СауаттылықА Ҥйретудің Әдістемелік жҥйесінің ерекшеліктері



жүктеу 57.61 Kb.

Дата30.05.2017
өлшемі57.61 Kb.

САУАТТЫЛЫҚА ҤЙРЕТУДІҢ 

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҤЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 



Нурышева Жанар Л.Н.Гумилев 

атындағы ЕҦУ 1 курс магистранты, Астана қаласы  

 

Сауаттылыққа  ҥйрету  –  бастауыш  білім  беру  ҥдерісінде  оқушыларға  ана  тілінің 



байлығын  меңгертудің  алғашқы  сатысы.  Сауат  ашу,  қазақ  тілінің  дыбыстық,  лексикалық 

жҥйесі  мен  грамматикалық  қҧрылымын  меңгеру  ҥдерісі.  Сауаттылыққа  ҥйретудің  басты 

мақсаты  –  оқу  және  жазу  дағдылары  қалыптасқан,  алғашқы  тілдік  мағлҧматтарды,  сӛйлеу 

әрекетінің  тҥрлерін  меңгерген,  байланыстырып  сӛйлей  алатын;  ана  тілін  сҥйетін, 

адамгершілік, Отансҥйгішік сезімдері  қалыптасқан,  шығармашылыққа бейім жеке тҧлғаның 

қалыптасуы мен дамуына мҥмкіндік жасау. 

 

 

33



 

Баланың  «мектеп  есігін  ашқан  кезең інде»  оның  қолына  қалам  ҧстатып,  сауатын 

ашудың  ең  кҥрделі  әрі  жауапты  жҧмыс  екені  белгілі.  Ал  осы  жастағы  оқушылардың  тілін 

дамыту  мәселесінің  одан  да  маңызды  жҧмыс  екендігі  талас  туғызбаса  керек.  Сауат  ашу 

мектептерде белгілі бір жҥйемен жҥргізу  қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша,  жазбаша 

білдіруге  ҥйретудің  маңыздылығына  ағарту  ісінің  кӛптеген  қайраткерлері  аса  мән 

берген.Сауат ашу жҧмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер 

ӛз  зерттеу  еңбектерінің  арқауы  етті.  Қазақ  бастауыш  мектептерінде  оқыту  ісінің  негізін 

қалаған  ағартушы  ғалымдар  (Ы.  Алтынсарин,  А.  Байтҧрсынҧлы  және  т.б.)  әдістемелік 

еңбектерінде  оқушылардың  сауат  ашу  кезеңінде  сӛздік  қоры  мен  сӛйлеу  дағдысын 

қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сӛйлеу 

қабілеттерін  дамыту  мәселелері  Т.  Шонанҧлының,  Ж.  Аймауытовтың,  М.  Жҧмабаевтың 

еңбектерінде қозғалды. 

 

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту 



мәселелері  М  Жҧбанова,  С  Рахметова,  К.  Бозжанова,  Б.  Баймҧратова,  Р.  Әміров,  Т. 

Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б.  ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер 

ғалым  М.  Жҧбанованың  «Мектепте  сауат  ашудың  методикасы»  тақырыбындағы  зерттеу 

жҧмысының жҥргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт ӛтті. Сондықтан бҥгінгі таңда бастауыш 

мектеп оқыту жҥйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады: 

 

-



 

Қазақстан 

Республикасының 

жаңадан 


қабылдаған 

«Бастауыш 

білім 

беру 


тҧжырымдамасына»  сәйкес  бастауыш  сыныпта  меңгерілген  білім,  білік,  дағдылардың 

деңгейіне  қойылатын  мемлекеттік  стандарт  талабы  мен  бҧрынғы  оқу  бағдарламаның 

арасында;  

 

-



 

Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жҧмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз 

ету қажеттілігі мен оның іс жҥзілік тҧрғыда жасалмауы арасында;   

 

Бҧл  қайшылықтардың  шешімін  іздестіріп  табу  біздің  зерттеу  тақырыбымызды 



айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер жҧмыс тақырыбы «Сауаттылыққа ҥйретудің 

ғылыми-теориялық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.   

 

Мақсат  –  сауат  ашу  кезеңіндегі  тіл  дамыту  жҧмысының  әдістемесін  ғылыми 



тҧрғыдан  негіздеп  жасау  және  оның  тиімділігін  анықтау.  Сауат  ашу  барысындағы  тіл 

дамыту  әдістемесі  оңтайлы  жасалса,  онда  оқушының  дҥниетанымын  кеңейтумен  бірге  оз 

ойларын жҥйелі тҥрде баяндауға, байланыстырып сӛйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға 

мҥмкіндік береді.  

 

Сауат  ашудың  әрбір  кезеңінің  ӛзіндік  ерекшелігіне  байланысты  міндеттері 



белгіленген.  Әліппеге  дейінгі  кезеңнің  міндеттері:  оқушыларды  оқуға  және  жазуға  даярлау; 

сӛздік  қорын  молайту;  байланыстырып  сӛйлеуге  ҥйрету.  Әліппе  кезеңінің  м іңдеттері: 

оқушылардың  оқу  және  жазу  дағдыларын  қалыптастыру;  байланыстырып  сӛйлеу  тілін 

дамыту.  Әліппеден  кейінгі  кезеңнің  міндеттері:  оқушылардың  оқу  және  жазу  дағдыларын 

жетілдіру;  байланыстырып  сӛйлеу  тілін  дамыту;  алғашқы  грамматикалық  мағлҧматтарды 

меңгерту. Бірінші  сыныптағы сауат ашуды оқытудың ӛзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. 

Мҧғалімге пәнді оқытудағы ӛзіндік әдістемелік ерекшеліктерді білудің маңызы зор. Ӛйткені 

бҧл  сыныпта  сауат  ашу  жҧмыстарымен  қоса  тілдік  грамматикалық  ҧғымдар  да  қоса 

меңгертіледі.  6  жасар  баланың  сауатын  ашу,  тілін  дамыту  –  олардың  физиологиялық-

психологиялық  ерекшеліктеріне  негізделе  отырып  жҥзеге  асырылатын,  баланың  ойын 

әрекетінен оқу әрекетіне ӛтуін қамтамасыз ететін ҥдеріс.  

 

Осыған орай балалардың алты жастан бастап сауатын ашу жҥйесі:  



 

 



1-сыныптың тҧтасымен сауат ашуға берілуімен



 

оқу мен жазу жҧмыстарының  кіріктірілуімен; 



 



сабақ уақытының  кезеңдерге бӛлінуімен т.б. ерекшеленеді. 



 

Алты жасарлар балалардың: 



 



біріншіден, зейіні тҧрақсыз болғанымен, қабылдауы қарқынды келеді



 

екіншіден, танымдық  қабілеті жоғары



 



ҥшіншіден, ҧйымдастырылған тҥрлі әрекетке белсенді. 

 



34

 


Сондықтан оларға арналған оқыту ҥдерісінің ӛзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім 

мазмҧнының кӛлемі шағын, қҧрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу 

баланың жеке тҧлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту ҥдерісіндегі тҥрлі 

әрекеттер ойынға негізделіп қҧрылуы қажет. 

 

Дамыта  оқыту  жҥйесінде  ҧйымдастырылатын  сабақ  қҧрылымында  да  ӛзгешеліктер 



болады.  Оқушының  оқу-танымдық  әрекетінің  психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты 

сабақ ҥш кезеңге сай ҧйымдастырылады: 

 



 



мотивациялық-бағдарлау кезең; 



 

операционалдық - орындаушылық кезең; 



 



рефлексиялық - бағалау кезең. 

 



Мотивациялық  -  бағдарлау  кезеңде  оқу  міндеттері  қойылып,  оқушылардың  сабаққа 

қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жҧмыс тҥрлері ҧйымдастырылады. 

 

Операционалдық  -  орындаушылық  кезеңде  нақты  оқу  тапсырмаларын  орындау 

арқылы  оқушылар  жаңа  теориялық  ҧғымды  ӛзара  талқылайды,  соның  негізінде  теориялық 

білімін бекітеді, оны қолдануға ҥйренеді. 

 

Ал  рефлексиялық  -  бағалау  кезеңінде  оқушының  теориялық  тҥсініктерді  меңгеруі 



тексеріледі, тҥзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. 

 

Бастауыш сыныпта жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік-



грамматикалық  жаттығулар,  ойын  жаттығулары,  сӛйлеу  жаттығулары,  рефлексиялық 

жаттығулар орындатылады. 

 

Ойын  жаттығулары  оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін  ойын  (пәндік,  пәнаралық, 



сюжеттік,  рӛлдік  ойындар)  арқылы  басқаруға  мҥмкіндік  береді.  Білім  алушының  ӛзін 

кӛрсетуіне,  жолдасының  пікірін  ескеруіне,  қарым-қатынас  жасауына,  стандартты  емес 

жағдайда  ӛз  білімін  қолдана  білуіне  ықпал  етеді.  Ойын  және  сӛйлеу  жаттығулары  арқылы 

қатысымдық  және  ақпараттық  дағдыларды  қалыптастыру  міндеті  шешіледі.  Сонымен  бірге 

жоспарлау  және  мақсат  қою,  технологияларды  қолдану,  іс-әрекеттің  нәтижесін  бағалау 

аспектілерін сабақта жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді.  

 

Тірек  сызбалардың  проблемаларды  шешу  дағдыларын  қалыптастыруда  ҥлкен  рӛлі 



бар.  Ӛйткені  мҧндай  сызбалар  арқылы  тілдік  категориялардың  ҧқсастығын, 

айырмашылығын,  ӛзіндік  ерекшеліктерін  салыстырып  кӛрсетуге  болады.  Сызбаларда 

кӛбінесе  дерексіз  байланыстар  мен  қатынастар  кӛрсетіледі.  Мәселен,  тірек  сызба  бойынша 

сӛйлем қҧратуға, сӛйлемдегі сӛздердің байланысын кӛрсетуге болады. Сонымен қатар тірек 

сызбалар дербестікті дамыту ҥшін де қолданылады. 

 

Ғылыми-әдістемелік  еңбектердегі  ой-пікірлерді  саралай  келе,  оқушыларды  сауаттылыққа 



ҥйретудің  негізі  ретінде  мәтін  мазмҧнының  дҧрыс  сҧрыпталуы;  жазба  жҧмыстарының 

оқушының  жас  мӛлшеріне  сәйкес  жҥргізілуі;  жазба  жҧмыстарының  білімдік,  тәрбиелік, 

танымдық  міндеттерді  шешуге  бағытталуы;  орфографиялық  нормаға  сәйкес  жазу 

дағдысының  қалыптасуы;  сҧрыпталған  мәтіндер  арқылы  халқымыздың  мәдени-рухани 

мҧрасы  мен  салт-дәстҥрінің  озық  ҥлгілерін,  ҧлтымызға  тән  әдептілік,  сыпайыгершілік 

қасиеттерін таныту қажеттігі белгіленді. 

 

Бастауыш  сыныптарда  жҥргізілетін  сауат  ашу  процесінде  жазба  жҧмыстарының  рӛліне 



тоқталсақ.  Жазба  жҧмыстарының  кешеніне  жаттығулар  жҥйесі,  диктант  тҥрлері,  мазмҧндама, 

шығарма  жҧмыстары  енгізіледі.  Оқушылардың  сауатын  ашуда  орфографиялық  дағды 

қалыптастырып, ӛз ойын жазбаша дҧрыс бере білуге дағдыландыратын және ҥйрететін жаттығу 

жҧмысының  тәжірибелік  әдістерінің  бірі  -  диктант  жаздыру  жҧмысы.  Диктант  жҧмысы 

мәселелері  Х.Қ.Арғынов, Ш.Әуелбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Р.Мҧраталиев, Ә.Марасҧлов, 

К.Қасабекова,  И.Ҧйықбаев,  Е.Кӛшербаев,  К.Жолымбетов,  А.Жапбаров,  т.б.  ғалымдардың 

әдістемелік  еңбектерінде  талданып,  тҧжырымдамалар  жасалды.  Орфографиялық  норма 

қалыптастыруда  бағдарламада  ҥздіксіз  орындалатын  тәжірибелік  жҧмыстың  негізгі  тҥрі  – 

диктант. Диктант термині кейбір әдістемелік еңбектерде жатжазу тҥрінде қолданылады. Диктант 

оқушылардың жазбаша сауаттылығын қалыптастыру  ҥшін  қолданылады. Мҧнда оқушылардың 

психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ескеріліп,

 

 



35

 


білімі  мен  дағдылары  есепке  алынады.  Сондай-ақ,  тілдік  жаттығулар  -  ӛзара  қарым-

қатынас жасауға жаттықтыратын, тілдік нормаларға сәйкес орфографиялық, орфоэпиялық 

дағды  қалыптастыратын  жаттығулар  болып  саналады.  Оқушылардың  сӛйлеу  тілін 

дамытуда  тілдік  жаттығулардың  тӛмендегідей  тҥрлері  анықталды:  орфографиялық 

жаттығулар,  орфоэпиялық  жаттығулар,  грамматикалық  жаттығулар,  трансформациялық 

жаттығулар.  Мҧнда  орфографиялық  заңдылықтарды  меңгерту,  сӛздерден  сӛз  тіркестерін 

жасауға  ҥйрету,  орфографиялық  нормаға  сәйкес  дҧрыс  жаза  білуге  дағдыландыру 

мәселелері  қарастырылады.  Оқушылар  мәтіндегі  сӛздердің  орфографиялық  норма 

бойынша  жазылуын  меңгеруіне  септігін  тигізеді.  Орфографиялық  қысқаша  сӛздікпен 

жҧмыс жҥргізіп, сауатты, қатесіз жазуға бағыттайды. Оқушыларды  кӛптік жалғауларды, 

болымсыз  етістіктің  жҧрнақтарын  дыбыс  ҥндестігі  заңдылығы  бойынша  жалғай  білуге 

дағдыландырады. Оқушыларда орфографиялық дағды  қалыптасып, тілдік нормаға сәйкес 

сӛйлесім әрекетінің дҧрыс болуын қалыптастырады. 

 

Сауат  ашу  процесінде  жаттықтыру  әдісі  ерекше  орын  алады.  Тілдік 



материалдардың  теориялық  негіздері  мен  заңдарын,  ережелері  мен  анықтамаларын 

игертіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде 

қолдануға  жаттығады.  Мәтінді  қатесіз  кӛшіріп  жазу,  мәтінді  толықтыру,  кӛрнекіліктерге 

негізделген  тапсырмаларды  орындау  сияқты  жҧмыс  тҥрлері  жҥргізіледі.  Сҧрақ-жауап 

әдісі  арқылы  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  тілі  дамытылады.  Жазба 

жҧмыстарының  ішінде  мазмҧндама,  шығарма  жҧмыстарын  орындауда  мәтін  сҧрақ-

жауап әдісі арқылы талданады. Бҧл әдіс арқылы алғашында оқушылардың ауызша сӛйлеу 

тілі дамытылады. Сауат ашу процесінде  қатысым әдісінің  маңыздылығы ерекше. Әдістің 

бҧл  тҥрі  оқушы  сӛйлесім  әрекетінің  барлық  тҥрлеріне  жаттықтырылады.  Қатысым  әдісі 

ауызша  тіл  дамыту  жҧмысында,  содан  соң  жазбаша  сӛйлеу  тілін  дамытуда  атқарылатын 

жазба  жҧмыстарында  кеңінен  қолданылады.  Қатысымдық  әдіс  жазбаша  сӛйлеу  тілін 

дамыту  әдістерін  бірлікте  іске  асырып,  жазбаша  тіл  дамытудың  сапасын  жақсартады. 

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын кӛрнекілік әдісі оқушылардың қызығушылығы мен 

ынтасын  арттырады.  Оқушылардың  жазбаша  тілін  дамытуда  графикалық  кӛрнекілік 

тҥрлеріне қарағанда иллюстрациялық кӛрнекіліктер (фотосуреттер, открыткалар, сюжетті 

суреттер) пайдаланылады. 

 

Қазіргі  кезде  білім  беру  жҥйесі  мазмҧнын  ҧйымдастыруды,  қарым-қатынасын 



және  қҧрылымын  тҥбегейлі  ӛзгертуді,  жаңартуды  талап  етуде.  Қалыптасқан  дәстҥрлі 

оқыту әдістері компьютерлік оқыту қҧралдарымен алмасуда. Осыған орай, бҥгіндеа сауат 

ашудың  ғылыми-әдістемелік  негіздерін  тҧтас,  жҥйелі  қҧбылыс  ретінде  қарастыра 

отырып, тӛмендегідей қорытындылар жасауға болады: 

 

1.

 



Қазіргі  кезеңде  жалпы  білім  беретін  мектептің  алдына  қойып  отырған  басты 

міндеттерінің  бірі  қабілетті  жеке  тҧлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Оқушылар 

тілдік  минимумдарды  меңгере  отырып,  әдеби  тілдің  ауызша  және  жазбаша  нормаларына 

сәйкес тілдік қатысым жасауға дағдылануы қажет.  

 

2.

 



Оқушылардың  сӛздік  қорын  молайтып,  сӛйлеу  мәдениетінің  жоғары  деңгейін 

қалыптастыруға кӛңіл бӛлі керек.  

 

3.

 



Қазақ  тілі  сабақтарында  жазба  жҧмыстарын  кешенді  жҥргізу  оқушылардың 

сӛйлеу тілін дамытып, тілдік қатысым жасауға белсенді қатысуға бағыттайды.  

 

4.

 



Тілдік  тҧлға  қалыптастыруда  қазақ  тілі  сабақтарында  жҥргізілетін  жазба 

жҧмыстарының (жаттығу жҧмысы, диктант, мазмҧндама, шығарма) маңызы зор.   

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



Қҧрманова  Н.Ж.  Сӛз  тіркесін  оқыту  барысында  оқушылардың  логикалық  ойлау 

мәдениетін қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. - Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1998.  

 

2.

 



Мҧқанов М.М. Ақыл-ой ӛрісі- Алматы.  

3.

 



Дәулетбекова Ж. Оқушылардың қазақ тілін меңгеру мотивациясы. – Алматы, 2000  

4.

 



Ахметов  Г.  Бастауыш  кл-да  білім  берудің  тиімділігін  арттыру  жолдары  Алматы: 

Рауан,  


1994  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал