Сборник задач по математическому анализу. М., 2003. Аннотация Понятие предела функции одна из важнейших концепций математического


бет23/27
Дата22.04.2017
өлшемі
түріСборник задач
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

232

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки»,
№ 2 (50) -2015
функциональдық сауттылықты дамытудың ерекшеліктері атап көрсетіледі.
Түйін  сөздер:  болашақ  мұғалімді  кэсіби  дайындау,  құзыретгілік,  оқушылардьщ 
функционалдық сауаттылығын дамыту, әдіснамалық ыңғайлар, технологиялық ыңғай.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік -  экономикалық, саяси өзгерістер, күннен 
-  күнге  үдеп  келе  жатқан  интеграциялық үрдістер,  еңбек  нарығындағы  бэсекелестіктің 
артуы  жоғары  оқу  орнын  бітіретін  мамандарға  қойылатын  талаптарды  күшейтуде. 
Сондықтан да жоғары оқу орындарында уақыт талабына сай білім мен ғылымды игерген
сауатты  да  салауатты,  шығармашыл,  кәсіби  қүзыретті,  функционалдық  сауатты 
ақпараттық мәдениеті қалыптасқан мамандар дайындаудың қажеттілігі артуда.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы қалыптасқан  -  мемлекеттің  жаңа саяси  бағыты»  аггы  Жолдауында:  «Біздің 
жастарымыз  оқуға,  жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен 
технологияны күнделікті өмірде  шебер де тиімді пайдалануға тиіс.  Біз  бүл үшін барлық 
мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы жағдайлармен қамтамасыз  етуіміз  керек»,- деп  білім 
саласынның  алдына  зор  міндет  жүктелген  [1].  Қазақстан  Республикасында  білімді 
дамытудың 2011  - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында экономиканың 
түрақты  дамуы  үшін  білімнің  сапасын  арттыру  арқылы  адами  капиталды  дамыту  алға 
қойылып отыр  [2].
Қоғамның  ақпараттық  даму  жағдайында  дайын  технологияларды  пайдалану 
деңгейі  мен  оларды  жасау деңгейі  арасында алшақтық байқалып  тұрады,  ол  білім  беру 
арқылы  біліктілігі  жоғары  мамандарды  даярлауды  баяулатуға  болмайтындығына  талап 
қояды.  Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімнің  кәсіби 
технологиялық құзыреттілігін калыптастыру басты назарда болуда.
Бүгінгі  таңдағы  оқу  үдерісінде  қолданылатьш  ақпараттық  технологиялар  ЭЕМ 
қолдануга негізделген.  Замани  ЭЕМ-дер  формальданган  білімдерді  өңдеу мен  бейнелеу 
үшін  үлкен  есептеу  мүмкіндіктеріне  ие  жэне  білімді  ұйымдастырудың  мейлінше 
жетілдірілген  формаларын жасау  жэне  оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. 
Дегенмен біздің анықтауымыз бойынша ЖОО оқу үдерісі білімді формальдау әдістеріне 
оқытуды  жетілдіру  қажеттілігі  анықталды.  Бүл  студенттерге  болашақ  кәсіби  іс- 
ерекетінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолданумен қатар оларды 
жасауга оқытуды қажет етіп отыр.
Сондықтан  қазіргі  кездегі  оқыту  әдістемелерінде,  маман  даярлауда  ЭЕМ 
мүмкіндіктері  толық  жеткілікті  түрде  қолданылмауда,  бүл  өз  кезегінде  ақпараттық 
технологиялардың  дамуының  қол  жеткен  деңгейімен,  осы  кезде  қалыптасқан  оқыту 
әдістемелері  мен  технологияларының  арасында  қарама-қайшылықтың  пайда  болуына 
алып келеді.
Бүл  қайшылықты  шешу  үшін  педагогика  ғылымы  мен  оқыту  теориясынан  терең 
ойластырылган, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталган жаңа  инновациялық 
білім  беру технологияларын  қүру қажет  болады.  Адамзат  тарихында іс-әрекетті  жүзеге 
асыру қүралдарды ғана дамып қоймай,  осы қүралдарды, қогамдық тәжірибені жасайтын 
адамның  дамуы  басты  мәселе  ретінде  қарастырылады.  Адам  даму  индексі  (АДИ) 
олардың  өмірінің  үзақтығы,  білім  алу,  денсаулық  сақтауға  арналған  мүмкіншіліктері, 
табыс  табу  мен  жүмыс  жагдайлары  сияқты  факторларды  есепке  алу  арқылы 
мемлекеттерді  салыстыратын  көрсеткіш.  Олар  негізінде  халықаралық  салыстырулар 
жасалып,  мемлекеттердің бүл саладагы жетістікгері айқындалады.
Адамның  қогамдық  түлға  ретінде  қалыптасуында,  оның  дамуға  деген  табиғи 
қабілеті  мен  өзіндік  белсенділігінің  алар  орьшы  ерекше  аса  маңызды.  Осыган  орай 
жаңаша  ойлайтын  маманды  қалыптастыруға  бағытталған  университеттік дайындаудың 
«өзіндік  философияга»  негіздслген  жаңа  парадигмасының  өзектілігінің  артуы  заңды
233

ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
_______________________ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВ А Н И Я _____________
құбылыс.
Болашақ  маманның  функционалдық  сауаттылығы  мәселесін  философиялық, 
психологиялық,  педагогикалық  тұрғыдан  қарастыра  отырып,  олардағы  келтірілетін  ой- 
қорытындылар  мен  тұжьірымдар  біздің  зерттеуімізде  әдіснамалық  қызмет  атқарады. 
Философиялық 
зерттеулерде 
өзін-өзі 
дамыту 
адамды 
жетілдіру 
тұрғысынан 
қарастырылса,  психологиялық  зертгеулерде  түлғаның  белсенділігі,  әрекет  теориясы 
тұрғысынан зерттелінеді,  ал педагогикалық талдаулар  болашақ маманның кэсіби дамуы 
тұрғысынан талқыланады.
А.А. Бодалевтің пікірінше адамның өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігі мен қабілеті 
белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу барысында жеке тұлғасында сапалық өзгерістер орын 
алған  кезде  оңай  эрі  тез  айқындалып.  жүзеге  асады.  Екіншіден,  адам  белгілі  бір 
бағыттағы  саналы  іс  әрекетке  ұмтылып,  табанды  еңбек  етуі  барысында  өзі  үшіп  жаңа 
қасиеттерді дамыта алады. Бұл ретте белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға деген ұмтылыс 
өзін-өзі  дамыту қажеттілігінің жэне  оған даярлығының көрсеткіші  болып табылады  [3]. 
Бұл айтылғандар толығымен біз талқылап отырған болашақ мұғалімнің функционалдық 
сауаттылығы мэселесіне де қатысты деп санаймыз.
Осы айтылған пікірлер  «Функционалдық сауаттылықты дамыту» ұғымының өзіне 
тэн  сипаттамалары  туралы: 
біріншіден,  ол  жеке  тұлғаның  иедагогикалық,
психологиялық,  элеуметтік,  физиологиялық,  философиялық,  т.б.  сияқты  жан-жақты 
үрдістері  болыгі  табылатындығы,  екіншіден,  бұл үрдістер  негізінен  жасампаздық мэнге 
ие  екендігі,  үшіншіден,  олардың  жеке  түлғаның  барлық  өрістерін  қамтитын,  қарама- 
қайшылыққа толы сандық жэне сапалық өлшемдері болатындығы  жайында қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді.
Функционалдық  сауаттыльщты  дамытудың  мэнін  біздің  ойымызша,  түлғаның 
«дамуы»  мен  оның  «өзін-өзі  дамытуы»  ұғымдарымен  байланыста  қарастырылуы  тиіс. 
«ГІсихологиялық»  сөздікте  «даму»  молшерлік  өзгерістердің  белгілі  бір  өлшем  шегінен 
шығып сапалық өзгерістерге айналуы делінсе,  «түлғаның дамуы» үғымы жеке адамның 
әлеуметтенуі  мен  тәрбиесі  нэтижесінде  элсуметтік  қасиеті  ретінде  жеке  түлғаның 
қальштасу үрдісі деп түсіндіріледі [4]. Осы үрдістің барысында қалыптасатын қабілеттер 
мен  қызметтер  жеке  түлғаның  бойында  тарихи  қалыптасқан  адами  қасиеттерді  қайта 
жаңғыртады.
«Даму» -   жаңару  үрдісі.  Жаңаның  өмірге  келіп,  ескінің  жоғалуы  деген  мағынаға 
сэйкес.  Демек  жаңаның  пайда  болуы  мен  даму  тікелей  байланысты.  Барлық  табнгат 
қүбылыстары  сияқты  табиғат  туындысы  адам  да  диалектикалық  жолмен  дамып,  бір 
деңгейден екінші  деңгейге ауысьш,  өзгеріп отырады.  Дамудың барлық түрі -  қозғалыс, 
алайда  қозғалыстың  барлығы  бірдей  даму  бола  бермейді.  Тек  сапалық  өзгерістерді 
қамтамасыз ететін,  кері қайтпайтын сипаты бар қозғалысты даму деп айтуға болады [5].
Философиялық  эдебиеттерде  дамудың  үш  типі  қарастырылады:  прогрессивті, 
регрессивті  жэне  бір  жазықтағы  даму.  Прогрессивті  даму  -   қарапайымнан  күрделіге 
қарай,  төменнен  жоғарыға  қарай  шығу,  ескірген  сапалық  жағдайдан  жацага  қарай 
қозғалыс, жаңару үрдісі.  Бұл даму үстіндегі жүйенің одан да жоғары деңгейге көтерілуі. 
Жоғарғы  деңгей  томенгімен  салыстырғанда  күрделі,  жетілген,  мазмүны  жағынан  бай. 
Жоғарылықтың тағы да бір даусыз критерий! төменгі деңгейдің  сол  жоғарының  ішінде 
болуында.
Даму  үрдісінің  курделілігі,  қарама-қайшылықтылығы  мен 
спираль  түріндегі 
қүбылыс  болуы, мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің жетілуін оның өзінің алға қарай 
жылжуын  өзі  дайындайтын  үрдіс  деп  қарауға  мүмкіндік  береді  жэне  «өзін-өзі  алға 
ілгерілету» - «функционалдық сауаттылығын дамыту» үғымына сәйкес келеді. Өзін - өзі 
ілгерілетуде  сыртқы  эсерлер  аралық  роль  атқарады.  Түлғаның  функционалдық
234

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки», 
______________________ ________________ М 2 (50) -2015___________________ ___________________
сауаттылығы  өзін-өзі  ілгерілетуден  сапалық  сипатымен  ерекшеленеді  жэне  ол 
ұйымдастырудың жогары деңгейге өтуімен қатар жүреді.
Жеке  түлғаның  дамуы  осы  жеке  тұлғаға  тэн  түрткілер  жүйесі  басқаратын  іс- 
эрекетте  жүзеге  асады.  Мүнда даму  белгісі  ретінде  сапалық  және  сандық  нәтижелерде 
көрінетін  өзгерістері  алынады.  Әдетте  өзгерістер  жеке  тұлғаның  эртүрлі  өрістерін 
қамгиды.  Дегенмен,  эрбір  жеке  тұлға  үшін  бүл  өзгерістердің  орын  алуы,  белсенділік 
танытуы жағьшан жеке-дара болып келеді.
Даму  мен  өзін-өзі  дамыту  бір-бірінің  қайнар  көзі  бола  тұра,  бірін-бірі  байыта 
түседі. Өзін-өзі дамыту жеке түлғаны билеп алып, өз нәтижелерінің белгілі бір деңгейіне 
қол  жеткізе  отырып,  оқу мен  тәрбие  ықпалымен  одан  эрі дамудың  ең  жақсы немесе  ең 
жаман  алғышарттарын  жасайды.  Егер  оқу  мен  тәрбие  дамудан  айтарлықтай  озып,  ең 
жақын даму ерісінде болса, олардың  дамьгшалы нәтижесі болатыны белгілі.
Бүдан шығар қорытынды: өзін-өзі дамыту -  жеке  түлғаның бойында қайта қалпына 
келмейтін  сапалық  өзгерістердің  оньщ  өз  еркіне  байланысты  орын  алуы  жэне  жеке 
түлғаның өз дамуына өзі жауап беруі. Бірақ бұл бірден жүзеге аспайды, ол жеке адамның 
дамуының белгілі бір кезеңінде  орын алады.  Баланың баршаға таныс  «Мен өзім» деген 
сөзі  өзін-өзі  дамытудың  бастауы болып табылады.  Бірақ өзін-өзі дамыту  қажеттілігінің 
жеке тұлғаның түрақты қасиетіне айналуы үшін біршама уақыт қажет  [6].
Жеке  тұлғаның  қалыптасуының  бастапқы  кезеңдерінде  оның  белсенділігі  қарым- 
қатынас барысында кэсіби іскерліктерді қабылдауға даярлығы түрінде корінеді. Бірақ өсе 
келе  бүл  даярлық  өз  мінез-қүлқын  өз  бетінше  реттей  алатын  жеке  тұлғаның  өзіндік 
санасьшың  даму  қарқынына  байланысты  озгеріске  үшырайды.  Функционалдық 
сауаттылығын дамыту үрдісі жеке тұлға өз алдына мұндай міндет қоймаған кезде де аяқ 
астында  пайда  болуы  мүмкін.  Оны  жеке  түлғаның  даму  үрдісі  дайындағандықтан,  сол 
үрдістің қажетті кезеңі болып табылады.
Функционалдық  сауаттылықты  дамыту  -  адамның  ішкі  дүниесінің  өзгеріске 
ұшырауы.  Бүл адамның өмір сүруі барысында, өз жеке түлғасын айқындап, оның негізін 
қалап,  өз  болмысының  мэнін  түсіну  арқасында  жүзеге  асады.  Оған  білім  алу,  басқа да 
танымдық  әрекетпен  айналысу  сияқты  сыртқы  факторлар  эсер  етеді.  Орта  арнайы 
білімнің  өзіндік  жауапкершілігі  бар  іс-әрекет  ретінде  жеке  түлғалық  қабылдау  білім 
негізінде  өзіндік  негізін  қалауға,  кәсіби  қүзыреттілікке  бағытталуы  кәсіби  мамандарды 
шығарудың шарты болып табылады.
Функционалдық  сауаттылығын  дамыту  арқылы  жеке  тұлға  өз  қабілетін  жүзеге 
асырып,  өзін-өзінің  психикалық  сапаларын  жетілдіреді,  соның  нәтижесінде  өзі  өмір 
сүретін қоғамдастықтың өзіндік дамуына ықпал етіп, қоғамның мәдени-тарихи дамуына 
оз үлесін қосады. Сондықтан заманауи қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық міндсттерді 
шешуде  жас  маманның  жеке  тұлғасының  өзін-өзі  дамытуының  мэні  аса  зор. 
ГІедагогикалық  жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  кәсіби  қүзыреттілігінің 
дамуы 
жағдайында оқуға жэне өз бетінше жұмыс  істеуге деген  қабілеттерін қалыптастыру мен 
оны эрдайым жетілдіру міндеті эрқашан өзекті міндет болып қала береді.
Жеке  тұлғаның  қалыптасу  үрдісі  оны  қоршаған  сан  алуан  әлеуметтік 
қатынастарында жүзеге  асатындығы белгілі.  Бүл  қалыптасу  ережелерін  қоғам  белгілеп 
қойса  да,  жеке  адамның  өз  ойын  білдіру,  өзін-өзі  реттеу,  өзін-өзі  таныту,  өзін-өзі 
айқындау,  өзін-өзі корсету  қабілетінің маңызы зор.  Ал өзін-өзі дамыту дегеніміз -  жеке 
түлғаның ішкі белсенділігі арқасында орын алған даму.
Функционалдық  сауаттылық  -   қолданбалы  білімдерге  негізделе  отырып  іс- 
эрекеттің  эр  түрлі  салаларында өмірлік  маңызды стандартты есептерді  шешу қабілетін 
сипаттайды.  Шындығында  шешілетін  мэселелер  заманауи  әлеуметтік  практиканың 
барлық негізгі бағыттарын қамтуы тиіс (оқыту, қарым-қатынас пен демалыс, табиғат пен 
әлеуметтік  ортамен,  эртүрлі  әлеуметтік  институттармен  жэне  қоғамдық,  саясы
235

ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЬІТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
_______________________ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
бірлестіктермен  өзара  эрекеттесу).  Бірқатар  зерттеушілердің  пікірлері  бойынша 
функционалдық  сауаттылықтың  керіну  аймағы  -   бұл  күнделікті  өмірде  түлға 
қатыстырылатын  іс-әрекеттердің  барлық  түрлерін  қамтиды.  Бұлар  оқу-танымдық, 
кундылықтарга  бағдарлйнған,  коммуникативті  түрленуші  (пэндік  практикалық) 
көркемдік, ойын іс-әрекеттері болып табылады.
Н.А.Назарова  [7]  болашақ  мұғалімдердің  функционалдық  сауаттылығының 
құрылымында келесі компоненттерді атап көрсетеді:
1)Когнитивті компонент (қолданбалы білімдер);
2) 
Іс-әрекеттік компонент (пэндік репродуктивті жэне продуктивті-шығармашылық 
іскерліктер мен дағдылар);
3)Тұлғалық компонент (түлғаның сапалық белгілері);
4) 
Кәсіби-педагогикалық компонент (кәсіби-педагогикалық іскерліктер).
Болашақ  мұғалімдердің  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  әдіснамалық
бағдар  ретінде  жүйелік,  тұлғалық-бағдарлы,  қүзыреттілік,  аксиологиішық  жэне 
интегративті ыңғайлар таңдалады. Функционалдық сауаттылық  оқу-танымдық іс-эрекет 
үдерісінде  қалыптасады,  оның  нәтижесі  оқу-танымдық  құралдар  -   пэндік  жэне  жалпы 
білімдер  мен  іскерліктер  болып  табылады.  Бұл  кезде  функционалдық  сауаттылықтың 
мазмұндық іс-әрекеттік  жэне  қажетті мотивациялық қүраушыларын анықтайтьш  жалпы 
білімдер 
мен 
іскерліктер 
(акпараттьтк. 
интеллектуалдық, 
үйымдастырушылық, 
коммуникативті) игеріледі.
Сонымен  эрбір  адам  (түлға)  өз  өмірін  арнайтын  іс-эрекет  саласынан  тәуелсіз, 
күнделікті  омір  жағдайында  айналадағы  әлеуметтік  орта  жағдайында  толыққанды 
бейімделуге қабілетті  болса, оны комфортты (жақсы) өмір күтеді деп айта аламыз.
Елімізде  үсынылып  отырған  [8,766.]  монографиялық  зерттеуде  әлеуметтік 
субъектінің  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  теориялық  негіздері 
қарастырьшады.  Осы  замангы  сауаттьшьщ  мэселесіне  тоқталыгі,  «функционалдық 
сауаттылық»  ұғымының  мэні  ашып  көрсетіледі,  теория  мен  практикадагы  оның 
мазмұнының  эвалюциясы  сипатталады,  онымен  қатар  функционалдық  сауаттылық 
элеуметтік-педагогикалық  мэселе  ретінде  және  түлғаньщ  эртүрлі  өмірлік  іс-әрекеттер 
ауқымында  көріну  деңгейлеріне  талдау  жасалған,  мүгалімнің  функционалдық 
сауаттылығы  қүрылымының  қүрамдас  бөліктері  ретінде:  мотивациялық,  когнитивті,  іс- 
әрекеттік жэне рэфлексивті компоненттер айқындалған.
Сонымен  қатар  мұғалімнің  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  әдіснамасы, 
қалыптастырудың  деңгейлері, 
критерийлері,  көрсеткіштері  мен  оны  дамытудың 
педагогикалық  шарттары, 
сондай  ақ  ақпараттық  қоғамда  ақпараттық  мэдениеттің 
мүғалімнің  функционалдық  сауаттьшығына  тигізетін  эсері  негізделеді.  Мұғалімнің 
сауаттьшығын дамытуға қажетті негізгі эдіснамалық ыңғайлар ұсынылады[8,  80 б.]:
1)
 
ж үйелік  ыцгай,
 
ол  мүғалімнің  функционалдық  сауаттылығын  дамытуды 
қүрамдас элементтердің жиынтығынан тұратын жүйе ретінде зерттеу мүмкіндігін 
береді;
2) 
тұлгага  багдарланган  ыңгай,
 
мұғалімнің  функционалдық  сауаттылығын 
дамытуды оның түлғалық дамуының шарты ретінде түсінумен жэне  іс-әрекеттің 
дара шығармашылык табиғатын айқындаумен сипатталады.
3)
 
құзыреттілік 
ыңгай,
 
бұл 
мүғалімнің 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамытуды,  сауатты  адам  болу  ушін  қажетті  құзыреттіліктерді  дамыту  үдерісі 
ретінде қарастырумен байланысты;
4) 
аксиологиялыц  ыңгай,
 
бұл  мүғалімнің  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
үшін қүндылық багдарларды қалыптастыруды қарастыру мүмкіндігін береді;
236

Хабаршы  •  Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки», 
_____________________________________ №2 (50) -2015_______________________________________
5)  интегративті, 
мұғалімнің 
функционалдық 
сауаттьшығының 
барлық 
элементтерін интеграциялауды ұсынады.
Болашақ  мұғалімдерді  оқушылардың  функционалдық  сауттылығын  ақпараттық 
жүйелер  негізінде  дамытуға дайындауда  біз  технологиялық  ыңғайға  сүйенеміз.  Себебі 
технологиялық  ыңғай  оқыту  үдерісін  аспаптық  түрғыда  дэл  басқару  мүмкіндігін 
үсынады жэне алға қойылған мақсаттарға жетуге кепілдік береді, өйткені технологиялық 
ыңғай  элеуметтік-педагогикалық үдерісті  тұжырымдамалық  жэне  жобалық  игеру үшін 
жаңа мүмкіндіктер  ашады, яғни технологиялық ыңғай:
-  кең  ауқымдылықпен  педагогикалық  үдерісті  басқару  жэне  оның  нәтижелерін 
болжау;
-  адамға келеңсіз жағдайлардың тигізетін эсерін азайту;
-  қолда бар ресурстарды үтымды қолдану;
-  пайда  болатын  элеуметтік-педагогикалық  мэселелерді  шешу  үшін  неғүрылым 
тиімділерін таңдау жэне жаңа технологиялар мен модельдерді жасау мүмкіндігін 
береді  [8,172].
Атап  айтқанда  [7,8,9]  еңбектерге  сүйене  отырып  болашақ  мүғалімдерді 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  ақпараттық  жүйелер  негізінде  дамьггуға 
дайындау келесі  ыңғайлар арқьшы қарастыру  қажеттігіне  коз  жеткіздік.  Олар:  жүйелік, 
ргсурстъщ, 
цузыреттілік, 
іс-әрекет, 
тұлгага-багдарланган, 
рефлексивті, 
фунщионалдъщ жэне технологиялыц.
Функционалдық  сауттылықты  қалыптастырудың  негізгі  теориялық  қағидаларын 
жэне  қүрылымдарын  негізге  ала  отырып  функционалдық  сауттылықты  дамытудың 
ерекшеліктерін атап корсетуге болады:
1)  функционалдық сауттылықтың түрін анықтау;
2)  функционалдық сауттылық қалыптастырылатын базалық пэнді таңдау;
3)  функционалдық сауттылықтың мазмұнын толықтыру;
4)  оқу бағдарламасының тақырыптарын, болімдерін ерекшелеу;
5)  оқулықтарды, оқу қүралдарын жэне т.б.  оқу материалдарын таңдау;
6)  функционалдық  сауттылықтың  осы  таңдалған  түрін  дамьггу  үшін  неғүрлым 
ұтымды тәсілдерді анықтау;
7)  таңдап  алынған  көрсеткіштердің  критерийлері 
негізінде  білімгердің 
функционалдық сауттылығын бағалау;
8)  білімгердің  түлғалық  жетістіктерін  өзін-озі  бағлау  анкетасының,  бақьшау 
күнделігінің,  тұлғалык  сапалардың  қалыптасуын  анықтайтын  аналитикалық 
карта жэне т.б. комегімен бағалау.
Болашақ  мүғалімдерді  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  ақпараттық 
жүйелер негізінде дамытуға дайындау  арқылы түлғаның озіндік дамуына, білімдік жэне 
танымдық  әрекеттеріне  ықпал  ету,  өзара  адамгершілік  құндылықтары  мен  озіндік 
бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.
1.  ҚР  Президентінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2.  Қазақстан  Республикасында  білімді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарга  арналған 
Мемлекеттік  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 
желтоқсандағы №  1118 Жарлығы.
3.  Бодалев А.А. Психология общения/ / Избр. психол. тр. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: 
Изд-во МПСИ; Воронеж: НПО «МО-ДЭК», 2002. - С.319.
4.  Мещеряков  Б.Г.,  Зинченко  В.П.  Большой  психологический  словарь,-  СПб.: 
Еврознак; М.: Олма-Пресс, 2003. - С.666.
237

ИНФОРМАТИКА. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
ИНФОРМАТИКА, МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ИНФОРМАТИКИ 
______________________ ИНФОРМАТИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
5.  М.В.  Буланова-Топоркова.  Педагогика  и  психология  высшей  школы:  Учебное 
пособие. -  Ростов н/Д:Феникс, 2002. -544с.
6.  Педагогика  профессионального  образования.  Под  редакцией  В.А.Сластенина. 
M.:ACADEMA, 2004. -368с.
7.  Назарова  Н.А.  Развитие  функциональной  грамотности  студентов  педагогического 
вуза  в  условиях  гуманитаризации  образовательного  процесса:  Автореф.  дис.  канд. 
наук. -  Омск, 2007. -24 с.
8.  Караев  Ж.А.,  Баймуханов  Б.,  Ахмедова  Р.Б.  Профессиональная  компетентность 
учителя по формированию функциональной грамотности учащихся. -  Алматы, 2013.
-204 с.
9.  Бахарева 
Е.В. 
Развитие 
профессиональной  компетентности 
учителя 
по 
формированию функциональной грамотности учащихся основной школы. Дис. канд. 
пед. наук. -  Москва, 2009. -198 с.
Аннотация. 
Развитие  функциональной  грамотности  учащихся  в  данной  статье 
рассматривается как составная часть профессиональной компетентности будущего учителя. 
Предложены  методологические  подходы  развития  функциональной  грамотности.  При 
подготовке  будущего учителя для развития функциональной грамотности учащихся  на основе 
информационных систем применяется технологический подход обучения.  На основе структуры 
функциональной  грамотности  и  основных  теоретических  положений  ее  формирования 
выделены особенности развития функциональной грамотности.
Ключевые  слова: 
профессиональная 
подготовка  будущего  учителя

компетенция, 
развития функциональной грамотности учащихся, методологические подходы, технологический 
подход.
Abstract. 
The functional literacy o f school students is considered in this paper as an element o f 
professional  competence  o f future  teacher.  Also  the  methodical  approaches  of the  development  o f 
functional  literacy  are proposed  in  this paper.  For preparing future  teachers  used the  technological 
approach o f teaching favoring the development offunctional literacy-based information systems.  On the 
base  o f structure  and main  theoretical  regulations  its formation  were  singled out  the features  o f the 
development o f functional literacy.
Keywords: 
professional training o f future teacher, competence, development o f functional literacy 
school students, methodical approach,  technological approach.
УДК 004.91:519.6:378.091.27  (574)

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал