Сейфуллин оқулары – 9



жүктеу 29.05 Kb.

Дата21.05.2017
өлшемі29.05 Kb.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.1 – Б. 221-223



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНЕН БІЛІМ САПАСЫН АТТЫРУДАҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РОЛІ

Әкімбеков Е.Т., Акимбекова А.Ф.

Қазіргі  кезеңді  техниканың дамыған  кезеңі  деп  айтамыз.  Елбасының

саясаты арқасында болашақ ұрпаққа білім берудің сапасын арттыруға көп көңіл

бөлініп отыр. Оның бір мысалы қазіргі уақытта барлық мектеп және жоғарғы оқу

орындары  компьютермен,  ақпараттық технология құралдарымен қамтамасыз

етілген.


Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру

жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым

мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу

үшін қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың жаңа  технологиясын  енгізу,  білім

беруді  ақпарттандыру» – деп  білім  беру  жүйесін  одан әрі  дамыту  міндеттері

көзделген.

Қазіргі қоғам талаптарына сай, өндіріс дамуының негізгі құралы ақпараттық

ресурстардың  қажеттілігі  болып  отыр.  Осыған  орай  білім  беру  саласында  да

дамудың  қадамдары қолға  алынып,  оқытудың жаңа  технологиялары  енгізілуде.

Оқытудың жаңа технологиясы ретінде сабақ үрдісіне компьютерді, интерактивті

тақтаны қолдану деп айтсақ болады.

Білім  алуда  кітаптың маңызы қандай  болса,  осы  заманда  компьютер  де

оқушы  және  студент қауымы үшін қоршаған әлемді  танудың негізгі құралы

болып  табылады.  Олай  болса,  сабақ барысында  компьютерлік техниканы,

интерактивті тақтаны қолдану – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің

бірі болып отыр.

Соңғы  жылдары  біздің

оқу  орнымызда  да  білім  беру  жүйесінде

компьютерлік техниканы, интерактивті тақтаны пайдалану белсенді түрде жүзеге

асырылуда.  Интерактивті

құралдарды

қолдану  негізінде  жаратылыстану

бағытындағы 

пәндерді 

оқытудың

сапасын 


арттырып, 

білім 


беруді

ақпараттандыру жүйелі түрде жүргізіліп отыр.

Әсіресе  интерактивті  тақтаның оқытушылар үшін  де  көп  көмегі  бар

екендігін  атап өтуге  болады, яғни  интерактивті  тақтаның көмегімен  жаңа

материалды өте қызықты, әрі қарқынды,  сапалы  етіп  түсіндіруге  көмектесетін

көрнекі құрал екендігіне көз жеткіздік. Интерактивті тақтаны қолдану барысында

студенттердің өз ойларын, өз ұсыныстарын  тартымды  етіп көрсететіндігін және

оны  жүйелі әрі  тиімді  етіп  пайдалана  білгенде  оқу  сапасының артуына  көп

ықпалын  тигізетінін  байқауға  болады.  Белгілі  бір  объектінің суретін  немесе

сызбасын  слайд  арқылы  түрлі  түсті  бейнеде, өзінің табиғи  түріндегідей  етіп



көрсеткенде  студенттің түсінуіне әрі  жеңіл әрі  тартымды  болады.  Жаңа

материалдарды студент пен оқытушы, студент пен студент болып бірігіп талдауда

да ақпараттық технологияның маңызы зор.

Әдебиеттерде  білім  беру  барысында  ақпараттық

технологияларды

пайдаланудың бірнеше  бағыттары  көрсетілген,  солардың ішінде  жоғарғы  оқу

орындарындағы машықтану сабақтарына қажетті деп саналатындар: компьютер –

студент  білімін  бағалау

құралы;  компьютерлік  модельдеуді

қолданатын

зертханалық

практикум;  мультимедиа-технология

жаңа  материалдарды



түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер – білім жетілдіру құралы

десек қателеспейміз.

Техникалық  құралдарды қолдана  отырып,  дәлірек  айтсақ, компьютер

көмегімен интерактивті дәрістер оқу, слайдтар көрсету, виртуальды зертханалық

жұмыстар  жүргізу  студенттің

пәнге  деген

қызығушылығының

біршама


артатындығына,  екіншіден  аралық бақылау,  емтихан  тапсырғанда  да  студентке

қазіргі заманғы технологияны қолданған тиімді болатынына  көз жеткіздік.

Қазіргі  уақытта  оқу  материалдарын  иллюстрация  жасап  көрсетуде

ақпараттық

технологиялар  кеңінен қолданылуда.  Компьютердің көмегімен

дыбыстық және  бейнефрагменттерді  де  демонстрация  түрінде  жасап  көрсетуге

болады.  Білім  сапасының артуына  электрондық оқулықтардың да  пайдасы  бар

екенін  байқадық. Электрондық оқулық көмегімен  студент  сабақ уақытында

немесе  сабақтан  тыс  кез  келген  уақытта  тақырыпқа  сәйкес  мәліметтермен

танысуға,  машықтану  тапсырмаларын өз  бетінше  орындауларына  болады.  Бұл

орайда біздің кафедра оқытушыларының да дайындаған бірнеше электрондық оқу

құралдары мен оқу әдістемелік кешендерін студенттердің қолдануына мүмкіндік

жасалған.

Осындай  электрондық оқу құралдарын,  оқу-әдістемелік  кешендерін  сабақ

үрдісіне  пайдалану

оқытудың тиімді әдістерінің бірі.  Ол  оқытушының



шығармашылықпен  жұмыс  жасауына,  ізденіс  белсенділігін  арттыруына

мүмкіндік береді. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып

отыратын  ашық түрдегі әдістемелік  жүйе,  оны әрбір  оқытушы  педагогикалық

тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра  отырып, әрі қарай  жетілдіре  алады.

Электрондық оқулық арқылы  түрлі  суреттер,  тірек-сызбалар,  бейнекөріністер

көрсетуге  болады.  Бұл, әрине  оқытушының тақтаға  жазып  түсіндіргенінен

әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.  Меңгерілуі қиын  сабақтарды  мысалы  физика  пәні

болсын,  биологиялық бағыттағы  пәндер  болсын  компьютердің көмегімен

түрлі-түсті  көрініс,  сурет  ретінде ұғындырылса,  студенттің тақырыпқа  деген,

пәнге деген құштарлығы оянады.

Сонымен қатар  айта  кетерлік  ең  өзекті мәселелердің бірі - интерактивті

тақтаны  сабақта  пайдаланудың маңыздылығы.    Интерактивті  тақтаны  тиімді

қолдана білсек,  оның көмегімен өткізілген  сабақтың да  сапасын  біршама

артатындығы сөзсіз.

Жоғарыдағы  айтылғандарды  ескере  отырып,  интерактивті құралдардың

кейбір ерекшеліктерін атап өтсек:

1. Тақтаға бормен салынған суретті немесе графикті интерактивті тақтадағы

түрлі–түсті  анық,  ұқыпты  кескінмен  салыстыру  арқылы үлкен  айырмашылықты

және жетістікті көруге болады;


2. Сабақ барысында көрнекілік материалдарды қолдану сапасы артады;

3. Сабақтың түсіндірілу сапасы артады;

4. Студенттің сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артады.

Қорыта келгенде,  сабақ барысында  компьютерлік  технологияны  және

интернет ресурстарын кеңінен қолдану студенттердің өз бетімен ізденісіне, пәнге

деген қызығушылығын  арттыруға,  шығармашылық белсенділігін  дамытуға,

оқыту 

мәдениетін



қалыптастыруға, 

студенттердің

жеке 

жұмыстарын



ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады.

Олай  болса,  ақпараттық технологияны  сабақ  үрдісіне қолданудағы  осы

айтылған  ерекшеліктер қандай  пәннен  болса  да  сабақтың сапасына  оң ықпалын

тигізері анық.

Соның нәтижесінде  оқытушы  сабағында  ақпараттық технологияларды

ұйымдастыру  арқылы  жаңа қоғам  жағдайында өмір  сүруге  белсенді,  бәсекеге



қабілетті, игерілген білімімен білікті болашақ мамандарды дайындай алады.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал