Сборник текстов на казахском, русском, английском



жүктеу 6.69 Mb.

бет14/70
Дата08.01.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70

ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі 

 

EXPO-2017 

халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – 

Қазақстанның  негізгі  ірі  жобаларының  бірі.  2011  жылғы  10  маусымда 

Париждегі  Халықаралық  көрмелер  бюросының  (ХКБ)  Бас  хатшысы  Винсенте 

Гонсалес  Лоссерталеске  ресми  түрде  Қазақстан  Республикасының  өтінімі 

тапсырылды.  Сол  сәттен  бастап  біздің  республикамыз  Астанада  ЕХРО-2017 

көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 

2012 

жылғы  22  қарашада  ХКБ-ге  мүше  161  елдің  өкілдерінің  жасырын 



дауыс  беру  барысында  Астана  жеңіске  жетіп,  EXPO-2017  халықаралық 

мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 

103 

ел  қолдады.  ЕХРО-2017  ТМД  елдерінде  өтетін  алғашқы  көрме  болмақ. 



Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 

100-


ге  жуық  елі  және  10  халықаралық  ұйым  қатыса  алады.  Көрмеге  2 

миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. 

ЕХРО-2017  көрмесінің  «Болашақтың  энергиясы»  тақырыбы  ең  үздік 

әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін 

пайдалануда  жаңа  әзірлемелер  мен  технологияны  пайдалануға  мүмкіндік 


106 

береді.  Мұндай  ауқымды  іс-шараны  өткізу  ісіне,  соның  ішінде  көрмелер 

объектілері  құрылысы  мен  инфрақұрылымына  шағын  және  орта  бизнес 

атсалысатын  болады.  ЕХРО  көрмесін  өткізу  кезінде  Қазақстанның  астанасы 

әлемнің  түкпір-түкпірінен  келген  түрлі  мәдениеттердің  үндесетін  орнына 

айналмақ.  Көрменің  аумағында  күн  сайын  концерттер,  шоу,  ұлттық  күндер 

және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.  

2014 


жылғы  сәуірде  Президенті  Назарбаев  Университетіне  таяу  орын 

тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 

мың  пәтер,  жаңа  мейманхана,  Конгресс-холл  және  университеттен  орталыққа 

дейін  ұласатын  жабық  қала  салынады.  Көрме  аймағында  ұлттық  павильон, 

тақырыптық  және  корпоративтік  павильондар,  ойын-сауық  және  қызмет 

көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. 

Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы 

бағаланып,  арнайы  куәліктер  беріледі.  Көрме  өткеннен  кейін  ЕХРО-2017 

базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. 

Қазақстан  1997  жылдан  бастап  Халықаралық  көрмелер  бюросына  мүше 

ел  болып  саналады  және  ЕХРО  көрмелеріне  2005  жылдан  бастап  қатысып 

келеді. 


 

Биотехнология жаңалықтары 

 

Биотехнология – ХХІ ғасырда дамып келе жатқан ғылым саласының бірі 

болып табылады. Еліміз экономиканы индустрияландыру ғана емес, ақыл-ойға 

жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар 

атқарылып, биотехнология өндірісі Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бірақ 

бұл үшін тиісінше қаржыландыру, қазіргі заманға сай құрал- жабдықтар және 

ең бастысы, күшті ғылыми әлеумет керек. 

Биотехнологияның  дамуы  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  50  елдің 

қатарына  енуіне  көмектесетіні  сөзсіз.  Ол  емделудің  тиімдірек  жолдарын 

ұсынуға,  сапалы  тағаммен  қамтамасыз  етуге,  жанармайдың  қазба  көздеріне 

тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  ұйғарымы  бойынша  ХХІ  ғасырда 

биотехнология  адамзаттың  барлық  қызмет  саласында  дамуын,  соның  ішінде 

азық түлік пен медициналық препараттар өндіріруде, ауыл шаруашылығында, 

экология  және  энергетика  салаларында  дамуын  қамтамасыз  ететін  болады. 

Биотехнологияның  экономикадағы  айрықша  тиімділігін  ескере  отырып, 

алдыңғы қатарлы елдерде мемлекет және жеке капиталдар қаржыландыратын, 

ұлттық  және  халықаралық  биотехнологиялық  бағдарламалар  жұмыс  атқаруда. 

Сонымен,  әлемдегі  биотехнологиялық  өндіріс  нарығының  жыл  сайынғы  өсімі 

7%-


ды құрайды. Қазіргі әлемдік биоиндустрия айналымының жартысынан көбі 

АҚШ-тың үлесіне тиеді. 

Биотехнологияны дамыту Қазақстан үшін де өте маңызды. Елімізде ауыл 

шаруашылығы  өндірісінде  2,4  млн.адам  ,  тамақ  өнеркәсібінде  1,2млн.адам 

жұмыс  істейді.  Адамдардың  сырқаттану  деңгейі  артып,  жүрек  тамыр,  қатерлі 

ісік  және  т.б.  аурулар  кең  тараған.  Көптеген  өнеркәсіп  аймақтарында 



107 

экологиялық жағдай өте асқынып кеткен. Сондықтан, биотехнологияның дамуы 

болашақ жас дәрігерлер үшін өте маңызды. 

Қазіргі  таңда  халық  санының  күрт  өсуіне  байланысты  туындаған  азық-

түлік  тапшылығы,  энергия  көздерінің  және  табиғи  байлықтардың  азаюы, 

адамдар  арасындағы  әртүрлі  аурулардың  көбеюі,  қоршаған  ортаның  ластануы 

осындай  заман  ағымынан  туындаған  өзекті  мәселелердің  бірталайын,  қазіргі 

кездің  өзінде  биотехнология  ғылымы  ұсынған  әдістер  арқылы  шешу  мүмкін 

болып отыр. 

Биотехнологияның  қарқынды  түрде  дамуы  азық-түліктердің  жаңа 

түрлерін, әртүрлі ауруларға қарсы медициналық дәрі-дәрмектер, альтернативті 

энергия  көздерін  алу,  ауыл  шаруашылығында  өсімдіктердің  зиянкестерімен 

күресу  мен  жаңа  сұрыптарын  шығару,  мал  өнімдерін  арттыру  және 

экологиялық  апат  салдарымен  тиімді  күресу  әдістеріне  қол  жеткізуіне 

мүмкіндік  тудырады.  Мысалы,  медицина  саласының  өзінде  жаңа 

технологиялар,  әртүрлі  вакциналар,  рекомбинантты  ДНҚ  өнімдері  болып 

табылатын  медициналық  дәрі-дәрмектерін,  атап  айтқанда  ДНҚ-сынамаларын 

зерттеу, ДНҚ-дарының белгілі ретпен орналасуын білу арқылы, гендік деңгейде 

кездесетін мутацияларды анықтауға болады. 

 

Болашақ энергия көздері 



 

 

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – 



демекші  өткен  ғасырда  ғылыми  техникалық  прогресстің  арқасында  адамзат 

біраз  табыстарға  қол  жетті.  Табиғаттан  алатынынымыз  көп,  беретініміз  аз 

болды. 

Қазіргі  мемлекеттерде  энергия  тапшылығы  байқалуда.  Бұрыннан 



пайдаланып  келе  жатқан  көмір,  мұнай,  табиғи  газ  сынды  энергия  көздерінің 

сарқылуы  немесе  қорының  азаюы,  қоршаған  ортаға  тигізетін  зиянды  әсерінің 

күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. 

Бүкіл  әлем  Энергия  тапшылығынан  құтылып,  қоршаған  ортаны 

ластамайтын  альтернативті  энергия  көздеріне  қол  жеткізуге  кірісіп  кетті. 

Бүгінгі  таңда  әлемнің  ғалымдары  энергияның  жаңа  көзін  жыл  өткен  сайын 

іздестіріп  келуде.  Сарқылмайтын  дүние  жоқ.  Уран  да  сарқылатын  отынға 

жатады. 


Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы 

қуат  көздері  туралы  ойлана  бастады.  Әрине,  көгілдір  отын  және  көмірмен 

жұмыс  істейтін  стансаларда  өндірілетін  қуат  арзан,  бірақ  олардың  қоры 

шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына 

қарамастан,  энергия  өндіру  бағытында  жаңғыртылатын  қуат  көздерін  құру 

бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. 

 

Елімізде  күн  сәулесі  болашақтың  сарқылмас  энергиясы  бола  алады. 



Мысалы  күн  энергиясын  пайдалануға  толық  мүмкіндігіміз  бар.  Оңтүстік 

облыстарда  бір  жылдың  ішінде  180-250  рет  күн  ашық  болып,  орташа 

температура  370С  құрайды.  Бұл  дегеніңіз  біз  үшін,  ең  тұрақты,  ең  арзан, 

таусылмайтын  энергия  көзі  күн  сәулесінің  энергиясы  болмақ  деген  сөз.  Күн 



108 

сәулелерін  шоғырландырып,  оларды  кремний  батериясына  бағыттау  жарық 

сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады. 

 90-


жылдардың  басынан  бастап  энергетикалық  және  экологиялық 

проблемалардың  өсуіне  байланысты  экономикалық  жағынан  дамыған 

мемлекеттердің  үкіметтері  күн  энергиясын  дамытуға  елеулі  қаржы  сала 

бастады. 

 

Көптеген  сарапшылар  2010-2020  жылдары  көмірсутегі  шикізатын 



ұсынудың  төмендеуі  байқалатынын  болжайды.  Осының  салдарынан  2025 

жылға  қарай  әлемдік  энергетикалық  теңгерімдегі  энергияның  жаңғыртылатын 

көздерінің  үлесі  қазіргі  5%  -дан  10  %-ға  дейін,  ал  2050  жылға  қарай  50%-ға 

дейін өседі, 2010 жылға қарай ЕО елдерінде бұл үлес 12%-ға дейін , ал жалпы 

электр энергиясы өндірісінде 22% -ға дейін ұлғаяды деп санайды. 

 

Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 



7,5*1017кВт/сағ.  Күн  энергиясының  маңызды  артықшылықтарының  бірі 

қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі 

болып табылады. 

 

Алаш қайраткерлері 

 

 

«Алаш  идеясы»  –  қазақтың  мемлекеттік,  елдің  ұлттық  идеясы.  Өйткені 



Алаш  –  халқымызды  бесігінде  тербетіп,  есейіп  ат  жалын  тартып  мінгенде 

бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.  

Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. 

Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі 

мен  үлесін  анықтау  харакеті.  Зиялылардың  Алаш  атауын  таңдауы  да  жайдан-

жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ 

ғасырда  қазақтың  азаматтық  тарихында  ең  ұлы  идея  қайсы  десек,  ол  –  Алаш 

идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда 

жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 

жылдай  уақытты  ғана  қамтыған.  Аз  болса  да  ғасырға  тең  уақыт. 

Алаштың  серкелері  –  Әлихан  Бөкейханов,  Мұстафа  Шоқай,  Ахмет  Бай-

тұрсынұлы,  Халел  Досмұхамедұлы,  Міржақып  Дулатұлы,  Халел  Ғаббасұлы, 

Мұхамеджан Тынышбайұлы. 

Қазақ  тарихында  Алаш  арыстарының  орны  ерекше.  Олар  Ең  алдымен, 

қазақтың  өз  атамекеніне  ие  болуын  мақсат  етті.  Сол  жолда  күресті.  Сонымен 

қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар 

да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің 

рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. 

Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай-

да  болуымен  тұңғыш  ұлттық  Алаш  үкіметі  құрылып,  қазақтың  саяси 

идеясының  негізі  қаланды.  Алаш  қозғалысының  лидерлері  халықтың  өзіндік 

санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының 

ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Алаш жетекшілерінің 

ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап 

алды.  Туған  халқының  халін  сезіп,  біліп  өскен  өрелі  жас  буын  өкілдері  ұлт-


109 

азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл 

жасады.  

 

Демография 



 

Демография  (грекше  демос  – халық)  –  халықтың  құрылымын,  құрамын, 

динамикасы  мен  көбеюін  (туу,  өлім,  өмірінің  ұзақтығы)  қоғамдық-тарихи 

тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары 

экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен 

ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. 

Қазіргі  адамзаттың  саны  6  млрд.  адамға  жақын.  Табиғаттағы 

жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, 

ұсақ  жануарлардың  түрлерінің  саны  ірі  жануарлармен  салыстырғанда  көп 

болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының 

арасында  теріс  корреляция  байқалады.  Дене  салмағы  10  –100  кг-ға  дейінгі 

деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 

107-101 

аралығында  болады.  Адамның  ең  жақын  туыстарының  (адамтәріздес 

маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны–соңғы санға жақын. Эксперттердің 

болжамдары  бойынша  Жерде  1  млн.  жыл  бұрын  өмір  сүрген  адам 

популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns 

пайда болуына қарай шамамен 500 мың; 30-20 мың жыл бұрын шамамен 5 млн. 

Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде 

одан 10 мың есе артып отыр. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның 

жағдайы 

Қазіргі  кездегі  демографиялық  және  экологиялық  жағдайда  қоршаған 

ортаға  тек  бай  (өнеркәсібі  дамыған)  елдер  ғана  емес,  сонымен  қатар  кедей 

(аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің 

қоршаған  ортаға  әсері  олардың  табиғатты  тікелей  бұзуымен  емес,  техногенді 

ластануға  байланысты.  Дүние  жүзінің  халқының  20-25%-ын  құрайтын  бұл 

елдердің  халқы  қоршаған  ортаға  ластанулардың  80%-ын  шығарады.  Бұл 

жағдайда  қоршаған  ортаны  бұзатын  фактор  халықтың  саны  емес,  өндіріс  пен 

онымен бірге жүретін байлық болып табылады. 

 

Роботтар мен киборгтар 

 

Техникалық прогресс деңгейі компьютерлерлердің есептеу қуаты тәрізді 

геометриялық  прогрессия  бойынша  өсіп  жатыр.  Демек,  алдағы  уақытта 

өткеннен  қарағанда  технологиялық  жетістіктер  қатары  әлдеқайда  көбейе 

түспек. Технология саласында серпінді жобалардың қандай болатынын алдын-

ала  дөп  басып  айту  қиын.  Алайда  әлемдегі  зерттеу  орталықтарының 

болжамдарына қарап бізді не күтіп тұрғанын шамалап болса да айтуға болады. 

Сонымен алдағы он жылда әлемді өзгертетін он технологиялық трендпен 

таныс болыңыз! Солардың бірі роботтар мен киборгтар. 

Роботтар  мен  виртуалды  аватарлар  қиял  ғажайып  әлемінен  шынайы 

өмірімізге еніп, жұмыс күшіне айналады. Қазіргі кезде жанданған кейіпкерлер 


110 

дауысты  ажыратып,  мәтіндермен  сөйлей  алатын  деңгейге  жетті  және  олар 

алдыңғы болған кездесулерді есінде сақтай алады. 2005 жылы IBM адам миын 

аппараттық  және  программалық  құралдар  арқылы  қайта  құрастыруға 

бағытталған Blue Brain Project жобасын бастады. 

2020 


жылға қарай роботтардың күші адамның күшінен асып түседі. 2025 

жылға қарай роботтар саны дамыған елдердегі адамдар санынан көп болады, ал 

2035 

жылға таман жұмыстың барлығын роботтар істейтін болады 



Адамзат баласы өзінің ДНК құрылысын өзгертуге шамасы келетін кезге 

таяды. Медициналық технологиялар жаңа деңгейге көтерілген кезде адамдарда 

өзін  өзі  жетілдіру  мүмкіндігі  пайда  болады.  Әзірге,  жаңа  технологиялардың 

зақымданған  ұлпаларды  қалпына  келтіріп  немесе  жарақатты  емдеуге  шамасы 

келеді. Бірақ түбінде адамдар өздерін жетілдіруге ден қоя бастайды. 

Сыртқы  тұрпатын  жетілдіруге  құнығатыны  соншалықты  адамдар 

киборгқа айналғанын өздері сезбей де қалуы мүмкін. Американдық футуролог 

Рэй  Курцвейл  бұл  құбылысты  технологиялық  сингулярлық  нүкте  деп  атайды. 

Бұл ұғым адам мен машинаның бірігіп, жаңа түрге айналуын білдіреді. Ол 2054 

жылы пайда болады. 



 

Қазақстандағы туризм мен экотуризм 

 

Қазіргі  таңда  экологиялық  туризм  экономиканың  дамуына  ықпал  ететін 

келешегі  бар  сала  болып  табылады.  2005  жылы  Қазақстандық  Туристік 

Ассоциация  (ҚТА)  мен  IPK  компаниясының  эксперттерімен  жүргізілген 

Қазақстандағы  туристік  нарықтың  анализі  бойынша  Қазақстан  келешекте 

қозғалмаған  табиғаты  мен  қорықтар,  ұлттық  парктердің  алуан  түрлі  үлкен 

потенциалына ие, сонымен қоса мәдени мұрасына да бай. 

Германия, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея мен Жапон елдерінде 

жүргізген  зерттеу  мен  сауалнамалар  бойынша,  шетелдік  азаматтар  арасында 

Қазақстандық  экологиялық  турларына  жоғары  қызығушылық  білдіргенін 

анықтаған.  Еліміз  шет  елдер  тәжірибесінде  туризм  бағыттарын  дамыту 

жолдарын  іздейді  ,  себебі  ол  елдер  бұл  салада  бірнеше  саты  жоғарыда.. 

 

Қазақстандағы экотуризм енді дамып жатыр, бірақ сонда да оң септігін сезуге 



болады.  Қазақстанды  туристік  гауһар  таспен  салыстыруға  болады,  себебі 

әлемдік  бәсекелестікке  сәйкес  келетіндей  тамаша  туристік  мүмкіндіктері  өз 

сәтін асыға күтуде. Біздің елімізді 2020 жылға шейін алдынғы қатарлы туристік 

бағытқа  айналдыру  үшін  1  миллиард  доллар  қаражат  жұмсалуы  қажет  деп 

тапты ғалымдар. 

Зерттеулер  нәтижесінде  14,2  миллион  турист  Европа  мен  Азия 

тұрғындары Қазақстанға туристік нысан ретінде үлкен қызығушылық танытты. 

2008 


жылдың қорытындысы бойынша туризм мақсатымен Қазақстанға келген 

туристер  саны:  618  732  адам,  ішкі  туризм  -183  973  адам,  ал  2009  жылдың 

жартысындағы  қорытынды  –  127  414  және  355  488  адам.  Келу  мен  ішкі 

туризмнің дамуы – ҚР үкіметінің ең басымды жобаларының бірі, себебі туризм 

мен  саяхат  экспортты  алға  жүргізуші  секторлардың  бірі.  Келген  қонақтар 

міндетті  түрде  ел  экономикасына  септігін  тигізетін  шет  ел  валютасын  елге 



111 

кіргізеді. Мәліметтерге қарасақ, шығу туризмі 2013 жылды кейінгі жылдармен 

салыстырғанда көрсеткіш 58% -ға өскен, сонда адам саны 1322,5 мың. 


112 

Қорытынды 

 

Қазақстандағы  өзгерістер  заманауи  ақпараттық  және  педагогикалық 



технологиялар  негізінде  жобалау  және  білім  берудің  жаңа  мазмұны  моделі 

процесін  егізуді  міндеттейді.  Бүгінгі  күні  бәсекеге  қабілетті  және  білімді, 

шығармашыл  ойлай  алатын,  дүниетанымдық  мәдениеті  дамыған  ,  сонымен 

қатар  өзіндік  ерекшелігін,  бірегейлігін  ғылым  мен  өнердегі  дарындылығын 

сақтаған тұлға қалыптастыруға жағдай жасауға басымдық беріледі.  

 

Мәтіндер  жинағы  орта  білім  алушылардың  сөйлесім  іс-әрекеті  түрлері 



бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дағдыларын қалыптастыру үшін үш 

тіл  негізінде  оқушылардың  тілдік  және  сөйлесім  біліктіліктерін  жазылым, 

оқылым,  тыңдалым  және  айтылым  бойынша  тақырыптар  шынайы  өмірлік 

жағдайға  барынша  бейімделген  және  бастауыш,  негізгі,  жалпы  білім  беретін 

оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  пәндер  бойынша  үш  тілді  білім  алуға 

жүйелі дайындайды. Коммуникативті - бағытталған тілді оқытудың ең маңызды 

сипаттамасы мәтінді қолданудың дидактикалық бірлігі болып табылады. 

 

Мәтінмен  жұмыс жасау  оқушылардың  келесі  метапәндік  біліктіліктерін 



дамытуға  мүмкіндік  береді:  мәтінді  оқып  түсіну,  қажетті  ақпаратты  ала  білу, 

мәтін  мазмұнына  өз  көзқарасы  бойынша  талдау  жасау,  құрылымы, 

стилистикалық  жабдықтар,  мәтінді  мазмұндау  және  редакциялау,  мәтін 

негізінде өз бетінше сөйлеу пікірін құрастыру.  

 

Мәтін  жинағы  Тілді  үйренудің  еуропалық  жүйесі  құзіреттілігі  негізіне 



сәйкес құрастырылған (CEFR). Мәтіндер бастауыш, негізгі орта, және жоғары 

мектеп  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  келеді,  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға мүмкіндік береді. 

 

Жинақ  сөйлесім-коммуникативтік  дағдыларына  қолдану  үшін  тілдік 



пәндер мұғалімдеріне бағытталған.  

оқушылардың фонематикалық есту және шынайы өмір жағдайында өзге 



тілді қабылдау дағдыларын дамыту ; 

халықаралық ақпараттық кеңістік жағдайында жазу дағдыларын дамыту; 



сөздік қорын кеңейту; 

оқушылардың логикалық ойларын жеткізу дағдыларын дамыту ; 



оқушы  тұлғасының  интеллектуальдық-шығармашыл  әлеуетін  өзекті 

қылу , оның білім алуын белсенділендіру; 

тілді үйренуді одан әрі ынталандыруды қалыптастыру үшін орындалған 



жұмысқа өзіндік баға беру дағдысын дамыту; 

түрлі типтегі тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту. 



Мәтінмен  жұмыс  жасау  заманауи  сабақтың  міндетті  кезеңі  болып 

табылады.  Әрине,  мәтіннің  мазұндық  жағына,  эмоциональдық  қанықтығына, 

адамгершілік-этикалық  және  эстетикалық  мазмұнының  сай  болуына  , 

оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктеріне  үлкен  мән  беріледі.  Сабақта 

мәтінмен  жұмыс  жасауда  оқушылардың  эмоциональдық  және  эстетикалық 

қабылдауын дамытумен байланыстырады. 

Осылайша,  оқытуды  ұйымдастыруда  мұғалімнің  міндеті  оқушының 

қабылдауы  мен  есте  сақтауын  ғана  емес  ойлануын  да  ескеруі  қажет.  Мұғалім 



113 

оқу материалын беруде әдістемені тиімді іріктеу арқылы оқушыларға барынша 

тілді үйрену деңгейлеріне жетуге мүмкіндік жасауға көмектесуі қажет. . 


114 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1.

 



www.balakai.kz 

2.

 



Ыбырай Алтынсарин. webmaster@weaft.com 

3.

 



Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 1998 жыл, II том 

4.

 



C

.Кенжеахметов.Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, 1994 

5.

 

"Қазақ Энциклопедиясы" 



6.

 

Бекес Тұрлыұлының шығармалары 



7.

 

www.balalaralemi.kz 



8.

 

Мұхтар Әуезов 



9.

 

Еркінбай Әкімқұлов 



10.

 

«Балдырған», №2, ақпан, 2015 жыл 



11.

 

 



Сырбай Мәуленов 

12.


 

Мұрат Байділдаұлы«Балдырған», №6. 2014 жыл 

13.

 

Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызыhttp://erketai.kz/ 



14.

 

Лейла Әлиасқароваhttp://moldir-bulak.kz/ 



15.

 

Зейнел-Ғаби ИманбаевБалаларға арналған қызықты әңгімелер 



16.

 

«Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж) 



17.

 

Орыс  сыныптарына  арналған  7  сынып  оқулығы  Т.  Артыкова, 



Г.Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы 

18.


 

kk.wikipedia.org 

19.

 

Нұрбек Қабылұлыwww.qazaq-alemi.kz 



20.

 

Ү. Сужикова «Менің алғашқы энциклопедиям» 2013 жыл, 276-бет 



21.

 

https://www.zharar.com/kz/shygarma/109-tugan.html 



22.

 

http://balakai.kz/engimeler/410-t-tipsiz-la.html 



23.

 

«Сен білесін бе?» Д. Досжан, 2002жыл 



24.

 

«Сен білесін бе?» К. Байпақов, 2003 жыл 



25.

 

Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 



26.

 

Ү. Сужикова «Менің алғашқы энциклопедиям» 2013 жыл 



27.

 

Сейдімбек  А.  Қазақ  әлемі.  Этномәдени  пайымдау.Алматы:  Санат, 



1997 

28.


 

Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» , 1998 жыл.X том 

29.

 

Қазақтың  этнографиялық  категориялар,  ұғымдар  мен  атауларының 



дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы 

30.


 

Б.Қ.Игенбаева «Мен – Адаммын» А.2000.Б.Әділов  

31.

 

http://balakai.kz/anyz_ertegiler/925-zhyl-mezglder.html 



32.

 

https://kk.wikipedia.org/wiki 



33.

 

«Наука»,  1966  жыл,  204-бет.  Ж.  Аубакиров,С.  Абдрахманов,  К. 



Базарбаев 

34.


 

"Қазақ энциклопедиясы", VI-том 

35.

 

https://www.zharar.com/kz/shygarma/2439-tabigat_ayala.html#title 



36.

 

https://www.zharar.com/kz/shygarma/2040-tabigat.html#title 



37.

 

«Жыл он екі ай» әдеби-танымдық журналы, А. Волков №3, 2015 жыл. 



41 

бет 


38.

 

Ү. Сужикова «Менің алғашқы энциклопедиям» 2013 жыл 



115 

39.


 

Балаларэнциклопедиясы, III-том 

40.

 

https://www.zharar.com/kz/shygarma/505-astana.html 



41.

 

Биекенов  К.,  Садырова  М.  Әлеуметтанудың  түсіндірме  сөздігі.  — 



Алматы, 2007. — 344 бет 

42.


 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 

43.

 

Мұзафар Әлімбай 



44.

 

А.Волков 



45.

 

Арасанбай Естенов  



46.

 

«



Балдырған» журналы, №6. 2015 жыл 

47.


 

http://zhasorken.kz 

48.

 

Әміртай Бөриев 



49.

 

Серік Нұғыман  



50.

 

«Балдырған» журналы, №9. 2015 жыл 



51.

 

Түрік тілінен аударған Данилия Қыпшақбаева 



52.

 

http://moldir-bulak.kz/ 



53.

 

Зейнел-Ғаби Иманбаев 



54.

 

Балаларға арналған қызықты әңгімелер, 43 бет 



55.

 

Sabak.ucoz. org 



56.

 

«Алашайнасы» республикалыққоғамдықсаясикүнделікті газет,  



57.

 

Ж. Кадырова 



58.

 

kk.wikipedia.org 



59.

 

www.baq.kz 



60.

 

kk.wikipedia.org 



61.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты,  



62.

 

www.akorda.kz, 2011 



жылдың 8 шілде күні тексерілді  

63.


 

https://www.zharar.com/kz/shygarma/109-tugan.html 

64.

 

«Сен білесін бе?» Г.Балмахаева, 2003 жыл. 9 бет 



65.

 

Киелі 



домбыраның 

20-


дан 

астам 


түрлері 

бар, 


http://www.today.kz/kz/news/culture/2012-06-13/29138 

66.


 

БалаларЭнциклопедиясы”, V-том 

67.

 

http://www.balalaralemi.kz/article/1051/Erinshek#.V6sskZ-g_wU 



68.

 

Б.Қ.Игенбаева «Мен – Адаммын»А.2000. К.Д.Ушинский 85б. 



69.

 

Б.Қ.Игенбаева «Мен – Адаммын»А.2000. Б.Соқпақбаев, 87-88б. 



70.

 

М.Төрежанов.  103  б.,«Тіл  дамыту  текстері»  Ж.Адамбаева, 



Ш.Жұмағұлова А. 1996 ж. «Рауан» баспасы 

71.


 

«Жыл он екі ай» әдеби-танымдық журналы, А. Волков №3, 2015 жыл. 

42 

бет 


116 



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал