Саттар шебер прозашы. Саттар көп тілді совет әдебиетінің жемісті бір



жүктеу 104.15 Kb.

Дата11.03.2017
өлшемі104.15 Kb.

Саттар - шебер прозашы. 

Саттар көп тілді совет әдебиетінің жемісті бір 

саласы —  қазақ әдебиетінің  қасиетті төрінен өзі-

нің жарқын жазушылық талантымен орын алды. 

Әдебиетіміздің алтын  қазынасына өзінің бірнеше 

новеллалары мен атақты «Менің 

құрдастарымын» 

қосты. Эстетикалық талғамы өскен бүгінгі  қазақ 

оқушылары Саттар творчествосымен танысқан уа-

қытта ең алдымен оның творчестволық беті, мәде-

ниеті жоғары жазушы екенін аңғарады, мезгілсіз 

қайтыс болғанына  қанша күйінсе де,  қымбат мұра-

сына сонша сүйсінеді. 

Саттар творчествосын таныстыру үшін хроно-

логиялық принциптен іргені аулақ салып, Саттар-

дың әр жанрда  қандай табысқа ізденіс жасағанды-

ғын көрсеткен абзал. 

Саттар поэзия саласында бір  қатар барлау жа-

сап, едәуір табысқа да жетті. 

Қазақ әдебиетінде 

породия мен эпиграма жазуды тұңғыш  қолға алды, 

баллада жанрын тұрақтандыру үшін көп еңбек ет-

ті. Саттардың творчествосы оның журналистік  қыз-

метінің игілікті әсерімен толықтырылып отырды. 

Өмірге белсене араласу, жаңаны орнықтыру, ескі, 

кертартпа атаулымен күресу ниеті Саттардың өткір 

тілді, тартымды публицистикалық шығармаларын 

тудырды. Әдебиет майданындағы жауынгер, ай-

бынды солдат Саттар өрістеген ойды,  қиялды, өмір-

ді шынайы да  қомақты көрсетуге мүмкіндік бере-

тін прозаға ерекше ден  қойды. 

Қазақ совет әдебиетінде прозаның шағын тү-

рі - суреттеме мен очерк, көркем әңгіме мен новел-

ла - ерекше көрнекті орын алады. 20-30 жылдар-

дағы социалистік 

құрылыстың алып  қарқыны өмір-

де болып жатқан орасан зор жаңалықтардың ізін 

суытпай бейнелеуді талап етті. Жазушылар бұл 

әмірлі талапқа «бағынуға» мәжбүр болды, мұның 

оларға тек пайдасы ғана тиді, өйткені олар  қалам-

дарын өмір шындығымен жаттықтырды, өмірден кө-

бірек хабардар болды. Бұл кезде очерк пен әңгіме-

лердің ерекше мол болуының себебі: жаңадан ғана 

әдебиет әлеміне араласа бастаған жас таланттар 

роман-повеске бата алмады, әңгіме, көркем очерк 

саласында 

қанаттанды, жазушылықтың «дайындық 

мектебінен» өтті. 

Саттар «Менің 

құрдастарымды» жазудан бұрын 

өзінің  қаламын прозаның кіші түрлері арқылы  ұш-

тап алды. Оның очерктерінде нақтылы өмір шынды-

ғының мәнді 

құбылыстары іріктеліп алынды. 

Саттардың «Өмір келбеті», (орыс тілінде жазыл-

ған) «Кешегі езілген жарлы - бүгін ауқатты, мәде-

ниетті колхозшы» және «Төрт  қыз» деген очерктері 

өзінің көркем пейзаждарымен, ойлы да оюлы тілі-

мен, нақтылы шындықтың әсерлі суретін көрсетуі-

мен оқушыға үлкен әсер етеді. Бұл очерктер кон-

траст негізінде жазылғандықтан, оқушыларды шұ-

ғыласыз өткен ескі өмірден жирендіріп, жаңа 

бақытты социалистік өмірді тез  қалыптастыруға, ор-

нықтыруға үндейді. Сондықтан да «Өмір келбетін-

дегі» Өмірзақ; кешегі езілген жарлы - бүгін ау-

қатты, мәдениетті колхозшы, өмір азабынан, байдың 

тепкісінен  құтылып, колхозға кірген, еркін еңбекті 

тіршілігінің арқауы еткен Демеуқұл, Ворошилов 

атқыштарының бүкіл одақтық жарысына дайында-

лып жатқан 

құралайды көзге ата білетін бақытты 

да шат  қазақтың төрт  қызы  қалыптасқан характер 

дәрежесіне көтеріле алмағанымен, айқын да тар-

тымды суреттелген. 

Очерктердің публицистикалық желісі нақ тар-

тылып, автордың идеалын барынша нақтылай түс-

кен. Саттардың алып-ұшқан 

ұ ш қ ы р 

қиялы өзінің 

көз алдындағы өмір шындығьі төңірегінде шырма-

лып  қалмайды, жаңалықтың артықшылығын ай-

рықша бадырайтып көрсететіндей көріністер іздей-

ді. Бақыт 

құшағындағы 

қазақтың төрт  қызын оқуда 

озат, еңбекте екпінді етіп суреттей отырып, олардың 

жастық өмірін капиталистік елдердегі жастардың 

аянышты, 

қара түнек өмірімен салыстырады, 

қа-

наушылық үстемдік еткен елдерде жастық жоқ, он-

да «Жас болу - бақытсыздық» екендігін көрсете-

ді. Саттар очерктері көркемдік жағынан түгелдей 

мінсіз деп айтуға болмайды. «Күрес түйісінде» 

деген очеркі, «Егор Бутенко» деген суреттемесі сұ-

рау-жауап формасында жазылғандығын айтып өт-

кен жөн.  Қ а л а й болғанмен де очерктер Саттардың 

міндетті түрде басып өтетін жолы,  қаламын шыңдап 

алатын жанры болуға тиіс еді. Өйткені өмірмен 

танысу, өмірде болып жатқан 

құбылыстарды сөз 

өнері арқылы көрсете білу - әр жазушының  қасиет-

ті борышы. Горький сөзімен айтқанда, Саттар біз-

дің әдебиеттің жауынгер жанры - очеркке ерекше 

мән бере білді, өзінің творчестволық күшін, мүмкін-

шілігін сынап көрді. 

Саттар творчествосында  қомақты, ойлы фило-

софиялық пайымдауға толы новеллалардың орны 

мүлде өзгеше өресі биік. Көлемі шағын, алымы мол 

Саттар новеллалары, тартымды, эстетикалық әсері 

күшті шығармалар ретінде біздің жаңадан ғана 

қалыптасып, ілгері даму процесін басынан өткере 

бастаған жас прозамыздың  қорына  қосылды. «Ба-

қыт» деген шын мәніндегі көркем әңгіме өзінің тіл 

шұрайлығымен ғана емес, философииялық сазымен 

де, өршіл романтикасымен де оқушыны баурап ала-

ды. Әңгіменің геройы - бақыт. 

Бақыт деген не деген сұрақ нәзік жанды Саттар-

ды терең ойға батырады. «Талай бақытпен бетпе-

бет кездескен»,  қазір өзі бақыттың  құшағында жүр-

ген жас талант әуелгі кезде шаруасы кем, 

қолы 

қысқа семьядағы Барлыбайдың нанды аңсап, зар 

қаққанын, әкесі Жақсыбайдың әкелгеніне 

қарнын 

тойдырып алып,  қуанғанын көргенде: «Мен бақыт 

деген нан ба екен деуші едім»,- деген  қорытынды 

жасаса, артынан жаңа өмірмен өзгерген бақытқа 

жүзбе-жүз кездескенде бақыттың мәні де, мазмұны 

да басқаша екендігін түсінеді. «Бақыт дегеніміз  ұлы 

еңбек, бақыт өмірмен  қатар келмейді екен, бақыт 

дегенімнің өзі біздің өмір екен!»- деп терең ойға 

батырған сұрақтың шешуін табады. 

Саттардың бақыт жөніндегі романтикалық сұ-

рағы мен жауабы нақты өмір  құбылыстары арқы-

лы шешілгендіктен де эстетикалық әсері күшті 

болып, адал еңбектің өкілі болуға  ұмтылдырады. 

Новелла көркем формада біздің социалистік Отаны-

мыздың негізгі моралын - адал еңбек етсең, ба-

қытты боласың деген  ұранды насихаттайды, жас-

тарды творчестволық еңбекке шақырады. 

«Өмір көркемдігі» деген новелласында Саттар 

«өмірдің көркемдігін көзімен» көріп, өзгені де осы 

сұлулықтан, көркемдіктен ләззат алуға ортақ етті. 

Новелладағы көріністер мен  ұтымды уақиғалар, 

шебер  қолдан  қастерленіп шыққан өмір көрінісінің 

портреті мынадай логикалық  қорытындыны тудыр-

ды: «Дәмеліні сұлу еткен оның денесінің,  қолының 

кербез, өте көркем сансыз  қозғалысы, көз  қарасы-

ның  құбылуы, күлкісінің күмістей тазалығы болса, 

сол сансыз көркем  қозғалысты,  құбылмалы, оттай 

ыстық көзқарасты, таза күлкіні туғызған Дәмелі-

нің бақыттылығы,  қуанышы, шаттық өмірі - уа-

йымсыздығы». Сөйтіп, Саттар біздің өміріміздің 

көркемдігін осылайша  қастерлей алды, бұл өмір 

үшін аянбай еңбек етуге, реті келгенде бел шешіп 

күресуге шақырды. «Адамның өзі өмірімен адам 

емес пе!»- деген пікір түйді. Саттар публицистика-

ға толы, философиялық сазы басым новелланы  қа-

зақ әдебиетінің 

қалыптасқан жанрына айналдыруға 

бар күшін жұмсады. 

Орыс тілінде 1935 жылы жазылған «Мәңгілік 

өмір» деген новелласында жас талант өлімді өмір-

ге, 

қайғыны 

қуанышқа жеңдіріп, мәңгілік өмірдің, 

өлмеушіліктің сырын ашады. Бұл новелла өзінің 

сюжеттік желісі жағынан «Менің  құрдастарым» ро-

маны увертюрасының 

құрамды бір бөлімі болып 

қиюласқан «Мәңгілік өмір туралы жыр» атты бал-

ладамен іштей сабақтасып жатады. Осы екі шығар-

мада да бақытты өмір үшін күресу, Отанды сүю, 

адал еңбек ету идеясы көрсетіледі. 

Саттардың «Келесі соғыс туралы» новелласынан 

жас автордың болашақты дарындылықпен байқап, 

ой түйе алатындығын көреміз. Сонымен бірге осы 

шығарманың 

қазақ әдебиетінде ғылыми фантасти-

каның алғашқы туындысы болғандығы да Саттар 

творчествосына зор абырой болмақ. Шұрайлы да 

қою оқиғаны  қызықты да ойлы суреттеп беру жағы-

нан келгенде, келесі соғыс туралы новелла  қазақ-

тың ғылыми  қиялының шырқау биігі ретінде әрқа-

шанда жарқырай бермек. 

Саттардың новеллаларында өршіл романтика, 

өткір публицистика, философиялық пайымдау өз-

ара біте  қайнасып, эстетикалық әсерді күшейтіп 

отырады. Бұл Саттар новелласының ерекшелігі. 

Саттардың өрістеген ойына, алымды  құлашына 

поэзияның, прозаның шағын түрлерінің шеңбері 

тарлау болды. 

Қиялдан күшті шындықты шынайы 

қалпында  қомақты етіп суреттеу үшін Саттар  ұ за қ 

сонарлы романға ден  қойды. 

«Менің 

құрдастарым»- Саттардың көлемді 

тұңғыш та ақырғы шығармасы. Өмір шындығы -

көркем әдебиеттің негізі. Жазушы бұл шындыққа 

назар аудармай, одан өзінің творчествосына нәр ал-

май отыра алмайды. Көркем шығармада көріністер-

сіз, характерсіз, тартымды штрихтарсыз адам обра-

зын жасауға болмайтындығын түсінген Саттар 

өнеркәсіп саласын —  Қарағандыны кейіпкер тұлға-

сын шыңдайтын еңбек ордасы, жаңа өмірді орнық-

тыруда адамдардың кездескен 

қиыншылықтарды 

жеңуінің, үздіксіз өрлеп, табысқа жетудің айбынды 

майданы, адам характерін  қалыптастыратын өндіріс 

мектебі ретінде алғанда, жүмысшы табының өсу 

кезеңдерін дүниеге жаңа ғана келіп, буынын  қатай-

тып келе жатқан советтік жас интеллигенцияның 

қалыптасу процесін көрсетуді мақсат еткен яғни 

Қ арағанд ы тақырыбын еңбек майданының негізгі 

ерлері - жұмысшылар мен инженер-техник  қызмет 

керлерді жанды байланыста көрсету үшін жалпы 

өндірістік фон, объект ретінде алған. Расында да, 

көркем әдебиеттің көздейтін негізгі мақсаты - нақ-

тылы өндіріс процестері арқылы адамды сурет-

теу ғой. 

Саттар өзінің негізгі ой-жоспарын сазына жеткі-

зіп, романының алғашқы нобайын аяқтап шығуға 

мұршасы келмеді. Сондықтан да  қазақтың техни-

калық интеллигенциясының туу, өсу, 

қалыптасу 

процестері бірсыдырғы көркемдік нанымдылықпен 

суреттелгенмен, логикалық 

қорытындыға жетпей 

қалды. Әйтпегенде, инженерлер - Рақмет пен Ли-

заның, дәрігер Ықыластың 

қалыптасқан характер-

леріне 

қатардағы жұмысшыдан инженер-техник 

қызметкерлерінің дәрежесіне дейін өсіп келе жатқан 

байырғы шахтер Илья, Алексей, Бейсен, Шектібай, 

Әліптердің, техникалық жағынан сауаты ашылып, 

өрісі кеңіп, мәдениетке 

құлаш сермеп келе жатқан 

Мырзаш,  Қали, Аркаша, Айша, 

Ұ лбосындарды ң 

жасалып келе жатқан образдарына әлі де талай 

ұтымды детальдар  қосылып, жанды сипатқа ие бо-

лар еді. 

Әрине, бұл образдардың тағдыры да, атқаратын 

қызметі де негізгі образдардың шынайы характер-

лерін ашу үшін кейде психологиялық талдаудың, 

кейде сыртқы көріністің фоны етіліп беріліп отыры-

латындығын, жазушының ой төркініне  қарай олар-

дың екінші планда көрсетілуге тиіс екендігін де ес-

тен шығармау керек. 

Саттардың бүкіл творчествосы, оның ішінде "Ме-

нің 

құрдастарым» романы жөнінде С. Мұқановтың: 

«Саттар Ерубаевта нағыз социалистік жазушының 

ынта-тілегі, поэтикалық ерекшелігі бар еді. Сон-

дықтан да ол нақтылы өмір материалдарына көр-

кемдік обобщение жасау арқылы бірден-бір дұрыс 

жолмен жүрді»- деген пікірі мейлінше дәл және 

әділетті айтылған. 

«Менің 

құрдастарым»- социалистік реализм 

әдісін игере отырып жазылған шығарма. Өмір шын-

дығы жан-жақты суреттеліп, 

қомақты көрсетіл-

ген. «Түннен де  қараңғы кешегі өмір, бақытты да 

қуанышты, жаңалыққа толы өзгерісті,  қиялдан да 

күшті бүгінгі шындық» эстетикалық мол әсермен ға-

на көрсетіліп  қоймай, жарқын болашақ көркемдік 

нанымдылықпен шебер суреттелген, яғни өршіл 

романтика романның жанды арқауы болып  қиюлас-

қан. Осының нәтижесінде Саттар 30-жылдардың 

екінші жартысында саннан сапаға көше бастаған 

жас прозамызда замандастарымыздың жарқын бей-

несін, жағымды образын жасай алды. Рақмет пен 

Лизаның образы - әлі күнге дейін оқушыны баурап 

алатын, эстетикалық әсері мол, жастарға үлгі беріп, 

творчестволық еңбекке 

ұмтылдыратын жағымды 

бейнелер. Романың негізгі идеясы Рақмет пен Ли-

заның іс-әрекеттері, олардың психологиялық толға-

нулары,  қылықтары арқылы, өндіріс процесіне ара-

ласып, біте  қайнасып жүрген байырғы шахтерлер 

мен алыпты 

құруға келген жастардың ерлік істері 

арқылы және саналылықтың күшеюін, жұмысшы-

лардың инженер-техник 

қызметкерлері дәрежесіне 

дейін өсу процесін нақтылай суреттеу арқылы ашы-

лып отырылады. 

«Роман туралы әңгіме» шын мәнінде шығарма-

ның барлық тарауына барлық бөліміне ортақ идея-

ны өршіл романтикалық сарында баяндаған, автор 

сөзімен айтқанда, «романның увертюрасы», лейт-

мотиві болып шыққан. Саттардың көркемдікпен су-

реттемек идеялары: бүгінгі советтік шындықты 

көрсету ғана емес, оны орнықтыру, жетілдіре, да-

мыта түсу, ертеңгі жарқын болашаққа баратын 

даңғыл жолдарды бүгін дайындау. Отанның, ха-

лықтың ар-намысы — партияны сүю, «жаңа се-

зім — интернационалдық сезімді», халықтар дос-

тығын нығайту, бақытты болу,  ұлы еңбегімен өл-

мейтін де өшпейтін мұра жасау идеяларын осы 

«романның увертюрасында»  қысқа, бірақ өте әсер-

лі баяндайды. 

Романның  қалған бөлімдері контрастпен жа-

зылған. Алғаш  қарағанда «Менің 

құрдастарым» 

(романға баратын I жол), «Менің ағаларым» (ро-

манға баратын II жол), «Роман былай басталды I, 

Роман былай басталды II» деген тақырыптарда еш-

бір мән жоқ сияқты болып көрінеді. Шындығына 

келгенде, мұнда шеберлікпен  қатар, уақыт пен көр-

кемдік бояуларын  ұту бар, контрасты суреттеулер 

арқылы жасамақ образдардың тұлғасын айқын, 

жанды етіп көрсетуге  ұмтылушылық бар. Бұл мақ-

сат романның композициялық 

құрылысын 

ұтымды 

да динамикалы етуге керемет мүмкіндік берген. 

Романға баратын бірінші жол - «Менің  құрдас-

тарымда» өз кейіпкерлерімен бірге араласып, 

қуа-

нышы мен ренішіне ортақтасып жүрген Саттар ба-

қыт 

құшағындағы совет жастарын, олардың оқу мен 

еңбек майданындағы табыстарын, мәдениеттілікке 

ұмтылған өршіл талаптарын, көркемөнерді өзінің 

учаскесінен жақсы білетін, көркем әдебиеттің көмес-

кі соқпақты жолымен штрехте жүргендей боп жүре-

тін. Скрипка жөнінде сөйлесе, өзінің шахтерлік лам-

пасы жөнінде айтып тұр ғой дейтін» халге жеткен 

инженер Рақметтің ғасырлар бойы 

қойшылықпен 

келе жатқан ата заңын бұзып, совет мектебінде 

тәрбиеленіп адам болғандығын суреттейді. 

Романға баратын екінші жол — «Менің ағала-

рымда» ағылшын капиталистерінің 

қанауындағы 

Қарағандының сүреңсіз келбеті, жұмысшылардың 

аянышты халі, Илья, Алексей, Әліп, Шектібай, Бей-

сен сияқты толып жатқан жұмысшылардың ауыр 

еңбегі, сор өмірі, күн көрістің  қиынға айналып,  қа-

наушылықтың бұрынғысынан да күшейе түскені, 

озбырлардың Күландаға — Рақметтің апасына — 

көрсеткен зорлығы, бұл уақиғаның жұмысшылар-

дың ашынған ызасы мен кемерден асқан ашуының 

көрінер формасына айналуы, 

қанаушыға 

қарсы эко-

номикалық күрес ашуы, Күландасынан айрылып, 

қасірет дүниесіне енген Төлептің сахара албасты-

сы — Долбы байдың  қорлығы мен тепкісіне 

қай-

тып оралғандығы тамаша бейнеленген. 

Осындай контраст арқылы Саттар бақытты — 

бақытсыздыққа,  қуанышты — мұңға, мәдениеттілік-

ті — надандыққа, әділеттікті — әділетсіздікке, 

адамдықты — айуандыққа 

қарама-қарсы 

қоя оты-

рып, советтік өмірдің жарқыраған күн екендігін, 

ескі  қанаушылыққа негізделген өмірдің  қара түнек 

түн екендігін өте шебер көрсете алған. Мұндай 

контрастар жаңаға  ұмтылдырып, ескіден безіндіре-

ді де жирендіреді. 

«Роман былай басталды — I» және «Роман бы-

лай басталды — II» деген бөлімдердің мақсаты жо-

ғарғы контрастан мүлдем басқаша. Мұнда оқу мен 

еңбек процестері суреттеледі, олар  қ а р а м а - қ а р с ы 

қойылмайды, 

қайта бірін-бірі толықтыра түсетін 

творчестволық процесс екендігі ескеріліп, әрқайсы-

сының өзіне тән ерекшеліктері айқын да әсерлі 

баяндалады. 

Бұл айтқандарымыз — романның бірден көзге 

түсетін композициялық ерекшелігі. Сонсын Саттар 

солғын сюжетті  ұнатпаған жазушы екендігін айта 



кету керек. Сондықтан да шығарма композициясына 

алып  қарқынды советтік өмірдің темпераменті әсер 

еткен. Содан болуы керек, Саттар романында уа-

қиғаларды өрбіту, тартыстарды күшейту процестері 

ұзақ, баяндауларсыз, күрделі пейзаждарсыз беріл-

ген. Эпизодтардың келте болуы уақиғаның логика-

лық байланысын үзбей 

құбылта түсуге, лирикалық 

шегіністерді мол  қолдануға, сөйтіп, оқушының ын-

тасын арттыра түсуге мүмкіндік берген. Осының 

нәтижесінде «Менің 

құрдастарым» темпераменті 

күшті, эстетикалық әсері мол шығарма болып 

шыққан. 

Романда  Қарағандының өткендегісі мен бүгінгі-

сі нақтылы суреттеліп, жарқын болашағы 

ұ ш қ ы р 

қиял арқылы, негізі бүгін 

қаланып жатқан алып 

комбинат-шахта 

құрылыстары арқылы көркемділік 

нанымдылықпен баяндалады. Бүгінгі «қиялдан да 

күшті шындықты» орнықтырып, дамытып жатқан 

жастар мен байырғы шахтерлер шынайы  қалпында, 

типтік жағдайларда әсерлі бейнеленген. Саттардың 

сонау 30 жылдары  қиялдағандарының бүгінгі  Қа-

рағандыда жүзеге асқанын көрген уақытта социа-

листік өршіл романтиканың творчестволық мүмкін-

дігін анық танығандай боламыз. 

Автордың орнықтырмақ болған озық идеалы 

Рақмет пен Лиза образдары арқылы берілген. Рақ-

мет пен Лиза —  қалыптасқан характері, типтік си-

паты бар образдар. 

Рақмет — революциялық күресті басынан өткер-

меген, совет мектебі мен институтында тәрбиеленіп, 

еңбек майданында әбден 

қалыптасқан 

қазақтың 

советтік интеллигенциясының өкілі ретінде көрсе-

тілген жағымды образ. Автор өзінің бас кейіпкерін 

өмірдің талай соқпағынан, белестерінен өткізеді. 

Рақмет патриархалдық тіршілік үстемдік еткен 

Долбы жазығында, «еш уақытта Бетховеннің атын, 

Рембрандтың атағын есітпеген... еш уақытта Гомер 

аты аталмаған, бұл даланың үстін басып Беранже 

өлеңін білетін адам еш уақытта жүрмеген» мәдениет 

дегеннен жұрдай, экономикалық мешеулік пен  қа-

наушылықтың ордасы болған Долбы жазығында 

туып, тұщы етіне Долбы байдың ащы таяғы тиіп 

өскен  қойшы екендігі бір лирикалық шегіністе көр-

сетілсе, енді Октябрь революциясынан кейін «Батыс 

Европаның ешқандай халқы көрмеген жаңа өмір, 

мәдениет  құрыла» бастаған өлкеде ер жетіп, аза-

маттық борышын адал ақтай бастағаны баян-

далады. 

Автор Рақмет образы арқылы 

қазақтың техни-

калық интеллигенциясының  т у у ,  қалыптасу процес-

терін дұрыс көрсете алған, 

қойшылықтан инженер-

лікке дейінгі  ұзақ сонарлы өмір нанымдылықпен 

суреттеледі де, өмірдің әр белесіндегі кейіпкер күйі, 

ортасы, мақсат нысаналары, өсу процестері шынайы 

қалпында көрсетіледі. Балалар үйіндегі Рақметтің 

өз ортасына  қарай ойлайтын ойы, істейтін ісі сә-

билік сатыда болса, студент Рақметтің өмірге көз-

қарасы, мақсат нысанасы толыққан, бірақ та ло-

гикалық дәйектілікке ие болмаған. Институт әрбір 

жасқа елдің адал  ұлы болу үшін  қажетті сана, білік 

бергенімен, оның характерін толық 

қалыптастыра 

алмайды, ол процесс нақтылы еңбек үстінде, прак-

тикалық өмірде шынығады, орнығады. Міне, сон-

дықтан да автор инженер Рақметті  Қарағандының 

алып  қарқынды өміріне араластырып, тартысқа 

түсіреді, ескімен күресіп, жаңаны орнықтыруға 

бар күшін жұмсатады, алғыр  қиялымен келешек-

ке көз жібертеді. Сөйтіп, оның харакетін айқындай 

түседі. 

Рақмет — талғамы күшті, өмірдің барлық сала-

сынан жеткілікті хабары бар, мәдениет шыңына кө-

терілуге талаптанған, оның едәуір биігіне көтеріле 

алған өршіл жас. Рақметтің өз айналасындағылар-

дың шоқтығы биік болуы, оларға үлгі болатындай 

жағымды образ дәрежесінде суреттелуі заңды да 

нанымды. 

Рақмет комбинат-шахтаның жобасын жасап, бү-

кіл  құрылыс ісін өз  қолына алған, техниканы жетік 

білетін инженер  қалпында бір жақты баяндалмай, 

өрісі кең, эстетикалық ләззаты мол совет интелли-

генті ретінде суреттелгендіктен, әсерлі де жанды 

болып шыққан. 

Рақмет  - ж а ң а ш ы л адам. Оның новаторлығы 

өндіріс саласында комбинат-шахтаның жобасын 

жасау, оның 

құрылысына кірісу арқылы көрінсе, 

күнделікті тіршілікте айналасындағы жастарды 

мәдениетті, әдепті болуға, саналылықтың биік дең-

гейіне көтерілуге үндеуінен, оған өзінің үлгі болуы-

нан көрінеді. Бұл жөнінде Лиза да едәуір роль ат-

қарады. Клубтар жоқ кезінде Рақметтің жастарды 

жинап, өз үйінде демалыс кешін өткізуін автор бо-

лашақ көркемөнер үйірмелерінің алғашқы 

қара-

пайым формасы ретінде  құрылыс жағдайына бай-

ланысты шынайы көрсеткен. Романда жеке бас мә-

дениетін көтеру, тұрмысты жақсарту процестері 

шешіле  қоймайды, талай 

қиындықтардан өткізу 

арқылы әсерлі суреттеледі. 

Саттар өз романының бас геройы Рақметті өмір 

шындығына сай суреттеудің арқасында жағымды 

образ ете алды. Бұл образ күні бүгінге дейін өзінің 

жастық жігермен, өршіл талабымен, әсемдік тал-

ғамының молдығымен, 

қиындықты жеңу үшін кү-

реске түсуден тартынбайтын өжеттігімен, саналы-

лығымен, мәдениеттілігімен жастарға эстетикалық 

әсер етіп, өнеге болып келеді. 

Романдағы Лиза образының берілуі Рақметтен 

басқаша. Мұнда геройдың өмір-тарихын баяндау 

жоқ. Оның Рақметпен екі арадағы 

қарым-қатына-

сы барынша толық суреттеледі. Егер Рақметтің мі-

незінде бұйықтық басымдау болса, Лизада ақжар-

қындық басым. Бұл әр кейіпкердің  ұлттық ерекше-

лігін айқындау үшін жасалған. Расында да, Лиза 

образы арқылы біз орыс  қыздарының мінезіне тән 

ерекшеліктерді айқын көреміз. 

Лизаның 

ұлттық характері барынша шеберлік-

пен баяндалған. Лиза бұйықтықты, сөзге  қалам-ау 

деген күдікті білмеген, біреуден кеммін-ау, менің 

ісім — от басы, ошақ 

қасы деп ойлап көрмеген 

аяулы жас ретінде суреттелгендіктен, ісі орынды, 

сөзі жарқын,  қылығы тартымды шыққан. Автор оны 

пәрменді істен, өз шамасына  қарай айтар ақылдан 

кенже  қылса, онда ол образ дәрежесіне көтеріле ал-

май, Дәмелі сияқты уақиғаны өрбітуге керекті бір 

эпизодтың әдемі көрінісі ғана болып  қалар еді. 

Саттар Лизаны барынша толық көрсеткен, оның өмі-

рін жан-жақты суреттеген. Автор трактовкасында 

инженер Лиза студент Лизадан әлдеқайда пәрменді 

де пайымды. Ғашықтықтың отына күйіп жүрген 

күйрек жан емес. Ол бұл саладағы уақытша сәт-

сіздікті еңбек үстіндегі сәттілікпен орнын толты-

рып, еңбек майданындағы 

қиыншылыққа 

қарсы 

күрес ашып, характерін айқындай түседі. Оның 

участок инженері болып жүмысты өрге бастыруы, 

социалистік жарысты күшейтіп, адал еңбек 

адамдарын тани білуі Лизаның ақыл парасаты мен 

қабілеттілігін арттыра түседі. 

Саттар Рақмет пен Лизаны орасан зор өзгеріс-

терге толы біздің шаттық өміріміздің алуан сала-

сында көрсетіп  қана  қойған жоқ, солар арқылы  ұлы 

идеяны - халықтар достығы идеясын жырлады. 

Шындығын айтқанда, Лиза мен Рақмет достығы 

шығармаға керекті идеяны насихаттау  қажеттігі-

нен емес, өмір процестерінің заңды дамуының нәти-

жесі ретінде  қалыптасқан, яғни, жастар арасында-

ғы ыстық сезім логикалық мотивировканың дәйек-




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал