Саттар туралы сыр



жүктеу 137.67 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі137.67 Kb.

САТТАР ТУРАЛЫ СЫР 

Саттар Ерубаевтың дүниеден өткеніне де  қы-

рық сегіз жылдан асып барады. Жазушы артына 

елеулі мұра  қалдырды. Осы мұра өткен уақыт 

сынына төтеп берді десек, онымыз  құба төбел топ-

шылау болып шығар еді. 

Саттар жазған отызыншы жылдардың адамда-

ры мен  қазіргі оқырмандардың талап-талғам дең-

гейі, әрине, бірдей емес. Соның өзінде жазушы 

туындылары жүрекке соншалықты жақын, тебі-

ренбей оқи алмайсың. Бейне бір Саттар өз шығар-

маларын сексенінші жылдардың жастарына 

арнап жазған сияқты. Арада жылдар, ғасырлар 

өтеді. Әйтсе де жазушы шығармалары келер  ұр-

пақтың алдынан сол өміршең күйінде шыға бер-

мек. 

Осы мерзім ішінде «Менің  құрдастарым» ро-

маны үш рет ана тілінде, екі рет орыс тілінде 

басылып шықты. Осының өзі-ақ жазушы шығар-

109 

маларының өскелең өмірімізбен аяқты тең басып 

келе жатқанының айғағы. Сондықтан болар, уа-

қыт өткен сайын жазушы творчествосымен шұ-

ғылданып жүргендердің саны да көбейе түсуде. 

Тек соңғы жылдарда ғана белгілі ғалымдарымыз 

Рахманқұл Бердібаев, Тұрсынбек Кәкішевтер Сат-

тар жайлы көптеген деректер жинап жариялады. 

Бұған  қоса Бүкіл одақтық Ленин комсомолы сый-

лығының лауреаты Мұхтар Шаханов Саттар 

Ерубаев туралы «Жан ерке» деген тамаша балла-

да, түркістандық жергілікті ақын Өмірбай Сәуір-

баев «Қыран» атты поэма жазды. Түркістанда 

тәжірибелі педагог Омарбек Дәулетбаев басқарған 

С. Ерубаев атындағы мектеп-интернат коллективі-

нің Саттар жайлы тындырған істері  ұшан-теңіз. 

Аталған мектеп коллективі алматылық сәулетші 

Еңсек  Қожамьяровқа жазушының мүсінін жаса-

тып мектеп ауласына  қойды. Бүгінде ол оқушы-

лардың нәзік  қолдарымен егілген гүлдерге ора-

нып тұр. Мектепте Саттар бөлмесі де бар. Онда 

жазушыға байланысты көптеген деректер  қойыл-

ған.  Қалада жазушы атында көше де бар. Көпші-

лік тілегін ескере отырып, 1971 жылы  Қарағанды 

қалалық атқару комитеті жазушының есімін мәңгі 

қалдыру жөнінде бірқатар істер атқарды. Бүгінде 

көміршілер  қаласында жазушы есімі мектепке, 

көшеге берілген. 

Кезінде Саттармен бірге  қызметтес болған Әб-

ділда Тәжібаев, Мұхаметжан 

Қаратаев, Зейін 

Шашкин, Есмағамбет Ысмайлов, Әбіш Байтанаев, 

Асқар Лекеров, Сейділда Жарылғапов естеліктері-

нің үлкен ғылыми мәні бар. Әсіресе Саттар еңбек-

терін  ұқыптылықпен жинап, жүйелеп, оның твор-

чествосына ғылыми талдау жасаған профессор 

Тұрсынбек Кәкішевтің еңбегін атап көрсетуге ла-

йық. Саттардың ғылыми өмірбаянының жоқ еке-

110 


нін жұртшылықтың есіне алғаш салған да осы 

Кәкішев жолдас. 

Осыған  қарамастан Саттар жайлы көп іс тын-

дырылды деп айта алмаймыз. 

Жалпы, дарындар өмірі жарық дүниеде кеш-

кен күнімен емес, артта  қалдырған мұрасының 

өміршеңдігімен өлшенетін сияқты. Ол тереңдікке 

ешкім де бір мезгілде бір дегеннен бойлай алмақ 

емес. Бұл тұрғыдан  қарағанда Саттар өмірі әлі 

аузы ашылмаған алтын сандық секілді. Әсіресе 

оның Ленинград тарих-философия лингвистика 

институтына оқуға түскенге дейінгі өмірі тіпті 

қораш баяндалып жүр. Оның балалық, жастық 

шағынан жазылған мардымды ештеңе жоқ десе де 

болады. 

Туған жер, ата-ана, өскен орта, жақын-туыс, 

ағайын,  қарындас дегендер баланың  қалыптасуы-

на аз әсер етпейді. Бұл жағы  қамтылмайынша, 

өмірбаян да толық болмайды. 

Менде о баста Саттар өмірінің  қаға берісте  қа-

лып жүрген осы жағын зерттеп, өмірбаянын то-

лықтырайын деген ой болған жоқ.  Қызмет бабы-

мен жазушы туып-өскен ортаға тап болдым. Сат-

тардың ағайын-туған,  құрбы-құрдастарымен, бірге 

өскен, бір оқыған көптеген жолдастарымен та-

ныстым. Саттардың  құрдасы Әмзе, туысы Балта-

бай, Әміре, Аяп ақсақалдар, Саттар шыр етіп 

дүниеге келгенде жөргегіне орап алған Тәлімі әже, 

немере ағасы Жақсыбай,  қарындасы Ілей, інісі 

Әшім, Тастемір, Түркістан  қаласында бірге оқы-

ған жолдастары Сейділда Жарылғапов, Жұмақ 

Сейітов, Назрулла Жақыпов, алғаш Түркістанда, 

кейіннен  Қызылордада бірге оқып, бірге жүрген 

Шалтай Оспановтар Саттар жайлы көптеген  қы-

зықты әңгімелер айтты. Осыдан кейін мен Саттар 

шығармаларын  қолыма  қайта алдым. Сонда мені 

111 

таң  қалдырған нәрсе — шығармадағы өмірбаян-

дық деректердің молдығы мен жазушы өміріндегі 

кей кездердің боямасыз, өзгеріссіз, өз  қалпында 

жазылғандығы еді. Саттар жайлы деректердің 

қымбат, жүрекке жылы емесі жоқ. Сондықтан да 

бұл жинаған өмірбаяндық мәліметтерім мен Сат-

тар шығармаларындағы өзі жайлы деректерді са-

лыстыра отырып, кепшілік назарына  ұсынғанды 

жөн көрдім. 

Ұ З Ы Н Қ Ұ Д Ы Қ 

Шардара тұсында белі бір рет буылып,  қарқы-

нынан айрылып, жуасып  қалған Сырдария  Қы-

зылдың  құмына келіп, оны жиектеп баяу ағады. 

Бейне бір осыны сезгендей  Қаратаудың күнгей 

бетіндегі Бөген, Балабөген, Сасық, Шаян, Арыс-

танды,  Қарабас, Ақтас, Аю өзендері бірімен-бірі 

жарыса ағып, дарияға  қол  ұшын беруге асығады. 

Бірақ жете алмай мысы  құриды. Дарияға бір көш 

жер  қалғанда үлкен ойпат кезігеді де, ол бұл өзен-

дердің суын түгел өзіне жиып алып, Шошқакөл 

деп аталатын көлдер тізбегін  құрайды. Көл сула-

ры ілуде бір жылдары ғана кемерінен асып, Түр-

кістан тұсынан Сырға келіп  құяды. Ал көбіне өз 

айдынын толтыра алмай тұйық жатады. 

Осы Шошқакөлдің Сыр жақ беті  қашаннан 

малға  құтты  қоныс.  Құмы мен сортаңы,  қыраты 

мен ойпаңы аралас, шөптерінің  құрамы да сан 

алуан. Бірақ ауыз суға зәру. Сондықтан ауыз су-

ды машинамен алыстан тасымалдайды. Шілденің 

ми  қайнатқан ыстығында машина бұзылып су 

келмей  қалса, ол жердегі мал-жаның не күйде бо-

ларын көз алдыңа келтірудің өзі  қиын.  Қызыл-

құм ауданының «Арыс» совхозын алғаш басқару-

112 

ға келгенімде мен осы азаптан  құтылудың жолын 

іздестірдім. Кімнен сұрасам да «Талай  құдық  қа-

зып көрген бұл жұрт, бірақ бәрі ащы болып шы-

ғады, мал ішуге жарамсыз. Суды тасып беруден 

басқа амал жоқ» деген жауап алдым. 

ІПаруашылықтың Отырар бөлімшесінде Әйме-

нов Әуез дейтін  қарт тұрушы еді. Ол осы өңірде 

колхоз өндірісін  құруға атсалысқан, көргені мен 

түйгені көп көнекөз кісі болатын. Мен сол кісімен 

ақылдасуды жөн көрдім. 

Әуез  қарт әлі  қуатты, сергек екен. Бұл өңірдің 

жер-суы, табиғаты жайлы біраз мәлімет беріп, кі-

сіге ой саларлық пікірлер айтты. Шошқакөлдің 

Сыр жақ бетін суландыру жайын сөз еткенімде ол 

сәл ойланыңқырап барып: «Мен  қазір сексеннен 

астым. Мені былай  қойғанда, менің әкем де ол 

өңірде Ұзынқұдықтан басқа жерден тұщы су шық-

қанын білмеуші еді»,— деп тіпті әріден әңгіме 

қозғады. 

Сол жолы мен «Ұзынқұдықтан  қалай да  құ-

дық  қазу керек» деген шешімге келдім. 

Жусан жалбырап өсіп, мал тойынып  қалған 

мамыражай көктем күндерінің бірінде жер  қаза-

тын жабдықтарымызды алып,  құдық  қазудың ше-

бері  Қосаев Серікті ертіп,  Ұзынқұдыққа келдік. 

Бір-біріне жақын  қазылған көптеген шұңқырлар 

жатыр. Бір замандағы ескі  құдықтардың орны 

екені белгілі. 

Ұзынқұдық! Неге  Ұзынқұдық делінді екен? 

Құдық терең, не саяз болады. Бірақ  ұзын болмай-

ды ғой. Жоқ әлде тұщы су тамырын  қуалап, бірі-

не-бірін жалғастыра  құдық  қазып кете бергеннен 

соң солай атады ма екен? Шынында да, мынау 

көміліп жатқан ондаған  құдықтардың орнын  ұзын 

десе де болғандай еді. 

Құдық жауы —  құм. Бұл жерде  құдықты  құм 

113 


басып  қалғандықтан жаңасы  қазыла берген болу 

керек.  Қысқы, көктемгі жауын-шашын суы ине-

нің жасуындай саңылау тапса,  құмды ағызып іш-

ке  құйып,  құдықты әп-сәтте кеміп тастайтыны 

маған бұрыннан белгілі еді. Оны  қайта аршып, 

қалпына келтіргеннен гөрі тыңнан  құдық  қазған 

көп жеңіл. 

Біз  құдықты түрікпен әдісімен  қазуды  ұйғар-

дық. Ескі  құдықтардан  қашықтап кетпей, солар-

дың арасынан жер таңдадық. Алғашқы кезде  қа-

зыла бастаған  құдықтың  құмын шегендеп бекіту-

де біраз  қиыншылықтар туды. Бірақ жер астынан 

тұщы су шығып, шексіз  қуанышқа кенелгендік-

тен, бәрі  ұмыт болды. . 

Совхоз орталығында Әміре, Әмзе дейтін аға-

йынды шопандар тұрушы еді. Екеуі де  қара шар-

уаға пысық. Бұл өңірдің адамдары біреудің тату-

лығы мен ынтымағын мақтағысы келсе, Әміре мен 

Әмзені ең алдымен ауызға алатын. Мен Әмзе ақ-

сақалға жолығып, 

Ұзынқұдық жаққа 

қоныс 

ауыстыру  қажеттігін айтып, сол жердің жайылы-

мын мақтадым. Селқостау тыңдап, бетіме таңдана 

қараған ол: 

— Ілгеріде Мекеге барып  қайтқан бір адамға 

өмірінде ауылдан  ұзап шықпаған бір молда Меке-

нің жайын айта берген екен,— деп езу тартып 

күлді. 

— Немене, ол жерді білетін бе едіңіз?— дедім 

мен өз-өзімнен ыңғайсызданып. __ _ 

— Неге білмеймін? Туған жерін білмейтін 

адам бола ма?! Біз Саттар екеуміз сол  Ұзынқұ-

дықта туып өстік. Балалық бал күндерімізді сон-

да еткіздік.— Ол кәдімгідей мұңайып  қалды. 

—  Қай Саттар,— деппін мен де бұл кездейсоқ 

жаңалыққа таң  қалып, нақ бір толып жатқан 

Саттарды білетін кісіше. 

114 

— Кәдімгі жазушы Ерубаев Саттар ше! 

Жас кезінде Саттардың «Менің  құрдастарым» 

атты романын кім оқымады. Рақмет, Лиза есім-

дері кімнің жүрегіндегі ең асыл  қасиеттерді  қоз-

ғап,_ толғандырмады. Олардың шынайы адамгер-

шілік  қасиеттерінен кім үлгі-өнеге алмады. Сол 

кезде Саттар есімі біздер үшін аса  қадірлі де,  қым-

батты есім емес пе еді?! Енді, міне, сол сүйікті 

жазушыңның туған жерінде тұрсаң, оның су іш-

кен  құдығынан су ішсең, оған  қалай  қуанып,  қа-

лай шаттанбассың! Осы сәтте маған  Ұзынқұдық 

қазақ даласының ең асыл перзенттерінің бірін бер-

гендіктен де ерекше болып көрініп кетті.  Ұзын-

құдық сөзі «ана» сөзі сияқты  құлаққа жағымды 

естіліп, жүрекке бірден  ұялаған атауға айналды. 

Мен Саттардың кіндік  қаны тамған жерге осы-

лай тап болдым. 

Ұзынқұдық — Түркістан  қаласының оңтүсті-

гінде,  қаладан  қырық, ал көне Отырар мен Шәуіл-

дірден он төрт-он бес шақырымдай жерде. 

1937 жылғы 5 июльде Саттардың  қазасына 

байланысты «Лениншіл жас» газетінде берілген 

қазанамада «Саттар 1914 жылы Оңтүстік  Қазақ-

стан облысының Шәуілдір ауданында туған» деп 

жазылған. Саттар  қазасының үш жылдығына 

орай «Социалистік 

Қазақстан» газетінің 1940 

жылғы 2 июльдегі санында жарияланған мақала-

да «Саттар 1914 жылы Түркістан ауданында ту-

ған» деп жазылыпты. 

Бұдан кейінгі өмірбаяндық деректерде жоға-

рыда жіберілген  қателіктер түзетілмей  қайталана 

берген. Осыдан  қашқан болу керек, 1969 жылы 

«Жазушы» баспасынан шыққан «Қазақстан жа-

зушылары» атты кітапта Саттардың туған жерін 

"Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір кішкене 

қыстақ» деп жіберіпті. Біз көптеген документтер-

115 

ді ақтарып, шын жағдайға көз жеткізгендей бол-

дық. 

Саттар дүниеге келген кезде  Ұзынқұдың Түр-

кістан генерал-губернаторына  қарасты Сырдария 

облысы, Шымкент уезі, Шағатай болысының 

№ 21 ауылы деп аталады екен. Ол кезде Түркіс-

тан ауданы жоқ та еді. Ол бертініректе, 1928 жы-

лы 5 сентябрьде Иқан,  Қарнақ, Шілік болыстары-

ның негізінде  құрылды. ІПәуілдірге келсек, ол 

1935 жылы Түркістаннан енші алып, өз алдына 

аудан болып  құрылғаны белгілі. Саттардың туған 

жері жөніндегі деректің әр түрлі жазылып жүр-

ген себебі осы болса керек. 

Бұл күнде  Ұзынқұдық — Шымкент облысы, 

Қызылқұм ауданы, «Арыс» совхозының мал жа-

йылымы. 

Соңғы жылдары жұмыс бабымен мұнда жиі 

болып жүрдім. Мен ол жерге барған сайын аса 

қасиетті жерге барғандай, үлкен бір отаудың бо-

сағасын аттап ішке кіргендей ерекше бір сезімге 

бөленетінмін. 

Ұзынқұдықтан Сырға шейін созылып жатқан 

кең далаға, сол далада шашырай жайылып жат-

қан  қойларға  қарап отырып, Әмзе ақсақалдың 

Саттар жайлы әңгімесін жалықпай тыңдаушы 

едім. Әбекеңе бұл жердің әр бұтасы таныс. Әр шө-

бі сыр шерте жөнелетіндей. Ол Ойнақкөлден бас-

талып  Ұзынқұдыққа жете бере бітетін  құм жота-

сының әр төбесіне үңіледі. 

— Осы  құм біздің бала кезімізде анау бір жер-

де жатушы еді,— деп Әбекең бір шоқатты нұсқа-

ды.— Біздің үйіміз сол маңда болатын. Әлі есім-

де. Анау тұрған шоқаттың үстінде бір топ кәрі 

сексеуіл өсуші еді. Боранда, тұманда керек бола-

ды деп әкелеріміз оның басына шағыр байлап  қоя-

тын. «Отын үшін сындырушы болмаңдар»,— деп 

116 


ескертуші еді. Әр ата жеке  құдықты иемденетін. 

Анау жоғарырақта Сарыпбай, Әсілбайдың, ал 

одан төменіректе Сарының  құдығы, оның бер 

жағында Бабахандыкі, иінге таман Мырзабайдың 

құдығы болушы еді. Біздің  құдықты Асқардың 

құдығы дейтін.  Қонысымыздың Сыр жағы мидай 

жазық. Әсіресе ауыл балаларының асыр салып 

ойнауына, кейде тай-құнанмен жарысуына жақ-

сы. Көкпар көбіне осы арада шабылушы еді. 

Саттар атқа жалын тартып, ерте мінді. Жеті-

сегіз жасында-ақ  құлағында ойнайтын. Бір ғажа-

бы, ол аттан  қорқып, сескенуді білмейтін. Саттар 

Түркістандағы мектепте бір жыл оқып, жазда 

ауылға,  Ұзынқұдыққа келгенде оның ат  құмарлы-

ғын білетін әкеміз Көпес бәсіреге тай атап, оны 

өзіне таңдатты. 

— Асқардың бес-алты жылқысынан не таң-

дайды, Саттарға осы ауылдың жылқысын түгел 

көрсетіңдер,— деді ол. Жас та болса Саттарға үл-

кен үмітпен  қараған ағайын бұл сөзді теріс көр-

меді. Бала-шаға, кәрі-жас демей  құдық басына 

жиналдық.  Ұзын бел торыға мінген жылқышы жі-

гіт үйір-үйір жылқыны  қайырмалап айдап келіп 

бірінен соң бірін көптің ортасында тұрған Саттар-

дың алдынан өткізіп жатты. Ол үнсіз  қызыға  қа-

рап тұрды. Бірақ мынаусын  қаладым деп айт-

пады. 

«Япыр-ау, осыншама жылқының бірі де  ұна-

мағаны ма?  Қайта айдаңдар, жайлап айдаң-

дар»,— деді топ ішінен бір  қария. Жылқыны екін-

ші рет шұбырта айдап өткізгенде ғана Саттар сүй-

ріктей бір ала аяқ күрең  қасқа тайды көрсетті. 

- Мынаның жылқы танығышын-ай, кілең 

жүйрік туатын күрең биенің баласын көрсетуін  қа-

рашы!— деп  қалды  қарттар жағы. Сол жерде-ақ 

жылқышы  қуып жетіп, мойнына  құрық салды. 

117 


Тай мойнына түскен шылбырды сүйрете-мүйрете 

көп жылқының арасына барып кірді. Жылқышы 

аттан түсті де, жерге сүйретілген шылбырдың бір 

ұшын барып  ұстады. Бұлқынып, басын тауға да, 

тасқа да соққан тайды жылқышының  қарулы  қо-

лы босата ма. Сол маңдағы жерге көмілген жуан 

діңгекке тұқырта байлады. Осқырынып көзі шаты-

нап, денесі діріл  қаққан тайдың  құлақ түбін  қа-

сып тұрып, жүгендеді. Бұлқынған сайын мойнын 

қысып, тынысын тарылта түскен  қыл шылбырға 

шамасы келмей шарасыздыққа аз да болса мойын 

ұсынғандай болған тайды біраздан соң діңгектен 

шешті. Мойнындағы тұзақталған шылбырды ше-

шіп тастап жүгеннің сулығынан  ұстаған жыл-

қышы: 

— Ал енді, Саттаржан, өзің бас білдіресің 

бе?— деп еді, бала сөзге келмей жылқышының 

аздап демеуімен асаудың үстіне  қарғып мініп ал-

ды. Үстіне шыбын  қондыртпайтын асау адам мін-

генге көндіккісі келмей барынша тулады. Саттар 

атқа мықты еді. Аспанға шаншыла секірсе — мой-

нына жабысып, жалынан  ұстап алады. Ал тай 

мойнын астына алып мөңкісе — сауыр жағына 

шалқалап жатып, екі аяғын тайдың  қолтығына 

тығып жібереді. Сөйтіп Саттарды үстінен тулап тү-

сіре алмаған тай бір мезгілде бар пәрменімен 

шаба жөнелді. Алдында көрінген көшкін  құмнан 

сескенді ме, әлде басқа себебі бар ма, әйтеуір Сат-

тар тайдың тізгінін  қатты тартты. Тайдың басы 

кекжиіп  қалды, бірақ шабысын бәсеңдетпеді. Көп 

ұзамай-ақ теріскен түбіне жиналып  қалған  құм 

үйіндісіне сүрінген тай бірнеше аунап кетті. Сат-

тар да  құлады. Тұра салып  қайта  ұмтылғанда, ба-

ланың маңдайына серіпкен тай тұяғы келіп тиді. 

Жылқының тұяғы оңай ма,  қасының үстін жырып 

кетіпті. Сол-ақ екен, баланың бетін  қан жуып 

118 

жүре берді.  Қарттардың бірі тез шүберек өртеп 

күлін алды. Сөйтті де Саттарды шалқасынан жат-

қызып, жарақатына күл сеуіп 

қанын тоқтатты. 

Бармағымен жарақаттың төңірегін жайлап басып 

көріп: 

— Сүйегі аман, тек етін ғана жырып кетіпті, 

ештеңе етпейді,— деп маңдайын орамалмен  қатты 

таңып берді. 

«Мына тай тым тарпаң екен, баланы жазым 

қылып жүрер»,— дегендер де болып еді, оған Сат-

тар көнбеді. Оның бер жағында, кейбір үлкендер: 

«Тайдан  құламай бала өсе ме? Бетінен  қайтар-

маңдар»,— десті. Тайды  қайта  ұстап алып келген 

жылқышы жігіт тізгінді бұрынғыдан да  қысқарта 

түйіп: «Басын жөнсіз тартпа, еркіне жібер,  құла-

саң тізгінді  қолыңнан шығарып алма»,— деп ақы-

лын айтып  қайта мінгізді. Тай алғашқыдай неше 

түрлі амал-айла жасап бақты. Бұл әрекеттерінен 

ештеңе өнбеген соң,  құлағын  қоянша жымып ша-

ба жөнелді. Балаға да керегі сол еді. Бұл жолы 

басын тартпай тізгінді бос  ұстады. Сыр жақ бет-

тегі жазықпен  Құланды  құмға  қарай ойыса 

шапқан Саттар әп-сәтте көзден көрінбей кетті. Со-

ңынан біреулер тайдың шабысына, баз біреулер 

Саттардың өжеттігіне таң  қалысып  қала берді. 

Саттардың батылдығы мен әбжілдігіне, оның атқа 

деген  құмарлығына сүйсінген Балтабай деген кісі 

ойда  қалатындай бір сөз айтты. «Көне  қисса-жыр-

ларда жылқыны мақтап, дәріптегенде «жабыда-

йын жалтақтап жығылар жерін  қарамас» деп 

келеді ғой. Сол рас екен. Алғаш күрең тай шаба 

жөнелгенде, Саттар оның басын  қатты тартты. 

Тайдың басы кекжиіп алдында не барын көрмей 

қалды, бірақ шабысын бәсеңдетпеді. Жаман жабы-

дай жалтақтамады. Ендеше осы тайдан, көресің-

119 

дер, түбінде жақсы ат шығады». Саттар ет пісірім 

уақыттан кейін әбден  қан сорпасы шығып, тізгін-

ге едәуір көндігіп  қалған тайын мініп ауылға 

келді. 

Тайды көріп, сынаған  қариялар да, таңдаған 

Саттар да  қателеспепті. Күрең тай кейін ерен жүй-

рік болды. Аламан жарыста бас бәйгені бермеді. 

Асқардың атқұмар інісі Жақып сол күрең атқа 

қызығып сұрап ала алмай өкпелегені есімде. 

«Жылқыдан таңдағаныңды ал, бірақ баланың бә-

сіресіне сұғыңды  қадаушы болма»,— деп Асқар 

бермеп еді. Соның бәрі күні кеше болған сияқты. 

Өтіп бара жатқан уақыт-ай! Әсіресе тай үйреткен-

дегі оның өжеттігі ойымнан кетпейді. Саттардың 

қасының үстіндегі тыртық абайлап  қарамаған кі-

сіге біліне бермейтін,— деп әңгімесін аяқтады Әм-

зе ақсақал. 

Сол әңгімеден кейін маған  құм арасынан  қас-

қа тайын  қамшылап Саттар шыға келетіндей кө-

рінуші еді. Ол, әрине, шықпайды. Бұдан кейін де 

Әбекеңді талай рет әңгімеге тартып, сөйлестім. 

Міне, бүгін де шағыл  құмның үстінде отырмыз. 

Ойнақкөлден басталатын осы біз отырған 

Ұзынқұдықтың құмы,  Құланның,  Құмкелдің  құм-

дары бәрі де торғай жұтқан жыландай буылтық-

танып, Сырға  ұмсына сұлап жатыр. Осы тұста 

құм біткеннің бәрі Сыр сұлулығын көлеңкелегісі 

келмегендей жазықпен  ұштасып кетеді. Сондық-

тан да Сыр өзінің бар болмысымен ерекше әсем 

көрінеді. Көкпеңбек тораңғы жиделі  Қант, Майлы 

тоғайлары шексіз жатқан  қалың ормандай әсер 

береді. Сары  Қамыс тұсы ғана буылдырланып 

тұр. 

Өрістен күндегіден ертелеу  қайтқан бір  қора 

қой  құдық жаққа беттеп барады. Бүгін күн едәуір 

120 

ыстық болатын түрі бар. Сәскенің өзінде бозтор-

ғайлар бұта түбін паналап, әуеге көтерілмей 

қойды. 

Әбекең  қамшысын екі бүктеп жанына  қойды 

да,  құмның  қанша  қызғанын байқағысы келіп, 

қолын  құмға тығып көрді. Содан соң еш нөрсе 

болмағандай үнсіз  қалды, Тегінде Әмзе  қарт  қы-

зық. Үндемесең, ол да үнсіз отыра береді.  Қазақ 

«Сөз сөзден туады, сөйлемесең неден туады» деп 

бекер айтпаған ғой. Екі көзі малда, ал ойы  қай 

жақты шарлап жүргенін кім білсін. Бұл жерде 

одан не жайлы ойлап отырсың деп сұрау да ерсі. 

Ол кісі үшін мына  құмның әр жотасы тарих та 

шығар. Мүмкін,  құрбы-құрдастарын ойлайтын да 

болар. Әлде, мені көрген соң, ойына тағы да Сат-

тар түсті ме екен. Менің атақты жазушы жайлы 

ежіктеп сұрай беретінімді жақсы біледі. Ойлама-

ған жерден Әбекең менен: 

— Әдеке, осы сіз жылқы малының жер түбі-

нен  қашып келе беретінін білесіз бе?— деп сұ-

рады. 

— Жерсінбейтін шығар,— дедім, өз жауабыма 

өзім сеніңкіремей. 

— Ілгеріде Ерубай атамыз Бимен деген ағасы-

ның баласына дулат елінен  қыз алып беріпті.  Құ-

да-құдандалы кісілердің арасында, әрине, мал 

жүрген ғой.  Құдасына берген тебел айғырдың екі 

рет  қашып келгенін жыр етіп айтып отырушы еді 

үлкендер. Алатау бөктері, Ақсу бойы бұл жерден 

құнарсыз емес  қой. Жануардың  қашып келгенін 

енді ойласам, үйірін іздеген екен ғой. Мал екеш 

мал сүйткенде, адам мен адамның бақастығына 

қаның қайнайды. Осы  Ұзынқұдықты  қайта қоныс-

танғалы тіпті  қияшыл болып кеттім. Бірге өскен 

қатар-құрбыларымды аңсаймын. Олар күзгі жа-

пырақтай селдіреп  қалды ғой бүгінде. Саттар бол-

121 

са соғысқа да іліге алмады.—Қарттың тізесіне 

қойып отырған салалы саусақтары аздап дірілде-

гендей болды. Дене бітіміне, сексеуілдің бұтасын-

дай арбиған саусақтарына  қарап «Жас кезінде 

балуан болған шығар» деймін ішімнен. Ал Сат-

тардың шөпет жігіт екені мәлім. 

— Әбеке, сіздің Саттарға жақын ағайындығы-

ңыз бар ма еді?— дедім сөз арнасын басқа жаққа 

бұрғым келіп. 

— Менің Саттармен туыстығым да жоқ 

емес,— деді ол күліп.— Тегі, бізді  қоңырат ішін-

дегі Итемген балалары дейді. Естуің де бар шы-

ғар, жалпы, бізді Алпамыс батырдың  ұрпағы деп 

те атайды. Ал енді Итемген балаларының бәрін 

таратпай-ақ төтелей айтайын. Итемгеннен Бақты-

бай, Өтеулі, Меңдібай болып келеді де, Меңдібай-

дан Байғозы,  Құлшың туады. Саттар —  Құл-

шықтан, ал біз Байғозыданбыз. Төрт атадан 

қосыламыз. Ал енді Саттардың өзіне келсек ол 

Құлшықтан тарайтын Ерубайдың үлкен  ұлы Ас-

қардың кенжесі. Асқардың бәйбішесі Пәтектен — 

Қасым, Есім, Бападан — Сапархан, Саттархан ту-

ған (Саттардың о бастағы аты Саттархан болатын) 

Есімнен  қазір Алғабас ауданында тұратын Әшім 

дейтін бала мен Рәбаш деген  қыз бар. Ерубайдың 

екінші  ұлы Жүсіптің Күланда Мәликә, Жәми, Би-

бін, Бәтіш, Әлима деген  қыздары, Мәмет деген ба-

ласы болған. Облысымызда белгілі партия  қыз-

меткері болған Ысмайылов Нұртаза осы Мәлике-

ден туған. Темірландағы атақты дәрігер Әжиев 

Ерубай — Бибінің баласы. Аяулы ана өзінің  ұлы-

на сүйікті атасының есімін берген. Мәметтің  Қа-

мат дейтін  ұлы Кентауда кенші, Ерубайдың үшін-

ші  ұлы Нақыптан Жақсыбай деген  ұл мен Іләй, 

Жұмай деген  қыздар бар. Жұмайы — Түркістан-

да. Ал Жақсыбай, Іләй Бадам станциясында тұ-

122 


рады. Ерубайдың жақын ағайындарының бәрі 

дерлік осы Шымкент облысында. 

Ілгеріде Байғозы,  Құлшық балаларының жаз 

жайлауы да,  қыс  қыстауы да бір болатын. Осы 

Ұзынңұдыққа күзге салым келуші едік. Сөйтіп 

осында  қыстайтынбыз. Арыстандының бораны 

соққан кезде малды Шошқакөлдің  қалың  қамы-

сына апарып паналататынбыз. Жазға  қарай  Қара-

тау жаққа ойысып, Нұра, одан жоғары  Қаратау 

жондарына дейін барып, бұлақ-бұлақтың ба-

сында күземге шейін отырушы едік. Күнкөрісіміз 

мал болған соң, соның жайына  қарап,  қысы-жазы 

көшіп-қонып жүрген ол бір азапты заман еді ғой, 

қарағым! 

— Сонда  қалай, Әбеке, Саттар Ерубайдың 

емес, Асқардың баласы болғаны ма?— Мен Әбе-

кеңнен есіткендерімді тағы бір рет анықтай түс-

кім келіп сұрап  қоямын. 

— Иә, Асқардың баласы. 

«Япырау,— деймін өз-өзіме таңданып, осы 

күнге шейін Саттардың әкесі Асқар екенін біл-

меппін ғой. Сөйте тұра, Саттарды бір кісідей бі-

лем деп жүре беріппін. Александр Сергеевич Пуш-

киннің үлкен атасы Пушка батырдың Александр 

Невский жорықтарына  қатысқаны, ал кейінгі  ұр-

пақтарының аты былай тұрсын,  қайсысының 

шашы бұйра екеніне шейін көпке мәлім емес пе? 

Ал Михаил Юрьевич Лермонтов ше? Оның тоғы-

зыншы ғасырдағы Лермонтадан тараған 234 ата-

сының аттары түгел  қағазға түсірілген. Ал мен 

кеше ғана арамызда жүрген Саттар жайлы жөнді 

білмеймін. Соған кінәлі адамдай жөнсіз ыңғайсыз-

данып отырмын. Саттар, әрине, Пушкин де, Лер-

монтов та емес. Сейтсе де, Саттар — Саттар ғой! 

Қазақтың Саттары көп пе? Халқымыздың  қанша-

ма талантты перзенттері бар. Олардың саны бар-

123 


ған сайын көбейе түсуде. Бірақ оның бірі де Сат-

тар бола алмайды. Саттар  қашанда  қайталанбас 

дара тұлға ғой! 

Мен оған мұның бірін де айтпадым. Әбекең, 

жалпы, көп сөйлемейтін кісі. Әңгімені айтса ма-

йын тамызып, жүйелеп айтады. Күнделікті елеу-

сіз еңбектің соңында жүрген осы бір  қарапайым 

қарттың көкірегі тола сыр, шежіре екенін бұрын 

қалай аңғармағанмын. Тағы біраз отырып, аз-кем 

шаруа жайын ақылдасқан соң, енді Ерубай жай-

лы сұрадым. 

— Мен Ерубайды көргенім жоқ,— деп баста-

ды Әбекең әңгімесін.— Әйтсе де ол жайлы ел әң-

гімесіне  қанықпын. Әкем де ол туралы айтып 

отырушы еді. Ерубай насатты, ат жақты, реңді 

денесі сомдап соққандай,  қайратты кісі екен. Со-

нымен бірге ол шешен, парасатты, өжет, турашыл 

адам болыпты. Ел ішінде оның мінезін сипаттай-

тын мынадай бір әңгіме бар. 

Ол кезде Божбан ауылдары Түркістан мен 

Өзгент (қазіргі Жаңақорғанды айтып отыр) ара-

сын жайлайды екен. 

Жаздың бір жадыраған күнінде Ақсүмбі — 

Сауысқан деген жерде кілең бір аң шаңқан үйлер 

тігіліп, жиын болады. Оған Божбан балалары тү-

гел  қатысады. Сол кезде жиырма бірге жаңа шық-

қан Ерубай да келеді. Жер ошақта жаңа ғана со-

йылған ту биенің еті бүлк-бүлк етіп  қайнап жата-

ды. Әдетте  қазақ рәсімінде келелі сөз дастарқан 

соңында айтылады. Бұл жолы да солай болады. 

Бас  қосқандар мінезі тік, ел жуандарына  ұнай 

бермейтін Мырзабай датқаны өлтіруге пәтуала-

сады. 


Ерубай бұл лаңның ауыртпалығы халыққа тү-

сетініп, Мырзабайды  қаралап жатқандардың одан 

124 

әлдеқайда қатыгез, әлдеқайда ессіз екенін дұрыс 

түсінеді. Бірақ сабыр сақтап үнсіз отырады. 

Жиналғандардың арасында пікір алалығы бол-

майды. Сол кезде Ерубай орнынан бір шөкелеп 

көтеріледі. Ол отырғандарды айыптап та, жазғы-

рып та жатпайды. Бірақ мұндай  қарақшылыққа 

өз ауылдастарының бара алмайтынын ашық біл-

діріп, «Егер  қара ниеттеріңді іске асырам десең-

дер, бізден  қолдау күтпеңдер» дегенді айтады. Еш-

кім де істің бұлай насырға шабарын білмеген еді. 

Сондықтан да олар жайлап,  қорқытып та айтып 

көрді. Бірақ Ерубайды алған бетінен  қайтара ал-

майды. Оның бер жағында, жігіттің батыр тұлға-

сынан, кілең сайдың тасындай найзагер серіктері-

нен  қаймығады. Сөйтіп ақ биенің еті желінгені-

мен, пәтуаға келе алмайды. Ел жуандары «бата 

бұзар» деп Ерубайға ренжіп, тістерін  қайрап, 

ауыл-аулына тарайды. 

Көп  ұзамай бұл әңгіме Мырзабай датқаға да 

жетеді. Датқа «Шапсам —  қылышым болмай 

ма» деген үмітпен жас жігітті өз жағына тартпаң-

шы болады. Бірақ Ерубай датқаға  қолбала болғы-

сы келмейді. Бұл екі арада Ерубай бір жиында 

айтты деген сөз ел ішіне тарап, жас жігіттің беделі 

асып, датқаның  қолы жетпестей биікке көтеріледі. 

Нақ осы кезде Мырзабайдың  қаталдығынан көк-

темгі  қара суықта тоған байлап жүріп, бір жас 

жігіт мерт болады. Бұл суық хабарды естіп, Еру-

бай  қатты күйінеді. 

Бір жиында Мырзабайдың елге істеген  қияна-

тын бетіне басып, ат үстінен аударып алып сабай-

ды. Осы оқиғадан кейін ағайын арасында араздық 

туып кетер деп  қауіптеніп, Сырдарияның жоғар-

ғы жағына көшеді. Ерубайдың өзі  қазіргі "Овце-

вод» совхозының жеріндегі  Қарғалы тоғай мен 

Оқсыз төбенің аралығына келіп  қоныстанады да, 

1

25 


үлкен баласы Асқар біраз ағайынымен  Ұзынқұ-

дықты таңдайды. Ерубай әбден  қартайып, сексен 

жасында дүние салыпты. «Оқсызға  қойдық» деп 

отырушы еді әкем марқұм. Содан Мырзабай көзі 

тірісінде Ерубаймен  қатынаспайды да, ол  қайтқан 

соң «Өлімге өкпе жүрмейді» деп келіп Асқарға 

көңіл айтыпты. «Ерубайдың менде өтелмеген  қа-

рызы бар» деп Асқарды № 21  Ұзынқұдық ауы-

лына старшын сайлатып кеткен де сол деседі. 

Әбекеңнің әңгімесін тыңдай отырып, Саттар-

дың «Мәңгілік өмір туралы жырындағы» мына 

бір жолдарды еске алдым. 

«Елу жылдар бұдан бұрын, өлген едім, жан балам, 

Танымасаң енді таны, сен — немерем, мен — бабаң, 

Бұл өмірде сексен жасап, өліп кеткен адам ем, 

Мойнымдағы міндетімді атқардым деп санап ем. 

Жер бетінде сүйретіліп жүріп едім бір ғасыр, 

Ол ғасырдың сүйетұғын  ұлы жоқ-ты жан ашыр. 

Жер бетінде сүйретіліп жүріп еді бір датқа, 

Қан арқылы, мал арқылы жеткен, шіркін, мұратқа. 

Күнгей менен Теріскей боп, сұлап жатқан дала еді. 

Сол далада  қазақ деген сорлы халық бар еді, 

Бетегеден биік еді, аласа еді жусаннан, 

Қайтқан құстай кешіп жүрген, Бақыт көрмей  қашаннан, 

Жел білетін  ұшатынын, сай білетінін  қонарын, 

Құдайы да, адамы да ойламаған обалын. 

Сол халықтың датқа жүрген жаншып басып арқасын, 

Қаннан арық ағызған ол, сусын ішіп  қанғасын. 

Бұл жауыздың сұмдықтығын, ойлап біліп түсіндім, 

Бір күн барып ат үстінен жұлып оны түсірдім. 

Ер үстінде  ұйқтамасаң — атқа мініп нең бар еді?! 

Халық  қамын жей алмасаң — датқа болып нең бар еді?! 

Домалатып сабап алдым жұрт алдында датқаны, 

Жерді жарып осы хабар сары даланы  қаптады...» 

Саттар осы өлең жолдарын атасы Ерубайдың 

басынан кешірген оқиғасы негізінде жазғаны ай-

дан анық, Осы жайды ойлап отырып, Ерубайдың 

жатқан жерін тағы да еске алдым. «Ерубай Оқсыз-

126 

ға  қойылса белгілі жерде жатыр екен» дедім 

ішімнен. 

Оқсыз — Сырдың сол жақ бетіндегі көне ша-

һардың орны.  Қаланың аты әсіресе соңғы жыл-

дары Отырар төңірегінің зерттелуіне байланысты 

кеңінен танымал бола бастады. Өйткені атақты 

бабамыз әл-Фараби осы Оқсызда туған деген ғы-

лыми жорамал айтылып жүр. Бүгін мен Әбекең-

нен көп жаңалық есіткендеймін. Әйткенмен де, 

Саттарға байланысты ежіктеп сұрап, біраз жайға 

қанық болдым. 

Әмзе ақсақал салалы саусақтарымен шоқша 

сақалын тарамдап отырып, былай деді: 

—  Ұзынқұдықтағы ауыл сауыңқой еді. Келін 

түседі,  қыз  ұзатылады дегендей, ойын-сауық көп 

болатын. Жастар түк таппаса, тоқтының  құлағы-

на мақта тығып, «мына малдың айналмасын жа-

замыз» деп бәдік айтатын. Саттардың әкесі Асқар, 

шешесі Бапа сауықшыл жандар еді, өлең десе тү-

леп кетуші еді. Біздің елде молда Мұса деген кісі 

болушы еді, өзі ақын әрі жыршы болатын. Сол кісі 

Асқардың үйіне келіп түскен күні таң атқан-

ша бүкіл ауыл болып оның жырын тыңдаушы 

едік. Асқар ел жұмысымен көбіне сыртта жүре-

тін. Үй шаруасының салмағы Бапаға түсетін. 

Саттар екеуміз түйдей  құрдас едік. Жылы-

мыз — сиыр.  Қазіргі жыл санаумен есептегенде 

1913 жылы туыппыз. Саттардың өзі «Мәңгілік 

өмір» новелласында «Бұл 1920 жылы болып еді. 

Онда мен жеті жаста едім!» деп жазады. 

Біздің  қолымызда Әбекеңнің бұл айтқандарын 

дәлелдейтін айғақты материалдар жеткілікті. Сат-

тарды Ленинградтағы тарих — философия инсти-

тутына  қабылдаған бұйрықтың көшірмесі бар. Он-

да Саттар Асқарұлы 1913 жылы туған деп анық 

жазылған. Ал оның туған жылы 1914 жылы бо-

127 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал