Сборник текстов на казахском, русском, английском



жүктеу 6.69 Mb.

бет3/70
Дата08.01.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 

Біздің Қазақстан 

 

Біздің  Қазақстан  –  көп  ұлтты  мемлекет.  Бейбітшілік  пен  достастықта, 

татулықта  бірге  жұмыла  отырып,  қызметтің  әртүрлі  саласында  қазақтар  мен 

орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде.  

Мен  соңғы  жүз  жылда  Қазақстан  жеріне  әртүрлі  халықтар  қоныс 

тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. 

Бірлік,  ұлтаралық  келісім  және  саяси  тұрақтылық  –  қазақстандықтардың 

қалауы.  Мен  оны  білемін.  Онда  татарлар  да,  орыстар  да,  қазақтар  да  бар. 

Олардың  тағдырын,  өмір  тарихын  тыңдағанда  менің  елім  одан  сайын  маған 


18 

жақындай  түседі,  оны  жақсырақ  түсіне  бастаймын.  Біздің  отбасы  тарихымыз 

мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр 

жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірі 

қалыптасты.  

Адамзат  баласының  татулығына  ұмтылу  әр  халықтың  қанында  бар, 

әсіресе  ол  қазақстандықтарда  ерекше  дамыған.  Бұл  Қазақ  жерінің 

жомарттығынан,  осы  өлкелерге  тағдыр  алып  келген  барлығына  құшағын  кең 

жайып,  пейілін  кеңге  салатын  Қазақ  халқының  мінезінен  жаралған.Осында 

тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі 

келек.  

Қазақстанда  тұратын  барлық  халықтың  татулығы  мен  бірлігінің  мәні 

осында.  Ол  байырғы  көркем  Қазақстан  жерінде  бейбітшілікті  сақтауға 

көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. 



 

Алтын жүзік 

(Аңыз) 


 

Бiр  кедей  күнi  бойы  жұмыс  iстеп,  қатты  шаршайды.  Бiр  арша  ағашын 

әрең  кесiп  жерге  құлатқанда,  жоғарғы  жағынан  екi  жұмыртқа  домалап  түседi 

де, жарылып қалады.  Бiрiншiсiнен  бүркiттiң  балапаны  шығады да,  лезде өсiп, 

адам  бойымен  бiрдей  болады.  Екiншi  жұмыртқа  жарылып,  одан  алтын  жүзiк 

шығады. 


Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге: 

Ей,  адам  ұлы!  Сен  менi  құтқардың.  Мен  саған  мынау  алтын  жүзiктi 



сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. 

Тiлегiң  орындалған  соң  жүзiгiң  сиқырын  жоғалтып,  жәй  жүзiкке  айналады. 

Сондықтан  тiлегiңдi  айтпастан  бұрын  жақсылап  ойлан.  Әйтпесе  кейiн  өкiнiп 

жүресiң, -дейдi.  Осыны  айтып, бүркiт ұшып кетедi.  Егiншi  қуаныштан  жүрегi 

жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз 

қолындағы  жүзiктiң  қанша  тұратынын  сұрайды.  Зергер:  –  Екi  алтындай 

болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы 

екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. 

Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде 

егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi 

кедей байғұс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып: 

Жүз  мың  алтыным  болса,  –  деуi  мұң  екен,  үстiне  алтындар  жауа 



бастайды.  Зергер  жанталасып,  арлы-берлi  қаша  бастайды,  бiрақ  есiктi  аша 

алмайды.  Дүниеқоңыз  зергер  алтынға  көмiлiп  өледi,  алтындарын  көршiлерi 

бөлiсiп алады.  

 

Тәртіпсіз лақ 



 

Кеш.  Аула  төрiнде,  үлкен  терек  көлеңкесiнде  кiтап  оқып  отырғанмын. 

Кенет тарс-тұрс дыбыс шығып, басымды көтердiм. 

Қарасам,  көршiмнiң  бiрiншiде  оқитын  баласы  өзiнiң  лағын  ышқынта 



19 

қуалап жүр. 

Бiр  кезде  жеттi-ау  лаққа.  Мүйiзiнен  ұстап  алып,  бас-көз  демей  төпеп 

жатыр. Осы кезде үйден әжесi шығып, оның қылығын көрдi де: 

– 

Әй,  Төлтай,  ұрма  лақты!  –  деп  айқайлады.  Күтпеген  жерден  шыққан 



дауыстан  селк  ете  түскен  Төлтай  лақтан  айырылып  қалды.  Төнiп  келген 

әжесiнен қашпай тымырайып тұр. – Неге ұрасың? Өй, тәртiпсiз! 

– 

Лақ  тәртiптi  ме?  Неге  еккен  ағашымды  құлатады?..  –  деп  ренжiсiн 



ұқтырды Төлтай. 

Қараймын, әлгiнде ғана құнжыңдап терезе түбiнде отырғызып жатқан жас 

ағашы құлап қалыпты, мұны көрген әжесi: 

– 

Жә,  екеуiң  де  оңып  тұрған  жоқсыңдар...  –  дедi,  қолын  сiлтеп  жөнiне 



кеттi. 

– 

Маған ұрсады, лақтың қылығын көрмейдi, – бұртыңдаған Төлтай құлап 



жатқан ағашты қайта тұрғызып жатты. 

 

Мейiрiмдi бала 



 

Қытай  жұртында  ескi  заң  бар,  бiреудi  алдағандығы  мойнына  түскен 

кiсiнiң қолын кесе-тұғын. Бiр төре осындай iспен күнәлi болып, әлгi айтылған 

жазаны  беруге  тұрғанда,  күнәлi  төренiң  жас  қыз  баласы  әкем  үшiн  жауап 

беремiн деп, мәлiм болды. Қызды патшаға алып келiстi. 

– 

Тақсыр,  патшам,  –  дедi  қыз,  –  менiң  әкем  жазаға  лайық  болғаны  рас, 



соның үшiн қолынан айрылуы керек болды, мiнекей, тақсыр, әкемнiң қолы, – 

деп өзiнiң  қолын  көтердi. –  Бұл  қол да  менiң жазықты  болған  атамның  қолы, 

бiрақ  мұнымен  бала-шағаларын  асырауға  шамасы  келмейдi.  Бұйырыңыз, 

тақсыр,  осы  нашар  қолын  кесiп,  жұмысқа  жарап,  бала-шағаларын  асырайтын 

қолын атама қалдыруға. 

Патша  баланың  мұнша  атасына  мейiрiмдiлiгiне  рақымы  келiп,  төренiң 

күнәсiн кештi дейдi. 

 

Жаман жолдас 



 

Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң 

бiреуi  әлсiз,  ауру  екен, екiншiсi  мықты,  жас  жiгiт,  аюды көрген  соң  бұл жiгiт 

ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру 

байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды 

да  жатты:  есiтуi  бар  едi,  аю  өлген  кiсiге  тимейдi  деп.  Аю  бұл  жатқан  кiсiнiң 

қасына  келiп  иiскелеп  тұрды  да,  дыбысы  бiлiнбеген  соң  тастап  жөнiне  кеттi. 

Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты: 

– 

Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi: 



– 

Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап 

қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi. 

 

 

 


20 

Отырар кітапханасы 

 

Ежелгі  Отырар  қаласы  Сырдарияның  Арыс  өзеніне  құяр  жеріне  Ұлы 

Жібек жолының бойында орналасқан. Айналасы - ат шаптырым терең ор, биік 

қорған.  Төбе  басында  хан  сарайы,  жан-жағында  тасболат  тамдар  және  қару-

жарақ,  теңге  соғатын  ұстаханалары,  шәкірттер  дәріс  алатын  бірнеше  медресе 

болған. 


Тырнаша тізілген, иір мойын түйелер күндіз-түні қалаға еніп жататын. 

Батыс  жағындағы  қақпа  арқылы  орыс  көпестері,  шығыстан  –  моңғол, 

қытай  кезбелері  кіретін.  Түстіктен  –  Шаш,  Бұқара  қалаларынан  шыққан  араб 

саудагерін,  терістіктен  –  башқұр,  саха  ханзадалары  жіберген  керуен  тізбегін 

көруге  болар  еді.  Сол  керуендер  арқылы  қалаға  әртүрлі  әшекей  бұйымдар, 

маталар, тең-тең кітаптар келеді екен. 

Отырар кітапханасының сөресінде ақ теріге жазылған, алтын жалатылған 

қаншама  кітап  көз  жауын  алатын  болған.  Мұның  үстіне  күйген  қышқа 

түсірілген,  ыдысқа  ойған,  тасқа,  ағашқа  қашап  келтірген  бабалар  қолтаңбасы 

мол-ақ. 


 

Ұлы жібек жолы 

 

Байырғы  заманда  жердің  түпкір-түпкірінде  тұратын  адамдар  бір-бірімен 

сауда  байланысын  жүргізген.  Алғашында  ол  зәру  заттармен  айырбас  ретінде 

жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс 

сулары.  Мал,  сәйгүлік  аттар,  қымбат  бағалы  аң  терілері,  қола  мен  темірден 

жасалған  заттар,  мата,  азық-түлік  және  басқа  да  тауарлармен  алмасқан. 

Кейіннен  ақшаға  сауда-саттық  басталып,  көптеген  елдер  мен  қалаларды 

байланыстырған  орталықтар  –  базар,  жәрмеңке,  сауда  жолдары  ашылды. 

Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай 

жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. 

Осылай  ІІ  ғасырдың  ортасында  Еуропа  мен  Азияны  біріктірген  Ұлы 

Жібек  жолы  пайда  болды.  Оған  «лазурит»,  «нефит»  және  «құндыз»  жолдары 

кірді.  «Лазурит  жолы»  -  Мысыр,  Иран,  Вавилон  елдеріне  лазурит  (ляпис-

лазурь)  тасы  тасымалданатын  жол.  Лазурит  бұл  елдерде  өте  кәдімгі  саналып, 

аса жоғары бағаланған.  

Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. 

Себебі  ол  бүкіл  Еуропа  мен  Азия  елдерінің  бір-бірімен  қарым-қатынас 

жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктіреді. 

 

Киіз үй 

 

Киіз  үй  –  Орталық  және  Орта  Азия  халықтарының  негізгі  баспанасы; 

Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. 

Ол  –  көшпенділердің  тез  жығып,  шапшаң  тігуге,  яғни  көшіп-қонуға 

ыңғайлы үйі. 

Көшпенділердің  киіз  үйі  —  тарихымыздағы  ең  бірінші  сәулеттік 



21 

құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, 

туристер  де  пайдаланады.  Киіз  үй  жер  сілкінісінде  де  ыңғайлы,  өйткені  ол 

оңайлықпен  бұзылмайды.  Қазақстан  жер  сілкінісінен  зардап  шеккен  елдерге 

шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. 

Толығырақ...  Киіз  үй-көктем,  жаз  және  күз  мезгілдерінде  қоныстан 

қонысқа  көшіп  жүру  жағдайына  қолайлы  құрама  үй.  Оның  қабырғасы  торлап 

көктелген  керегеден  тұрғызылады.  Кереге  әдетте  екі  түрлі  болады.  Оның  бірі 

кең  көзді кереге  « желкөз» деп аталады.Бұл  артуға  жеңіл,  бірақ сәнсіз,  сүйегі 

жеңіл  болғандықтан  желге  төзімсіздеу  болып  келеді.Екінші  түрі  тар  көзді 

кереге  –  «торкөз»  деп  аталады,  ол  артуға  ауырлау  болғанымен  ,  желге  өте 

төзімді.Кереге  жиналмалы  бөлек-бөлек  қанаттардан  жасалады.Ал  керегеден 

жоғары  сидам,  жіңішке  ағаштан  жұмырлап  жасалып,  қарны  иілген  уықтардан 

қаусырыла күмбез шығарылады.  

Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – 

күннің  аптабы  мен  түннің  дым-сызынан,  жауын-шашын  мен  аңызақтан, 

бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға 

қолайлы,  оны  жарты  сағат  ішінде  жығып-артуға  да,  жарты  сағат  ішінде 

көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады. 

 

Ғарышкерлерді дайындау 

 

Ғарышкер болу үшін ұзақ уақыт дайындық керек. Оларды мұқият байқау 

арқылы  таңдап  алады.  Ғарышкерлерге  денесін  шынықтыру  үшін  көптеген 

жаттығулар  жасауға  тура  келеді.  Ұшу  кезінде  ғарышкерлер  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын  жүргізеді,  Жер  серіктерімен  жұмыс  істеу  кезіндегі  ақауларды 

жөндейді,  алыс  планеталар  мен  жұлдыздарды  суретке  түсіреді.  Ол  үшін 

ғарышкерге терең білім алу қажет болады. Жаттығу жұмыстары ғарышкерлерге 

спорттық  формасын  сақтауға  көмектеседі.  Су  астындағы  жаттығулар 

ғарышкерлерге салмақсыздық жағдайында жұмыс істеуге үйретеді.  

Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ол 1991 жылы қазанда 

Байқоңырдан  «Союз  ТМ-13»  кемесімен  ғарышқа  ұшты.  Ғарыш  кемесі  Жер 

төңірегіндегі  «Мир»  орбиталық  кешенімен  түйісті.  Екінші  қазақстандық 

ғарышкер  Талғат  Мұсабаев  ғарышта  1994,  1998,  және  2001  жылдары  болып 

қайтты.  Ол  алғашқы  сапарында  «Мир»  ғарыш  станциясында  126,  екінші 

сапаларында 207 тәулік жұмыс істеді.  

Ғарыш  кемесі  ғарышкерлерді  қолайлы  жағдаймен  қамтамасыз  ететіндей 

құрастырылады.  Сондықтан  да  адамдарға  ғарышта  бірнеше  ай  қалуына 

мүмкіндік бар. 



 

Әнші 

 

Әнші – әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам. 



Ертеде  қазақтар  той-томалақтарды  әнші-күйшісіз  өткізбеген.  Сондай-ақ, 

қазақтың  дәстүрлі  неке  ғұрпындағы  рәсімдерге  әншілер  арнайы  шақырылып, 

астан кейін әншілерге кезек берілген. Нағыз әншінің әншілік өнерінің танылар 


22 

тұсы да осы сәт. Мысалы, бірде Семей мен Жетісу өңірінің қазақтары жиналып, 

сайысқа  түскенде,  Семейдің  әншілері  қарсыластарының  басымдығын  байқап, 

дереу  бір  атақты  әншіге  жаушы  жіберіп,  оны  бірнеше  жүз  шақырым  жерден 

алдыртуға дейін барған екен. Мұндай шаралар ру, жердің намысы мен беделі 

үшін жасалған және руаралық қатынастарды реттеуші элемент қана емес, өнер 

атаулының бағалануы мен алға қарыштауына серпін беретін іс.  

Екінші  жағынан  сол  халықтың  өнерін  паш  ету,  дәріптеудің  нақты  бір 

үлгісі  болып  табылады.  Әнші  өнер  атадан  балаға  мирас  болып  ұрпақтан-

ұрпаққа жалғасады. Байырғы ортада үйге қонақ келсе, адам күтуге байланысты 

ғұрыптар атқарылып болған соң, ауылдың алты ауызы көбінесе әнмен немесе 

басқаша  бір  өнер  түрімен  орындалатын  болған.  Кейін  қонақтан  қонақ  кәде 

сұралып,  дәстүрлі  ортаға  таптаурын  болған,  ауыларалық,  күнделікті  әнмен  не 

жай  өнер  түрімен  емес,  тосын,  естіле  бермеген  әнмен  немесе  басқа  да  онер 

түрімен атқарылуын күткен. Бұл арада қонақтың қандай адам екендігі сыналып, 

асқан  әнші,  топтан  озған  дарабоз  екендігі  осы  арада  нақты  танылып,  халық 

бағасына ие болған. Сол сияқты дәстүрліортада ас-той, түрлі жиындар әншісіз 

өтпеген. Әнші - халық қалаулысы, онсыз ешбір ортаның сәні келмейді. 



 

Мамандық деген не? 

 

Мамандық – қызметкердің  кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол 



лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену 

немесе  жұмыс  тәжірибесін  жинақтау  барысында  алған  еңбек  машықтарын 

талап  ететін  еңбек  қызметінің  тегін  сипаттайды.  Лауазымдық  міндеттердің 

шеңберін  айқындайды.  Мамандық  қызметкер  еңбегінің  бүкіл  шеңберін 

қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.  

Мамандық  -  адамнан  арнаулы  білім,  еңбек  дағдылары  мен  іскерлікті 

талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

[

  



Маман – ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да 

жұмыстарымен  айналысатын  қызметкері.  Маман,  әдетте,  жоғары  немесе 

арнаулы орта білімді болады.  

Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, 

техник,  физиолог,  суретші,  экономист,  энергетик,  мұғалім,  дәрігер,  т.б. 

Мамандардың  негізгі  міндеті  –  өздеріндегі  арнаулы  кәсіби  даярлық  негізінде 

жекелеген  өндірістік,  әлеуметтік  немесе  басқарушылық  мәселелер  бойынша 

шешімдердің нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау. 

Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір мамандықтың 

өкілін де маман деп атайды. 

 

Ақын 

 

Ақын  –  поэзиялық  туындыларды  ауызша  айтып  не  жазып  шығаратын 

өнер  иесі,  халықтың  көркемдік  талғамын  қалыптастырып,  жалғастыратын  сөз 

шебері. 


Ақын  ұғымының  жырау,  жыршы,  өлеңші  сияқты  ұғымдардан  ауқымы 

23 

кең,  ол  солардың  бәрін  қамтиды.  Ауыз  әдебиетінде  ақын  өлең,  жыр-

дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде 

ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында 

суырып  салып  айтқан.  Ондай  жағдайда  өлеңді,  жырды  домбыранемесе  қобыз 

сияқты  музыка  аспаптарына  қосылып  орындаған.  Оларды  халық  әдебиетінің 

дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп 

атайтын болды.  

Қазақ  халқының  Жамбыл,  Нұрпейіс,  Кенен  Әзірбаев  т.б.  ақындары 

көптеген  мұра  қалдырған.  Олар  жыршылық  өнерді  де  меңгеріп,  кейде  ұзақ 

дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, 

туысқан  қырғыз,  қарақалпақ  халықтарында  да  кездеседі.  Ақын  деп  жазба 

әдебиетінің  өкілін  де  атайды.  Бірақ  мұндағы  ақынның  тұлғасы  мүлде  басқа. 

Жазба  әдебиет  өкілдерін  алсақ,  бұлардың  өмір  шындығын  бейнелеу  әдісі, 

көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан 

да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол.  

Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып 

дамытуға  Абайдан  бастап,  С.Торайғыров,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы, 

М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров  сияқты  көптеген  ақындар  өз  үлесін 

қосқан. 


 

Төрт мезгіл 

(Ертегі) 

 

Ерте,  ерте,  ертеде  атақты  Жыл  ақсақалдың  екі  ұлы,  екі  қызы  болыпты. 



Төртеуінің мінезі төрт түрлі екен. 

Үлкені Қыс тентек,ашулы, қатал болған екен. 

Одан  кішісі  Көктемгүл  көңілді  ашық,  жарқын  мінезімен,асқан 

сұлулығымен көрген жанның аузының аузының суын құртыпты. Жүрген жерін 

майдай ерітіп, гүлжазираға, әсем әнге бөлейді екен.  

Одан  кішісі  Жазгүлдің  даңқы  жайдары,салмақты  мінезімен  шығыпты. 

Жүрген жері думан екен. Бұл да мәрттіктен алдына жан салмапты.  

Кенжесі Күз, ерке болып өскендікі ме, мінезі сылбыр, көңілшек болыпты. 

Болмашы  нәрсеге  өкпелеп,  аузы  бұртиып,  қабағы  түйіліп,  көзінен  бырт-бырт 

жас  тамшылап  шыға  келеді  екен.  Бірақ  бір  жақсысы,  қолы  ашық,  жомарт 

болыпты.  

Жыл  ақсақал  төртеуін  де  өте  жақсы  көріп,  қанаттыға  қақтырмай, 

тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қағып, еркін өсіріпті.  

Перзенттері де оны қатты құрметтеп, сыйлайды екен. 

Ұлдары  мен  қыздары  есейгеннен  кейін,  Жыл  ақсақал  оларды  алдына 

шақырыпты. 

Ұлдарым  мен  қыздарым!  Ақылдарың  толысты,  буындарың  бекіді. 



Оңды-солды  таныдыңдар.  Енді  мен  сендердің  келешектеріне  үлкен  сенім 

артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен 

қыздарына сынай қарапты. 

Сонысымен үш ай кезекпен жұмыс істейтін боласыңдар. Ал, жолдарың 



24 

болсын! Бірақ та,бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет 

ететіндеріңді ұмытпаңдар, - деді де, Жыл ақсақал орнынан тұруға ыңғайланды. 

Содан  бері  жылдың  төрт  мезгілі  –  көктем,  жаз,  күз,  қыс  адамдарға 

қалтықсыз қызмет етумен келеді. 

 

Жыл мезгілдері 



 

Ерте,  ерте  ертеде,  ешкі  жүні  бөртеде  Ақ  жайықтың  жағасында  еліне 

елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт 

қыз  бар  екен.  Олардың  ай  ауыз  десе  аузы,  күндей  жарқыраған  көзі  бар. 

Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты. 

Анасы  жақсы  тәрбие  беріпті,  Үлкен  қызының  аты  «Көктем».  Ол  ақ 

жарқын,  мінезі  нәзік.  Екінші  қыз  «Жаз»  жарқырап,  жайдарлы,  әр  уақытта 

күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда 

жылауық,  жаңбырлы  болады,  бірақ  қолы  ашық  мырза  екен.  Ал  кіші  қызы 

«Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау. 

Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын 

домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты. 

Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты. 

Екінші  қызы  үш  қыз  туып  үшеуі  де  адамзатқа  жан  жылуын  сыйлай 

білетін мейірімді қыздар атаныпты. 

Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті. 

Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты 

қадір тұтатын, қонақжай үш қыз өсіріпті. 

Осы  төрт  қыздан  өрбіген  ұрпақтары  елге,  халыққа  пайдасын  тигізіп,  ел 

аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы 

екен. 

 

Көктем 



 

Көктем –жылдың төрт мезгілінің бірі. 

Көктемнаурыз,сәуір,мамыр  айларын  қамтиды.  Қыс  мезгілінен  кейін 

келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен 

түннің  теңесуінен  басталады.  Күн  мен  түн  уақыттарының  теңесуі  көбінесе 

наурыздың 20-сына келеді. 

Қазақ  халқының  дәстүрлі  күнтізбесі  бойынша  жыл  басы  Көктемде  22 

наурыздан,  табиғаттың  жандануымен  басталады.  Астрономиялық  тұрғыдан 

Көктем 93 күнге (22.3 – 22.6) созылады. 

Көктемде  күн  ұзарып,  ауа  райының  жылуынан  қар  еріп,  тоң  жібиді, 

жауын-шашын  мол  жауады,  соның  салдарынан  көбінесе  су  тасиды.  Көктемде 

жалпы  тіршілік  иелерінің  жандануы,  тірілуі  басталады,  жәндіктер  мен 

хайуанаттар  қысқы  ұйқысынан  оянып,  тіршілігін  бастайды,  мал  төлдеп,  жыл 

құстары  оралады,  жер  бетіне  көк  шығады,  жеміс  ағаштары  бүршік  атып 

гүлдейді.  Жер  жырту,  ағаш  отырғызу,  егін  егу,  т.б.  ауыл  шаруашылығы 

жұмыстары жүргізіледі. 



25 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  географиялық  ерекшеліктеріне 

байланысты  Көктем  оңтүстік  аймақтарда  ерте,  солтүстік  аймақтарда  кеш 

келеді. Қар жамылғысы оңтүстік аймақта ақпан, Орталық Қазақстанда наурыз, 

солтүстікте сәуір айында ери бастайды. 

 

Жер сілкінісі 

 

Жер сілкіну, жер сілкінісі— жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің 



беткі қыртысының тербелуі. 

Жер  сілкінісін  сейсмология  ғылымы  зерттейді.  Оның  туындауына  және 

дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. 

Сейсмикалық  толқындар  қума,  көлденең  және  беттік  толқындар  болып 

үшке бөлінеді. 

Сейсмикалық  толқындардың  таралу  жылдамдығы  тау  жыныстарының 

құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. 

Қума  толқындардың  таралу  жылдамдығы  5  –  6  км/с,  көлденең 

толқындардікі 3 – 4 км/с. 

Сейсмикалық  толқындар  туындатушы  жарылымдардың  ұзындығы 

бірнеше  км-ден  (1966  жылғы  Ташкент  жерсілкінуінде  –  8  км)  жүздеген  км-ге 

(1960 


жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. 

Ал  1957  жылғы  Гобь  Алтайындағы  жерсілкінуде  жалпы  ұзындығы  700 

км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. 

Жер  қыртысында  немесе  мантияның  жоғары  бөлігіндегі  тау 

жыныстарының  лездік  қозғалысқа  келуінен  жер  асты  соққысы  туындаған 

орынды  жер  сілкіну  ошағы,  ошақтың  тереңдіктегі  орнын  гипоцентр,  Жер 

бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды. 

Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, 

газ  бен  жер  асты  суларын  көп  мөлшерде  алуы,  ядролық  жарылыстар,  ірі  су 

қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта 

түсуде. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал