Саяси партияларға қаржы көздері мен шығындарын жариялауды міндеттеу керек пе? Ұлттық парк аумағында өсетін 1635 өсімдік түрінің 62 сі еліміздің «Қызыл кітабына»



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/7
Дата11.04.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

ОЙ-КӨКПАР



Саяси партияларға қаржы көздері мен шығындарын жариялауды міндеттеу керек пе?

Ұлттық парк аумағында өсетін 1635 өсімдік түрінің 62-

сі еліміздің «Қызыл кітабына» енсе, мол қоры бар дә рі лік 

өсімдіктердің түрі 200-ден асады. 27,5 мың гектар жер 

орманмен көмкерілген. Сондай-ақ сүтқорек ті лердің 59 

және құстардың 300 түрі кездеседі. Олардың ара сында 

сүтқоректілердің – 10, құстардың 30 түрі жо йы лып бара 

жатқан жануарлардың қатарына жатады. Олар 

дың 

қатарында аю, қар барысы, Түркістан сілеусіні, Қа ратау 



арқары, Тянь-Шань аюы, Мензбир суыры, Үнді жай расы, 

тас сусары, ал құстардан ақ және қара ләйлек, бүр кіт, дуа-

дақ, көк құс, лашын, ителгі, сақалтай секілді түр лері бар. 

Осы кезге дейін ізі мен малағын ғана бай қайтын ор ман-

шылар қар барысын алғаш болып осы парк тің ау ма ғынан 

көрді. Біреуін емес, бірнешеуін. Парк тер ри то рия сынан 

тарихи ескерткіштерді, петроглифтерді, ерте дә уір дегі 

қоныстардың іздерін көруге болады. Оның мә 

де 

ни 


ландшафтысы осы күнге дейін толық зерттеліп біт пе ген. 

Міне, ұлттық парктің қысқаша сипаттамасы осын дай.



– «Техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, 

оны министрлікте қорғап жүріп, бұл парктің құрылуына 

өзім себепкер болғанмын. Үш орман шаруашылығын 

біріктірген паркте төрт аймақ бар. Біріншісі – қорықтық 

аймақ. Парктің ең жоғарғы бөлігінде, таудың басында 

орналасқан бұл аймақты тыныштық аймағы десе де 

болады. Онда тек аңдар өмір сүреді, балалайды, өсіп-

өнеді, көбейеді. Бұл аймақта адам жүрмеуі керек, 

мылтық та атылмайды. Тек ғылыми тұрғыда жұмыс істеп, 

аңдарға сырттай ғана бақылау жасалады. Екіншісі, яғни 

қорықтық аймақтан төменірек экологиялық тұрақтандыру 

аймағы деп аталады. Үшіншісі – туристік-рекроциалық 

мақсатта пай 

даланатын аймақ. Мұнда халықтың 

демалуына жағ дай жасалады. Төртіншісі – шектеулі 

шаруашылық жұмыс тарын жүргізетін аймақ», – дейді 

ұлттық парктің ди ректоры Жеңісбек Тұрғанов. 

ОЙТҮР

ТКІ


Жалғасы 4-бетте 

Конституцияның 59-бабына сәйкес, Парламент 

сессиясын ресми ашу ел Президентінің құзырына жатады. 

Осындай құқықты жүзеге асырып, Әнұран шырқалғаннан 

соң, биліктің тұтқасын тұтас ұстаған лауазымдылардың 

төрт көзі түгел қатысқан жиыны алдында Елбасы елдің 

қазіргі жағдайынан бастап, алдағы түйінді түйткілдерді 

түгел қамти сөйледі. Президент айтпақшы, Парламенттің 

жаңа сессиясы жаңа әлеуметтік-саяси жағдайда 

басталғалы тұр. Осыны меңзеген Елбасы сөз басында ел 

бағындырған елеулі көрсеткіштерге назар аударып, 

әлеуметтің әлеуетіне көз жүгіртті.  Қазақстанның 

қарқынын білдіретін сондай көрсеткіштерге тоқталалық: 

соңғы жылдары ішкі жалпы өнім өсімі 5,6 пайызға, 

мемлекеттік бюджет түсімі 25 пайызға артты. Елдің 

игілігіне айналған халықаралық қоры 83 млрд доллардан 

асты. Индустрияландыру саясатының арқасында 440-тан 

астам жаңа кәсіпорын іске қосылып, олар жалпы құны 

800 млрд теңгенің өнімдерін шығарып үлгерген. Осы 

жаңа кәсіпорындарда 50 мыңнан астам жұмысшы 

табысты еңбек етуде. «Жалпы алғанда, еліміз жаһанды 

жайлаған дағдарыстың ең қиын зардаптарын жойып, 

тұрақты дамудың даңғылына түсті», – деді Нұрсұлтан 

Назарбаев әлгіндей көрсеткіштерге иек арта сөйлеп. 

Расында, биыл елдегі жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға 

дейін төмендеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 

тұрғындардың үлес салмағы бойынша біршама кеміген. 

Мәселен, биылдың өзінде елімізде 150 мыңға жуық адам 

жаңа жұмыс орындарына ие болса, үштен бірі өзін-өзі 

жұмыспен қамтығандар екен. Ал еңбекпен қамту 

бағдарламасы аясында 110 мыңнан астам адам 

әлеуметтік шарт жасасыпты. Ондағы 96 мыңнан астам 

азамат жаңа кәсіпке ие болса, олардың тең жарымының 

жас мөлшері 29-ға жетпеген жастарды құрап отыр. Яғни 

халық экономиканың нақты секторына бет бұрып жатыр 

деген сөз. 

Алматы

+25..  +27



о

+15..  +17

о

+14..  +16



о

+4..  +6


о

Астана


ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

ИƏ

ЖОҚ

– Саяси партиялардың қаржы көз-

де  рін  жә не  шығындарын  жария лауды 

мін  деттеу – күн тәртібіндегі мәсе ле лер-

дің бірі. Жуырда Елбасы Нұр сұлтан На-

 зар  баев  Конституция  күніне  ар нал ған 

ке  ңесте  Ата  Заңымызға  толық ты рулар 

ен  гізілу мүмкіндігін атап өтті. Бұл жа ңа-

лық са рап шылар қауымдастығы та ра-

пы нан үлкен қолдауға ие болады деген 

се німдемін, өйткені көптен бері күткен 

сая си  реформаларды  жү зе ге  асырудың 

ре ті келіп отыр. Демо кра тиялық мо дер-

ни зация шеңберінде – пар тиялардың 

саяси жүйедегі рөлін арт тыру; сайлау 

те тіктерін одан әрі жетілдіру және би-

ліктегі тепе-теңдікті сақтай отырып, пар-

ламенттің дәрежесін арт тыру секілді 

мә селелер өзекті болып тұр. Жалпы, 

ха лықаралық тәжірибеге көз жү гірт сек, 

сая си партиялардың қаржы көздерін 

ке  лесі тәртіпте жіктеуге болады: 

– Саяси институттарымызды дамы-

туда ар 


найы заңнамалар қабылдап, 

қол дау көрсетуді жол ға қойып жатқан 

мем ле кетпіз. Соның ішін де саяси пар -

тия ларымыз  ешқан дай  ком мер ция лық 

мүддені көздемейді, яғни ком мер ция -

лық емес ұйым ретінде өзі нің құқық тық 

мәр тебесі бар. Саяси пар тияның мүше-

ле 


рі бе 

кіткен жарғы бойынша жар-

надан түскен қа ражатпен өз бюджеттік 

қорын толықтыруға құ қылы. Алпауыт 

елдер де гідей  ірі  партия лар дың  кіріс-

шы ғысын жа рия лауды талап ету мә се-

лесі – белгілі бір сая си мақсаттан туын-

даған амал-әрекет. Егер де саяси алаңда 

пар  тиялар  би лікке  той тарыс  бере 

алатындай дең гейі өсіп ба ра жат са, көп 

жағдайда олардың қаржы көз дерін із-

дей бастайды. Пар тиялар халықаралық 

сырт  қы  ұйым дардың  қаржысымен 

жұмыс істеуі әбден мүмкін.  



АҢДАТПА

...дедім-ай, ау!

-бетте

-бетте

3

5



Головкин АҚШ-ты 

тамсандырды

Парламент алдағы 

маусымда қандай 

мәселелерге басымдық 

беру керек деп ойлайсыз?



-бетте

7

ДАТ!

Көшпенділер ешкімге 

ұқсамайтын өзіндік озық 

мәдениет үлгісін жасады

149,70

188,00

23,50

13090,84

948,41

1688,20

4,63

1,25

1400,7

114,66

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, 



Президент кеңесшісі:

– Қазақстан футболына байла-

ныс ты пікіріңізді біле кетсек?

 – Қазақстан 2056 жылы футболдан 

әлем чемпионы атанады.

(www.guljan.org сайтынан)

Астана уақытымен сағат 18:00 бойынша

Парламентшілер өмірге қарапайым 

адамның көзімен қарауы керек

Руслан ЖАНҒАЗЫ, 

саясаттанушы:

Мақсат ЖАҚАУОВ, 

саясаттанушы: 

-бетте

3

Жуырда көрші Ресейдегі «Единая Россия» партиясының белсенділері 



саяси партиялардың қаржы көздері мен шығындарын жыл сайын 

жалпақ жұртқа жариялауды міндеттеу керек мәселе көтерді.  Бұған 

дейін партияның есеп-қисабын Федералдық салық қызметі мен 

Орталық сайлау комиссиясы тексеріп келген екен. Ал партиялар 

сайлауға жұмсаған ақшаның есебін берумен шектеліп келген. 

Ресейдегі саяси процестердің көрші елдермен сабақтаспай 

қоймайтыны сөзсіз. Біздегі «Саяси партиялар туралы» Заңның 

18-бабында «саяси партияның жылдық қаржылық есебi 

жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында 

жарияланады» деп жазылғанымен, өкінішке қарай, 

күнделікті өмірден ондайды кездестіріп жатқанымыз 

жоқ.  Сарапшылардың бірі саяси партияларға қаржы 

көздері мен шығындарын жариялауды міндеттеу 

керек деген ой білдірсе, келесі сарапшылардың 

бұған айтар уәжі жоқ емес. Бұл тақырып – 

сарапшылардың ой-көкпарында. 

бетте

6

СҮЙІНШІ!



1 қыркүйектен бастап эфирге шыққан жаңа теле-

ар на күн сайын  жаңалықтардың 48 шығарылымы мен 

40 ақпараттық-тақырыптық бағдарламаларды тара-

та тын болады. Басты мақсат – елдегі және шетелдегі 

оқи ғаларды жедел тарату. Әлемдік алпауыт арналар 

BBС, CNN, Euronews және «Россия 24» сынды тәулік 

бо йы үздіксіз хабар тарататын арналардың қазақ-

стандық нұсқасы десек те болады. «24.kz» арнасының 

шетелдегі басты ақпараттық әрiптесi – Reuters агенттiгi.

Жаңа жоба – сандық хабар тарату жүйесінің ал ғаш-

қы қадамы. Телевизия сарапшыларының айтуынша, 

бұ дан былайғы көгілдір жәшіктегі бейне мен дыбыстың 

са пасы елеулі жақсара түспек. HD форматында жоғары 

айқындылықтағы кескінді беру мүмкіндігі пайда 

болады дейді мамандар. 

 «24KZ» жаңалықтар арнасы «Хабар агенттігі» АҚ-ға 

қарайды. Бұл аймақтағы «Хабар» телеарнасы тіл шілер 

қосындарының өндірістік қуаты мен шығарма шы  лық 

әлеуетінің  артуына  септігін  тигізеді.  Те  ле арна ның  мен шік-

ті республикалық желісі қа лып тасады. Арнаның ақ-

параттық саясаты «әрбір жарты са ғат сайын жаңа лық тар» 

қағидасын ұстанады. «Біздің ар наның басты ерек шелігі 

– шапшандық пен бей та раптық. Бұл – теле ви зиялық 

ақпараттық агенттіктің фор  маты. Шетелдік  оқи ғаларды 

ізін  суытпай  қа зақ стан  дықтар  естіп-біліп  оты ратын 

болады», – дейді «24KZ» телеарнасының директоры 

Александр Ак сютиц.

Жыл соңына дейін аталған арнаның интернет пор-

талы әзірленетін болады. Порталда онлайн-трансля-

ция ларды, кез келген мобильді құрылғыларды кұру 

мүм 

 

кіндігі де жолға қойылады. Сөйтіп, интернет 



портал  телеарнаның электрондық нұсқадағы айнасы 

ғана емес, жедел ақпарат көзіне айналмақ. 



Дархан МЫҢБАЙ, 

ҚР мәдениет және ақпарат министрі: 

– Бұл – тарихи сәт. Қазақ телевизиясында 

елеулі жаңалық десе де болады. Күн сайын үзіліссіз 

хабар тарататын арна елімізде тұңғыш рет ашылып 

отыр. Телеарнаның техникалық жарақтандырылуы 

әлемдік медиахолдингтерден еш кем түспейді. 

Басты мақсат жедел әрі шапшаң, эксклюзивті 

ақпарат тарату болмақ. 

Ақмарал БАЯЗИТОВА,

Астана

Елімізде үзіліссіз ақпарат 

тарататын «24 KZ»  

телеарнасы іске қосылды

№154 (836) 

4 қыркүйек, сейсенбі

2012 жыл


Мансұр ХАМИТ (фото)

Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ:

Жолы жоқ тауға туристерді қалай апармақпыз?

Елімізде 11 ұлттық 

парк болса, соның бірі – 

Оңтүстік өлкесіндегі Батыс 

Тәңіртауының (Тянь-Шань) 

Қазақстан бөлігінде 149053 

гектар аймақты алып жатқан 

Сайрам-Өгем мемлекеттік 

ұлттық табиғи паркі. Оның 

негізі 2006 жылдың 26 

қаңтарында қаланған. Негізгі 

мақсат – жануарлар мен 

өсімдік әлемін қорғауды 

күшейтіп, ғылыми тұрғыда 

зерттеу, табиғи, тарихи 

маңызы бар жерлерді адамзат 

игілігі үшін тиімді пайдалану. 

Парк аумағы арқылы Өгем, 

Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, 

Машат, Даубаба және 

Көкбұлақ өзендері ағып өтеді.

Жаздың екі айында ел 

аралап, ауылдағы  һәм 

алыстағы ағайынның айтары 

мен аманатын жақыннан 

естіп, жұртшылықпен 

жүздесіп қайтқан депутаттар 

Парламентке қайта оралды. 

Кеше 5-ші шақырылған 

Парламент каникулдан кейінгі 

жұмысын жалғастыруға кірісті. 

Осыған орай, заң шығарушы 

биліктің сессиясын ресми 

ашқан Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев билік 

тармақтарына толайым 

тапсырма жүктеді. Жазғы 

демалыстан тыңайып келген 

қалаулылар да іске қарқынмен 

кіріспекке ыңғай танытты.    

Қанат ҚАЗЫ

Шадияр МОЛДАБЕК

Cүйінші! Отандық ақпарат айдынына су 

жаңа телеарна іске қосылды. ҚР мәдениет және 

ақпарат министрі Дархан Мыңбай жұма күні 

Астанадағы «Қазмедиа» телерадиокешенінде 

өткен брифингте әр жарты сағат сайын 

жаңалықтар тарататын тұңғыш отандық 

телеарнаның тұсауын кесті.  Еліміздің 

ақпарат кеңістігіне «24 KZ» деген атпен қанат 

қаққан телеарнаны алғашқы қарлығашқа 

теңеген министр мырза бұл оқиғаны  «қазақ 

телевизиясындағы тарихи сәт» деп бағалады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

БРЕНД 


БРЕНД 

АТАУЫН 


АТАУЫН 

тањдауда тапќырлыќ 

тањдауда тапќырлыќ 

таныта алдыњыз ба?

таныта алдыњыз ба?


№154 (836) 

4.09.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

 

Шетелдіктер бізде жүргізуші 



куәлігін қалай алады?

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?



Жыл басынан бергі оқиғалар 

сессия назарына алынуы тиіс

Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, 

саясаттанушы: 

– Меніңше, бүгін Президенттің бастамалары 

тезистік тұрғыда айтылды. Сірә, таяу уақыттарда осы 

бастамалар жайында нақтылы айтылатын маңызды 

кездесулер мен шаралар болатын сыңайлы... 

Ал, жалпы, ағымдағы жылдың басы мен ортасында 

болған оқиғалар Парламент сессиясының жұмысына 

өз әсерін тигізеді деп ойлаймын. Оның ішінде 

экстремизм мен лаңкестік әрекеттері, сондай-ақ 

республикадағы жол-көлік апаттарының өсу 

мәселелері де бар. Биыл жол-көлік апаттарының саны 

21 пайызға өсті. Ал адам өлімі көрсеткіші 8 пайызға 

артты. Бүгінде бұл жағдай маңызды әрі үлкен 

проблемаға айналды. Сондықтан біз республикадағы 

жол-көлік апаттарының өсуіне байланысты қозғалыс 

ережелері туралы жаңа заңды қабылдау бастамасын 

көтеріп жатырмыз. Меніңше, ол құжат сессияның 

басында, қараша-желтоқсан айларында, Парламент-

тің қарауына түсетін болады. 

Тәртіпті сақшылардан бастау керек

Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР Парламент Мәжілісінің 

депутаты:

–  Президенттің берген тапсырмалары аясында біз 

қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша тыңғылықты 

жұмыс жасауымыз қажет. Ол жұмысты құқық қорғау 

органдарының өзінен бастау қажет. Олардың қызметін 

жүйелі түрде өзгерту керек. Себебі қазіргі кезде халық 

құқық қорғаушыларға сенбейді. Бұл – өкінішті жайт. 

Cақшыларда біреуді ұстап, 15 тәулікке жауып я бол-

ма са айыппұл салып, «жоспарды» орындау психоло-

гиясы басым болып тұр. Меніңше, біз құқық қорғау 

органдарының қызметін ұсталғандардың санына 

емес, жалпы, қоғамдық тәртіптің жағдайына қарап, 

бағалауымыз қажет. Сақшылардың өздері қоғамдық 

мәдениеттің үлгісі болуы шарт. Өкінішке қарай, құқық 

қорғаушылардың өздері қоғамдық тәртіпке атүсті 

қарайды. Мәселен, жол-көлік полицейлері қауіпсіздік 

белбеулерін тақпай, қозғалыс ережелерін бұзып 

жүреді. Темекі тұқылын кез келген жерге тастай салады 

және тағысын тағы. Оның бәрі халықтың кері көзқа-

расын қалыптастыратынын ұмытпау қажет.

Үгіт-насихатты жандандырған 

абзал  

Майра АЙСИНА, ҚР Парламент Мәжілісінің 

депутаты: 

– Елге барып, халықпен кездесіп жүрміз ғой. 

Шыны керек, көзқарасымыз келіспей, ұрсысып 

қалатын жағдайларымыз да болады. Оның бір себебі 

– жергілікті жердегі халықтың мемлекеттің көтеріп 

жатқан бастамаларын дұрыс түсінбей жатуы. Бүгінде 

кейбір бағдарламалардың іске аспай жатуының негізгі 

себебі де –  осы. Мәселен, қазіргі жалпы еңбек қоға-

мын қалыптастыруға басқаша көзқараспен қарай-

тындар бар. Сондықтан министр мен әкімдерге айта-

рым: мемлекеттің барлық бастамасын халық арасында 

кеңінен насихаттап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын 

жүргізіңіздер. Жұрт балаларының еңбекке араласуына 

алаңдаулы. «Жұмыс істеп, еңбекке бейімделсе екен» 

деп тілейді. Міне, осы орайда қоғамның ойын өзгер-

тіп, «мемлекет емес, мен мемлекет үшін не істей ала-

мын» дегенге дейін жеткізуіміз қажет-ақ. 

Үкімет пен Парламентке нақты 

тапсырмалар берілді

Әділ АХМЕТОВ, ҚР Парламент Сенатының 

депутаты:

– Еуропада болып жатқан экономикалық дағдарыс 

әзірше күшеймесе де, әлсіреген жоқ. Грекиядан 

басталған қаржы рецессиясы Испания, Португалия, 

тіпті  Италия сияқты Еуропа елдерін шарпыды. Соған 

қарамастан, Қазақстанда көптеген жұмыс орны 

ашылып, жаңа мектептер салынып жатыр. Президент 

осыны ерекше атап өтті. Әрине, кемшілік те жоқ емес. 

Қоғамдық тәртіпті сақтау, электр энергиясы мен суды 

үнемдеу саласында бізге әлі біраз жұмыс жасау қажет. 

Осыған байланысты Елбасы Үкімет мен Парламентке 

нақты тапсырма берді. Әсіресе бюджет қаражатын 

үнемдеп, оны дұрыс қолдану мәселесін ерекше 

бақылауда ұстау қажет. 

Істелген игілікті қадірлейтін 

мәдениетті сана қалыптастыру 

қажет

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламент Сенатының 

депутаты:

– Бүгінде біздің қол жеткізген жетістіктеріміз аз 

емес. Осының бәрін сейілтіп алмау үшін халықтың 

санасын өсіру керек. Сол себепті Президент қоғамдық 

мәдениетті көтеру міндетін қойып отыр. Алматыдағы 

метроны кеше ғана салып, ертесінде ішін сызып, 

орындықтарын сындырып кетті. Елімізде қаншама 

керемет саяжайлар ашылып жатыр. Ол жерде де 

шемішке шағып, шишаның сынықтарын шашып 

кетеді. Оны кім істейді? Санасы төмен жастар істейді. 

Бұл ненің көрсеткіші? Ол халық мәдениетінің деңгейі 

болса керек. Сондықтан біз осының барлығын заңды 

түрде шешіп, тиісті құжаттарды қабылдауымыз қажет. 

Арман АСҚАР,

Астана

Қазақстанның азаматтығын алмаған адамдардың біздің елде жүргізуші куәлігіне 

қол жеткізгені туралы естіп қалып жатамын. Шетелдіктер Қазақстанда жүргізуші 

куәлігін қалай алады?

 

     

Жандос 

БЕРІКҚАЖИЕВ, 

Астана қаласы

ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының 

түсіндіруінше, министрліктің 2010 жылдың 26 

ақпанындағы №90 «Емтихан қабылдау және 

көлік құралдарының жекелеген түрлерін 

басқару құқығына куәлік беру ережесі» 

бұйрығына сәйкес, жол полициясының тіркеу-

емтихан алу бөлімшесіне емтихан тапсыруға 

тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген 

немесе уақытша мекенжайға алты айдан көп 

мерзімге тіркелген азаматтар және ішкі істер 

органдарына келу орны бойынша тіркелген 

шетелдік азаматтар жіберіледі. Осы бұйрыққа 

сәйкес, егер шетелдік азаматта немесе 

азаматтығы жоқ адамда ұлттық жүргізуші 

куәлігі болмаса, бірақ оның Қазақстан 

аумағында тұру уақыты алты ай мерзімнен көп 

болса, онда Қазақстан Республикасының көлік 

басқару құқығы куәлігі жалпы негізде беріледі.

ПАРЛАМЕНТ



Парламентшілер өмірге қарапайым 

адамның көзімен қарауы керек 

Бұдан бөлек, Қазақстан, Беларусь және Ресей 

елдерінің Біртұтас экономикалық кеңістік аясында 

бірігу үрдісіне тоқталған Елбасы үшжақты келісім-

шарттардың күшіне енуіне сенімді қадам болғанын 

айтады. «Еуразия экономикалық комиссиясының 

мәліметтеріне жүгінсек, биыл Қазақстанның 

Біртұтас экономикалық кеңістіктен тысқары сыртқа 

шығарған экспорттық өнім көлемі  – 13,5 пайызға, 

ал импорты 38 пайызға артқан. БЭК ішіндегі өзара 

сауда-саттық 13 пайыздан асты. Қазақстанның 

Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жолындағы 

келіссөздері де мәреге жақындап келеді. Бұл біздің 

экономикамызға көптеген өзекті міндеттерді 

жүктейді», – деді Мемлекет басшысы. 

Сөз арасында Нұрсұлтан Әбішұлы халықтың 

денсаулық сақтау жайына да тоқталып, елдегі 

жетістіктерге тәнтілік білдірді. Мысалы, жақында 

ғана елімізде тұңғыш рет донордың жүрегін 

науқасқа ауыстырып салу операциясы сәтті өткен 

еді. Соның арқасында Қазақстан мұндай операция 

жасайтын 20 елдің қатарына еніп отыр. «Осы ретте 

жас отандасымыз Игорь Воротников барша 

қазақстандықтардың аузынан түспей жүрген ізгі 

қадам жасады. Анасы мезгілсіз қаза болып, қасірет 

жұтқан ол ең қиын сәтте өзге адамдардың өміріне 

араша түсе алды. Ол анасының жүрегі мен бүйрегін 

донор мүшесіне мұқтаж адамдарға беру туралы 

шешім қабылдады. Сөйтіп, тағдырлары қыл 

үстінде тұрған екі адамға: Жәнібек Оспанов пен 

Евгений Курсқа жаңа өмір сыйлады. Анасынан 

айырылған ол қаны бөлек болғанымен, жаны бір 

бауырлар тапты. Ойлап қарасақ, орыстың баласы 

анасының жүрегін – қазаққа, бүйрегін неміске 

тапсырды. Операцияны ұлты кәріс Юрий Пя

әріптесі чех Жан Пеликпен бірге жасады. Мұның 

барлығын айтып тұрғаным, міне, қазақстандық 

бірлік, бір-бірімізге жанашырлық деген осылай 

болуы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен қатар Президент мұның нақты жеке 

мысал екенін, «дегенмен өте жақсы көрсеткіш, 

үлгілік тәлім-тәрбие болып саналатынын» айтты. 

«Бұл – нағыз азаматтың ісі. Менің халық бірлігі 

туралы идеям өмірде осылай көрініс тапқаны 

қуандырады», – деді Мемлекет басшысы. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал