Семинар-кеңес рәміздерді пайдалану мәселелері қаралды



жүктеу 377.58 Kb.

бет1/5
Дата12.09.2017
өлшемі377.58 Kb.
түріСеминар
  1   2   3   4   5

№20 (9733), 23 сәуір, 2016 жыл

e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады

“Адамзаттың рухына керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”

С. Сейфуллин



СЕМИНАР-КЕҢЕС

Рәміздерді пайдалану мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде  аудан әкімдігінің мәжіліс залында «ҚР Мемлекеттік

рәміздерін пайдалану мәселелері» жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Жаңаарқа ауданының

әкімі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасы Ғ. Омаровтың төрағалығымен

өткен семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары қатысты. 

«Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Р. Казимов мемлекеттік мекеме-

лерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде жиі орын алатын кемшіліктерге тоқталып,

тиісті слайдтар көрсетті. Сондай ақ мемлекеттік рәміздерге арналған бұрыштар, мемлекеттік

рәміздер бейнеленген стендттер, басшының кабинетінде,  мәжіліс залдарында мемлекеттік

рәміздердің ішкі көріністе орналасуы, Елтаңбаның мөр және плакат өнімдерінде дұрыс пай-

даланылуы, мекемелердегі рәміздер жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы  сөз болды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елтаңбаның ҚР СТ 989-2014 жаңа стандартының енгі-

зілуіне байланысты мекеме басшыларының тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап

берді. Тағылымы мол жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы Ғабдрахман Игілікұлы

еліміздің  егемендігі  мен  тәуелсіздігін  айғақтайтын  ҚР  мемлекеттік  рәміздеріне  аса

құрметпен қарауды және дұрыс пайдаланылуын мұқият қадағалауды әр мекеме басшысына

тапсырды. 

Баспасөз қызметі

СЕМИНАР

Ауылшаруашылық   саласындағы  жиын

Егемен    елдің    ертеңін

ойлаған    Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң

дамыған  мемлекеттердің

отыздығына 

кіру


жөніндегі  «100  нақты

қадам» 


-жоспарын

жариялағаны    баршаға

аян.    Осы  «100  нақты

қадам»    жоспарында

ауылшаруашылық   жерле-

рін    тиімді    пайдалану,

ауылшаруашылық    тауа-

рын      өндіруді    күшейту

баса  айтылған.     

Ауылшаруашылығы  оның  ішінде   көктемгі   егістік   жұмыстарына  дайындық   барысы,

көпжылдық  азық-түлікті  дайындау  мен  агроөнеркәсіп   кешенінде   болып  жатқан

өзгерістер  жайлы  сонымен  қатар  ауылшаруашылық  саласында  берілетін  жеңілдетілген

несиелер  мен  субсидиялар  туралы  мағлұмат  беруге   облыс  әкімінің   орынбасары

Ш.К.Мамалинов   бастаған  мамандар ауданымызға  келіп   үлкен   семинар  кеңес   өткізді.

Бұл  кеңеске   арнайы   облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының   басшысы  Б.Қ.Аса-

нов,  облыстық  жер  қатынастары   басқармасының  басшысы  А.Шалмағанбетов,   жердің

пайдаланылуы    мен    қорғалуын    бақылау    басқармасы    басшысының    орынбасары

Ж.Ысқақов,  облыстық  ветеринария  басқармасының  басшысы Қ. Тұрсынбеков, ҚР ауыл

шаруашылығы министрлігінің  ветеринариялық  бақылау  және  қадағалау  комитетінің

Қарағанды  облыстық  аумақтық  инспекциясының  басшысы  М.Мұхтаров,  ҚР ауыл

шаруашылығы  министрлігінің  агроөнеркәсіптік  кешендегі   мемлекеттік  инспекция

комитетінің Қарағанды  облыстық  аумақтық  инспекциясының  басшысы  Қ.Шушиков,

«Қарағанды өсімдік  және  селекциялық  ғылыми-зерттеу   институты» ЖШС егіншілік

бөлімшесінің  меңгерушісі  Н.Ющенко,  «Аграрлық  кредиттік  корпарация» АҚ-ның  ди-

ректоры  М.Төлешов,  «Ауыл шарушылығын  қаржылай  қолдау қоры» АҚ  директоры

Ө.Торғаев,  «»Қазагромаркентинг  АҚ  директоры  Б.Омарханов,  «ҚазАГРОҚаржы» АҚ бас

менеджері  Д.Асанов, «МТС Жаңаарқа» ЖШС құрылтайшысы  И.Бодякина  қатысты.  Се-

минар  кеңеске   ауылшаруашылық   саласының  бөлім  басшылары,  мамандары, ауыл

әкімдері мен  шаруа қожалықтарының жетекшілері  қатысты. 

Аудан  әкімі   Ғ.И.Омаров  семинарды   ашып, жиынға  қатысушы   басшылармен  танысты-

рып, күн  тәртібіне  тоқталып,  сөз  кезегін   облыс  әкімінің  орынбасары  Ш.Мамалиновқа

берді. Облыс   әкімінің  орынбасары   бүгінгі   семинардың  өзегіне  айналып  отырған

тақырып,  жер  ананы  дұрыс  пайдаланып,   сапалы  өнім  алу  орасан  еңбек  пен   көп

қаржыны  талап  ететініне, сондықтан  сапалы  өнім  алу  үшін  басты  мақсат   дұрыс  және

жоғары  репродукциялы  тұқым  таңдай  білу,  ғылыми  негізделген  бағыттарды  және

оңтайлы  мерзімде  егін себу, қазіргі  заманға  сай   технологияларды   қолдану, техникаларды

уақытында  дайындау  және  жанар-жағар  маймен  қамтамасыз  ету  қажеттігіне  тоқталды.

Осы  аталған  мәселелерді дұрыс  жолға  қоя  білгенде  ғана  мол  өніммен  орасан  табысқа

қол  жеткізілетінде  атап  өтті.  2016  жылы   өсімдік  шаруашылығын  субсидиялау, көктемгі

дала    жұмыстарына    дайындық    барысы    туралы  облыстық    ауыл  шаруашылығы

басқармасының   басшысы  Б.Қ.Асанов  хабарлама жасады.  Көктемгі  жұмысқа  облыс

көлеміндегі  дайындық  барысына   тоқталып,  оның  ішінде  ауданымыздағы  көктемгі   дала

жұмыстарына  дайындығының   сандық  пайыздық  көрсеткіштерін  бағамдады. Дәнді-

дақылдар мен  көпжылдық   мал  азықтарына  берілетін  субсидиялар мен   жеңілдіктерді

кеңінен    баяндады.    Бүгінгі    таңда    өзекті    мәселелердің    бірі    болып    отырған    ірі

инвестициялық  жобалардың   жүзеге  аспай  жатқаны да, әсіресе  мал  басын   көбейткен

біздің  аудандағы  мал  бордақылау  алаңдарының   аздығы  сөз  болды. Облыстық  ауыл

шаруашылығы басқармасының   басшысы  Бауыржан Қоңырбайұлына ауданымыздағы

шаруа  қожалықтарының  басшылары   көкейлерінде  жүрген  сұрақтарын  қойып,  тиісті

жауаптарын  алды.  Мәжіліс  барысында   жиынға   арнайы  келген   басқарма  басшылары

мемлекеттік    бағдарламалар    аясында    жеңілдіктер    жөнінде    терең    түсіндіріліп,

ауылшаруашылығы  саласындағы  бүгінгі  жетістіктеріне  тоқталды.   Шаруа қожалықтары

иелері  субсидияның  кеш  алатындығын  ол  уақытта  шөптің  пісіп-жетіліп,  ағарып  кете-

тінін айтса,   бірі   малды  асылдандыру  мақсатында  алынған  бұқалардың  кей  түрінің

субсидияға  жатпайтынын  сөз  етті.  Мал басын  өсіруді  қолға  алып,  қой  тұқымын

көбейткенімен   жаз  жайлауға  шыққанда   малға  су  тапшылығына  тоқталып, қой  түлігінің

жүнінің  керексіз  болып, өтпей  жатқанын  айтып, жүн  алатын  пунктер  ашыла  ма? деп

сауал  тастады.  Малдың  етін  өткізетін,  сүтін  өткізетін   орындар   болса  деген  ойларын

да  жасырмады. Жалпы  бүгінгі  таңда   мал  басын  көбейтіп  енді  оның   өнімінің  сапалы

болуына   көп   көңіл  бөлу  керектігі  ол  үшін  дәнді-дақылдармен  құнарлы   шөптерді

өсіру  керектігі  сөз  болды.  Жиын  барысында  облыс  әкімінің  орынбасары  Ш.Мамалинов

аталған  бағыттағы  жұмыстарды  ширатуды  тапсырып,  құзырлы  мекеме лер   басшыла-

рына  нақты  тапсырмалар  берсе, аудан  әкімі  Ғ.И.Омаров    облыс  әкімінің  орынбасары

Шагурашид  Қалиұлы мен  облыстан  келген   басқа  да  басшыларға   алғысын  білдіріп,

ауданымыздың  шаруа қожалықтары  Елбасының  саясатын  жүзеге  асыруда   еңбек  етіп,

жетістіктерге  жетеді  деп  сенім  білдірді. 



Өз тілшіміз

Қоғамдық кеңес жұмысын бастады

Таяуда   аудандық Қоғамдық  кеңесінде    кездесу  өтті.  Кездесуді  қоғамдық  кеңестің

төрағасы  Хамзе  Сәтжанов   жүргізіп, кеңес мүшелері және мекеме басшылары қатысып

отырды. Кеңесте  аудан  әкімі  Ғ.Омаров ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарды айта

келе, алдағы уақытта қолға алынатын істерге де тоқталды. Қар кетіп, жер құрғасымен ба-

сталатын тазалық  жайлы  сөз  етіп,  аудан  ажарын  айшықтайтын  жерлердің  көркіне   көрік

қосатын    көгалдандыру  жұмыстарын  бірлесе  жүргізіп,  тазалықты  бірлесе  сақтасақ

деген   ойын  білдірді.  Бүгінгі  таңда   ауданымызда   қолданысқа  берілген   саябақтардағы

мүсіндерді    қалыпқа    келтіру,    сырлау,    әктеу    жұмыстарымен    бірге  ғимараттардың

қасбеттері  мен   алаңдарын  сәулеттендіру,  жарықшамдармен   қамтамасыз  ету   қолға

алынуы    керек.  Әрине  ол  үшін  барлық  тұрғындардың  қатысқаны  дұрыс.  Кеңеске

қатысушылар басқа да өзекті мәселелерді ортаға салып, олардың шешілу жайындағы ойла-

рын білдірді. Аудан әкімінің қатысуымен алғашқы жұмыс отырысын бастаған Қоғамдық

кеңестің кеңсесі “Нұр Отан” партиясының ғимаратында орналасқан. 



Өз тілшіміз 

Сенбілікте қарағайлар отырғызылды

Осы  жылдың  16   сәуір  күні   елді-мекендерді көктемгі  санитарлық   тазалау, абаттандыру

және   көгалдандыру  екіайлығы  аясында  кент  аумағында   мекемелер,    орта  бизнес   ны-

сандары  орналасқан  жерлерге    талдар отырғызылды. Жалпы  кент  аумағында   650 түп

тал,  оның      ішінде    210  қарағай  егілді.    Тал  егу  жұмыстарына  аудандық      жастар

орталығының    бастамасымен,    С.Сейфуллин,О.Жұмабеков,  Б.Амалбеков,  Ю.  Гагарин

атындағы   орта   мектептердің   оқушылары  және   Агротехникалық   колледж оқушылары

белсене қатысты.   Тәртіп пен   реттілікті  мүдде   тұтқан  іс-шараға мемлекеттік  мекемелер

мен  бюджеттік  ұйымдардың  қызметкерлері   ғана емес,  жалпы   кент  тұрғындары

қатысты. Мәселен, аудан әкімі Ғ.Омаров бастаған аудан әкімдігінің қызметкерлері Абай

даңғылындағы жол жиегіне қарағайлар отырғызып, басқаларға үлгі болды. Осы  шараны

өткізу   үшін  арнайы     үнпарақтар  таратылып,  халықтың   өзге де    ақпараттандыру  те-

тіктері  арқылы   құлақтандырылуы  еске  алынды. 

Кент  орталығында     қоқыс  қалдықтары мен    рұқсат   етілмеген күл-қоқыс   үйінділерінің

жылдар   бойы  жиналып   қалуы -  өзекті  мәселелердің  бірі. Екіайлық  кезеніндегі

қарымды   әрекеттер  шенберінде    осы   мәселеде     ерекше  ескерілетін  болады.     



Атасу  кенті   әкімі  аппараты

2

23 сәуір 2016 жыл

Сәулетті құрылыс – дәулетті тұрмыс

Қыс мезліглі бітіп, шауқты көктем шығып, алдағы уақытта жайдарлы жаз айлары келе жатыр.

Республикамыз бойынша барлық деңгейдегі облыс, аудан, ауыл округтері аумағында сенбі-

ліктер өткізу басталады. Осыған орай көркейіп келе жатқан ауданымызды, оның орталығы

әсіресе Атасу кентін таза күтіп ұстауға, безендіруге, сәулетті келбетін бұзбауға байланысты

бекітілген Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру

Ережелн бұзбауымыз және оны сақтауымыз қажет. Осы Ережедегі сенбіліктерге қарамастан

тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi және (немесе) пайдаланушылардың

тарапынан  сәулет,  құрылыс  нормалардың  күнделікті  сақталуы  туралы  тармақтарына

тоқталсақ. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлiнуi, сылақтағы

сызаттар, қаптама, кiрпiш және шағын блок төсеменiң жiктерiнен ерiтiндiнiң боялуы, тұтас

жинамалы  ғимараттардың  жiктерiндегi  герметикалық  сылақтың  бүлiнуi,  қабырғалардың

шығыңқы  бөлiктерiндегi  металл  жабынның  бүлiнуi  немесе  тозуы,  су  ағар  құбырлардың

бүлiнуi, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, үстіртін жалпы

ластануы, парапеттердiң бүлiнуi және осыған ұқсас басқа да аталған бүлiнулер анықталу ша-

ралары бойынша, одан әрi дамуына жол берiлмей, оларды ғимарат, үйлер иелерi және (немесе)

пайдаланушылар жоюы қажет. Кiреберiстерді, жертөле қабатын, сөрелерді, маңдайшаларды,

сыртқы жарнама орналастыру құралдарын үйлер мен (немесе) құрылыстың иелерi және (не-

месе) пайдаланушылары таза және жарамды күйде ұстауы қажет.  Көп қабатты үйлерде бал-

кондар мен лоджияларды өздiгiнен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы

жағына гүлге арналған жәшiктердi орнатуға; белгiленген тәртiпте берiлген рұқсатсыз үйлердің

қасбеттерiн, олардың конструктивтік элементтерiн өздiгiнен қайта жабдықтауға; алдын ала

сәулеттiк  бөлiктердi  қалпына  келтiрмей  үйлер  мен  құрылыстардың  қасбеттерiне  сырлау

жұмыстарын жүргiзуге жол берілмейді. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтердi ретті

түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен іргетастар арқылы

өтетiн орындарында ашық орындардың болуына жол берiлмейдi. Коммуникациялар арқылы

өтетiн көпiршелер, ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушылары-

мен дұрыс және таза күйде болуы қажет.  Дүкендер мен офистердiң, көшелер жағына шығатын

сөрелерi  жарықпен  безендiрiлуi  тиiс.    Тұрғын  үйге  қоса  берілген  аумақ  көріктендірілуі,

көгалдандырылуы, жарықтандырылуы және қоршалуы қажет, кiреберiс жолдары және жаяу

жолдардың  қатты  жабыны  болуы  қажет.Объектiлердiң  құрылыстан  және  жолдардан  бос

аумағы  көріктендірілуі  және  көгалдандырылуы  қажет.  Ортақ  пайдаланудағы

көгалдандырылған аумақтар көріктендірілуі және шағын сәулет нысандарымен: фонтандар

және  бассейндер,  сатылар,  пандустар,  тiрек  қабырғаларымен,  күркелермен,  шамдармен

жабдықталуы қажет. 

Аулаларда түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар)

өз бетінше салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерiн) өз бе-

тінше орнатуға жол берілмейді. Үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол

берілмейді. Көркем ресімдеудің құралдары, сыртқы жарнама құралдары және ақпараттар таза

күтіп-ұсталуы, қаланың эстетикалық бейнесін бұзбай белгіленген тәртіпте орналастырылуы

қажет. Жарықты жарнамаларды және маңдайшаларды пайдаланылатын кәсіпорындар оларды

күн сайын қараңғы түсе қосуы қажет және жанып кеткен жарық элементтерін уақтылы ауы-

стыруды  қамтамасыз  етуі  қажет.  Қандай  да  бір  плакаттарды,  хабарландыруларды  және

ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, ағаштарға, жарық тіректеріне, қалалық жолаушы-

лар көлігінің күту павильондарында, шарбақтарға, сондай-ақ осы мақсаттарға арнайы бөлінген

орындардан  жапсыруға  және  орналастыруға  жол  берілмейді.  Құрылыс  және  монтаж

жұмыстарын жүргiзу кезінде жұмыстарды орындаушы бекiтiлген аумақтың құрылыс алаңы

аумағын тазалауды қамтамасыз етуi қажет. Тұрмыстық және құрылыс қоқысы, сондай-ақ қар

Қазақстан Республикасының санитарлық қағидаларымен белгіленген тәртiпте және мерзiм-

дерде уақтылы шығарылуы тиiс.

Қоныстану аумақтарында құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргiзу кезiнде қалдықтар мен

қоқысты ғимараттар мен құрылыстардың қабаттарынан лақтыру жолымен тастауға жол бе-

рiлмейдi. Осы Ерженің 19 тармағында Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан

Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген жауапкер-

шілікке тартылады делінген. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік

құқық  бұзушылық  туралы»  Кодексі,  әрі  қарай  505-бап.  Қалалар  мен  елдi  мекендердiң

аумақтарын  абаттандыру  қағидаларын  бұзу,  сондай-ақ  қалалар  мен  елді  мекендер

инфрақұрылымы  объектілерін  бұзу,  жасыл  екпелерін  жою  және  бүлдіру  туралы  бөлігі

қарастырылған. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу,

сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін

жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк

субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне

– қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл

салуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан

кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк

субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектіле-

ріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл

салуға әкеп соғады. Осы Кодекстің 729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар. 505-баптарында

көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің

аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық ту-

ралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. 685 бап. Ішкі істер органы,

яғни жергілікті әкімшілік полиция Ережені бұзған жеке нмесе заңды тұлғаларға жаңа айтып

өткендей  әкімшілік  жазаларды  қолдана  алады.  Алдағы  уақытта  аудан  әкімдігінің

ұйымдастыруымен Ереженің орындалысын қадағалау шараларын жүргізу бойынша жергілікті

әкімшілік  және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, көшелерді аралау жұмыстарын,

күндізгі, түнгі рейдтерді жүргізетін болады. Құрметті аудан тұрғындары!  Сіз бен біз болып,

жоғарыда жазылған мән жайларды ескере отырып, Ережені бұзбай, ауданымызды таза ұстауға,

көгалдандыруға, безендіруге, дүкен, офистерімізді түнгі жарықтармен қамтамасыз етіп, бұдан

әрі көркеюіне ат салысайық. 

«Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

Мәні зор кездесу

2016  жылдың  сәуір  айының  11-ші  жұлдызында

Жаңаарқа ауданының  С.Сейфуллин атындағы аудандық

кітапханасында 

аудандық 

мұрағаттың

ұйымдастыруымен  «5 институттық реформаны  жүзеге

асыру бойынша “100 нақты қадам” атты дөңгелек үстел

өткізілді. Дөңгелек үстелге бір топ еңбек ардагерлері,

мекеме және кәсіпорын басшылары,  қоғам белсенді-

лері мен саяси ұйымдардың өкілдері қатысты. кездесуде

кіріспе сөзбен  мұрағатшы К.Жакупова баяндама жа-

сады. 1 реформа бойынша « Мемлекеттік  қызмет ту-

ралы» сөз сөйлеген Қоғамдық кеңестің төрағасы Х.Сатжанов,  2 реформа бойынша « Құқық

тәртібі және заңдылық» туралы аграрлық колледждің директоры Ғ.Ж.Жарылғапов, 3 ре-

форма  бойынша  «Индустрияландыру  экономикалық  өсім  »  туралы  еңбек  ардагері

Ш.Әбілдин, 4  реформа бойынша  «Азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайту» ту-

ралы Іскер әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы Д.Әрінова, 5 реформа бойынша  «Транс-

парентті  және  есеп  беретін  мемлекеттер»  туралы  мұнай  айдау  станциясының  маманы

Р.Өтешева  баяндады.

Дөңгелек үстел барысында еңбек ардагері Ш.Әбілдин  үшінші реформа- индустрияландыру

–экономикалық өсім бойынша фермерлермен,прокуратура, әкімшілік,сот, мәслихат басшы-

ларымен бірлесе отырып, семинар өткізейік деп ұсыныс жасады.

Кітапханашы М,Түсіпбаева  «Қазақстан -2050» атты  жаңадан жарық көрген кітаптар

көрмесімен таныстырып өтті, слайд шоу көрсетілді.Қатысушылар жан- жақты пікір алма-

сып, сұхбаттасып, өз ойларын ортаға салды. 

-Біз, қазақстандықтар Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге ба-

рынша  белсенді  болуға,  Елбасымыз  берген  мүмкіндікті  барынша  пайдалануға  күш

жұмылдыратынымызға  сендіреміз-  деген  сөздермен  іс  –шара  аяқталғаннан  кейін

қатысушылар естелік суретке түсті.



К.Ө.Жакупова, 

Жаңаарқа ауданының жоғарғы санатты мұрағатшысы 

Су шайып кету қаупінің алдын алды

Жаңаарқа жол дистанциясы аумағында 38 көпір, су ағатын 112 ірілі – кішілі құбырлар бар.

Биылғы қыста қардың қалың түсуіне байланысты, ерте көктем айынан бастап дистанция

директоры Ғ.Мұқұшевтің басшылығымен, директордың орынбасары С.Тоқжұманов, көпір

жөндеу шебері М.Елеусізов бастаған қызметкерлер бірнеше тәулік бойы дамыл таппай,

темір жолдың суы мол жиналатын  шақырымдарына жөндеу жұмыстары мен теміржол

төсемдерін  су  шайып  кету  қаупінен  аман  алып  қалу  жолында  көп  жұмыстар  атқарды.

Үлкенді  –кішілі      көпірлерді  қардан  тазартып,  қауіпті  аймақтарға  әсіресе  Атасу,  239

телімдерінің  су  көп  жиналған  жерлеріне  қиыршық  тас  төгіліп,  кейбір  жерлерге  құм

толтырылған қалқан қаптармен толықтырылып, қауіптің алдын алды. Теміржол ұсынған

қызмет түрлерінің бел ортасында қиындықты бірге көтеріскен дистанция тәлім басшылары

М.Қоранов,  Қ.Оңғарбаев,  С.Акпаров,  А.Сүлейменов,  жолшылар  А.Рахымжанов,

Ж.Мұқатаев,  Ж.Шырынбеков,  Б.Бекежанов,  Н.Сафаргалиев,  Д.Желібаев,  Қ.Бейсенов,

Е.Майкеновтерді атап айтуға болады. Бүгінгі таңда пойыз қозғалысы тоқтаусыз жүріп,

өндірістік көрсеткіш табысты орындалуда.      

С.Б.Әлтаев

Елбасы Жолдауын басшылыққа алудамыз

Біз  еліміздің  азаттық  туын  желбіретіп,  Тәуелсіз  мемлекет

атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ бастық. Тәуелсіздікті баянды

ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын

мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі,

өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.  Заманның бе-

талысын  өздеріңіз  көріп  отырсыздар!.  Аса  күрделі  ,  қиын

кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлі мен тың мүмкіндіктері қатар

өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпа-

уыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені

тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің

дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал- біздің

жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлі-

гімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз –бәріміз үшін, бәріміз-

біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран

заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар.

Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп от-

ырамыз. Біздің мақсатымыз-елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды

«Мәңгілік Ел» ету!  Біздің дағдарысқа қарсы басты  стратегиямыз: Өсім: Қазақстанның

әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік беретін экономика өсімінің ырғағын

қалпына келтіру жекеменшілік бастамалар арқылы  дамудың жаңа ішкі бастауларын табу.

Реформалар: экономиканың, қоғамның және мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының  мемлекеттік  және  корпоротивтік  менеджментті,

қаржылық және фискальді секторды терең реформалау. Даму: жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

принциптері негізінде барлық мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшік институттарды

ауқымды түрде жандандыру, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, тұрғындардың әлсіз топта-

рына адрестік көмек. . Бұл жолдау халықтың көз қуанышына айналды десек те артық емес,

бұған  біздің  сараптама  саласы  да  куә.  Мысалға,  өз  жұмысымызды  тыңғылықты

атқарып,шағын  және  орта  бизнестің  көзін  ашып,жол  сілтеу  –  біздің  де  мақсатымызға

айналған.          

Сараптама саласы бойынша бактериологиялық және санитарлық-гигиеналық зертханалары

аудан халқына қызмет атқарып, заманауи құрылғылармен мемлекеттік тапсырыс  және жеке,

заңды тұлғалардың өтініштері бойынша барлық зерттеулер жоғарғы  деңгейде  жүргізілуде. 

Біздің аудандық бөлімше ұжымы Елбасының  халыққа бастаған Жолдауына үлкен сенім

артып, алға қойған мұраттарды игеру үшін ертеңгі күннің жарқын болашағына еш шүбәсіз

сеніп, зор ілтипатпен ерен еңбек етуде.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал