Сатып аламыз



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№21 (1381)

1988 жылғы 30 шілдеден шығады



АЙМАҚТЫҚ 

АПТАЛЫҚ  ГАЗЕТ

29  мамыр

ЖҰма, 

2015 Жыл


C

M

Y



K

C

M



Y

K

БАСПАСӨЗ-2015



ГАЗЕТІНЕ ШІЛДЕ АЙЫНАН БАСТАП ЖАЗЫЛСАҢЫЗ:

Телефондар: 72-23-63, 74-14-80.

Бос үлкен баллондар

САТЫП АЛАМЫЗ

Баллондарымыз 

толы! 

Тегін жеткіземіз!

Ұлытаулықтар

назарына!

Егер Сіздер «Мысты өңір»

газетіне жазылғыларыңыз 

немесе құттықтау, еске алу және 

т.б. хабарламалар бергілеріңіз 

келсе, Гүлдариғаға 

хабарласуларыңызға бола-

ды. Тел: 8771-180-98-25, 

үйінің телефоны 

2-11-15.


Жаннұр ТІЛЕМІСОВА,

           «Мысты өңір».

Міне,  тағы  да  соңғы  қоңырау  соғылды. 

Мектеп  қабырғасын  кеше  ғана  аттаған 

бүлдіршін  балалар  өмірдің  жаңа  баспал-

дағына қадам басты. Жалпы, биыл Жезқазған 

қаласы  бойынша    негізгі  мектепті  —1106 

түлек, орта мектепті — 499 түлек тәмамда-

ды.  Оның ішінде 358 түлек ұлттық бірыңғай 

тестілеу тапсыруға өтініш берген. Сондай-ақ, 

мектеп  бітірушілердің  27-сі  «Алтын  белгіге», 

8-і «Үздік» аттестатқа үміткер. 

Осындай  соңғы  қоңырау  салтанаты  қа-

ламыздағы  Қ.Сәтбаев  атындағы  №7  мек-

теп-лицейінде  де  өтті.  Аталмыш  оқу  орда-

сын  биыл  71  түлек  тәмамдады.  Оның  6-уы, 

«Алтын белгіге» үміткер.

2

ДҮРБІ


                                                                                                                                                                                                   №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

Слет жұмысына Қарағанды 

облысы Ішкі істер департа-

ментінің, Жезқазған қалалық 

ішкі істер басқармасының 

басшылары мен облыстың әр 

аймағынан келген 100-ге жуық 

тәлімгерлер мен жас полицей-

лер қатысты. 

Олар алдымен Жезқазған 

облыстық Ішкі істер басқар-

масының алғашқы бастығы, 

генерал Мұрат Құрмановтың 

мұражайын аралады. Құнды 

материалдарға толы мұра-

жаймен Ішкі істер басқармасы 

ардагерлері кеңесінің төрағасы 

Аманбек Мұқатаев таныстырды. 

Сондай-ақ, делегация мүшелері 

«Қазақмыс» корпорациясының 

өлкетану мұражайымен де 

танысты. 

Бұдан кейін слетке қаты-

сушылар «Нұр Отан» 

партиясының қалалық 

филиалы ғимаратын-

да Қарағанды облысы 

Ішкі істер департа-

менті бастығының 

орынбасары, полиция 

полковнигі Ардақ Ынтықбаевтың 

төрағалығымен өткен кезде-

суде бас қосты. Күн тәртібінде 

бірқатар мәселелер оның ішінде  

ІV слетте қабылданған жұмы-

стардың қорытындысы қара-

лып, алдағы жылдарға жоспар 

құрылды. Сондай-ақ, Қарағанды 

облыстық Ішкі істер департа-

менті кадр жұмысы жөніндегі 

басқарма бастығының орынба-

сары, полиция полковнигі Асқар 

Жетпісов Жезқазған қалалық 

ішкі істер басқармасында жедел 



Жаннұр ТӨЛЕНДІҚЫЗЫ,

                 «Мысты өңір».

Қарағанды  облысы  Ішкі  істер  департаменті  ұйымда-

стыруымен Қарағанды облысы ішкі істер органдарының 

тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің дәстүрлі V слеті 

биыл тұңғыш рет Жезқазған қаласында өтті. Қазақ хан-

дығының  550  жылдығына  байланысты  ауқымды  іс-шара 

Ұлытау-Жезқазған аймағында ұйымдастырылды. 

ОБЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  

V СЛЕТІ

басқарма орталығын құру мәсе-

лесі туралы, Жезқазған қалалық 

Ішкі істер басқармасы бастығы-

ның орынбасары Аманжол 

Каримов қылмыспен күресудің 

жоспарлары туралы баяндама-

ларын оқыды. 

Сонымен қатар кездесуде по-

лиция қызметкерлері арасында 

патриоттық тәрбие мен өр рух 

қалыптастыру, тәртіп сақшыла-

рының абыройын көтеру нақты 

айтылып, қызмет бабында 

жанын қиып, өмірден өткен по-

лицейлердің есімін құрметтеуді 

міндеттеді. Полиция жұмысы-

ның мінсіздігі, ашықтылығы, 

тиімділігі, бұқаралық ақпарат 

құралдарымен байланысы, 

«нөлдік шыдамдылық» прин-

ціпінің орындалуы да қызу 

талқыға түсті. 

Іс-шара соңында Ішкі істер 

органдарының алдағы жұмы-

старына резолюция қабылдан-

ды.

Суретті түсірген 



М.Ералиев.

«КәсіпҚазақмыс»  салалық  кәсіподағына 

қарасты  Шығыс  Қазақстан  облысындағы 

филиалында  жұмыс  жүйелі  жолға  қойылған. 

Оның  қызметіндегі  маңызды  бағыттың  бірі 

— «Шығыстүстімет» пен мердігер кәсіпорын-

дардың қызметкерлері үшін сауықтыру шара-

ларын ұйымдастыру. Мәселен, әрбір кәсіподақ 

мүшесінің  Қазақстандағы  бес  санаторийдің 

кез  келгеніне  жеңілдетілген  жолдама  алуына 

мүмкіндігі бар. 

Кәсіподақ ұйымының осы қызметін қазірдің өзінде 

екі  жүзден  астам  адам  пайдаланды.  Әсіресе,  «Ар-

ман» мен «Сарыағаш» санаторийлеріне барғысы ке-

летіндер жағы басым. Бұл емдеу мекемелері Оңтүстік 

Қазақстан  облысында,  Шымкенттен  130  шақырым 

қашықтықта орналасқан. 

Артемьевск  өндірістік  кешенінің  басқармасында 

бір  бөлімде  қырық  жылдай  қызмет  істеп  зейнеткер-

лікке  шыққан  Римма  Евгеньевна  Ровенская  «Шығы-

стүстіметтің»  кәсіподағынан  жолдаманы  тегін  алды. 

Ем-дом қабылдап жақында оралған оның алған әсері 

де мол екен.

— Бұл санаторийде бірінші рет болуым еді, алған 

әсерім  мол.  Негізгі  ем  минералды  су  ішу  болып  та-

былады. Оның сыртында минералды ванна, әртүрлі 

душ  сияқты  бальнеологиялық  түрлері  де  бар.  Күні 

жылы, көкөніс пен жеміс-жидек мол. Сонымен қатар, 

екі-үш  мәрте  саяхатқа  шығуға,  оның  ішінде  Өзбек-

станға барып қайтуға да мүмкіндік бар. Маған өте ұна-

ды. Осындай санаторийда ем алуға жағдай жасаған 

кәсіподаққа рахмет! — дейді ол.

Әрине, сауықтыру жолдамалары алдымен жұмыс 

істеп  жүрген  кәсіподақ  мүшелеріне  беріледі,  қажет 

болып  жатса  оның  отбасы  мүшелеріне  де  қарасуға 

мүмкіндік  бар.  Кәсіподақ  өз  мүшелерінің  құқы  мен 

мүддесін қорғап қана қоймайды, адам үшін ең басты-

сы — денсаулықты да ойластырады.



Эльза КИНЗЕР.

Суретте: 

Р.Ровенская «Укаш атада».

Қазылар  олардың  біліктілігін  баға-

лағанда,  ең  алдымен,  өндірістік  көр-

сеткіштер  мен  қауіпсіздік  техникасының 

сақталуына  назар  аударды.  Байқаудың 

мақсаты  —  ең  білікті  үздік  мамандарды 

анықтау және жұмысшы мамандығының 

беделі мен мәртебесін көтеру.

Байқау 

қорытындысында 



жеңім-

паздар  мен  жүлдегерлер  төмендегіше 

анықталды: 

«ПДМ машинисі 1 вахта»: 1 орын — 

Максим  Халилов,  2  орын  —  Еркебұлан 

Смайлов, 3 орын — Рүстем Әбенов

Ең тындырымды қызметкер — Есбол 

Сыздықов

Ең  еңбексүйгіш  қызметкер  —  Талғат 

Әбдіраманов

Ең  жауапты  қызметкер  —  Аманкелді 

Манпаев

«ПДМ машинисі 2 вахта»: 1 орын — 

Аркадий Дудий, 2 орын — Нұрлан Смай-

лов, 3 орын — Берік Ағысбаев

Ең тындырымды қызметкер — Бағлан 

Жолдыбаев

Ең  еңбексүйгіш  қызметкер  —  Зұлбұ-

хар Жақыпов

Ең жауапты қызметкер — Дастан Ах-

метбеков

«ПСМ  машинисі  1  вахта»:  1  орын 

—  Вадим  Мутагиров,  2  орын  —  Медет 

Жолдасбаев, 3 орын — Руслан Хан

Ең тындырымды қызметкер — Қанат 

Омаров

Ең  еңбексүйгіш  қызметкер  —  Да-



нияр Әбдіғожин

Ең  жауапты  қызметкер  —  Ермек 

Көшербай

«ПСМ машинисі 2 вахта»: 1 орын 

— Мақсат Белгібаев, 2 орын — Дми-

трий Белобородов, 3 орын — Ермек 

Сапарбаев

Ең тындырымды қызметкер — Ға-

лымжан Еңсебаев

Ең еңбексүйгіш қызметкер — Аза-

мат Қойбеков

Ең  жауапты  қызметкер  —  Ербол 

Жалбыров


«Өз  кәсібінің  үздігі»  кәсіби 

шеберлік  байқауының  жеңімпаз-

дары  мен  жүлдегерлері  Жастар 

одағының  Құрмет  грамотасымен 

және бағалы сыйлықтарымен ма-

рапатталды. Мұндай байқаулар өз 

кәсібінің  үздіктерін  анықтап  қана 

қоймай,  жинақталған  тәжірибені 

жастарға  беруге  жол  ашады,  ше-

берлікті шыңдайды.

(

Өз тілшіміз).



Кеніштегі Жастар одағының ұйтқы болуымен «Жомартта» кәсі-

би шеберліктің төрт байқауы ұйымдастырылды. Олар: «ПДМ ма-

шинисі 1 вахта», «ПДМ машинисі 2 вахта», «ПСМ машинисі 1 вахта», 

«ПСМ машинисі 2 вахта».

Оңтүстік  Жезқазған  кеніші 

№67  шахтаның  мәжіліс  залын-

да  бірінші  жарты  жылдықтың 

қорытындысы  бойынша  «Үздік 

маман  иесі»  атанған  бірқатар 

кеншілер марапатталды. 

Оларға аталмыш кеніштің  

«КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы ұй-

ымдастырған ақшалай сыйақы мен 

грамоталар табысталды. Олардың 

қатарында №67 шахтаның №41 

телімінің жерасты машиналары 

машинисі Асылбек Сейітов,  №49 

телімнің электрослесары Александр 

Запара,  №43 телімнің конвейер 

машинисі Қанат Кенжалиев, №39 

телімнің үңгушісі Арнат Қосыбаев, 

телім бастығы Руслан Мүслимов 

және №65 шахтаның № 17 телімнің 

электровоз машинисі Мейірбек 

Қожахметов, №15 телімнің атты-

рушысы Қанат Нысапбергенов, №1 

телімнің бұрғылаушысы Рашид 

Әуезов, №10 телімнің тау-кен ісі ше-

бері Әділбек Хасенов, №16 телімнің 

электрожөндеушісі Үсен Кенчимов,  

№25 телімнің жер асты машина-

лары машинисі Виталий Ко-

лышкин,  №12 телімнің «ТОРО» 

машинисі Мейірхан Абдидинов, 

№45 шахтаның 1 телім геологы 

Мауия Телібаева және Оңтүстік 

Жезқазған кеніші бойынша инже-

нер Талғат Тілегеновтар бар.

Абзал ЖАНАБЕРГЕНОВ,

ОЖК «КәсіпҚазақмыс» 

кәсіподағының төрағасы.


3

КӨКЖИЕК


                                                                                                                                                                                                                            №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

Жезқазған аймағы 

бойынша кәсіпкерлерді 

қолдауға бағытталған 

мемлекеттік бағдарламалар 

туралы сөз қозғалған 

кездесуге  қаламыздағы 

шағын және орта бизнес 

өкілдері қатысты. Аталмыш 

кездесуді Б. Шыңғысов 

жүргізіп отырды. 

Ол сөз кезегінде 

кәсіпкерлікті дамытуға 

бағытталған мемлекеттік 

бағдарламалар туралы 

нақтылы және толықтай 

ақпарат беріп өтті. Сондай-

ақ, партияның бастауыш 

ұйымдары туралы да сөз 

қозғады. 

Алғаш болып қаладағы 

шағын және орта бизнес, 

аймақтық кәсіпкерлер 

қауымдастығының жұмыстары 

туралы «Жезқазған 

аймағы кәсіпкерлерінің 

және өнеркәсіпшілерінің 

қауымдастығы» директорының 

міндетін атқарушы Думан 

Жаманов баяндама жасады. 

4 жылдың мұғдарында 

Қауымдастық «Қазақмыс» кор-

порациясымен тығыз байланыс 

жасап, Жезқазған аймағының 

өнеркәсібі мен кәсіпкерлігінің 

дамуына өзіндік үлесін қо-

сып отыр. Қауымдастықтың 

құрамында қазіргі таңда 69 

компания бар. «Қазақмыс» кор-

порациясы мен қауымдастық 

арасында 2014 жылы жалпы 

құны 17, млрд теңге көлемінде 

келісім-шарт жасалған. Баян-

дамашы сондай-ақ, аталмыш 

қауымдастықтың жұмысын 

жоғарылату мақсатында қолға 

алынып жатқан жобаларына да 

тоқталды. 

Бұдан кейін баяндаманы 

қалалық «кәсіпкерлік және 

ауыл шаруашылығы бөлімі» 

меңгерушісі Кеңгірбай 

Смағұлов жасады. 

Баяндамашы «Бизнестің 

жол картасы – 2020» 

кәсіпкерлікті қолдау мен 

дамытудың бірыңғай 

бағдарламасы, сонымен 

қатар аймақтарды дамыту 

бағдарламалары оның ішінде 

Жезқазған аймағын дамытудың 

Кешенді бағдарламасын іске 

асыру жұмыстары туралы сөз 

қозғады.


Кездесу соңында «Нұр 

Отан» партиясы «Қазақмыс» 

корпорациясы жанындағы 

Қарағанды филиалы 

төрағасының бірінші 

орынбасары Бауыржан 

Шыңғысов партия филиалы 

тарапынан нақты қолдау және 

партия жобалары аясында 

партия мүшелерін саяси 

әлеуметтік шараларға белсене 

қатыстыру мақсатында 

құрылған «Жезқазған 

аймақтық кәсіпкерлер 

және өнеркәсіпшілер  

қауымдастығының» бастауыш 

партия ұйымы мүшелеріне 

жаңа үлгідегі партия 

билеттерін салтанатты түрде 

табыстады. 



Суретті түсірген 

автор.

1 МАУСЫМ — БАЛАЛАРДЫ  ҚОРҒАУ КҮНІ



Жаннұр ТІЛЕМІСОВА, 

            «Мысты өңір».

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы ғимаратында 

«Нұр  Отан»  партиясы  «Қазақмыс»  корпорациясы» 

ЖШС  жанындағы  Қарағанды  филиалы  бастамасымен 

Жезқазған аймақтық кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілерінің 

қауымдастығымен кездесу өтті.

Торғай өңірінде 1871 

жылы туған Кейкі Көкембай-

ұлы тарихта болған тарлан-

дарымыздың бірі. Шын аты 

Нұрмағамбет екен. Халық 

танауының кейпіне қарап 

Кейкі атап кетіпті. Кең далада 

еркін өскен ол ержүректі-

гімен әрі асқан мергендігімен 

аты шыққан адам. Тарихи 

деректерге көз жүгіртер 

болсақ, қазақ халқының 

азаттығы мен бірлігі жо-

лындағы Әбдіғапар ханның 

идеясы мен ұстанымын 

жан-тәнімен жақтап, қолдау 

танытқан. Ол ұлт-азаттық 

қозғалысындағы Амангелді 

Имановтың сенімді серігі

әрі досы болған еді. Әуелде 

Амангелдіге еріп, ақтарға 

қарсы күреске белсене 

қатысқан Кейкі ел ішіндегі 

қызыл әскерлердің де жой-

даусыз қылықтарын көрген соң 

іш тарта бастайды, бірте-бірте 

олардан түңіліп, төңкеріс-

шілерді қолдамайды. Аман-

гелді батыр мен Әбдіғаппар 

ханның өлімінен кейін Кейкі 

батыр Торғай бойынан Ұлытау 

қойнауына, одан Қызылқұмға 

қарай жылыстайды. Өйткені, 

«халқыма тізесін батырған-

дардың барлығы маған жау» 

— деп, ақ-қызылына қарамай, 

оларға тұтқиылдан шабуыл жа-

сап, аяусыз күрескен мергеннің 

соңына жазалаушы отрядтар 

мықтап түскен еді. Ақыры 

сатқындардың жол көрсетуімен 

қапылыста қолға түскен батыр 

1923 жылдың 22 сәуірінде 

Қызыл армия сарбаздарының 

қолынан айуандықпен ажал 

құшады. Қапыда мерт болды, 

қайран ер! 

Осыған байланысты ұзақ 

жылдар бойы Кейкінің аты 

аталмады. Алайда, көзсіз ер-

лігі халық жадында сақталған 

батыр туралы тұспалдап 

жазылған көркем шығармалар 

болды. Қаламгер Ақан Нұр-

мановтың «Құланның ажалы» 

романындағы Құлан осы Кей-

кінің көркем бейнесі  болатын. 

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан 

кейін ғана батыр туралы ашық 

айтыла бастады. Даланың 

көзсіз мергені туралы ақын 

Серік Тұрғынбекұлы әуелде 

поэма жазған екен. Соның 

желісі бойынша кейін пьесаны 

қолға алыпты. «Кейкі батыр» 

тарихи драмасы соның жемісі. 

Бізбен сұхбат барысында ав-

тордың өзі атап айтқандайын, 

театр артистері сахнада әбжіл 

қимыл-әрекеттер арқылы 

оқиғаны өрістете отырып, 

Кейкінің батырлығын, мер-

гендігін драмада жақсы аша 

білген. Қойылымның режис-

сурасы шымыр. Бұл тұрғыда 

қоюшы режиссер Теміржан 

Әбдірәлімнің ізденісі мен 

шеберлігін атап айтқан жөн. 

Сахна декорациясы да қой-

ылым желісіне сай үйлесімді 

безендірілген. Басты рольді 

сомдаған Кенжетай Әбілдин 

батырдың образын сәтті шыға-

ра білген. Күтпеген жерден 

қырқа астынан шыға келіп, 

мылтық ұстаған қолын көтеріп 

қалса болды, дұшпандары жер 

жастанатын Кейкінің ержүрек-

тігі мен мергендігі шынайы 

көрініс тапқаны көрініп тұр. 

Бұл барғанша ауылын қанды 

қасап жасап, қырып кеткен 

қызылдардың қылығын көріп, 

түңілген батыр «қанға—қан, 

жанға—жан» деген шешімге 

келеді,  көңілін кек кернейді. 

Осындай аласапыран жағдай-

да жары Ақжан да өзімен бірге 

болып, қолына қару алады. 

Жар жағалап, жауға мылтық 

кезене білген қазақтың қайсар 

әйелі Ақжан рөлін  актриса 

Мируана Жанботаева на-

нымды да әсерлі бейнелеген. 

Сахна сайыстары да сәтті 



Амандық РАХҰЛЫ.

 

Еліміздің  тағлымды  мерекесі  —  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай  

С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы 

«Кейкі батыр» тарихи драмасын сахнаға шығарды. Туындының авторы — Ха-

лықаралық  «Алаш»  сыйлығының  лауреаты,  белгілі  ақын  Серік  Тұрғынбекұлы. 

Театрдың жаңа қойылымының премьерасы жақында үлкен аншлагпен өтіп, оған  

пьесаның авторы С. Тұрғынбекұлының арнайы келіп қатысуы мысты қаланың 

мәдени  өміріндегі  елеулі  оқиғаға  айналды.  Қала  әкімдігі  тарапынан  автордың 

иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

қойылған. Ол — батырдың 

сенімді серігі Шұбар бей-

несін сомдаған артист Ардақ 

Жарқынбековтің еңбегі. 

Сондай-ақ, Мүсәпір - Кутский 

(Бақытжан Ыбыраев), ояздық 

военком Н. Токарев (Дүйсен 

Кенжеев), Қызыл командир 

(Еркеш Байдешев), Кейкінің 

әкесі (Жұмағазы Бірмұқанов), 

шешесі ( Бәтима Әлкенова) 

ролдеріндегі сахна шебер-

лері де тартымды ойын өрне-

гімен көрініп, кейіпкерлер 

бейнесін шынайы сомдады. 

Қазақ хандығының 550 

жылдығы аясында театр ре-

пертуары лайықты тартумен 

толықты деп айтуға болады. 

Тарихымызда Амангелдімен 

қатар аталуға тиіс батыр-

дың есімі кеңестік кезеңнің 

солақай саясатының салда-

рынан ашық айтылмай, талай 

жылдар тасада қалып келгені 

белгілі. Кейінгі  ұрпақ бабала-

рының бұл ерлігінен бейха-

бар еді. Спектакльдің басты 

олжасы — осы олқылықтың 

орнын толтырды. Азаттық 

үшін алысып, елі мен жерінің 

еркіндігі үшін басын бәйгеге 

тіккен Кейкі батырдың өшпес 

рухы халқының алдына қайта 

оралды. Тарихи қойылым 

сонысымен де құнды.

ЖЕЗҚАЗҒАН. 



Суреттерді түсірген 

П. Кузнецова.  

ТЕАТР


4

ӨНДІРІС


                                                                                                                                                                                                   №21 (1381)  29 МАМЫР  2015 жыл

— «Қазақмыстың» 

құрылымдық бөлімшелерін-

де өндірістегі қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету бағытында 

атқарылып жатқан жұмы-

стар жайлы біздің басылым 

жүйелі жазып келеді. Бүгін бір 

«сандарды сөйлетсек» деген 

ұсыныс бар. Айтқанымызды 

нақты дәлелмен дәйектеп 

отырсақ. Әңгімені өткен 

жылдың қорытындысынан 

қозғасақ...

— «Сандарды сөйлетуге» 

ешқандай қарсы емеспін, 

елден жасыратын ешқандай 

құпия жоқ. Егер өткен жылдың 

қорытындысына ойыссақ, қа-

уіпсіздік жөніндегі статистика 

мынандай: өндірістік апаттан 

2 (50%)

 адам опат болды, 37 

(20%)


 адам жұмыс қабілеті-

нен айырылды, барлығы 38 

(17%)

 жазатайым жағдайға 

жол беріліп, 39 (22%)



 адам 

жалпы жарақат, 30 (19%)



 

адам жеңіл жарақат алды. 

Жақшаның ішінде 2013 жыл-

мен салыстырғанда қанша 

кемігені көрсетілген.

— Осы жарақат алған-

дардың неден жазатайым 

жағдайға ұшырағанын жіктеп 

бересіз бе?

— Он адам абайсызда 

биіктіктен құлағанынан неме-

се сүрінгенінен, он адам кен 

қабатының қопарыла құла-

уынан, 13 адам айналатын 

немесе қозғалатын заттың 

әсерінен, бір адам электр 

қуатының ұруынан, екі адам 

қауіпті өндірістік фактордан, 

екі адам заттың құлауынан, 

бір адам жол-көлік оқиға-

сынан жарақат алды. Қауіпті 

өндірістік факторға ұрынған 

бір адам мен электр қуаты 

соққан адам қайтыс болды.

— Нақты мысал келтір-

сек қайтеді. Әрине, өткенді 

қозғап, қайғыдан қан жұтқан 

жандардың жүрегін жаралау 

орынсыз болар. Сондықтан, 

орын алған оқыс оқиғаны 

мысалға келтіре отырып, сол 

сәттегі жалпы ахуалды сара-

лап көрсек...

— Онда өткен жылдың 

қарашасына оралайық. 

Оңтүстік Жезқазған кенішінде 

шпурларды зарядтау кезінде 

қопарылыс орын алып, соның 

салдарынан бір адам қайтыс 

болды, екіншісі ауыр жарақат 

алды. Бәрі — өндірістік бақы-

лау жөніндегі Ереженің талап-

тарын сақтамаудың салдары. 

Аталмыш Ережеде қауіпсіз 

жұмыс пен кен жабдықтарын 

дұрыс пайдалануды қамта-

масыз ететін бақылауды 

жүзеге асыруға байланысты 

ауысымдағы барлық қызмет-

кердің міндеті «тайға таңба 

басқандай» көрініс тапқан. 

Тағы бір мысал келтіре ке-

тейін. Бұл оқыс оқиға былтыр 

наурызда Шығыс Жезқазған 

кенішінде орын алған. Бұрғы-

лау жұмыстарын бітірген 

проходкашы шпурларды 

зарядтауға кіріседі. Қасын-

дағы серігі бұрғылау қонды-

рғысынан шыққан шланганы 

«ЗП-2» зарядтаушысын жууға 

ыңғайлайды. Алайда, алғашқы-

сына бұрғылау қондырғысынан 

ток ұрып тұрғанын айтады. 

Анау «онда жууды доғар!» деп 

нұсқау береді де, шпур заряд-

тауды жалғастыра береді. Бір 

кезде шыңғырған ащы дауыс 

естіледі, бұрылып қарағанда 

жерде жансыз жатқан серігін 

көреді. 

Бұл жерде адамдық фак-

торға байланысты сақтыққа 

салдыр-салақ қарау белгісі 

бар. Электр жабдығын пайда-

лану кезінде қауіпсіздік техни-

касына көңіл аударылмаған. 

Оның үстіне өндірісті жоспар-

лау мен ұйымдастыру жүйесі 

қанағаттандырмайды. «Қауіп 

пен тәуекелді бағалауды 

бірегейлендіру» стандартының 

талабы орындалмаған. Жұмыс 

жүргізуге жазбаша тапсырма 

берілмеген.

— Биыл біршама босаң-

сып кету байқала ма, қалай? 

Кейбір көрсеткіштер көңілге 

қонбайтын сияқты...

— Адам өліміне апарып 

соқтырған өндірістік апат орын 

алмағанымен, өткен жылдың 

осы мерзімімен салыстырғанда 

жарақаттан жапа шеккендер 

қатары екі адамға өсті. Ауыр 

жарақат алған төрт адамға арт-

ты, ал жеңіл жарақат алғаны 

бір адамға кеміді.



— Оқыс оқиғаның орын 

алуына кім кінәлі деген сау-

алға келсек, көрсеткіш қалай 

болар еді?

Оны да ашып айтай-

ық. Былтыр бірінші тоқсанда 

7 оқыс оқиға, биыл алтауы 

толықтай жұмыс берушінің 

кінәсінен орын алды. Ал, был-

тырғы — төрт, биылғы 7 оқыс 

оқиғаның орын алуына екі жақ 

та, демек, жұмыс беруші мен 

орындаушы аралас кінәлі екен. 

Осыған қарап-ақ, қалыптасқан 

жағдайды безбендеуге болады. 

Жұмыс берушінің тарапынан 

кететін кемшілік кеміп, аралас 

кінә артып отыр.

— Адам аман, 

ең басты көрсеткіш 

— осы. Ал, жарақат 

алғандар қандай 

жазатайым жағдайға 

ұшырап жүр?

— Адамдардың 

атын атап, түрін 

түстемей-ақ жарақат 

алудың себеп-сал-

дарын санамалап шығайын. 

№45 шахтада бұрғышы қонды-

рғының қосалқы бөлшегін ауы-

стырып жатқанда, ал учаске 

бастығы автоқотарғышты жөн-

деу кезінде№57 шахтада кен 

шебері штрекпен келе жатқан-

да, №65 шахтада «ПМЗШ» 

жүргізуші-операторы забойды 

зарядтап жатқанда төбесіне 

тас түскен. №67/70 шахтаның 

материалдар жеткізушісі ав-

токөліктен жүк түсіріп жатқанда 

жарақат алған, «ПДМ» ма-

шинисіне клеттен шығарып 

жатқанда баллон құлаған. 

Бұрғылау қондырғысының 

маңдайшасын түсіріп жатқанда 

№55 шахтаның кен шебері бір 

саусағын жарақаттап алған, 

«Жомарт» кенішінің бұрғышы-

сы электр иініне күйіп қалған, 

№57 шахтаның проходкашысы 

газдан уланған. «Анненская» 

шахтасының электр слесары 

сатыдан, Солтүстік Жезқазған 

кенішінің электр монтері баған-

ның басынан құлаған, №73/75 

шахтаның «ПСМ» жүргізушісі 

штрекпен келе жатып сүрініп 

кеткен.


Өндірістік бірлестік-

те қауіпсіздік техникасына 

қатысты бес жылға арналған 

кешенді бағдарлама бар екен-

дігін білеміз. Биылға белгілен-

ген шаралардың орындалысы 

қалай?

— Бірден айтайын, бел-

гіленген шаралардың арасын-

да жылда жалғасын тауып 

отыратын жүйелі түрлері де 

бар. Сондықтан, мен жалпы 

мәліметтерді тілге тиек еткенде 

ондайларды жақшаға алып, 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал