Семинар-кеңестің материалдары Астана: «Алсем-Астана»



жүктеу 52.23 Kb.

Дата25.02.2017
өлшемі52.23 Kb.
түріСеминар

Смағамбет Б.Ж., с.ғ.к.,доцент 

 

www.enu.kz

 

 

АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК- 

МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

Қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын 

кеңейтудің өзекті мәселелері. Республикалық семинар-кеңестің материалдары - Астана: 

«Алсем-Астана» баспасы,2011, 19-23 беттер 

 

Тәуелсіздік  тұғырлары  туралы  айтқанда  саяси,  экономикалық 

қауіпсіздіктің маңызына баса назар аудару орынды да заңды екені түсінікті. 

Сонымен  қатар  ел  қауіпсіздігі  оның  экологиялық  қауіпсіздігіне  де  тікелей 

байланысты. Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған мәселелердің бірі - 

ауа  райының  ӛзгеруі.  Бұл  құбылыс  адамзат  ӛркениетінің  тағдыры  туралы 

күрделі де жедел шараларды талап ететін, күрмеуі қиын бағытты құрап отыр. 

Ауа  райының  ӛзгеруіне  байланысты  Үкіметаралық  сарапшылар  тобының 

бағалау  жӛніндегі  Тӛртінші  баяндамасында  ғылыми  қауымдастықтың  ортақ 

пікірге  келгені  жария  етілді.  Онда  ауа  райының  ӛзгеруі  тікелей  адам  іс–

әрекетінің нәтижесі деген қорытынды жасалған. 

Жер  шарында  орын  алып  отырған  ауа  райындағы  ӛзгерістер  әсерінен 

қуаңшылық, су тасқыны, алапат құйын мен дауыл сияқты табиғи құбылыстар 

тосыннан  пайда  болып,  адамның  ӛмір  сүру  ортасына  сапалық  тұрғыдан 

ӛзгерістер әкеліп отыр.  

Әлемдік қауымдастық табиғатты қорғау, ресурстарды тиімді пайдалану 

және  табиғи  апаттардың  зардаптарын  жою  үшін  біршама  маңызды 

халықаралық  құжаттарды  дайындады.  Мысалы,  1982  жылы  «Теңіз  құқығы 

жӛнінде  Конвенция»,  1988  жылы  «Озондық  қабатты  қорғау  туралы  Вена 

Конвенциясы»,  1989  жылы  «Озондық  қабатты  жоятын  заттарға  қатысты 

Монреаль  хаттамасы»,  1992  жылы  «Биологиялық  саналуандық  туралы 

Конвенция», 1994 жылы «Шӛлейттенуге қарсы күрес жӛніндегі Конвенция», 

1992 жылы «Ауа райының ӛзгерісі туралы Рамалық Конвенция», 1997 жылы 

«Ауа  райының  ӛзгерісі  туралы  Рамалық  Конвенцияға  Киото  хаттамасы», 

2000  жылы  «Биологиялық  қауіпсіздік  туралы  Картахен  хаттамасы»,  2001 

жылы  «Берік  органикалық  ластаушы  заттар  туралы  Стокгольм  хаттамасы» 

сияқты құжаттардың қабылдануы - осының айғағы.  

Мемлекеттердің  табиғи  апатқа  қарсы  күресуі  немесе  оның  алдын  алу 

мүмкіндіктері 

әртүрлі, 

себебі 

олардың 


әлеуметтік-экономикалық 

инфрақұрылымдарының  даму  деңгейі  бірдей  емес.  Дегенмен  ауа  райының 

ӛзгеруі  басқа  мәселелерден  күрделірек.  Әңгіме  ауа  райындағы  ӛзгеріс 

адамның  ӛмір  сүру  ортасын  ӛзгертіп  ғана  қоймайтындығы    туралы  болып 

отыр. Климаттың ӛзгеруі адамзат ӛркениетін түп-тамырымен жойып жіберуі 

де мүмкін. 



Ауа райының ӛзгеруі қуат кӛздерін ӛндіру мен оны пайдаланудың жаңа 

әдіс-тәсілдерін  енгізуді,  соның  нәтижесінде  ауаға  тасталатын  буланған 

газдардың  кӛлемін  азайтуды  талап  етеді.  Кӛптеген  мемлекеттер  ӛздерінің 

стратегиялық  жоспарларына  осы  талаптарды  орындау  мақсатында  арнайы 

баптар  енгізді.  Мысалы,  Еуропалық  Одақ  ауаға  буланған  газдар  тастауға 

квотаны  саудаға  салумен  айналысатын  әлемдегі  ең  ірі  үкіметаралық  сауда 

жүйесін  жасады.  Бұл  қуат  кӛздерін  үнемдейтін  технологияларға  деген 

сұранысты  арттырады.  Ал  жедел  дамып  келе  жатырған  экономикаларымен 

ерекшеленетін  Қытай  және  Үндістан  сияқты  мемлекеттер  табиғи  қуат 

кӛздерін  үнемдеудің  нақты  сандық  кӛрсеткіштерін  енгізе  отырып,  аталмыш 

мәселеге  мүдделі  екендіктерін  кӛрсетуде.  Әлемдегі  дамыған  экономикасы 

бар  елдер  табиғи  апатты  болжауға  және  алдын  алу  үшін  инфрақұрылымды 

жасауға  қаржыны  кӛп  бӛле  алады.  Мысалы,  Ұлыбритания  су  тасқынына 

қарсы  күреске  жылына  1,2  млрд.  доллар  кӛлемінде  қаржыны  жұмсайды. 

Германияның  Гамбург  қаласында  жыл  сайын  800  млн.  доллар  қаржы  ӛз 

ернеуінен  тасып  кететін  теңіз  тасқынына  қарсы  жаңа  тосқауылдар  салуға 

жұмсалады екен. 

Ал  экономикасы  нашар  дамыған  елдер  табиғаттағы  күрт  ӛзгерістер 

салдарына  тӛтеп  беруі  үшін  ӛте  кӛп  кӛлемде  қаржы  жұмсауы  тиіс.  Әрине 

жаңа  климаттық  жағдайға  бейімделуді  мұндай  экономикалар  кӛтере 

алмайды, сондықтан жыл сайын осы бағыт қаржы тапшылығын кӛріп отыр. 

Нәтижесінде табиғи апаттар мыңдаған адамдар ӛмірін қиып, ӛмір сапасына, 

қоршаған  ортаға  зиян  келтіруде.  Су  тасқыны  мен  дүлей  дауылдар, 

шӛлейттену  егістіктер  мен  жайылымдардың  кӛлемін  қысқартады.  Үлкен 

аумақтардың ӛндірістік айналымнан шығып қалуы азық-түлікпен қамтамасыз 

етуде  қиыншылықтар  туғызуда.  Мысалы,  2010  жылғы  жаз  айындағы  аптап 

ыстықтан  Ресей  ауылшаруашылығы  орасан  зор  шығынға  ұшырады. 

Нәтижесінде күзде азық түліктің кейбір түрлеріне баға күрт ӛсті. 

Климаттағы  ӛзгерістер  аумақтар  мен  аймақтардың  тұрақты  дамуына, 

олардың  табиғи  рекреациялық  мүмкіндіктеріне  кері  ықпал  ете  отырып, 

табиғи  ортаға  бейімделген  қалыпты  ӛмірді,  шаруашылықты,  мәдениетті 

бұзады.  Әсіресе,  соңғы  онжылдықтарда  ӛте  ыстық  және  ӛте  суық,  аязды 

күндердің  кӛбеюі,  «қарлы  жаңбыр»  немесе  «жаңбырлы  қар»  сияқты  табиғи 

құбылыстардың  жиілеп  кетуі,  сонымен  қатар  әдеттегі  суық  климаттық 

белдеулерде  жылы  қыстың  болуы  -  халықтың  тұрмыс-тіршілігін  осы 

ӛзгерістерге бейімдеу мәселесін туғызып отыр.  

Ауа  райының  жылынуы  жұқпалы  аурулардың  таралуы  кеңістігін 

ұлғайтты.  Бұл  кейбір  аймақтарда  бұрын  болмаған  кесел  түрлерін  емдеу, 

сауықтыруды  ӛзекті  мәселеге  айналдырды.  Ауа  райындағы  ӛзгерістер 

салдарынан  бұрын  тек  жылы  аймақтарға  тән  болып  келген  жұқпалы 

аурулардың  қоздырғыштары  адамдар  арасында  ғана  емес,  сондай-ақ  флора 

мен  фаунаға  кері  әсері  бар  қоздырғыштар  мен  зиянкестердің  де  таралу 

ареалын кеңейтті.  

Ауа райындағы ӛзгерістерден әлеуметтік инфрақұрылым зардап шегуде. 

Мысалы,  суық  аймақтардағы  құрылыс  технологиясын  қайта  қарау  мәселесі 


пайда  болды,  себебі  жер  қыртысындағы  мәңгілік  мұздің  еруі  салдарынан 

үйлер, ғимараттар, қирап қалуда. Соңғы жылдары таудағы мұздақтардың еруі 

салдарынан Қазақстанда да ӛзендер арнасынан шығып, жағалауда орналасқан 

елдімекендерге  қауіп  тӛндіріп  отыр.  Мысалы,  Сырдария  ӛзенінің  бойын 

мекендеген  Оңтүстік  Қазақстан  және  Қызылорда  облысының  халқы  су 

тасқыны зардабын тартып отыр. 

 Арал  теңізінің  тартылуы  нәтижесінде  еліміз  әлемдегі  шӛлейттену 

процесі  интенсивті  жүріп  отырған  аудандардың  біріне  айналды.  Арал 

маңындағы 

экологиялық 

дағдарыстың 

әлеуметтік-экономикалық 

зардаптарынан  басқа,  рухани  ӛмірімізге  тигізер  зияны  да  мол.  Қазақ 

жеріндегі  гүлденген  ӛркениет  белгілерінің  бірі  болған  Сырдарияның  орта 

және  тӛменгі  ағысында  қалалар  құм  астында  қалды.  Қазақ  этносының 

қалыптасуында, қазақтың кӛшпелі және отырықшы мәдениетінің синтезінде 

ерекше  орынға  ие,  ұлттың  біртұтас  мәдениетінің  мәйегіне  айналған  ұлы 

дүниелерді  мұраға  қалдырған  ежелгі  қыпшақ-оғыз  тайпаларының  мекені, 

орыс  отарлығы  кезінде  де  қазақылық  қаймағын  бұзбаған  қалың  ел 

экологиялық үндестіктің бұзылуы салдарынан зардап шегіп отыр. Ӛңірде су 

сапасының тӛмендігінен жұқпалы аурулардың таралу деңгейі жоғары. Жазғы 

аптап  ыстық  пен  қысқы  қарсыз  қара  суық,  егістік  жерлердің  құм  басып 

айналымнан  шығып  қалуы  халықтың  әлеуметтік-экономикалық,  рухани 

жағдайына  ықпал  етті.  ХХ  ғасырдың  90  жылдары  бұл  ӛңірден  үдере  кӛшу 

процесі  де  болды.  Осы  кезде  «экологиялық  қашқындар»  деген  ұғым  пайда 

болды.    

Тағы бір күрделі мәселе – ауыз су. Жалпы әлемдік деңгейде таза ауыз су 

қоры азайып отырғанын мамандар теңіздегі тасқындармен байланыстырады. 

Республикалық  санитарлық–эпидемиологиялық  станциясының  деректері 

бойынша,  2009  жылы  сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  етілгендер  саны  83% 

(2008  жылы  -  81%),  яғни  Қазақстанда  халық  тұтынатын  ауыз  судың  20% 

жуығы  жарамсыз  болып  табылады.[3,99]  Үкімет  қабылдаған  «Таза  су» 

бағдарламасының  ойдағыдай  жүзеге  асырылуының  әртүрлі  кедергілерге  тап 

болып  отырғанын  БАҚ  арқылы  таныспыз.  Қазақстан  Республикасының 

мыңжылдық  мақсаттарында  2015  жылға  таза  ауыз  су  пайдалануға 

мүмкіншілігі жоқ адамдардың үлесін екі есеге азайту кӛзделіп отыр .[3,99] 

Климаттың  ӛзгеруі  салдары  тек  халықаралық  қауымдастықтың  тығыз 

ынтымақтастығы  нәтижесінде  кешенді  шаралар  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл 

бағытта  ғалымдар  табиғи  апат  жӛнінде  алдын  ала  ескерту,  апаттық-құтқару 

және  бейімдеу  жобаларын  дайындау,  климатология  және  экология 

салаларындағы  жаңа  технологиялар  жӛніндегі  ақпаратпен  алмасу,  ауа 

райының  ӛзгеруіне  адамдарды  бейімдеу  мәселелері  жӛнінде  талдау  және 

ақпараттық орталықтар тәжірибесімен бӛлісуі қажет.  

Тағы  бір  маңызды  мәселе  -  жалпы  тұрғындардың  қауіпті  құбылыстар 

жӛнінде  хабардар  болуы.  Сонымен  күн  тәртібіне  кезек  күттірмейтін,  жедел 

шешілуі тиіс мынадай шаралар легі шығады: қоршаған ортадағы өзгерістер 



туралы  көпшіліктің  хабардар  болуы;  судың  сапасын  бақылау;  қоғамдық 

денсаулық сақтауды жетілдіру; жұқпалы ауруларды таратпау мақсатында 

эпидемиологиялық  қадағалау;  табиғи  апаттарға  дайын  болу;  халықты 

уақытылы егу; жаңа қорғаныс технологияларын жасау және оларды енгізу. 

Аталмыш шаралардың кейбірін жүзеге асыру заңнамалық ӛзгерістерді 

де  талап  етеді.  Табиғат  қорғаудың  жаңа  технологияларын  енгізуге  салық 

жеңілдіктерін  қарастыру,  жаңа  стандарттар  дайындау,  ӛмірді  сақтандыруды 

жетілдіру,  қауіпті  аймақтарда  қоныстар  салуға  тыйым  салу,  ауа  райының 

ӛзгеруіне байланысты шығындарды есептеу әдістемесін жасау т.б. мәселелер 

туындап  отыр.  Табиғи  су  кӛздері  болып  табылатын  мұздақтардың  еруі 

салдары  мен  құрғақшылықтың  алдын  алу  мақсатында  плотиналар  немесе 

жасанды су қоймаларын, тоғандарды салу қажет. 

Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  белсенді  экологиялық  шараларды 

қолға  алды.  Оның  алғашқысы  Семей  ядролық  полигонының  жұмысын 

тоқтатуы  және  ядролық  сынақтардан  бас  тартуы  еді.  Сонымен  қатар  Арал 

теңізінің  тартылуы  салдарынан  зардап  шеккен  ұлт  ретінде  Арал  мәселесін 

халықаралық деңгейде кӛтерді. Каспий теңізі атырабындағы мұнай ӛндірудің 

артуына  байланысты  экологиялық  жағдайдың  нашарлауы  -  мәселені 

халықаралық ынтымақтастықта шешуді қолға алуға мәжбүр етуде.  

2009 жылы Қазақстанда жан басына шаққанда, қос тотықты кӛміртектің 

ауаға тасталуы 27,2 тонна болды, ал 2008 жылы 26,3 тоннаны құраған, яғни 

ауаны  ластау  деңгейі  жоғарылаған.  Қазақстанда  21млрд  тоннадан  астам 

ӛндіріс  және  тұтыну  қалдықтары  жинақталған,  соның  ішінде  230 

млн.тоннасы  радиактивті  қалдықтар  екені  де  экологиялық  қауіпсіздіктің 

қаншалықты маңызды екенін кӛрсетсе керек.[3,99] Қазақ елі 1995 жылы БҰҰ 

Негіздемелік  конвенциясын  ратификациялады,  ал  1999  жылы  Киото 

хаттамасына,  2002  жылы  Йоханнесбург  декларациясына  қол  қойды. 

Қазақстан  Киото  хаттамасына  сәйкес  киотолықтан  кейінгі  кезеңде  1992 

жылмен салыстырғанда, буланған газдарды ауаға тастауды 2020 жылы 15%, 

ал 2050 жылы 25% азайтуды жоспарлап отыр.  

Қазақстанда  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ететін  жаңа  заңдар 

дайындау мен қолданыстағы заңдарға ӛзгертулер енгізу жұмысы да жүруде. 

Ел  экономикасында  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  жаңа 

технологияларды  ӛндіріске  енгізу,  қуат  кӛздерін  үнемдеу  бағыты  кӛзделіп 

отыр. Каспий, Арал теңізіне қатысты бастамалар Қазақстанның экологиялық 

мәселелердің  ӛзектілігін  баса  назар  аударатынын  кӛрсетеді.  Сонымен  бірге 

«Саламатты  Қазақстан»  бағдарламасы  халықтың  денсаулығына  қатысты 

саясатында  әрбір  азаматтың  денсаулығына  қамқорлық  жасайтын  әлеуметтік 

мемлекет  екенін  кӛрсетеді  және  әрбір  азаматтың  ӛз  денсаулығына 

жауапкершілігін  тәрбиелеу  үшін  салауатты  ӛмір  салтын  насихаттаудың 

бағыттарын тұжырымдайды. 

БҰҰ  ауа  райына  байланысты  Копенгаген  Саммитінде  тараптар  ортақ 

келісімге  келе  алмады.  Киото  хаттамасынан  кейінгі  кезеңде,  яғни  2012 

жылдан кейін климаттың ӛзгеруіне қатысты шараларды жүзеге асыруда кең 

ауқымды  істер  қолға  алынуы  тиіс  еді.  БҰҰ  қабылдаған  «Мыңжылдықтың 

декларациясына»  сәйкес  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ететін  бағыттарды 

жүзеге  асыруда  қоршаған  ортаны  қорғаудың  экономикалық,  әлеуметтік, 



саяси,  рухани  қырларын  ынтымақтастықта  шешу  кӛзделген.  Дегенмен  бұл 

істің  оңтайлы  шешілуі  мен  ұлттық  экономикалық  мүдделер  арасындағы 

шиеленіс кӛрініп қалды. 

 

Әдебиеттер: 



1.  Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  кодексі.  Астана,  2008.// 

http://www.eco.gov.kz/kaz/docs/eko_kodeks.php 

2.http://www.eco.gov.kz  

3.Қазақстанның әйелдері мен ерлері.Статистикалық жинақ. Астана, 2010 

4.О  Концепции  перехода  Республики  Казахстан  к  устойчивому  развитию  на 

2007-2024 годы//Казахстанская правда.- 2006.-16 ноября 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал