Семинар сабақ Пән атауы: Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту



жүктеу 77.82 Kb.
бет2/9
Дата04.11.2022
өлшемі77.82 Kb.
#23320
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
10 апта тапсырмасы
Қимылдың өту сипаты категориясы. Өмірде қимыл түрлі тәсілмен жасалатыны, қимылдың өту сипаты категориясы – көп мағыналы категория деп танылатын, тілде қимылдың түрліше жасалуы, алуан түрлі ерекшеліктері, қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория екені туралы және түрлі тәсілмен берілетіні тілдік деректермен түсіндіріледі. Жаттығулар арқылы бекітіледі. Етістіктің модалділік мағынасы, оның етістіктің рай категорияларынмен байланысы. Модалділік мағына – тілдің түрлі деңгейіне қатысты, өте кең өрісті тілдік категория екені түсіндіріледі.

  1. Болымды-болымсыз етістіктер мағынасы, берілу жолдары.

Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын, не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз. Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.

Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.



  1. Модальділік мағына, оның рай категориясымен байланысы

Кез келген сөйлемде оқиға, жағдайға қатысты алуан түрлі модальдік реңк болады. Сөйлемнің модальділігі айтылған ой-пікірге толықтай қатысты болса, райдың модальділігі етістік баяндауышқа қатысты болады. Сөйлемде айтылатын шындыққа үстемеленіп, екінші модальдік реңк үстейді. Сөйтіп ерекше грамматикалық категорияны – рай категориясын тудырады

  1. Етістіктің таза грамматикалық категориялары етістіктің тікелей жіктелуіне негіз болатын түрлену жүйесі екендігі.

Етістіктің грамматикалык категорияларының жіктелуінде елеулі ерекшеліктер бар : 1- ден, ол — етістік түбірінің бір жағынан грамматикалық сипатын өзгертпей, екінші жагыиаи түбірдін семантикасына аздап болса да өзгеріс енгізіп, баскаша грамматикалык магына немесе жаңа мэн үстейтін тұлғалар. Олар етістіктің баска тұлгаларынан түбірге бұрын жалганады. Ы Мамановтың оларды модификациялы етістік деп ерекше бөлуі тегін емес. Етістіктің бұл түрлеріне лексика-семантикалық, грамматикалык сипат та тэн. Оларга салт- сабакты етістік категориясы, етіс категориясы, күшейтпелі етістік категориясы жатады.

  1. Рай, түрлері, жасалу жолдары.

Етістіктің рай категориясы – мағына жағынан да аса бір күрделі тақырыптың бірі. Етістіктің райын түсіндіру, қимыл, іс-әрекеттердің өзіндік реңк (рай) белгілерін аңғартуда көп ойланып, көп ізденуді қажет етеді. Рай деген граматикалық атаудың өзін түсіндіру оңай емес, абстракт ұғым. Етістіктің өз ішіндегі қимыл ерекшеліктері атауларының бәрі өз мағыналарына сай лайықты аталады. Ал рай категориясының атауы тым абстрактылы, әдетте ауа райы, адамның райы деген мағынада рай сөзі қолданыла береді. Бұл тіркес құрамындағы рай сөзі реңі, өңі дегендердің мағынасына жуықтасады, бірақ оған да толық келе бермейтін жайттар екені сөз болады. Осы сияқты рай сөзі етістіктерде де жұмсалады. Рай категориясы субьект (істеуші, сөйлеуші) мен амал-әрекеттің арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі реңктерде болатын шындық көріністерді білдіретіндігі айтылып, түсіндіріледі. Мысалы: Оқимын, оқиын, оқысамшы, оқымақшы, оқырсың, оқысам игі еді, оқыған екенмін, оқыр ма екен, оқып келпті, оқығалы отыр деген етістіктердегі қимыл, амал-тәсілдер өзара салыстырылып, олардағы реңктік ерекшеліктер ажыратылуы керек. Оқу қимылының орындалу, істелу барысында түрліше көзқарас, түрліше хабардың барлығы аңғартылады. Сөйтіп, іс-әркеттің шындыққа, ақиқатқа қатынасын білдіретін етістік түрлері рай деп аталатынына мән беріледі. Етістіктің төрт түрлі райы бар: бұйрық рай, шартты рай, ашық рай, қалау рай.

жүктеу 77.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет