Сборник текстов на казахском, русском, английском



жүктеу 6.69 Mb.

бет9/70
Дата08.01.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70

 

Мәңгілік Елдің нұрлы жолы 

 

Мәңгілік  Ел…  Мұны  заңғар  таудың  шыңы  деп  есептейтін  болсақ,  сол 

шыңға  жету  жоспары,  яғни  бағытымыз  болу  қажет.  Міне,  сондықтан  да 

Елбасымыз  алғашқы  қадамымызды,  жетер  бағытымызды  соңғы  Жолдауында 

айқындап берді. Жолдау соңында: «Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз 

– 

Мәңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп,  тәуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы 



Жолға айналдырдық», – дей отырып, бағытымыздың даму даңғылын жарық нұр 

іспеттес  жолға  теңеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Елбасы  Жолдауының  күн 

тәртібіне дер кезінде әрі өте орынды шығарылғаны еш күмән туғызбайды.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 

халқына  Жолдауы  –  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  көтерген  тамаша  тарихи 

құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. 

Қайта  құру  жылдарының  «жариялылық»  кезеңінен  бері  зерттеле  бастаған 

ұлттық  тарихымыздың  ақтаңдақ  беттері  арқылы  ұрпаққа  жарық  сыйлаған 

тарихи сананың қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы 

мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл 

жолда,  1931  жылы  Түрік  тарих  қоғамын  құрып,  «Түрік  тарихының  басты 

бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ 

тарихымен тікелей айналысуды бастаған Елбасының «Тарих толқынында» атты 

еңбегі де үлкен мәнге ие болды.  

Тарихымызбен  табысу  арқылы  «Тұтас  түрік  елі»  идеясынан  «Біртұтас 

Түркістан» идеясына дейінгі ата-бабаларымыздың ел азаттығы жолындағы ұлы 

күрестің  мазмұнын  ұғындық.  Қазақ  елі  «Түрік  бірлігі»  идеясынан  «Мәңгілік 

Ел» ұлттық идеясына дейін идеологияның өшуіне, бұрмалануына, ұмытылуына 

дейін барған ұзақ үрдісті бастан өткерді.  

Бүгінгі таңда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген 

түрік  мемлекеттерін  жақындастыру  саясаты,  елімізді  Орталық  Азияның 

көшбасшысына айналдыру идеясы нақты өз жемісін берді. «Еуразиялық Одақ» 

құру  идеясын  Елбасы  2005  жылғы  жолдауында:  «Мен  Орталық  Азия  елдері 

Одағын  құруды  ұсынамын.  Қазақстан,  Өзбекстан,  Қырғызстан  арасында 


67 

жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола 

алады. …Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, 

тіліміз,  дініміз  де,  экологиялық  проблемаларымыз  да,  керек  десеңіз,  сыртқы 

қатерлеріміз де ортақ»,- деп жариялаған болатын.  

 

Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті 



 

Айтыс  –  ауыз  әдебиетінде  ежелден  қалыптасқан  поэзиялық  жанр,  топ 

алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. 

Айтыс – синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-

келе  ақындар  айтысына  ұласқан.  Айтыста  осыған  орай  лирикалық,  эпикалық, 

драмалық  сипаттар  мол  ұшырасады.  Сол  арқылы  бұл  жанр  ауыз  әдебиетінің 

өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. 

Батыр  және  лиро-эпос  жырларына  да  әсерін  тигізіп,  өзі  де  арнасы  кең  мол 

салаға айналған.  

Айтыс  –  әдебиет  жанры  болғанымен  ертеден  қалыптасқан  халықтық 

дәстүрдің  үлкен  түрі.  Ойын,  той,  ас,  қыз  ұзату,  келін  түсіру  сияқты  қазақ 

тойлары  жүйрік  ат,  білекті  палуандармен  бірге  айтыс  ақындары  да  қатысып, 

олар  айтыс  арқылы  той  қызығы  мен  мәртебесін  көтере  түскен.  Әрине  мұндай 

жерде  айтыстардың  өз  мақсаты,  талабы,  шарты  бар.  Көшпелі  елдің  қызық-

қуанышын  бөлісіп  келген  айтыс  халқымыздың  сан  алуан  ойын-той,  әртүрлі 

дәстүрлі  думандарда  қуана  қызықтайтын  театры  іспеттес  болған.  Жұрт 

көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы 

тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын 

жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.  

Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да 

айтарлықтай  қызмет  атқарады.  “Аттың  жалы,  түйенің  қомында” дегендей  көп 

дайындықты  керек  етпейтін  айтыс  кез  келген  жерде  өте  береді  де,  мұның 

тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел 

ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты 

тікелей әсер еткені байқалады.  

 

Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш 



 

Байқоңыр  –  ғарыш  алаңы.  Қызылоарда  облысы  Қармақшы  ауданы 

аумағында  орналасқан.  Іргесі  1955  жылы  қаланған.  Ғарыш  алаңын  салу  үшін 

Байқоңырды  таңдап  алу  кезінде  бұл  жердің  елдімекендерден  қашық  болуы, 

экватор жазығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын 

ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар 

ескерілді.  

Байқоңырдың басты және көмекші нысандары мен қызмет ету орындары 

кең  аймаққа  орналасқан,  олар  бір-бірімен  автомобиль  жолдары  және  темір 

жолы  арқылы  байланысқан.  1957  жылы  4  қазанда  Байқоңыр  ғарыш  алаңынан 

тұңғыш  ғарыш  ракетасы  ұшырылды.  Ол  дүние  жүзіндегі  ең  бірінші  Жердің 

жасанды  серігін  (ЖЖС)  орбитаға  шығарды.  1961  жылы  12  сәуірде  адамзат 



68 

тарихында  тұңғыш  рет  Юрий  Гагарин  «Восток»  ғарыш  кемесімен  ғарышқа 

аттанды.  

Байқоңырдан  Күннің,  Айдың,  Шолпанның  алғашқы  жасанды  серіктерін 

«Восток»,  «Восход»,  «Союз»,  «Прогресс»  ғарыш  кемелері,  «Салют»,  «Мир» 

орбиталық стансалары, сондай-ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған 

«Космос»,  ғылыми-тәжірибелік  жұмыстар  жүргізуге  арналған  «Протон», 

«Зонд»,  «Прогноз»,  байланыс  мақсаты  үшін  пайдаланылатын  және 

метеорологиялық  бақылаулар  жүргізуге  арналған  «Молния»,  «Экран», 

«Горизонт»,  «Радуга»,  «Метеор»,  т.б.  секілді  Жердің  жасанды  серіктері 

ұшырылды.  1991  жылы  2  қазанда  тұңғыш  қазақ  ғарышкері  Тоқтар  Әубәкіров 

«Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырда ғарышқа көтерілді.  

Ресеймен  бірлескен  бағдарлама  бойынша  қазақ  ғарышкері  Талғат 

Мұсабаевпен ғарышта екі рет ( 1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 

жылы  Қазақстан  Республикасының  иелігіне  өтіп,  1993  жылы  Ресей 

Федерациясына 20 жылға жалға берілді.  

Байқоңыр  кешенінен  Қазақстан  Республикасы  аумағына  жылына  30-35 

000 


тонна  улы  заттар  таралады.  Ракеталардан  түскен  қалдықтар  Қарағанды, 

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді. 

 

Қазақ жазуының даму жолы 

 

Жазу  –  мәдениеттің  ең  жоғарғы  деңгейдегі  көрінісі.  Жазу  –  адамзаттық 

мәдениеттің өсуін, дамуын анықтайтын әлеуметтік мәні бар зор құбылыс. Жазу 

өнерінсіз  мәдениет  те,  әдебиет  пен  өнер,  ғылым  да  дами  алмайды.  Қазақ 

жазуының  даму  тарихы  көптеген  ғалымдардың  зерттеулеріне  негіз  болған. 

Түркілік  жазу  мәдениеті  туралы  М.Дүйсеновтің  “Көне  жазу  төркіндері”, 

М.Мырзахметовтің  “Әріптер  неге  өзгерген”,  Т.Қабаевтың  “Соғды  жазуы” 

мақалалары, 

Н.Оралбаеваның 

“Қазақ 


жазуларының 

тарихы”, 

А.С.Аманжоловтың 

“Түркі 


филологиясы 

және 


жазу 

тарихы”, 

О.О.Сүлейменовтің “Язык письма“ атты еңбектері, Ә.Қоңыратбаев, Ғ.Айдаров, 

М.Т.Томановтың терең ғылыми зерттеулері бар.  

Жазу – өнер мен мәдениет жетістігі ғана емес, өркениеттің өрелі көрінісі 

де. Кез келген мәдениеті жоғары деп танылатын өркениетті елдің жазу жүйесі, 

дәстүрі болуы басты шарт. Жазу-сызу болмаса, адам баласының жасаған алуан 

түрлі рухани мәдениет үлгілерінің мұраға айналуы мүмкін болмаған болар еді. 

Бұл тұрғыда қазақ жазу мәдениетінің тамыры тереңде. Оның тарихы сонау сақ 

заманынан бастау алатыны да белгілі.  

Қазақ  мәдениетінің  көне  бастауында  тұрған  Орхон-Енесай  жазуы.  Жазу 

өнерінің  пайда  болуы  да  бүкіл  адам  баласының  таным  бесігінде  болған  деп 

пайымдаймыз. 

Төл  мәдениетіміздің  рухани  көкжиегін  кеңейтетін  Орхон-Енесай  жазба 

ескерткіштері  –  тек  тілдің  даму  заңдылықтары  мен  грамматикалық 

құрылымының  дамуын  пайымдауда  ғана  емес,  халықтың  тарихи  зердесін 

айқындау үшін де, кейбір тарихи деректерді, жер-су, этнос атаулары мен оның 

жүйелі  тарихын  қалпына  келтіру  үшін  де  аса  қажет  жәдігерлік  дүниелер.  ХХ 



69 

ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы ғасырлар тоғысында өмір сүріп 

отырған бүгінгі ұрпақ ата-бабаларының көне заманаларда өз жазуы, өзінің биік 

мәдениеті  болғанын  терең  түйсінуі  қажет.  Көне  заманда-ақ  өз  елінің 

экономикасы мен саясатын, тарихы мен танымын, досы мен қасын айырып, төл 

жазуы  арқылы  ұрпаққа  мұра  қалдырған  бабалар  рухына  қалай  тәу  етпеске, 

тәжім етпеске?! 

 

Жолың болсын, жолаушы 

 

Жол  –  кеше  мен  бүгінгінің,  бүгін  мен  ертеңнің  арасын  жалғап  тұрған 



бейнелі  сөз.  Жол  –  ұрпақ  көшінің  үмітті  болашағы.  Ендеше,  ата-анаңның  ақ 

батасын алып жолға шық, жас досым! 

Жолаушы  тасымалы  –  көлікпен  жолаушылар  тасымалдау  жұмысы. 

Жолаушы  тасымалы  магистральдық  (темір  жол,  азаматтық  авиация,  автобус, 

теңіз, өзен қатынастары) және қала (метрополитен, трамвай, троллейбус, жеңіл 

автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы 

мен  жылдамдығына  және  көлік  түрлерінің  ерекшелігіне  қарай  ажыратылады. 

Темір  жол  көлігінде  тасымалдау  қашықтығына  байланысты  ол  жергілікті 

жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы, алыс қашықтықтық 

жолаушы  тасымалы,  болып,  жылдамдығына  қарай  жай  жолаушы  тасымалы 

және жүрдек жолаушы тасымалы болып бөлінеді.  

Автомобиль  көлігімен  жолаушы  тасымалы  қала  ішіндегі,  қала 

маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді. Әуе көлігінде алыс 

қашықтықтық  жолаушы  тасымалы,  жергілікті  жолаушы  тасымалы, 

халықаралық жолаушы тасымалы деп, теңіз көлігінде жай жолаушы тасымалы, 

жүрдек  жолаушы  тасымалы,  экспресс  жолаушы  тасымалы  болып 

ажыратылады.  

Өзен  көлігімен  жолаушы  тасымалының  қалааралық,  қала  маңындағы, 

жергілікті  және  транзитті  түрлері  бар.  Жолаушы  тасымалы  жұмысының 

көлемін жолаушы айналымы дейді. Ол жолаушы-километрмен өлшенеді, яғни 

жолаушыларды 1 км қашықтыққа тасымалдау жолаушы айналымының өлшем 

бірлігі  болып  табылады.  Ол  көлік  түрлері,  тасымал  бағыты,  т.б.  бойынша 

бөлек-бөлек есептеледі.  

 

Қазақтың халық күнтізбесі 

 

Біздің  заманымызға  дейінгі  бір  мыңыншы  жылдары  бүкіл  Евразия 

даласында  скиф-сақ  тайпалар  одағы  өмір  сүрді.  Ұшы-қиыры  жоқ  кең  даланы 

игеріп,  әртүрлі  патшалықтар  бірлестіктерін  құрып,  күшті  жауынгер  елге 

айналды.  Оларды  батыстағылар  (гректер)  скифтер  десе,  парсылықтар  (Иран, 

парсы  патшалықтары)  сақтар  деп  атады.  Бірақ  та  осы  екі  атау  да  Евразия 

даласын  жайлаған  халықтардың  ортақ  аты  еді.  Скиф,  сақ  тарихын  тілге  тиек 

етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба 

шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, 

үйсіндер.  Кезінде  осы  тайпалар  бірлестіктері  қазақстан  территориясын 



70 

жайлаған,  қазақ  халқының  арғы  ата-бабалары  болып  табылады.  Бұлардың 

ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе 

Иран,  парсы,  грек  жазбаларында  біршама  кездеседі.  Ал  аландар  туралы  көне 

қытай  жылнамаларында  дәйекті  де  айшықты  жазылған.  Ең  бір  көне  деректер 

ежелгі парсылардың діни кітабы –Авестада көрініс береді. 

Көшпенділер  өнерінде  алтыннан  түйін  түю,  қола  құйма  әдістері  ең 

жоғарғы  жетістікке  жетті.  Оған  археологиялық  қазбалардан  табылған  асыл 

заттар куә. Соның бірі –Украин археологтары талқан скиф қорғанының әр түрлі 

алтын  әшекей  заттары. Заттар  “толстая  магила”  қорғанынан  шыққан,  ішіндегі 

ең  бір  құндысы  –“пектораль”-  алқа.  Пектораль  өте  нақышты,  нәзік  соғылған 

әшекей  бейнелер  скифтердің  ғарыштық  ой  жүйесінің  тақырыбына  құрылған. 

Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін 

бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шерткен.  

Екінші  бір  айта  кетерлік  дүние  –  Қырымдағы  Күл-Оба  қорғанынан 

табылған  алтын  құмыра.  Тек  саф  алтыннан,  күмістен  құтылар,  онша 

таралмаған.  Құмырада  скиф  жауынгер  батырларының  бейнесі  аса  бір 

ынталықпен бедерленіп, өрнектелген. 

 

Заң – қоғамның тірегі 

 

Кез  келген  мемлекеттің,  елдің  тәуелсіздігін,  демократиялық 

құндылықтарын  айқындайтын  негізгі құжат  -  Конституция.  Онда  мемлекеттің 

барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік 

топтардың  мақсаттары,  міндеттері,  құқықтары  көрсетіледі.  Қазақстанның  Ата 

заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, 

бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын 

құжат. 


Қазақстанның 

Конституциясы 

әлемдегі 

жалпыадамзаттық 

құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады 

екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. 

Тарихқа кері шегінетін болсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең 

басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы: 

«Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы 

уақытпен  бірге  қадам  басып,  өткен  ұрпақтың  іс-тәжірибесі  мен  жарқын 

болашаққа  деген  сенімді  жинақтаған  Негізгі  Заң  қажет  болды.  Тәуелсіз 

Қазақстанның  Конституциясы  ашық  және  демократиялық  қоғам  орнатудың 

негізгі  принциптерін  баянды  етуге  тиіс  болатын»,  -  деп  жазады  Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан  жолы»  атты  кітабында. 

Осылайша,  ел  егемендігінен  кейінгі  1993  жылы  қабылданған  Қазақстан 

Республикасының  алғашқы  Конституциясы  егемендік  тарихындағы  ең 

демократияшыл  құжат  болып  табылған  еді.  Алғаш  қабылданған  1993  жылғы 

Конституцияның  мәні  мен  маңызына  келетін  болсақ,  бұл  Негізгі  құжат 

Президенттің  көрсеткен  мақсаты  бойынша  төрт  басты  мәселеге  жауап  беруі 

және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті 

басқарудың  барлық  жүйесін  нығайту,  екіншіден  -  экономикалық  реформаны 

жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас 



71 

мемлекеттің  сыртқы  саясатын  қалыптастыру,  төртіншіден  -  ішкі  саяси 

тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету.  

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз 

Қазақстанның айбынды мейрамы 

 

1991 



жылғы  1  желтоқсанда  бүкілхалықтық  сайлау  нәтижесінде  еліміз 

өзінің  тұңғыш  Президентін  сайлады  және  осы  күннен  тәуелсіздік  тарихы 

басталды. 

2011 


жылғы  14  желтоқсанда  Мемлекет  басшысы  «Қазақстан 

Республикасындағы  мерекелер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, 

онда  1  желтоқсанда  аталып  өтілетін  жаңа  мемлекеттік  мереке  -  Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын. 

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. 

Тарих  үшін  қас-қағым  сәт  болғанымен  20  жылдан  сәл-ақ  астам  уақыт  ішінде 

буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, 

тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр. Оның жарқын 

дәлелі  11  жылдық  тоқырауда  болған  ЕҚЫҰ  саммитін  жоғары  деңгейде 

ұйымдастырып,  Азиада  ойындарын  өткізуі,  сонымен  қатар  көптеген 

халықаралық  шараларға  ұйытқы  болуы,  алдағы  уақытта  ЕХРО-2017  көрмесін 

өткізетіндігі дәлел бола алады.  

Міне  осындай  ауқымды  шаралардың  басы-қасында  жүрген  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еңбегі  ерен  екендігі  сөзсіз.  Сондықтан  да  биылдан 

бастап 1 желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып 

өтпек. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте 

болса,  1991  жылдың  1  желтоқсан  күні  тәуелсіз  Қазақ  елінде  алғашқы 

президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, 

яғни  сайлаушылардың  98,78  пайыз  дауысымен  жеңіске  жеткен  еді.  Мемлекет 

билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік.  

 

Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары 

 

Қазіргі  таңда  жастарды  өмірге  бейімдеуге  жаңа  сипатта  қарау  басты 



міндетердің  бірі  болып  отыр.  Себебі,  қоғамда  болып  жатқан  түбегейлі 

бетбұрыстардың,  ғылым  мен  техника  жетістігінің,  тұлға  психикасына  әсері 

күшті  болып  отырғаны  белгілі.  Осындай  өмір  ағысына  қарай  тез  бейімделіп 

кететін  жастардың  психологиялық  теңдігін  сақтау  үшін  отбасылық  қарым- 

қатынастың,  қоғамдық  күштің,  оның  ішінде  этностық  құндылықтардың  рөлі 

ерекше. 


 

Осыған  орай,  жастардың  отбасылық  ұғымына  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  жағымды  жақтарымен  бірге  жағымсыз,  кері  әсері  де  қоғамда 

алаңдаушылық  туғызуда.  Теледидар,  радио,  кинотеатр  және  интернет  сияқты 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  әлеуметтік  жүйелерді  қалыптастыру  және 

күшейтуде  зор  ықпалға  ие  екендігі  даусыз.  Алайда,  бұқаралық  ақпарат 



72 

құралдарының  жеке  өмірге  де  тигізетін  әсерін  жоққа  шығаруға  болмайды. 

Қатыгез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен 

жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің 

өзгеруіне  әкеп  соғады.  Әрине,  дәл  осындай  ақпараттар  адамның  адами 

құндылықтарының жойылуына себепші болады.  

Отбасы  ең  маңызды  әлеуметтік  мүше  ретінде,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  отбасы  мүшелеріне  тигізетін  ықпалынан  көп  зардап  шегеді. 

Теледидар  жастардың  отбасын  құру  туралы  пайымына,  отбасында  қарым-

қатынас  құруына,  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  сапасына  әсер  етеді.  Бала  санының 

азаюы,  әйелдердің  қоғамдағы  рөлінің  өзгеруі  және  тағы  басқа  әлеуметтік 

факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік 

желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. 

Осы  үлгілер  бала  кезден  адамның  ішкі  жан  дүниесінен  орын  алып,  ерлі-

зайыптылар  мен  перзенттерінің  қарым  қатынасында  белгілі  бір  бейне 

қалыптастырады.  

 

ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі 

 

ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін маңызы зор, мақсаты биік жоба. Жалпақ 

жұртшылықтың  назарын  өзіне  аударатын  бұл  бірегей  көрме  экономикалық, 

әлеуметтік,  мәдени  дамудың  жаңа  үрдістеріне  жол  салары  хақ.  Қазақстан 

осынау  тарихы  ғасырлар  асуында  жатқан  Бүкіләлемдік  жетістіктер  көрмесін 

өткізуге  шешім  қабылдаған  бұрынғы  кеңестік  кеңістіктегі  мемлекеттер 

арасындағы  алғашқы  ел.  Осы  арқылы  еліміз  дөңгеленген  дүниеге  ортақ 

стратегиялық  міндеттерді  талқылайтын  талай  жаһандық  жиындардың 

ұйымдастырушысы  ғана  емес,  өңірдегі  көшбасшы  мемлекет  екендігін  де 

көрсетіп  отыр.  Бүгінде  әлемде  орын  алған  күрделі  ахуалға,  қаражаттың 

қаттығына қарамастан, еліміз көрмені лайықты өткізуге бел буды. «Шешінген 

судан  тайынбас»  дегендей,  қолға  алған  істі  табыспен  аяқтауға  кез  келген  ел 

мүдделі.  Ендеше  күллі  әлем  көз  тігетін  ауқымды  шараға  дайындықтың  өзі 

айрықша жауапкершіліктен, ширақтықтан ауытқымай жүруі шарт. 

Көрмеге дүние жүзінің 100-ден астам елінен 2 миллиондай турист келеді 

деп  жоспарлануда.  Уақыт  жақын.  Алайда,  шетелді  былай  қойғанда,  еліміздің 

өзінен  қанша  турист  келетіні  беймәлім.  Келушілерге  қандай  жағдай 

жасалатыны, көрмені өткізуден қандай пайда күтуге болатыны, қанша демеуші 

тартылатыны,  қандай  мәдени-көпшілік  шаралар  өтетіні  туралы нақты  мәлімет 

жоқ.  Турасын  айтқанда,  құрылыстан  өзге  жұмыстың  бәрі  баяу.  Көрмеге 

дайындық  барысы  талқыланған  кеңесте  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  ЭКСПО-2017  көрмесіне  сапалы  дайындықты  қамтамасыз  ету  мен 

өткізудің  бүкіл  Қазақстан  үшін  маңызды  екенін  атап  өтті.  Өйткені,  бұл 

еліміздің  әлеуетін  бүкіл  әлемге  әйгілеудің  теңдессіз  мүмкіндігі.  Түптеп 

келгенде, көрменің табыстылығы – баршаның жұмыла атқарған іс-қимылының 

нәтижесі болмақ. 



Биотехнология жаңалықтары 

 

73 

Өнімі  мол,  төлі  сапалы  аталық  пен  аналықтан  жаралған  эмбриондарды 

қолдағы  қарапайым  аналықтардың  құрсағына  көшіріп  отырғызу  арқылы 

нәсілділігі  мен  өнімділігі  артық  төлдің  санын  көбейтуді  –  эмбрион 

трансплантациялау биотехнологиясы дейді. Бұл тәсілді қолданғанда аталық пен 

аналық  жыныс  жасушаларының  бірігіуінен  түзілген  зәузат-эмбрион 

қолданылады. 

Аналық  мал,  жануарлардың  жұмыртқалықтарында  (жыныс  бездерінде) 

100-200 

мыңға  дейін  жұмыртқа  жасушасы  түзіледі.  Олардың  санаулысы  ғана 

(6-8) 

төл  болып  дамуға  жұмсалып,  қалғандары  даму  кезегін  күтумен  өмірден 



өтетіні анықталған. Жыныс бездеріндегі жұмыртқа жасушаларын топ-тобымен 

дамытып, көшіріп отырғызуға жарамды мол эмбрион (ұрық) өндіріп алу үшін 

арнайы тәсіл шығарылған. Осы тәсілді қолданғанда сиырдан жылына көшіріп 

отырғызуға  жарамды  50-60  эмбрион  алуға  болатынын  зерттеу  нәтижелері 

айқындап  отыр.  Бұл  дегеніміз,  құнды  сиырдан  жылына  бір  емес,жоқ  дегенде 

40-50 


бұзау алуға болатын мүмкіндік бар екенін көрсетеді. 

Қазіргі  таңда  эмбрионды  трансплантациялау  –  мал,  жануарларды 

сұрыптап өсіру (селекция) қарқынын өте аз уақыт ішінде ең жоғары деңгейге 

жеткізетін  зор  әлеуетке  ие  биотехнология  екеніне  ешкім  шүбә  келтірмейді. 

Оның  сыртында  саны  өте  азайған  немесе  жойылуға  таяған  жабайы 

хайуандардың санын көбейтіп, популяциясын сақтап қалу үшін де аса маңызды 

болып  табылады.  Мысалы,  Қытайда  жойылуға  дәл  қалған  панда  аюы  осы 

биотехнологиялық  тәсілдің  арқасында  саны  молайып,  қайтадан  еркіндікке 

(табиғатқа)  жіберілді.  Австралияда жабайы  түйелердің популяциясын көбейту 

үшін эмбриондарды трансплантациялау тәсілі қолданылып, үлкен нәтижеге қол 

жеткізген. Медицинада бұл технология нәтижелі пайдаланылады. Ағзадан тыс, 

зертханалық  жағдайда  ұрық  тоқтатылып,  түзілген  эмбрионды  әйелдің 

құрсағына енгізіп беру арқылы трансплантат-сәби дүниеге келеді. Қазақстанда 

бұл биотехнология жақсы дамыған. 

 



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал