Сценарийі өткізу күні: 05. 04. 2013 ж



жүктеу 105.79 Kb.

Дата10.04.2017
өлшемі105.79 Kb.
түріСценарий

ВТ-11-1 тобында  

«Стив Джобс – Apple корпорациясының негізін салушы» 

тақырыбындағы ашық кураторлық сағат  

СЦЕНАРИЙІ 

 

 

Өткізу күні: 05.04.2013 ж. 



 

Кураторлық  сағат  мақсаты:  студенттердің  Apple  корпорациясының 

негізін  салушы  Стив  Джобс  тұлғасымен  танысуы;  танымдық  және 

шығармашылық  қызметке  деген  мотивацияның  дамуы;  ұжымда  жұмыс 

iстеуді жетiлдiру. 



 

Кураторлық сағат міндеттері: 

Білім беретін: 

 

әлемдік  өркениет  дамуына  үлесін  қосқан  ұлы  тұлғаларға  деген 



танымдық қызығушылықты дамыту

 

студенттердің ой өрiсiн кеңейту. 



Дамытушы: 

 

студенттерде  жады,  зейін,  зеректік,  әуесқойлық  және  логикалық 



ойлауды дамыту үшін жағдай жасау; 

 

студенттерде коммуникативтік-ойындық қабілеттерді қалыптастыру



 

студенттерді белсенді практикалық қызметке тарту. 



Тәрбиелік: 

 

жарыс рухын тәрбиелеу; 



 

топта достық қатынас, команда болып жұмыс істеуді қалыптастыру. 



 

Өткізу тәртібі: интеллектуалдық-танымдық ойын. 

 

Сабақ  барысында  қолданылатын  жабдықтау:  компьютер,  проектор, 

проекциялық экран, мультимедиялық колонкалар. 



 

Қатысушылар: ВТ-11-1 тобының студенттері. 

 

Жұмыс жоспары: 

 

Куратордың  кіріспе  сөзі.  Кураторлық  сағаттың  мақсаты  мен 



міндеттері. Командаларды таныстыру. 

 

I айналым. Бәйге. I айналым нәтижелері. 



 

II айналым. Полиглот. II айналым нәтижелері. 

 

III айналым. Көкпар. III айналым нәтижелері. 



 

IV айналым. Басқатырғыштар. IV айналым нәтижелері. 

 

Қонақтар үшін викторина. 



 

Ойынды қорытындылау. Сыйлықтар тапсыру. 

 

Қорытынды бейне баян «Стив Джобстың ұлы сөздері» 



Кураторлық сағат барысы 

 

1.



 

Куратордың  кіріспе  сөзі.  Кураторлық  сағат  тақырыбын  (1 

слайд),  жұмыс  жоспарын  (2  слайд),  кураторлық  сағаттың  мақсаты  мен 

міндеттерін  (3  және  4  слайдтар)  айту.  Командаларды  таныстыру  (5  және  6 

слайд). 


Куратор:  Қайырлы  күн,  қадірлі  қонақтар,  құрметті  қатысушылар! 

Бүгінгі  ашық  кураторлық  сағат  «Стив  Джобс  –  Apple  корпорациясының 

негізін салушы» тақырыбында, «iГений» интеллектуалдық-танымдық ойыны 

түрінде өткізілетін болады. 



Кураторлық сағат мақсаты мынадай: Apple корпорациясының негізін 

салушы  Стив  Джобс  тұлғасымен  танысу;  танымдық  және  шығармашылық 

қызметке деген мотивацияның дамуы; ұжымда жұмыс iстеуді жетiлдiру. 

Кураторлық сағат міндеттері: 

Білім беретін: 

 

әлемдік  өркениет  дамуына  үлесін  қосқан  ұлы  тұлғаларға  деген 



танымдық қызығушылықты дамыту; 

 

студенттердің ой өрiсiн кеңейту. 



Дамытушы: 

 

студенттерде  жады,  зейін,  зеректік,  әуесқойлық  және  логикалық 



ойлауды дамыту үшін жағдай жасау; 

 

студенттерде коммуникативтік-ойындық қабілеттерді қалыптастыру; 



 

студенттерді белсенді практикалық қызметке тарту. 



Тәрбиелік: 

 

жарыс рухын тәрбиелеу; 



 

топта достық қатынас, команда болып жұмыс істеуді қалыптастыру. 

 

Командаларды таныстыру: 



Біздің бүгінгі жарысымыз 4 айналымнан тұрады.  «iГений» ойынына 3 

команда  қатысады.  (Командалар  кезекпен  музыкалық  сүйемелдеумен 

орындарынан тұрады). 

 

«_________»  командасы.  Капитан  –  Бейсетаев  Данияр.  Данияр, 



сіздердің ұрандарыңыз? ____________  

Қатысушыларды қошеметтейік! 

 

1 команда:  

1.

 



Бейсетаев Данияр (Капитан команды) 

2.

 



Еркін Серікбол  

3.

 



Жанаева Ақкүміс  

4.

 



Татманова Айгерим  

5.

 



Рахатов Асылхан  

6.

 



Дуйсек Жасұлан  

7.

 



Шарасулов Улугбек  

«_________»  командасы.  Капитан  –  Кадирова  Динара.  Сіздер 

ойынымызға қандай ұранмен келдіңіздер?  

Шапалақтап қояйық! 

 

2 команда: 

1.

 



Иманберлин Абай  

2.

 



Кадирова Динара (Капитан команды) 

3.

 



Серғазы Гүлнәз (Конысбаева Алтынай) 

4.

 



Онгар Олжас  

5.

 



Қасым Ғапур  

6.

 



Сүгірбай Азамат  

7.

 



Жаксылыков Ержан  

 

«_________» командасы. Капитан – Узбаев Рашид. Сіздің команданың 



ұраны:   

Ойыншыларға қолдау көрсетейік! 



3 команда: 

1.

 



Узбаев Рашид  

2.

 



Альжанова Алмагуль  

3.

 



Кабылова Дина  

4.

 



Мырзағалы Нұркелді  

5.

 



Калжан Алим  

6.

 



Байдүйсен Ердәулет  

7.

 



Атақоныс Мұрат 

 

2.



 

I айналым. Бәйге. 

Куратор:  Барлық  қатысушыларды  мұқият  болуға  шақырамын, 

«iГений» ойынымызды бастаймыз. Бірінші айналым «Бәйге» деп аталады. 



Берілген  айналым  ережелері:  Әр  командаға  кезек-кезек  7  сұрақ 

қойылады.  Ойлануға  уақыт  берілмейді.  Сұрақтың  жауабын  білетін  команда 

ойыншысы жұлдызшаны көтереді (жұлдызшалар қатысушылар үстелдерінде 

жатады). Берілген команда ойыншыларының ешқайсысы сұрақтың жауабын 

білмесе не болмаса қате жауап берілсе, күреске қарсылас-командалар түседі. 

Әрбір дұрыс жауап үшін команда 5 ұпай алады. 

 

1 командаға қойылатын сұрақтар: 

 

1.



 

Стив Джобстың туған күні? (1955 жылдың 24 ақпаны

2.

 

Стив Джобс қандай алапта өскен? (өрік бауларының алабында 



– Силикон алабында (алқабында), Silicon Valley Кремний алабында

3.

 



Қандай  компания  Джобсқа  ол  12  жаста  болғанда  жазғы  жұмыс 

ұсынды? (Hewlett-Packard

4.

 

Компьютерде толығымен үшөлшемді етіліп жасалған, тарихтағы 



алғашқы  толық  метражды  фильм?  («Ойыншықтар  оқиғасы»,  «История 

игрушек», Toy Story», 1995

5.

 

2010  жылдың  27  қаңтарында  Джобс  таныстырған  Apple 



планшеті? (iPad) 

6.

 



Apple-дің  мобилді  құрылғыларында  кеңінен  қолданылатын 

операциялық жүйе (iOS

7.

 

Apple  компаниясының  онлайн  интернет-дүкені,  бұл  дүкен 



компания  өндіретін  электрондық  құрылғыларға  арналған  сандық  аудио, 

бейне және ойындық медиаконтентті таратумен айналысады (iTunes Store

 

 

2 командаға қойылатын сұрақтар: 

1.

 



Стив Джобстың шығу тегі қандай? (сириялық және неміс

2.

 



Стив Джобс Портлендтің Reed College колледжінде қанша уақыт 

оқыды? (1 семестр ғана

3.

 

Стив  Джобс  алғашқы  көлігі  –  екітүсті  Nash  Metropolitan-ға  қол 



жеткізгенде неше жаста еді? (15

4.

 



iPhone  сенсорлық  смартфоны  әлемге  қай  жылы  алғаш  рет 

таныстырылды? (2007

5.

 

Стив  Джобс  қандай  киностудияның  негізін  салушылардың  бірі 



болып табылады? (Pixar

6.

 



Стив  Джобстың  өмірінің  соңғы  жылдарындағы  ресми  еңбек 

ақысының мөлшері? (жылына 1$

7.

 

1998  жылдан  бастап  Apple  компаниясының  осы  көпшілікке 



белгілі ДК (дербес компьютерлер) топтамасы шығарыла бастады. ДК-дің бұл 

топтамасы қалай аталады?(iMac) 

 

3 командаға қойылатын сұрақтар: 

1.

 



Стив  Джобстың  туған  жерін  атаңыз  (Сан-Франциско, 

Калифорния штаты

2.

 



Жас Джобс көмір микрофонының құрылымын зерттегенде, оның 

досы  транзисторлар  көмегімен  ішкі  байланыс  жүйесін  жасады.  Ол 

«электроника 

балаларының» 

бірі 

болатын, 



кейінірек 

ол 


Apple 

компаниясының  негізін  салушылардың  бірі  болды.  Оның  атын  атаңыз. 

(Стивен Возняк

3.

 



Стив Джобс 19 жасында қай елге саяхат жасады? (Индия

4.

 



80-інші  жылдары  қай  компания  Apple-дің  негізгі  бәсекелесі 

болды? (IBM

5.

 

Apple компаниясының әйгілі медиа-ойнатқышын атаңыз (iPod



6.

 

Стив Джобстың қанша баласы бар? (4: 3 қыз, 1 ұл



7.

 

Стив Джобстың қайтыс болған жылын атаңыз (2011



 

Қосымша сұрақтар: 

1.

 



Стив  Джобс  пен  Стивен  Возняк  қай  жылы  танысты?  (1969 

жылы

2.

 



Apple II-мен жұмыс қай жылы аяқталды? (1977

3.

 

Джобс  пен  Возняктың  бизнесіне  салынған  бірінші  қомақты 



инвестицияның мөлшерін атаңыз? (250 000 $) 

4.

 



Джобстың капиталы 200 млн.-ға жеткенде, ол неше жаста еді? (25 

лет) 


 

 

I  айналым  нәтижелері  бойынша,  ________  команда  алға  шықты, 



команданың  ұпай  саны  ___,  одан  кейін  ___  команда,  ұпай  саны  ___  және 

үштікті тұйықтап тұрған команда _______, ұпай саны ____. 

Келесі айналымға көшеміз. 

 

3.



 

II айналым. Полиглот.  

«Көп тіл білу – бір құлыпқа келетін  көп кілтке ие болу».  

Ф. Вольтер.  

Және бұл құлыпты тілдермен дос болғандар ғана ашады. 

 

II  айналым  ережелері:  Бұл  айналымда  командалар  сөйлем  ішіндегі 

тасталып кеткен сөз немесе сөз тіркесін тауып, оларды орыс және ағылшын 

тіліне  аудару  керек.  Тапсырма  бір  уақытта  барлық  командаларға  беріледі. 

Барлық 3 жауапты командалар қағазға жазады да, жүргізушінің көмекшісіне 

береді.  Әрбір  тапсырманы  орындауға  30  секунд  беріледі.  3  тілдегі  дұрыс 

жауапқа команда 30 ұпай алады, 2 тілде – 20 ұпай және сәйкесінше 1 тілде – 

10 ұпай. 

Сонымен, бастайық.      

 

1.

 



Джобс  айтуы  бойынша,  бұл  Өмірдің  ең  жақсы  өнертабысы.  Ол  – 

өзгерістер себебі. Ол жаңаға жол ашу үшін ескіні тазартады. Бұл не? (ажал, 



өлім, қаза; смерть, death

2.

 



IBM өзінің бірінші дербес компьютерін ұсынған кезде, Apple Wall 

Street  Journal-да  мынадай  жарнама  жариялады  «_____    __________,  IBM». 

Бұл  сөйлем  амандасудың  кеңінен  тараған  фразасы  болып  табылады.  (Қош 

келдіңіздер! Добро пожаловать! Welcome!

3.

 



Стив  Джобс  әпкесі  Мона  Симпсон  -  _____________  және 

Калифорния  университетінің  профессоры  (жазушы,  писатель,  writer

(романист) 

4.

 



Стив  Джобс:  «Үлкен  ______  атқарудың  бір  ғана  тәсілі  бар  –  оны 

жақсы көру. Егер сіз оған келмесеңіз, күте тұрыңыз. Іске бас салмаңыз» - деп 

айтатын. (жұмыс, работа, work

5.

 



Apple  компаниясының  1997-2002  жылдардағы  жарнамалық 

слоганы, мына фраза болатын: «Өзгеше_________» (ойла, думай, think

6.

 

Егер Джобс Apple-дің негізін салмағанда, онда ол ________ болып, 



Парижге көшуі мүмкін еді. (ақын, поэт, poet

7.

 



Apple  компаниясы  басқа  өндірушілерден  бұрын  кең  қолданысқа 

пайдаланушының  графикалық  интерфейсі  мен  компьютерлік  __________ 

енгізді. (тышқан, мышь, mouse


8.

 

АҚШ-тың  президенті  Барак  Обама  былай  дейтін,  Стив 



американың  ұлы  ______________  бірі  болды,  ол  басқалардан  өзгеше  ойлау 

үшін  айтарлықтай  батыл,  әлемді  өзгерте  алатынына  сену  үшін  айтарлықтай 

ержүрек,  және  осыны  жүзеге  асыру  үшін  айтарлықтай  талантты  болатын.  

(ойлап шығарушы; өнертапқыш, изобретатель, inventor, deviser

 

II  айналым  нәтижелері.  Бірінші  орында  ________  команда,  ұпай  саны 



___,  екінші  орында  ______  команда,  ұпай  саны  ___  және  үшінші  орында 

_______ команда, ұпай саны ____. 

 

 

4.



 

III айналым. Көкпар.  

III айналым Көкпарды бастайық.  

Командалар  кезек  бойынша  өздеріне  категория  мен  сұрақ  бағасын 

кестеге  сәйкес  таңдайды.  Сұрақты  бірінші  болып  ұпай  саны  ең  аз  команда 

таңдайды. Экранда сұрақтардың үш категориясы көрсетілген. Әр категорияда 

күрделілік  деңгейі  әр  түрлі  сұрақтар  берілген:  10  ұпайдан  50  ұпайға  дейін. 

Егер  команда  қате  жауап  берсе  немесе  жауап  бере  алмаса,  онда  сұраққа 

қарсылас-командалар жауап бере алады. Ойлануға 15 секунд беріледі. 

 

Apple категориясы: 

 

10  Apple.  Apple  корпорациясының  негізі  салынған  күн  мен  айды 

атаңыз, сонымен қатар бұл күн «Күлкі күні» деген атпен белгілі (1 сәуір

 

20  Apple.  Apple-дің  1976  жылғы  логотипінде  алма  ағашының  астында 

отырған ғалым бейнеленген. Оның атын атаңыз? (Исаак Ньютон



 

30 Apple. Apple корпорациясының негізін қанша адам салды? (3,

 

Стив 

Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн

 

40  Apple.  Apple  компаниясы,  1985  жылдан  бастап  өз  қызметкерлері 

үшін қандай сусынға жыл сайын 100 000$ жаратты? (балғын шырын) 

 

50  Apple.  Куб  түрінде  жасалып,  әлемнің  ең  көп  суретке  түсірілетін 

ғимараттардың  бірі  болып  табылатын  Apple  Store  қай  қалада  және  қай 

көшеде орналасқанын атаңыздар? (Нью-Йорк, 5 авеню

 

 



 

Джобс және жұмыс категориясы: 

 

10  Джобс  және  жұмыс.  Бұл  мультипликациялық  фильм  2001  жылы  

Джобс  кезінде  Pixar  киностудиясы  және  Disney  Enterprises  Inc. 

компаниясымен шығарылған болатын. Мультфильде құбыжықтар әлеміндегі 



кризистер  мен  олардың  өмірі  туралы  айтылады.  (Құбыжықтар 

корпорациясы, Корпорация монстров

 

20  Джобс  және  жұмыс.  Қай  компанияның  президентін

  Стив  Джобс 

Apple-де жұмыс істеуге көндірді? (PepsiCo президентін)

 

 

30  Джобс  және  жұмыс.  Қандай  маркалы  спорттық  көлік  Джобс  үшін 



Macintosh компьютерінің дизайнын жасау үшін шабыт көзі болды? (Porsche

 

40  Джобс  және  жұмыс.  Бұл  компания  1985  жылы  Стив  Джобс  Apple-

дегі қызметінен кеткеннен кейін құрылды. Компания ЖОО-ры (жоғарғы оқу 

орындары)  мен  бизнес  үшін  компьютерлік  платформа  құрумен  айналысты. 

(NeXT

 

50  Джобс  және  жұмыс.  Pixar  компаниясымен  3D-анимациялар  жасау 

үшін  шығарылған  бағдарламалау  тілі  қалай  аталады?  Джобс,  осы 

интерфейсті  қарапайым  адамдар  қолданып,  таңғажайып  3D-графика  мен 

фотореалистiк  бейнелер  жасау  мүмкіндігі  туралы  өз  идеяларын  әрдайым 

айтып отыратын. (RenderMan

 

Жұмыстан тыс уақыттағы Стив Джобс категориясы: 

 

10  Жұмыстан  тыс  уақыттағы  Стив  Джобс.  Стив  Джобс  қандай 

музыкалық топтың табынушысы болған? (The Beatles). 

 

20  Жұмыстан  тыс  уақыттағы  Стив  Джобс.  Стив  Джобс  қандай 

әлемдік дінді ұстанатын еді? (буддизм, дзэн-буддизм

 

30  Жұмыстан  тыс  уақыттағы  Стив  Джобс.  Джобс  өзінің  досы 

Котткемен осы үстел ойынын ойнағанды жақсы көретін. Бұл ойынды атаңыз. 

(шахмат) 

 

40  Жұмыстан  тыс  уақыттағы  Стив  Джобс.  Стив  Джобс:  «Онымен 

кездесу үшін барлық технологияларымды айырбастауға дайынмын» - дейтін. 

Осы ежелгі грек философын атаңыз? (Сократ

 

50  Жұмыстан  тыс  уақыттағы  Стив  Джобс.  Қай  класик-

композитордың музыкасын Джобс бәрінен де жақсы көрді? (Бах



 

III  айналым  нәтижелері  келесі:  ________  команда  алға  шықты, 

команданың  ұпай  саны  ___,  одан  кейін  ___  команда,  ұпай  саны  ___  және 

үштікті тұйықтап тұрған команда _______, ұпай саны ____. 

 

 

5.



 

IV айналым. Басқатырғыштар. 

Барлық  қатысушылардың  төменге  түсуін  сұраймын.  Бұл  айналымда 

командалар  үстелдерінің  үстінде  жатқан  әр  түрлі  7  басқатырғашты  шешу 

керек.  Барлық  тапсырмаларды  орындауға  5  минут  уақыт  беріледі.  1 

тапсырманы  орындау  үшін  әрбір  команда  бір  ойыншыны  жібереді. 

Басқатырғышты  шешкеннен  кейін  ойыншы  тапсырмасын  жүргізушідің 

көмекшісіне  тапсырады  да,  командасына  оралады  және  келесі  тапсырманы 

орындау  үшін  команданың  басқа  ойыншысы  шығады.  1  тапсырманы  дұрыс 

орындағаны үшін команда 10 ұпайға ие болады. 

Дайынсыздар ма? Уақыт кетті! 

 

1  тапсырма.  Стив  Джобс  өміріндегі  оқиғаларды  хронологиялық 



ретпен орналастырыңыз: 

iPhone презентациясы 

Apple II компьютерін жасау  

Колледжде оқу 

iPad презентациясы 

Индияға саяхат 

Pixar киностудиясын құру 

Apple-дегі жұмыстан кету  

 

Дұрыс  реті:  Колледжде  оқу  (1972),  Индияға  саяхат  (1974),  Apple  II 



компьютерін  жасау  (1977),  Apple-дегі  жұмыстан  кету  (1985),  Pixar 

киностудиясын  құру  (1986),  iPhone  презентациясы  (2007),  iPad 

презентациясы (2010). 

 

2  тапсырма.  Стив  Джобспен  бірге  фотода  кім  бейнеленгенін 



анықтаңыз? 

1 фото: 


 

 

 



а) Даниэл Коттке   

б) Стивен Возняк 

в) Роберт Фридланд 

 

 

 



 

2 фото: 


 

 

а) Билл Гейтс    

б) Марк Цукерберг 

в) Джон Лассетер 

 

3 фото: 


 

 

а) Джордж Харрисон    



б) Моби 

 

в) Боно (U2) 

 

4 фото: 



 

а) Джобстың қызы – Эрин 

 

 б) Джобстың әйелі – Лорен Пауэлл 



в) Джобстың әпкесі - Мона Симпсон 

 

3  тапсырма.  Әрбір  сөздегі  әріптердің  орнын  ауыстырыңыз  да,  Стив 



Джобстың айтқан сөзін табыңыз. 

1.

 



Саяхат – бұл сыйлық. 

2.

 



Сіздің уақытыңыз шектеулі. 

3.

 



Мен, өзім көтере алмайтын компьютерге сенбеймін.  

 

4  тапсырма.  Венгрлік  сөзжұмбақты  шешіңіз.  Бұл  сөзжұмбақта 

барлық  әріптер  торкөздерге  жазылып  қойған.  Сөздерді  кесте  ішінен  іздеп 

тауып, сәйкес торкөздерді сызықтармен қосу керек. Сөздер әр түрлі болып 

иілуі  мүмкін.  Шектеулер:  сөз  үзілмеу  керек  және  торкөздерде  диагональ 

бойынша орналаспау керек. Әрбір торкөз тек бір ғана сөзге қатысты бола 

алады. Венгрлік сөзжұмбақты шешкеннен кейін кесте ішінде бос торкөздер 

қалмау керек.  

 

Т  А  Л  О  М  Ю  Т 

Ы  Ш  М  К  П  Ь  Е 

А  Қ  А  Н  Ш  Е  Р 

Н  П  Л  А  Т  Т  П 

А  Ғ  Е  Л  Е  Р  Е 

Л  Р  Ф  О  Е  Н  Л 

А  О  А  Н  Т  Н  О 

М  Т  Т  Қ  А  И  Г 

 

Сөздер:  (тышқан,  планшет,  телефон,  компьютер,  телефон,  алма, 



ғаламтор, пернетақта, логин

 

5 тапсырма. Математикалық есептерді шешу: 

1. Apple I түпнұсқа компьютері X долларға сатылған болатын. X 999,99 

санынан 1,5 есе аз. X неге тең? (666,66

2.  Стив  Джобс  Стив  Вознякпен,  Джобс  x  жаста,  ал  Возняк  y  жаста 

болғанда танысты. Мыналар белгілі: 

y – x  = 5 

x + y = 37 

x және y-ті анықтау. (16 и 21

3. Стив Джобстың аяғының өлшемі 2

5

+16 болатын. Бұл қандай өлшем? 



(48

 

6 тапсырма. Ребусты шешу: 



Сөз (Гений - Данышпан) 

 

7  тапсырма.  Жыл  мен    Apple  компаниясының  логотипі  арасындағы 

сәйкестікті табыңыз  

 

а) 1976 

б)1976-1998  

в) 1998 – 2000 

г) 2000 – 2007 

д) 2007 – осы уақытқа дейін 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

 



6.

 

Қонақтар үшін викторина. 

Ойын  қорытындылары  жасалғанға  дейін,  қонақтарымызды  шағын 

викторинаға қатысуға шақырамын. 

3 сұрақ қойылатын болады. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Бірінші 

болып қол көтерген адам жауап береді.  

 

Назар аударыңыздар, сұрақ: 

1.

 

Стив Джобс қандай маркалы автокөлікті нөмерлік белгісіз айдап 



жүрді? (Mercedes).  

Жеңімпазымызды құттықтаймыз! 

2.

 



Алғаш 

рет, 


әмірлер 

жолағының 

орнына 

графикалық 



қолданушылық  интерфейс  қолданылған,  Apple  компаниясының  компьютері 

қалай аталады? (Lisa

3.

 

Стив әр қашан осы фолк-әншісіне таңданатын. Жас кезінде Стив 



гитарада  ойнап,  оның  әндерін  айтатын.  Оның  көп  достарының  айтуы 

бойынша, ол 80-інші жылдары Джоан Баэзбен ,ол осы әншінің бұрын жүрген 

қызы болғандықтан ғана кездескен. Әншінің атын атаңыз  (Боб Дилан, 1941

 

7.



 

 Ойынды қорытындылау. Сыйлықтар тапсыру. 

Ал  енді  командалардың  барлық  ойыншыларын  менің  жаныма  келуге 

шақырамын.  

Сонымен,  біздің  «iГений»  интеллектуалдық-танымдық  ойынымыздың 

жеңімпазы кім болды екен? 


Алған  3-інші  орын  үшін  __________  командасы  марапатталады, 

команданың ұпай саны ___. Қол соғып қошеметтейік! (марапаттау) 

Құрметті  2-інші  орын  ____________  командасына  ,  команданың  ұпай 

саны ___. (марапаттау). Ду қол шапалақ! 

Және «iГений» атағына __________ командасы ие болды, команда ____ 

ұпай жинады! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! (марапаттау).  

 

Қатысушыларды өз орындарына жайғасуларын сұраймын. 



 

Назарларыңызға  «Стив  Джобстың  ұлы  сөздері»  атты  бейне  баян 

ұсынылады.  

 

Бүгінгі  кураторлық  сағат  қонақтарына  назар  қойып  тыңдағандарыңыз 



үшін,  және  ойыншыларымызға  –  тартысты  ойын  үшін  алғыс  білдіремін! 

Кезекті жеңістер тілейміз! 

Осымен  кураторлық  сағатымыз  жабық  деп  жарияланады.  Сау 

болыңыздар! Келесі кездескенше! 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал