Сатып аламыз



жүктеу 0.53 Mb.

бет3/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

БІЗДІҢ ҚАЛАДА 

Жыл сайын қаламызда бұл 

мерекені атап өту дәстүр-

ге айналған.  Халықаралық 

балаларды қорғау күніне орай 

ұйымдастырылған басты ме-

рекелік шаралар Ғарышкерлер 

бақжолында өтеді. Әдетте, бұл 

шараға «Халық банкі» деме-

ушілік жасады. Сондай-ақ, 

Тоқтар Әубәкіров атындағы 

балалар мен жасөспірімдер 

сарайының тәрбиеленушілері 

ұстаздарымен бірге театрлан-

дырылған көрініс әзірлейді. 

Бұл күні балалар қуанышқа 

бөленіп, ертегі әлеміне сая-

хат жасап, жұмбақтар шешіп, 

викториналық ойындар 

ойнайды. Түрлі сайыстар мен 

спорттық жарыстар ұйымда-

стырылып, жеңімпаздарға 

бағалы сыйлықтар табы-

сталады. Сонымен қатар, 

қаладағы кәсіпкерлердің де-

меушілігімен мереке соңында 

барлық балаларға балмұздақ 

үлестіріледі.

Аталмыш шаралардан «Нұр 

Отан» партиясы «Қазақмыс» 

копорациясы жанындағы 

Қарағанды филиалы да тыс 

қалған емес. Мереке сай-

ын қанаттас қос қаланың 

балалар үйіне арнайы ат 

басын бұрып, бүлдіршін-

дерге сый-сияпат жасайды. 

Сондай-ақ, балалар үйіне 

қажетті техника мен құрылыс 

материалдарын  алып беріп, 

ақшалай демеушілік көрсе-

теді. Филиал бастамасымен 

Серке Қожамқұлов атындағы 

музыкалы драма театры ғи-

маратының алдындағы ашық 

алаңда балаларға арналған 

мерекелік шаралар ұйымда-

стырылады. Қандай іс-шара 

болмасын бұл күні балалар-

дың уақытын қызықты өткізуі-

не жағдай жасалады. 

Бүгінгі бүлдіршін – ел тізгінін 

ұстайтын ертеңгі болашақ. 

Болашақ ұрпақтың жақсы 

өмір сүріп, білім алып, өзі 

қалаған мамандық иесі 

болуына елімізде барлық  

жағдай жасалған. Балалар 

мерекесінде олардың жүзінен 

қуаныш табын көріп, жанар-

ларынан  бақыттың сәулесін 

көру үшін атсалысатын қала-

мыздағы мерекелік іс-шара 

ұйымдастырушылар биылғы 

жылы да бұл дәстүрден 

жаңылмақ емес.

1 МАУСЫМ — БАЛАЛАРДЫ  ҚОРҒАУ КҮНІ

Балаларды  қорғаудың  халықаралық  күні  1949  жылы  қа-

рашада  Әйелдердің  халықаралық  демократиялық  феде-

рациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. 1950 жылдан 

бастап маусымның 1-і Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 

болып атап өтіледі. Біріккен ұлттар ұйымының  Бас Ас-

самблеясы 1989 жылы Бала құқықтары жөнінде конвенция 

қабылдады. 

Ұрпағының ержетіп, үлгі 

тұтар азаматқа айналғаны қай 

адамзат баласы болмасын 

үлкен қуаныш әрине. Ата-ба-

баларымыз бала тәрбиесіне 

ерекше назар аударып, «Ба-

ланы жетіге келгенше тыйма, 

жетіден он төртке келгенше 

құлыңша қина, он төрттен кейін 

құрдасыңдай сыйла» деп, 

баланың ой-өрісі даму кезеңін 

ерекше бағалаған. 

Ерте заманда жазу-сызуды 

білмеген кездің өзінде де бала 

тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, 

адам құқығын қорғауды назар-

да берік ұстаған халқымыз ұл 

мен қыз тәрбиесіне ерекше мән 

берген. 


Бала тәрбиесі қай заман-

нан да, қай қоғамның болсын 

ойшылдары мен зерделі зи-

ялыларын толғанысқа, үздіксіз 

ізденіске түсірген ізгі мұрат екені 

даусыз. Қазақ халқының бойына 

ана сүтімен дарыған тәлім-тәр-

биесінің өзіндік мектебі болды.

Балаларға ұлтымыз-

дың әдет-ғұрыптары мен 

салт-дәстүрлерін оның сәбилік 

шағынан бойына сіңіріп, ойына 

ұялату, сол арқылы ізгілікке, 

адамгершілікке тәрбиелеу 

— біздің қоғамның басты 

мәселесі. Бұл туралы ойшыл 

Абай: «Балаға мінез үш алуан 

адамнан жұғады, бірінші ата-а-

насынан, екінші — ұстазынан, 

үшіншісі — құрбысынан» деген 

екен.

Сондықтан да тәртіптің ең 



тамаша мектебі — отбасы. 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда 

соны ілерсің» дейді халқы-

мыз.Иә, ұрпақтың тәрбиесі 

— қоғамның болашағы және 

оған аса зор жауапкершілікпен 

қарау — әрбір саналы азамат-

тың борышы.



«Балалы  үй  базар,  баласыз  үй  қу  мазар»  деген 

дана  халқымыз,  балалы  үйдің  азан-қазан  у-шуының 

өзін  бақытқа  теңеген.  Адам  баласы  өмірге  келген-

нен  кейін  артында  өзінің  ұрпағы  қалғанын  қалайды.   

Беттің материалдарын дайындаған 

                                                                Жаннұр ТІЛЕМІСОВА. 

6

БАЛАУСА


                                                                                                                                                                                                   № 21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

7

ЕСТЕЛІК


                                                                                                                                                                                                                         №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

1968 жылы қызыметім 

ауысып, отбасым Ұлытау 

ауданының Аманкелді 

атындағы кеңшардан мен 

барған ауданның аттас 

орталығы — Жезді кентіне 

қоныс аударды. Құдай қосқан 

көршілерім Қойшан Ысқақов, 

Рахымжан Базарбаев, 

Сейілбек Қоңырбаев, 

Қабылда Құлжанов, Төлеубек 

Өтенов, Рахымбек Сейілбеков 

ауданға танымал абыройлы 

азаматтар болып шықты. 

Олардың көңілі көлдей, 

мінезі жібектей жұбайлары —  

Қаншайым, Бибіжан, Зүбайра, 

Айтжан, Әния,  Халима 

қандай еді? Жезді ауданының 

белді қызметкерлері, ата-

анамыздай құрметті, қадірлі, 

қамқор жандар болды. Шыны 

керек, қатты қуандым.

Қазір сол қапысыз 

құрметімізге кенелген құдайы 

көршілеріміздің көбісі бұл 

жалған дүниеден өткен. 

Аллаға шүкір, артында қалған 

бала-шағалары, немере-

шөберелері бүгінде тату-тәтті 

өмір сүруде. Өмірде көрші 

ақысы аса қадірлі саналады 

екен. Тіршілікте «Жақсының 

жақсылығын айт, нұры тасы-

сын» деген көнекөз қариялар. 

Мен бүгін құдайы көршімнің 

бірі — қадірлі қария Сейілбек 

Әлібекұлы Қоңырбаев 

хақында хал-қадірімше қалам 

тербемекпін. Сөйтіп, аз да 

болса көршілік парызымды 

өтеу ойда бар.

Сейілбек (күнделікті 

өмірде «Секе» дейміз — 

авт.) қасиетті Ұлытаудың ең 

шырайлы, мал-жанға жайлы, 

салқын самалы жаныңды жай 

таптыратын «Айыртау» елді 

мекенінде 1929 жылы өмірге 

келген. Ата-анасы орташа 

шаруасын дөңгеленткен, 

ұжымшарда еңбек еткен. 

Ауыр жұмыстан арқасы 

босамай өмірден ерте өткен. 

Секең алты жасында әкеден 

айырылды, жасы жиырмаға 

жетпей шешесі көз жұмды. 

Сөйтіп, өмірдің ащы-тұщысын, 

ауыртпалығын бір адамдай-ақ 

көрді. 

Өмір оны ерте есейтті. 



Онсыз да ауыр тұрмысқа 

кенеттен киліккен сұрапыл 

соғыстың салқыны мен 

ызғары тиді. Қарсақбайда 

оқып жүрген қаршадай бала 

он бес жасында жұмысқа 

жегілді. 1944 жылы шілдеде 

металлургиялық зауыттың кен 

түсіретін ауласына статист 

болып қабылданып, 1946 

жылдың қарашасы аяқталып, 

алғашқы қар түскенше істеді. 

Сол кездегі замандастары 

сияқты комсомол қатарына 

өтіп, қоғамдық жұмыстың 

да бел ортасында жүрді, 

белсенділігімен көзге түсті. 

Одан кейінгі еңбек жолы 

аудандық мемлекеттік 

қамсыздандыру 

инспекциясында аға есепші, 

Қарсақбай азық-түлікпен 

жабдықтау бөлімінде есепші 

болып жалғасты. 1949 жылдың 

күзінде Отан алдындағы 

азаматтық борышын өтеуге 

шақырылып, Беларуссияның 

Гродно қаласында үш жыл 

әскери қызмет атқарды.

Армия қатарында бойы 

да, ойы да жетіліп қайтқан 

жалындаған бозбаланы 

аудан басшылары комсомол 

жұмысына тартты. Аудандық 

комсомол комитетінде 

сектор меңгерушісі болды, 

сонда жүріп компартия 

қатарына өтті.  Аудандық 

өнеркәсіп комбинатында 

техник-жоспарлаушы болып 

істеді. Қандай қызметте де 

Секең өзінің табиғатынан 

тындырымдылығын танытты.

Оның өміріндегі ең бір 

елеулі кезең 1955 жылдың 

желтоқсанында басталды. 

Аудандық партия комитетінің 

аппаратына қызметке алынған 

ол зейнеткерлікке шыққан 

1989 жылдың тамызына дейін 

партия қайда жұмсаса, сонда 

жемісті еңбек етті. СОКП 

Орталық Комитеті жанындағы 

Жоғары партия мектебін бітіріп 

алды. Кеңес органдарында 

нұсқаушы, сектор, бөлім 

меңгерушісі, аудандық Кеңес 

атқару комитетінің жауапты 

хатшысы болды. 

Әрине, зейнеткерлікке 

шыққан соң да Секең қарап 

отырған жоқ, 1993 жылдың 

сәуіріне дейін қызметтен қол 

үзбеді. Сөйтіп, ауданның 

экономикасы мен мәдениетін 

өркендетуге жарты ғасырға 

жуық ғұмырын арнады. Еңбегі 

еш кетпеді: 1946 жылы 15 

қарашада Ұлы Отан соғысы 

кезінде тылдағы еңбегі үшін 

омырауына қадаған «Еңбек 

Даңқы» медалінің қатарынан 

Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 

60 жылдығына арналған 

мерекелік медальдар орын 

алды. «Тың және тыңайған 

жерлерді игергені үшін», 

«Еңбектегі ерлігі үшін» 

медальдары тағы бар. 

Арасында 1984 жылы сәуірде 

алған «Еңбек ардагері», Ұлы 

Жеңістің 55 жылдығы құрметіне 

алған «Соғыс ардагері» 

төсбелгілері айрықша көрінеді.

Секеңмен отыз жылдай 

құдайы көрші болдық. Бұл — 

аз ба, әлде көп пе, білмеймін, 

білетінім — оның адамдығы 

мен адалдығы. Көптеген 

қызықты күнімізді бірге өткіздік. 

Бала-шағамыз бірге ержетті. 

Балаларымыз отау тіккен, қыз 

ұзатқан, немере сүйген, тағы 

басқа қуаныштарымызды бірге 

тойладық. Қонысымыз құтты 

болды деп ойлаймын. 

 Өмір өкінішсіз болмай 

тұрмайды екен. Секең үйіндегі 

тәтеміз Зүбайра өмірден 

ертерек өтті, 1982 жылы 

сәуірде бақилық болды. 

Зүбайра тәтейден тағдырдың 

басқа салуымен абайсызда 

айырылып қалу, қазақша 

айтқанда, оқу жасындағы, әлі 

отау құрмаған шиеттей алты 

баламен қалған Секеңе оңай 

соққан жоқ. 

Өмір жалғасып жатты. 

Секең бір көрген адамға 

суық, көп ашылып сөйлемей-

тін, ішкі сырын айтпайтын, 

тұйық көрінуі мүмкін. Ол 

өзінің жеке басының емес, 

балаларының келешегін 

ойлап, олардың көңіліне қаяу 

түсірмеу үшін тағы «төсек 

жаңартудан» саналы түрде бас 

тартты. Әкелерінің өздеріне 

деген жомарт жүрегі мен 

қамқорлығын балалары да 

түсінді.  Қадірлей білді, құрмет 

тұтты.

Секең — өмірде өте таза, 



қызметіне адал, шыншыл, 

тәртіптің адамы. Сылтау тауып 

қызметтен кешігу, жұмыстан 

ерте кету сияқты келеңсіз 

көріністер оның  өмірінде 

болмаған шығар. Секең өзі 

мүшесі болған Коммунистік 

партия мұраттарына адал әрі 

соған лайық болды. Партияға 

шын берілгендігінің белгісі, елу 

жылдық жұмыс өтілінің, отыз 

төрт жылын партия жұмысына 

арнады.

Ол елу жылдай партия-



кеңес органдарында мінсіз, 

кіршіксіз қызмет еткенін 

жоғарыда біршама айттым. 

Оның қызметтен қол үзген 

кезі еліміз тәуелсіздік алған 

кезеңмен сәйкес келді. Ол 

оған шын ниетімен қуанды. 

Отырыстарда, әртүрлі 

басқосуларда асыра 

сілтеудің салдарынан 

айырылып қалған, жоғалтқан 

ұлттық салт-дәстүрімізді, 

құндылықтарымызды 

жүйелеп, әсерлі әңгімелеп 

отыратын.  

Секеңнің атасы діни 

жағынан өте сауатты қария 

екен. Жас кезінде ол да 

атасынан мұсылмандық 

сауатын ашыпты. Онысы 

өзінің тұрғыластары 

арасында айқын аңғарылып 

тұратын. Секең намаз 

оқымаған, ораза ұста-

маған. Соған қарамастан, 

мұсылмандық жолын қатты 

қадірлеген. Бас қосқан жерде 

бата беруден тартынбайтын.  

Аруақтарға арнап Құран 

оқып, дұға бағыштауды 

парызы санады. 

Сейілбек ағамыздың, 

Зүбайра тәтемізден кейінгі 

отыз алты жыл өмірін жақсы 

өткізуіне, әдемі қарта-

юына бірден-бір себепші 

болған алдымен — Ал-

лаһ, сосын үлкен келіні, 

Аманның зайыбы Зәбираның 

атасына жасаған кіршіксіз 

қамқорлығы, мейірімділі-

гі екенін білеміз.  Ол қарт 

адамның жағдайына шын 

жанашыр бола білді және 

өзінен кейінгі қайындарына

қайынсіңлілеріне бас-көз 

болып, олардың отау тігіп- 

ұзатылуына анасындай 

қамқоршы болды. Қазіргі 

келіндерге Зәбираның осы 

қасиеттері жұғысты болса 

екен деп тілеймін. 

Қазір Секеңнің алты 

баласы жеке-жеке ақар-

шақар ауыл болған. Аман-

есен ержетті, жоғары білім 

алды. Жезқазған-Ұлытау 

аймағындағы абыройлы 

азаматтар қатарында. 

Секең Аллаһ берген алты 

баладан он екі немере көріп, 

тұңғыш немересі Әбілдің 

отау тіккен тойына қатысып, 

ақ батасын берді. Сексен 

жеті жасқа келіп, балалары-

ның үй-жай болғанын көріп, 

немересін қызықтап, көңілі 

орнығып, Аллаға шүкіршілік 

етіп, балаларымен, ағайын-

туыстарымен қоштасып, 

мәңгілік сапарға аттанды. 

Жасынан ауырлықты 

көп көргені әңгіме басында 

айтылды. Сонда да мойымай, 

өзінің талантын ұштай білді, 

көп оқыды және онысын 

көңіліне тоқи білді. Көп 

оқығандығының, көкірегі 

ояулығының арқасында 

көңілдегісін оңашада өлең 

жолдарына түсіретін де әдеті 

бар еді. Осы мақаламен 

бірге оның «Жастық шақ» 

деген өлеңін бірге беруді жөн 

көрдім.

Қадыр қажы 

ҮҢГІТБАЙҰЛЫ.

Баласы Әлібектің Сейілбекпін,

Шалқыған күннен-күнге жастағы екпін.

Он бесінен Отанына үлес қосып,

Коммунизм құрылысында қызмет еткен.

Мінекей, содан бері өтті жылдар,

Өткенге, білмегенге әркім құмар.

Тарихын өткен жолдың баяндайын,

Ұнамас — біреулерге, біреуге ұнар.

Тыңдаңыз, мен сөйлейін, салып құлақ,

Сөйлеген сөзім барар ұнаңқырап.

Білген жөн мың түсінен бірдің атын,

Өзімді таныстырайын бастан-аяқ.

Сұрасаң арғы затым менің — Найман,

Ұрпағы әр жерлерге қанат жайған.

Сарғалдақ, бергі атамыз туады Оразай —

Ішінде Қойайдармын талаптанған.

Өрбіген Қойайдардан Құлмұрзамын,

Талай жан бастан кешкен өмір заңын.

Ащы өмір жастай дәмін татсам-дағы,

Аға атандырып қалғаныма ризамын.

Айыртау — атамекен, өскен жерім,

«Ұлытаулықпыз» атанған өскендерің.

Қалайша Қараталдыны ұмытам мен,

Әкемнің алты жасымда қойған қабірін.

Қарсақбай көп жыл сені мекендегем,

Ойым жоқ өзге жерге кетем деген.

Батыс жақ «Қаратөбе» баурайында,

Мәңгілік ұйқысында шешем менің...

Тоймайды көзім өмір қызығына,

Көнерсің жазылған заң ырығына.

Не асыл жан дүниеден бәрі де өткен,

Ілінерсің бір күні ажал құрығына.

Жас жаным, қиналма әзір, жасым ұзақ,

Шіриді өздігінен құрған дұзақ.

Ұрпағың атандырар қалғаннан соң,

Ұласар өмірге-өмір үзік құрап.

Ойым жоқ асқындықта мұны айт деген,

Айтқаным тыңдаушыма ұнайт деген.

Толқыны ішкі ыза сыртқа теуіп,

Мазалайды көңілімді сыр айт деген.

Мойнымды бұл жұмысқа бұра алмадым,

Жастықтың жалынына тұра алмадым.

Туындым ерте оянған босқа кетіп,

Жинақтап бір арнаға құя алмадым.

Шешендік — қасиет адам бойындағы,

Арман — бұл жеткізбеген ойымдағы.

«Бір — сырлы, сегіз — қырлы» жігіт болсаң,

Жетерсің мұратыңа бәрің-дағы.

Мін болса ер жігітте ел жүдейді,

Сапасы болмаса елде ер жүдейді.

Көзді ашып-жұмғандайын өткен өмір,

Ойласам іші-бауырым елжірейді.

Бар жақсы — денсаулықта жалпы 

                                                 алғанда,

Қара жер айрылар дәм таусылғанда.

«Бір күнгі тірлік артық» деген сөз бар,

Жігіттер қапы қалма бұл жалғанда.

Көңілім кейде шалқып асқақтаған,

Кей-кейде ұзақ таңға қас қақпағам.

Әйтеуір мазасызбын ертелі-кеш,

Арманшыл болады екен 

                                       жас шақта адам.

Сөйлеуге бұдан да әрі келер шамам,

Тыңдаушым ризамын, болғын аман.

Дегендей «Аз сөз — алтын, 

                                  көп сөз — күміс»,

Аяғы осыменен болсын тәмам.

Сейілбек, мұны жазған менің атым,

Сыр шертіп көрем әуен рабатын.

Түбінде «Біздің Секең солай еді»  деп,

Еске алар, жолдас-жора, жұрағатым.



Сейілбек ҚОҢЫРБАЕВ.  

Қайран  қазекем  айтқыш  қой!  Сол  сөздердің  арасында  қанатты 

қағидаға  айналып  кеткендері  қаншама?!  Тек  көршіге  қатыстысы 

ше?! Бәрін түгендеу мүмкін емес. Баспанадан бұрын болашақта бо-

латын көршісін ойлаған қазақ: «Көрші ақысы — құдай қақысы» деп 

қадап айтқан. 

Қалай болғанда да, қанатты қағидаға айналған сөздер өмірдің өзі-

нен  ойып  алынған.  Мәні  тәлім-тәрбиеге  тұнып  тұр.  Мен  де  бүгін 

осы тақырыпты шама-шарқымша қаузағалы отырмын.

8

ТАҒЗЫМ


                                           №21 (1381) 29 МАМЫР 2015 жыл

C

M



Y

K

C



M

Y

K



Тайжан Қалмағанбетұлы 

1879 жылы Қарағанды облы-

сы Ұлытау ауданы жеріндегі 

Айыртау бауырында дүниеге 

келген.  Ақын дүниеге келген 

топырақ — иісі қазақтың қа-

сиетті, киелі санайтын, ұлтқа 

ұя, ата-бабамызға ежелгі 

қоныс болған Ұлытау жері. 

Тайжан өскен ортаның өзін-

дік тағылымды дәстүрі мен 

салты оның өнер ауылына ат 

басып бұруына әсер еткені 

даусыз. Әкесі Қалмағанбет 

— аймаққа ардақты, беделі 

зор, молдалығы маңайға 

белгілі болған адам. Мұн-

дай беделге ие жанның 

үйіне жақсылар келіп түскен. 

Бәтуәлі кеңес құрылып, 

ақылды әңгіме өрілген. 

Қазақи, далалық тәрбие 

ошағы саналатын орта бала 

Тайжанды өлмес өнерге 

талпындырды.

Тайжан ақындығының 

екпініне екпін қосқан Сыр 

өңірі болды. Ол біраз жыл 

Қызылорда жерінде ғұмыр 

кешеді. Сыр бойындағы 

сүлейлер дәстүрі, онда 

қалыптасқан өнерпаздық 

мықты орта ақын мүмкінді-

гін аша түсті. Тайжан Сыр 

бойындағы жеті ақынмен ай-

тысқан. Әйгілі халық ақыны 

Нартай Бекежанов Тайжан-

мен осы жерде кездесіп, 

тума талант өнеріне тәнті 

болып, өзіне ұстаз етеді. 

Тайжан — екі дәуірдің 

куәсі. Ол екі түрлі қоғамдық 

формацияның тынысын 

сезді, тірлігін көзімен көрді, 

куәсі болды. Бірі — әлдінің 

әлсізді жаныштап, еңбегін 

қанап, зар илеткен бұғаулы 

заман да, екіншісі — Қазан 

төңкерісінен кейінгі кеңестік 

тұрмыс.


— Зар илеткен заманда,

Су бермейді шалқар көл.

Асу бермей мұнар бел,

Тұманды күнде жол таппай,

Екі көзім болды көр, — деп 

ескі заман сипатын жырласа, 

кеңестік билік салтанат құрған-

да «Тамылжып сәуле түскен 

кез» деп Жамбыл, Кенен, 

Доскейлер қуана жырлаған ке-

зеңді Тайжан да жырға қосты. 

Тайжан ақынның өнерпаздық 

қыр-сырының барынша жарқы-

рай ашылған шағы — Кеңестік 

кезең. Бұл жөнінде «Тайжан 

ақын» поэмасының авторы, 

қоғам қайраткері Кәкімбек 

Салықов : «Тайжанның ерекше 

дәуірленген кезі 1934 жылдан 

басталады», - деп жазады. 

Шынында, ақын осы жылы Сыр 

өңірінен туған елі Ұлытауға 

қайтып оралған болатын. 

Тайжан – тынысы кең, талға-

мы  зор, өз қуатын өзі бағалай 

білген ақын.

— Болғаны Тайжан ақын 

биыл емес,

Біздерге өлең айту қиын 

емес.


Астынан алты қырдың ән 

шырқасам,

Дауысым отарбадан кейін 

емес, - десе, енді бірде: 

— Атандым бала жастан 

Тайжан ақын,

Ән-жырмен алты Алашқа 

жайған атын.

Төгілген сырнайымның 

сазды үніне

Қалықтап аспанда аққу 

айналатын, — деп ақындық 

жойқын қуаты арнасынан асып 

түсіп жатқан сері көңілдің сөзін 

осылайша ұқтырады. 

Қазақ хандығының 550 

жылдығы аясында Сәтбаев 

қаласы әкімдігі мен Қазақстан 

Республикасы Мәдениет және 

спорт министрлігінің ұйықты 

болуымен ұйымдастырылған 

Тайжан Қалмағамбетов 

атындағы І республикалық 

дәстүрлі ән орындаушылары-

ның байқауы ақын мұрасының 

өміршеңдігін танытты. Шығыс, 

Батыс, Солтүстік Қазақстан об-

лыстары, Қарағанды, Ақмола, 

Қызылорда, Павлодар, Астана, 

Алматы, Жезқазған мен Сәт-

баев шаһарларынан үмітін 

үкілеген 25 өнерпаз Сәтбаев 

қаласының төрінде үш күн 

бойы думандатты. Жезқазған-

дағы Серке Қожамқұлов 

атындағы қазақ сазды-драма 

театры әрістері қойған «Қыл 

бұрау түскен қырсық күн» 

театрландырылған көрінісімен 

шымылдығы айқара ашылған 

байқауда 

Тайжан атамыздан қалған 

жалғыз сырнай сахна төрінен 

орын алды. 

Ақын шығармаларын ел 

ішінен жинап, жан-жақты 

саралап, зерттеп жүрген ақын 

Тайжанның көзін көрген, жары 

Өлмесек апайдың інісі Мұ қан-

ның баласы, Республикаға ең-

бегі сіңген қайраткер Өмір бек 

Мұқанұлы да шешіле сөйледі 

бұл кеште. Өмірбек ағамыздың 

ақын өмірбаяны мен твор-

чествосын кеңінен қамтыған 

«Талайды таңдандырған Тай-

жан ақын» жинағы 2000 жылы 

жарық көрген болатын. 

— Тайжан ақын өнерге жас 

кезінен ынтық болып өсті. 

Ойынан жеңіл-желпі шумақ 

құрастырып, өлеңмен қағытып, 

әнін мың құбылтып жібереді 

екен. Бала Тайжанның суырып 

салып, өлең айтып жүргенін 

байқаған ауыл ақсақалдары 

бойындағы бұла талантын 

болжап, әкесі Қалмағанбетке 

«Мына балаңа ақындық өнер  

қонғалы жүр. Біздің тілімізді 

алсаң нағашы жұртына жібер. 

Үкілі Ыбырайдан бата алып 

келсін», - деп кеңес береді. 

Тайжан сөйтіп, Көкшетаудағы 

сексен көлдің бірі — Саумал-

көлде отырған нағашы атасы 

Сандыбайдың үйіне атбасын 

тірейді. Келген қонаққа сын көз-

бен қарап, жиенінің бойынан 

ақындықтың белгісін байқап, 

серілік құрып жүрген баласы 

Үкілі Ыбырайдың жанына 

қосып жібереді. Сұлу Көкшенің 

жерін армансыз аралаған бала 

Тайжан Сегіз сері, Біржан сал, 

Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан 

Шолақтың әндерін үйренеді. 

Үкілі Ыбырайдың атақты 

«Гәккуін» де құлпыртып, 

түрлендіріп жібереді. Ендігі 

жерде бала Тайжан, әнші-ақын 

Тайжанға айнала бастайды. 

Ақынның өмір жолын келер 

ұрпақтың білгені дұрыс. Оны 

сол қалпында жеткізу біздің 

парызымыз, - деді Өмірбек 

Мұқанов шешіле сыр шертіп. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал