Сатып аламыз



жүктеу 0.53 Mb.

бет4/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ.

                                 «Мысты өңір».   

Арқаны  әсем  ән,  әдемі  жырға  бөлеп,  өнерімен 

алты  Алаштың  ардақтысына  айналған  тұлғалар 

есімі  —  бүгінгі  ұрпақтың  мақтанышы.  Ғасырмен  бір-

ге  жасасқан,  өлмес,  ғажайып  ескерткіш  қалдырып  кет-

кен  дарындардың  қатарында  халық  ақыны  Тайжан 

Қалмағанбетұлы  да  бар.  Ақынын  әспеттеп,  ұлыла-

рын  ұлықтаған  Арқа  өңірінің  төсін  тағы  бір  мәрте 

дүбірге  бөлеп  дәстүрлі  әншілер  байқауы  өтіп,  

Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы  

Кеншілер  сарайында  ақын  Тайжан 

әндері әуеледі.    

Тайжан    ақындар  арасындағы  тамаша  та-

лант иесі. Өзіне сай домбырасы, гармоны мен қо-

бызы да қос сөйлейтін. Әні мен әуені ерекше еді. 

Ағып айтатын, төгіп сөйлейтін. 

Кенен ӘЗІРБАЕВ. 


9

ТАҒЗЫМ


                                                   №21 (1381) 29 МАМЫР 2015 жыл

C

M



Y

K

C



M

Y

K



Текті атаның соңында 

қалған көзі, ұрпағының бірі 

— Мейрам Базылбекұлы игі 

істің қасында жүрген барлық 

азаматтарға алғысын, разы 

көңілін білдіріп, ақжарма тілегін 

жаудырды. Тайжанның «Жігіт-

тер» әнін Жүсіпбек Елебеков 

атындағы республикалық 

байқаудың бас жүлдегері  

Ардақ Мұқышев шарықтата 

шырқап, көрерменнің деле-

бесін қоздырды. Ән әлеміне 

атбасын мықтап бұрған күміс 

көмей, жезтаңдай әншілердің 

өнеріне Тайжан атындағы 

Жезқазған филармониясының 

әншісі, Қазақстанның еңбек 

сіңірген әртісі, Тайжан әндерін 

зерттеуші Ғалым Мұхамедин 

бастаған дәстүрлі ән мектебінің 

майын ішкен майталмандары 

мәдениет қайраткері Құрман-

бек Бекпейіс, республикалық 

Жүсіпбек Елебеков атындағы 

байқаудың бас жүлдегері Ардақ 

Мұқышев, мәдениет қайраткері 

Жалын Сыздықов, Түркістан 

қаласындағы Ахмет Яссауи 

атындағы қазақ-түрік универ-

ситетінің профессоры Қажыбек 

Бекбосын, Орал қаласындағы  

Ғарифолла Құрманғалиев 

атындағы филармонияның 

әншісі Қатимолла Бердіғалиев, 

әнші-термеші Райхан Оразба-

ева қазылық етіп, әділ бағасын 

беруге тырысып бақты. 

Байқау шарты бойынша 

бірінші кезеңде Тайжанның, 

Үкілі Ыбырай мен Нартай Бе-

кежановтың әндері орындалса, 

екінші кезеңде әр әншінің қала-

уына ерік берілді. Ақтық сынға 

жолдама алған он үш өнерпаз-

дың арасында қарағандылық 

Қасиет Хамиев, астаналық 

Назира Бейсенова, павлодар-

лық Жанаргүл Рахатқызы мен 

Шығыс Қазақстандық Жасұлан 

Сақаев дипломант атанып,  50 

мың теңгенің сертификаты-

на ие болса, үшінші орынға 

тігілген 200 мың теңге орал-

дық Бейбіт Қажығалиев пен 

сәтбаевтық Ербол Әлғожинге 

бұйырды. Екінші орынның 300 

мың теңгелік жүлдесін қызы-

лордалық Мұхамбетәлі Бекпей-

ісов пен қарағандылық Сырым 

Мұхамбетжанов місе тұтса, 

бірінші орынды еншілеген 

қарағандылық Бекжан Акеев 

500 мың теңгеге ие болып, бас 

жүлдеге алматылық Амангелді 

Күзеубай лайық деп табылды. 

Дүбірлі ән мерекесі жүлде-

герлер мен тамаша талант 

иелерінің арнайы дайындаған 

концертімен жалғасын тауып, 

көрермен үздіксіз қошемет 

көрсетіп, әуелеген әнді қимай, 

сахнадан әншілерді жібермей, 

қол соғып тұрып алды.  

Зобалаң жылдардың жаңғы-

рығы басылғаннан кейін алғаш 

рет ақын Тайжанның өмірі 

мен шығармашылығына жол 

ашқан өлкетанушы Сүтемген 

Бүкіров. Талмай ізденіп 1984 

жылы Тайжанның ән-жыр, 

өлеңдерімен қоса, айтыстарын 

жинақтап, «Ой ағысы» деген 

жинақ шығарды. Осыдан кейін 

сірескен сең бұзылып, ақын 

поэзиясын ғылыми негізде 

зерттеу жұмыстары басталып 

кетті. Қазақтың көрнекті ақыны 

Кәкімбек Салықов «Сақ-сақ 

күлсін, сырнайым» атты 

жинағында Тайжан шығар-

машылығы кеңінен қамтылды. 

Кейін Кәкімбек ағамыз «Ақын 

Тайжан» атты екінші жинағын 

шығарды.  Дала сахарасына 

ай шықты ізін қалдырған, кеу-

десіне өлең құсын қон дыр ған, 

арқаның адуынды ақын, әнші, 

сазгерінің 135 жылдығына орай 

Өмірбек Мұқановтың «Дала 

дауылпазы ақын Тайжан» атты 

еңбегі Жезқазған қаласын-

дағы «АСАР» баспаханасынан 

басылып шықты. Бұл жинақта

бұрынғы жинақта кірмей қалған 

тың дүниелер бар. 

Ал, арқа ән мектебінің ірі 

өкілдерінің бірі, Тайжан ның 

әндерін алғашқылардың бірі 

болып орындаған — Қазақстан-

ның халық әртісі, профессор 

Қайрат Байбосыновтың шәкірті, 

әнші Төлеутай Серік консер-

ваторияны бітірерде өзінің 

диплом дық жұмысын Тайжан 

әндері тақырыбында қорғаған. 

Құрманғазы атындағы консер-

ваторияда оқып жүріп, Тайжан-

ның «Шолпанға» деген әнін 

тапқан. Ол да Тайжан әндерін 

айтып, насихаттап жүрген са-

наулы әншілеріміздің бірі. 

Ақынның музыкасын түбегейлі 

зерттеп, ел іші нен ұмытыла 

бастаған әндерін жинап, нотаға 

түсіру арқылы Тайжанның ән 

мектебін қалып тастырушы, Қа-

зақстанның халық әртісі Жүсіп-

бек Елебековтің төл шәкірті, 

жезтаңдай әнші, Қазақс танның 

еңбек сіңірген әртісі Ғалым 

Мұхамединге ұстазы Жүсіпбек 

Елебеков: «Ғалым, айна-

лайын, мен саған Арқаның 

сал-серілерінің әндерін 

қал-қадірімше үйреттім. Енді 

саған айтарым, ел ішінде әлі 

де талай әнші-сазгерлердің 

аттары аталмай, айтылған 

жағдайдың өзінде, кеңінен 

қамтыл май жатқаны қанша-

ма. Солардың бірі де бірегейі 

– ұлытаулық саңлақ әнші-саз-

гер, кешегі Үкілі Ыбы рай дың 

туған жиені – ақын Тайжан. 

Ол кісінің ән дері ұмытылуы 

мүмкін емес, елге барған соң 

Тай жекеңнің әндерін жи-

нап жарыққа шығар», – деп 

тапсырған екен. 

Отыз жылғы ізденістің 

арқасында он бірге тарта 

ақын әнін Ғалым аға «Алтын 

кесе» деп аталған ән жинағы-

на енгізді. «Белгілі «Жомарт 

Тайжан» атанғанмын» деген 

тараумен Тайжекеңнің «Га-

га-гай», «Жігіттер», «Жомарт 

Тайжан», «Қарсақбай», 

«Қызыл алма», «Нар тайға», 

«Сақ-Сақ», «Шалқыма», «Сыр 

еліне», «Тай жанның әні», 

«Ұлытау» атты әндерін нота-

сымен қоса, үн таспасымен 

бірге жарыққа шығарды. Ұстаз 

аманатын орындаған деген 

осы да. Артында таусылмас 

мол мұра, өшпес өлеңдері 

қалған ақын Тайжан туралы 

әлі де жазылып, айтыла бере-

рі сөзсіз. Ол зерттеулер енді 

болашақтың еншісінде.  

Суреттерді түсірген 

автор.


10

ЖИҒАН-ТЕРГЕН



                                                                                                                                                                                                   №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

Бетті баптаған Жан НҰР.

Деген екен...

Тамаша идея

Бір күні әйелі күйеуіне:

— Екеуміз күнде осылай бүрісіп-бүрісіп отырамыз. Ішіміз 

пысады, шаршаймыз. Тіземізді құшақтап отырғанша қыды-

рып қайтпаймыз ба? – дейді. 

— Тамаша идея! – дейді қуанып кеткен күйеуі. Есіктің кілтін кіребері-

стегі кілемшенің астына тастап кетеміз. Менен бұрын келсең,  ішке кіріп, 

ұйықтай бер.

ЖАМАННЫҢ СӨЗІ 

ШАЯНДАЙ


...Және  біреу  Төлені  сынамаққа  «жақ-

сы-жаманды қайтіп білеміз?» дегенде, Төле: 

«Сөзінен  білсе  болады  –  деген.  Жаман-

ның сөзі шаяндай, жақсының сөзі асылдан 

шыққан  маядай,  екі  жақсы  қосылса  —  жа-

рысқан аттай болады, бір жақсы, бір жаман 

қосылса —  ала жаулы иттей, екі жаман қо-

сылса — ырылдасқан иттей болады», - деп 

жауап берген екен. 

ДОСЫҢА ӨТІРІК АЙТПА, 

СЕНІМІҢ КЕТЕР...

Белгілі  батыр,  әрі  шешен  Шақшақ  Жәні-

бек Төле биге сәлем бере келіпті:

Түзу  мылтық,  ұшқыр  құс,  жүйрік  ит, 

мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозба-

ла болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік 

қылайын  ба?  Еліңде  кәрің  болса,  жазулы 

хатың деуші еді, ақыл сұрай келдім, - депті. 

Сонда Төле би:

«Өгізді  өрге  салма,  қанатың  талар,  на-

данға  көзіңді  салма,  сағың  сынар.  Досыңа 

өтірік  айтпа,  сенімің  кетер,  дұшпанға  сы-

рыңды  айтпа,  түбіңе  жетер.  Жалқұйрығы 

қаба  деп  жабыдан  айғыр  салма,  жаугер-

шілік  болғанда,  жағдайлап  мінер  ат  тумас. 

Жақыным деп жаманның малы үшін жақсы-

ның жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару 

жисаң  мылтық  жи,  жаяу  жүрсең  —  таяқ, 

қарның ашса — тамақ. Ит жүгіртіп, құс сал-

саң,  әуейі  боларсың.  Әйел  алсаң,  көркіне 

қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң 

— ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат — жаз жарға 

жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт бо-

лар, тұман түбі жұт болар. Елге бай құт емес, 

би  құт.  Қабырғадан  қар  жауса,  атан  менен 

нарға  күш,  ел  шетіне  жау  келсе,  батырлар 

мен биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге 

жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Ме-

нен ақыл сұрасаң, айтарым осы» деген екен. 

ӨЛІМДІ ЖЕРДЕ МОЛДА 

СЕМІРЕДІ

Ташкенттің  Шыршық  жағындағы  қыстақта 

бір бай молда тұрады екен. Ол елге жағым-

сыз, тілемсек, өзі сараң әрі қарынды болып-

ты.  Сол  мінезі  үшін  ол  бірер  кездескенде 

Төле  биден  сөз  естіп,  ықтап  жүреді  екен. 

Төле би түйесін бағып жүрген жігітін бір жаққа 

жұмсап, түйесін өзі қайырып келе жатса, ал-

дынан есек мінген баяғы сараң молда кезде-

се кетіпті. Ол Төле бидің түйеге мініп, түйесін 

өзі қайырып жүргенін мазақ еткісі келеді:

Ау, биеке, түйені өзіңіз бағып жүргеніңіз қа-

лай, түйешіңіз жоқ па?

—  Өз  малын  өзі  баққан  ар-намыс  болып 

па?!

Төле бидің ел қамын ойлап, күн-түн ұйқы-



дан безіп жүдеңкіреп жүрген кезі болса керек. 

Әлгі молда тағы да кекете сөйлеп:

—  Өзіңіз  әбден  арықтап,  тұралап  бітіпсіз 

ғой, - дейді.

Сонда Төл би оған:

— Өлеңді жерде өзгіз семіреді,

Өлімді  жерде  молда  семіреді,  -  деген, 

менің  не  үшін  азып  жүргенімді  сендей  адам 

қайдан білсін, - деп, жөніне жүре беріпті.

Ағайының көп болса,

Ұлы шерік қолмен тең.

Білімді туған жақсылар,

Азда болса көппен тең.

Жақсысы кеткен ауылдың,

Артынан жақсы шықпаса,

Өртеніп кеткен жермен тең.

Қайырлы болса баяжан,

Дария шалқар көлмен тең.

Қайырсыз болса жаман бай,

Ел қонбаған шөлмен тең.

Мінезді болса жолдасың,

Күнде сонар қызбен тең.

Жаман болса жолдасың,

Астыңнан өткен сызбен тең.

* * *

Мінезді болса алғаның,



Одан артық жар бар ма, 

Екі жаман қосылса, 

Күнде жанжал, күнде шу,

Ұяларлық ар бар ма.

Білімді туған жақсыға,

Залал қылмас мың қарға,

Жаман туған жігітке,

Рақатты күн бар ма?.

Өз мінін білген жігіттің,

Тәлімінде мін бар ма?.



БІТТІ

Сот:


— Айыпкер, бір дүкенге үш рет ұрлыққа тү-

суіңіздің себебі неде?

Айыпкер:

— Бірінші мәрте әйеліме көйлек әкелдім. Одан кейін 

әйелім  «көйлекті  ауыстырып  кел!»  деп  екі  рет  жұмсады. 

Бітті! Бар болғаны осы...

* * *

ОТБАСЫНЫҢ ҚАМЫ

Прокурор:

—  Дүкенді  тонамас  бұрын  әйеліңіздің,  балаларыңыз-

дың жайын ойламағаныңыз қалай?

Айыпталушы:

—  Ойлаудай-ақ,  ойладым,  бірақ,  дүкенде 

оларға лайық киім болмай шықты.

Ілгеріде бір ауылға 

келген молда жалшы жі-

гіттің намаз оқымағанын 

байқап қалыпты. Оның 

неге намаз оқымайтынын 

сұраса, үй иесі беделді 

бай:


— Мақау еді, - дей-

ді, жалшысының намаз 

білмейтінін жасырып.

Молда:


Мақауды да Құдай 

жаратқан. Шақырыңыз. 

Тым болмаса бір Құдай-

дың барлығын үйретелік, 

- дейді.

«Мақау» келгенде, 

молда сұқ саусағын көр-

сетеді. Жігіт екі саусағын 

көрсетеді. Молда бес 

саусағын көрсетсе, жігіт 

жұдырығын түйеді.

Молда:


– Дұрыс-ақ. Сен кете 

бер, боссың, - деп ишарат 

білдіреді. 

Бұл әңгімеге қайран 

қалған бай, жігіт кеткен 

соң молдадан:

– Не сөйлестіңдер, 

ақсақал? – деп сұрайды. 

Сонда молда:

— Сұқ саусағымды көр-

сеткенім – бір Құдайды 

білесің бе? – дегенім еді. 

Ол – мұсылманмын, Мұ-

хаммет пайғамбар екеуін 

де білемін, - деді.

— Бес саусағымды көр-

сеткенім, ендеше бес уақыт 

намазды неге оқымайсың 

дегенім еді. Ол – тастай 

ғып ұстап жүрмін ғой, - 

деді. Басқа сауалым бол-

маған соң, оны босатпаған-

да не қылайын, өзі мақау 

екен, - депті де, ат мініп, 

шапан киіп, бұл ауылдан 

кетіпті.


Бай жалшы жігітті 

шақырып алып: 

— Кеше молдамен не 

сөйлестің?  Қане, соны 

айтшы, - дейді.

Сонда жігіт:

— Молда саусағын 

шошайтып, көзіңді шұқып 

алайын ба? Мына намаз 

оқыған елді неге көрмейсің? 

Сен неге намаз оқымайсың? 

– деді. Көп ішінде намаз 

білмейтін мені көрген мына 

екі көзіңді ойып алайын ба? 

– деп мен екі саусағымды 

шошайттым. Одан қай-

мығар түрі жоқ екен мол-

даның. Дінсіз, шапалақпен 

тартып жіберіп, шайта-

ныңды қағып алайын ба, 

дегені ғой. Есемді жіберейін 

бе? Жұдырықпен қойып 

жіберіп, мұрныңды бет 

қылайын ба? – дедім. 

«Бұл мұсылман болып 

ешкімді де оңдырмас» деп 

жайыма жіберді, - депті. 

Ақтамбердіден 

қалған сөз

Кел күлейік!



Молда мен «Мақау»

Аңыз әңгіме



Қазақы ырымдар мен 

жосын-жоралғылар

— садақа немесе құрбандыққа шалған малды тілек қабыл болу 

үшін құбылаға қаратып, бұйыртып жегіз деп барып бауыздайды;

— қалыптасқан дәстүр бойынша, тамақты сол қолмен жемейдi – сал-

дары жаманшылыққа апаруы кәдік. Өйткені, сол қол шайтанның жаңыл-

дыруына  апарады,  яғни  адамға  тән  қасиет  емес  саналып,  басқа  әлемге, 

дұрыс емес жағдайда жасалатын жайт-мыс;

— арам өлген малдың, арам аңдар мен құстардың етiн жемейдi. Себебі, әлгі 

арамдардың арамдығы сияқты жаман қасиеттері дариды деп есептеген;

— түнде тамақтың бетiн жауып қояды. Ашық қалса, жаман, зұлым күш қонып, 

асты дуалап кетеді, оны жеген адам кеселге ұшырап, ұшынып, дерт жабысуы мүм-

кін;


—  алыс  жолға  шыққан  адамдар  қара  шаңырақтан  немесе  аруақты  үйден  дәм 

татпай аттанбайды. Дәм татқан адам үлкендердің батасын алып, аруақтардың же-

леп-жебеуіне ие болады;

— шашалған адамға «май қап» дейдi. Бұл май құт-берекенің бастауы – соған 

жазсын дегенді білдіргені 

—  буыны,  сүйегi  сырқырап  ауырған  адамға  әр  ауылдан  қырық  сирақ  жинап 

әкелiп, қайнатып майын iшкiзсе жазылып кетедi деген ырым бар;

— жауырын таза мүжіліп желінуге тиіс, өйткені, толық мүжілген жауырынның 

ғана  етек  тұсы  жарылып,  ашылады.  Бұл  –  жол  ашылсын,  жарық  болсын, 

алды тығырыққа тірелмесін дегенді білдіргені;

— қонақжайлылық салты бойынша шөлдегенге су бермеген жаман 

ырым. «Жолаушының азығы жолда» деген ежелден орныққан ұста-

нымға берік қазақ үшін бұл үлкен қателік болып есептелінді. Тіпті, 

қонақасыны дұрыс бермегендерге ілкіде айып салынды;

—  түнде  су  алуға  баруға  болмайды  (бара  қалған 

жағдайда: Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер, 

– деп рұқсат сұрап, суға үш рет кесек лақтыру 

керек.


Жадыңда жүрсін...

11

«ҚАЗАҚМЫС  ҚҰРЫЛЫМДАРЫ»



                                                                                                                                                                                                   №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

САЯХАТ


Сансыз  саяхат  жасалды,  алайда,  олар  еліміздің 

аумағымен шектелді. Ал, мамырдың алғашқы онкүндігінде 

Қарағанды аймағының Жастар ұйымы шағын делегацияны 

Астана арқылы ұшақпен Парижге аттандыру мүмкіндігіне 

ие болды.

Бес  күн  әлемге  әйгілі  сән  астанасындағы  негізгі 

көрікті  жерлерді  аралап  шығуға  еркін  жетті.  Олар 

Эйфель мұнарасын, Лувр көрмесін, Салтанат қақпасын, 

Люксенбург  бағын,  Құдай-Ана  шіркеуін,  «Мулен  Руж» 

ойын-сауық  мейрамханасын,  Елисей  жазығын  да 

тамашалап үлгерді. Ал, «Дисней Лэнд» тіпті тамаша әсер 

қалдырды.  Бұл  ертегілер  әлемі  бала  түгіл  ересектердің 

өзін қуанышқа бөлейді екен.

Саяхатқа барғандар белгіленген бағдарламаға сәйкес 

«Фрагонар»  иіссу  мұражайында  болды,  Сене  өзенінде 

қайықпен қыдырды, Парижді аралады, латын орамында 

жаяу серуендеді, Құдай-Ана шіркеуіне бас сұқты. Биіктігі 

елу  метрге  шамалас  Салтанат  қақпасының  үстіне 

шығып, қала көркіне көз жүгіртті, ал, биіктігі 301 метрлік 

Эйфель  мұнарасынан  Парижді  алақандағыдай  көру 

саяхатшыларға ұмытылмас сәт сыйлады.

Париж  —  сән  дүкендері  қаласы,  олар  орналасқан 

Елисей жазығынан барлық әлемдік брендті кездестіресіз. 

Ол  —  сондай-ақ,  мейрамханалар  мекені,  олардың 

сымбатты да сырбаз, мәдениетті де маңғаз даяшылары 

өте жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Француз асханасы 

ұзақ ғасыр бойы өзінің дәмді тағамға толы дастарханымен 

даңққа бөленген. 

Қала  жұртшылығының  басым  бөлігі  негізгі  француз 

тілімен  қатар  ағылшын  тілінде  еркін  сөйлейтіндігін  айта 

кеткен  артық  болмас.  Бұл  француз  тілін  білетін  бірен-

сараны болмаса, ағылшын тілінен азды-көпті хабары бар 

туристер үшін маңызды. 

Осы  саяхаттан  біз  тамаша  әсер  алып,  жанымыз 

жадырап,  көңіл-күйіміз  көтеріліп  оралдық.  Бізге 

ұмытылмастай  қуаныш  сыйлаған  Жастар  одағының 

төрағасы Сергей Тысевичке айтар алғысымыз шексіз.

Екатерина ЕРЕМЕНКО,

«Қазақмыс» корпорациясы коммерциялық 

қызметі сауда үйі жоспарлау, талдау және есеп 

департаментінің  бас маманы.

— Маған бағыт-

бағдар беріп, өз ісіме 

сүйіспеншілікпен қарауыма 

тәжірибелі мамандардың 

көмегі зор болды. 

Кәсіби маман ретінде 

қалыптасып, алтыншы 

санатты аттырушы 

атандым. Еңбек ұжымы 

да бірлік пен берекені ту 

етіп, өндірістік жоспарды 

уақытылы орындап, 

қарқынды түрде алға 

басып келеді. Кеніш менің 

екінші отбасыма айналған. 

Барлық қуаныштар 

мен ауыртпалықтарда 

әріптестеріммен біргемін, 

- дейді белсенді жастар 

қатарындағы Бекзат. 

«Нұр Отан» 

партиясының мүшесі 

ретінде Бекзат 

конференция, семинарларға 

үнемі қатысады. Облыс 

әкімі алдында сөз сөйлеп, 

кеншілерді толғантқан 

мәселелерді жеткізе білді. 

Салауатты өмір салтын 

ұстануды өмірлік ұраны еткен 

жас жігіт жеңіл атлетикамен 

айналысып, бильярд 

ойнағанды ұнатады. Бос 

уақытында гитарада әуелетіп 

ән салады. Отбасында он бір 

жасар қызы мен бес жасар 

ұлы да әкелерінен үлгі алып, 

өнер жолына бет бұрған. 

— Мен үшін бастаған істі 

тастау үлкен жауапсыздық 

болып табылады. Отбасында 

адалдық, адамгершілік, 

береке-бірлік секілді 

құндылықтар бірінші орынға 

қойылған. Сенімді серік, 

мықты тірек бола алатын 

отбасым барын мақтан 

етемін. Кәсібім қауіпті болса 

да қызыққа толы. «Қазақмыс» 

корпорациясы басшылары 

мен Жастар одағы қоғамдық 

бірлестігі қызметкерлеріне 

алғысым шексіз. Олар тек 

өндірісте ғана емес, спорт 

пен мәдениет саласында 

жетістіктерге жетелеп келеді, 

- деген Бекзаттың еңбегі 

атаусыз қалған емес. Ол жас 

маман ретінде бірнеше рет 

Алғыс хаттар мен Құрмет 

грамоталарына ие болды.  

Қазақстанның өсіп-

өркендеуіне қомақты үлес 

қосуды басты мақсаты 

санайтын Бекзат бізбен 

қоштасар сәтте: «Еліміз аман, 

жұртымыз тыныш болсын. 

Тәуелсіз елімізбен қоса өңір 

өркендеуінің өзегіне айналған 

өндіріс тынысы үзілмегей!» 

деген ақ тілегін айтып 

қалды.  Біз де тілектестікпен 

аттандық. 



Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ, 

                      «Мысты өңір».

«Жезқазғантүстімет» 

ӨБ 

кәсіпорындарында 

жауапты  да  талантты,  спортқа  жақын,  жоғары 

өндірістік  көрсеткіштерге  жетіп  жүрген  жастардың 

бір  тобы  қалыптасқан.  Солардың  қатарында 

Оңтүстік  Жезқазған  кенішіндегі  №67  шахтаның  №42 

учаске  аттырушысы  Бекзат  Нұрымбетов  те  бар. 

Еңбек  жолын  2005  жылы  аттыру  материалдарын 

тасымалдаушы  болып  бастаған  Бекзат  «Степной» 

кенішінде  еңбек  көрігін  қыздыруға  атсалысты. 

Жарты  жылдан  кейін  аттырушы  атанған  ол  бүгінде 

өз ісінің шеберлері қатарында. Сержан Тоқымбаев пен 

Талғат  Балабеков  секілді  майталман  мамандардың 

мектебінде шыңдалған Бекзат жетекшілерін еңбектегі 

жетістігімен қуантып келеді. 

Қазір корпорацияның 

құрылымдық бөлімшелерін-

де осы жаңа жүйені енгізу 

жұмыстары жүргізілуде. Бұл 

көп салалы бағдарлама 

үдерістерді стандарттау мен 

сәйкестендіру, қызметкердің 

маңызды мәліметтеріне қол 

жеткізуді автоматтандыру мен 

жеделдету есебінен шығынды 

айтарлықтай азайтып, кадр 

қызметінің, еңбек және жалақы 

бөлімінің, бухгалтерияның жұ-

мысын тиімді ұйымдастыруға 

мүмкіндік береді. 

Жалпы, бағдарлама әр 

кәсіпорынның ерекшелігін 

ескере отырып, толықтыру 

көзделген стандартты функци-

ялар, бағдарламалар, үлгілер 

жиынтығынан тұрады. Соның 

арқасында кадр есебі мен ең-

бекті, бұрын қағазға түсірілетін 

көптеген үдерістерді стандарт-

тау мен автоматтандырудың, 

мүмкіндігі туды. Бұл жұмысты 

айтарлықтай жеңілдетеді және 

үнемделген уақытты барынша 

күрделі мәселелерді шешуге 

жұмсауға жол ашады.

Персоналды басқарудың 

жаңа жүйесі бүгінде персонал 

қызметінің қызметкері дер 

уақытында тиімді басқарушылық 

шешім қабылдауы үшін корпо-

рация басшылығына маңызды 

ақпаратты жедел өңдеуіне 

мүмкіндік береді. «Персонал-

ды басқару» бағдарламасына 

кәсіпорынның құрылымы, оның 

бөлімшелері мен штаттық ке-

стесі, бөлімдердің мақсаты мен 

міндеттері, жалпы кәсіпорынды 

дамыту жоспары туралы ақпа-

раттар енгізіледі.

Бүгінде «OracleHR» бағдар-

ламасы «Қазақмыстың» корпо-

ративтік орталығында табысты 

пайдаланылуда. Үстіміздегі 

жылдың төртінші тоқсанына 

қарай корпорацияның барлық 

құрылымдық бөлімшелеріне 

енгізуді аяқтау жоспарланып 

отыр. Бухгалтерия мен кадр-

лық қызметтің қызметкерлерін 

жаңа жұмыс тәсіліне оқыту 

жүйені орнату мен реттеу 

барысында жүзеге асырылады, 

оны Персонал қызметінің пер-

соналды операциялық басқару 

департаментіндегі «HRIS» 

жобасының біліктілігі жоғары 

мамандары жүргізеді. 

«OracleHR» бағдарламасы 

қызметкерге ақша есептеу мен 

ұстау деректерінің бірегей ба-

засын жасау арқылы кадрлық 

қызмет пен бухгалтерияның 

жұмысын байланыстыруға 

мүмкіндік береді. Сонымен 

қатар, ол штаттық кесте мен 

кадрлық резервтерді оңтайлы 

есептеуге ықпал етеді.

Бағдарламаны тек персонал 

қызметінің қызметкерлері мен 

қол астындағы адам жөнінде 

қажетті ақпаратты жедел алуға 

мүдделі басшы ғана пайдала-

на алады.

Әр адамның жұмысқа қаты-

суы мен берілген тапсырманы 

орындауын есептеу де осы 

бағдарламаның құзырында. 

Жылдың аяғында қорытын-

дысын шығару жеңілдейді. 

Жұмысқа ең қабілетті және 

ортаңқол қызметкерді айқын-

дауға және соған сәйкес оқыту, 

басқа жұмысша ауыстыру 

немесе орнына басқа адам алу 

шараларын қолдануға болады. 

Сондай-ақ, бұл бағдарлама 

қызметкерлерді қажетті оқыту 

бойынша материалдар дайын-

дауға қолайлы.

Персонал туралы ақпарат 

басшының қай бөлімшеде 

жедел шешуді талап ететін 

проблема бар екендігін, ең 

алдымен қай бағытта жұмыс 

жүргізу қажеттігін айқындауға 

мүмкіндік береді.

Айта кететін нәрсе, пер-

соналды басқарудың жаңа 

жүйесін енгізуге байланысты 

бұрын қолданылып келген 

еңбекке ақы төлеудің тәртібі, 

саясаты және жөн-жосығы 

өзгермейді. Соған сәйкес жа-

лақы да сол қалпында қалады. 

Жаңа жүйе тек жалақы төлеу 

жөніндегі ескірген бухгалтерлік 

жүйені алмастырады. Жалақы 

төлеу бұрынғысынша Ұжымдық 

келісім-шартқа сәйкес кешік-

тірілмей жүргізіледі.

(



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал