Сборник задач по математическому анализу. М., 2003. Аннотация Понятие предела функции одна из важнейших концепций математического


бет9/27
Дата22.04.2017
өлшемі
түріСборник задач
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27


самостоятельная работа студентов
118

Хабаршы •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы •  Серия «Физико-математические науки», 
_________________________________ М2 (50) -2015_________________________________
Abstract.  This article discusses the students' independent work on the credit system o f education. 
Lists guidelines fo r  physics-based credit system. Analyzed in detail the possibility o f using information 
technology in  the  organization  o f independent work on credit technology.  Also considered an effective 
use  o f interactive  whiteboards  in  the  teaching process  at  the  request  o f innovative  technologies  and 
methods o f teaching.
Keywords:  Credit learning technology,  independent work student
Ә О Ж  378.016.
Г.Б. Алимбекова,  M.A. Қойшыбаева* 
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
(Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университеті,  * - магистрант)
Аңдатпа.  Мақалада,  мектепте  технология  сабагына  интерактивті  тацтаны  қолдана 
отырып,  оқушыларды  ұлттық  өнерге  кәсіби  даярлау  әдістері  царастырылды.  Оцушыларды 
ұлттың өнерге баулуга болашаң мүгачімдерді үйрету,  бір жагынан,  цазіргі кездегі элеуметтік- 
экономикалық үдерістер және оцытуды соган бейімдеу мәселесімен астарласып жатса,  тагы 
бір жагынан, жастар арасындагы үлттық өнерге көзқарастагы ауыпщулар,  өнерге деген талап 
пен  талгамның  өзгеруіне  байланыстылыгы  айтылады.  Технология  пэні мүгалімініц  көпсалалы 
кәсіптік қызметінің сапалы болуы үшін нәтижелі де тиімді жолдары мен әдістері анықталды. 
Оқушыларга бүрыннан қалыптасқан ұлттық өнер дәстурін мецгерту және сапасын арттырып 
жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.
Түйін  сөздер:  интерактивті оқыту,  үлттыц  өнер,  ацпараттандыру,  уздіксіз білім беру, 
интеграциялау,  жаңа ацпараттыц технология,  педагогикалыц технология.
Біз  бейбіт  елде,  мемлекеттік  білімді  жетілдіруге  аса  мән  берген  елде  тұрамыз. 
Ж алпы  
білім  берудің 
мақсат ы
 
-   терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін 
багдарлай  білуге,  өзін-өзі  дамытуға  адамгершілік  тұрғысынан  жауанты  шешімдерді 
қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 
негізделген,  ақпаратты технологияны терең меңгерген,  жылдам өзгеріп  жататын бүгінгі 
заманға лайықты,  жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үдерісі  әлемдік  бәсскелестікті 
күшейте  түсуде.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті 
50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында  «Білім  беру  реформасы  -  
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 
маңызды қүралдарының бірі», деп атап  көрсетті  [1].
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы заңында: 
«Білім  беру жүйесініц  басты 
міндеттерінің бірі -  білім беру багдаряамаларын меңгеру үгиін жагдайлар жасау керек» 
-  деп 
көрсетілген  [2].  Солардың  бірі,  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында 
дидактикалық  жэне  окыту  қүралы  болып  компьютер  саналады.  Сондықтан,  кез  келген 
білім  беру  саласында  мультимедиялық,  интерактивті  тақта,  электрондық  оқьггу 
қүралдары 
барлық  пәндерді 
оқытуға  пайдаланады. 
Бүл 
бағытга  ақпараттық 
технологияны оқыту үдерісіне екпінді түрде енгізу бағытында жэне қолданылатын жаңа 
қүралдардың  бірі  -  багдарламалық  -   техникалық  кешен  болып  саналатын  «Активті 
экран» болып табылады.
Білім  беру  үдерісін  ақпарагтандыру  -   жаңа  ақпараттық  технологияларды 
пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқьггу мақсаттарын  жүзеге
119

ФИЗИКА.  ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ФИЗИКИ
асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үдерісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарлатуды көздейді.
Бэсекеге  қабілетті  болу тікелей  білімге  байланысты.  Біз  жаңа технологияға,  жаңа 
өркениетті  дамуға  байланысты,  басқа  өркенді  елдердің  көптен  бері  пайдаланып  келе 
жатқан  нитерактивті  қүралдарын  қолдаиып  отырмыз.  Бүл -  біздің  Қазақстаннның  алга 
қарай  жылжуыньің  нышаны  болып  табылады.  Ғылыми  білім  беруде  интерактивті 
гақтаның  мүмкіндігі  мол.  Интерактивті  қүралдарды  қолдану  арқылы  оқушы  білім 
кеңістігіне еркін бойлай алады [3].
Оқу  үдерісінде,  оның  ішінде  практикалық  сабақтарда  интерактивті  қүралдарды 
қолдану  мүғалімнің  жеке  тәжірибесіне,  шығармашылық  ізденісіне  байланысты. 
Интерактивті  қүралдар  оқыту  формасын  үйымдастыруды түрлендіруге,  дэстүрлі  оқыту 
әдістеріне  жаңа элементтер  енгізуге мүмкіншіліктер  жасайды.  Бүл оқушылардың пәнге 
деген  қызығушылығын  арттырады.  Интерактивті  қүралдарды  оқыгу  үдерісіне  орынды 
қолдану,  оқыту  сапасын  жетілдіруге  көмектеседі.  Технология  пэнінде  интерактивті 
тақтаны қолданып өткізген сабақ үлгісінің бірі.
Сабацтың тақырыбы:  ілмек бізбен «Роза гүлін току» әдістері.
Сабаңтың мақсаты:  ілмек бізбен роза гүлдерінің түрлерін тоқып үйрету.
Білімділік:  оқушылардың  ілмек  бізбен  тоқу  әдістері  туралы  білімдерін
қалыптастыру;  тоқудың  жобалары мен  схемаларын  оқьш  үйрену жэне  жүмыс  кезіидегі 
қауіпсіздендіру ережелерін  үйрету;  сабақ барысында қолданылатын  қүрал  -  жабдықтар 
туралы мәліметтерді қайталау.
Дамытушылыц:  ілмек бізбен  тоқу білімдерін, қол икемділіктерін жэне танымдық 
қызыгушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік:  табиғат  пен  ұлттық  өнердегі  сүлульгқты  түсініп,  әдептілік  ережелерін 
бойына сіңірген,  шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:  тест, түсіндіру,  сарамандық жүмыс.
Қажетті цұрал-жабдъщтар,  көрнекіліктер:  ілмек біздің түрлері, тоқыма жіптер, 
ілмек  бізбен  тоқудың  негізгі  әдістерінің  үлгілері,  «роза  гүлін  току»  технологиялық 
нүсқау карталары, компьютер, интерактивті тақта, тесттік тапсырмалар.
Пзнаралъщ байланыс:  үлттық онер, сызу, бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы:
I.  Үйымдастыру бөлімі:
а) сабаққа қатысты бақылау; 
э) сабаққа дайындығын тексеру.
II.  Сабақтың тацырыбын жариялау.
Бүгін біздің үйренетініміз  «ілмек бізбен тоқу өнері».  Бүл  коп оқушыларға белгілі. 
Сонда  да,  бүл  өнерді  дүрыс  орындай  білу  технологиясы  бэріне  керек  деп  ойлаймыз. 
Әсіресе,  коркем  де  эсем  бұйымдар  жасайтындарға  қызық  болуы  мүмкін.  Қарапайым 
ілмек  біз 
күралы  арқылы  қиын  емес  операциялар  жолымен  тұрмыстық,  бірегейлі 
заттарды жасауды білу -  жаңашыл  өмірде қажет болуы сөзсіз.
III. Жаңа тацырыпты мазмүндау.
Ілмек  бізбен  току  -   бүл  сэндік-қолданбапы  шығармашылық  түрлерінің  бірі.  Ол 
өнерге жақын болуға мүмкіндік береді.
Ілмек  бізбен  жүмысты  бастамас  бүрын,  компьютер  жэне  интерактивті  тақта 
арқылы  видеофильмдерді,  слайдтарды  (3-5  мин)  қарап  шығамыз.  Сонымен  қатар, 
зертханада  жасалған  көрмелерді,  құрал-жабдықтарды,  қауіпсіздік  ережелерінде  қарап 
шығу қажет:
1.  Көрмеге  цойылган заттардац  көрсетілімі.  Интерактивті  гақта арқылы көрмеге 
қойылған  суреттердегі,  фото  суреттердегі  жэне  сән  журналындағы  ілмек  бізбен
120

Хабаршы •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки», 
_________________________________ М2 (50) -2015_________________________________
тоқылған  заттардың  слайдтарын  шолу.  Сонымен  қатар  роза  гүлінің  тоқу  эдісін  видео 
көрнісін интерактивті тақта арқылы тамашалау.
2.  Қүрал  -  жабдықтар.  Ілмек  бізбен  тоқылған  мата  фактурасы  -   өзіне  сэйкес 
жіптің  айқасуымен,  тығыздығымен  жэне  аздаған  созыңқылығымен  ерекшеленеді.  Бұл 
қасиеттер  ілмек  бізбен  тоқыған  кезде  тек  тоқыма  жіпті  ғана  қолданбай,  мақта,  қағаз, 
жібек жібін де қолдануға мүмкіндік береді.  Өрнек пен жіптің қалындығына қарай ілмек 
бізді таңдап алады.  Ілмек біздер: металдан, сүйектен, пластмассадан, ағаштан жасалады. 
Ілмек біздің қалыңдығы да эртүрлі болуы мүмкін (2мм -ден  8мм -ге дейін). Диаметрі 4-9 
мм 
ілмек  біздерді  қалың  жүн,  тоқыма  жіп  бұйымдарға  қолданады.  Ирис  мулине, 
ромашка жіптері үшін жіңішке ілмек біздер  (2  -  Змм) қолданады.  Ілмек біз -  жіптен екі 
есе қалың болуы керек.  Бүйым  тоқуды бастамас бүрын, ең алдымен, үлгісін тоқып кору 
керек. Жіптің қалыңдығы мен ілмек біздің қалыңдығының сәйкестілігі тексеріледі.
3. Жүмыс орнын ұйымдастыру.
Жүмыс бастамас бүрын жүмыс  орнын дайындап алады. Тоқыған кезде бұл орынға 
жарық сол жақтан  жақсы түсіп отыру керек.  Арқаны орындықтың арқасына сүйеп түзу 
отырьга, көз бен жүмысқа дейінгі қашықтықтың 35 -  40 см болуын қадағалауымыз керек. 
Қашықтық  тым  жақын  болса,  көздің  көрушілігі  азайып,  көзге  шаң-тозаң,  жіптің 
бөлшектері түсіп кетуі мүмкін. Тоқыған кезде жіп арнайы сауытта, жерде тұруы қажет.
4.  Жұмыстың қауіпсіздік ережелері:
1)  Жүмыстың алдында қолды жуған дұрыс.
2)  Ілмек біздер жақсы тазаланып, арнайы орында сақталуы қажет.
3)  Жүмыс  кезінде  ілмек  бізді  ұстаған  қолыңды  кенеттен  сермеуге,  қозғауға 
болмайды, қасыңдагы отырған оқушыны жарақаттап алуың мүмкін.
4)  Бірнеше  сағат  бойы  отырып  тоқуға  болмайды.  Үзіліспен,  2  сағат  жұмыс 
істеуге тырысыңдар.
5)  Жұмыстың  соңында  барлық  құрал-жабдықтарыңды  арнайы  орынға  жинап 
қою қажет.
5.  Интерактивті  таңта  арқылы,  «Ілмек  бізбен  тоқудың  негізгі  әдістерінің» 
технологиялық нүсқау картасын талдау арқылы,  әдістерін корсету.
Ілмек бізбен тоқу  әдістерін  көбің  білесіңдер  жэне де  ілмек  бізбен тоқыған кезде,  ілмек 
бізді оң қолға карындаш сияқты үстайтынын естеріңе сақтаған боларсындар. Ілмек біздің 
басы капай қозғалса да,  өзіңе  қарай  бұрылып түруы керек.  Шумақ жіптен  жіптің ұшын 
сол қолдың (тырнаққа тақау) сүқ саусағы арқьшы асып алып, өзіңе қарай үлкен саусақпен 
қысып  алынады.  Бір  жағынан  жіп  ортаңғы  саусақтың  астынан  жіберіліп,  содан  кейін 
төртіншінің үстіне жэне бесіншінің астына жіберіледі.
6.  Ілмек бізбен тоқудьің негізгі әдістерініц техникасы.
Тоқу үдерісі барысында жіпті -  сол қолга, ал ілмек бізді - оң қолга үстау керек.
1. 
Оқушылардың өз бетінше жұмысы.  «Роза гүлін» ілмек бізбен тоқу.
Бірініиі жол:  жүмыс  орнын  үйымдастыру  жэне  жүмысқа  қажетті  қүрал- 
жабдықтарды  қабылдап алу, қауіпсіздігін тексеру;
Екінші жол:  еңбек  амалдарьш  орындаудың  дүрыстыгын  жэне  операциялардың 
технологиялық бірізділігін тексеру;
Үшінші жол:  Жүмысты  орындаудың  дүрыстыгын  тексеру.  Өзін-өзі  бақылау,  жүмысты 
қабылдау  мен  бағалау.  Тапсырманы  жылдам  орьшдаған,  үлгерімі  жақсы  оқушыларға 
қосымша тапсырмалар беру.
2. Көзді шынықтьіру.  1. Орындықта отырғанда асықпай, көзді астыдан үстіге қарай 
және керісінше қараймыз (бас қозғалмайды) 8 - 1 2  рет қайталау.
3. Енді көзімізді оң жақтан солға қарай жэне керісінше қараймыз. 8-10 рет қайталау.
ІҮ.  Қорытынды.
121

ФИЗИКА. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ФИЗИКИ
1)  Жүмыс  барысында  оқушылардың  жіберген  өрескел  қателерін  жэне оның 
себептерін талдау;
2)  Жалпы оқушылардың теориялық білімдерін сараптау үшін активойд (тест 
жүмысын жүргізу.
3)  Әрбір оқушының істеген жүмыстарын бағалау.
Қарапайым  тақта  жэне  компьютер  проекторына  қарағанда,  интерактивтік  тақта 
сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану 
кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сабақты сауатты жоспарлап, керекті 
материалдарды дайындау керек.
Сабақта  мұғалім  интерактивтік  тақтаны  бір  емес  бірнеше  рет  пайдалана  алады, 
қарапайым  тақтаға  қарағанда  интерактивті  тақта  пайдалануга  ыңғайлы,  эрі  уақыт 
үнемдейді.
Сабақ дайындығына дүрыс уақытты қалай  бөлу  керек?  Әр сабақта пайдаланатын 
көрнекі  құралдарды  қалай  дайындайды.? 
Біз  аталған  сүрақтарға  жауап  беруге 
тырысамыз.
Интерактивті  тақта  оқьггудың  басқа  тәсілдеріне  қарағанда  (салыстырғанда), 
көптеген  жетістіктері  бар  [4].  Бұл  жетістіктер  туралы  өз  сабақтарында  интерактивтік 
тақтаны  пайдаланатын  мұғалімдер  ғана  айта  алады.  Қызметтестер  мен  біріге  отырып 
сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бүл тек қана міндеттерді 
бөліп  беру  мен  уақытты  үнемдеу  ғана  емес,  сонымен  қатар  берілген  материалдардьщ 
сапасын да арттырады.
Интерактивтік  тақта  оқыту  тиімділігін  қалай  арттырады?  Сабақта  интерактивтік 
тақтаны  қолдану,  баланың  мектепте  оқуға,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыра  ма? 
Мұны қалай жүзеге асыруға болады?
Бүл  мақалада  біз  білім  беру  саласында  интерактивтік  тақтаны  қолданудың 
3  бағытын қарастырамыз  [5J:
1.  Презентация,  демонстрация  жэне  модельдерді  интерактивтік  тақтамен  көрсету 
арқылы, сабақтың өтілу барысының сапасын арттыруға болады.
2.  Оқушылардың  сабаққа  қызығушылығын,  белсенділігін  арттыру.  Сабақта 
интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың белсенділігін  қалай  арттыруға 
болады.
3.  Интерактивті  тақтаны қолдану  барысьшда  сабақ темпін  арттыру.  Интерактивті 
тақтамен жүмыс кезінде сабақты жоспарлау жэне оның темпін қалай арттыруға болады.
Мұғалімдердің  көрсетуінше  интерактивтік  бағдарлама  олардың  жартылай 
жүмысын  атқарады.  Мысалы,  белгілі  бір  материалды  интерактивтік  тақтада  орындау 
арқылы файлдағы белгілер мен өзгерістерді сақтап қалуға болады, мұны сабақта болмай 
қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Оқу  материалдар  базасын  жасау,  қызметтестермен  жасаған  материалдарды  өз 
сабағында  пайдалану  арқылы  мүғалімдер  уақытын  үнемдейді.  Материалдарды  оқып 
үйрену  барысында  интерактивтік  тақтаны  пайдалану  білім  өрісін  кеңейтуге  мүмкіндік 
береді,  сондықтан  мүғалімдердің  дайындаған  материалы  оқушыларға  түсініктірек 
болады.
Көгі  мүғалімдердің  байқағанындай  сабақ  оқушыларға  қызықты  жэне  дәлелді 
(мағыналы)  болады  жэне  оны  оқушылар жылдам  есте  сақтайды.  Интерактивтік тақта 
оқу  сапасьш  жоғары  деңгейге  көтеруге,  сонымен  қатар,  мүгалімдердің  уақытын 
үнемдейді  Мұғалім 
бүрын 
өтілген  материалдарды  екінші  рет  қайталац  қарауға, 
интерактивті тақтаны пайдаланады.
Интерактивтік тақтаны дұрыс  түсіну керек,  ол  сиқыршының таяғы емес.  Өйткені, 
сабақтағы  барлық  мәселелер,  бағдарламалар,  сабақтың  өтілу  жоспарлары,  сабақтың
122

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки», 
_______________________ №2 (50) -2015 
______________________________
сапасыньщ  дурыс  болу,  тек  қана  мұғалімнің  еңбектенуінің  арқасында  гана  болатьш 
жағдай.
Интерактивті  тақтаны  барлық  сабақта  қолдану  мүмкін  емес,  эсіресе  түсіндіруге 
қиын,  болмаса  оқушының  қабылдауы  төмен  болатын  сабақтардың  эрбір  сатысында 
қолдануға болады.  Интерактивтік  тақтамен  бірге  жүретін  бағдарламалық нұсқаулықты 
жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолдануымыз қажет. Жоғарыда айтылғандарды 
қорытындылай келе, айта кетейік: сабақ алдын-аііа дайындалған болуы керек, сонда гана 
материалдар түсінікті де,  эрі жылдам түсіндіріледі.
Интерактивтік  тақтада  бір  уақытта  бірнеше  материалдарды  қолдануға  болады: 
бейне,  дыбыс,  сурет,  мэтін,  және  т.  б.  Сабақ  соңына  дейін  логикалық  үздіксіз  түрде 
болса,  сонда  ғана  сабақ  қойылған  мақсатына  жетеді.  Сабақ  кезінде  сақталған  файлдар 
оқушыларға беріледі:  сондай  -  ақ бұл  файлдарды  келесі  сабақта  өтетін  материалдарды 
қайталау жэне толықтыру үшін қолданылады.
Компьютер  жэне  интерактивті  қүралдар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  үдерісі 
оқушының  жаңаніа  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстармен 
заңдылықтарды  табуға  итермелеп,  нэтижесінде  -  өздерінің  кэсіби  потенциалдарының 
қапыптасуына  жол  ашуы  керек.  Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қогам  аймағында, 
оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын  жэне  компьютерлік  оқыту  ісін 
дамытатын  жалпы  заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық  технологияларды  гана 
тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың  интерактивті  қүралдар  көмегімен  қалыптасатын  жэне  жүзеге 
асырылатын  ойлау қабілеті  бұрынғы технологиялар  арқылы берілетін  ойлау жүйесінен 
өзгеше  болатындықтан,  тек  ойлау  қабілеті  түсінігі  гана  емес,  қабылдау,  есте  сақтау 
жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті қүралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады  [6]:
1.  Бормен  тақтаға жазылған  кескінді,  интерактивті  тактадағы түрлі  -  түсті  айқын, 
үқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен эр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиьш 
эрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4.  Сабақта  ACTIVote  тесгілеу  жүйесі  арқылы  тест  алу  мүмкіндігін  қолдануға 
болады.
5.  ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жогарғы бөлігіне кішкентайларга 
да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6.  Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7.  Сабақтың сапасы мен көрнекілігі артады.
8.  Окушылардың білім деңгейіне он эсер етеді.
Қорытындылай  келе,  интерактивті  қүралдарды  орынды  қолдану,  оқьггу  сапасын 
арттыруға,  жетілдіруге  көмектеседі.  Интерактивтік  тақта  сабаққа  қатысушылардың 
барлығыньщ  ойын  бір  ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  өңдеу  арқылы  жалпыланған 
ақпараттық  біліктілікті  қалыптастыратын  тиімді  қүрал  болып  табылады.  Алдын  ала 
дайындалған  оқу  матеоиалдары:  презентациялар,  мэтіндік,  графикалық  ақпараттьщ 
объектілер  -   сабақтың  жақсы  өтуін  жэне  барлық  ақпарат  түрлерін  қолдануды 
қамтамасыз етеді.
1.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы -   қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.// Ақиқат, №1, 2013. -  5-
27 бб.
123

ФИЗИКА. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ФИЗИКИ
2.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  заңы».  -   Астана,  2000.  18-бабының  8- 
тармағы.
3.  Өстеміров  К.,  Сүлейменова  Ә.  Технология 
пәні  бойынша  дидактикалық
материалдар. -Алматы, 2007. -   192 б.
4.  Қараев  Ж.А.  Компьютерді  оқыту  процесіне  пайдалануға  кіріспе.-Алматы,  Рауан. 
1992, -90-101с.
5.  Педагогические  технологии  информатизации 
образования 

Под 
ред.
Беркимбаевой Ш.К. -  А.: 2002.  - 132 с.
6.  Садыбекова Ж. 
«Оқу-тәрбие 
үдерісінде ақпаратгық-коммуникациялық
технологияны қолдану қажетгіліп» // Информатика негіздері. №4, 2008,  -4-5  б.
Аннотация.  В  статье рассмотрены,  интерактивные  методы  обучения  национальному 
искусству в средней школе на уроках технологии.  Национальному искусство,  как и любые другие 
виды  искусства,  как и вся система образования и культуры в нашей стране,  призвано не только 
смягчать  жизненные  противоречия,  но  и  целенаправленно  влиять  на  нравственность  и 
духовность  подрастающего  поколения.  Многопрофильноеть  профессиональной  деятельности 
учителя технологии вызывает потребность и необходимость определения эффективных путей 
и  средств.  Обеспечивающих  не  только  эффективность  его  технологической,  но  и 
художественно  -технологической  подготовки  по  различным  направлениям  декоративно­
прикладной деятельности.
Ключевые  слова: 
интерактивные  обучения, 
национальной  искуства,  информация,
непрерывном  образовании,  интеграция,  новые  информационные  технологии,  педагогического 
технология.
Abstract.  The  article  discusses  professional  training  methods  mu  Art  in  high  school  in  the 
classroom  technology.  Multidiversity  o f  professional teacher’s  activity  o f technology raises  the  need 
and  the  necessity  to  identify  effective  ways  and  means  to  ensure  not  only  the  effectiveness  o f  its 
technological,  but  also  artistic  -  technological  training  in  various  directions  o f decorative  -  applied 
activity. Identified through analysis basis o f scientific research and existing practice contradiction allow 
to formulate the problem o f research.  What are the pedagogical conditions that ensure the effectiveness 
o f professional training o f future teachers o f technology to teaching students to decorative-applied art.
Keywords:  interactivon, formatization,  technology,  new  information  technology,  adaptation, 
educational technologu,  mixed media.
Ә О Ж   378.14;  537.11
Ә. Баймаханұлы, P. Башарұлы
ОРТА МЕКТЕП ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ 
ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН «ЛАЗЕРЛЕР ФИЗИКАСЫ» КУРСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
(Алматы қ., Абай атындагы  Қазақ үлттық педагогикалық университеті)
Аңдатпа.  Мацалада  лазерлер  физикасын  инновациялық  оқыту  жүйесініц  тақырыптық 
және  әдістемелік  екі  қыры 
қарастырылган.  6М060400-Физика 
мамандыгының  2  курс 
магистранттарына  және 
бейіндік  мектептіц  жогаргы  сынып  оқушыларына  арналган 
«Лазерлер 
физикасыныц» 
инновациялыц 
арнайы 
және 
элективтік 
курстарыныц 
байдарламалары  жасалынган.  Курстың  ңұрылымы  үш  логикалыц:  mapuxu,  физикалыц  және 
мәдени-әлеуметтік  бірліктерді  цамтиды.  Элективтік 
курстың  формалары  мен  әдістері 
қысқаша  баяндалган.  Мектепте  жэне  жогаргы  оқу  орындарында  жүргізілетін  курстардың 
айқын бащалатын айырмашыльщтары көрсетілген.
Түйін сөздер: лазерлер физикасы, мектеп,  магистратура,  инновация,  технология,  оқыту.
124

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки»,
№2 (50) -2015
XX ғасырды  шын мәнінде  «атом» немесе  «космос» деи  қана  емес,  сонымен  бірге 
«лазерлер» ғасыры деп те, атауға болады. Қазіргі заманда лазер сәулеленулерінің ерекше 
қаснеттерін қолданбайтын гылым мен техниканың саласьш іздеп табу қиын. Солай бола 
тұрса да, лазерлерге мектептің физика оқулығында бір ғана,  кішірек параграф  арналған 
[1]. 
Оған  қарағанда  педагогикалық 
ЖОО  лазерлер  тақырыбын  қарастыратын 
материалдың ауқымы кеңірек.  Қалай болғанда да, лазерлер  физикасының даму тарихы, 
оның  элеуметтік-мэдени  жэне  әдіснамалық  қырлары,  лазерлер  технологиясының 
ғылыми жэне практикалық қолданылулары оқушылар мен студенттердің  назарынан тыс 
қалып  отыр.  Осылардан  барып,  «Лазерлер  физикасы»:  тарихы,  мазмұны,  жэне 
қолданбалы  құрылымдары  туралы  арнайы  жэне  элективтік  курсын  оқытудың 
инновациялық әдістемелік жүйесін жасап, оқу үдерісінде қолдану қажеттілігі туады.
Осы  орайда  инновациялық  қадамның  екі  түрін  атап  өтуге  болады:  тақырыптық 
жэне әдістемелік. Басқаша айтқанда, нені оқыту (оқу материалының мазмұнын анықтау) 
жэне қалай оқыту (оның оқыту әдістемесін жасау)  екендігін ұғыну керек.
Алдымен  инновациялық қадамның тақырыптық (мазмүндық) қырына тоқталайық. 
Лазерлер  физикасьшың,  эдеттегідей  іргелі  жэне  қолданбалы  бөлімдерін  алайық.  Оның 
алғашқысының өте үлкен әдіснамалық жэне ғылыми-таньмдық әлеуеті бар. Расында да, 
лазерлер  ашылған  соң,  сызықты  жэне  сызықсыз  физикалардың  арасына,  өзінше,  көпір 
салынды.  Қазір  оқытылып  жатқан,  бізге  бұрыннан  белгілі  физикалық  қүбьшыстар  мен 
заңдар,  сызықтық  сипатта  еді.  Бұл  оптика  саласына  да  қатысты.  XX  ғасырдың  екінші 
жартысындагы,  радиотехника  мен  радиофизиканың,  вакуумдық  жэне  қатты  денелік 
электрониканың дамуына байланысты жаңа ғылыми бағыттар сызықсыз -   оптика жэне 
лазерлер физикасы пайда болды.  Айтылган  дерек аса маңызды болып табылады,  себебі 
қазіргі  физика  екібастан  сызықсыз  жэне  оньщ  бүдан  эрі  дамуы  да  осы  арнадан 
шықпайды.  XXI  ғасыр  физикасының  сызықсыз  екендігін  негіздеу  -   инновациялық 
идеяның  бірегейі,  оның  маңызын  лазерлер  физикасын  оқытуда  аша  түскен  абзал. 
Лазерлер  физикасы кванттық механиканың бір тармағы ретінде  қарастырылатындығын 
ескерсек,  ол  өз  кезегінде  қазіргі  заманғы  элемнің  физикалық  бейнесімен  астасып 
жататындыгын кореміз.
Лазерлер  физикасыньщ  қолданбалы  сипатына  тоқталар  болсақ,  бұдан  жарты 
ғасырдай  бүрын,  яғни  лазерлердің  жүмыс  істеу  принциптері  кең  қөлемде  белгілі  бола 
қоймаған кездері,  оларды қолдану туралы айтқанда тек  «мүмкін» деген  сөзд қосылушы 
еді.  Бүгіндері лазердіц барлық қолданыс «мамандығын» санап шыгудың өзі қиьш.  1960- 
шы жылдардың ортасынан бастап, ғалымдар лазерлердің жаңа түрлерін ойлап шығаруға 
ерекше  көціл  бөлді.  Химиялық  лазерлерді  жасап  шығарды,  органикалық  бояу 
ертінділерін  белсенді  орта  ретінде  пайдалана  бастады,  қатты  денелік,  жартылай 
өткізгіштік,  сүйықтық,  газдық,  металл  буларындагы  лазерлер,  еркін  электрондардагы 
және боялу орталықтарындағы лазерлер  жасалды.  50 жылдық қарқынды даму жолында, 
лазерлік  қондырғылар  жүмыс  жасайтын  жиіліктердің  диапозоны  кеңейгендігі  сонша, 
радиотолқыннан  бастап рентгенге дейін, әуелі одан эрі гаммалық диапазонына жетті.
Өткен  ғасырдың  1970-1980-ші  жылдары  лазерлік  құрылғыларды  белсенді  түрде 
жетілдіре  түсті:  сәуленің  бүрыштық  алшақтауы  мен  импульс  жиіліктерінің  арту 
шарттары  жасалынды,  сәуленің  спектрін  басқарып  отыру  үшін,  лазерлік  сәулеленудің 
басқа да параметрлері жақсартылды.
Соңғы  онжылдықта  лазерлерді  қолданудың  аса  маңызды  аясы  коммуникация 
қүралдары  болып  отыр.  Оларды  ойлап  тауып,  жетілдірудің  арқасында,  телефон 
жүйесінің  дамуы,  оптиалық-талшықтық  байланыс,  спутниктік  жүйенің  радио-  жэне 
теледидардан хабар таратуы үдей түсті. Лазерлер ғылым мен техниканың микро-, макро-

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал