Сборник текстов на казахском, русском, английском



жүктеу 6.69 Mb.

бет10/70
Дата08.01.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70

Болашақ энергия көздері 

 

Энергия  –  бұл  адамзат  тіршілігінің  дамуына  жағдай  жасаушы  және 

ынталандырушы  бірден-бір  табиғи  қайнар  көз.  Энергия  социумдар  үлгісінің 

сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде 

бүкіл  әлем  мен  адамзатқа  тікелей  қатысты  қызықты  сауалдарды  туындатады. 

Қоғамның  энергия  көздеріне  қол  жеткізуі  олардың  әлеуметтiк,  экономикалық 

және  экологиялық  тұрақты  дамуының  нақты  жағдайларын  тiкелей  түрде 

анықтайды.  

Астанада  «Болашақ  энергиясы»  ұранымен  өтетін  ЭКСПО  2017  көрмесі 

кең  ауқымды  және  барлығын  қамтушы  жоба  ретінде  ойластырылды,  оның 

тақырыбы  жан-жақты  терең  қызығушылық  танытатын,  қоғамдастықтардың 

тіршілігін  анықтайтын  және  осы  қоғамдастықтардағы  адамның  күнделікті 

тұрмыс-ахуалын  айқындайтын  фактор  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  беретін 

энергия  болып  табылады.  Болашақ  энергиясы  –  бұл  қазіргі  заманның  келелі 

мәселелеріне  және  болашақтағы  шешімдерді  болжауға  қатысты  міндеттерді 


74 

шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр.  

Қазақстанның  бұл  бастамасын  энергетика  саласының  алдыңғы  қатарлы 

сарапшылары,  ғалымдар  мен  қоғамдық  және  мемлекеттік  емес  ұйымдар 

жетекшілері қолдап отыр. «Энергияның экологиялық таза көздерін пайдалануға 

көшсек, қомақты экономикалық табысқа жете аламыз.  

 

«ЭКСПО-2017»  көрмесін  өткізу  Қазақстан  үшін  халықаралық  деңгейде 



алға  жылжуында  үлкен  қадам  болмақ.  Бұл  шара  көрме  нысандары  мен 

Астананың  инфрақұрылымын  салуға  жеке  инвестицияның  елеулі  көлемін 

тартуға  мүмкіндік  береді.  Елорданың  да,  тұтас  республиканың  да 

экономикалық  және  инфрақұрылымдық  дамуы  үшін  қосымша  ынталандыру 

болады.  Астанадағы  және  оның  маңындағы  шағын  және  орта  бизнес,  ең 

алдымен  қызмет  көрсету  саласы,  қонақ  үй  бизнесі  мен  ішкі  туризм  дамуға 

елеулі үлес алады. 

 

Алаш идеясы мен қайраткерлері 



 

Алаш  –  көне  заманда,  түркі  халықтары  бөліне  қоймаған  қауым  кезінде 

қоймаған  қауым  кезінде  дүниеге  келген  ұғым,  казақтың өз  алдында  ел  болып 

хандық  құрғанға  дейінгі  ортақ  атауы.  Алаш  аты  тарихта  кездесетін  ең  көне 

атаулардың  қатарына  жатады.  Алаш  атауы  бүгінгі  күнге  дейін  түркімен, 

қырғыз,  қазақ,  ноғай,  т.б.  халықтардың  есінде  сақталған.  Кеген  тас  жазуында 

«алты  бөріг»  («алты  қасқыр»)  деген  сөздің»  алты  алаш»  мағынасын  беретіні 

жөнінде  ғылыми  болжамдар  бар.  Алаш  туралы  аңыздарда  мал-мүлікке 

жекеменшік  болмаған  кездегі  қауым  тұрмысының  сілемі  байқалды».  Алаш 

деген  атау  Алтын  Орда  ыдырағаннан  кейін  бауырлас  түрік  халықтарының 

басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. 

Алашорда  –  Алаш  автономиясының  үкіметі  (1917  жылдың  желтоқсан 

айы-  1920).  Алашорда  құрамына  облыстардан  тыс  халыққа  кеңінен  таныс 

қайраткерлер: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, 

Мұхаметжан  Тынышбаев,  Бақыткерей  Құлманов,  Жақып  Ақбаев,  Базарбай 

Мамытов,  Отыншы  Әлжанов  сайланды.  Алашорда  өз  алдында  тұрған 

міндеттерді  ойдағыдай  үшін  Алаш  автономиясының  «халықтық  милиция» 

атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді.Оған қажетті офицерлер 

дайындау  үшін  атаман  Дутов  басқарған  Орынбор  қазақ  әскерінің  тәжірибесі 

мен  көмегін  пайдалану  қажет  деп  табылды.  Алашорданың  Дутовпен 

жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік 

Оралда  Әліби  Жангелдин  ұйымдастырған  қызылдар  жасағы  қызылгвардия 

отрядымен бірлесе отырып 1918  жылғы  18 қаңтарда  Орынборды басып  алды. 

Қызылдардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынборды тас кетуге 

мәжбүр болды.  

Осыған  байланысты  Алаш  да  біртұтас  қазақ  автономиясын  құрып 

үлгермей барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айрылып қалды. Үкімет 

мүшелерінің  біразы  Семей  маңындағы  Алаш  қаласы  атанған  (қазіргі  Жаңа 

Семей) елдімекеніне келіп, өздерін Алашордадан шығыс бөлімі деп жариялады. 

1918 


жылдың  жазы  Алашорда  бастаған  күштері  және  Кеңес  өкімет 

75 

соңынан  ерген  күштер  қарама-  қарсы  жақта  қалған  өкімет  үшін  бір  –  бірімен 

ашық  күреске  шықты,  нәтижесінде  азамат  соғысында  жеңіске  жеткен  Кеңес 

өкіметі  Алаш  партиясы  мен  Алашорда  үкіметі  таратты.  Кезінде  (1919,  1920) 

Кеңес  өкіметі  Алаш  қозғалысына  белсене  қатысқандардың  барлығы  кешірім 

жасағанына  қарамастан,  олар  түгелге  дерлік  сталиншіл  әкімшіл-әміршіл 

жүйенің құрбандарына айналды. 

 

Жаһандық мәселе: демография 

 

 

«Жаһандану»  деген  терминді  қазіргі  таңда  естімеген  адам  жоқ  шығар. 



Бұл сөзді балабақшадағы балаға дейін біледі деген ойдамын. Бірақ «Жаһандану 

деген не?» деген сұраққа адамдардың көбісі нақты жауап бермейді. Елдің көп 

бөлігі  бұл  сөздің  мағынасын  түсінгенімен  аталған  сұраққа  нақты  жауап  бере 

алмайды. Сонымен, ең алдымен біз жаһанданудың не екенін біліп алу керекпіз. 

Жаһандық  мәселелер  дегеніміз  шешімі  өркениеттің  ары  қарай  өмір 

сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман 

адамының  өмірінің  дамуының  әркелкілігі  мен  адамдардың  әлеуметтік  – 

экономикалық, саяси – идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама – 

қайшылықтардың  себебінен  туындайды.  Бұл  мәселелер  жалпы  адамзаттың 

өміріне әсер етеді. 

Адамзаттың  жаһандық  мәселелері  –  ғаламшарымыздың  барлық 

тұрғындарының  өмірлік  қызығушылығын  қозғайтын  және  бұл  мәселелерді 

әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. 

Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: 

Оңтүстік-Солтүстік  мәселесі;  азық-түлік  мәселесі;  кедейлік  мәселесі; 

энергетика  мәселесі;  экология  мен  тұрақты  даму  мәселесі;  әлемдік  мұхитты 

меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. 

Демографиялық  мәселе  екі  түрлі  көрініс  табады:  дамушы  елдердегі 

демографиялық  күрт  өсу  және  дамыған  және  өтпелі  кезеңдердегі  елдердің 

демографиялық  қартаюы.  Біріншісінің  шешімі  –  экономикалық  даму 

қарқынының  дамуын  жоғарылатып,  халық  санының  өсу  қарқынын  төмендету 

болса,  екіншісінің  шешімі  –  эмиграция  мен  зейнетақы  жүйесін  реформалау 

болып тұр. 

Экономикалық  өсу  мен  халық  санының  өсу  ұзақ  уақыттан  бері 

экономистердің зерттеу пәні болып келеді. Бірақ осыған қарамастан, көптеген 

мамандар негізгі мәселе – халық санының өсуі емес, келесі 2 мәселені айтады: 

нашар дамушылық, яғни дамуда артта қалу; 



-

әлемдік қорлардың таусылуы мен қоршаған ортаның бұзылуы. 

Қорыта  айтқанда,  адамзат  дамуының  жаһандық  мәселелері  оның  кез 

келген  даму  кезеңдерінде  өзекті  болды.  Десек  те,  аталған  мәселелер  ХХІ 

ғасырда  ерекше  маңыздылыққа  ие  болып,  бүкіл  халықаралық  қоғамдастықты 

алаңдатып отырғаны жасырын емес. 

 

Роботтар мен киборгтар 

 


76 

Робот  –  антропоморфтық  (адам  тәрізді)  әрекеттер,  қимылдар  жасайтын 

машина. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) 

қызметтері  мен  іс-әрекеттерін  ішінара  немесе  толық  атқарды.  Алғашқы 

роботтар  адамның  қозғалысы  мен  сырт  пішінін  қайталады.  Олар  ойын-сауық 

мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді 

атқаратын, қадағалайтын мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, 

т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. 

Робот  техниканың  дамуы  барысында  адамдарды  бір  сарынды  ауыр 

жұмыстардан,  жоғары  радиациялы,  жоғары  немесе  төмен  температура 

жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта 

жұмыстардан  босататын  автоматтық  құрылғылар  мен  механизмдер  түрінде 

жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер 

өнеркәсіптік роботтар деп аталады.  

Өнеркәсіптік  роботтар  –  өндіріс  процесінде  адамның  қозғалу  және 

басқару сияқты іс әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және 

технологиялық 

құралдардың 

(айлатетіктердің) 

және 


технологиялық 

құралдардың  (айлатетіктердің)  қызметтерін  орындайтын  автоматтық  машина. 

Адамның  қатысуынсыз  бір  немесе  бірнеше  технологиялық  өңдеуші 

машиналардың,  өндірістік  машиналардың,  тасымалдау  және  көмекші 

жабдықтардың  жиынтығын  робот-техникалық  кешеннің,  әдетте,  компьютер 

немесе  микроконтроллер  негізіндегі  бағдармалық  басқару  жүйесі  болады. 

Робот-тех.  кешен  «адамсыз  технологияны»  енгізудің  негізі  болып  табылатын 

икемді  өндіріс  жуйелерінің  бастапқы  буыны  болып  табылады.  Робот-тех. 

кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.  

Киборгтар кең ауқымда дамып келе жатқан технологияның бір бөлшегі. 

Киборгтардың  пайдасы  бұл  сал  адамдарға  шамшырақтай  үміт  сыйлайтын, 

адамды  техникамен  ұштастыратын  және  медицинаға  көмек  беретін  дамыған 

технологиялар. Тағы да айта кететін бір жаңалық киборгтардың 1 саусағы - 25 

килограммдағы салмақты көтереді. 



 

Қазақстандағы туризм мен экотуризм 

 

Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек 

экономикалық  фактормен  –  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу,  шалғай  өңiрлердегi 

жергiлiктi  қоғамдастықтарды  дамытумен  ғана  емес,  сонымен  бiрге  әлеуметтiк 

тапсырыспен –  халықтың  денсаулық  және бос  уақытын  пайдалану  мәселесіне 

тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк 

ұйым  сарапшыларының  деректерi  бойынша  соңғы  он  жылда  экологиялық 

туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы 

болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар 

орны  айрықша.  Туристiк  әлеуеттi  зерттеу  қорытындылары  көрсеткендей, 

Қазақстанның  экологиялық  туризмдi  дамыту  үшiн  үлкен  мүмкiндiктерi  бар. 

Оның  негiзiн  Еуразия  орталығындағы  бiрегей  табиғи  жағдайлар  мен 

ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды.  

Тұтастай  алғанда,  Қазақстандағы  экологиялық  туризмнiң  жағдайы 



77 

тұрақталып  келедi.  Алайда  экологиялық  туризмнiң  басқа  туризм  түрлерiне 

қарағанда  табиғи  ортаға  әлсiз  әсерiне  және  кең  дамыған  инфрақұрылымды 

қажет  етпейтiнiне  қарамастан,  осы  бағыттың  дамуы  күрделi  қиындықтарға 

ұшырауда,  ол  рекреациялық-туристiк  инфрақұрылымның  көп  бөлiгiнiң  әлi 

қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты.  

Дүниежүзілік  туристік  ұйымның  соңғы  кездегі  таратқан  мәліметтеріне 

қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін 

инвестицияның  10  пайызға  жуығы  тек  біз  сөз  етіп  отырған  табыс  көзінің 

еншісіне  тиесілі  екен.  Сондықтан  да  туризмнен  түскен  кіріс  дүние  жүзі 

бойынша  әлі  күнге  дейін  мұнай  экспорты  мен  көлік  сатудан  кейінгі  үшінші 

орынды  иеленіп  келеді.  Экологиялық  туризмнің  басқа  туризмдерден 

принциптік  айырмашылығы  –  табиғатта  туристердің  берілген  тәртіпке 

бағынуы,  табиғи  ландшафттарды  шамадан  тыс  ластаудан  қорғау  және 

индустриялық  туризм  дамуының  басты  шарты  болып  табылатын  табиғи 

ресурстардың деградациясын болдырмау. 

 

 

Тыңдалым  



 

Отбасы дәстүрлері 

 

Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді 



қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы 

тәрбиелеуге  ерекше  мән  беріледі.  Отбасында  ұл  балаға  үйдің  ірі,  күрделі 

жұмыстарын  үйретеді.  Қыз  балаға  тамақ  істеу,  үй  ұстау  дағдыларын 

қалыптастырады. 

Отбасында  белгілі  дәстүрлер  қалыптасуы  керек.  Ол  отбасы  үшін 

маңызды.  Әрбір  қазақ  отбасында  балаларына  қамқор  болып,  оларды  жақсы 

шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. 

Біз  де  өз  отбасымызда  жақсы  дәстүрлерді  бұзбай  ұстауға  тырысамыз. 

Отбасымызда туған күн әрдайым тойланады. Ата-анамыз үйге қонақ шақырып, 

қазақ дастарқанын даярлауды бізге үйретіп отырады. 

 

Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі 

 

Баланы әдептілікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Әдептілік күнделікті 

отбасының  өмірімен,  ұлттың  салт-дәстүрлерімен  бірге  қалыптасады.  Қазақ 

халқының  әдеп  туралы  түсінігінде  өздік  пайым  жатыр.  Мысалы:  Обал  –  әр 

нәрсенің қасиетін бағалауды ескертетін ұғым; Сауап – басқа адамға, қоршаған 

ортаға жақсылық жасау ұғымын білдіреді. 

Әдеп  сақтау  дегенді  –  қоғамда  қалыптасқан  ережелерді,  халықтың 

дәстүрін құрметтеп, оны бұзбай сақтау деп түсігу қажет. 



 

Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі 

 

78 

Кең  байтақ  Қазақстан  жерiн  мекендеген  жануарлардың  сан  алуан  түрін 

еліміздің түкпір-түкпірінен кездестілуге болады. Қазақстанның солтүстігіндегi 

орманды  дала  белдемiнде  бұлан,  елiк,  ақ  қоян,  сұр  тышқан,  су  егеуқұйрық, 

орман  тышқаны,  бұлдырық,  ақ  кекiлiк,  аққу,  қаз,  үйрек,  шағала,  тарғақ, 

қасқалдақтар  мекендеген.  Едiл  өзені  аймағынан  суыр,  дала  алақоржыны, 

сүйiрбас сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, 

жылқышы,  сұңқар,  бозторғайлар,  қыранқара,  дала  құладыны  кездеседi. 

Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа 

қарай шөлдi аймаққа ығысады. 

Ал өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлері мен эндемиктердiң 

топтасуы,  табиғи  аймақтар  мен  таулық  белдеулерде  әртүрлi.  Қазақстанның 

табиғи  флорасы  —  пайдалы  өсiмдiктердiң  қайнар  көзi.  Мұнда  жем-шөптiк 

өсiмдiктердiң  700-ден  астам  түрi,  дәрiлiк  өсiмдiктердiң  400-ге  жуық,  әсемдiк-

безендiрушiлiк 700 — 800, 300-ден астам ширнелiк, 450-ге жуық эфир-майлық, 

250-


ден астам улы-зиянды өсiмдiктер түрлерi бар. 

 

Ежелгі көшпенділер мәдениеті 

 

Бүкіл  Евразияның  байтақ  даласын  күн  шуақты  –  алтынды  “аң  тәсілді” 

өнерімен  көмкерген  ата-бабаларымыз  кейінгі  ұрпағы  мақтанарлықтай  өлмес 

мұралар  қалдырды.  Соның  бірі  әлемдегі  өнер  сүйер  қауымды  елең  еткізген, 

біртума  ескерткіш  Есік  қорғанынан  табылған  “Алтын  адам”  кейіпі  жерленген 

мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған киім киісіне қарағанда, оның 

анау-мынау адам емес, патша сарайы қызметшісі немесе бір тайпа елдің көсемі 

екеніне шүбә келтірмейсіз. Алтын адам киімі – сирек кездесетін ғажайып өнер 

туындысы.  Әлем  мәдениетіне  қайталанбас,  эстетикалық  талғамы  зор  өнер 

стилін  әкелген  сақ-скиф  тайпа  бірлестіктері  басқа  елдердің  өнерінің  дамуына 

игі  ықпалын  тигізді.  Көшпенділер  өнерінің  шуағы  бір  шеті  Қытайға,  екінші 

шеті ертедегі Иберияға (Испания) дейін жетті. 

 

Су – тіршілік көзі 

 

Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір 

күн де өмір сүре алмасымыз анық. Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді 

парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық 

көл  бар  екен.  Үлкен  тұйық  ойыстардағы  көлдер  беткі  және  жер  асты  су 

ағындарының  негізі  болып  саналады.  Облысты  сумен  тұрақты  қамтамасыз 

етуде  су  қоймалары  Самарқан,  Шерубай  –  Нұра,  Кеңгір,  Жезді  өзендері  бар. 

Кіші  өзендерде  де  көптеген  тоғандар  жеткіліксіз  болғандықтан  жер  асты 

суларының маңызы зор. Әртүрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су 

көздері мол.  

 

Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында 



болып  өтеді.  Осы  кезде  өзендердің  жылдық  қорының  80-90  пайызы  ағады. 

Қаракеңгірдің,  Сарыкеңгір,  Жезді  өзендері  Сарысуға  сала  боп  құяды.  Тұщы 

судың сенімді көзі – жер асты суларының мол қоры.  


79 

 

Әлемдегі ірі кітапханалар 

 

Әйгілі  Отырар  кітапханасы  әлемде  «Александрия»  кітапханасынан 

кейінгі  екінші  орынды  алған.  Әлемнің  екінші  үлкен  білім  бұлағы  –  Отырар 

кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб 

аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, 

әлемдік  ғылымға  сүбелі  үлес  қосқан  оқымыстылар  шыққан-ды.  Мұнда  ежелгі 

сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, 

ортағасырлық  Еуропа,  араб  және  Қытай  ғалым-оқымыстыларының 

шығармаларына дейін жинақталған.  

Қазақстандағы  ең  бай  кітап  қоры  «Ғылым  ордасы»  ғылыми 

кітапханасында сақталған. 80-жылдық тарихы бар ең көне кітапханадағы кіта 

 

Денсаулық – зор байлық 



 

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни 

адам  саналы  да  жарқын  өмір  сүруі  қажет.  Ол  үшін  ең  алдымен  ата-бабамыз 

айтып кеткендей «Бірінші байлық – денсаулық демекші, ең алдымен саналы да 

жарқын  өмір  сүру  үшін  денсаулық  қажет.  Ал  сол  денсаулықты  сақтау  –  өз 

қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. 

“Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан 

сөзі  рас  сияқты.  Өйткені,  әрбір  адам  басында  өзіне  белгілі  бір  аурулары  бар. 

Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. 

Ауруға қарсы тұруды спортпен шұғылданудан бастау керек.  



 

Отан – оттан да ыстық 

 

Отан – туып-өскен жер. Әр халықтың өз Отаны болады. Біздің Отанымыз 

– 

Қазақстан Республикасы. Қазақстан – ірі мемлекеттердің бірі. Еліміз күннен-



күнге көркейіп, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. 

Тәуелсіздігімізді  алғалы  елімізде  көптеген  өзгерістер  болды. 

Республикамыздың  астанасы  Алматы  қаласынан  Ақмола  қаласына  көшіріліп, 

Астана  деп  аталды.  Астана  қаласы  күннен-күнге  ажарланып  келеді.  Көптеген 

ұлт өкілдері өзара тату, ынтымақты өмір сүруде. Жылдан-жылға экономикамыз 

өркендеп,  тәуелсіздігіміз  нығайып  келеді.  Қазақстанның  кең  даласы,  биік 

таулары, ну ормандары мен көгілдір көлдері сұлулығымен көз тартады. Біз жер 

шарының осындай көрікті, бай өлкесінде тұратынымызды мақтан етеміз!  

 

Аспан әлемінің құпиялары 

 

Аспан  әлемінің  құпиялары  бүгінгі  таңда  ғылымдармен  үздіксіз 

зерттелуде.  Түнгі  аспанның  көркіне  айналған  жұлдыздар  да  ғалымдардың 

назарынан  тыс  қалмауды.  Жұлдыздар  әлемі  өте  әр  алуан.  Кейбір  жұлдыздар 

көлемі  бойынша  Күннен  мың  есе  үлкен  әрі  жарығырақ  болып  келсе,  ал 


80 

кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын жарығының энергиясы Күннен әлдеқайда 

аз болып келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше болады. Алтын Балық 

шоқжұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды. 

Күн өзінің барлық белгілері жағынан қатардағы жұлдыз болып саналады. 

Көптеген жұлдыздарды күн секілді ғаламшарлық жүйеден тұрады деп санауға 

толық негіз бар. Жұлдыздар өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олардың 

серіктері ең күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін зерттеудің 

нәзік әдістерін қолданып, бірнеше ондаған жылдар бойы ұқыпты бақылау мен 

күрделі есептеулер жүргізу қажет.  

 

Компьютердің тілін табу өнер 

 

Компьютерде жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау өте 

маңызды.  Сол  себепті  компьютерді  тоққа  қосатын  сымдарға  ,  қос  тілді 

розеткілерге  ,  штеккерлерге  тиісуге  және  жабдықтарды  мұғалімнің 

рұқсатынсыз  жылжытуға  тыйым  салынады.  Дербес  компьютерде  суланған 

қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды. Компьютердің жанына 

портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен 

дәптер ғана болуы тиіс. Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды. 

Компьютерлік  сыныпта  жүгіруге,  ойнауға,  жанындағы  құрбыларын 

аландатуға,  бөгде  жұмыстармен  шұғылдануға  тыйым  салынады.  Мұғалімнің 

рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды. Оқушы компьютермен 

жұмыс  жасау  кезінде  техника  қауіпсіздігі  талаптарын  орындау  ережесімен 

танысқандығы туралы журналды толтырады. 

 

Халықтар достығы 

 

Түрлі  ұлттардың  мәдени  сыйластығымен  Ел  бірлігін  сақтау  титульді 

ұлттың  ғана  мүддесін  көздеумен  шектелмейтіндіктен,  Қазақстанда  тұратын 

барлық  этностардың  ана  тілдерін,  мәдени  мұралары  мен  дәстүрлерін  еркін 

дамытуға  аса  көңіл  бөлінген.  Әр  ұлттың  өзінің  ата  –  дәстүрі,  салт  санасы 

болатыны сөзсіз. 

Ол  өз  ұлтын  тәрбиелікке,  адамкершілікке  баули  отырып,  тұрмыстық 

дәстүрлері  мен  ұлттық  нақыл  сөздерін  сақтап  қалу  үшін  қажет.  Ал  біздің 

тәуелсіз  мемлекетімізде  жүз  отыздан  астам  ұлт  мекендейтіндіктен 

мемлекетіміздің  дамып,  өркендеу  жолын  ұстанған  бағытында  өзара  келісім 

арқылы  ұлттар  татулығын  сақтау,  бейбітшіл  және  ынтымақты  жол.  Бірлік  – 

деген  қасиетті  ұғым.  Еліміздің  берекесі  гүлденіп,  өсуі  осы  бірлікпен  тығыз 

байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, 

мемлекетке де тікелей қатысты.  

 

 

 

Ұлы Дала табиғаты 

 


81 

Республикамыздың  әсем  де  әдемі  жерлері  көп.  Оларға  Іле  Алатауы, 

Павлодар облысының Жасыбай көлі, Қарағанды облысындағы таулы-ормандар, 

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені, Орал қаласы, Жайық өзені, 

Қостанай  облысындағы  орманды-тоғайлы  Наурызым  алқабы,  Оңтүстік 

Қазақстан  облысы  Бадам  жазығы,  Көкшетау  тауларын  жатқыза  аламыз. 

Алтынемел,  Көкшетау,  Бурабай  ұлттық  саябақтарында  туристерді  көптеп 

кездестіруге  болады.  Бұл  қазақ  даласының  қаймағы  бұзылмаған  ерекше  әсем 

табиғатының  ерекше  көрністарі  бар,  ірі  саябақтар.  Қазақстан  аумағындағы  9 

мемлекеттік  қорықта  да  ғылыми-экологиялық  туризмді  дамытудың  алғы 

шарттары қалыптасқан. 



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал