Сатып аламыз



жүктеу 0.53 Mb.

бет2/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5   6

Әлібек ӘБДІРАШ,

     «Мысты өңір».

Бұл  бүгін  талқылайтын  тақырып  —  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  пен 

еңбек  қорғау  мәселесіне  тікелей  қатысты.  «Жезқазғантүстімет»  өн-

дірістік бірлестігінде былтыр бұрнағы жылмен салыстырғанда жал-

пы жарақат алғандар — бестің бір бөлігінен астам (22%), ал, апаттан 

қаза тапқандар екі есе (50%) кеміді. Өкінішке орай, биыл төрт айда өт-

кен  жылдың  сәйкес  мерзімімен  салыстырғанда  кейбір  көрсеткіштер 

көтеріліп кетті. Демек, арқаны кеңге салуға әлі ерте деген сөз.

Біздің  сұхбаттасымыз  —  «Жезқазғантүстімет»  өндірістік  бір-

лестігінің қауіпсіздік техникасына қатысты мониторинг жөніндегі 

маманы Алмат ҚАСЫМБЕКОВ.

жеке белгілеп отырайын. Биыл 

өнеркәсіптік қауіпсіздік пен 

еңбек қорғауды басқару жүй-

есінде 18 (10) шара белгіленсе, 

оның он алтысы орындалды, 

екеуі жұмыс үстінде. Белгілен-

ген шараның басым бөлігі өн-

дірістегі тәуекелдерді басқару 

жүйесіне тиесілі, ұзын- 

ырғасы — 25 (8), міне, осы-

ның жиырмасы қазірдің өзінде 

орындалып отыр. Денсаулықты 

қорғауға қатысты 7 (4) шара 

белгілеп едік, орындалғаны 

— төртеу. Қызметкерлерді 

оқыту мен біліктілігін арттыруға 

байланысты белгіленген 7 (3) 

шараның алтауы орындал-

ды. Коммуникациялық және 

ақпараттық қолдау бағытында 

белгіленген шараның бәрі 

жүзеге асты. 

— Әңгімеміздің етек-жеңін 

жинасақ, өндірістік жарақат 

алуды азайту бағытындағы 

негізгі міндеттер қандай?

— Түйіндеп-түйіндеп 

тоқетеріне тоқталайын. 

Ең бастысы — 

«Жезқазғантүстімет» өндірістік 

бірлестігінің кәсіпорындарында 

«Қазақмыс» корпорациясының 

стратегиясы мен саясатының 

талаптарынан туындайтын 

өнеркәсіптік қауіпсіздік пен 

еңбек қорғауды басқару 

жүйесін жетілдіру бағытындағы 

жұмысты жүйелі жалғастыру. 

Жұмыс орнының барынша 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Әр кәсіпорында жұмыс орнын 

құжаттандыру мен стандарттау 

жұмысын одан әрі жүргізу. 

Шығыс Жезқазған кенішінің 

№73/75 шахтасында 

жұмыс орындарын құжат 

талаптарына сәйкестендіру 

жұмыстарын белгіленген 

уақытында аяқтау. Адам 

еңбегін пайдаланудың 

тиімділігін арттыру 

мақсатында өндірістік 

бірлестіктің жетекшілері мен 

қызметкерлерін кезектен 

тыс сынақтан өткізу. 

Қызметкерлерді қауіпсіздіктің 

басым стандартына оқытуды 

жалғастыру. Кәсіпорындарда 

адамның өмірі мен 

денсаулығына қауіпті 

факторларды анықтау мен 

бірегейлендіру үшін жұмыс 

орындарына аттестация 

жүргізу. Инвестициялық 

бағдарлама бойынша 

жабдықтарды жаңғырту 

мен техникалық қайта 

жарақтандыру. 

Өндірістік бірлестік 

басшылығы өнеркәсіптік 

қауіпсіздікті тиімді басқаруда 

халықаралық тәжірибені 

қолдануға ұмтылады. 

Айталық, қауіпсіздік 

талаптарын сақтауда басшы 

мен қатардағы жұмысшының 

ұстанымы мен жауапкершілігі 

жіктеліп, соған сай саясат, 

ұстаным, мақсат пен міндет 

айқындалған. Сонымен қатар, 

өнеркәсіптік қауіпсіздікті 

басқару жүйесінде еңбек 

қорғау саласындағы 

мәселелерді шешу — барлық 

деңгейдегі қызметкерлерге 

ортақ міндет. 

Қауіпсіздік саласындағы 

түпкі негізгі мақсат — 

өндірістік жарақат алуды 

болдырмау арқылы өндірістегі 

жазатайым жағдайды таза 

жою. Бұл мақсатқа жету 

«Өмір» жобасының аясында 

жүзеге асырылуда. Сонымен 

қатар, Жезқазған өндірістік 

алаңында қауіпсіздік пен 

еңбек қорғау саласындағы 

коммуникациялық жұмыста 

«СМС-сәлемдеме» жобасы 

жүзеге асырылуда. Бұл 

жобаның мақсаты — әлемдік 

үздік тәжірибені пайдалануға 

негізделген адамның 

мінез-құлқына әсер ету 

тетігін барлық деңгейдегі 

қызметкерлерге қолдану.

Жалпы, өнеркәсіптік 

қауіпсіздікке қатысты 

атқарылып жатқан жұмыс аз 

емес. «Генрих пирамидасы» 

тәсілімен талай шаруа 

тындырылды. Одан кейін 

өндірістік өмірге өнеркәсіптік 

қауіпсіздікті және қауіпсіздік 

техникасы мен еңбек 

қорғауды басқару жүйесін 

жетілдіруге бағытталған 

«Өмір» жобасы келді. 

Кәсіпорындарға тәжірибелік-

өнеркәсіптік пайдалану үшін 

«ЕМЕХ» бағдарламалық-

талдау кешені енгізілді. Ол 

жарақат алу мен кәсіптік 

сырқаттың жайын жедел 

бағалауға және алдын ала 

әрекет ету шараларын 

қабылдауға мүмкіндік береді. 

Ол соншалықты жеделдігімен 

және барынша нақтылығымен 

ерекшеленеді. 

Талдап қарасақ, 

тіркелген жалпы жазатайым 

жарақаттың  оннан сегізі 

(80%) ұйымдастыруда кеткен 

олқылықтың үлесіне тиеді 

екен. Осының жартысынан 

сәл астамы (52%) 

орындаушылардың қате 

әрекетіне, демек, адамдық 

факторға қатысты екен: 

еңбек және өндірістік тәртіп 

сақталмайды, қауіпсіздік 

ережелері мен кәсіби 

нұсқауларға мән берілмейді, 

тиым салынған тәсілдер 

қолданылады, сондай-

сондай себеп-салдар түрткі 

болады. Қалғаны басшыларға 

байланысты: өндіріс ұтымды 

ұйымдастырылмайды, 

жеткілікті бақылау 

жасалмайды, адамды 

мамандығына сәйкес 

келмейтін жұмысқа 

жұмсайды.



— Әңгімеңізге рахмет!

5

ЗЕРДЕ


                                                                                                                                                                                                   №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

Ұт мүддесін қорғай білген 

ұлт зиялылары сталиндік саяси 

қуғын-сүргін құрығына жап-

пай ілікті. 1917 жылғы Қазан 

төңкерісінен басталған ұлт 

саясатының қудалануы КСРО 

ыдырағанға дейін жалғасын 

тапқандығы да тарихтан мәлім. 

Қазақ зиялыларының көрген 

қасіретін, рухани жан азабын 

жеткізу өте ауыр. Сталиндік 

саяси қуғын-сүргін қоғам өмірінің 

барлық саласын қамтыған-

дықтан, тіпті оның құрығына 

әйелдер мен балалар да ілікті. 

Кеңестік билік жергілікті 

тұрғындардың ұлттық ерекшелік-

тері мен мүдделерін қорға-

ушыларға, ұлттық автономия 

құру идеясын қолдаушыларға 

«тап жаулары», «ұлтшылдар», 

«жат пікірдегілер», «әлеумет-

тік қауіпті элементтер» деген 

жала жабылып, халықтың да 

оларға деген теріс көзқараста-

рын қалыптастыруға жағдай 

жасады. Халықтың қамын жеген 

ұлт қайраткерлерінен сескенген 

тоталитарлық билік өкілдері 

тығырықтан шығар жолды 

іздеді. 1925 жылы қыркүйекте 

Қазақстанға басшылық қызметке 

Ф.И.Голощекинның келуі елде 

орын алып отырған жағдайды 

одан бетер ушықтырды. Ол 

Қазақстанды кеңестік өзгері-

стерден тыс қалған деп санап, 

онда «Кіші Қазан» төңкерісін 

жүргізу саясатын ұстанды. Оның 

жүргізген саясаты ұлт зиялыла-

рын жаппай қуғындауға ұласты. 

Голощекин өзіне қарсы шыққан-

дарды қызметтерінен алып, 

республикадан қуды, олардың 

көзін жоюды қолға алды.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстан-

да 1928 жылдың ортасынан 

Алаш қозғалысына қатысқан 

қайраткерлерді тұтқындаудан 

басталды. Оларға «буржуа-

зияшыл-ұлтшыл» деген айып 

тағылды.

Қазақстан тарихының өр-

кениетті көзқарас шеңберімен 

зерделейтін өзекті мәселелері 

жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тота-

литарлық тәртіптің ұлт санасына 

салған «жаралары» да аз емес. 

Әсіресе, 1920-1930 жылдардағы 

саяси қуғын-сүргін ұлттық рухы-

мызды тұншықтырған тұстары. 

Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке 

жол ашқан кеңестік билікті ақыл-

мен зерделеу қазақ тарихының 

кісілік келбетін дәйектемек. 

Қуғын-сүргін кезіндегі айдауға 

іліккен халқымыздың асыл аза-

маттары мен олардың жары мен 

балалары туралы  Армиял Тасым-

бековтың «Жан дауысы» кітабында 

(Алматы, «Жалын» 1994ж) былай 

деп жазады: «Қуғын-сүргін сол 

бір аяулы азаматтардың берекелі 

шаңырағын шайқады-ау келіп. 

Шындық шырқырап, құлындағы да-

уысы естіліп жатса да «троцкишіл, 

жапонның, ағылшынның, немістің 

тыңшысы» деп халық жауы атанған 

талай-талай азамат айдауға түрме-

ге жөнелтіліп жатты. Ана күйеуінен, 

бала анасынан айрылды. Заман 

тыныш. Апыр-ай, сонда халықтың 

жауы кім болғаны?! 

Жиналған жікті ірітіп, бұзатын 

қара күйе деген болушы еді. Не-

месе егінді тып-типыл асайтын көк 

шегіртке, саранша дегенді естуші 

едік. Халқына қызмет етушілер-

ге — «халық жауы» деп жала 

жабылуы ойланарлық жағдай... 

Тарихқа қиянат осылай 

басталған.

Ия, осылай басталған қиянат-

тың салдарынан халқымыз 1937-39 

жылдары қоғам қайраткерлерінен 

ерте айрылды.  Т. Рұсқұлов, С. 

Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансү-

гіров, А. Байтұрсынов, Ж. Айма-

уытов, М. Дулатов сияқты халқы-

мыздың дарынды перзенттері 

«халық жауы» деп жала жабылды. 

НКВД-ның тергеушілері «халық 

жауы» ретінде ұсталғандарды 

бір-біріне айдап салып, тергеу ісін-

де амал-айланың небір құйтұрқы 

түрлерін жүзеге асырды.

Әй-шайға қарамастан «халық 

жауы» атанып, ұсталғандардың 

отбасы мүшелері, туыс-туғанда-

рының қамауға алынуы жығылған 

үстіне жұдырық болды. Сәбилердің 

шат-шадыман күлкісі естіліп жата-

тын базарлы үй мазарға айналды. 

Бұған мыңдаған тұтқын әйел оты-

рған Ақмола қаласы маңындағы 

сол кездегі ресми түрде лагерьлер 

бас басқармасының 26-шы нүктесі 

куә. Қылмысты істер кодексінің 

58-бөлімі 17-ші тармағымен 

бас бостандығынан айырылып, 

сотталған сол бір аналар орна-

ласқан мекен-жайды көпшілік 

«Алжир» деп атайды. Ондағы 

әрбір әріп «Акмолинский лагерь 

жен изменников Родины» деген 

мағынаны білдіріпті. Лажысыз сол 

аналар тағдырының ауыр жүгін 

арқалауға мәжбүр болды. Белең 

алған келеңсіздік мыңдаған, тіпті 

миллиондаған аналардың жүрегін 

мұздатты.

Тарихқа сүйенсек, 1920-1930 

жылдары КСРО аумағында 

Корлымда, Магаданда, Воркута-

да, Сібірде, Уралда, Қазақстан-

да және басқа да аймақтарда 

концлагерьлер ұйымдастырылған. 

Ішкі істер комиссариатының 

түрлі басқармаларының ішінде 

лагерьлер мен колониялардың 

Бас басқармасы болып саналған 

ГУЛАГ-тың орны ерекше болды. 

Лагерьлер саны қарқынды өсті. Со-

нымен 1932 жылы ГУЛАГ құрамын-

дағы еңбекпен түзеу лагерьлерінің 

саны 11-ге жетті. 1940 жылдың 

алғашқы кезеңінің өзінде ГУЛАГ қа-

рауында НКВД құрылыс лагерьлері 

деп аталатын 53 лагерь және 

425 еңбекпен түзеу колониялары 

болған. Лагерь тұтқындарының 

саны 1930 жылы 179 мың болса, 

1940 жылдың басында олардың 

саны 1 668 200 (бір миллион 

алты жүз алпыс сегіз мың екі жүз) 

адамға жеткен.

1930 жылы Карлаг құрылып, он 

жыл өткен соң, ГУЛАГ құрамын-

дағы ең ірі құрылымға айналды. 

1939 жылы 42 лагерь арасында 

Карлаг тұтқындары саны жағынан 

тоғызыншы орынға ие болған. 

Ондағы тұтқындар саны – 35 072 

адамға жеткен немесе сол кездегі 

барлық кеңестік тұтқындардың 3 

процентін құраған.

АЖИР – 1937 жылы ашылған 

17 лагерь бөлімшесінің лақап 

аты. Оған кеңес империясының 

түпкір-түпкірінен халық жауы 

атанған қайраткер тұлғалардың 

тұтқындалған әйелдері және әйел 

жынысты туыстары тұтқындалған. 

Алғаш ашылғанда 3 мыңдай әйел 

отырса, 1942 жылы олардың саны 

21 мыңды құраған.

«Халық жауының» әйелдері 

деп танылған әрбір анаға алды 3 

жыл, арты 8 жылдан берсе, 1937 

жылдан 1954 жылға дейін қаншама 

адамның тағдыры тәрк болған. 

Қарапайым үй шаруасындағы 

әйелдерден бастап, ақын, жазушы, 

ғалым, әнші, биші, артист, режис-

сер, дәрігер, партия, кәсіподақ

косомол қызметкерлері, мұғалім, 

тіпті мал дәрігеріне дейінгі әр қилы 

мамандық иелері қорлық көрген 

екен. 


Қазақстандық әйелдерді, оның 

ішінде қазақ әйелдерінің саяси, 

құқықтық және әлеуметтік жағдайын 

өзгерту шаралары саяси қуғын-сүр-

гінге ұласты. Саяси шаралар мен 

экономикалық науқандар барысын-

дағы саяси қуғын-сүргін құрығынан 

әйелдер де аман қалмады. Саяси 

қуғын-сүргінге қазақтармен қоса, 

Қазақстанда өмір сүрген өзге ұлт 

өкілдері де ілікті.

Кеңестік тоталитарлық қоғам 

ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын 

әлсірету мақсатында саясат жүр-

гізіп, «кеңес халқын» қалыптастыру 

ісін қарқынды қолға алды. Енді 

саяси қуғын-сүргіннің адам құқығын 

аяққа басқан заңдық негіздерін 

зерделесек: КСРО-да 1920-1930 

жылдардағы саяси қуғын-сүргін 

социалистік құрылысты орнықты-

рудағы шаруашылық механизмінің 

ажыратылмас бөлігіне айналды. 

1920 жылдан бастап ВЧК-ГПУ-

НКВД халық арасынан «кеңестерге 

қарсы мәліметтерді» жүйелі түрде 

жинаған.1930 жылы РСФСР Қыл-

мыстық кодексінің 58-10 бабымен 

10 жылға сотталғандар саны мил-

лионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 

процентін құраған. Осы баппен 

сотталғандар түрмелер мен 

еңбекпен түзету лагерьлерінде 

«агитатор» деген атты иеленген.

1920-1930 жылдары кеңестік 

сот жүйесі қайта құрылып, саяси 

қуғын-сүргін шараларын жүргізу-

ге бейімделді. Кеңестік заңдар 

халық шаруашылығын дамытуға 

есептелген жаңа экономикалық 

саясаттың тиімді тетігі болған-

дығын да көптеген зерттеушілер 

дәлелдеді.Сол кезеңдегі КСРО 

Конституциясының 157-бабында 

сот мәжілістері ашық жүргізіледі, 

ал 155-бапта судьялар мен халық 

заседательдері дербес, тәуелсіз 

болып, тек қана заңға бағынады 

деп жазылғанмен, іс жүзінде 

жағдай басқаша болды. 

1928-1931 жылдары жалған 

айып пен жала жабу әдісі 

күшейіп, айыпкерді «мойындату-

дың» әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, 

ОГПУ-дің қолында репрессияны 

жүргізудің даяр механизмі болған. 

Осы механизм 1930 жылдары 

толықтай күшіне енген. Нәтиже-

сінде саяси қуғын-сүргін жалпы-

лама бағыт алды. Күні кешеге 

дейін КСРО бұғауынан шыққан 

елдер сот-тергеу органдарына 

сенімсіздікпен қарады. Өйткені, 

сот-тергеу органдары партия-

ның айтқанын орындап, биліктің 

құралы ғана болды. Саяси қуғын-

сүргінге ең алдымен ұлтжанды 

зиялылар ұшырады. Мұрағат 

құжаттары зиялылардың көзін 

жоюдың астарында саяси мән 

жатқандығын дәлелдейді. Тіпті, 

«халық жауы» атанып, атылған, 

лагерьге айдалған тұлғалардың 

отбасы мүшелеріне дейін репрес-

сияға ұшырады. Өйткені, кеңестік 

саясаттың түпкі мазмұнына 

кедергі болар отбасы құндылығы 

еді. Билік құрылымдары кез-кел-

ген отбасы мен жеке адам өміріне 

белсене араласты.

31 мамыр — САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН және АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Мен – қазақпын 

              мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым 

                           мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім 

                            күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен 

                          түн түрілген.

 Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ

Жаннұр ТІЛЕМІСОВА,

«Мысты өңір»

Халқымыздың  тарихында  өзінің  ұлттық 

ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қа-

луға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық 

екендігін  көрсетуге  ұмтылатын  сын  сағаттар 

көп болды. Әсіресе саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 

халықтың қасірет көрген жылы тарихта таңба 

болып қалды.

1996  жылы  30  желтоқсанда  Қазақстан  Респу-

бликасы Президентінің «1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүр-

гін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты. Тарихи зер-

дені  жаңғырту,  тарихпен  тәрбиелеу  арқылы  жалпыұлттық  татулықты  нығайта 

түсу орайында бірқатар жұмыстар атқарылды. Сол жылы бекем негізделген Саяси 

қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні елімізде жыл сайын 31 мамырда міндетті түр-

де атап өтіледі.

Саяси  қуғын-сүргін  салдарынан  халқымыз  тар  жол 

тайғақ  кешсе  де,  ұлт  болмысының  тамырын  қиюға  ша-

масы  жетпеді.  Тарих  әділ  болса  болашақта  солай  хат-

талады.  Ал,  тарих  қиянатқа  ешқашан  төзбейді,  араға 

ғасырлар  салып  та  айтыла  береді.  Түрлі-түрлі  соғыс, 

төңкерістер, неше рет оралып келген жұт бар, мың түрлі 

құбылған репрессиялар бар. Осы аласапыран уақыттар-

да, демографтардың есебінше біз 3-3,5 милион қазақтан 

айырылып қалыппыз. Жер шарында басқа бірде бір ұлт 

мұндай  алапатты  бастан  кешпепті.  Зорлық-зомбылыққа 

толы қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарының , оның 

тигізген  залал-зардаптарының  тарих  парағынан  өшпесі 

хақ. Саяси нәубет құрбандарының рухына тағзым ету ұр-

пақтың парызы.


ТӘРТІПТІ БАЛА

Мен тәртіпті баламын,

Үлкеннің тілін аламын.

Каникулдың кезінде,

Ертіп алып інімді,

Ауылға мен барамын.

Моп-момақан, кішкене,

Қозы-лақты бағамын.



Мирас ХАМЗАН.

МЕКТЕБІМ

Мектебім менің, мектебім.

Өзіңе аян өткенім.

Біліміңнің арқасы, 

Биіктерге жеткенім.

Жұлдызым жарық  жанғанда,

Озаттар ғана бұл маңда,

Ұстаздарды үлгі ғып,

Қол созайық арманға.

 

Әлихан МҰХТАР.

ӘКЕМЕ

Қиялдарда самғаймын,

Арман шыңға жете ме?

Мен өлеңді арнаймын,

Асқар тауым әкеме.

Екі етпейді сөзімді,

Тиеді дәйім көмегі.

Елге де сіңген еңбегі, 

Кен қазады себебі.

 

Арайлым СЕКИМОВА

.

БАТЫР ЖІГІТ

Тәртіпті боп жүремін,

Тілін алып анамның.

Мен өскенде ержүрек,

Батыр жігіт боламын. 

Мансұр ТӨЛЕУ, 

5 жаста.

АҚ ӘЖЕМ

Арналсыншы өлеңім,

Биік бізге дәрежең.

Сізді жақсы көремін,

Айналайын ақ әжем.

Ойнап дәйім күле бер,

Шаршамастан, талмастан.

Ортамызда жүре бер,

Қызығыма тоймастан.

 

Аяулым ДОСБОЛ.

ОТАН

Алысқа кеткен атағың,

Жасыл қырат-жоталар

Мақтан етем өзіңді,

Сүйікті менің Отаным!

Дара келетін жарыста,

Бітімі ұқсас барысқа,

Отаным, елім, қорғаным,

Қазақстаным, қарышта! 

Жасмин ӨМІРЗАҚ.

АТАМА

Аташым менің, ақылшым,

Көпті көрген данамсың.

Жыласам мені жұбатып,

Қабағымды бағасың.

Үй ішін базар қылатын,

Немере ыстық қашанда.

Дегенді біліп әрдайым,

Еркелеп жатам атама.

Ұзақ өмір тілеймін,

Қызығымды көрсін деп.

Жетістікке ұмтылам,

Атам мақтан тұтсын деп.

КӨКТЕМ КЕЛДІ

Балалар, даламызға 

                            көктем келді,

Күн жарқырап, айналаға 

                               нұрын төккен.

Жер көгеріп, қызғалдақ 

                                   құлпырады,

Кемпірқосақ күледі сонау көктен.

Құлыншақтар ойнақтап 

                              қырға қашқан,

Нұр көктемді ақындар 

                              жырға қосқан.

Балалар жүр көгалда асық ойнап,

Күннің көзі күмістен 

                            шашу шашқан.

 

Ақнұр МҰҚАШОВА.

Ондағы басты мәселелер: 

балаларды соғыс қаупінен 

қорғау, денсаулығын сақтау, 

демократиялық негізде 

тәрбие, білім беруді жүзеге 

асыру идеялары. Осы кон-

венция негізінде Қазақстан 

Республикасының Конститу-

циясында Балаларды қорға-

удың құқықтық негізін бекіту, 

отбасын қолдау, аналарды 

қамтамасыздандыру, ерекше 

қиын жағдайға душар болған 

балаларды қамқорлыққа алу 

шараларын жүзеге асыруға 

міндеттелген. Қазақстанда 

балалар құқығын қорғау, 

жетім балаларды қамқор-

лыққа алу ісінде «Бөбек» 

қоры жемісті жұмыстар атқа-

рады. Елімізде көп балалы 

және аз қамтамасыз етілген 

отбасы балаларына, ақыл-есі 

кеміс, жетім, ата-анасының 

қамқорынсыз қалған бала-

ларға, психикалық, интеллек-

туалдық дамуы тежелген ба-

лаларға, саңырау балаларға 

арналған мектеп-интернаттар 

жұмыс істейді. Бұл арнау-

лы мекемелер тәрбиеле-

нушілердің өз кемшіліктерінің 

орнын толтыру дағдыларын 

қалыптастырып, әлеуметтік 

бейімделуін қамтамасыз 

етеді. Оларды тәуелсіз өмір 

сүруге, еңбек етуге даярлайды. 

Арнаулы мектеп-интернат-

ты бітірушілер жалпы білім 

беретін бағдарлама негізінде 

білім алып, белгіленген үлгідегі 

куәлік алады.

Балалар қорғауының халықа-

ралық күні – бұл, алдымен, 

балалар өмірі құқықтарын, пікір 

мен дін бостандығын, білім алу, 

демалу мен бос уақыт, денелік 

және психологияқ жәбірлеу-

ден қорғау, балалар еңбегінің 

эксплуатациясынан қорғау 

құқықтарын сақтау қажеттігі 

туралы, адамгершілікті және 

әділді қоғам қалыптасуының 

қажетті жағдайлары ретінде 

үлкендерге ескерту. 

Бұл күні барлық әлемдегі 

балалардың жағдайына назар 

аудару мақсаты болатын, ылғи 

әртүрлі іс-шаралар өткізуімен 

атап өтіледі.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал