Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 30.14 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі30.14 Kb.
түріСеминар

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

«Болашақты бірге жасаймыз» 

ғылыми-практикалық семинар

материалдары

№ 2

«45minut.kz Республикалық ұстаздарға

 арналған басылым» редакциясы жинақтаған 

 шығармашылық еңбектердің

іс-тәжірибелік жинағы

             

Алматы - 2014

1

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

ӨЗГЕРІС ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№ 1 орта мектеп. физика пәні мұғалімі

Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы

Іс-әрекеттегі зерттеу – өзгеріс енгізуге түрткі болатын 

проблемаларды қалыптастырып, оны шешуді қамтитын

 әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі.  Элейн Уилсон

Қоғамның  даму  деңгейі   мен   өзгерген   әлеуметтік-мәдени   ортаға   бейімделу   үшін  әлем   елдері

соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Мектепті зерттеуші мектеп етіп түрлендіру

мектепке   ғылыми   дәлелдемелерді   енгізу   және   зерттеу   жүргізу   жөніндегі   міндеттеме   алу   дегенді

білдіреді. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Тиімді

көшбасшылық   мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса

да ,қатты ықпал ететіндігін ескере отырып,өзіме де өзгеріс қажет екендігін сезіндім.

Олар   -   өз   бойымда   мұғалім   көшбасшылығының   сипаттамаларына   сай   дағдыларды

қалыптастыру.Мұғалімнің   көшбасшылығы   ынтымақтастық,   кәсіптік   оқу   мүмкіндіктерін   дамытып,

мектеп   пен   сыныпта   өзгеріс   енгізуге   оң   әсер   етеді.Біз   білікті   мұғалім   ретінде   өзіміздің   кәсіби

беделімізге   және   жеке   тұлға   ретінде   моральдық   беделімізге   сүйене   отырып,   оқыту   мен   оқу

тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. 



Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан тәуелсіздікке орнықты, қуатты және ширақ мемлекет

ретінде   қадам  басып  отыр.   Тәуелсіздік  жылдарында  сезім,   әдет,   дағды,   сана  өзгеріске   түсті.

Біздің қоғамның басты мәселесі жас ұрпақтың түсінігін, тілегін, арманын, білімін, көзқарасын,

ең бастысы, оның қазақ еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру, себебі, ол

Қазақ елінің Ренессанс ғасырының азаматы, қазағы. Қазақтың Ренессанс ғасыры деген елдік

тілектен туған ізгі сана – идея. Оның болмысы – Қазақ елінің бүгінгі күні. Ренессанс идеясы –

өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алып, 1991 жылы егемен ел атанғанда айқындалып,

бүгінгі тұрмыс, болмысымызбен толығып, жетіліп, келешекке бастайтын елдік идеяның сара

бағыты. 

Қазақтың   Ренессанс   ғасыры  басында  тұрған  ұрпақ  –  Тәуелсіздікке   құрдас,   қазіргі   жас

ұрпақ.   Бұл   –   Ренессанс-ұрпақ.   Еліміздің   білім   беру   жүйесін   жетілдіруге   бағытталған     іс-

шаралар   оқу-тәрбие   процесінің   барлық   қатысушыларының   рөлін,   өзара   қарым-қатынасын

қайта қарауға мүмкіндік беретін оқу ортасын түзеуге тәуелді. Ең бастысы – қазіргі заманда

ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де басты бәсекелес уақыт екенін есте ұстауымыз керек.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ӨЗГЕРІП ОТЫРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Қызылорда қаласы, №176 орта мектеп. 

Бастауыш сынып мұғалімі

Төлбасиева Айсұлу Мүсәйқызы

  Қазіргі кезде алғашқы орында білім сапасы тұруы тиіс екенін елбасымыз да әр сөзінде айтып

өтеді.   Қазіргі   заман   талабы   өте   күшті   болып   тұр.   Қазіргі   күш   тек   білімге   жұмсалуы   тиіс.   Мен

бастауыш   сынып   мұғалімімін.   Бала   мектеп   табалдырығынан   аттаған   сәттен   бастап   –ақ

айналасындағы ақиқат шындықты танып білуге ұмтылады. Кішкентай бүлдіршін алдыма келгеннен

бастап   оны   оқушы  емес,   жеке   тұлға   деп  қараймын.   Оқушымен   үлкен  кісіше   сөйлесіп,   ой   бөлісе

білсең,   оның   да   бір   ашылмаған   жұмбақ   екеніне   көз   жеткізесің.   «Әрбір   бала   –бір   жұлдыз,

жарқырауына   жәрдем   ет»   деген   аталы   сөзді   ұстанамын.   Оқушыларымның   жеке   тұлға   болып

қалыптасуына бар күш –жігерімді жұмсап, білім алуына бар жағдайын жасап жүргенімде 3 айлық

курсты оқып алудың тиімді екенін ұқтым. Бұл курстың жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімге берері

мол. Өзіндік қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл курсты бірден меңгере қою алғашқыда қиын,

әрине. Дегенмен өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын ұстаздар қауымы үшін қиындыққа



12

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

МАЗМҰНЫ

1. «ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ НЕГІЗІНДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ» Маханова Ұлбосын  Ыбырайханқызы. Қызылорда қаласы,

№43Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің директоры

2. ӘБДІРАШ ЖАРАСҚАННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ. Мұхашова Рита 

Жұмамұратқызы. Қызылорда қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі

3. ӨЗГЕРІС ТУРАЛЫ ОЙЛАР. Ақтөбе облысы. Шалқар қаласы. № 1 орта мектеп. физика пәні 

мұғалімі Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы

4. ӨЗГЕРІП ОТЫРУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ. Қызылорда қаласы, №176 орта 

мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі. Төлбасиева Айсұлу Мүсәйқызы

5. Шеңбер. Дөңгелек. Қызылорда қаласы, № 171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 

математика пәнінің мұғалімі Кемелова Гүлжан Оралбайқызы

6. 1-СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ. Қызылорда қаласы, №4 

С.Сейфуллин атындағы орта мектебі. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахманбергенова Анар

7. Атомдық құбылыстар.  Қабылова Роза Жақсылыққызы. Қызылорда қаласы №171 Ғ.Мұратбаев

атындағы орта  мектептің физика пәнінің мұғалімі

8. Есеп бойынша теңдеу құру. Қызылорда қаласы. №120 Жамбыл  атындағы орта мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі Жалғасова Айткүл Сәкентайқызы

9. СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ - ЗАМАН   ТАЛАБЫ. Омарова Сәрсенкүл Сағынтайқызы 

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы №43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта 

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

10. ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ. Қызылорда қаласы. №43 

Ж.Махамбетов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Алиханова Айжан 

Құрбанғалиқызы

11. І.Есенберлин “Көшпенділер” трилогиясына мазмұндық талдау. Қызылорда қаласы. № 257 

орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сарина Әсемгүл

12. "АТАЖҰРТ" ЭТНОГЕОГРАФИЯЛЫҚ  ОЙЫНЫ. Кемелова Динара Анарбекқызы. Қызылорда 

қаласы. Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған 

«Мұрагер» мектебінің  геогафия пәні мұғалімі

13. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ.  Қызылорда қаласы №4 

С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Маханова Нұрайхан 

Бектұрғанқызы

14. МАТЕМАТИКА – АҚЫЛ-ОЙ ГИМНАСТИКАСЫ ( ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС) 

Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 

Отызбаева Жанат Әлмаханқызы

15. LESSON STUDY МҮМКІНДІКТЕРІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ. 

Қызылорда қаласы. №173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі  Салходжинова Баян Есенгелдіқызы

16. Әдебиеттік оқу  2-сынып«Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» тарауы 

бойынша сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары. Рахымшаева Әлия Байқоңырқызы 

№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

17. Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар. Ағайдарова Райхан Бабаққызы

18. Осы шақ. Қызылорда қаласы. №43 Ж. Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш 

сынып мұғалімі Серікбаева Роза

19. «БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «ҮӘЖ» педагогикалық технологиясының ОҚЫТУДЫҢ 

ТИІМДІЛІГІ» Абишева Лиза Инаятқызы. Қызылорда қаласы. № 173 Әлия Молдағұлова 

атындағы орта мектеп

20. Ең кіші ортақ еселік  (ЕКОЕ) Қызылорда қаласы  №43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта 

мектебінің  математика пәні  мұғалімі Ерекешова Зеріп Малкаждарқызы

21. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыту. 



325




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал