққа  кіргізілмейді.  Мұндай  құжаттар  табылғанда  аудитор  кассаны  тексеру  актісіне 

ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға жəне қандай сомада берілгенін көрсетумен 

бұл  бұрмалауды  атап  өтеді.  Кассада  бар  барлық  ақша  мен  басқа  құндылықтар  осы 

кəсіпорынға  тиесілі  деп  саналады,  өйткені  кассада  басқа  субьектілердің  ақшасы  мен  басқа 

құндылықтарын сақтауға тыйым салынады. 

12. Ақша  мен  құндылықтарды  санау  аяқталған  соң  алынған  сома  бухгалтерлік  есепте 

жазылып қойылған қалдық жайлы мəліметтермен салыстырылады. 

13.  Ақшалай  қаражатты  тексеру  жасайтын  аудитор  бір  мезгілде  касса  бөмесі  ақша 

сақтауды  қамтамасыз  ету,  техникалық  нағайту  мен  күзет  -  өрт  дабылы  құралдарымен 

жарақтандыру  жөніндегі  талаптарға  сай  болуын  тексереді.  Мұндайда  анықталған 

бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.  

14.   Іс жүзінде ақшаның жəне олардың баламалары бар болуын тексеру қорытындылары 

комиссияның барлық мұшелері қол қоятын түгендеу актісімен ресімделеді. Ол үшін үш дана 

жасалады:  бір  данасы  кəсіпорын  бухгалтериясына  беріледі,  екіншісі  кассирде  қалады, 

үшіншісі  аудиторда  сақталады.  Ай  соңында  катіде  есептелген  барлық  ақшалай  қаражат 

сенімді сақталуда тұр деген кассирдің қолхаты келтіріледі. 

15.  Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептерін 

жазбаша  түсіндірме  жазуды  сұрайды.  Елеулі  кем  шығу  немесе  қызметті  теріс  пайдалану 

анықталғанда аудитор бұл жайында кəсіпорын басшысын хабардар етеді жəне кассирді дереу 

тексеру аяқталғанша қызметтен босату жəне істі тергеу органдарына беруді ұсынады. 

Ақша  жалған  құжатсыз  тікелей  ұрлау  ісі  кассаны  тексергенде  кассадағы  барды 

түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мəнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды 

қызмет  адамы  жасаған  ысырапты  жасыратын  лауазымды  қызмет  адамының  қолхатымен 

бүркемеленеді.  Сондай-ақ  қылмыстың  ең  қарапайым  түрі  болып  саналатын  қаражатты 

қымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін. Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың 

кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол 

басқа  заңсыз  операцияларды  уақытша  заңсыз  қарызға  ала  тұрумен  де  байланысты  болуы 

ықтимал.  Мұндай  бұрмалаулар  мен  қызметті  теріс  пайдаланулар  кассирді  дұрыс  таңдамау, 

кассаны  жүйелі  түрде  тексермеу  жəне  ішкі  бақылаудың  нашарлығының  салдары  болып 

табылады. 

1.   

 


 

31 


6 тақырып:  Негізгі  құралдар  есебінің  аудиті 

Аудит  арнайы  бір  ғылымның  саласы.  Аудиттің  пайда  болуы  түрлі  акционерлік  

қоғам  үшін  өзінің  кəсіпорны  туралы  шын  мəндердегі  нақты  мəліметтері,  кəсіпорынның  

қаржылық  жағдайы  жөніндегі  көрсеткіштері  жəне  шаруашылық   қызметінің  нəтижиесін  

анықтау  үшін  қажет  болды. 

Аудит  функционалды  экономикалық  ғылымдардың  бірі  болып  табылады. 

Кəсіпорынның    экономикалық    тиімділігін    көтеруге    көмектеседі,    қолы    жеткен  

нəтижиелерді    нақты    бағалауға    көмектеседі,    тек    жақын    мезгілдегі    перспективаны    ғана  

емес,  көп  алда  тұрған  перспективаларды  болжауға  мүмкіндік  береді. 

Негізгі  құралдарға  аудит  жүргізу  бірнеше  этаптардан  тұрады: 

Кəсіпорынға  келген  аудитор  келесі  жағдайларды  анықтау  керек: 

1.  Есеп  саясаты  бойынша  негізгі  құралдар  есебі  қалай  қойылғандығын  тексеруі; 

2.  Негізгі  құралдарға    өткізілген    инвентаризация    уақытын    жəне    қортындысын  

анықтайды; 

3.  Негізгі    құралдарды    соңғы    бағалау    материалдарымен    жəне    есепте    қалай  

көрсетілгендігімен  танысу; 

4.  Кəсіпорында    негізгі    құралдарды    есептен    шығару    комиссиясының    негізгі  

құралдардың    сақталуына    жауапты    тұлғаға    басшының    бұйрығы    бар    ма,    жоқ    па  

соны  тексереді;  

5.  Негізгі  құралдарды  жалған  беру  немесе  жалған  алу  шарттарының  барын  тексеру; 

6.  Кəсіпорын  бухгалтериясы  негізгі  құралдар  есебін  жүргізу  тəртібін  анықтау; 

7.  Нормативтік  құжаттармен  жабдықталуын  тексереді.  Осылайша  аудитор  жұмыстың  

барысында    негізгі    құралдардың    есебі    қалай    қойылғаны    жөнінде    жалпы    түсінік  

алуға  жəне  ұқыпты  тексерілетін  сұрақтарды  анықтауға  мүмкіндік  алады. 

Бас    кітапта    көрсетілген    негізгі    құралдар    есебі    тозуы    аяқталмаған    құрылыс  

бойынша    синтетикалық    шоттың    қалдығы,    аналитикалық    есебі    жəне      бухгалтерлік  

баланысын,  сондай – ақ  мəліметтерге  сəйкес  келуін  анықтау  керек. 

Мұндай  көрсеткіштер  позиция  бойынша  салыстырылуы  тиіс: 

1.  Айдын  басындағы  қалдық. 

2.  Айдың  ішіндегі  айналым. 

3.  Ай  соңындағы  қалдық. 

Егер    айырмашылықтар    табылса,    олардың    себептері    анықталуы    керек    жəне  

кəсіпорынға  нұсқаулар  берілуі  тиіс,  кəсіпорынның  есеп  аудитор  өзінің  қортындысында  

ескеруі  тиіс. 

Сонымен   қатар   аудитор   негізгі   құралдардың  бағалануын  тексереді.   Ол   үшін   

қарсы      қортындыларын      дұрыс      көрсетілуін,      мүлікке    салынған      салық      бойынша   

бюджетпен      есеп      айырысуының      дұрыстығы,    негізгі      құралдар      бойынша   

толтырылмайтын   бухгалтерлік   жəне  статистикалық   есеп   дұрыстығын   анықтау   керек. 

Негізгі   құралдар    түскенде    алғашқы    құжаттар    арқылы    олардың  бағасының   

дұрыс    табылғанын    тексереді.    Егер    кəсіпорында    салынған    объект      болса      жəне    басқа  

кəсіпорыннан  сатып   алынған  негізгі  құрал  болса,   осы    жағдайда   бəріне    сəйкесінше   

есептеп    салу    немесе    сатып    алуға      кеткен      шығындардын      құнын,      құрылыс      монтаж   

жұмыстар  шығындарын,   төленген   салықтарға   кеткен   шығындарды   есептейді. 

Құраушылар    мен    жарғылық    капиталға    енгізілген    негізгі    құралдар    бойынша  

оның  алғашқы  құнын  келісім  шарт  негізінде  анықтайды. 

Егер  төлемсіз  алынған  объект  болса,  оның  бағасын  тəуелсіз  эксперт  анықтайды  

немесе  кіріс,  шығыс  құжаттары  арқылы  анықталады. 

Егер    қолданылуда    болған    жəне    сатып    алынған    негізгі    құралдар    болса,    онда  

жеткізуге    жəне    құруға    кеткен    шығындар    мен    сатып    алу    бағасы    бойынша    есепке  

алынады.  Осыған  байланысты  аудитор: 



 

32 


-  Негізгі    құралдарды    іске    тіркеуге    жəне    оның    қортындыларын    дайындауға  

комиссия  құрылғанын; 

-  Бағасы    көрсетілген    негізгі    құралдарды    сатып    алу,  сату    шарттарының  

дайындалғанын; 

-  Құраушылар    мен    жарғылық    капиталға    енгізілген    негізгі    құралдардың  

шартының  бағасына  хаттама  дайындалғанын; 

-  Негізгі    құралдарды    қабылдау    актілерінде    алғашқы    құнның    дұрыс  

көрсетілгенін  тексеру  керек. 

Негізгі  құралдарды  қабылдағанда  келесі  жағдайға  назар  аудару   керек: 

Ағымдағы      бағасын      өзгертпейтін      шығындар,      осы      жылғы      шығын    болып   

саналады.   Негізгі   құралдардың   бағасын   өзгертпейтін   шығындарға  құрылыс   бағасының   

сметалық      есептерге      жоспарланған      шығындары      жəне    жаңа      негізгі      құралдарды  

пайдаланылатын  кадрларды  дайындау  шығындары   жəне   басқалар   жатады. 

Негізгі  құралдардың  аудитінің  міндеттерінің  бірі  тозудың  дұрыс  есептелгендігін  

анықтау  қажет. 

Тозудың   есептеуін   тексергенде   аудитор   келесі   жағдайларға   назар  аударуы   

керек:    пайдалануға    жаңа    енгізілген    негізгі    құралдар    бойынша    тозу      келесі      айдың   

бірінші   күнінен   бастап   есептеледі,   ал   егер   есептен  шығарылған   негізгі   құрал   болса,   

онда   келесі   айдың   бірінші   күнінен  бастап   тозу   тоқтатылады. 

Тозудың  есебін  тексергенде  аудитор  жинақталған  амортизацияның  динамикасын  

зерттеп  білуі  қажет. 

Есептелген  тозу  сапасы  негізгі  құралдардың  техникалық  жағдайын  жəне  қайта  

өнделуін  сипаттайтын  көрсеткіштерді  анықтайтын  база  болып  есептеледі. 

Тозу  коэффиценті  негізгі  құралдардың  тозу    сапасының  алғашқы  құнына  бөлу  

арқылы    анықталады.    Негізгі    құрал    айналымының    коэффиценті    1    жылдың    тозу  

сапасынан  негізгі  құрал  құнына бөлу. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал