Сәлеметсіздерме?!



жүктеу 13.98 Kb.
Дата03.11.2022
өлшемі13.98 Kb.
#23258
түріСабақ
Серикова Алмира Асылхановна
Логопедия 2м, Қоғамтану әдістемесі-2(11)б, Қазақ балалар адебиеті, Ж.Ғ.Мусина

Сәлеметсіздерме?!
Бүгін мен өзім жайлы сіздермен бөліскелі отырмын. Менің аты-жөнім Серикова Алмира Асылхановна . Туып өскен жерім БҚО, жасыл қала Орал қаласынан боламын. 2002 жылдың 11сәуір айында дүниеге келдім. 11сыныпты Жұбан Молдағалиев атындағы №2 ші мектептен бітірдім. Мектеп кезінен әдебиетке құштар болып, ең сүйікті пәндеріме айналған өзіміздің қазақ тілі, әдебиет, тарих сабақтары құлшынысымды арттырып қазіргі мамандығыма арқау болды. Қазір мен Құрманғазы атындағы саз колледжі «Кітапхана ісі» мамандығығының 3курс студентімін. Үш жыл бұрын осы мамандыққа келуіме анам қолдау жасап, сүйіспеншілікпен грант иегері атандым.
Өмірде екі нәрседен қателеспе дейді емеспе мен сол мамандық тандаудан қателеспегенімді айдан анық түсіндім. Кітапхана кітаппен емес сондай-ақ балалармен жұмыс жасау оларды қазіргі телефоннан қарап емес кітаптан қарап оқып көздеріне суреттейтіндей қылып, бір бөлек әлемді елестететіндей сезімге жетелеу. Бұл мамандық өте ауыр, жауапкершілікті, сөз өнерін дамытатын мамандық. Мен қазіргі кездегі балалардың денсаулығын алып жатырған ұялы телефоннан босатылып, жаңаша кітап үлгілерін шығарып, оқырман тартып, болашақ ұрпақты саналы әрі білімді қылуға ат салысқым келеді жане сол үшін еңбектенемін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістігім көп, соның ішінде ең үлкені ол « Елбасы медалі» жобасының қола медалі иегері атанғаным. «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті аймақтық жобасына қатысып, бағымды сынамақшымын.
Менің айтарым көп, бірақ бір сөзім ол болашақ біздің қолда, біз қай жаққа жол көрсетсек болашақ сол жақта. Ата-баба салған жолды ұмытпай ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп «Қазақ» кенін әлемге таныту!
жүктеу 13.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет