Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых



жүктеу 67.99 Kb.

Дата01.06.2017
өлшемі67.99 Kb.
түріСборник

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер мен жас ғалымдардың 

«Ғылым және білім - 2014» 

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының 

БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ 

 

 

 

 

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ 

 

IX Международной научной конференции  

студентов и молодых ученых 

«Наука и образование - 2014» 

 

 

 

 

PROCEEDINGS 

of the IX International Scientific Conference  

for students and young scholars 

«Science and education - 2014» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл 11 сәуір 

 

Астана 

УДК 001(063) 

ББК 72 

Ғ 96 

 

 



 

 

Ғ 96 



«Ғылым  және  білім  –  2014»    атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІХ 

Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция 

студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International 

Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014». 

–  Астана: 

http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/

,  2014.  –  5830  стр. 

(қазақша, орысша, ағылшынша). 

 

ISBN  978-9965-31-610-4 



 

 

 



 

 

 



 

Жинаққа  студенттердің,  магистранттардың,  докторанттардың  және  жас 

ғалымдардың  жаратылыстану-техникалық  және  гуманитарлық  ғылымдардың 

өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген. 

 

 

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and 



young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities. 

 

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых 



ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук. 

УДК 001(063) 

ББК 72 

 

 



 

 

ISBN 978-9965-31-610-4 



©

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, 2014 


2434

 

 



әңгімесін  «біріншіден,  оқылғандарды  еске  түсіріп  қана  емес,  сонымен  бірге  оны  тікелей 

жетілдірумен  толықтыра  отырып,  балаларға  оны  көрсетуі  тиіс;  екіншіден,  сұрақтарды  сан 

алуан етіп және әсерлі ете отырып, көрнекілікті көрсетуі тиіс».  

К.Д.Ушинский  үшін  көрнекілік  -  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерінде  міндетті  түрде 

қатысып отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип [7]. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 

Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050. – Астана, 2014. -3 б. 



2.

 

Болтянский В.Г. Средства обучения. М., 1991. 134 с. 



3.

 

Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2005.  



4.

 

Ә.Бидосов. Математиканы оқыту методикасы. Алматы. 2000. 



5.

 

Рахымбек Д., Беркут А.К. Методика комплексного использования учебных средств в 



обучении  математики. «Жас  ғалым-2009»  атты  III  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

конференцияның еңбектері. жинағы. Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институты, 18-19 сәуір 2009. -13 б. 

6.

 



Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1998. 

7.

 



Ушинский К.Д. Педагогика. Ч.1.М., 1973.

 С. 72-84. 

 

 

ӘОЖ 517.518 



МЕКТЕП КУРСЫНДА «АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ИНТЕРАКТИВТІ 

ТАҚТАНЫ ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУ (ЦИЛИНДР МЫСАЛЫНДА) 

 

Дюсембекова А.Т 



arailim-zharyk@mail.ru 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті  

Математика  және ақпараттық технологиялар факультетінің 4-курс студенті 

Қарағанды, Қазақстан 

Ғылыми жетекші – Д.Р. Бейсенова 

 

Бүгіннің  өзінде  интерактивті  технологиялар  өмірімізге  терең  еніп  үлгерген 



педагогикалық  құралдардың  бірі,  әрбір  адамға  өз  шығармашылық  потенциалын  барынша 

ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.  

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, 

компьютерді  қолдану  айтарлықтай  нәтижелер  беруде.  Кез  келген  сабақта  электронды 

оқулықты,  интерактивті  тақтаны  пайдалану  оқушылардың  белсенділігін  арттырып  қана 

қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай 

жасайды.  

Интерактивті  тақтаны  қызықты  және  мультимедиялық  құралдар  көмегімен 

оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп 

те  атауға  болады. Интерактивті  құралдардың  көмегімен  мұғалімнің,  оқушының 

шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 

Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивті сөзі  - inter (бірлесу), 

act  (әрекет  жасау)  ұғымын  білдіреді,  сабақ  барысында  оқушының  топпен  жұмыс  жасауға 

қатыспауы  мүмкін  емес,  бірін-бірі  толықтыратын,  сабақ  барысында  барлық  оқушылардың 

қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

 

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның 



алдында  тұрып  жасырулы  ақпаратты  және  объектілерді  көрсете  алады  және  өзгертеді. 

Тапсырманы  орындау  бойынша  ауызша  түсіндіру  жүргізіледі,  интерактивті  тақтаны 

пайдалану  арқылы  теориялық  материал  қайталанады.  Қажетті  жағдайда,  мұғалім  тақта 

арқылы есеп шығаруды түсіндіреді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, 

қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен, интерактивті тақта оқушылардың ойын 


2435

 

 



бір  ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  өңдеу  арқылы  жалпыланған  ақпараттық  біліктілікті 

қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.[1,2] 



Айналу  денесі  деп  қандай  да  бір  шектелген,  жазық  облыс  өзінің  шекарасымен  бірге 

осы жазықтықта жатқан осьтен айналғандағы пайда болған жазық емес фигураны атаймыз. 

Геометриялық  фигура  цилиндрді  біз  өмірде  жиі  кездестіреміз.  Бұл  фигураны  қалай 

анықтап, қалай алуға болады? 

1а-суретте F тіктөртбұрышы және оның бір қабырғасын қамтитын l осі берілген. 

Егер осы тіктөртбұрышын l осінен айналдырсақ, онда біз айналу денесі (фигурасы) 

цилиндрді аламыз (1б-сурет). 

 

                  



                   

 

 



                                 а                                               б 

Сурет 1 – Цилиндр 

 

Анықтама.  Цилиндр  деп  тік  төртбұрышты  оның  қабырғаларының  бірінен 

айналдырғанда шығатын фигураны (денені) атайды. 

Анықтамада  дөңгелек  цилиндр  туралы  айтылған.  Мектеп  курсында  тек  дөңгелек 

цилиндрлер ғана қарастырылады. 

Бізді  қоршаған ортада, тұрмыста цилиндр пішіндес заттар, объектілер жиі  кездеседі: 

металдан жасалған бөшкелер, консерві банкалары, хоккейдің шайбасы және т.б. [3] 

2-суретте  АОО

1

В  тіктөртбұрыштың  ОО

қабырғасынан  айналдырғанда  шыққан 



цилиндр кескінделген. 

 

 



Сурет 2 – Тік цилиндр                     

 

1.  Тіктөртбұрыштың  ОА  және  О



1

В  қабырғалары  параллель  жазықтықтарда  жататын 

тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары деп, ал олардың радиусы 

цилиндрдің  радиусы  деп  аталады.  Сонымен  цилиндрдің  екі  табаны  да  дөңгелек  болып 

табылады.  

2. АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллель болады, ол цилиндрдің жасаушысы деп 

аталады  және  цилиндрдің  бүйір  беті  деп  аталатын  қисық  бетті  жасайды.  Цилиндрдің 

жасаушылары оның табан жазықтықтарына перпендикуляр. 

3.  Жасаушының  ұзындығы  цилиндрге  биіктік  болып  табылады,  ол  табан 

жазықтықтарының  арақашықтығына,  яғни  ОО

1

  кесіндісінің  ұзындығына  тең.  Бұл  тек  тік 



цилиндр үшін дұрыс.[4] 

Егер  жасаушылары  цилиндрдің  табандарына  перпендикуляр,  яғни  цилиндрдің 

биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады. 

 


2436

 

 



Дегенмен  геометрияда  және  бізді  қоршаған  ортада  цилиндрдің  басқа  да  түрлері 

кездеседі, мысалы, көлбеу цилиндрлер (3-сурет). 

 

                                            



 

                                 

Сурет 3 – Көлбеу цилиндр 

 

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан 

немесе  табанынан  өзгеше  фигураны,  яғни  цилиндр  мен  жазықтықтың  ортақ  бөлігін 

атайды.[6] 

 1.  Қиманы  цилиндрдің  осі  арқылы  жүргізуге  болады  (4-сурет).  Мұндай  қималар 

осьтік қималар деп аталады. 

Осьтік  қиманың  қабырғалары  табандарының  диаметрлерінен  және  екі  жасаушыдан 

тұрады. 

4-суреттегі  АА

1

В

1

В  және  CC

1

D

1

D  қималары  осьтік  қималар.  Егер  цилиндрдің  осьтік 

қимасы квадрат болса, ондай цилиндр тең қабырғалы деп аталады. 

 

 



Сурет 4 – Цилиндрдің жазықтықпен осьтік қимасы 

 

2. Қиманы цилиндрдің осіне параллель жүргізуге болады (5-сурет). Суретте ММ



1

КК

1  


қимасы  ОО

осіне  параллель  өтіп  тұр.  Бұл  қима  цилиндр  мен  екі  жасаушы  арқылы  өтетін 



жазықтықтың қиылысуынан алынып тұр.  

 

 



 

Сурет 5 – Цилиндрдің осіне параллель жүргізілген қима 

 

Дербес  жағдайда  осьтік  қима  қабырғалары  цилиндрдің  биіктігіне  және  табанының 



диаметріне тең тіктөртбұрыш болады (6-сурет). 

2437

 

 



  

 

Сурет 6 – Цилиндрдің жазықтықпен осьтік қимасы 



 

3. Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиюға да болады (сурет 7). 

 

 

Сурет 7 – Цилиндрді оның осіне перпендикуляр жазықтықпен қиғандағы қимасы 



 

4.  Егер  цилиндрдің  бүйір  бетін  оның  табандарын  қимайтын  және  цилиндр  осіне 

перпендикуляр  емес  (β)  жазықтықпен  қисақ,  онда  қимада  эллипс  аламыз  (сурет  8).  Су 

құйылған  стақанды  еңкейткенде,  су  бетінің  қабылдайтын  эллипс  пішіні  қарастырылып 

отырған қимаға көрнекті мысал болады.  

 

 



Сурет 8 – Цилиндрдің бүйір бетін оның табандарын қимайтын және цилиндр осіне 

перпендикуляр емес (β) жазықтықпен қиғандағы қимасы 

 

5. Цилиндрдің АВ жасаушысы арқылы өтетін және онымен басқа ортақ нүктелері жоқ 



γ  жазықтық  цилиндрге  жанама  жазықтық  (сурет  9)  деп  аталады.  Ол  цилиндрдің  сол 

жасаушы арқылы өтетін АВСD осьтік қимасына перпендикуляр [5,7]. 

 

 

Сурет 9 – Цилиндрге жанама жазықтық 



 

2438

 

 



Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге 

көмектеседі.  Интерактивті  тақта  –  барлық  сыныпты  оқыту  үшін  таптырмайтын  құрал. 

Мектептердің  білім  деңгейін  көтеру  және  онда  интерактивті  ақпараттық  технологияларды 

пайдалану  арқылы  оқу  –  тәрбие  үрдісін  тиісті  деңгейге  көтеру,  мектеп  ұстаздарының, 

педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.  

Жоғарыда  айтылған  ой-пікірлерді  тұжырымдай  келе,  компьютерді  қолдану  негізінде 

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі 

түрде іске асады деуге болады. 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 

сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей  жас  ұрпаққа  білім 

беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін 

арттырудың маңызы өте зор. 



 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Құсайынова Л. Жаңа сабақ технологиясы.Қазақстан мектебі, 2003 жыл №3 

2.

 



Құдайбергенева  К.С.  Инновациялық  тәжірибе  орталығы  -  педагогикалық  технология 

көзі. Алматы // 2001.  -75б. 

3.

 

В.Гусев  Ж.  Қайдасов  Ә.  Қағазбаева  Геометрия.  Жалпы  білім  беретін  мектептің 



жаратылыстану  –  математика  бағытындағы  11-сынып  арналған  оқулық.  Алматы: 

«Мектеп» баспасы, 2007-96 б. 

4.

 

А.В  Погорелев  Геометрия:  Орта  мектептің  7-11  сыныптарына  арналған  оқулық.  4-



басылым- Алматы: «Мектеп» баспасы 2001.-384 б. 

5.

 



Александров  А.Д.  Геометрия  для  10-11  классов:  Учеб.пособие  для  уч-ся  шк  и  кл  с 

глубл. Изучением мат./Александров А.Д. Вернер А.П. Рыжик В.И. – М.: Просвещение 

1992. -504с. 

6.

 



Қ.  Жұбаев  Геометрия  пәнін  оқыту  әдістемесі:  оқу  құралы  Алматы  Республикалық 

баспа кабинеті, 1997ж., 185б 

7.

 

Геометрия:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  10-11  сыныптарына  арналған  оқулық  / 



Л.С.Атанасян  және  басқлар.  Орыс  тіліндегі  түпнұсқасын  шығаруда  ғылыми 

басшылық  еткен  А.Н.Тихин

ов.  –  5-басылым.  –  Алматы:  «Мектеп»  баспасы  ЖАҚ,  2002.  -

208б. 


 

 

УДК 372.851 



МЕТОД ПЛОЩАДЕЙ В ОБУЧЕНИИ РЕШЕНИЮ ГЕОМЕТРИЧЕСКИХ ЗАДАЧ 

 

Жанибеков Ерлан Аяганович 

erlanjanibekov@mail.ru 

Студент СКГУ им. М.Козыбаева 

Петропавловск, Казахстан  

Научный руководитель –  А.С. Рванова  



 

Задачи являются одной из составляющих процесса обучения школьников геометрии. 

Геометрические задачи представляют собой мощное средство для  развития многих качеств 

мышления.  При  их  решении  приходится  анализировать  и  исследовать  условие  задачи, 

осуществлять  поиск  решения,  формулировать  гипотезу,  проводить  доказательные 

рассуждения. Д. Пойа, рассматривая роль задач в математике, пиcал:  «Что значит владение 

математикой? Это есть умение решать задачи…» [1, с. 16]. 

Как  правило,  в  обучении  геометрии  в  школе  задачи  используются  как  средство 

усвоения  и  закрепления  теоретического  материала.  Методам  решения  задач  не  уделяется 

должного  внимания,  и  тем  более  не  проводится  целенаправленная  работа  по  обучению 



учащихся  методам  решения  геометрических  задач.  Решение  геометрических  задач 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал