Сборник научных статей республиканской научно-практической конференции «ивановские чтения 2016»



жүктеу 122.33 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі122.33 Kb.
түріСборник

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 



Министерство образования и науки Республики Казахстан 

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 



Западно-Казахстанский государственный университет им.М.Утемисова 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е.А. Ағелеуов және А.З. Петренконы 

еске алуға арналған 



«ИВАНОВ ОҚУЛАРЫ - 2016» 

«Қазақстан экожүйесінің алуантүрлілігінің өзекті мәселелері» 

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми 

мақалалар жинағы 

 

 

28 қыркүйек 2016 ж. 

 

 

 

 

 

Сборник научных статей 

республиканской научно-практической конференции 

«ИВАНОВСКИЕ ЧТЕНИЯ –  

2016» 

на тему: 



«Актуальные проблемы биоразнообразия  

экосистем Казахстана», 

посвященной памяти 



Е.А.Агелеуова, А.З.Петренко

 

 



 

28 сентября 2016 г. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-Уральск, 2016 



 

 



 

ӘОЖ 378.858 



 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Бергалиева Г. К. 



Орал қаласы 

 

 «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 



ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»  

Н.Ә. Назарбаев 

 

Еліміз  өркениетті  елдер  қатарынан  орын  алып,  ұрпағымыз  қоғам  қажеттілігіне  сай  болып 



жатырса  –  бұл  ұстаздар  еңбегі.  Ұстаздың  жан-жақтылығы,  үнемі  ізденіс  пен  шығармашылық 

жолындағы  талабының  болуы  шәкірт  жүрегіне  бірден-бір  жол  салады.  Ондай  ұстаздан 

шығармашыл,  құзіретті  және  жаңа  үлгідегі   мұғалім  күтіледі.Ал  жаңаша  мұғалім  тәжірибенің 

өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз 

келбеті менен де табылу керек екенін түсіндім. 

Мектепте  жұмыс  атқаратын  әрбір  мұғалімнің  алдына  қазіргі  таңда  қойылатын  талап  өте 

үлкен  болып  отыр.  Мұғалім  өзінің  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастырып,  оны  меңгеріп,  сол 

жаңа  педагогикалық  модульді  меңгерген,  өз  практикасында  қолданған  әрбір  мұғалім  өз  сабағын 

нәтижелі даму жағынан көре алады. 

Мұғалім  алғаш  жаңа  педагогикалық  модульді  оқып  үйренеді,  меңгереді,  тәжірибеде 

қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді. 

Инновациялық  үрдістің  негізі-жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге  асырудың 

тұтастық  қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  жасайды.  Оны  «жаңалық», 

«жаңа  әдіс»,  «өзгеріс»,  «жаңашылдық»  яғни  «жаңа  әдістеме  құралы»  деп  атауға  болады. 

Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір 

нәтижеге  жету-педагогиканың  ең  асыл  заты  негізгі  ойды  түсіну  болып  табылады.  Негізгі  ойды 

түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім модуль бойынша жұмыс атқара алады. 

Оқу  үрдісіндегі  болып  жатқан  жаңалықтың  өзі  мұғалім  қауымынан  талап  етіп  отырған 

бетбұрыс,  ол  сындарлы  оқытуға  негіздеу  болып  табылады.  Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік 

жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы 

(конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. 

Шығармашылықпен  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа  үлгіні 

жасауда  ықпалы  зор.  Шығармашылық  тапсырмалар  оқушыларға  зақым  келмейтіндей  және 

мәжбүрлемей,  оқушының  шынайы  білімінің  тереңдігін  көрсетеді.  Олар  оқушының  креативті  ой-

санасын  дамытып  ойлануды  үйретеді.  Сондықтан  сабақ  барысында  «ойлап  табыңыз», 

«құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай 

бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді. 

Бағдарламаның  басым  бөлігі  сындарлы  оқыту  теориясы  негіздерін  қамтиды.  Бұл  теория 

оқушылардың  ойлауын  дамыту,  олардың  бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы 

түрлі  дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  және  достарынан  алған  білімдерімен  өзара 

әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. 

Сыни  тұрғыдан   ойлау  бағдарламаның  өн  бойында  екі  мағынада  қарастырылады: 

оқушылардың  және  мұғалімдердің  сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту.  Сыни  тұрғыдан  ойлау-

бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ойлауға, 

бағалауға,  талдауға  және  синтездеуге  бағытталған  пәндік  шешім.  Ол  болашақта  әрекет  жасауға 

негіз  бола  алады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау,  көбінесе,  қарсы  пікір  айтуға  баламалы  шешімдерді 

қабылдауға,  ойлау  және  іс-әрекетімізге  жаңа  немесе  түрлендірілген  тәсілдерді  енгізуге  дайын 

болуға,  ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге  және  басқаларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға 

баулуды білдіреді. 

Негізгі  деңгейде  сыни  тұрғыдан  ойлау  үрдісі  төмендегі  мәселелерді  қамтиды:  -дәлелдеуді 

сыни  тұрғыдан  талдау  мен  бағалауды;  -ақпараттар  жинауды;  т.б.  Сыни  тұрғыдан  ойлау-  бұл  кез 


 

келген  мазмұнды  сынау  емес,  оны  зерттеу,  бақылау,  талдау,  әртүрлі  стратегиялар арқылы өзінің 



ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің 

көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және 

қисыны  бар  өзіндікқате  сенімінен  бас  тарта  білу.  Сыни  тұрғыдан  ойлаудың  жаңа  идеяларды 

ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталған.  Ол  маңызды  мәселелерді 

талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Бұл  модуль  оқушылардың  да, 

мұғалімдердің  де  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен  қабылдауын 

көздейді.(МАН) 

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын 

қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.  

Сыни  тұрғыдан  ойлау-  бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде 

алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. 

Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы: Іс – әрекеттегі толғаныс, іс барысын- дағы  толғаныс, 

іс  –  әрекеттен  кейінгі  толғаныс.  Баланың  не  үйренгені  туралы  сыни  тұрғыдан  ойлау:  ұтқырлық, 

сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана- сезім. 

«Сыни  тұрғысынан  ойлау»  бағдарламасының  негізгі  философиясы-  ашық  қоғамда  өмір 

сүретін тұлға қалыптастыру. Әлемнің он сегіз елінде сынақтан өткізілген бұл технологияның әдіс- 

тәсілдерін мына сызба арқылы көрсетуге болады. 

 

Сабақ кезеңдері: 

Стратегиялары: 

І Қызығушылықты ояту 

 ( мотивация) 

ІІ. Мағынаны ашу (жаңа ақпарат алу) 

ІІІ. Ой толғаныс ( рефлексия) 

ІV. Бағалау  (оқушылардың  өзін- өзі бағалау, 

мұғалімнің бағалауы, жалпы бағалау, критерийлер 

арқылы бағалау 

V. Сабақты аяқтау ( бір пікірге келу, өз пікірін 

дәлелдеу, үйден жалғастыру) 

1. Топтастыру. 

2. Венн диаграммасы 

3. ЖИГСО4.Инсерт 

5. Кубизм6. Бес жолды өлең 

7. Блум таксономиясы 

8. Өзара оқыту 

9. Авторға сұрақ қою 

10.ББҮ ( білемін, білгім келеді, 

үйрендім)11. РАФТ    т.б. 

Сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  қолданылған  сабақтың  нәтижесін 

төмендегі сызбадан көруге болады. 

 

Мұғалімнің мақсаты: 



Сабақтың  нәтижелілігі: 

1. Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше 

меңгерту. 

1. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау. 

2. Топпен жұмыс жасауға үйрету. 

2. Қарым- қатынас жасауды үйренуі. 

3. Бір- бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу 

3.Басқаларды тыңдай білуі. 

4.Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу. 

4. Белсенділігінің артуы. 

5. Өз көзқарасын қалыптастыру. 

5. Өз ойын тұжырымдай білуі.

 

Бірінші  кезең-  қызығушылықты  ояту  кезеңі.  Бұл  кезеңде  оқушының  тақырып  туралы  не 



білетіндігі  анықталады,  белсенділігіартады,  оқушыларды  сабаққа  психологиялық  тұрғыдан 

дайындай  отырып,  қызығушылықтарын  ояту  стратегияларының  бірін  қолданып,оқушыларды 

сабаққа тарту. Жаңа мазмұнды игеру үшін топта «Үш қадамдық сұхбат», «Білемін, білгім келеді, 

үйрендім» кестесін толтыру «Жәрмеңке», «Жарнама», «Өкіл», «Мозаика»сияқты әдістер таңдалып 

алынды, себебі, бұл әдістер тақырыпты талдап, меңгертуге тиімді болып табылады.  Бұл әдістер 

арқылы  жұмыстанғанда  да  критерийлер  айтылып,  оқушылардың  критерий  бойынша  қалай 

жұмыстанғаны  талданып  отырды.  Тапсырмаларды  орындауда  мазмұнына  қарай  «Стикерлердегі 


 

диалог», жұптық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, топтық әңгімелер  пайдаланылды. Жаңа тақырыпқа 



оқушылардың  қызығушылығын  аудару  үшін  бейнематериалдар  көрсетуде  және  интерактивті 

тапсырмалар орындатуда түрлі  АКТ мүмкіндіктері  қолданылды және еlening –электронды оқыту 

жүйесінің  е-кітапхана  тапсырмалары  қолданылып  отырды.  Тапсырмаларды  құрастыруда  төменгі  

және жоғары дәрежелі  сұрақтар,  кеңейтілген тапсырмалар, постер дайындау  сияқты формалар 

қарастырылды.  Осындай  тапсырмаларды  құруда  оқушының  жекелеген  қабілеттері  мен 

мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушылардың сыни ойлауын, есте сақтау, ақпараттарды талдай алу 

және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделді, қабілеті орташа оқушылар үшін маршруттық 

карталар  жасақталды.    Ал    оқушыларды  бағалауда  формативті  бағалаудың  түрлері    («сабақ 

соңындағы  бес  минут»,  «басбармақ»,  «бағдаршам»,  «екі  жұлдыз  бір  ұсыныс»  әдістері),  өзін-өзі 

және өзара критерийлер бойынша бағалауды және тарау бойынша білім деңгейлерін анықтау үшін 

тест  арқылы    бағалау  қарастырылды.  «Басбармақ»,  «бағдаршам»  әдістерін  белгілі  бір  сұраққа 

алынған  жауапты    немесе  мағлұматтың  (топтардың  түсіндірмесі  кезінде)  оқушылар  үшін 

түсініктілігін  бағалауға  қолданылса,  «сабақ  соңындағы  бес  минут»  әдісін  жалпы  сыныптың 

тақырыпты  меңгеру  деңгейін  мұғалім    формативті  бағалау  үшін    қолданылды.  «Екі  жұлдыз,  бір 

ұсыныс»  әдісі оқушы жұмысын әрі  қарай дамыту  үшін  тиімді,  мысалы  «Өкіл»  әдісінде  әр  топқа 

барған  өкіл  сол  топтың  жұмысына  баға  беріп  әрі  ұсыныс  айту  үшін  пайдаланылды.  Ал 

критерийлар  арқылы  бағалағанда  оқушы  өзінің  түсіну  деңгейін  бағалап,  жоғары  нәтижеге  қол 

жеткізу үшін қандай талаптарды орындауы қажет екенін біледі және сабақ бойынша өзінің нақты 

бағасын  алады.  Әр  сабақ  бойынша  оқушылардың  түсіну  деңгейін  бағалау  үшін  және  келесі 

сабаққа  ұсыныстар  алу  үшін  әр  сабақ  сайын  рефлексия  жасаудың  маңызы  зор.    Рефлексия  үшін 

смайликтерді, стикерлерлегі жазбаларды, «сөйлемді аяқта» әдістері қолданылды.  

Жас  ұрпақтың  саналы  да  сапалы  білім  алуының  бірден  бір  шарты  мқғалімнің  ізденімпаз 

болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әр 

сабағымызды  жаңа  педагогикалық  технологиялармен  құрып,  инновациялық  түрлі  тәсілдерді, 

педагогикалық  білімдерді  жетілдіре  отырып,  дер  кезінде  қабылдап,  өңдеп,  нәтижелі  пайдалана 

білу-  әрбір  ұстаздың  міндеті  болуы  керек.«Сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету»  модулі    негізінде 

өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық 

және  ұжымдық  бірлесіп  жұмыс  жасауға,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Ең 

бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады. 

Бұл  баяндамада  бір  сабақтың  желісіне  тоқталдым,  бірақ-  та  сабақтарымда  жаңа  сабақты 

меңгертуде    сыни  тұрғысынан  мынадай  әдіс-  тәсілдерді  уақыт  шеңбері,  бабалар  философиясы, 

кемпірқосақ  тобы,  қар  үйіндісі,  жұптық  әңгіме,  тыңдап  отырған  үштік,  стикердегі  диалог,  өкіл, 

мозайка, құндылықтар спектрі, ыстық орындық, еркін талқылау, ойлаудың алты қалпағы, т.б. Ал, 

сабақты аяқтауда мынадай әдіс- тәсілдерді  блиц сұрақтар:әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал 

екіншіңіз  қарама-қарсы  жаққа  қарап  отырыңыз.  Бірінші  қатысушыда  келесі  әріптесіне  өтпей 

тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім 

түсіндіру үшін  негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді. Он сұрақ әдісі:  Мұғалім бір оқушыны таңдап 

алады және оның  маңдайына  негізгі  сөз  жазылған  стикерді  жапсырады  – қатысушы сыныпқа  10 

сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп  беріледі.  Конверттегі сұрақ: 2-3 сұрақ жазып, 

конвертке  салыңыз  (оқу  мақсатына  қарай).  Әрбір  оқушыда  өзінікі  болатындай  етіп,  бірнеше 

конверт  дайындаңыз.  Әрқайсысына  екі  минут  беріңіз:  оқушы  стикерде  атын  және  жауабын 

жазады;  екі  минут  өткен  соң  конверт  келесі  оқушыға  беріледі,  осылай  бұл  2-3  сұраққа  барлығы 

жауап  бергенше  жүре  береді.  Стикерлерді  жинап,  бірнеше  жауапты  дауыстап  оқыңыз  (аттарын 

атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.  

Сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  арқылы  оқытудың  тиімділігі  сол,  әр  кезеңнің  өзіндік 

ерекшелігі  бар.  Бірақ,  бұлар  бір-бірімен  өзара  өте  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Сыни 

тұрғысынан ойлауды үйрету үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек, 

оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді 

қабылдау,  үйрену  барысындағы  оқушылардың  белсенді  іс-әрекетін  қолдану,  бір-бінің   жауабына 

жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  тиімді  жақтары:  оқушылардың  өздігінен  жан-

жақты  білім  алуға  жағдай  жасалады,  сабақ  кезінде  уақытты  ұтымды  пайдалану  мүмкіншілігі 

молаяды,  оқушылар  өзара  пікір  алмасуына  мүмкіндік  туғызылады,  мұғалім  мен  оқушылар 

арасында  ізгілікті  қарым-қатынастар  орнайды,  сонымен  қатар  оқушылардың   шығармашылық 

қабілеттерін, түсіну сезімдерін арттыру,  есептерді өзбетінше шығаруы, сауатты жазу, мағыналы 

сөйлеу, эссе жазу, тағы да басқа көптеген қасиеттерін дамытып қалыптастыруға болады. 



 

Қорытынды: Қолыма сертификат алғаннан бастап, осы бағытта жұмыстанып келемін. Ұстаз 



қандай әдіс- тәсілді қолданса да, мақсат  біреу  – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. 

«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің»  деп данышпан ақындар айтпақшы, барлығымыз  

бірге  күш  жұмсап,  ел  ертеңіне  сеніммен  қарасақ  қана  алдымызда  тұрған  көптеген  қиындықтан 

қиналмай өтеміз деп ойлаймын.  

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  қазіргі  мұғалімнің  қоғамдағы  орнын  бағалай  отырып:  «Сіздер 

мен  біздер  тек  болашақ  буынды  ғана  емес  ,жалпыазаматтық  қадір-қасиеттердің  мән-маңызын 

түсінетін ,жаны да тәні де таза,білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз »деген 

еді.Ұстаздық  қызметті  ерекше  ұлықтаған  халқымыз  өзінің  ең  қымбаттысын  –балаларын 

оқытып,тәрбиелеуде  бізге  мұғалімдерге  тапсырған   ,Сондықтан  кездесетін  қиындықтарға 

қарамастан  білім  беру  сапасын  арттыру,баланы  жеке  тұлға  ретінде  алып  қарап  тәрбиелеу-

мұғалімдер қауымының міндеті. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МАЗМҰНЫ/СОДЕРЖАНИЕ 



 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС/ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 

 

РЕКТОРДЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ/ПРИВЕТСТВЕННОЕ  СЛОВО РЕКТОРА                   





РУСТЕНОВ А.Р. 

АКТУАЛЬНЫЕ  ПРОБЛЕМЫ  ГЕНЕТИЧЕСКОГО  УЛУЧШЕНИЯ  ПОТЕНЦИАЛА 

ЖИВОТНЫХ 

МЕТОДАМИ 

КРИОКОНСЕРВАЦИИ 

ГАМЕТ 


ПУТЕМ 

СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ ХРАНЕНИЯ 



КАЙСАГАЛИЕВА Г.С.  

АГЕЛЕУОВ ЕСЕНБАЙ АГЕЛЕУОВИЧ - ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН                                                     

12 

ДАРБАЕВА Т.Е. 

АНАТОЛИЮ ЗАХАРОВИЧУ ПЕТРЕНКО- ПАМЯТИ УЧИТЕЛЯ 

13 

 

СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕР/СЕКЦИОННЫЕ ЗАСЕДАНИЯ 



 

СЕКЦИЯ 1 

 

ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕУ, ҚОРҒАУ 



ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 

 

ИЗУЧЕНИЕ, ОХРАНА И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ 



РАСТИТЕЛЬНОГО И ЖИВОТНОГО МИРА 

 

Альжанова Б.С., Жаксылыкова Е.Б. 

БҚО АЛЫП СОҚЫР ТЫШҚАННЫҢ (Spalax giganteus)ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ 

БИОЛОГИЯСЫ 

20 

Аманбаев К. С. 

ДИНАМИКА  ИЗМЕНЕНИЯ  ПОЙМЕННОЙ  РАСТИТЕЛЬНОСТИ  РЕКИ  ЧАГАН  В 

ПРЕДЕЛАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 

24 


Дарбаева Т.Е.,Салимгереева А.Е. 

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫНЫҢ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНЫҢ 

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 

27 


Дарбаева Т.Е.,Сарсенова А.Н. 

В.В.ИВАНОВ  ДЕРЕКТЕРІ  БОЙЫНША  СОЛТҮСТІК  КАСПИЙ  МАҢЫНЫҢ  СУ 

ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

31 


Джангазиева Б.Ж., Дарбеккызы Д. 

ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЗИЯНКЕСТЕРІ 

36 

Джангазиева Б.Ж. Кожантаева Ш. 

ШЕГІРТКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОГЕОЦЕНОЗДАҒЫ ОРНЫ 

39 

Жароева А.Ғ., Мұстажапова Қ.А. 

ДУАДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ 

44 

Жароева А.Г., Нурадилова Г. 

ДЕМОДЕКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ – ДЕМОДЕКС КЕНЕСІНІҢ МОРФО-

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

47 

Зинуллин З.А.,  Махимова Ж.Н. 

ARTEMIA 


SALINA 

ШАЯНШАЛАРЫНЫҢ 

ТАБИҒИ 

ЖАҒДАЙДА 



ӨСУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨСІРУ 

50 

Кадисова Г.Н. 

ИММУНОБИОЛОГИЧЕСКИЕ  СВОЙСТВА  КРОВИ  ГЕРЕФОРДСКОГО 

СКОТА ОПЫТНОЙ СТАНЦИИ 

54 


Кадисова Г.Н. 

НАСЛЕДУЕМОСТЬ ЖИВОЙ МАССЫ 

57 

Койшекенова Ж.А. 

59 


 

КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫМЕН ДАЛА ТӘЖІРИБЕСІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Мазяркина Т. Н. 

ДЕТСКИЙ ЗООПАРК КАК СРЕДСТВО ОБУЧЕНИЯ  

И ВОСПИТАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ 

63 


Майданова М.Х., Садыков Р.С., Альжанова Б.С. 

ЖАНАМА 


АУЫЛЫ 

МАҢЫНДАҒЫ 

ОРМАН 

ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ 



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 

68 


Садыков Р.С.,Орынғалиева Н.С. 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА ӨСКЕН ҚАРА ЖӘНЕ 

АЩЫ ЖУСАННЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТЕУ 

71 


Сахарнова З.Я. 

БИОТОПИЧЕСКАЯ  ХАРАКТЕРИСТИКА  НАЗЕМНЫХ  МОЛЛЮСКОВ  ЛЕСНОГО 

МАССИВА КАРА-АГАЧ 

75 


 

СЕКЦИЯ 2 

 

ЭКОЖҮЙЕНІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 



 

ПРОБЛЕМЫ СОХРАНЕНИЯ ЭКОСИСТЕМ 

 

Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р., Мустафина А. 

ПРОБЛЕМЫ  БИОРАЗНООБРАЗИЯ  ВОДНОЙ  АКВАТОРИИ  КАСПИЙСКОГО 

РЕГИОНА 

78 


Альжанова Б.С., Уразаева Л.М. 

КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ДАЛА ӨРТТЕРІНІН ӘСЕРІ 

80 

Бисембаева Т.Ш. 

УТВА ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ФЛОРАСЫН ТАЛДАУ 

84 

Кайсагалиева Г.С., Габдулов Б.Г. 

БУДАРИН МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚШАСЫНА СИПАТТАМА 

88 

Кубашева А. С. 

ТЕРЕКТІ  АУДАНЫНДАҒЫ  ДУБРАВА  ҚОРЫҚШАСЫНЫҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЫ 

91 


Мулдаханов Н.Р. 

МОЛОЧНАЯ  ПРОДУКТИВНОСТЬ  КОБЫЛ  В  ЗАВИСИМОСТИ  ОТ  ТИПА  ИХ 

ТЕЛОСЛОЖЕНИЯ В ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ УСЛОВИЯХ 

97 


Мустафина А.Ж.,Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р. 

ЖАЙЫҚ  -  КАСПИЙ    СУ  РЕСУРСТАРЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ  ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЫ 

99 


Тауова Н. Р., Абишева Ф.Н., Мустафина А.Ж. 

ЖШС  «ҚҰЛСАРЫГАЗ»  ӨНДІРІСТІК  АЛАҢЫНАН  АУАҒА  ШЫҒАРЫЛАТЫН 

ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ РАУАЛДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АНЫҚТАУ 

101 


Тулегенова Д.К., ЕрмухановаН.М. 

ТАБИҒАТТАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ  -  ПАРЫЗ 

103 

Дарбаева Т.Е., Удреева К.С. 

ЖАЙЫҚ 


ӨЗЕНІНІҢ 

ОРТАҢҒЫ 


АҒЫСЫНДАҒЫ 

ШЕГІРШІН 

ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ АНАЛИЗІ 

106 


Уалиахметова Ж.Н., Нарегеева Г.С. 

ШАЛҚАР КӨЛІ АҢҒАРЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 



Утебалиева Б.Е., Имашев Э.Ж. 

ОЦЕНКА 


ЗАГРЯЗНЕНИЯ 

АТМОСФЕРНОГО 

ВОЗДУХА 

И 

ОХРАНЫ 



ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ БАССЕЙНА РЕКИ ЧАГАН  

110 


 

113 


 

Чекалин С.Г., Стороженко Н.А. 

БИОИНДИКАЦИОННАЯ  ОЦЕНКА  СОСТОЯНИЯ  ВОЗДУШНОЙ  СРЕДЫ  С 

ПОМОЩЬЮ ДРЕВЕСНЫХ РАСТЕНИЙ 

118 


 

120 


 

Чекалин С.Г., Фартушина М.М., Толстова Ю. 

ОСНОВНЫЕ  ПУТИ  ВОССТАНОВЛЕНИЯ  ЭКОЛОГИЧЕСКИХ  ФУНКЦИЙ  ПОЧВ 

ТЕХНОГЕНННО НАРУШЕННЫХ ЗЕМЕЛЬ КНГКМ 



Череватова Н.К., Мухаева С.В. 

НЕКОТОРЫЕ  ПОКАЗАТЕЛИ  ПРИРОДНЫХ  ПОДЗЕМНЫХ  ВОД  ЗАПАДНОГО 

КАЗАХСТАНА 

124 


 

СЕКЦИЯ 3 

 

ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 

 

СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПРЕПОДАВАНИЯ 

 

Ануарбекова Л. Ғ. 

НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЕВА ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

127 

Атаева Г.Н. 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДАҒЫ «ЖАНУАРЛАР» БӨЛІМІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ 

ТӘСІЛДЕРДІ  ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

129 


Ашимова Р.С. 

АҚЫН САТЫБАЛДЫ ДАУМОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТУҒАН  ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ, 

ӨСКЕН ӨЛКЕ ТАБИҒАТ 

132 


Бергалиева Г. К. 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

136 


Бимагамбетова Г.А., Ахметова А.М.,  Даржигитова А.К. 

КӨП ТІЛДІ БІЛІМ – КӨП МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚ 

139 

Бимагамбетова Г.А., Базарбаева М., Адилгереева К.Д. 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЗАМАН ТАЛАБЫ 

143 

Бимагамбетова Г.А., Бердіханова У. 

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

147 

Бимагамбетова Г.А., Демекова Б. 

КӘСІБИ  ДЕҢГЕЙДЕГІ  МҰҒАЛІМ  –  БИОЛОГИЯ  ОҚЫТУ  ӘДІСТЕМЕСІНІҢ 

БАСТЫ ТАЛАБЫ 

150 


Бимагамбетова Г.А.,  .Есенова К.Қ. 

БАҒАЛАУ – САБАҚ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨЗІ 

152 

Бимагамбетова Г.А., Мукашева Г.А., Құрмекеш Ә.Д. 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗІ 

156 

Бимагамбетова Г.А.,Мурзашева М.Б.,  .Адилгереева К.Д 

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ 

159 

Бимагамбетова Г.А., Орынбасар С.М., Ережепова   Т.А. 

СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

162 

Газизова Л.Н., Байдулова Л.А., Усиев Е.Т. 

ВЕСО-РОСТОВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ УЧАЩИХСЯ Г.УРАЛЬСКА 

166 

Гайсина Г.А. 

Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫНДАҒЫ АЛҒЫС СӨЗДЕРДІҢ 

ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

168 


Ергалиева Г.А. Байырбек С. 

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ 

ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

170 

Ергалиева Г.А. Кайрлиева У.Б.   

МЕКТЕП 


ОҚУШЫЛАРЫН 

РУХАНИ 


АДАМГЕРШІЛІККЕ 

ТӘРБИЕЛЕУ 

ЖОЛДАРЫ 

172 


 

Ергалиева Г.А. Кунарова Б.Б. 

ОТБАСЫНДА  ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

175 



 

Ергалиева Г.А.  Мамбеталиева А.З. 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ РУХАНИ 

ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ 

178 

Закиева Г. Ө. 

СӘТТІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСПАЛДАҚТАРЫ 

181 

Ихласова Ж.М. 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

184 


Қыдыршаев А. С.,Қыдыршаев О. А.,Меңдіғалиева А. С. 

ШЕШЕНДІК – КӨШБАСШЫЛЫҚ НЕГІЗІ 

187 

Ляпина Л.Б. 

РАЗВИТИЕ 

МУЗЫКАЛЬНЫХ 

СПОСОБНОСТЕЙ 

У 

СТУДЕНТОВ 



С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 

ВОЗМОЖНОСТЯМИ 

НА 


ПРЕДМЕТЕ 

«КОНЦЕРТМЕЙСТЕРСКИЙ КЛАСС» 

192 

Серікұлы Н. 

ТЕРМОДИНАМИКА САЛАСЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫБІЛІМ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

194 


Байдулова Л.А., Булатова К.Б. , Газизова Л.Н.  

ОРНИТОФАУНА ПАРКА КУЛЬТУРЫ И ОТДЫХА Г.УРАЛЬСКА 

198 

Бисенгазиева А.С., Ізмағамбетова А.Б. 

БҚО КЕЗДЕСЕТІН ANSERIFOMES ОТРЯДЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ 

ОЛАРДЫҢ КӘСІПТІК МАҢЫЗЫ 

201 


Бисенгазиева А.С., Нұржанова Б.А., Нұралиева Ж.М. 

ДАЛАЛЫҚ САРАМАН УАҚЫТЫНДА PASSERIFORMES ОТРЯДЫН 

 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ 

204 


Болатова Қ.Б.,  Зағыпарова А., Идеятолла А.  

СИНАНТРОПТЫ БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР – АДАМ ПАРАЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 

207 


Елеугалиева Н.Ж., Максутова А. 

ФИЗИОЛОГО-БИОХИМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ КРОВИ РЫБЫ

 СИНЦА

 

(



BALLERUS BALLERUS

 РЕКИ УРАЛА 

211 

Рустенова Р.М. 

БИОРИТМЫ И ФИЗИЧЕСКАЯ РАБОТОСПОСОБНОСТЬ УЧАЩИХСЯ 

214 

Сергазиев И.М., Хасангалиев Т.С. 

СРЕДСТВА И МЕТОДЫ ЗАКАЛИВАНИЯ УЧАЩЕЙСЯ МОЛОДЕЖИ 

220 

Шайхиева М.А., Бохорова С.Н.  

МАҢҒЫСТАУ КЛИМАТЫНА ТӘН ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕМДІК 

ҚАСИЕТТЕРІ 

224 


Рустенов А.Р., Шайтімова А.Қ.  

ЖЕМШӨПТІ СҮРЛЕМДЕУ КЕЗІНДЕ BACILLUS SUBTILIS  БАКТЕРИЯ  ТҮРІН  

ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ 

227 


Ахмеденов К.М. 

РЕКРЕАЦИОННО-БАЛЬНЕОЛОГИЧЕСКИЙ ПОТЕНЦИАЛ 

СОЛЯНОКУПОЛЬНЫХ ЛАНДШАФТОВ ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА 

229 


Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж., Сагадатова А.Ж., 

 Ахбалина А.А.  

ГЕОБОТАНИЧЕСКОЕ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЗАПАДНОГО УЧАСТКА ОКОТА 

САЙГАКОВ УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ ЗА 2015 ГОД 

233 


Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж. 

ИТОГИ СОЦИОЛОГИЧЕСКОГО ОПРОСА ПРОВЕДЕННОГО СРЕДИ МЕСТНОГО 

НАСЕЛЕНИЯ НА ТЕРРИТОРИИ ОБИТАНИЯ САЙГАКОВ  

УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ  

236 

Ергалиев А.С.,  Беккалиева Г.М.  

БИОЛОГИЯ  САБАҒЫН  ОҚЫТУ  БАРЫСЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫ  ІЗДЕНІС 

ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ НЕГІЗДЕРІ 

240 


 

 


10 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жигербаева А.У. 

СОДЕРЖАНИЕ НЕКОТОРЫХ МИКРОЭЛЕМЕНТОВ В КРОВИ РЫБ В  

ВОДОЕМАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 

242 


Муканова А.Д.,Муканаева А.С

  

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ 

ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

246 


Кажымуратова Ж.С , Естайқызы Б.   

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ЕМДІК 

ҚАСИЕТІ БАР ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОЛОГИЯСЫ 

249 


Мулдаханов Н.Р. 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОБЫЛЬЕГО МОЛОКА ДЛЯ ДЕТСКОГО ПИТАНИЯ 

254 


11 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал