«Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері



жүктеу 89.79 Kb.
бет25/30
Дата13.02.2022
өлшемі89.79 Kb.
#17222
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
3 Шағамбай
Тестілік тапсырмалар

«Сауат ашу» бағдарламасының құрылымы мен мазмұны

A) түсініктеме, пәнге қойылатын талаптар, материалдардың сыныптарға бөлінуі, пәнаралық байланыс

B) әдебиеттерді, кезеңдерін, уақытын көрсету, жоспарлау

C) талаптар, тақырыптары, орындайтын адам көрсетілген

D) кезеңдері, әдебиеттері, тест-тапсырмалар берілген

E) авторлар, тақырыптар көрсетіліп, сыныптарға бөлінген

*****

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері



A) психология, фонетика, орфоэпия, орфография, лексикология, физиология, дидактика

B) психология, тарих, педагогика, логика, математика

C) педагогика, экономика, логика, физиология

D) физиология, тарих, орфоэпия, лексикология

E) орфоэпия, лексикология, тарих, педагогика

*****


Сауат ашудың негізгі әдісі

A) буын әдісі, тұтас сөз әдісі

B) тұтас сөз әдісі

C) талдау-жинақтау әдісі

D) буын әдісі

E) дыбыс әдісі

*****

Оқушылардың сауатын ашуда қарастырылатын дауысты дыбыс саны



A) он бес дауысты

B) он үш дауысты

C) он екі дауысты

D) он алты дауысты

E) он жеті дауысты

*****


Қазақ тіліндегі әліппе кезеңінің тақырыптарын қамтитын дауыссыз дыбыстар саны

A) жиырма жеті

B) жиырма бес

C) қырық екі

D) жиырма тоғыз

E) жиырма алты

*****

Сауат ашу барысында қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптардың негізі



A) зейін, ес ерекшеліктерін ескеру

B) қабылдау, ойлау ерекшеліктерін ескеру

C) материалдың оқушы жас ерекшеліктеріне сай болуы

D) материалдың оңайлығы, көрнекілігі басым болуы

E) оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне негізделген, педагогиканың ұстанымдарына сай материалдар берілуі

*****


Сауат ашу кезеңдерінің саны

A) төрт


B) екі

C) үш


D) бес

E) алты


*****

Сауат ашу кезеңінде білім, білік, дағдының қалыптасу барысы

A) бірден

B) сатылап

C) тұтас

D) бөлшектеліп

E) бірден, сатылап

*****


Дайындық кезеңіндегі ең алғашқы сабақтың мақсаты

A)сауат ашу сабақтарында дамытыла түсетін білім, білік дағдының негізі қаланады

B) оқушылар жаңа кітаппен таныстырылады

C) оқушылар оқу жабдықтарымен таныстырылады

D) оқушылармен әңгіме жүргізіледі

E) оқушылар сурет бойынша сөйлеуге үйренеді

*****

Оқушыға сөйлемді алғаш рет талдауға үйретудегі тиімді тәсіл



A) мұғалім өз құрған сөйлемді қайталап айтқызу арқылы

B) оқушылардың өздеріне сөйлем құрату арқылы

C) мұғалім өзі сөйлем айтып, сонан соң бір не екі сөзді сызықпен көрсетіп, оған сөз тауып қою арқылы

D) оқулықтан сөйлемдер оқыту арқылы

E) «Кеспе әліппеден» сөйлемдер құратып үйрету арқылы

*****


«Жазу үлгілеріндегі» суреттердің берілу себептері

A) балаларды сурет салуға үйрету үшін

B) саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін қатайту үшін

C) балалар кез-келген суретті сала алатын болуы үшін

D) суреттеріндегі салған заттарды танып білуі үшін

E) салған суреттері бойынша әңгіме жүргізу үшін

*****

Дайындық кезеңінде оқушылармен сыныпта әңгімелесу мен оларға әңгіме айтқызудың қажеттілігі



A) оқушылардың тіл байлығын байқау

B) оқушылардың сөйлей алу шамасын білу

C) балалар өмірімен танысу

D) балаларды еркін сөйлеуге үйрету

E) балаларды бір-бірін толықтыруға үйрету

*****


«Кеспе әліппе» не үшін керек?

A) сөзді дұрыс құрап, дұрыс оқу үшін

B) сөзді жазуға қолды шаршатпау үшін

C) әріптердің суретіне үйрену үшін

D) сөзді буынға бөліп дағдылану үшін

E) сөзді талдау-жинақтауға тез үйрену үшін

*****

Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің Ресейдегі авторы



A) Н.А.Корф

B) К.Д.Ушинский

C) Л.Н.Толстой

D) А.Байтұрсынов

E) М.Жұмабаев

*****


Тұтас сөз әдісі алғаш пайда болған жер

A) Қазақстан

B) Ресей

C) Англия

D) Америка

E) Франция

*****

Тұтас сөз әдісі кеңес мектептерінде қолданылған жылдар



A) 1922-1935

B) 1925-1940

C) 1912-1932

D) 1940-1950

E) 1960-1970

*****


Тұтас сөз әдісінің қолайсыз әдістер қатарына шығарылу себептері

A) жаттанды әдіс болғаны үшін

B) сөз мағынасын түсінбеуіне, дыбыстық мәнін айырып, әріптік элементтерін тани алмауына байланысты

C) оқушылар шала сауаттанғаны үшін

D) саналы түсінбегені үшін

E) дыбыстық талдауы жоқ болғаны үшін

*****

Сауат ашудың дайындық кезеңінде жүргізілетін тіл дамытудың басымырақ бағыты



A) сөздік жұмысы

B) байланыстырып сөйлеу жұмысы

C) сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс

D) синониммен жұмыс

E) антониммен жұмыс

*****


Дайындық кезеңінің алғашқы сабақтарында басым қолданылатын көрнекілік түрі

A) жеке сурет

B) техникалық құралдар

C) калейдоскоп

D) сюжетті сурет

E) магнитафон

*****

***


Дайындық кезеңінде практикалық тұрғыда таныстырылатын тілдік бірліктер

A) сөз


B) дыбыс

C) сөйлем

D) сөйлеу, сөйлем, сөз, дыбыс

E) сөйлесу

*****

Дайындық кезеңіндегі жазу сабақтарының мазмұны



A) әріптерді жазады

B) сөздер жазады

C) әріптер мен сөздер жазады

D) түрлі жазуға үйрету жұмыстары жүргізіледі (партаға отыру, дәптерді алдына қою, қалам ұстау, әр түрлі сызықтар сызу)

E) сөйлемдер жазады

*****


Әліппе кезеңінде дыбыстарды ажырату үшін пайдаланылатын әдістің бірі

A) буындағы не сөз ішіндегі үйретілетін дыбысты көтеріңкі әуенмен айқындап айту

B) таңбаын көрсету

C) сөз ішінде келтіру

D) буынға бөлу

E) дауысты не дауыссыз екенін айту

*****

Салыстыру әдісі



А) екі сөз талданады

В) сөзге дыбыстық талдау жасалынады

С) бір сөзбен екінші сөзді біріктіреді

D) өтілген сөз бен жаңа сөз жұпталып айтылып, талданады

Е) суретте көрсетіледі

*****


Сөзді толықтыру әдісі

А) оқушыларға таныс сөз алдына немесе соңына тағы бір дыбысты қосу арқылы жаңа сөз танытылады

В) сөзді ойынан ойлап табады

С) дыбыстан буын құрайды

D) дыбысты таңбалайды

В) сөйлем мен сөзді бөліп алады

*****

А.Байтұрсыновтың «Жаңа әліпбиі» жарыққа шыққан жыл



А) 1912

В) 1925


С) 1930

D) 1920


Е) 1935

*****


Жаңа буын «Әліппе» оқулығының авторлары

А) М.Төрежанов, З.Әйтенова


В) І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев және т.б.
С) М.Жұбанов, Б. Баймұратова
D) Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева және т.б.
Е) Ұ.Ботабаева, Б.Баймұратова және т.б.

*****


Жаңа буын «Әліппе» оқулығын оқыту мерзімі

А) 1жыл
В) 1жыл 6 ай


С) 6 ай
D) 3 ай
Е) 4 ай

*****


Жаңа әріпті үйретуде талдау-жинақтау әдісінің қолданылуы

А) әріп бірден тақтаға жазылады

В) жаңа әріп оқылады
С) әріп бірден «Кесте әліппеден» көрсетіледі
D) «Кесте әліппеден» бірден ішінде жаңа әрпі бар сөз құрайды
Е) алдымен ішінде үйретілетін әрпі бар сөз, жаңа әріптің дыбысы айтылып, жазба түрі кейін көрсетіледі.

*****


Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бағыттарының саны

А) 1
В) 2


С) 3
D) 4
Е) 5

*****


Әліппе кезеңінде басымырақ жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бағыттарының бірі

А) сөздік жұмысы


В) омониммен жұмыс
С) байланыстырып сөйлеу жұмысы
D) сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс
Е) антониммен жұмыс

*****


Сауат ашу кезеңінде оқушыларды оқу дағдысына үйрету түрлерінің бірі

А) мәтіннің мазмұнын айту

В) мәтінге жоспар жасау

С) дұрыс оқу

D) жаттап айту

Е) біреудің оқығанын тыңдау

*****

Сауат ашу кезеңіндегі оқу және жазу жұмысының жүргізілуі



А)бірлікте
В) бөлек
С) жазу жұмысы болмайды

D) тек оқу жұмысы жүргізіледі


Е) ондай жұмыстар мүлдем қарастырылмайды

*****


Әр сынып бойынша Әдебиеттік оқу пәні мазмұнын, білім, білік, дағды көлемін және сағат санын анықтайтын құжат

А) оқулық


В) сынып жұрналы
С) оқу жоспары
D) оқу бағдарламасы
Е) мұғалім конспектісі

*****


ҚР мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасына сай ғылыми әдістемелік жағынан дұрыс жасалған оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап

А) хрестоматия

В) шығармалар мен мазмұндамалар жинағы
С) дидактикалық материалдар
D) оқулық
Е) оқыту әдістемесі

*****


Дыбыстар мен сөздерді дұрыс, анық айтып жаттығу үшін қолданылатын халық шығармасы

А) мысал
В) өтірік өлең


С) мақал-мәтел
D) жаңылтпаштар
Е) айтыс

*****


Алғашқыда сапалы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталуы
А) білім
В) білік
С) дағды
D) ереже
Е) теориялық білім

*****
Оқығанды түсінетіндей бірқалыпты жылдамдықпен оқу

А) түсініп оқу
В) саналы оқу
С) дұрыс оқу
D) шапшаң оқу
Е) мәнерлеп оқу

*****
Шығарманы мазмұндық ой екпінін қоя, кейіпкердің көңіл- күйін сезіне оқи білу

А) мәнерлеп оқу
В) саналы оқу
С) дауыстап оқу
D) іштей оқу
Е) хормен оқу

*****


Шығармадағы табиғаттың суреттелуі

А) пейзаж


В) тақырып
С) идея
D) портрет
Е) баяндау

*****
Негізгі ой турасынан білдірмей, тұспалдап, жанамалап айтатын шығарма

А) мақал
В) мәтел
В) жұмбақ
D) шешендік сөз
Е) айтыс

*****
Өлең шумағының бөлшегі

А) ұйқас
В) тармақ
С) жол
D) бунақ
Е) ырғақ

*****


Заттың, құбылыстың сапасын ашу үшін екінші бір затпен салыстыру

А) пейзаж


В) мінездеу
С) кейіптеу
D) әсірелеу
Е) теңеу

*****


Ауыз әдебиетінің түрлері

A) ертегі, шешендік сөз, әңгіме

B) ертегі, өлең, батырлар жыры

C) айтыс, шешендік сөз, очерк

D) айтыс, ертегі, жаңылтпаш

E) ертегі, аңыз, баллада

*****

Оқу дағдылары



A) дұрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң оқу

B) мәнерлеп оқу, дауыстап оқу, саналы оқу

C) дұрыс оқу, хормен оқу, шапшаң оқу

D) дұрыс оқу, іштей оқу, түсініп оқу

E) дұрыс оқу, рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу

*****


Оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап ететін оқыту ұстанымы

A) жүйелілік

B) жас ерекшелігін ескеру

C) саналылық

D) ғылымилық

E) ізгілендіру

*****

Мұғалім тақтаға күз мезгілі бейнеленген суретті іліп, оқушыларға бұл көрініс шығарманың қай бөлігіне сәйкес келетінін айтуды тапсырды. Қолданылған оқыту әдісі?



A) баяндау

B) бақылау

C) техникалық құрал қолдану

D) әңгіме

E) пікірталас

*****


Оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы

A) сабақ


B) экскурсия

C) сыныптан тыс жұмыс

D) әдістемелік кеңес

E) емтихан

*****

Мәтінді шапшаң оқу барысында жіберілетін қателерден сақтандыру



A) дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуды іске асыру

B) дыбыс, сөз, сөйлем, жол қалдырмай оқу

C) сөздер мен сөйлем араларын ажыратып оқу

D) тыныс белгілерін сақтап оқу

E) ырғақ сақтап оқу

*****


Дыбыс жүйесінің тілдік материалдарын меңгертудің сатылы басқыштарының бірі

A) дыбыстық

B) буындық

C) аналитикалық-синтетикалық

D) әріптік

E) іске асыру

*****

Дыбыс жүйесі материалдарын меңгеру үдерісінің алғашқы элементі



A) дыбыс жүйесі

B) дыбыс жүйесі материалдарын дағдыландыру

C) дыбыс жүйесі материалдарын еске түсіру

D) оқулықтағы жаттығуларды орындату

E) орфографиялық сөздік бойынша жұмыс жүргізу

*****


Грамматика сабақтарында жиі қолданылатын көрнекілік түрі

A) заттың өзі

B) муляж

C) сюжетті сурет

D) жеке сурет

E) кесте


*****

1-сыныпта «Сөз таптары» тақырыбы қай сөз табынан басталады?

A) зат есім

B) заттың сынын білдіретін сөздер

C) заттың атын білдіретін сөздер

D) етістік

E) есімдік

*****


Оқушылар мұғалім оқып тұрған мәтінді тұтас жазбай, берілген тапсырмаға лайықты сөздерді немесе сөз тіркестерін, сөйлемдерді ережеге сүйеніп, теріп жазады. Бұл үйрету диктанттың түрі

A) сөздік

B) шығармашылық

C) терме


D) ескерту

E) көру


*****

1-сыныптың бірінші жарты жылдығы соңында бақылау диктантының көлемі

A) 45-50 сөз

B) 20-25 сөз

C) 65-70 сөз

D) 30-40 сөз

E) 55-60 сөз

*****


Бақылау диктантында «3» деген баға қойылатын жұмыс

A) 3-5 орфографиялық қатесі бар, түзету 3-тен артық емес, ұқыпсыз жазылған жұмысқа

B) орфографиялық қатесі 5-тен көп жұмысқа

C) орфографиялық 8 қатесі бар жұмысқа

D) орфографиялық 1-2 қатесі бар жұмысқа

E) орфографиялық қатесі, не түзетуі жоқ жұмысқа

*****

Оқушылар бақылау диктантын жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы неше рет оқитынын көрсет



A) 2

B) 5


C) оқымайды

D) 1


E) 3

*****


Мұғалімнің бақылау диктантын оқуы

А) сыныпты аралап жүріп


В) орнында отырып
С) бір орнында тұрып
Д) бір отырып, бір тұрып
Е) әр оқушының қасына барып

*****


Әдістемелік еңбектерде тіл дамыту сөзі термин ретінде енгізілген жыл

A) 1940


B) 1930

C) 1950


D) 1945

E) 1935


*****

Тіл дамытудың мақсаты

A) оқушылардың білетін пассив сөздерін активтендіру

B) оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру

C) оқушылардың тілін түзету

D) оқушылардың сөз байлығын арттыру

E) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру

*****


Бастауыш мектептегі тіл дамытудың негізгі үш бағытын көрсетіп берген ғалым

A) Сыздықова Р.

B) Ысқақов А.

C) Рахметова С.

D) Жұбанова М.

E) Бозжанова К.

*****

Тіл дамыту жұмыстарының бір бағытын белгіле



A) сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу

B) байланыстырып сөйлеуге үйрету

C) оқушылардың сөздік қорын дамыту

D) мәтінмен жұмыс істеуге үйрету

E) мазмұндама, шығарма жазуға үйрету

*****


Оқушылардың сөздігін байыту

A) бұрыннан білетін сөздердің мағынасына түсініктерін тереңдете түсу

B) сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау

C) оқушыларға бұрыннан білмейтін жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру

D) сөздік қорын анықтау

E) әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету

*****

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру кезеңдерінің саны



A) 5

B) 1


C) 2

D) 3


E) 4

*****


Оқушылардың сөздік қорын молайта түсу мақсатында ұйымдастырылатын сөздік жұмысы кезеңдерінің бірі

A) мәтін оқылып болғаннан кейін

B) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде

C) мәтінді оқу барысында

D)мәтінді оқымай-ақ жүргізіледі

E) мүлде ұйымдастырылмайды

*****

Бұл сөйлем құрауға үйрету мақсатындағы жаттығуда оқушыларға ешбір үлгі берілмейді, олар бұған дейінгі тәжірибесіне сүйеніп, өз бетімен сөйлем құрайды. Бірақ нақты бағыттайтын тапсырма беріледі



A) шығармашылық түрде

B) дайын үлгісіз сөйлем құрау

C) үлгі бойынша жаттығу

D) сурет арқылы сөйлем құрау

E) диафильм арқылы сөйлем құрау

*****


Байланыстырып сөйлеу

A) сұрақтарға жауап беру

B) өлеңді жатқа айту

C) жеке суреттердің аттарын айту

D) сөз тіркестерінен сөйлем құрау

E) логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты азды-көпті бөліктерден тұратын біртұтастық

*****

Бастауыш мектеп әдістемесіндегі байланыстырып сөйлеу жаттығуларының бірі



A) хабарлы сөйлем

B) хат жазу

C) заттың атын білдіретін сөздер тобы

D) оқушының аты-жөні

E) дауыссыз “у”-ға қатысты сөздер

*****


Жазбаша тіл дамытуда қолданылатын жұмыс түрі

A) шығарма, мазмұндама

B) жаттығу

C) мәтінді көшіріп жазу

D) өлеңді жаттау

E) сөйлем құрау

*****

Мәтіннің мазмұнын түсінген-түсінбегенін байқауда қолданылатын әдіс түрі



A) салыстыру

B) әңгімелеп беру

C) мазмұны бойынша сұрақ қою

D) көрнекілік

E) жаттығу

*****


Мазмұндаманың шығармадан ерекшелігі

A) оқушы автордың ойын айтып, жазып беруге үйренеді

B) еркін тақырыпта жазады

C) техникалық құралдар пайдаланады

D) кез-келген мәтінді мазмұндайды

E) сұрақ-жауап тәсілі қолданылады

*****

Шығарманың түрін белгіле



A) оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер бойынша

B) дайын сурет бойынша

C) дайын мәтін бойынша

D) оқыған, естіген әңгімелері негізінде

E) мұғалімнің оқып беруі бойынша

*****


Шығарманың түрін белгіле

A) табиғат құбылыстарын бақылау негізінде

B) дайын мәтін бойынша

C) дайын сурет бойынша

D) мұғалім тарапынан оқылған мәтін бойынша

E) оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер бойынша

*****

Фильм бойынша шығарма жаздырудағы алғашқы жұмыс түрі



A) әр кадр сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді

B) тек кадр бойынша оқушылардың әңгімесі құрастырылады

C) кадр бойынша оқушылардың әңгімесі қарастырылады

D) фильм мазмұнын бір оқушыға айтқызылады

E) тақтаға сұрақтар жазылады

*****


Оқушы шығармасында кездесетін қателердің жіктелу саны

A) 2


B) 3

C) 1


D) 4

E) 5


*****

Құрылысы жағынан кеткен қателердің бірі

A) ойдың белгілі бір жүйемен баяндалуы ескерілмейді

B) бір сөздің қайта-қайта қайталануы

C) сөзді дұрыс қолданбау, артық сөз қолдану

D) артық сөз қолдану

E) мағыналы сөздердің әрқайсысы тән ерекшеліктерді ұғынбау

*****


Стилистикалық қатенің түрі

A) қарама-қарсы ойды білдіретін деректерді ешбір қиынсыз біріктіріп қою

B) біріңғай ұғым бермейтін сөйлемдерді тіркестіру

C) бір сөздің көп қайталануы

D) қажетті деректерді қалдырып кету

E) есімдік пен зат есімді дұрыс қолданбау

*****

Ғалым С. Рахметова бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың жолын көрсетіп берген бағытының саны



A) 3

B) 1


C) 2

D) 5


E) 4




    1. жүктеу 89.79 Kb.

      Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет