Сборник задач по математическому анализу. М., 2003. Аннотация Понятие предела функции одна из важнейших концепций математического


бет15/27
Дата22.04.2017
өлшемі
түріСборник задач
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

167

ФИЗИКА. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ФИЗИКИ
Түйін  сөздер:  Дезоксирибонуклейн  қышқылы  (ДНҚ),  нуклеотид  (аденин

гуанин,  тимин, 
цитозин), Д Н Қ  макромолекуласыныц сызыцсыз моделі, Д Н Қ  макромолекуласыныц динамикасы, 
синус-Гордон  теңдеуі,  диссипация коэффициенті.
Кіріспе.
Дезоксорибонуклейн 
қышқылы 
(ДНҚ) 
-  
биологиялық 
үш 
түрлі 
макромолекулалардың (РНҚ, ақуыздар)  бір түрі.  Ол бүкіл тірі организмдердің үрнақтаи 
ұрпаққа  берілетін  жэне  организмдердің  өмір  сүруінің  генетикалық  ақпаратты  мен 
бағдарламасын  сақтап,  келесі  үрпаққа  берілуін  басқаратын,  сонымен  қатар  РНҚ  мен 
ақуыздардың құрылымдары туралы ақпараттарды сақтайтын макромолекула.
Химиялық  түрғыдан  ДНҚ  -   төрт  түрлі  нуклеотидтердің:  аденин  (а),  тимин  (t), 
гуанин  (g),  цитозин  (с),  тізбегінен  түратын  үзын  полимерлі  молекула.  Эр  нуклеотид 
азотты 
негіз, 
қант 
(дезоксирибоза) 
жэне 
фосфатты 
топтан 
түрады. 
ДНҚ 
макромолекуласьшың осындай бір ұзын тізбегі суттекті  байланыстары арқылы тағы да 
бір  тізбегімен  комплементарлық  принцип  бойынша  байланысып,  осындай  екі  ұзын 
тізбектен  түратын  ДНҚ  макромолекул асы,  әдетте  екілік  спираль  түрінде  бүралып, 
кұрылымын қүрайды.
Екілік спиральдьщ қүрылымындағы бір тізбектегі аденинге екінші тізбектің тимині 
сәйкес келеді  жэне  бір  тізбектегі  гуанинге  екінші  тізбектің цитозині сэйкес  келеді.  Бүл 
арақатынасты Чаргафф ережесі деп атайды, жэне  оган сэйкес ДНҚ-да төрт  гүрлі азотты 
негіздердің  -   нуклеотидтердің  саны  эрқашан  тең  болуы  керек  және  ДНҚ-ның 
нуклеотидтері үшін келесі заңдылық орындалады:  a = t,  g = c,  a + t - c  + t , a  + c = g  + t.
Соңғы онжылдықтарда ДНҚ макромолекуласыныц физикалык түрғыдан зертгеуге 
ғылыми  ізденіс  артуда.  Деформация,  гепетикалық  код,  сызықты  емес  ауытқулардыц 
құрылымын  зерттеуде  теориялық  жэне  эксперименттік  жүмыстар  жинақталды.  Осы 
жүмыстардың  негізінде  Инглендер  моделі,  Пейрард-Бишоп  моделі,  Якушевич 
модельдері түжырымдалды [1,2  ,3].
Инглендер  жэне  бірлескен  авторлар  1980  жьшы  ДНҚ-ныц  кинктеріне  теориялық 
зерттеу  жүмыстарын  жүргізе  бастады.  Олар  ДНҚ-ның  ашық  күйілерінің  динамикалық 
ерекшеліктерін зерттеп, осындай күйлерді зерттеуде математикалық амал ретінде синус- 
Гордон  теңдеуінің  бірсолитонды  шешімін  қолданды.  ДНҚ-ның  полинуклеотидті 
тізбегіндегі  барлық  негіздер  бірдей  болганда  Инглендер  моделінде  біртекті  жагдай 
қарастырылады.  Осы жагдай үшін синус-Гордон теңдеуінің коэффециенттері
168

3. Қорытынды.
Бұл жумыста ДНҚ-дағы кинк пен антикинк үшін аналитикалық және динамикалық 
сипаттамалардың 
сандық 
есептеулері 
Якушевич 
пен 
Рясиктың 
ДНҚ 
макромолекуласыныц  қарапайым  динамикалық  моделі  негізінде 
орыпдалды.  Бұл 
теңдеулердің  диссипация  коэффициенті  мен  сыртқы  күштер  эсер  еткен  кездегі  бір 
солитонды  шешімі  алынды.  Альшған  барлық  нәтижелер  ДНҚ-ның  қарапайым 
модельдері үшін алынған.
1.  S.W.Englander,  N.R.Kallenbach,  A.J.Heeger,  J.A.Krumhansl,  A.Litwin.  Nature  of the 
open state in DNA structure // Proc. Natl. Acad.  Sei.  1980. -V. 77. - P. 7222-7226.
2.  M.Peyrard and A.R.Bishop, Phys. Rev. Lett. 62,2755 (1989).
3.  L.V.Yakushevich, Phys. Lett. A  136, 413  (1989).
4.  A.C.Scot, F.Y.F.Chu, D.W.McLaughlin, Proc. IEEE 61,  1443 (1973).
5.  Якушевич  Л.В.,  Рясик  А.А.  Динамические  характеристики  кинков  и  антикинков 
ДНК, Компьютерные исследования и моделирование. 2012. Т. 4, №  1. С. 209-217.
Аннотация. 
В 
данной 
работе 
изучена 
нелинейная 
модель 
молекулы 
дезоксирибонуклейновой кислоты методами теоретической  физики.  В работе молекула ДНК 
рассмотрена на основе  простейшей динамической модели Якушевич  и Рясика.  В этой модели 
аналитические решения  однородной  цепочки,  состоящей  только  из  одного  вида  нуклеотидов, 
были  получены  в  односолитоном  виде,  с  помощью  нелинейного уравнения  синуса-Гордона.  На 
основе  этой модели  были  получены решения  для разных значений  коэффициента диссипации. 
Рассмотрены влияние внешних сил и коэфициента диссипации.
Ключевые 
слова: 
Дезоксирибонуклейновая 
кислота 
(ДНК), 
нуклеотид
(аденин,  гуанин,  тимин,  цитозин),  нелинейная  модель  макромолекулы  ДНК,  динамика 
макромолекулы ДНК,  уравнение синус-Гордона,  коэффициент диссипации.
Abstract: 
In  this paper we studied the nonlinear model o f  deoxyribonucleic acid molecule  by 
methods  o f theoretical physics.  In paper  the  DNA  molecule  considered on  the  base  of  very simple 
dynamic model of Yakushevich and Ryasik.  In this model,  the analytical solutions o f the homogeneous 
chain consisting of only one kind o f nucleotide were obtained in the form o f a soliton with a nonlinear
171

ФИЗИКА. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
________ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ФИЗИКИ________
sine-Gordon  equation.  On  the  basis o f this  model were  obtained solutions for different values  o f the 
dissipation coefficient.  The effect o f external forces and dissipation coefficient is considered.
Keywords: Deoxyribonucleic acid (DNA), nucleotide (adenine, guanine,  thymine, cytosine),  non­
linear  model  o f DNA  macromolecule,  dynamics  of DNA  macromolecule,  sine-Gordon  equation, 
dissipation coefficient.
Ә О Ж  372.853
У.Қ. Тоқбергенова, С.У. Билалова
БЕЙІНДІК СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭЛЕКТРОТЕХНИКА 
НЕГІЗДЕРІНЕН БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(Алматы қ., Абай атындағы Қазақ улггық педагогикалық университеті)
Аңдатпа.  Мақалада  бейіндік  сыныпта  «Электротехника  негіздері»  қолданбалы  курсын 
жүзеге асырудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған.  Оқушылардың электротехникалық 
білімдері  мен  практикалық 
біліктер  жүйесінің  дамуына,  сондай-ақ  олардың  техникалық 
бағдардагы мамандыққа қызығушылықтарыньщ туындауына ықпал ететін электромагниттік өріс 
теориясының негізгі ұғымдары мен заңдарын, тұрақты және айнымалы токтьщ электр тізбектерін 
зерделеудің кейбір әдістемелік тэсілдері ұсынылган.
Түйін  создер:  бейіндік  сынып,  қолданбалы  курс,  электротехника,  электртогының 
тізбектері, оқыту әдістері мен құралдары.
Индустриалды-инновациялық 
дамуды 
бетке 
алған 
елімізде 
техникалық 
мамандықтарға  сүраныс  күн  өткен  сайын  арта  түсуде.  Өндіріс  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  үшін 
озық  технологиялармен  тікелей  жүмыс  істейтін,  кэсіби 
құзыреттіліктермен  қаруланған  мамандарды  даярлау  заманауи 
техникалық  білімді 
дамыту стратегияларының негізгі  бағыттарьшьщ бірі  болып табылады  [1].  Техникалық 
бағдардағы  мамандарға  қажеттіліктің  артуы  жас  мамандардьщ  нарықтық  қатынастар 
жағдайында  өмірдегі  жетістігі  мен  болашағына  сенімділігін  қамтамасыз  етуге  ықпал 
ететін  болады.  Бұл  ретте  бейіндік  сыныптың  алдына  да  үлкен  міндеттер  жүктеледі. 
Бейіндік сыныпта  оқушылардьщ өзіндік әлеуетін анықтай алуы, қандай қызмет саласына 
өздерінің  бейім  екенін  түсіне  алулары  үшін  мамандыққа  бағдарлау  жүмыстары 
жүргізілуі  тиіс  [2].  Бағдарлау  жүмыстарын  оқу  жоспарының  вариативті  компоненті 
есебінен  жүзеге  асырылатын  қолданбалы  жэне  таңдау  курстары  арқылы  жүргізуге 
болады.  Мұндай  курстарды  зерделеу  барысында  бейіндік  сынып  оқушылары  тандаған 
болашақ  мамандығы  бойынша  оқуын  жалғастыра  алатындай  белгілі  бір  деңгейде 
қүзыреттіліктермен қаруланатын болады [3].
Электротехникалық  бағдардағы  мамандықтарға  қызығушылықты  физика  мен 
технология  курстарының  пәнаралық  байланысы  негізінде  «Электротехника  негіздері» 
қолданбалы  курсын  оқыту  арқылы  қалыитастыруға  болады.  Оның  үстіне  басқа 
мамандықты  таңдаған  мектеп  түлектері  де  белгілі  бір  деңгейде  электротехниканың 
негіздерін,  электротехниканың  негізгі  зандарын,  электротехникалық  қүрьшғьшардың 
жұмыс  істеу  принципін  білулері  қажет.  Өйткені  мектеп  түлектеріне  жоғары 
технологияландырылған  қоғам  мен  ақпараттьщ  технологиялар  әлемінде  өмір  сүруге 
жэне қызмет етуге тура келеді, ал электротехника көптеген  қолданбалы пэндердің, атап 
айтқанда, автоматиканың, есептеу техникасының, технологиялық құрылғылардың жэне 
т.б. теориялық базасы больт табьшады.
172

Хабаршы •  Вестник
«Физика-математика гьтымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки», 
_________________________________ №2 (50) -2015______ ___________________________
«Электротехника  негіздері»  қолданбалы  курсы  оқушылардың  физика  жэне 
технология сабақтарында игерген білімдеріне, күнделікті өмірден алган тәжірибелеріне 
жэне  коптеген  балаларға  тэн  техникаға  қызыгушылығына  сүйенеді. 
Курс  келесі 
міндеттерді жүзеге асыруға қарай бағытталады:
-  электротехника бойынша білім беру;
-  электр сұлбаларын оқи any  біліктерімен қаруландыру;
-  электр тізбектерін монтаждай алуды үйрету;
-   электр  монтаждық  қарапайым  қүралдармен  жұмыс  істей  алу  дағдысын 
қалыптастыру;
-   техникалық бағдардағы мамандықтар туралы ақпарат беру.
Бүл  қолданбалы  курс  «Физика»  пэні  аясында  зерделенетін  «Электродинамика» 
бөлімінен келесі критерийлер бойьшша ерекшеленетін болады:
а) электромагниттік қүбылыстарға арналған болімді тереңірек зерделеу;
б) практикалық багытталуы жэне курсты зерделеуге қызығушылық;
в) электр өлшеуіш аспаптармен жэне электр монтаждық қүралдармен  жүмыс  істей 
алу дағдыларын шыңдау;
г) электротехникада қолданылатын материалдармен жэне арматурамен танысу;
д)  электротехникалық  багдардағы  мамандықтар  бойынша  ақпарат  алу  болып 
табылады.
Оқушыларды  жаңа  материалмен  таныстыру  барысында  келесі  оқыту  әдістерін 
пайдаланған орынды болмақ:
- оқытудың  вербалдық әдісі:  әңгіме-кеңес, фронталдық тапсырмалар, нүсқау беру;
-  оқытудың  практикалық  әдісі  -   электр  монтаждық  жүмыстардың  әдіс-тәсілдерін 
көрсетілімдеу, 
электр 
аспаптарьш 
жөндеу 
технологияларымен 
таныстыру, 
электрлендірілген  қүрылгылардың  макеттерін  жасау,  электр  сүлбаларын  кұру  жэне 
қүрастыру.
ГІрактикалық  жүмыс  барльщ  оқу  уақытының  70%-ын  қүрауы  тиіс  жэне 
оқушылардың 
оқу-зерттеу  іс-әрекетінде 
ақнараттық  білім 
беру  ресурстарын, 
компьютерлік модельдерді,  аудио-бейне  фрагмеиттерді,  аннимациялық корсетілімдерді 
пайдаланған  орынды  болады,  ал  есептер  шыгарғанда, 
векторлық  диаграммалар 
көмегімен шығарьшатын, сондай-ақ қарапайым өрістерді, ал бүдан қарапайым пішіні бар 
құрылғылардың сыйымдылығын, кедергісін, индуктивтігін есептеуге арналған есептерге 
елеулі көңіл бөлгені жон.
Лабораториялық  жұмыстарда  модельдеу  бағдарламаларын  пайдалану  арқылы 
тізбектер  сүлбасын  талдауға,  баллистикалық  гальвонометр  комегімен  сызықты  жэне 
сызықты  емес  нысандардың  сыйымдылыгы  мен  индуктивтігін,  өздік  индукцияны 
анықтау бойынша жүмыстарорындалуы мүмкін.
Курстың 
кіріспе 
бөлімінде 
электротехниканың 
еліміздің 
индустриалды- 
инноватщялық  дамуындағы  маңызды  рөліне,  дербес  гьшым  саласы  ретіндегі 
электротехниканың  дамуы  мен  оның  қолданылуы  жайлы  тарихи  қысқаша  шолу 
жасалғаны  орынды  болмақ.  Бүл  ретте  өндіріс  деңгейі  жэне  энергияны  пайдалану 
қоғамның өндіргіш күпггерінің қарқьшдылығын сипаттайтыны жайлы айтылады. Электр 
энергиясы — табиғатта дайын күйінде болмайтын энергияныц екінші ретті түрі. Заманауи 
қоғамды электр энергиясынсыз көз алдымызға елестете де алмаймыз. Бұл оның маңызды 
қүндылығымен,  атап  айтқанда,  оньщ  механикалық,  жылу,  жарық,  химиялық  сияқгы 
басқа  энергия  түрлеріне  жеңіл  түрлене  алатын  эмбебаптыгымен  жэне  алыс 
қашықтықтарга жеткізуге болатынымен түсіндіріледі.
173

ФИЗИКА.  ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
____ ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ  ФИЗИКИ___________
Электротехниканың дамуының  негізін  кең  ауқымдағы  эксперимента к  зерттеулер 
мен  электр  жэне  магнетизм  теорияларының  құрылуы 
қалады.  Электротехника 
физикадан дербес гылым ретінде XIX гасырдың аягында бөлініп шьщты.
Электротехника  деп  практикалық  қолданыс  үшін  электр  жэне  магнит 
құбылыстарын қолдануды зерттейтін техникалық гылым түсініледі. Осы уақыт кезеңінде 
оның  ашылган  жаңалықтарыалып  қадамдармен  экспоненциалды  арту  үстінде.  Алайда 
олардың  барлыгы  электротехниканың  практикальщ  түрде  өзгермеген  негізінде  -   XIX 
гасырдың бірінші жартысында қүрылган теориялық негізінде жүзеге асады.Қазіргі кезде 
гылым  ретіндегі  электротехникага  электромеханика,  электротехниканың  теориялық 
негіздері, жарық техникасы, күштік электроника сияқты гылым салалары енеді.
Электротехника  техника  саласы  ретінде  электр  энергиясын  алуды,  таратуды, 
түрлендіруді,  сондай-ақ  электрондық  компоненттерді,  электрондьщ  сұлбаларды  жэне 
қүрылгыларды  жэне  техникалық  жүйелерді  жасаумен  айналысады.  Қазіргі  кезде 
электротехникадан  интегралдық  микроэлектроникага  ақпаратты  түрлендіру  мен 
жеткізуге арналган электроника саласы болініп шықты [4;  5].
Багдарламаның 
бірінші 
бөлімі 
оқушыларга 
физика 
курсынан 
таныс 
электромагниттік  өріс  теориясының  негізгі  үгымдары  мен  заңдарына  арналады, 
өйткені,  бір  жагынан,  бүл  теорияны  зерделеу  қарастырылатын  курстың  әдіснамалық 
түргыдан  түтастыгын  қамтамасыз  етсе,  екінші  жагынан,  электротехниканың  көптеген 
мәселелерін шешуде тізбектер теориясын гана білу жеткіліксіз болады.
«Электр тізбектері» бөлімін зерделеу барысында  электр тізбектері теориясының 
негіздері  қарастырылады. Электр  тізбектері  теориясыньщ  негіздерін  электр  тізбектері 
заңдары,  жалпы  үгымдары  туралы  білім  қүрайды  жэне  мүнда  тізбектер  жалпыланган 
техникалық 
қүрьшгылар 
ретінде 
көрініс 
табады. 
Өйткені 
электр 
тізбектеріэлектротехникада  ең  басты  электротехникалық  қүрылгыларына  жатады.Бүл 
құбылыстар  мен  процестерде  құраушылары  электр  жэне  магнит  өрістері  болып 
табылатын  электромагниттік  өріс  негізгі  рол  атқаратыны  баса  корсетіледі.  Мүны 
түрақты  токты  жеткізу  желілері  мысалында  көрнекі  түрде  көрсетуге  болады  жэне  де 
мұндапроцесті  сипаттайтын негізгі шамалар 
Е
 -  кернеулік, 
D
 -  электр өрісінің ыгысуы, 
8 -  ток тыгыздығы, В -  магнит индукциясы,  Н  -  магнит өрісінің кернеулігі векторлары, 
сондай-ақ  еэлектрлікжэне  р  магнит  өтімділіктері  сияқты  орта  параметрлері  еске 
түсіріледі  [6;  7].
Ары  қарай  С,  R,  L  тізбек  параметрлері  талданады  жэне  электр  тізбектерінің  -  
шогырланган  жэне  тармақталган  (  жеткізу  желілеріндегі)  екі  түрі  болатынын  жэне  де 
түрақты токта кедергіні гана ескеру қажет болса,  айнымалы токта индуктивтіктің жэне 
сыйымдылықтың да ескерілетіні қарастырылады.
Сыйымдылықты  зерделеу  кезінде  Гаусс  теоремасы,  ср  потенциал  түсінігі,  электр 
өрісінің  потенциалдық  сипаты  еске  түсіріледі,  электротехникалык  құрылгылар  үшін 
маңызды  больш  табылатын  екі  өткізгішті  желінің,  бір-біріне  симметриялы  орналасқан 
екі өткізгішті параллель желінің өзара сыйымдылыгы есептеулер арқылы көрсетіледі.
Кедергі  (өткізгіштік те) де осыган үқсас қарастырылады, өткізгіш ортадагы электр 
өрісінің  потенциалдыгы,  токтьщ  үздіксіздік  принципі  қарастьфыльш,  мысал  ретінде 
жерге  қосу  кедергісі  есептеледі.  Бүдан  кейін  сызықты  жэне  сызықты  емес 
резисторлардың  вольт-амперлік  сипаттамалары  беріледі.  Индуктивтікті  қарастырганда 
магнит  орісінің  үздіксіздік  принципі,  оздік  индукция,  оқшауланган  контур  үшін 
индуктивтіктің өрнегі еске түсіріледі, соленоид, тороид есептеліп көрсетіледі.
Тізбектер  теориясы  бойынша  негізгі  материалды  екі  болікке  бөліп  қарастырган 
әдістемелік  тұргьщан  орынды:  түрацты  ток  тізбектері  жэне  айнымалы  ток 
тізбектері.
174

Хабаршы  • Вестник
«Физика-математика гылымдары» сериясы • Серия «Физико-математические науки», 
_________________________________ М2 (50) -2015_________________________________
Түрақты токтың  сызықты тізбектерін  қарастырғанда,  Ом,  Джоуль-Ленц,  Киргхоф 
заңдары  қайталанады,  мұнда токтьщ  оң  бағыты  мэселесіне  ерекше  көңіл  аударылғаны 
дұрыс,  өйткені  Ом  заңына  сэйкес  кедергідегі  ток  бағытына  кернеу  бағыты  да  сэйкес 
келеді.
Айнымалы  периодты  токтьщ  техникада  кеңінен  қолданылагынына  қыскаша 
тоқтала  кеткеннен  кейін  электротехниканың  эр  түрлі  саласында  пайдаланылатын 
кернеудің, токтың, қуаттың, жиіліктіц лездік мәндері, шамалардың  синусоидалық өзгеру 
заңының мәндері қарастырылады. Синусоидалық  ЭҚК-ті алуды қарапайым генераторда 
-   біртекті  өрісте  айналатын  тікбүрышты  катушкада  қарастырған  жеткілікті  болады. 
Айнымалы  ток  тізбектері  үшін  кернеудің,  токтьщ  жэне  қуаттың  бір  уақыт мезеті  үшін 
алынған  лездік  мәндері  үшін  Ом,  Кирхгоф,  Джоуль-Ленц  заңдары  орынды  болатыны 
көрсетіледі.  Кедергісі,  катушкасы,  конденсаторы  бар  тізбектер  талданады.  Паралеллеь 
тізбектер  мысалында  конденсатор  көмегімен  қуат  коэффициентін  аргтыру  мэселесіне 
көңіл  бөлініп,  оның  техникалық-экономикалық  тиімділігі  көрсетіледі,  конденсаторлар 
батареясының сыйымдылыгы есептеледі.
Айнымалы  ток  бойынша  игерілген  білімді  айнымалы  ток  генераторын  түсіндіру 
кезінде  қолданады. 
Осыдан  кейін  трансформатордыц  кұрылысы  мен  жұмыс  істеу 
принципіне  де  тоқтала  кеткен  орьгады  болмақ.  Бірфазалы  трансформатор  мысалында 
оныц әрекеті (кернеуді арттыру жэне төмендету) мен қүрылысы көрсетіледі.
Резисторлары жэне ток көздері сызықты емес тізбектер параметрлерінің ток күшіне 
немесе  кернеуге  тэуелділігін  есептеу  негізіне  графиктік  немесе  аналитикалық  гүрде 
берілген  олардың  вольт-амперлік  сипаттамасы  алынады.Тізбектерді  есептеудің  барлық 
эдістерінде  (қарапайым  тепе-тең  емес  көпір  сүлбасы,  Кирхгоф  теңдеулері,  контурлық 
токтар әдісі, түйіндік кернеулер) практика үшін қажет болып табылатын жалпы түрдегі 
есептер мысалдары түрінде қарастырылғаны жэне берілгені дүрыс.
Оқушыларды  айнымалы  ток тізбегіндегі  қуат  коэффициентін  арттыру  эдістерінің 
техникалық  пайдалануымен  таныстырыи  откен  жөн.  Айнымалы  ток  тізбегін  есептеу 
кезінде  ток  пен  кернеудің  фазалар  ығысуын  ескеру  қажет  болады.  Сондықтан  есептер 
шығаруды  сүлбаны  талдаудан,  тізбек  элементтерінің  жалғасу  түрін  анықтаудан, 
тізбектің векторлық диаграммасын қүрудан бастаған орынды болмақ.
Электр  тізбектерін  зерделеу  кезінде  оқушылардың  электротехникалық  білімдері 
мен  біліктер  жүйесінің  қалыптасуына өзара байланысқан үш  фактор тиімді  ықпал етуі 
мүмкін. 
Біріншісі 
-  
оқушылардың 
электротехникалық 
білімді 
талдауга, 
қорытындылауға,  синтездеуге  қабілеттіліктерін,  қолданбалы  курста  қальштасқан 
электротехникалық білімдерін физика курсында,  сондай-ақ әдеттегі  электротехникалық 
кұрылғыларда пайдалана алу  біліктерін  дамыту.  Екіншісі,  оқу материалы мазмұнының 
техникалық  білімдер  гносеологиясындағы  техникалық  жалпылама  қүрылғыларды 
сипаттау  қүрьшымына  сэйкес  болуы,үшіншісі  -   мазмұнның  оқытудың  процессуалдық 
жағымен тығыз байланысын жүзеге асыру.
Оқушылар  электр  тізбектерін  зерделеу  барысында  электр  тізбектерінің  жеке 
элементтерімен  (ток  козі,  олшеуіш  қүралдар,  коммутациялық  қүралдар,  кедергілер, 
сыйымдылықтар  жэне  т.б.),  түрақты  жэне  айнымалы  ток  модельдерімен  практикалық 
түрғьщан  танысады.Оқушылардың  электротехникалық  білімді  тиімді  меңгерілуі 
олардың санасында электр тізбектері туралы білімнің өзара байланысын бейнелейтін үш 
жүйенің қалыптасуына әкелуі мүмкін.  Осылай, электр тізбектерінің заңдары, қасиеттері, 
үғымдары  -бірінші  жүйе  болса,  түрақты  ток  тізбектері-  екінші,  ал  айнымалы  ток 
тізбектері  үшінші жүйе болады.
Электр  өлшеуіш  аспаптар  бөлімін  зерделеу  барысындаолардың  көрсетулері 
(сигналдары)  эр  түрлі  электротехникалық  қүрьшғьшардың  жүмысын  жэне  электр
175

ФИЗИКА. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ФИЗИКА. МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ФИЗИКИ
қүрылгыларының  күйін,  мысалы,  оқшаулануын  бағалау  үшін  пайдаланылатыны 
көрсетіледі.  Электр  өлшеуіш  аепаптар  өте  сезімталдыгымен,  өлшеулерінің  дэлдігімен, 
сенімділігмен  және  қарапайьм  орындалуымен  ерекшеленеді.  Токты,  кернеуді,  қуатты, 
электр энергиясын, магнит ағынын,  сыйымдьшықты, жиілікті жэне т.б.  өлшеумен қатар 
олардың  көмегімен  электрлік  емес  шамаларды  да өлшеуге  болатыньша тоқтала  кеткен 
жөн.  Электр өлшеуіш кұралдардың көрсетулері алыс қашықтықтарға берілуі,  өндірістік 
үдерістерге тікелей эсер ету үшін (автомагтық реттеу) үшін пайдалануы мүмкін, олардың 
көмегімен,  мысалы,  бақыланатын  қүбылыстарды  таспаға  жазып  алу  арқылы  тіркейді. 
Шала  өткізгішті техниканың  қолданыс  табуы  бүгінгі  күні  олардың  қолданылу аяларын 
кеңейтіп отыр.
Сабақтарда  оқушылардың  іс-әрекеті  үнемі  ауысып  отырғаны  орынды:  есептеу 
жүргізу,  векторлық  диаграммалар  тәсілін  жете  қарастыру,  векторлық  диаграммалар 
қүру,  графиктер  түрғызу,  көрсетілімдік  эксперимент  жүргізу.  Бүл  зерделенетін 
материалды саналы түсінуге ықпал ететін болады.
Жалпы  алганда,  курсты  зерделеу  барысында  электротехникалық  жүйелерде 
кеңінен  таралған  қүрылғылардағы  физикалық  процестерді,  олардың  қүрылымдық 
параметрлерін,  функционалдық  белгіленулерін  қарастыру  арқылы  біртүтас  білім 
игерілетін  болады.  Өйткені  электр  кұрылғыларын  сипаттайтын  теория  техникалық 
білімнің ерекше ұйымдасу түрі болып табылады.  Ол электротехникалық қүрылғыларды 
сипаттаудың  үш  деңгейін  қамтиды:  функционалдьщ  белгіленуі,  физикалъщ  процестері, 
күрылымдың параметрлері.  Қолданбалы курсты зерделеу барысындағы практикалық іс- 
әрекет оқушылардьщ шығармашылығьш,  белсенділігін,  жауаптылығын дамытуга қарай 
багытталады.  Ал  бүл  техникалық  мамандықты  игергісі  келетін  мектеп  түлектеріне 
сенімді  бастама  болып  табылады.  Қорыта  айтқанда,  электр  техникасы  XXI  ғасыр 
технологиясының маңызды бағыты болғандықтан, мектеп оқушыларын электротехника 
негіздерімен  таныстыру  білім  берудің  өзекті  міндеттерінің  қатарына  жатуы  тиіс  деп 
есептейміз.
1. 
Қазақстан  Республикасының  2015-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы -  Астана, 2014
2.  Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналган 
Мемлекеттік бағдарламасы -  Астана, 2010
3.  Қазақстан  Республикасы  мектептерінде  бағдарлы  оқытуды  үйымдастыру  бойынша 
әдістемелік ұсыныстар. Қонақова К.Ө. жэне т.б.  -  Алматы, 2006. -32 б.
4.  Электротехника и электроника.  Кн.1.  Электрические  и  магнитные  цепи:  Учеб.  для 
вузов.  В  3-х кн./В.Г. Герасимов,  Э.В. Кузнецов и др.  - М.:  Энергоатомиздат,  1996. - 
288 с.
5. Каплянский А.Е. Методика преподавания теоретических основ электротехники. -  М.:
Высшая школа,  1975 -  143 с.
6. Физика.  10-сыныпқа арналган оқулық. Кронгарт 
Б. 
жэне т.б. -  Алматы, Мектеп, 2014 
-  384  б.  7.  Физика.  11-сыныпқа арналған оқулық.  Тұяқбаев 
С. 
жэне т.б.  -  Алматы, 
Мектеп, 2012 -  4006.
Аннотация.  В статье рассмотрены методические особенности реализации прикладного 
курса «Основы  электротехники» в профильной классе.  Предложены некоторые методические 
подходы  к  изучению  основных  понятий  и  законов  теории  электромагнитного  поля, 
электрических  цепей  постоянного  и  переменного  тока,  способствующие развитию  системы 
электротехнических знаний и практических умений учащихся, а также проявлению  их интереса 
к профессиям технической направленности.
Ключевые  слова: 
профильный  класс,  прикладной  курс,  электротехника, 
цепи
электрического тока, методы и средства обучения.

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал