Сборник статей "Мир Сатпаева"/ Составители: Каменев Е. А. и др



жүктеу 91.73 Kb.

Дата26.01.2017
өлшемі91.73 Kb.

64 

Более  двух  десятков  раз  награждался  правительственными  наградами,  в  том  числе  четырьмя 

орденами Ленина. Каныш Имантаевич был членом многих государственных комитетов и комиссий, 

редакционных коллегий научных журналов, политических и научных обществ. Немало сил и энергии 

отдавал становлению и развитию международных связей Академии наук Казахстана, укреплению и 

углублению  сотрудничества  ученых  с  коллегами  из  России,  Украины,  Узбекистана,  Грузии, 

Киргизии,  Таджикистана  и  других  республик.  Сатпаев  очень  много  писал.  Его  перу  принадлежат 

свыше 800 печатных  работ,  опубликованных  на  русском,  казахском,  китайском,  арабском, 

английском и других языках [7]. 

Сатпаев  был  великим  и  одновременно  простым,  доступным,  скромным  человеком.  Природа 

наделила его красноречием, высоким ростом, благородной осанкой, большой головой. 

Таким образом, биографию ученого Е.А. Букетов исследовал досконально, ибо у него родилась 

задумка  о  создании  такой  же  художественной  эпопеи,  как  об  Абае  Ауэзова.  Да,  создание  такого 

монументального труда ему было под силу. Книгу «Молодой Каныш» он успел написать незадолго 

до смерти. Это настоящее хорошее начало большого романа.  

Как  говорил,  великий  Абай: «Можно  ли  того  назвать  умершим,  кто  миру  дал  бессмертные 

слова», имя мудрого учителя Евнея Арыстановича Букетова, будет вечно звучать в нашей памяти. 

 

Литературы: 



1.  Сарсеке М. Евней Букетов. М., 2007. – 605 с. 

2.  Руссо Ж.-Ж. Трактаты. М., 1969. – 704 с.  

3.  Абай. Книга слов. Алматы, 1992. 

4. 


http://e-history.kz/ru/contents/view/1601

. Сборник статей "Мир Сатпаева"/ Составители: Каменев Е.А. и др. 

- Алматы: Шартарап С, 1999 - 304ст. Статьи: 

5.  С. Ж. Даукеев "Выдающийся геолог и ученый"; 

6.  Г. Батырбеков "Из когорты славных"; 

7.  М. Сарсеке "Семь великих свершений академика Сатпаева". 

 

 

АҢЫЗ АДАМ 



 

Рахым Б.С., ф.ғ.д., профессор 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Аса дарынды орыс ақыны М. Ю. Лермонтов: «Кішкентай адам тауда тұрса да кішкентай, алып 



орда  тұрса  да  зор»  деген  екен.  Осы  уақытқа  дейін  айтулы  ақындар,  ғұлама  ғалымдар,  өнер 

жұлдыздары  мен  талай  еңбек  майталмандарын  көрдік.  Солардың  ішінде  жоғарыдағы  ақын 

анықтамасына жауап бере алатын, ғұлама дарын екендігін өз ісімен дəлелдеп жүргендерді де көрдік. 

Ірі  жəне  іргелі  істерімен  ізгіліктің  нұрын  шашып,  азаматтықтың  асқан  үлгісін  танытқандар  ішінен 

өзім  көріп, əбден көзім жеткен  Е.  А.  Букетовтің орыны бөлек болатын.  Көзден  таса  болғанына  көп 

болса да, осы бір ірі денелі, көзі күлімдеп тұратын, еңгезердей еңсегей бойлы, аққұба өңді, талантты 

тұлғаның бейнесі көз алдыма жиі келеді. Бұл есімге қатысты ел əңгімесін жұрттың жүрегіне жақын 

екендігін  біз 1976 жылы  Қарағанды  мемлекеттік  университетіне  құжат  өткізіп,  қалаған 

мамандығымызға  қатысты  емтихан  тапсырғанда  естідік.  Ол  кезде  филология  факультетінің  қазақ 

бөліміне  оқуға  түсу  оңай  емес,  бір  орынға 10 – 12 талапкер  таласқа  түсетін.  Əуелгі  таңдаған 

мамандық  журналистика  болса  да,  мен  үйдегі  оқыс  жағдайға  байланысты  ҚарМУ-дің  филология 

факультетіне құжаттарымды тапсырдым.  

Алғашқы  қатал  сынақ  шығарма  жазудан  басталып,  үлкен  спорт  залында  екі  жүзден  астам 

талапкер жазба жұмысына отырдық. Міне, осы емтиханда біз алғаш университет ректоры, академик 

Е.  А.  Букетовті  көріп,  сəт – сапар  тілеген  тамаша  сөзін  естідік.  Шығарма  жазып  шыққаннан  кейін 

жастардың  көпшілігі  университет  ректорының  емтиханға  келуін,  ізгі  тілегін  айырықша  тілге  тиек 

етті.  Талапкердің  біреуі  академик  Е.  А.  Букетовті  философ,  екіншісі,  айтулы  филолог,  келесілері 

ғұлама  математик,  химик  деп  жатты.  Бізге  тілектес  болып  жүрген  үлкендер  болса,  академик  Е.  А. 

Букетов көптеген ғылым салалары бойынша кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғаған десе, 

үлкендердің  енді  бірі  «бұл  кісі  керемет  химик,  осы  Қарағанды  көмірін  əлемге  танытушы,  СССР 

мемлекеттік  сыйлығын  алған  айтулы  ғұлама  ғалым»  десті.  Қалай  айтса  да  жұрттың  Евней 

Арыстанұлын жақсы  көретінін  түсіндік.  Арада  зырлап  емтихан  тапсырған күндер  өтіп,  үш  емтихан 

нəтижесінде 25 орынға 40-қа жуық үміткер қалдық. Көпшілігіміздің жинақтаған ұпайларымыз бірдей. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



65 

Талапкердің  біршамасының  еңбек  өтілі  бар.  Алғашқы  емтихандағы қаптап  жүрген  жігіттерден  енді 

соңында бес-ақ азамат қалыппыз.  

Кешікпей  конкурста  өтіп,  нəтижесінде  əлгі  бес  жігіт  студент  атандық.  Артынан  естідік 

университет  ректоры  алдымен  ұл  балаларды  өткізіп,  одан  əрі  іріктеу  жүргізіпті.  Сөйтіп,  бізге  бақ 

құсын сыйлаған Евекең екенін естідік.  

Иə, біз Қазақстандағы сол кездегі екінші университеттің студенті атанып, қуанышымызды сөзбен 

айтып  жеткізе  алмастай  күйде  едік.  Ол  кезде  қоғамдық  пəндердің  көпшілігі  орыс  тілінде  өтіп, 

мамандыққа қатыстылары ұлттық тілімізде жүретін. Қазақ тілінің айы оңынан тумай тұрған сол бір 

кезде, университет тарапынан арнайы шақырылған ақын – жазушылар, өнер адамдарымен кездесулер 

өте  көп  өтетін.  Осы  кездесулерді  көбіне  Евекең  өзі  басқарып,  тамаша  тартымды  жүргізетіні 

білетіндерге  аян.  Тумысынан  талантты  жазушы  Л.  Н.  Толстой: «Тəрбие  беру  мен  білім  беру – 

ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тəрбиелеуге болмайды, ал берген əр білімің тəрбиелік ықпал 

жасайды»  депті.  Біздің  алған  білімімізді  одан  əрі  жетілдіруге  əлгі  кездесулер,  ондағы  айтылған 

тартымды  ғұмырбаяндық  жəне  өнерге  қатысты  əңгімелер  ерекше  ықпал  еткені  анық.  Бұндай 

кездесулерде  Евекең  көзге  түсіп  жүрген  талантты  студенттерді  де  ел  алдына  шығарып,  оларды  да 

тыңдауды ұмытпайтын. Бұл орайда университеттегі «Балауса» үйірмесінің жұмысын Евекең ерекше 

ұнатып, оның өтетін мəжілістеріне қатысып отыратын. Бүгінде бұл үйірме кейін бірлестікке айналып, 

атақты  дауылпаз  ақын  С.  Сейфуллин  есімін  иеленгендігін  бүгінгі  ұрпақ  білмеуі  де  мүмкін.  Бұл 

тұрғыда  Қарағандыға  қатысты  энциклопедиялық  еңбекте  былай  делінген: «Балауса»,  Қарағанды 

мемлекеттік  университеті  жанында  жұмыс  істейтін  творчестволық  жастардың  əдеби  бірлестігі. 

Қазақстан  Жазушылар  Одағы  облыстық  ұйымының  инициативасымен1965  жылы  құрылды 

(алғашқыда  студенттердің  «Жас  қанат»  əдеби  үйірмесі). 1972 жылы  педагогикалық  институттың 

университетке  айналуына  байланысты  əдеби  үйірме  қазіргі  атына  ие  болды.  50-ден  астам  мүшесі 

бар. (1987). Проза,  поэзия  жəне  əдеби  сын  секциялары  жұмыс  істейді.  Бірлестік  творчестволық 

жастардың  əдеби  шығармаларын  совет  мəжілісінде  талқылап,  таңдауларын  жариялауға,  облыстық 

баспасөз  бетінде  насихаттауға  көмектесіп  отырады.  Əдебиет,  өнер  жəне  мəдениет  қайраткерлерінің 

қатысуымен  кездесулер,  диспуттар,  кештер,  əдебиет  мерекелерін  өткізіп  тұрады»  делінген.  Бұл 

«Балауса» туралы өткеннен қалған бір болмашы ғана естелік.  

Біздің  студенттік  кезіміздегі  бұл  бірлестіктің  атқарған  ісі  үлкен  кітапқа  жүк  болып,  қызықты 

деректерімен  таусылмас  əңгімеге  айналары  сөзсіз  еді.  Біз  атақты  ақын,  жазушылар:  Олжас 

Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Аманжол Шамкенов, Шөмішбай Сариев, Жаппар Өмірбеков, Қайрат 

Жұмағалиев,  Тахауи  Ахтанов,  Медеу  Сəрсекеев,  Оралхан  Бөкеев,  Жайық  Бектұров,  Ақселеу 

Сейдімбеков  жəне  т.б.,  сондай-ақ  белгілі  академик  ғалымдармен  осы  бірлестік  арқылы  таныстық. 

Кездесулердің бəрі де «Балауса» бірлестігі арқылы өтіп, қызықты жастардың əңгімесіне айналатын. 

Осы  жүздесудің  бəрінде  Евекең  өзі  болып,  студенттер  мен  əйгілі  таланттардың  қарым – қатынаста 

болуына жол салатын. Бəрінде айтып тауса алмаспыз. Бірді – екілдісін айта кетейік. 

Біз  оқып  жүргенде  университеттің  бас  ғимараты  қазіргі  академик  Е.  А.  Букетов  мұражайы 

орналасқан  (Гоголь – 38) де  болатын. «Балауса»  бірлестігі  де  осында  мəжілістерін  өткізіп, 

кездесулерін акт залында жүргізетін. Сол кезде қазіргі Оңтүстік – Шығыстағы университет құрылысы 

басталып, бұл жер көп ұзамай КарМУ қалашығы болатындығын Евекең қызықтыра баяндайтын. Оқу 

ғимаратттары мен жатақханалардың жетіспеуі болса да, университеттің тамаша өмірбаяндық тарихы 

тамаша  əріптермен  жазыла  бастады.  Студенттердің  де  жалынды  істері  күн  санап,  арнасын  тауып 

жалғасып жатты. «Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек қайратсыздық. Дүниеде еш нəрседе баян 

жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қыстың артынан көгі қалың, 

көлі  мол  жақсы  жаз  келмеуші  ме  еді?» - деп,  Ұлы  ақын  айтқандай, «Балаусаның»  байыпты 

бастамаларын көре білген университет басшылары оның ісіне назар аударып, қамқорлық жасай білді. 

Бұл бағытта Республикадағы екінші университеттің ректоры академик Е. А. Букетовтің қамқорлығы 

бұл  күнде  аңызға  айналып  кеткен.  Балаусаның  мүшелерімен  кездесу,  олардың  сауалдарына  көңіл 

бөлу  Евней  Арыстанұлына  дəстүрге  айналғаны  анық  екендігі  ақиқат  еді.  Дарынды  ғалым  талантты 

жастарды  бірден  танып,  олардың  тырнақалды  туындыларына  ерекше  көңіл  бөлетін.  Бірлестік 

мүшелерінің  ақын – жазушылармен  кездесулеріне  қатысып,  студенттердің  арасындағы  ақындарға 

өлеңдерін  оқытатын.  Бірде  айтулы  ақын  О.  Сүлейменов  бастаған  орыс  жазушыларымен  кездесу 

өтетін болып, бəріміз бұрынғы аталған бас ғимараттың акт залына жиналдық. Орын жетпей көптеген 

студенттер түрегеліп тұрды.  

Кенет университет ректоры бастаған Олжас Сүлейменов, Аманжол Шамкенов ағаларымыз жəне 

Ленинградтан келген ақын – жазушылар сахнаға көтерілді. Оларды студенттердің қарсы алуы ерекше 

еді.  Ленинградтан  келген  қонақтар  сөз  сөйлеп,  өлең  оқып  болғаннан  кейін  А.  Шамкенов  бірнеше 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


66 

жаңа  өлеңдерімен  таныстырып  өтті.  Олжас  ақынның  алдында  үйілген  тау – тау  кітап,  ақын  бəріне 

асығыс  естеліктер  жазып  жатқанын  көріп  отырдық.  Соңын  ала  Олжас  Сүлейменовтің  оқыған 

өлеңдеріне отырған көпшілік қайта – қайта қол соғып, тағы да өлең оқуын өтініп, түрлі сұрақтарды да 

жарыса  қойып  жатты.  Көптеген  сұрақтар  ақынның  «Адамға  табын  жер  енді»  поэмасы  мен  «Азия» 

кітабына  байланысты  берілгені  есміде  қалыпты.  Кездесу  аяқтала  бергенде  Евней  Арыстанұлы: 

«Біздің  студенттер  де  өлең  шығарып,  көркем  дүниелер  жазады.  Тыңдап  көрсеңіздер  қайтеді»  деп 

алып,  сахнаға  сол  кездегі  студенттер,  бүгінгі  белгілі  ақындар  Тортай  Садуақасов  пен  Ғалым 

Жайлыбаевтарды  шақырып алып, өлеңдерін оқытты. Ленинградтық ақын – жазушыларға өзі аударма 

арқылы түсіндіріп беріп отырды.  

Осы кездесуден кейін қонақтарды шығарып салуға залда отырғандардың бəрі тысқа шығып, есік 

алдындағы  күтіп  тұрған  екі  автобусқа  қонақтарды  отырғызып  жатты.  Ал  Олжас  ақынды  халық 

жіберетін  түрі  жоқ,  залдан  есік  алдына  дейін  қолтаңба  беріп,  елдің  ықыласымен  ұсынған  гүлдерге 

ақынның  құшағы  да  жетпей  қалды.  Қонақтар  автобуста  Олжасты  күтіп  отыр.  Оны  елдің  босатпай 

жатқаны керемет көрініс болды. Бір кезде есік алдына ректордың қара волгасы келіп тоқтады. Ақын 

Олжас  Сүлейменов  көпшіліктің  қолқалауымен  сонда  отырды.  Машинаның  салоны  гүлге  толып, 

ақынның  басы  ғана  көрініп  тұрды.  Жүргізушінің  сан  мəрте  ескерту  жасағанынан  кейін,  машина 

жиналған  жұрт  арасынан  əрең  сытылып,  келісті  көшеге  шығып  бара  жатты.  Қонақтарды  шығарып 

салған  университет  басшыларының  ішінде  тұрған,  ғұлама  ғалым  Е.  А.  Букетов  студенттерге  қарап: 

«Халық  үшін  туған  ақын  деп,  мына  Олжас  Сүлейменов  ағаларыңды  айту  керек», - дегені əлі күнге 

дейін  есімде  қалыпты.  Осы  жолдарды  жазып  отырғанда  да,  сол  сəттер  көз  алдымнан  өтіп  жатты. 

Бүгінде айтулы ақын туралы жылы лебіздермен қатар, кейде сыңаржақ пікірлер де айтылып қалады. 

Біздіңше  сандаған  саңлақтардың  ішінен  суырылып  дара  көрінген  ақын  Олжас  Омарұлының  да  өз 

биігі барлығы анық. Уақыт оны əлдеқашан да дəлелдеп берген.  

1977  жылдың  алғашқы  оқу  жылының  бірінші  семестрі  қауырт  жұмыстармен  басталып  кетті. 

Қазан айының орта шенінде «Балауса» бірлестігінің есеп беру жиыны, студенттердің шығармаларын 

талдау,  бірлестікті  жаңа  жастармен  толықтыру  жұмыстары  өті  жатты.  Жаңа  жылға  дайындық 

басталып, оған  бірлестік мүшелері  біркісідей  жұмыла кірісті.  Осындай  қауырт  кезеңде  университет 

ректоры Евней Арыстанұлы мерекеге дайындықпен танысып, шағын кеңес өткізді. Осы кеңесте Е. А. 

Букетов бірлестік мүшелерінің басқа да факультет студенттерімен толыса бастағанын атап, өнерпаз 

жастардың  көптігіне  қуанатынын  айта  келіп, «университет  бойынша  өнерпаз  студенттердің 

ансамблін құруға бола ма?», - деген сауал тастады. Кейін жастардың дереу қолға алуымен əлі күнге 

аңыздай болып қалған ансамбль құрылып, оның атын Евней ағамыз «Жас дəурен» деп өзі қойды. Оқу 

жылының  аяғында  осы  ансамбль  Қарқаралы,  Егіндібұлақ  аудандарына  университет  тарапынан  

арнайы  автобуспен  шығып,  көптеген  совхоздарда  болып  өнер  көрсетті.  Осы  сапарлардан  кейін 

университетке музыкалық жаңа аспаптар жəне ұлттық киімдер алынды. Олар көптеген жылдар бойы 

кəдеге  асып  келді.  Бұл  жаңа  құрылған  унисерситетті  дереу  алға  шығарып,  жастардың  жалын – 

жігерін көрсетудегі Е. А. Букетовтің айтып тауыса алмайтын істерінің бір үзігі еді.... 

1978 жылы ҚР ҒА кіші академиясының ұйымдастыруымен «Студенттер жəне ғылыми прогресс»  

атты  ғылыми  байқау  ұйымдастырылып,  осы  байқауға  ҚарМУ  студенттері  көптеп  қатысты. 

Ұстазымыз  З.  Т.  Жұмағалиевтің  жетекшілігімен,  байқауға  «Ұлы  Отан  соғысы  жылдарына  қатысты 

қазақ  поэмалары»  атты  тақырыпта  менде  ғылыми  баяндама  жазып,  филология  мамандықтары 

бойынша  сынға  түстім.  Нəтижесінде  бірінші  орын  алып,  университет  тарапынан  жəне 

ұйымдастырушылар  алқасынан  марапаттауларға  іліндім.  Біздің  жеткен  жетістігімізді  құттықтап, 

университеттің  жастар  комитетінен,  кəсіподақ  ұжымынан  құттықтаулар  естідік.  Осы 

құттықтаулардан  ба,  жоқ  əлде  баяндамалар  арқылы  тыңдады  ма,  бірде  мені  факультеттің  деканы 

Қаншайым  Мақсұтқызы  ректормен  кездесуге  апаратынын  айтты.  Күтпеген  жағдай,  əп – сəтте 

ойланып қалдым. Университет ректоры химия саласы бойынша аса дарынды ғалым екендігін, алайда 

əдебиетке деген көңіл – күйі ерекше екендігін білетінмін. Орыстың классик ақындарының өлеңдерін 

аударғаны, Европаның айтулы жазушыларының шығармаларын туған тілімізде сөйлеткеніне біршама 

хабардар  едім.  Атақты  Шекспирдің  «Макбет»  атты  трагедиясын  аударып,  оны  С.  Сейфуллин 

атындағы облыстық драма театрдың сахналағанын білетінмін. Осының бəрі де бір сəт санамда сайран 

салып, қандай əңгіме болуы тиіс деген сауалдар өзімді мазалай берді. 

Ақыры  деканның  соңынан  еріп,  шақырған  күні  ректордың  кабинетіне  келдік.  Біз  бұл  кезде 

Оңтүстік – Шығыстағы  жаңа  ғимаратқа  көшіп,  Евекең  қазіргі  ректор  отыратын  кабинетті  алғаш 

ректордың жұмыс орнына айналдырған. Қауырт жұмыстар жүріп жатыр екен. Ректордың кабинетінен 

проректорлар,  партком  хатшысы  шыққаннан  кейін  біз  ішке  ендік.  Соншалық  қысылып  жəне 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



67 

қобалжып ішке ендім. Ебекеңнің бізбен сəлемдесіп, жай – жапсарымызды сұрағаннан кейін бəрі де 

тез ұмыт болды.  

Алғашқы  сауалы  сабақ  үлгерімі  болып,  одан  əрі  «Орыс  тілін  қалай  білесің?»  деп  сұрады.  Мен 

«Нан сұрауға жететін ғана орысшам бар» дедім. Жымиып күліп, «Бəрі де солай басталады. Бірақ орыс 

тілін  үйренгенің  өзіңе  жаман  болмайды.  Мен  осы  тұрғыда  сенің  біліміңді  жетілдірейін  деп  едім. 

Аударма жайында зерттеу ісімен айналыссаң қайтеді», - деді. 

Шыны керек ойланбаған жағдай, үнсіз отырып қалдым. Одан əрі Евекең: «Сен қобалжыма, мына 

апайлардың жəне жетекші ретінде мен өзім көмектесем. Тек талабың күшті болсын. Əлі аударманың 

қыр – сырын жетік білетін маман болып кетесің», - деп алып, өзі алдын ала ойластырған болуы керек, 

«Маяковский өлеңдерінің қазақ тіліне аударылуы» атты тақырыпты ойланып, осы жұмада жауабын 

беріңдер», - деп шығарып салды.  

Факультет  деканымен  қоштасып,  бірден  облыстық  кітапханаға  тарттым.  Кітапханадан  біршама 

кітаптар  тауып,  екі – үш  күндей  дайындалған  болдым.  Айтылған  күні  бардым.  Кабинетінде  кісілер 

бар  екен.  Евекең  алдыңғы  қабылдау  бөлмесіне  шығып,  біршама  ақын  туралы  тың  деректер  айтты. 

«Қалай  тақырыпты  игеруге  бола  ма?», - деп  сұрады.  Мен  өзім  оқып  барған  В.  Маяковский 

өлеңдерінің қазақ тіліне аударыла бастауы, оған ат салысқандар жөнінде айттым. Евекең болса, «Сен 

өзің дайын екенсің ғой, онда осы тақырыпты қалдырайық» деп, кəдімгідей көңілденіп қалды. Қолма – 

қол деканатқа телефон шалып, Ханшайым апамызға аталған тақырыпты бекітуді өтініп, өзі жетекші 

болатындығын  айтты.  Одан  əрі  сұрақтар  мен  сауалдарға  байланысты  деканат  арқылы  хабарласып, 

жиі – жиі келіп тұруымды өтінді. Бұл Евекеңнің мені ең соңғы қабылдауы екендігін сол сəтте менде, 

академикте білгеніміз жоқ еді.  

Арада біршама уақыт өтіп, мерекелік демалыстан келіп, сабаққа кірісе бастағанда академик Е. А. 

Букетовтің  қызметінен  босағанын  естідік.  Сөйтіп,  Қазақстандағы  екінші  университеттің  ашылған 

күнінен  бастап  басшылық  жасап,  ғылыми  ұжымды  қалыптастырып,  оқу  ғимараттарының  мəселесі 

енді өз шешімін таба бастағанда ректордың қызметінен кетуі ұжымға қатты əсер етті. Студенттердің 

өзі  бұрынғы  басшыны  қимайтындығын  байқатты.  Бірақ  пəрмені  күшті  партияның  шешіміне, 

қисынын тапқан билік өкілдеріне мұның қате дегенді ешкім айта алмады. Кенішті қаланың оңтүстік – 

шығысынан бой көтерген университет қалашығына қуанып, оның келешегі туралы толғанып жүретін 

жанның арманы көп еді... 

Жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін көптеген жұмыстар істеліп, есте қаларлық шаралар өтіп жатты. 

Осының бел ортасында университет басшысы жүретіндігі аян. Евекеңнің көңілді кейпін көп көрдік. 

Айырықша  есте  қаларлық  бір  сəт  былай  болған  еді: «Бір  күні  үзіліс  кезінде  студенттер  топ – топ 

болып,  университеттің кіре  беріс  ауласында  тұр едік.  Бір кезде  үстінде  ақ сұр  плащ, басына шляпа 

киген Евекең келе жатты. Студенттер мен арасында оқытушылар да бар, барлығы «Сəлеметсіз бе?» 

деп жапырлай амандасты. Ректор кіре беріс есікке тақау келіп, баршамыздың өзіне таяу келуін өтінді. 

Лезде көптеген студенттер ректорды айналып тұра қалдық. Ортада асқаралы таудай болып, бір кезде 

Евекең қой көздері күлімдеп, сөз бастап кетті.  

-  Көпшілігің  жауға  шабатын  ер – азамат  екенсіңдер.  Қай  аталарыңнан  үлкен  адаммен 

«Сəлеметсіз бе?» деп амандасқанды көріп едіңдер. Ассалаумағалейкум деп амандасуға болмай ма?, - 

дегенде бəріміз басымызды төмен салдық. Ректор ғимаратқа кіріп кетті. Бұл да Евекеңнің өз ұлтының 

келешегіне алаңдайтындығының бір көрінісі болса керек.  

Академик  Е.  А.  Букетов  ректорлықтан  кеткеннен  кейін,  ҚарМУ-дің  ректорлығына  Евекеңнің 

үлкен  үміт  күткен  шəкірті,  белгілі  ғалым  З.  Молдахметов  тағайындалды.  Тез  арада  Евекеңнің  ісін 

жалғастырып, университет жұмысын жақсы жолға қойа білгендігін бізден басқалар да бағалайтынын 

білеміз.  Бұдан  кейінгі  басшылар  да  Евекеңнің  шəкірттері  болғаны,  олардың  ізгі  істері  орынды 

айтылып жүргені мəлім. Евекең университеттен кеткеннен кейін, арада бір жыл өткен соң күтпеген 

жерден қайта кездестірдім.  

1980  жылдың  көктем  кезеңі  болатын.  Облыстық  орталық  кітапхананың  оқырмандар  залынан 

орын  алып,  тиісті  тақырыпқа  қатысты  конспекті  жазып  отырғанмын.  Түс  ауа  кітапхана  əкімшілігі 

оқырмандар  залына  келіп,  үлкен  кездесуге  қатысты  дайындықтар  жасай  бастады.  Оқырмандарға 

үлкен жазушылар келетінін айтып, егер тыңдағылары келсе, оқырмандар залында қалуларын өтінді. 

«Жазушылармен кездесу» дегеннен кейін, менде қатысуды жөн көрдім.  

Көп кешікпей оқырмандар залына жазушы Жайық Бектұров, академик Е. А. Букетов, жазушы Ө. 

Ахметовтер  келіп,  дайындаған  орындарға  жайғасты.  Жазушы  Жайық  ағамыз  Қарағанды  облысы 

бойынша ақын – жазушылар шығармашылығына тоқталып, бүгін өзімен бірге құрметті қаламгерлер 

келіп отырғанын айтып, сөз кезегін Евекеңе берді. Академик – жазушы Е. А. Букетов осы кездесуде 

аударма  саласындағы  істеріне  кеңінен  тоқталып,  қазіргі  кезде  Қаныш  Сəтбаев  туралы  көлемді 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


68 

шығарма жазуға кіріскенін атап өтті. Одан кейін жазушы Ө. Ахметов өз шығармашылығын баяндады. 

Кездесуден  кейін  сəлемдеспек  болған  ниет  орындалмады.  Кітапхана  басшылығы  қонақтарды  басқа 

бөлмеге  алып  кетіп,  бізге  баруға  мүмкіндік  болмады.  Əйтсе  де,  аударма  туралы  сұрамақ  болған 

сауалдарыма қатысты жауаптар алған едім.  

«Уақыттың  мүддесі  мен  оның  өзгерісіне  ештеңе  істей  алмайсың»  деген  ұлы  сыншыдан  қалған 

сөз  бар.  Бізде  студенттік  өмірмен  қоштасып,  жан – жаққа  еңбек  майданына  аттандық.  Əр  түрлі 

ұжымдарда  болып,  сан – қилы  адамдармен  əріптес  болдық.  Бірақ,  қайда  жүрсең  де  өзің  оқыған 

университет  ыстық  екен,  өзіне  тартып  тұратын  қимастық  қасиетін  əбден  мойындатқан.  Оқу 

бітіргеннен кейін, 1982 жылы Қарағандыда тағы да Е. А. Букетовті күтпеген жағдайда кездестірдім. 

Ол кезде Қарағандыда троллейбустар жүретін. Вокзал мен Михайловкаға №4 троллейбус қатысатын. 

Вокзалға  бармақ  болып,  əлгі  аталған  троллейбусқа  міндім.  Алдыңғы  жақтағы  орындықтың  бірінде 

отырған  еңгезердей  адам  терезеге  қарап,  үлкен  ойға  беріле  түскен.  Əттең  əрі  қарап  отыр,  əйтпесе 

маған  біртүрлі  таныс  адамға  ұқсаттым.  Тақала  түстім.  Анықтай  зер  салғанда  барып,  бұл  адамның 

академик Е. А. Букетов екенін таныдым. Жақындауға батпадым, көңіл – күйі кереметтей көрінбеді. 

Іштей кезінде Евекеңнің өзіне бекітілген көлікке мініп, үнемі еңбектің үстінде жүретін кездерін еске 

түсірдім.  

Қоғамдық  көлік  Кеншілер  сарайының  алдына  келіп  тоқтағанда,  Евекең  сол  аялдамадан  түсіп 

қалды.  Көліктің  артқы  терезесінен  қарай – қарай  кете  бардым.  Арада  бір  жылдан  кейін,  кенеттен 

болған  аяулы  академик  Евней  Арыстанұлы  Букетовтің  қазасын  естідім.  Жарық  дүниеде  бар  кездің 

өзінде елдің мақтанышына айналып, халқы қастерлеген Евекең болса бүгінде аңыз болып айтылып, 

сағыныштың сазды əңгімесіне айналып кеткен.  

Иə, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген осы. 

 

 



OUR OUTSTANDING CONTEMPORARY 

 

Kagazbayev Zh.A., associate professor; Kultanova Zh.M., teacher 



Ye.A. Buketov Karaganda State University; 

Baikenova N.S., senior teacher

 

Zh.K. Bukenov Karaganda Bank College* 



Karaganda, the Republic of Kazakhstan 

 

The article deals with the life and creative activity of the first rector of  Karaganda State University and one of the 



key figures in the chemical and metallurgical field of Kazakhstan. It also focuses on the contribution made by 

Ye.A.Buketov into the development of cultural sphere in Central of Kazakhstan. Different views and opinions of well-

known public figures and scientists on versatile activities of Ye.A.Buketov are also laid down in the paper.  

Key words: technical sciences, translator, enrichment and metallurgical conversion, extraction of molybdenum and 

its chemical analysis, academician, the Union of Soviet Writers, development of science, culture and higher education

public figure and scientist. 

 

Many-sided life of Buketov Yevney Arystanovich - Academician of Kazakh SSR Academy of Sciences, 



doctor of technical sciences, professor, famous writer and translator, essayist, novelist, literary critic, talented 

organizer of science and higher education in Kazakhstan displays the richness of historic events and the 

variety of his creative activity.    

Ye.A Buketov was elected a full member of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR, won the State 

Prize of the USSR and became a member of the USSR Writers' Union. He was one of the founders of 

Chemical and Metallurgical Institute of Kazakh SSR Academy of Sciences. Ye.A. Buketov became the first 

rector of the second university in Kazakhstan, nowadays Karaganda state university bears his name.  

The range of scientific interests of Academician Ye.A. Buketov was very wide, extended to the leading 

branches of natural sciences - Chemistry and Physics, mining and metallurgy, coal mining and petroleum 

refining, as well as history and linguistics, poetry and prose, social and political journalism and translation. 

This phenomenon can be understood having referred to his thoughts: "The wider, deeper, more precisely, a 

modern scientist has actual knowledge, the more productive and purposeful he can be" [1]. 

Literature was part and parcel of his life. Artistic ability of scientist organically included a set of his 

disposition and affected the methods of his scientific works. As a translater Ye.A.Buketov showed his talent 

in a variety of literary genres.  Here we can make a quotation from A. Einstein: «In scientific thinking there is 

always an element of poetry. Real science and real music require the unified thinking process» [2]. It 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал