Сборник текстов на казахском, русском, английском



жүктеу 6.69 Mb.

бет7/70
Дата08.01.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70

Ұлы Дала табиғаты 

 

Табиғи-рекреациялық  нысандарға  Солтүстік  Қазақстан  аймағындағы  - 

Көкшетау,  Бурабай,  Баянауыл,  Ерейментау,  Шығыс  Қазақстан  аумағындағы  - 

Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік 

Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы – Үстірт, 

Мұғалжар,  Каспий  ойысы,  Жайық  өңірі,  Орталық  Қазақстандағы  Қарқаралы, 

Қызыларай,  Бектауата,  Ұлытау  және  басқа  да  табиғи  нысандар  жатады. 

Сонымен  бірге  Алматы  облысындағы  ұлттық  саябақтар  мен  қорықтардың 

туризмді  дамытуда  маңызы  зор.  Оларға  Іле-Алатауы  ұлттық  саябағы,  Түрген-

Шамалған  өзендері  аралығындағы  шатқалдар,  Түрген,  Есік,  Талғар,  Алматы, 

Қаскелең,  Шамалған  елді  мекендері  жатады.  Алтынемел,  Көкшетау,  Бурабай 

ұлттық  саябақтарында  туризмді  дамыту  мемлекет  тарапынан  қолдау  тауып, 

дамып  келеді.  Қазақстан  аумағындағы  9  мемлекеттік  қорықта  да  ғылыми-

экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. 

 

Ер есімі - ел есінде 

 

Кеңес  Одағының  Батыры  Ақан  Құрманов  қасиетті,  киелі  Атбасар 

өңіріндегі Қосбармақ ауылында 1918 жылдың 15-ші шілдесінде дүниеге келген.  

Ақан  Құрманов  1943  жылдың  28  қыркүйегінде  Днепр  өзенінен  өту 



51 

кезіндегі қиян-кескі шайқаста ерлікпен көз жұмды.  

Ақан Құрмановқа 1944 жылдың 15 қаңтарында КСРО жоғарғы Кеңесінің 

Жарлығымен «Кеңес Одағының Батыры» деген ең жоғарғы атақ тапсырылды.  

«Ер  елдің  атын  шығарар,  ел  ердің  атын  шығарар»  деп  дана  халқымыз 

тегін  айтпаған.  Сондықтан  да,  елдің  атын  шығарған  кешегі  Ұлы  Отан 

соғысының батырларын бүгінгі ұрпақтары ұмытуға тиіс емес.  

Атбасар шаһарындағы орталық көшелердің бірі Ақан Құрманов есімімен 

аталады.  Туған  ауылы  Қосбармақта  ескерткіш  бюсті  орнатылды.  Артында 

қалың елі отырғанда, кешегі өткен аруақты батыр бабаларымыздың есімі мәңгі 

ұмытылмайды. 

 

Отан отбасынан басталады 

 

Көшпелі  және  рулық-тайпалық  негізде  құрылған  халықтарда  туыстық 



байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. 

Отбасында негізгі туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген. Сонымен 

қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған 

балаларды жиен деп, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт 

деп  аталады.  Қазақ  салты  бойынша  жиенді  ренжітуге  болмайды,  сұрағанын 

беріп, көңілін түсірмеуге тырысқан. 

Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы отбасы саналады. 

Қазақ  отбасы  негізінен  үш  ұрпақтан  тұрады.  Ол:  ата,  әке,  бала.  Аталар 

мен  әжелер  –  ауыл-аймақ,  ағайын  арасының  берекесі,  ақылшысы.  Олардың 

әрқашанда  мәртебесі  биік  болып,  сый-құрметке  бөленген.  Өйткені  үлкенді 

сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, 

тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді 

сыйлау, ақылын тыңдау – көрегенділік. Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін 

көрмей  өскен  бала  болмаған.  Ата-әжелер  жыр,  дастан,  ертегі  айтып  немере-

шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. 

Қазақтаң ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз 

қолына  алып,  немере  ыстық  болғандықтан,  балаларынан  да  артық  көріп, 

тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-

шешесін тек қана өскеннен кейін танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже 

ұлының  орнына,  атасының  қара  шаңырағына  ие  болып  та  қалатын  жайт 

кездеседі. 

 

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі 

 

Кез-келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. 

Әсіресе  ірі  қалалар.  Қалаларда  адамдар  көп  шоғырланып,  өте  мықты 

экономикалық  және  интеллектуалды  әлуетті  қалыптастырады.  Бұл  процесс 

қалалардың  өсуіне  және  ауыл  шаруашылығының  дамуына  себебін  тигізеді. 

Өнеркөсіп,  ғылым,  білімнің  өркендеуі  ірі  қалалардың  экономикалық  есуінің 

діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін 

қаңқасы  тәрізді.  Жалпы  қалалар  мен  ауылдардың  дамуы  бір-бірімен  тығыз 



52 

байланысты. 

Ірі  қалалар  -  адамның  шығармашылық  әлуетін  дамытуға  мүмкіншілік 

береді.  Қалалықтар  қызмет  түрінің  көптеген  түрлерін  пайдаланып,  жайлы 

қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді.  

 

Таулар сыры 

 

Әлем  құпия  мен  тылсым  сырға  толы.  Өз  басым  осындай  кұпиялы 

мекендерге  қатты  қызғамын.  Мен  үшін  қызықты  тылсымға  толы  елдің  бірі 

Тибет елі. Әлқисса әңгіме осы өңірдегі адамзат баласын өзіне аударған Кайлас 

тауы жәйында. 

Кайлас — әлемдегі ең көп әрі ең ірі пирамидалар орналасқан өлке. Бұған 

Мысыр не болмаса Оңтүстік Америкадағы атақты пирамидалардың өзі тең келе 

қоймайды.  Мәселен,  бүгінге дейін  жалпақ жаһандағы  ең биік,  алып  пирамида 

Мысырдағы  Хеопс  деп  саналып  келді.  Оның  биіктігі  —  146  метр.  Ал  Кайлас 

тауындағы  пирамидалардың  кейбірінің  биіктігі  —  100  метрден  1800  метрге 

дейін  жетеді.  Мәселен,  бүгінгі  ғылымның  есептеуінше,  Мысырдағы  Ұлы 

пирамида  Хеопстың  салмағы  6,5  миллион  тонна  көрінеді  (әрине,  барлық 

құрылыс заттарын қосқанда). Ықылым заман тұрмақ, мұндай алып құрылысты 

жүргізуге,  жүздеген  тонналық  тас  қабырғаларды  шырқау  биікке  көтеруге 

қазіргі жетік техниканың мүмкіндігі келмейді екен. 

 

Қуат көзін үнемдей білеміз бе? 



 

Электр қуатын үнемдеу мәселесі жаһандық деңгейде ерекше маңызға ие. 

Оның  балама  көзін  қарастыру  үшін  сарапшылар  талай  мәрте  бас  қосты.  Осы 

бағыттағы  жұмысты  жүйелеу  мақсатымен  Қазақстанға  БҰҰ  өкілі  Гордон 

Джонсон арнайы ат басын бұрды. Ол еліміздің бірқатар өңірін аралап, желдің 

соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген. 

Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы 

жоспар  негізінде  сағатына  1,82  трлн.  киловат  қуат  өндіру  көзделген.  Ал 

бағдарламаның  екінші  бөліміндегі  бес  мегаваттық  жел  қуаты  бекеті  Қытай 

шекарасына таяу Жоңғар қақпасы маңайынан орын алады.  

 

Астана – мәдениет пен өнер ордасы 

 

Астана  қаласы  –  1998  жылдан  бастап  мемлекетіміздің  әкімшілік-саяси 

орталығы.  Сонымен  қатар  мәдениет  пен  өнер,  білім  мен  ғылым,  озық 

технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала.  

Астанада  Қ.Қуанышбаев  атындағы  қазақ  музыкалық  драма  театры, 

М.Горький атындағы орыс драма театры, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және 

келісім  сарайы,  Президенттік  мәдени  орталық,  Конгресс-холл,  «Жастар» 

сарайы,  «Қазақстан»  концерт  залы,  қалалық  филармония  және  баса  да 

бірсыпыра  мәдениет  ошақтары  бар.  Елордамызда  көптеген  жоғары  оқу 

орындары  мен  колледждер,  мектептер  мен  балабақшалар,  балалар 



53 

қалашықтары  бар.  Еліміздің  бас  қаласында  спорттың  дамуына  да  үлкен  мән 

берілуде. «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері, велотрек, 

мұз айдыны мен «Астана-Арена», Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондар соның 

куәсі. 

Қазақстан қорықтары 

 

Қазақстан  аумағы  қорықтар  мен  ерекше  аймақты  табиғатқа  бай  өлке. 



Қорық–  аумағындағы  барлық  табиғи  кешен  толығымен  шаруашылыққа 

пайдаланылудан  алынған  және  үкіметтің  қорғауында  болатын  жер  не  су 

кеңістігі,  типтік,  сирек  кездесетін  және  бірегей  табиғи  кешендерді  бүкіл 

компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы 

қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық - қорғалатын 

аумақ  қана  емес,  сонымен  қатар  табиғатты  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік 

ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу 

әдістері,  оларға  әсер  ететін  факторлар  анықталып,  саны  сиреп  бара  жатқан 

жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі 

терең  зерттеледі.  Қорықтағы  табиғи  ресурстарды  сақтаудың  жолдары 

белгіленеді.  

Қазақстанда  Ақсу-Жабағылы  қорығы,  Алматы  қорығы,  Барсакелмес 

қорығы,  Қорғалжын  қорығы,  Марқакөл  қорығы,  Наурызым  қорығы,  Үстірт 

қорығы, Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар.  

 

Болашақ мамандықтары 

 

Мамандық  таңдау  –  маңызды  іс.  Уақыт  өте  дәстүрлі  мамандықтар 



сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық 

агенттіктің  футурологтары  2030  жылы  сұранысқа  ие  болып,  кең  жайылатын 

мамандықтардың тізімін болжады. 

Сонымен, айналдырған 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату 

бойынша  менеджерлердің  орнына  мынандай  маман  иелері  қажет  болады: 

Наномедицина  қызметкері,  ғылым  жетістіктері  этикасының  маманы,  ғарыш 

туризм мамандарымен қатар климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі 

кездесетін  мамандықтардың  қатарында  болады.  Әрине,  бұл  мамандықтардың 

қатарын  заманауи  дамуға  байланысты  тағы  да  көптеген  мамандықтар 

толықтырары анық. 

 

Қазақстан және Ұлы Жібек жол 

 

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа 

елдеріне  беттеген  керуен  жолы.  Бұл  жолдың  басым  бөлігі  Орта  Азия  мен 

Қазақстан жерінің үстімен өтті. 

Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс 

пен  Батыс  өркениеті  тоғысып,  мәдениет  және  дипломатиялық  қарым-қатынас 

орнады. 

VI-VII 


ғасырларда  Қытайдан  бастау  алған  керуен  Жетісу  мен  Оңтүстік 

54 

Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан 

(Яссы),  Суяб,  Баласағұн  сынды  көне  қалалар  тек  сауда  ғана  емес,  мәдениет 

және ғылым орталықтары болды. 

Ал  бүгінгі  таңда  Жібек  жолының  тарихы  жаңғыртылып,  саяси  маңызы 

зор жаңа дәуірі ашылғалы тұр. Қазақстан үшін Ұлы Жібек жолы мақтанышпен 

айтарлық ерекше жоба. 

 

Жер байлығына аяулы көзқарас 

 

 

Қазақстан  кен  байлықтарының  қоры  мен  әр  алуандығы  жағынан  Жер 

шарындағы  бай  аймақтардың  бірі.  Минералдық  шикізат  ресурстары  еліміздің 

даму  стратегиясын  анықтайтын  негізгі  факторлардың  бірі.  Маңыздылығы 

жағынан  олар  үш  топқа  бөлінеді.  Бірінші  топқа  негізгі  қаржы  түсімін 

қамтамасыз  ететін  және  экономикалық-саяси  мәні  бар  стратегиялық    кен 

байлықтары  жатады:  мұнай,  газ,  көмір,  уран,  хромит  кен  орындары.  Екінші 

топты  қаржы  түсімін  қамтамасыз  ететін  әрі  Қазақстанның  индустриялық  бет-

бейнесінің  негізі  болып  табылатын  маңызды  кен  байлықтары  құрайды:  темір, 

марганец,  мыс,  қорғасын,  мырыш,  алюминий  және  алтын  кен  орындары. 

Үшінші  топқа  ішкі  және  сыртқы  рыноктарда  жоғары  сұранымға  ие  қалайы, 

күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры 

негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, 

олар 70-тен аса әртүрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді. 

 

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы 

 

Жазғы  Олимпи́ада  ойындары  —  Халықаралық  олимпиада  комитетінің 

эгидасымен,  4  жылда  бір  рет  өтетін  жазғы  және  барлық  маусымдық  спорт 

түрлерінен  орасан  зор  халықаралық  жарыстар.  Ойындар  1896  жылдан  бастап 

өткізледі.  

Қазақстан  намысын  қорғаушы  спорт  майталмандары  да  әр  төрт  жыл 

сайын  осы  айтулы  додаға  аттанады.  Еліміздің  мақтанышына  айналған 

Олимпиада  чемпиондарымыз  да  бар.  Илья  Илин,  Серік  Сапиев,  Мая  Монеза 

сынды  чемпиондарымыз  еліміздің  намысын  қорғап,  көк  байрағымызды  әлем 

алдына шығарған.  

 

Абайды оқы, таңырқа! 

 

Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы  (1845-1904)  —  ақын,  ағартушы,  жазба 

қазақ  әдебиетінің,  қазақ  әдеби  тілінің  негізін  қалаушы,  философ,  композитор, 

аудармашы,  саяси  қайраткер,  либералды  білімді  исламға  таяна  отырып,  орыс 

және  еуропа  мәдениетімен  жақындасу  арқылы  қазақ  мәдениетін  жаңартуды 

көздеген  реформатор.  Абай  ақындық  шығармаларында  қазақ  халқының 

әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. 

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар 

әлем  ойшылдарының  еңбектерімен  жақсы  таныс  болған.  Философиялық 


55 

трактаттар  стилінде  жазылған  «Қара  сөздері»  -  тақырып  ауқымдылығымен, 

дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. 

 

Қазақ ұлттық қолөнері 



 

Қазақ  ұлттық  мәдениетінің  ең  байырғы,  аса  құнды  салаларының  бірі  - 

қолөнері,  оның  ішінде  ою  өрнек  болып  табылады.  Ою-өрнектер  әсемдікпен, 

сәнділіктің  белгісі  ғана  емес,  сонымен  бірге  халықтың  арман-  ойының,  тілек 

мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндылық 

ерекшеліктері  сан  алуан.  Бүгінгі  ұрпақ  өзінің  ұлттық  сезімдерін,  өнерін 

жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік 

дүние.Оның  құндылығы  орасан  зор.  Сонау  жазу-сызу  шыға  қоймаған  ерте 

заманда  адам  өз  ойын  тасқа,  сүйекке,  ағашқа  ойып,  қашап  түсіріп  отырған. 

Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер 

сол  ерте  заманда  қалыптасқан  ұғымдар.  Қолөнердің  сала-саласында  кең 

қолданылып  келген,  өнердің  өте  көне  әрі  күрделі  түрі-  ою-өрнек  өнері. 

Қазақтың  қол  тума  сәндік  өнерінің  барлық  түрлеріне  де  оюлар  мен  өрнектер 

алғашқы элемент ретінде қолданылады.  

 

Саяхат және туризм 

 

Ұлы  Жібек  Жолы  бойында  орналасқандықтан  Қазақстан  аумағындағы 

қалалар  мен  табиғаты  ғажайып  қорықты  жерлер  ежелден  саяхат  және  туризм 

нысандары  болып  табылған.  Қазақстандағы  алғашқы  туристік  ұйымдар  ХХ 

ғасырдың  20-30-жылдары  пайда  болды.  Қазақстанда  туризмнің  танымдық, 

ойын-сауық,  этника,  экология,  денсаулық  сауықтыру,  балалар,  спорттық,  аң 

аулау, балық аулау, атпен серуендеу және басқа да түрлері дамып келеді. Бұл 

үшін  Қазақстан  аумағы  бойынша  700-ден  астам  саяхаттық  маршруттар 

белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 

әртүрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. 



 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып-

үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер 

 

2007-2008 

оқу  жылынан  бастап  Қазақстанда  үш  тілде  оқытуды  негізу 

бойынша  жаңа  білім  жобасы  іске  асырыла  бастады.  Бұл  жобаға  республика 

бойынша дарынды балаларға арналған 31 мамандандырылған мектеп қатысты. 

Жобаның  мақсаты-әлемдік  стандарт  деңгейінде  сапалы  білім  берудің  негізгі 

бағыттарын анықтау. 

Үштұғырлы  тіл  тұжырымдамасы-өмірлік  қажеттіліктен  туындаған 

игілікті идея. Өйткені қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» 

экономиканы  енгізіп  жатқан  елдер  қарыштап  дамуда.  Ал  бұл  бағыттағы 

толайым табыстарға, ілім-білім алып барар жол-ғаламшардағы үстемдік құрған 

тілдерді үйрену. 

 


56 

Уақыт - ұлы күш 

 

Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. 

Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, ол уақытпен өлшенеді. Уақыттың қадірін оны 

жоғалтқан  жақсы  біледі,  өміріндегі  ыңғайлы  сәттерін  қолайлы  пайдалана 

білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады. 

Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен 

көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін 

айтып  кеткен.  Уақытты  тиімді  пайдалана  білу  өзгеріс-құбылысы  әп  сәтте-ақ 

түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс 

қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін уақытты бағалай білу керек. Өйткені 

"әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар. 

 

Жердегі климаттық өзгерістер 



 

Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен 

салыстырғандағы  ерекшеліктерін  айыру,  сонымен  қатар  берілген  жердің 

климатының  өзгеруін  байқау  тек  көп  жылдар  бойы  жүргізілген  байқауларды 

жүйелеу,  қорыту  негізінде  айқындалады.  Жер  шарының  әр  нүктесіндегі 

климаттың  әртүрлі  болуы  —  климат  құрайтын  факторлардың,  яғни  осы 

процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады. 

Планетаның  беткі  жазықтығын  климаттық  өзгешеліктері  тұрғысынан 

бірнеше белдемдерге  бөлу  ұстанымы. Жер  шарын  тұтасымен орап өтетін осы 

белдемдердің  жиектері  ендік  сызықтармен  орайлас  бағытталған.  Әрбір 

климаттық  белдем  құрамында  бірнеше  климаттық  атыраптар  оқшаулануы 

мүмкін.  Климаттық  белдем  деген  ұғым  аймақтық  түсінік  ретінде  де 

қолданылады.  Мысалы,  таулы  өңірлерге  тән  түрлі  биіктік  деңгейлерінің  тек 

өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес 

климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді. 

 

Қазақстанның ежелгі қалалары 

 

Жібек  Жолы  біздің  заманымызға  дейін  III  ғасырда  сауда  магистралі 



ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында 

орналасқан  көне  қалалар  бірталай  соғыс,  өрт,  аштық,  апат-ойрандардың  куәсі 

болды. 

Ұлы Жібек жолының сан тарау жолдары Сырдария мен Таластың, Арыс 



пен  Ертістің  жағасында,  тау  шатқалдарына  кіре  берісте,  асулар  мен  өткелдер 

маңында,  таулар  мен  далаларда  қоныс  тепкен  үлкенді-кішілі  қалаларға  барып 

тіреліп жатты. Бұл қалалардың кейбіреулерінің аттары барлық өлкелерге әйгілі 

болды,  олар  туралы  еңбектерде,  сөз  болды,  аңыздар  сыр  атқарады.  Олар  – 

Отырар  мен  Тараз,  Түркістан  мен  Баласағұн,  Испиджаб  пен  Суяб.  Өзгелері 

түгелдей  сауда-саттық  ісіне  тәуелді  аралық  сауда  бекеттері  ретінде  белгілі 

болды.  

 


57 

Спорт және денсаулық күтімі 

 

Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  зор  екендігін  бәріміз  білеміз. 

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. 

Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. 

Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. 

Бұл  туралы  ұлы  ойшыл  Ибн  Сина  да  өз  шығармаларында  айтқан.  Ол 

сондай  -  ақ  спортты  мағынасына  қарай  жеңіл,  ауыр,  ұзын,  қысқа  сияқты 

бірнеше түрге бөлген. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  “Қазақстан  -  2030”  стратегиялық 

бағдарламасында  халықты  салауатты  өмір  салтына  ынталандыруды  басым 

бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ, Президентіміздің қолдауымен 

2003 


жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. 

 

Ұқсатым. Сән. Талғам. 



 

Киім  адамзат  үшін  сыртқы  ортаның  әсерінен  қорғаныш  пен  жылыну 

құралы  ғана  емес.  Бұл-адам  беделінің,  қоғамдағы  дәрежесінің  бірден-бір 

көрсеткіші.  «Адам  көркі-шүберек»  демекші  ортамыз  бізді  киген  киімімізге 

қарап бағалайды.  

Тігіншілер мен сәнді дизайнерлер жылдан-жылға мыңдаған киім түрлерін 

ойлап шығарады. Соның арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі 

болып қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда, әр адам өзіне мтән стиль таңдайды. 

Бұл біздің мінезіміз бен өміріміздегі қызығушылықтарға байланысты. 

Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір 

қалыптасқан. 

Спорттық  үлгідегі  киімді  тек  спортшылар  ғана  емес,  көп  нәрсеге  көңіл 

бөле бергісі келмейтіндер де сүйіп киеді. 

Этно үлгісіне  сай  киінетін  адамдар  саяхаттауды  жақсы  көреді.  Осындай 

ерекшеліктері бар киімді таңдайтын жандар-батыл, ашық, өнерпаз жандар. 

 

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау-мәдениеті 

 

 

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің 



барлық  салаларында  компьютерлендіру  процесі  жүріп  жатыр.  Технологияның 

күн  сайын  үздіксіз  дамып,  өзгеріп,  жаңарып  жатқан  ақпарат  заманында  өмір 

сүру – күрделі дайындықты талап етеді. 

Ақпараттық  мәдениет  –  бұл  әңгімелесе  білу,  теледидар,  хабарды 

талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу. 

Ақпараттық  мәдениет  тек  компьютермен  дұрыс  жұмыс  істей  білу  емес, 

кез  келген  ақпаратты  дұрыс  пайдалана  білу  деген  сөз.  Алынған  мәліметті  ой 

елегінен  өткізіп,  талдай  білу.  Ақпараттық  мәдениет  –  компьютерлік 

технологияны  пайдалану,  ол  –  Интернет.  Интернеттің  көмегімен  көптеген 

ақпараттық әрекет жасауға болады.  

 


58 

Музыка. Қазақтың киелі домбырасы 

 

Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай 

сынды әнші-композиторлар үкілі домбырасымен серілік құрып, өшпес рухани 

байлық қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын 

әсем  әндер сыйлаған.  Қазақ мерекесі, қазақ  мәжілісі,  ырымы,  дастарқаны мен 

отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес. Ал ән – киелі домбырасыз сәнін 

тапқан  емес.  Ән-адамның  ой-сезімін  білдіретін,  тәрбиелейтін  өнер  жанры.  Ал 

домбыра  мен  қазақ  –  егіз  ұғым  іспеттес.  Ән  адамды  қуантатын,  мұнайтатын, 

жылататын өнер. 

Біздер  Ахмет  Жұбанов,  Мұқан  Төлебаев,  Ғазиза  Жұбанова,  Шәмші 

Қалдаяқов,  Сейдолла  Бәйтереков,  Әсет  Бесеуов,  Ескендір  Хасанғалиев,  және 

өзге  де  ерекше  тұлғалы  композиторлардың  тамаша  әндерімен  сусындап 

келеміз. 

 

Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі 

 

Жазда  мен  ініммен  ауылға  бардым.  Онда  менің  атам  мен  әжем  тұрады. 

Олардың үйлері үлкен, ал үйдің алдындағы аула кең. Үйдің алдында әдемі алма 

бағы бар. Таңертең мен атама бақтағы ағаштарды суаруға көмектесемін. Үйдің 

сыртында мал қорасы салынған. Оған қойлар мен сиырларды қамайды. Кешке 

інім екеуіміз атқа мініп, малды қайырамыз. Атам мен әжем бізді үйдің қасында 

күтеді.  Кешке  атам  маған:  «Қазақ  халқы  ертеде  сиырды,  жылқыны,  түйені, 

қойды  төрт  түлік  деп  атаған»,  деді.  «Өйткені  малдың  еті  мен  сүтінен  әртүрлі 

тағамдар  жасаған,  ал  терісі  мен  жүнінен  киім  мен  үй  жабдықтарын  жасаған» 

деп жалғастырды әжем. 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал